Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған



Дата12.03.2018
өлшемі93,75 Kb.
#38874

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған

«Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты мерекелік іс-шараның өткізілу сценарийі.

Видиоролик на интерактивной доске.


Вед 1: Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.

Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.



Вед 2: Под щедрым солнцем золотым,

Под ясным небом голубым

Мой герб и флаг в себя вобрали

Весь мир степной, родные дали,

Свободы дух и взор прямой.

Вед. 1:    Армысыздар , құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! 

Вед. 2: Добрый день дорогие учителя, учащиеся и наши гости ! Мы находимся в предверии радостного события, праздника объединяющего всех граждан нашего много национального государства.Торжественный праздник, посвиященный Дню независимости РК объявляется открытым.

Гимн орындалады

Карина: Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,

Күншілмен де тіл тауып жарасатын.

Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,

Қазақтың шығаратын Алаш атын.

Жанель: Свободен, величав и первоздан

Звезде подобный средь земель и стран

Кюй счастья ты наигрываешь звонко

Родной мой лучезарный Казахстан!



Выступает хор

Вед1: Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік алақанымызға қонды. Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз.Бұл күнге қан төгіссіз, бейб Күй «Ерке сылқым»/ Гүлжан қыздармен іт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттердің қатарына қостық. 22 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.

Вед2: 1991 г РК объявила о своем суверенитете и стала независимым государством. Каждый год 16.12 праздннуется день независимости РК. На просторах нашей республики есть несметные богатства это и редкие красивые животные ,растения и полезные ископаемые. В Казахстане есть такие прекрасные горада, что по красоте они не уступят горадам Азии и Европы –Астана, Алматы и др.

Күй «Ерке сылқым»/ Гүлжан қыздармен



1 вед: Құттықтау сөз мектеп-гимназия директоры Абдиева Айна Құрманқұлқызына беріледі

Вед.1Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де,маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

Сания: 16 желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің!

Мәңгі болсын, баянды болсын

22 жыл ғұмырың!

Құтты болсын, мықты болсын

Тәуелсіздік тұғырың!

Бишілер тобы ;

2 Вед: 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып жарияланды.

Томирис: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

әр адамда өз анасынан басқа да,

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт АНА.

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі- сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.



Бейбарыс: Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болсада,

Төрт АНАҒА жағдай жасай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?



Диляра: Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төртАНА – тағдырыңның тынысы,

Төрт АНА үшін болған күрес- күрестердің ұлысы!

Қазақша ән /вокал «Туған жер»./қыздар/

2вед: 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.

Марал: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін .

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін ,

Тіл туралы Заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін .

Қуан балам ,қуанатын күн бүгін.

Наргиз: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық ?

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!



1вед: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар ! Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ әр жылдың өз шежіресі,сыры, тарихы, қасиеті бар.

1991 жыл 1 желтоқсан – Н.Ә Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.



2 вед: В 1991 году 1 декабря был выбран Президентом Республики Казахстана Назарбаев Н.А.

Видиоролик из кинофильма «Небо моего детства».

Ән «Жаса қазақстан»

Полина: Ата-бабам тұлпар мініп ,ойқастап,

Әрбір сөзі кесек-кесек ой тастап.

Тәуелсіз ел Президенті сайланды;

Қазағымның НҰРСҰЛТАНЫ ел бастап.



Эльдар: Есть на свете немало богатых ,загадочных стран.

А для нас центр мира в бескрайних степях Казахстана

На просторах твоих , как по замыслу мудрый природы

Все пропитано чистым и радостным духом свободы.



Руслан: Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,

Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?

Ұран жазып ,қып-қызыл ту көтеріп,

Жастар шықты алаңға «Елімайлап».

Алаңға шығып , ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңы еріді кеңестің,

Содан кейін еркіндікті бастадым.



1вед: 1991 жылы 16 желтоқсанда- Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.

Алматы- Тәуелсіздіктің бастауы. 1986 жылы жастар өздерінің демократиялық құқықтарын қорғау үшін алаңға шықты. Бүгін біздің қонағымыз сол желтоқсан оқиғасына қатысқан Толқынбек Жұртұлы келіп отыр.



2вед: 1991жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.

1вед: 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.

Танец старшие классы

Аружан: «Қазақстан жалауы» өлеңі:

Аспан түстес көгілдір

Тік бұрышты матаның

Ортасында төгіп тұр,

Күн жаяды шапағын

Астында оның қалқыған

Қыран құстың бейнесі

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білерсің.

Төрегелді: «Елтаңба » өлеңі: Алтын қанат көмкерген

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес, ұғып ал!

Көгілдір түс аясы ,

Бейбіт дала елесі .

Шаңырақ –жұрт панасы,

Уықтар- күн сәулесі



2вед: 1993 жылы қарашаның 15-нде Ұлттық валюта –тенге айналымға кірді.Биыл ұлттық теңгемізге 20 жыл толып отыр.

Катя: Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,

Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.

Көк байрағым көкте биік желбіреп,

Бірлікке бізді шақырып жатқандай.



Песня «Родина моя»

1вед: 1995 жылы 30 тамызда – Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы қабылданды

Женя: Ата Заңға, қарағым,

Шексіз болсын құрметің

Туған елдің талабын,

Заңды орындау- міндетің

Бақытты өмір сүргенің

Бақ-дәулеттің баршасы,

Күліп-ойнап жүргенің-

Ата Заңның арқасы!



2вед: - «Ынтымақ елге ырыс-енші». Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.

Мұғалім: - «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазіргі таңда Қазақстан-өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында.



«Біз кімбіз?»( таңбалау)

Қ – Біз тәуелсіз елдің жастарымыз

А -Біз ел қорғаушымыз

З – Біз өз Отанымыздың патриотымыз.

А-Біз заңдарды қорғайтын ұландармыз

Қ-Біз болашаққа сеніммен қарайтын

С-Біз өз жолын анықтай алатын азаматпыз

Т-Біз бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген,

А- Біз білімге, адамгершілікке құштар

Н- Біз салауатты өмір салтын сақтайтын жастармыз

Марал: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!



Ән «Туған ел»

Мұғалім: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Қазақстан – Республикам менің!

Әйнегі-күн, шатыры аспан

Кең дала төсі толқыған егін

Көлдері көкке күмістен шашқан

Қазақстан – Республикам менің!

Кемуді білмес кемікті өңір

Құрсағы құтты сахара демін

Перзенті болат, қорғасын көмір

Қазақстан – Республикам менің!

Өрісте малын әндетіп баққан

Ертістің от қып толқынын жаққан

Бұлт болып аққан жұлдызды қаққан

Қазақстан – Республикам менің!

Шайқаста жаудың алқымын сыққан

Ажалға қимай намысты елін

Төлеген,Мәншүк батырлар шыққан

Қазақстан – Республикам менің!

Орманы пүлш, бұлағы күміс

Бұлбұлы жыршы, ұл-қызы керім

Таулары заңғар, өзені ырыс

Қазақстан – Республикам менің!

Абай туған, Сәкен туған

Құрметте достым, қазақтың жерін

Күләш пен Роза бұлбұлдар шыққан

Қазақстан – Республикам менің!

Өлең жыры бұрқақтап аққан

Жеңістің кілтін достықтан тапқан

Күнде бір көктем жаңарып жатқан



Қазақстан – Республикам менің!
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет