Қазақстан республикасының жоғары білім жәНЕ



Дата05.12.2016
өлшемі65,28 Kb.
#3219
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ КӨП САЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ

Тарих апталығындағы

«Интеллектуалдық олимпиада»

Оқытушы:Байболов.Ж.Ж

Семей 2015-2016 оқу жылы
«Интеллектуалдық олимпиада».

Мақсаты: оқушылардың өз халқының тарихына деген қызығушылығын арттыру,

өз білімдерін нақты практикада қолдана білуге үйрету

Барысы:


  1. Ұйымдастыру

  2. Ι тур «Қанат қақты» (әр оқушыға 4 сұрақтан 12 сұрақ қойылады)

  3. ΙΙ тур «Самғау»(берілген торкөздерден тапсырмалар таңдайды)

  4. ΙΙΙ тур «Шарықтау» (берілген тірек сөздер арқылы торкөзден тапсырмалар таңдайды)

  5. ΙΥ тур «Шырқау» (ұпайды жасырын тігеді, жауабын жасырын қояды)


Ι тур (әр оқушыға 4 сұрақтан 12 сұрақ қойылады, иә немесе жоқ деген жауаптары бар)

1 оқушы

1) «Қарасиыр» деген жерде болған қанды шайқас тарихта «Аңырақай» деген атпен қалды?

(иә немесе жоқ)

2) паровозды ойлап тапқан ағылшындық Стефенсон?

(иә немесе жоқ)

3) Абылай ханнан қалған ұрпақ 40 қыз, 30 ұл?

(иә немесе жоқ)

4) орфоэпия –«дұрыс жазамын» деген мағына?

(иә немесе жоқ)

2 оқушы

1) «Тұманды Альбион елі» деп Францияны атайды?

(иә немесе жоқ)

2) Жамбыл қаласының екінші атауы Тараз?



(иә немесе жоқ)

3) Қазақтың соңғы ханы Жәңгірхан?

(иә немесе жоқ)

4) ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет Түркия?

(иә немесе жоқ)

3 оқушы

1) Астана Есіл өзені жағасында салынған?



(иә немесе жоқ)

2) Түркияның астанасы Стамбул?

( иә немесе жоқ)

3) Майкрасофт компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс саналады?



(иә немесе жоқ)

4) Футболдан биылғы жылғы ел біріншілігінің алтын жүлде иегері «Тобыл»?

( иә немесе жоқ)


2



1

6

3

5


4

ΙΙ тур (берілген торкөздерден тапсырмалар таңдайды)

(500, 300, 100 ұпайлары)

  1. Қазақтар жайлауға көшкенде мал мен көшті жанып тұрған екі оттың ортасынан өткізген.Тек бір түлік от ортасынан өтпеген. Ол қай түлік?

-көмек Александр Македонский-Буцефал

-көмек билеушілермен қабірге бірге жерленген

(жауабы: жылқы, оны таза деп есептеген)

  1. Неліктен сақтар соғысқа аттанарда семсерді жерге шаншып, үстіне қан мен сүт тамызған? Бұның мәнісі неде?

-көмек жақсы тілек тілеу

-көмек соғысқа кеткендердің жалғыз тілегі болады

( қанды қырғыннан аман-сау қалуды тілеу )

  1. Бақсылардың зікір салып, ауру адамды айналып шығуы мен қазақтың баланы жақсы көріп, еркелетіп айтатын «айналайын» деген сөзінің арасында қандай байланыс бар?

-көмек «адамды айналма» жаман болады деген ырымға байланысты

-көмек адам бойындағы жаман қасиеттер туралы, ана мен бала арасындағы сезім

(Адамды айналып шығу, сол адамның бойындағы бар жамандықты, ауруды өз мойныма аламын деген сөз)

  1. Қола дәуіріндегі адамдар есігінің босағасына қай үй жануарының сүйегін көмген?

-көмек Адамдардың алғаш қолға үйреткен жануары

-көмек 7 қазынаның бірі

( итті, себебі оны киелі деп санаған)

  1. Геродот скифтердің ешбір қазансыз ет асып, сорпасын ішетінін жазған. Бұл мүмкін бе?

-көмек төрт түлік малдың өзіне қатысты болып отыр

-көмек асқорыту мүшелерінің бірі

(мүмкін. Қой мен жылқының етін өз қарнына салып, қамыстан бу шығатын түтік жасап, жерге көміп, үстіне от жағып пісірген)

  1. Парсы саяхатшысы Гардизи: «Ертістен өтсең қимақтар еліне тап боласың. Оларда табын-табын мал. Бірақ түйе жоқ. Егер саудагер түйесін сол елге бір жылға қалдырып кетсе,түйесі өліп қалады»,- деп жазады.Неге түйе өліп қалады?

-көмек күнделікті өмірде қолданылатын тағам

-көмек химиялық формула ŇǻCL

(шөптерінде тұз жоқ)

2

1


3

4


ΙΙΙ тур (берілген тірексөздер арқылы жауап береді)

(300, 200, 100 ұпайлары)

ҚАЗАҚТАР ЖЫЛ САНАУ ЖҰТ

  1. Қазақтар мүшелік жыл санаудың бір жылында жұт болатынын байқаған.Ол қай жыл?

-көмек қысы қатты болатын жыл

-көмек жылдың мезгіліне байланысты түсін өзгертіп отыратын хайуан

(Қоян жылы)

ҚАЗАҚТАР ТӨРТ ТҮЛІК

  1. Қазақтар төрт түлік малдың қайсысын тағаламады?

-көмек саудагерлер үшін үлкен қызмет атқарған

-көмек жылдан құр қалған жануар

(Түйе. Себебі, майтабан тағалауға келмейді)

ҚАЗАҚТАР ЖАЗ ТОРСЫҚ

  1. Жазда көшпелі қазақтар торсықта су мен сүтті ұзақ сақтау үшін торсыққа не салған?

-көмек Менделеев таблицасында №47 қатарда тұрған элемент

-көмек II орын жүлдегерлеріне берілетін медаль

(күміс теңге)

ДЮМА ОРЫНБОР ҮЙ

  1. Александр Дюма 19ғ ортасында Орынбор өлкесін аралап жүріп, бір үйді көргенде

таңқалып, күнделігіне: «Бұл үй архитектураның биік шыңы»,- деп жазыпты.Дюманы

таңқалдырған қандай үй?



-көмек олардың 6,8,12 қанатты түрлері бар

- көмек бұл үйдің қабырғасы - кереге

(қазақтың киіз үйі)

2

1


3

4



IY тур (ұпайды жасырын тігеді, жауабын жасырын қояды)

1) Жасы жүзге келген бір қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы ол өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өтіпті.Бұлай болу мүмкін бе?



( мүмкін, өйткені қарт 29 ақпанда туылған)

2) Математикалық тәуелділікті тауып жіберілген санды қойыңыз.

2 12 5

3 17 5


4 3 ( жауабы 14 саны)

3) Орыс тілді анаграммаларды шешіп, артық сөзді алып тастаңыз.

А Ш К Д А Р А Н (карандаш)

С О Е К Л О (колесо)

Т Д А Т Ь Р Е (тетрадь)

Г И Н К А (книга)



(жауабы: КОЛЕСО)

  1. Тарихта болған көтерілістерді рет-ретімен қойыңдар?

1) Сырым Датұлы 1837-1847ж.ж

2) Исатай мен Махамбет 1773-1775ж.ж

3) Саржан Қасымұлы 1783-1797ж.ж

4) Емельян Пугачев 1825-1836ж.ж

5) Кенесары Қасымұлы 1836-1838ж.ж

Дұрысы

1) Емельян Пугачев 1773-1775ж.ж

2) Сырым Датұлы 1783-1797ж.ж

3) Саржан Қасымұлы 1825-1836ж.ж

4) Исатай мен Махамбет 1836-1838ж.ж

5) Кенесары Қасымұлы 1837-1847ж.ж

А Т А П Ш - П А Т Ш А


Я С Б У – С У Я Б

Н Ғ А Қ А – Қ А Ғ А Н


У Ғ А Б Ж – Ж А Б Ғ У


Каталог: uploads -> doc -> 004a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
004a -> Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның өсімдік шаруашылығы»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет