Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті Қалыптыстыру мен дамытудағы тарихи рөлі



Дата10.12.2019
өлшемі16 Kb.
#53302
Байланысты:
баяндамаҚазақстан Республикасының тұңғыш президенті
А.Өзгеріс не үш-WPS Office, УМКД білім беру менедж, «Орта асырда ы Азия ж не Африка тарихы»
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті

Н.Ә Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті

Қалыптыстыру мен дамытудағы тарихи рөлі

Н.Ә Назарбаев 1940жылы 6 шілдеде Іле Алатауының Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.Ол өте алғыр,өз қатарластарынан ерекше болып өскен.Ол өте үздік оқыды.Н.Ә Назарбаев жайында оның ұстазы Сейітхан Исаев былай дейді «Ол үздік оқушы болды.Сабақты ұйып тыңдайтын,сабақтан тыс сұрақтарда қояды.Мұғалімнің әр сөзіне мән береді.Кітаптан бас көтермейтін,үнемі оқып жүретін»дейді.Ол мектеп бітіргеннен соң Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнына түсті.Ол жерді 1967жылы үздік аяқтады

Н.Ә Назарбаев алғаш 1960-1969жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.Ол сосын 1979-1984жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы болып,1984-1989жылдары Қазақ КСРО Министирлер кеңесінің төрағасы болып,1990жылы ақпан,сәуір айларында Қазақ КСРО жоғары кеңесінің төрағасы болып,1990жылы сәуірде Қазақ КСРО президенті болып көптеген жоғарғы жұмыс орындарында жұмыс жасаған.1991жылы 1-желтоқсанда тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті.Бұл сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.Бұл кезде біз өз тәуелсіздігімізді алып,енді аяққа тұрып жатыр едік.Ол кездегі қазақтардың жағдайымен қазіргі қазақтардың жағдайын салыстырсақ,жер мен көктей.Жаңа тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасының дамуы,бар ұлттық мемлекеттің қалыптасуы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.Н.Ә Назарбаевтың басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті. 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.

Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.

Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т. с. с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т. б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.Ол жастарға өте көп жолдар ашты.Ол жастарға көптеген жоғарғы оқу орындарын ашты.

Біздің Елбасымыз Н.Ә Назарбаев сіз біз үшін өте қымбат адамсыз.Сіз баяғыда ата-бабаларымыздың аңсаған арманын орындадыңыз.Бізді осы күнге жеткізгеніңіз үшін сізге көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет