Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл!



Дата30.03.2018
өлшемі168,34 Kb.
#39890
Ортақ орта мектебінің

11-сынып оқушысы

Ташенова Гульденнің

шығармасы



Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл!

Баршамызға белгілі, еліміз тәуелсіздігін алып, өзінің тұңғыш президентін сайлағанына да біршама уақыт өтті. Ақжайықтан Алтайға, Атыраудан Алатауға дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатқан қазақ елі өзінің ертеңін сеніп тапсыратын өкілі ретінде қазақтың біртуар ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қазақ елінің «Елбасы» деп таныды. Қазақстан Республикасын гүлденген елге айналдырып бағуға бар күш-жігерін салып, сол жолда аянбай еңбек етіп, маңдай терін төкті. Бүгінгі күні еңкейген кәрі мен еңбектеген балаға дейін ел ағасының әр ісін құрмет тұтып, мақтанышпен қарауының өзі үлкен ғанибет. Тек өз елімізде ғана емес, алыс-жақын шет елдерде де біздің елбасымыз өзінің тұғырлы орынын тапқалы қашан?.. Елбасымыздың көреген саясатының арқасында еліміз өркендеп келеді. Бүгінде елбасы қолдауына ие болған игі істердің бәрі өзінің оң нәтижесін беріп келеді.

Адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамын да, мақтанамын да!

Ең әуелі анасын, ана тілін сүйген Елбасы былай деп толғанады:



  • Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы. Сол үшін де Елбасымыз жарғақ құлағы жастыққа тимей, халқының қамын, тілінің тазалығы үшін талмай еңбек етіп келеді.

Толыққанды тілсіз ұлт болу мүмкін емес. Бұл да – Елбасының туған тілі, ұлты жайлы толғаныстан туған ойларының бірі.

Қазақ халқының қаншама жылдар, ғасырлар бойғы ұлы арманы- тәуелсіздікке ХХ ғасыр соңында қантөгіссіз, дау-жанжалсыз қол жеткізгені әлемге аян. Тәуелсіз Қазақстан көп ұлтты, кең байтақ жері бар, жерінің асты-үсті толған байлыққа ие. Осындай алып та алуан түрлі ұлт, дін өкілдерінің басын бір шаңырақтың астында біріктіріп, оларды келешекке нық сеніммен бастай білу әрбір басшының тағдырына жазыла бермесі анық.

«Қазақстан -2030» стратегиясын қабылдауы-біздің болашағымыз үшін айқын мақсаттарда туған өміршең ұсыныс деп білемін. Осынау кезең-кезеңге бөлінген стратегияның болашақ іске асырушысы екендігімді мақтан етемін.

«ХХІ ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыры болғанына сенемін»,- деп атап көрсете отырып, Елбасы мынадай ой-түйіндерді де жас ұрпақтарға аманаттап отыр. «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ. Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!»

Елбасы еліне сенеді, ал елі Елбасына сенеді. Жас ұрпақ, біздер де, ертеңгімізді Елбасымызбен оның нұсқаған басым бағыттары арқылы елестете аламыз. Еліміз ауыр да, сынағы мол жылдарды артқа тастады. Ендігі кезең-жарқын жылдар болмақ. Мен Қазақстанда туғаныма мақтанамын. Осындай жігерлі, қайратты, дана Елбасымен мақтанғанның өзі – бақыт!

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өзінің ұстанған сара жолы бар. Тұралап қалған елді тығырықтан аман-есен алып шығу кез келген жанның маңдайына жазыла бермейді. Осы кезде ел тізгінін бекем ұстаған Елбасының салиқалы саясаты ұлы көштің түзу жолда келе жатқандығын айқындап берді.

«Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген сөз бар қазақта. Сол сияқты нағыз басшы, шынайы көсем әуел баста өзі үшін емес, елі үшін туады, елі үшін өседі, елі үшін өмір сүреді, елі үшін қызмет етеді. Артқа бұрылып жиырма жыл бұрынғы Қазақстанға көз салыңызшы. Жиырма бес жыл жас жігіттің жасы ғана. Өте аз уақыт. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің арқасында түске кірмес жетістікке жеттік. Ауызға алмас асудан астық.

Мемлекет тәуелсіздігін алып, өз басына жеке шаңырақ көтерген тұста Елбасы қаншама ауыр міндетті арқалағаны белгілі. Соның барлығын аса үлкен қажырлылықпен атқарып, елді күйреуден гүлденуге алып шықты. Бұл жолда елбасымызды әлем ірі тұлға, үлкен саясаткер деп таныды.

Халқымыздың таңдауы қалт кетпегеніне көзіміз жетті. Кешегіміз қаһармандыққа, бүгінгіміз жасампаздыққа, ертеңіміз келешегіміздің кемелін келтірер батыл бастамаға толы. Әлем алдында еліміз-еңселі, халқымыз-қадірлі. Екінші мыңжылдық барша қазақстандықтардың дүркіреген дәуірі, жарқыраған жұлдызы болып басталды.

Сан ғасырлар бойы «Мәңгі ел» орнатуды армандаған көне түрік билеушілері жете алмаған сән-салтанатқа Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жолы» арқылы жеттік. Бұл бұрын – соңды әлемнің бірде–бір мемлекеті жүріп көрмеген жол.

Қазақ Елін одан әрі гүлдендіретін де, ырысымызды тасытып нәрлендіретін де, абыройымызды асырып сән беретін де тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев деп мақтаныш сеніммен айта аламын.

Биыл Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығы. Осы жылдарда көптеген мемлекеттердің елу-жүз жылда зорға бағындыратын асуларынан өттік. Осыған оңай жеттік десек қателесер едік.

Елбасымыздың халқы үшін от пен суға түсуге тайсалмайтын қасиеті, парасаты жеткізді. Сондықтан да келешек ұрпақ өкілдері ел Көшбасшысына сеніп қана қоймай, әрдайым жанынан табылады деген үміттемін.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Марфуға Айтқожина апамыз жырлағандай:

Жаңартып даласын да, қаласын да,

Еліңді бастап жүрсің жаңа шыңға.

Аман бол,

Бар қазақтың бақыты үшін,

Заманнан асып туған,

Дара тұлға !-демекші ,шынында да, Елбасымыз -әлемнің аса ірі мемлеет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлерінің бірі.



...Мен қазақ елінің азаматымын, өзімнің осы елдің ұрпағы екенімді мақтанышпен айтқым келеді. Сонымен қатар, мерекелердің қатарына аталмыш «Тұңғыш Президент» күні қосылғанын қуанышпен құптаймын. Өйткені елбасымыз сондай мақтауға тұрарлық азамат, оны барлық халық мойындайды. Елбасымыздың ерен еңбегі жана берсе екен деген балалық тілегімді жолдаймын. Қорыта келе, егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы, елбасымыз ғұмырлы болсын демекпін!

Ортақ орта мектебі бойынша

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты мемлекеттік тілдегі жалпыреспубликалық шығармалар байқауын өткізу қорытындысы бойынша мағлұматтар





Қатысушылар контингенті


Барлығы

Олардың ішінде -

этномәдени бірлестіктердің өкілдері

1

7-9 сынып оқушылары

22

1 оқушы

2

10-11 сынып оқушылары

11 оқушы

0

3

Орта кәсіби мектептердің оқушылары

0

0

4

Барлық қалаушылар (ЖОО студенттері, қызметкерлер, зейнеткерлер, үй шаруашылығындағы адамдар және т.б.)

0

0

5

БАРЛЫҒЫ:

33

1







Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет