Қазақстан Республикасының Министерство



Дата19.02.2017
өлшемі321,93 Kb.
#10533
    1. Қазақстан Республикасының


Министерство

Білім және ғылым

образования и науки

министрлігі

Республики Казахстан






    1. Д.Серікбаев атындағы


ВКГТУ
    1. ШҚМТУ


им.Д.Серикбаева




БЕКІТЕМІН

СҚФ деканы

_________ Б.О. Нухаева

«___» ___________2010
СӘУЛЕТ ӨНЕРІ – 2

Силлабус
Мамандығы : 050420 «Сәулет өнері»

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 3


Семестр:5
АРХИТЕКТУРА – 2

Силлабус


Специальность: 050420 «Архитектура»

Форма обучения: дневная

Курс: 3

Семестр: 5



Өскемен

Усть-Каменогорск

2010

Силлабус «Сәулет өнері және дизайн» кафедрасында Мемелекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде 050420 – Сәулет өнері мамандығының оқу жоспарына сәйкес күндізгі оқыту бөліміне арналып дайындалды.


«Сәулет өнері және дизайн» кафедрасы отырысында талқыланды.
Кафедра меңгерушісі С.В. Комлев
Хаттама №______ _______________2010ж.

Сәулет - құрылыс факультетінің Оқу - әдістемелік кеңесінде бекітілген

Төрайымы Г.Г.Видищева

Хаттама № «_____»__________ 2010


Дайындаған Н.Н. Родина


Мөлшер бақылаушы Е.В. Петрова

1 ПӘНДЕРДІ ЗЕРТТЕУ СИПАТТАМАСЫ

«Сәулет өнері 2» пәні 050420 «Сәулет өнері» мамандығының бакалавриат студенттерінің көптеген негізгі пәнге арналған, «Сәулет өнері 1» пәннің жалғасы болып табылады.

"Архитектура - 2" пәнi 5 семестрдегi 3 курстiң студенттерiмен зерттеледi.

Пәндерді зерттеу барлығы 90 академиялық сағат болады, олар төмендегі сабақ түрлері бойынша бөлінеді:

- дәрісханалық сабақ (лек + тәж) - 15 + 15 = 30 сағат

- оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы (СОӨЖ) – курстық жұмыс (КЖ) -15 + 15 = 30 сағат

- студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) -30 сағат

Студенттердің білімін қорытынды бақылау түрі-емтихан.

Пәннің идеялық-саясат бағыты тапсырмалармен анықталады, сәулет өнері мен құрылыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парлементі шешімдерінен алынады.

Пәннің әдістемелік бағыты төмендегідей түйінделеді:

- азаматтық үймереттердің ірі элементтері мен көлемді-блокты, олардың құрылымын терең зерттеу;

- осы үймереттердің ықтималды конструктивті үлгісін зерттеу;

- тұрғын аумақты жоспарлау бойынша үймеретті қабылдау және бас жоспар бойвнша техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу;

- қоғамдық үймереттерді жобалау ерекшеліктерін зерттеу;

- қоғамдық үймереттер мен олардың құрылымының конструктивті үлгісін зерттеу;

- қоғамдық үймереттердің үлкен аралық құрылымын зерттеу.

Дәрістік курста тәжірибелік сабақтарға қосымша теориялық негіздер, сондай-ақ курстық жоба, білімін тереңдету зерттеледі.

«Сәулет өнері 2» пәнінің бөлімдер қатары мен сұрақтарды студенттер өздігінен зерттейді, соның ішінде жетекші мен оқытушының бақылауымен орындайды.


1-кесте. Жұмыстық оқу жоспарынан көшірме




Курс



Тоқсан

Тоқсанд-

ағы апта саны



Аптада-ғы кредит- тер саны


Тоқсан-дағы сағат саны


Тоқсандар мен сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттар саны


Қорытынды бақылау түрі



Лекция

Тәжірибелік сабақ

Зертханалық сабақ

Барлық дәрісханалық сағаттар

СОӨЖ (КЖ)

СӨЖ

Барлық сағаттар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

3

5

15

3

30

15

15

-

30

30

30

90

Емтихан

2 ПӘНДІ ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР
Осы пәнде оқыту мақсаты студенттерге ірі элементті тұрғын үй жобалау қағидаттарының заманауи білімін беру, сондай-ақ қоғамдық үймереттерді жобалау мен олардың конструктивтік шешімдерінің сәулет өнері-құрылыс негізі туралы ұсыныстарды игереді.

Осы пәні дәрістік, тәжірибелік сабақтар және СӨЖ, ОСӨЖ –ден түйінделеді. Осы курсты зерттеген соң курстық жұмыстар мен емтиханды орындаумен аяқталады.



Пәнді зерттеу тапсырмалары:

- ірі элементті тұрғын үймеретті жобалау маңызы және қоғамдық үймеретті жобалау әдістері;

- студентке озық материалдарды таңдау бойынша және тиімді құрылымдық шешімі, ұтымды экономикалық нұсқалардың жетістігі мақсатымен дағдысын игеру;

Студент осы пәнді зерттеу үдерісінде:



Білуі:

- сәулет өнері-құрылыс қағидаттары мен ірі элементті және көлемдік-блокты тұрғын үймеретті жинақтау шешімдірі;

- конструктивті үлгілері, құрылыс құрылымдарының элементтері, олардың өзара байланысы, біріктіру түйіндері;

- қоғамдық үймеретке жауап беретін талаптар.



Істей алуы:
- үймереттің көлемді-жоспарлау тиімді орналасуының шешімі;
- ұқыпты экономикалық конструктивтік шешімді таңдау;
- үймереттің конструктивтік жүйесі мен үлгісін шешімін реттеу;
- үймереттің конструктивтік элементтерінің түйіндері мен деталдарын әзірлеу;

- оқулықты, нормативтік және арнаулы техникалық әдебиеттерді қолдана алу.


3 ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ
3.1 Пререквизиттер
«Сәулет өнері 2» пәнін табысты меңгеру үшін келесі пәндерің білімі талап етіледі: «Сәулет өнері 1», «Материалтану», «Инженерлік графика», «Компьютерлік графика», «Жоғарғы математика».
3.2 Постреквизиттер
«Сәулет өнері 2» пәнін зерттеу үдерісінде «Құрылыс құрылымы», «Құрылыс өндірісінің технологиясы», «Сәулет өнерін жобалау» сияқты пәндерді игеру талап етілетін болады.

4 СӨЖ ЖӘНЕ САБАҚТАР ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырып атауы


Сағат көлемі

Лекци/
/ тәжір.сабақ

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5




1-БӨЛІМ.

Ірі элементі бар үймеретті жобалау



6/6

12

12

1.1

Ірі блокты үймереттер. Құрылымдық үлгілері

1/1

2

2

1.2

Ірі тақталы үймереттер. Тақталар құрылымы. Ара жіктері.

1/1

2

2

1.3

Тақталы үймереттің құрылымдық үлгілері. Ірі тақталы үймереттің сәулеттік-көркемдік ерекшеліктері.

1/1

2

2

1.4

Қаңқалы-тақталы үйлердің құрылымы. Олардың құрылымдық үлгілері.

1/1

2

2

1.5

Ірі тақталы тұрғын үйлердің шатырлы төбесі мен ірге тастарының шешімі.

1/1

2

2

1.6

Көлемді-кеңістік элементтері бар үймерет. Құйма бетонды құрылыс. Құрастырмалы-құймалы үй тұрғызу.

1/1

2

2




2-БӨЛІМ.
Қала құрылысы туралы жалпы мағұлмат

1/1

3

3

2.1

Тұрғын аумақты жоспарлау. Бас жоспардың техникалық- экономикалық көрсеткіштері.

1/1

3

3




3-БӨЛІМ.

Қоғамдық үймеретті жобалау негіздері.



5/5

9

9

3.1

Қоғамдық үймереттің сәулеттік-жоспарлау элементтері.

1/1

2

2

3.2

Қоғамдық үймеретті жобалаудың функционалды, физикалық-техникалық ерекшеліктері.

1/1

2

2

3.3

Қоғамдық үймереттің құрылымдық үлгілері. Бағаналар, ригелдер

1/1

1

1

3.4

Қабырғалар, жабындар. Жабындар мен қабаттарды көтеру әдістері.

1/1

2

2

3.5

Амфитеатрлар мен балкондар құрылымы. Қоғамдық үймереттің төбесінен атмосфералық суды бұру.

1/1

2

2

3.6

Аспалы төбелер.

1/1

2

2




4 –БӨЛІМ.
Үлкен аралық құрылымдар.

3/3

6

6

4.1

Үлкен аралық жабын құрылымдары: балкалар, фермалар, рамалар

1/1

2

2

4.2

Тақырыптардың жалғасы: аркалар, күмбездер, бүрмелер, аспалы құрылымдар

1/1

2

2




Барлығы

15/15

30

30

5 ЛЕКЦИЯЛЫҚ САБАҚТАР МАЗМҰНЫ


5.1 Ірі элементті бар үймеретті жобалау
Ірі блокты үймерет. Құрылымдық үлгісі мен блоктар типтері, блоктарды өндіруге арналған материалды қолдану.

Ірі тақталы тұрғын үй мен олардың құрылымдық шешімі. Тақталардың құқрылымы және олардың ара жіктері. Конструктивтік үлгілері. Ірі тақталы үймереттің ерекшеліктері. Қаңқалы-тақталы тұрғын үйлер құрылымы. Көлемді-кеңістік элементі бар үймерет. Құймалы және құрастырмалы құймалы құрылыс.


5.2 Қала құрылысы туралы жалпы түсінік.
Қаланың сәулеттік-жоспарлау құрылымы. Қала аумағын белдеулеу. Селиталы белдеулер аумағын жоспарлау. Көшелер желісі үлгілері. Бас жоспардың ТЭК.
5.3 Қоғамдық үймеретті жобалау негіздері.
Қоғамдық үймереттің сәулеттік-жоспарлау элементтері.

Жобалаудың функционалды және физикалық-техникалық ерекшелііктері. Конструктивтік үлгілері. Қоғамдық үймереттің құрылымдары. Аспалы төбелер. Амфитеатрлар мен балкондардың құрылымдық шешімдері. Төбедегі атмосфералық суды бұру. Қабаттарды көтеру әдістері.


5.4 Үлкен аралық құрылымы
Қоғамдық үймереттің үлкен аралық көтеретін төбе құрылымдары:

- балкалар:

- фермалар;

- рамалар;

- аркалар;

- кеңістіктік құрылымдар;

- аспалы құрылымдар.

Осы құрылымдарды орындауға арналған материалдар.


6 ОСӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН МАЗМҰНЫ
• МЕС бойынша сызбаларды әзірлеумен функционалды белдеу негізінде клубтардың жоспарларын тұрғызу.

• Каталог бойынша құрылымды таңдау.

• Ірге тастарды құрылымы мен сызу.

• Жабын мен төбе құрылымы және сызу.

• Сатылар құрылымы.

• Қас беттерді жобалау.

• Бас жоспарды жобалау. Бас жоспар бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштерін санау.

• Бас жоспар мен қас бетті бояу.

Оқытушы мен студенттердің біріккен жұмысы студенттің өткен жылғы жұмысын, сондай-ақ оқу және нормативтік әдебиеттерді қолдана отырып жүргізіледі.

7 ОРЫНДАУ ГРАФИКАСЫ МЕН СӨЖ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ


Студенттің өздік жұмысы курстық жоба орындаумен қорытындыланады. Ол ірі қоғамдық үймерет пен графикалық бөлім мен түсініктеме хат түрінде сәулеттік-конструктивтік шешімін әзірлеуде қорытындыланады. Жұмыс мақсаты теориялық курсы бойынша алған білім шыңдау, жобалау үдерісі мен сызбаны графикалық безендіру дағдыларын алудан тұрады.

Студенттің жұмысы нәтижесінде сәулет өнері-конструктивтік құрылымдары саласында, қоғамдық үймеретті жобалау және олардың элементтерінің функционалды және сәулеттік көркемдік жағымен бірге үздіксіз байланыстары, сонымен қатар студент нормативтік және техникалық құжаттарды қолдануды үйренуді жалғасытыра алады.

Сәулеттік-конструктивтік жоба құрамы:

Графикалық бөлім құрамында:

- 1:100 масштабындағы қас бетті бояу;

- 1:100 масштабындағы қабаттар жоспары;

- 1:100 масштабындағы ірге тас жоспары;

- 1:100 масштабындағы жабын жоспары;

- 1 :100 масштабындағы үймерет қимасы;

- 1:20 масштабындағы құрылымдық түйіндері;

- 1:1000, 1:500 масштабындағы бас жоспар бояуымен.

Түсініктеме хат құрамында:

- Мазмұны;

- Негізгі мәлімет;

- Бас жоспар (түсініктеме, экспликация, техникалық-экономикалық көрсеткіштері);

- Көлемдік-жоспарлау шешімі (үймереттің функционалды үдерісі, жоспарлау шешіміне түсініктеме, экспликация, техникалық-экономикалық көрсеткіштері);


- Конструктивтік шешімі (материал мен өлшемдер көрсеткішімен құрылымдық түсініктеме);
- Әрлеу жұмыстары (материалдың белгісімен сыртқы және ішкі фактуралар мен түстері);
- құрылым жіктелуінің кестелері;
- Әдебиеттер тізімі мен адрестері.

8 ОРЫНДАУ ГРАФИГІ ЖӘНЕ СӨЖ БОЙЫНША ТАПСЫРМАНЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ





Жұмыс түрлері

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Орындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

Күзгі тоқсан

1

Клуб аумағын функционалды зерттеу.- жоспарларды үлгілеу

Функционалды белдеулеу-жоспарлау шешімінің негізі

1 апта

Пайыз қою

2-ші апта




2

Қабат жоспарларын әзірлеу

Графикалық түрде өзінің идеясын жоспарлау шешіміне бейнелеу

2 апта

Пайыз қою

4-ші апта




3

Жабын жоспарын әзірлеу

Сызбада осы құрылымдарды бейнелеуде жабын туралы теорияны меңгеру

1 апта

Пайыз қою

5-ші апта




4

Ірге тастарды құрылымдау

Қоғамдық үймерет ірге тастарының құрылымын әзірлеу

1 апта

Пайыз қою

6 –ші апта




5

Клубтың қимасының жұмысы

Ара байланыстағы құрылым жүйесі туралы үймеретті ұсына алу

2 апта

Пайыз қою

8-ші апта




6

Қас беттерді жобалау

Қоғамдық үймереттің маңызына жауап беретін, әсем және ғажайып қас бетті жасай алуы қажет

1 апта

Пайыз қою

9 –шы апта




7

Бас жоспарды жобалау

Клубтың негізгі кіре берісіне, қарсы жақтағы клубтың шаруашылық ауласына ыңғайлы кіруімен бірге сәнді алаңы бар бас жоспарды жобалау. Автобус аялдамасы мен көлік тұрағы ыңғайлы орналастыру. Санымен қатар бас жоспарда: бақ аумағы, балалар қалашығы, аттракциондар, әртүрлі спорттық түрімен айналысатын спорттық аумақ, көгал алаңы,жасанды су айдындары, гүлдер, фонтандары бар дем алу алаңдары және т.б. Ыңғайлы жаяу жүргінші желісін шешу қажет.

1 апта

Пайыз қою

10 –шы апта




8

Құрылымдық түйіндерді сызу

Мақсаты-үймереттің құрылымдық шешімін терең ойлау

1 апта

Пайыз қою

12-апта




9

Тақырып бойынша зерттеу

Аналитикалық дағдысын дамытуға араналды

1 апта

Пайыз қою

13 –апта




10

Түсіндірме хатты рәсімдеу

Есеп беру құжатын құрастыруды үйрену

1 аптав

Пайыз қою

14,15 –ші апта




9 КУРСТЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

9.1 Негізгі әдебиет
1 Гельфонд А.Л. архитектурное проектирование общественных зданий и сооружений. – М.: Архитектура – С., 2007.

2 Туполев М.С. Конструкции гражданских зданий. — М.: Архитектура — С., 2006.



9.2 Қосымша әдебиет
1 Шевцов К.К.Том III. Жилые здания, — М.: Стройиздат, 1983.

2 Шерешевский И.А. Конструирование гражданских зданий. — М.:


Архитектура — С., 2005.

3 СНиП РК 3.02-02-2001. Общественные здания

4 Милашевская Е.К., Прянишников Н.Е., Савченко М.Р. Клубы. — М.:
Стрройиздат, 1990.

10 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ БОЙЫНША АҚПАРАТ


10.1 Аралық бақылауды бағалаудың пайыздық эквиваленті
Аралық бақылауды бағалаудың пайыздық эквиваленті төмендегі 4 негізгі критериямен анықталады:

- Тапсырма

- Сабаққа қатынасу

- Тақырып бойынша зерттеу

- Аралық тест

Тапсырма. Осы курсты зерттеу кезінде студент үй тапсырмасын (СӨЖ) орындайды:

- курстық жоба сызбасы мен түсініктеме хат бөлімдерін орындау. Әрбір жұмыс түрінің жоғарғы бағалауы - 10%. Егер сызба мен түсініктеме хатта қате болса, онда баға төмендетіледі. Егер үй тапсырмасын дер кезінде орындамаса, онда жоғарғы баға 5% төмендетіледі, егер тапсырма орындалмса -0% болады.



Сабаққа қатысу. Барлық сабаққа толық қатысуы қажет. Ең жоғарғы баға -1%, егер студент қатыспаса-0%.

Тақырып бойынша зерттеу. Кез келген басылымнан талқыланатын тақырыпқа сәйкес болатын кішкентай мақаланы тауып алуы қажет, мақалаға қысқаша талдау дайындайды, студент оқытушыға мақаланың көшірмесін ескертумен бірге және әрбір топқа талдау жүргізгені бойынша ұсынады.

Талдаумен бірге мақалаға курстық жоба бөлімдері бойынша патенттік талқылау дайындауға болады. (Жобалаудағы жаңа талқылаулар мен құрылыстың өзін көтеретін және үймереттің қоршау құрылымы).

Студент тапсырманы алғашқы сабақта пәннің мағұлматы бойынша алады. Ең жоғарғы баға 10%, зерттеуді өз мерзімінде және сапалы орындағанда бағаланатын болады.

Қорытынды бағалау ИО = [(Р1 + Р2)/2}х0,6 + Эx0,4 өрнегі бойынша есептелінеді.

мұндағы,

Р1,2 – бірінші және екінші аралық бақылаулардың пайыздық эквивалент бағалары, 0,6 коэффициентімен мөлшерленеді;

Э – емтихандағы пайыздық эквивалент бағасы 0,4 коэффициентімен бағаланады.

Пайыздық бағаларды, бақылаудың әртүрлі кезеңінде студенттер алады, бағдарламалық материалдарды игеру деңгейіне байланысты келесі түрмен орналасады:





Бағасы

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мағынасы

Дәстүрлі түрдегі бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы


А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы



В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық




С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


10.2 Курстық жобалар бойынша бағаларды қою критериясы
Студенттердің аналитикалық дағдысын дамыту үшін, ұсынылатын тақырыптар бойынша зерттеу жүргізу дағдысы, пән бойынша курстық жоба жоспарланады. Осы жағдайда алдын ала тақырып тізімі анықталып, студент дұрыс таңдау жүргізе алады. Тақырыптар тізімі пәндер мазмұнынан құралады.

Курстық жоба бағаларының пайыздық эквиваленті төмендегі негізгі критериялардан тұрады:

Аралық тест. Осы тест 5 жұмадағы өткен материалдарды қамтиды немесе 1 кредиттен тұрады:

- білімді әртүрлі деңгейде игерген 5 сұрақтардан;

- үймерет элементтерінің нақты түйіндерінің графикалық орындалуы бойынша тест-тапсырма;

- жеке құрылымды сызу бойынша тест-тапсырма.

Ең жоғарғы - 20%, пайыздық баға дұрыс жауаптар санына пропорционал анықталатын болады.

Ары қарай 100% критериялар арасында бөлінеді.

Пайыздық баға жинақталады (ең жоғарғы):

Тапсырма 40%

Сабаққа қатысу 30%

Тақырып бойынша зерттеу 10%



Аралық тест 20%

Барлығы 100%



Қорытынды бақылаудың пайыздық эквивалент бағасы (курсы бойынша емтихан) қорытынды тест негізінде анықталады (50% төмен емес). Мысалы: егер қорытынды тест 20 сұрақтан болса, студент оның 15-не дұрыс жауап берген болса, онда дұрыс жауапты есептейміз.

20 жауап – 100%

15 жауап – Х%

Х=(15 х 100)/20=75%

Студент қорытынды тестілуге қатысу үшін аралық бақылау бойынша ең төменгі рейтинг жинауы тиіс (2 аралық бақылаудан 100% төмен емес).

Қорытынды бағалау :

Аралық бақылау - 60%

Емтихан - 40%

Рәсімдеу. Бет саны, жұмыс дизайны, есепке алынады (түсінің және шрифтісі, шрифті размері, интервал, жолы, графиктер, үлгілер, кестелер және т.б.).

Құрылымы. Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер саны, қолданылған әдебиеттер, қосымшалар.

Мазмұны. Нақты нәтижелерді қабылдаумен бірге қарастыратын мәселелерді зерттеу мен талдау.

Жұмысты қорғау. Өз уақытында есептелініп және жауаптың өзіндік процедурасы. Осы кезде барлық критерия жиынтығы 100% беріледі, ары қарай 100% критериялар арасында бөлінеді.

Мысалы:


Рәсімдеу 10%

Құрылымы 10%

Мазмұны 40%

Жұмысты қорғау 40%

Барлығы 100%

Ары қарай пайыздық бағаны жекелей алып әрбір критерия бойынша орындау сапасына байланысты саралайды.

Мысалы, студент толық тақырыпты ашса, курстық жобаның құрамын ұстанған болса, талдау мен қорытындыны сәйкес істеген болса, бірақ тапсыру мерзімін сақтамаған болса, жинақы рәсімдемеген болса, курстық жұмысты нашар қорғаған болса.

Онда КЖ бағасы төмендегідей болады:

Рәсімдеу 5%

Құрамы 10%

Мазмұны 40%



Жұмысты қорғау 20%

Барлығы 75%

Сонымен, біздің студентімізге келесі рейтинг қойылады: 75% немесе 2,67 балл немесе В- немесе жақсы (дәстүрлі жүйе бойынша).
10 САЯСАТ ПЕН ПРОЦЕДУРАЛАР (ЭТИКА)

Студенттер барлық дәрісханалық сабақтарға міндетті түрде кешікпей қатысуы керек. Екі рет кешіккені бір сабақ үзгенге тең болады. Сабақты өткізіп алған жағдайда – оны өздігінен пысықтайтын болады. Студент себепсіз жағдайлармен сабақ үзген болса аралық бақылаудан жинаған баллдарынан алынып жазаланады.

Тәжірибелік сабақтарда студент сызбаларды орындап, сызба құралдарын пайдаланады. Барлық тапсырмаларды уақытында тапсыру керек. Студенттер, тапсырманы өткізбесе, қорытынды тестілеуге жіберілмейді.

Барлық тапсырмаларды өткізу мерзімі-емтихан сессиясы басталғанға дейін 3 тәулік.



Сабақ уақытында ұялы телефоны өшіріліуі тиіс.

Сабаққа іскерлік киіммен келеді, курстастары мен оқытушыларға ашық және мейірімді болуы қажет.
Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет