Қазақстан республикасының


Мұғалім мамандығын меңгерудің өзіндік ерекшелігі



бет5/6
Дата13.12.2016
өлшемі1,16 Mb.
#3803
1   2   3   4   5   6

Мұғалім мамандығын меңгерудің өзіндік ерекшелігі.

2. Мұғалімге арнайы тән қасиеттер:



  • сөйлеу мәдениеті, сөз қоры;

  • шығармашылық, жаңашылдық;

- педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейі.

Мұғалімнің қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Өйткені ол жас ұрпақтың болашак тағдыры үшін өзің жауапты сезінеді, оның тәртібі, білімі, қоғамнан алатын орны, адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі үшін күресеті, оның жүрегіне жол тауып, оның жан дүниесінің таза, қоғам үшін жан тәнімен еңбек етуге күш-тарлығын оятатын, білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы білімге ұмтылдырып талаптандыратын мұғалім.

Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінеде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.

Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:



  • қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;

  • жан-жақты білімдаралық, өмірдің әр түрлі саласынан хабардар болуы;

  • педагогикамен байланысты пәндерден – психологияны, физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек;

  • оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білу;

  • оқыту, тәрбиелеу методикасын білу;

  • жұмысына шығармашылық көзқарас;

  • баланы жете білу, олардың жан-дүниесін түсіну педагогикалық сенім;

  • педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлеу білу;

  • педагогтік әдептілікті меңгеру;

  • балаға деген сүйіспеншілдік пен әділдік.

Мұғалім мамандығын өзіндік ерекшелігі үнемі оқуда, творчестволық ізденіс жасауда, баланың ынтасын, тілегін қабілетін зерттеуге ат салысуда болып табылады.

Мұғалімнің тағы бір ерекше қасиеті мұғалім балаларға өзінің сезімін ашық білдіріуне, екі жүзділіктен аулақ болуына өзін-өзі тәрбиелейді.

Мұғалімнің бойында тағы бір ерекшелік ол – творчество, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек. Творчествосыз адамның өзінің күшін, қабілетін, бейімділігін білу көкейге қонбайтын нәрсе: онсыз өзін-өзі құрметтеушілікті бекіту ұжымның моральдық ықпалына жеке адамның сергек көзқараспен қарауы мүмкін емес.

Мұғалім мамандығы – ең ардақты, әрі қадірлі мамандық. Өткені мұғалім әр адамның бойына білімнің жарық сәулесін құяды, өмірді, өзін қоршаған ортаны білуге, табиғаттың сырларын ұғып, жұмбақтарын шешуге зердесін оятып, білуге деген кұштарлығын ұштайды.

Мұғалім қызметінің табысты болуы, оның оқу және тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуіне байланысты. Мұғалім оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, еңбек пен қоғамға деген сүйіспеншілігі мен ынтасын тәрбиелейді.

Педагогика-психологиялық зерттеу мәліметтеріне қарағанда (Ф.Н. Гоноболин,

Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков т.б.) педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.

1. Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.

2. Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына сәйкестігі. Ондай мұғалім өз пәнін ғылым дамуына сай біледі, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

3. Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі психикалық жағдайын бірден байқайды.

4. Сөйлеу немесе экспрессивті қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі.

5. Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуі, оқу мен тәрбиені дұрыс ұштастыру міндеттерін де оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыру, мұғалім өз жұмысын ұйывмдастыра білу.

6. Коммуникативтік қабілет – оқушылармен қалыпты, дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілік жетілдіру.

7. Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналық, жауапкершілікпен ойлылықпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.

8. Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, оймен келетін – шахмат, көркем өнер, бейнелеу өнер туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатынасуы арқылы өз дегеніне жетуге баланы жан-жақты дамыту ісіне үлесін қосуы тиіс.

Негізгі ұғымдар: кәсіптік талаптар, мұғалім моделі, педагогикалық шеберлік, қарым-қатынас стилдері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекшеліктері.

  2. Ұстаз тұлғасының моделін жасаңыз.

  3. Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

  5. Н.Д. Хмель. “Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс”, А., 2002

  6. Е. Сағындықұлы. “Педагогика” дәрістер курсы, Алматы, 1999

  7. Основы педагогического мастерства\ под ред. И.А. Зязюн. М, 1989


13-тақырып: Мектепті басқарудың негізгі формалары

  1. Мектеп басшысының басқару мәдениеті.

  2. Мектеп басшысының функциялық міндеттері.

  3. Мектепішілік кең таңдау, оның түрлері мен мазмұны.

  4. Мектеп жұмысы жоспарының түрлері, оған қойылатын талаптар.

Мектеп басшысының басқару мәдениеті.

Олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болыа табылады. Кәсіптік-педагогикалық мәдениет – педагогикалық қызметтің белгілі нормалары, ережелері, техника және шеберлік, сонымен қатар педагогикалық құндылықтар, педагогикалық шығармашылықтар.



Педагогикалық құндылықтардың мазмұны : мектеп басшысының педагогикалық ұжымды, процесті ұйымдастыру мақсатымен анықталады.

Басқару мәдениетінің технологиялық компоненті: педагогикалық процесті басқарудың әдістері мен тәсілдері.

Басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті: педагогикалық жүйені басқарудағы шығармашылық әрекеттер.

Мектеп басшысының функционалдық міндеттері.

Әрбір жалпы білім беретін оқу орындарының “жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орындарының” негізіндегі өз жарғысымен айқындалады.



  • Мемлекет және қоғам алдында балалар құқығын қорғау талаптарының орындалуына жауапты, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, оның орындалу барысын және нәтижесін қадағалайды, оқу орнының тиімді және сапалы жұмыс істеуіне жауап береді;

  • Мемлекеттік және қоғамдық орындар алдында мектептің мүддесін танытады;

  • Мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті жағдай туғызады;

  • Мектеп директорының орынбасарын тағайындайды, олардың функциялық міндеттерін белгілейді;

  • Педагогикалық ұжымның, ата-аналардың және оқушылардың пікірін ескере отырып, оқу орнының педагог кадрларын орналастырады, соның жетекшіліктерін тағайындайды;

  • Оқу орнының педагог, әкімшілік, оқу-тәрбие және қызмет көрсетуші кадрларын жұмысқа қабылдайды және босатады;

  • Белгіленген тәртіп бойынша оқу орнына бөлінген бюджет қаржысының ұтымды жұмсалуын ұйымдастырады;

  • Педагогикалық кеңестің келісімімен ерекше көзге түскен мұғалімдерге жалақыға үстеме қосады;

  • Шығармашылық жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық эксперимент жасауына, өз әдістерін практикада қолдануға жағдай жасайды;

  • өзінің қызметі бойынша білім басқармасы органдарына және педагогикалық кеңеске алдында жауап береді;

Педагогикалық прцесті талдау тікелей мектеп басшысының функциясына кіреді. Кез келген ұжымы талдаудан басталып, талдаудан аяқталады. Уақытында жүргізілмеген талдау жалпы педагогикалық прцестің ұйымдастыруда қиындықтар туғызады. Сондықтан, педагогикалық талдау өз қызметінде сырттай көлеңкелі сипат алғанымен, мектеп басшысынан жинақтау, салыстыру, жүйелеу арқылы педагогикалық құбылыстарды талдауға керекті ақыл-ойдың ширақтығын талап етеді.

Педагогикалық тладауды мектепішілік басқару теориясына енгізген – Ю.А.Копержевский. Талдаудың субъектісіне қарай оның түрлері анықталады. Топтастыра келе оның үш түрін атауға болады:



  1. параметрлік;

  2. тақырыптық;

  3. қорытынды талдау;

Параметрлік талдау – оқу процесінің барысы мен нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы мәліметтердің себебін анықтауға бағытталады. Бұнда өзгерістер мен түзетулер енгізілуі мүмкін. Параметрлік талдау: ағымдағы сабақ үлгерімі, мекткептегі бір күндік, апталық тәртіп, мектептің санитарлық жағдайы, сыныптан тыс шараларға қатысу, сабақ кестесінің сақталуы және т.б. Параметрлік талдау – фактілерді атап көрсету емес, оларды салыстыру, оның қалыптасу себебін анықтау.

Тақырыптық талдау – педагогикалық практика барысында тұрақты ағымдар мен нәтижелерді зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны келесі мәселелерді қамтиды: оқытудың озық әдістерін үйлестіру, оқушылардың білім жүйесін қалыптастыру, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің адамгершілік, этикалық, ақыл-ой тәрбиесінің жүйесі, мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру.

Қорытынды талдау – уақыт, кеңістік және мазмұн жағынан да кең көлемді қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткізіліп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғышарттарын озық үйретуге бағытталады.

Мектеп басшысының келесі функциясының бірі – мектеп жұмысының жоспарын дайындау, оның орындалуына жағдай туғызу, қадағалау.

Мектеп жұмысының прктикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады:


  1. перспективалық;

  2. жылдық;

  3. ағымдық;

Перспективалық жоспар мектептегі соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.

Негізгі ұғымдар: басқару мәдениеті, жоспар, жоспар түрлері, педагогикалық талдау.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Мектеп басшысының басқару мәдениеті дегеніміз не?

  2. Мектеп басшысының функциялық міндеттері қандай?

  3. Мектепішілік кең таңдау, оның түрлерін атаңыз.

  4. Мектеп жұмысы жоспарының түрлері, оған қойылатын талаптар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006


14-тақырып: Білім жүйесін басқарудың қоғамдық-мемлекеттік сипаты.

  1. Білім беру жүйесін мемлекеттік және қоғамдық басқарудың негізгі белгілері.

  2. Педагогикалық жүйені басқарудағы мәселелер.

  3. Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттары.

  4. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.

Басқару дегеніміз – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтиженің қорытындысын шығару болып табылады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі. Бұнда білім беру жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министірлігі, облыстық білім департаменттері,қалалық және аудандық білім бөлімдері қарастырылады.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елдегі “Білім туралы” заң негізінде бірыңғай мемлекттік саясаттың жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында ҚР білім саласы оған әсер ететін еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады.

Білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты “Білім туралы” заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерінмынадай бағыттармен де айқындайды:


  • Білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғалықбостандығының басымдылығы.Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

  • Білімнің жалпыға бірдейлігі, білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;

  • Республикадағы мәдени және білім беру кеңестігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесіні қорғалуы;

  • Білім беру жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;

  • Білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты.Білім беру мекемелерінің дербесті.

Мемлекеттік басқару органдары – білім және ғылым министірлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандартын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айқындайды; білім мекемелері қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді.

Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұртшылық өкілдері енеді. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрнісі ретінде – мектеп кеңесі сияқты органдардың қызметіне танылады.Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттармен айқындалады.

Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуінің тағы да бір көрнісі білім жүйесін мемлекетсіздендіру және білім мекемелерін диверсификациялаудан көрінеді.

Педагогикалық жүйені басқарудағы негізгі мәселелер:



  • Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру;

  • Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы;

  • Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі;

  • Жеке билік пен басқарудың біртұтастығы;

  • Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі мен толықтылығы.

Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық шарттары деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың шарттары екі топқа бөлінеді:жалпы және арнайы.

Жалпы шарттарға - әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шарттарды жатқызуға болады.

Арнайы шарттарға – оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы, мектептің орналасқан жері (қалалық немесе аудандық), мектептің материалдық мүмкіндіктері, қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі және т.б.

Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты балалардың дербес-психологиялық дамуы мен жас ерекшелігіне сәйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен тұрады.Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім беретін мектептің үш сатысын құрайды: бастауыш – І-ІҮ; негізгі орта – Ү-ІХ; жоғары – Х-ХІ кластар. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысына өту дербестігі тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады.

Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген мағынаны білдіреді. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі.

Ал педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды:


  1. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы;

  2. Педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы.

Қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің иновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.

Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерінің ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етеді.

Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етеді.

Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолданылуға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Егер бұрынғы уақытта иновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады.

Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типтік сыныптар ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсеклестік ахуал туғызуда.

Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың барлығы бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған.

Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И.П.Волков, Т.И.Гончарова, И.П.Иванов, Е.Н.Ильин, М.П.Шетинин, Е.Ямбург және т.б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мұғалім қауымының игілігіне айналды.

Педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы В.Е.Грурман, В.В.Краевский, П.И:Керташева, М.Н.Скаткин сияқты ғалымдардың арнайы еңбектерінде атап айтылған.

Педагогикалық инновацяны ендіруде жеке мұғалімнің, мектептің тәжірибесін, ғылыми зерттеу мен таратуды мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары немесе оқу ісінің меңгерушісінің жетекшілігімен жан-жақты дайындалған мұғалімдер тобы жүргізуі тиіс.

Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға берілетіндей нақты критерийлерді пайдалануларды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: жаңашылдық, оптималдық, жоғары нәтижелік, бұқаралық тәжірибеде шығармашылық пен қолдану мүмкіндігі.



Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отвруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады.

Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру бағытында мектептерде әдістемелік жұмыстардың келесі түрлері қызмет атқарады: пәндік әдістемелік бірлестіктер, мектептегі бірыңғай әдістемелік күн, проблемалық семинарлар мен практикумдар, жас мұғалім мектебі, озат тәжірибе мектебі, мұғалімдермен дербес жұмыс жүргізу, ашық және үлгілі сабақтар өткізу,ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқу,ролдік, іскерлік және ұйымдық-қайраткерлік ойындар,педагогикалық жағдайды талдау және моделдеу, мұғалімдердің шығармашылық есебі, педагогикалық консилиум және т.б.



Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.

1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы.

2. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.

1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:

1. ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы.

2. Әрбір азамат үшін интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы.

3. Білімнің зайырлылығы.

4. Жеке тұлғаның білімнің және дарынының дамуына жағдай жасау.

5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.

6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.

7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.

8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.

9. Білімнің ғылыммен, өңдіріспен байланысы.

10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.

11. Білім беру саласының информатикаландырылуы.

Заң орта және бастауыш кәсіптік, сондай-ақ конкурстық негізде орта кәсіптік ақысыз білім алуға кепілдік береді, егер азамат осы деңгейлердің әрқайсысынын бірінші рет білім алса. Білім бағдарламалары үздіксіз және сабақтастық қағидалар негізінде білім берудің төрт деңгейін: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 1-6 жас аралығында мектепке дейінгі оқыту орындарында немесе отбасында жүзеге асады. Мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте немесе отбасында 5-6 жасар балалар міндетті түрде мектепке дайындау жүргізілуі тиіс. Орта білім – жалпы орта (бастауыш, негізгі, орта) немесе кәсіптік (бастауыш, орта) білімді қамтиды.



Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының, оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері негізінде қалыптастыруға қажетті жағдай жасау көзделді. Білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндеттері айқындалды:

  • оқыту бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;

  • жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыру, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту;

  • отан сүйгіштік пен азаматтылыққа өз Отаны деген сүйішпеншілікке, мемлекеттік рәзімдерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу;

  • республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру;

  • әлемдік және отандық мәдени жетістіктерге қатыстыру;

  • білім беру ұйымдарының дербестігі мен өзін-өз билеу құқын және білім беруді басқару міндеті мен демократияландыру ісін кеңейту;

  • оқытудың жаңа технологиясын еңгізу, білімді информатизациялау, халықаралық коммуникация жүйесіне шығу;

  • еңбек рыногында бәсекелсе алатын жоғары дәрежелі жұмысшылар мен мамандарды даярлау және қайта даярлау;

  • жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау;

  • білім беру ұйымдарының түрлі қызметкерлерінің қарқынды дамуына көмектесу.

Білім беру мекемелері төмендегіндей бөлінеді:

  • мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнайы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар мекемелері;

  • оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындары жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіби білім беру;

  • жалпы білім беретін мектеп, ол негізгі және қосымша жалпы білім беретін үш сатылы бағдарламаларды жүзеге асырады;

  • гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік оқытуды көздейді;

  • лицей кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша бағдарламаларды жүзеге асырады;

  • жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын әр түрлі бағыттағы кәсіби жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектеп;

  • кәсіптік лцей, жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүргізетін және жоғары деңгейдегі маман жұмысшыларды дайындайды;

  • колледж, орта кәсіби білімді мамандарды дайындайтын бағдарламаны жүргізеді.

Жоғары білімді халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандарын жоғары оқу орындары дайындайды; университет, академия, институт, сондай-ақ консерватория, жоғары училище, жоғары мектеп. Университеттер мен академияларда және ғылыми мекемелерде жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды даярлайтын магистратура, аспирантура, докторнатура қызмет ете алады. Жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлайтын әскери орындарында ол – адъюнктура деп аталады. Жоғары оқу орнынан кейінгі терең медициналық білімді интернатура камтамасыз етеді.

Оқу орындарында жүргізілген оқыту бағдарламалары жалпы және кәсіптік болады.

Жалпы білім беретін бағдарламалар жеке адамның мәдениетінің қалыптасуын, оның қоғам мен өмірге бейімделуін, кәсіпті таңдауын және таңдаған мамандығын меңгеруін шешуге бағытталады.

Заң білім беру жүйесіндегі орталық және жергілікті атқару орындарының қызметін реттейді. Көрсетілген басқару орындары білімді беруді дамыту бағдарламаларын құрастырады және оны жүзеге асыру шараларын жүргізеді: мамандарды дайындау тапсырысын бекітеді; меншік түріне және бағыныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына лицензиялар береді; оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары, шығаруға арналған дайындық жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру саласындағы заңның жүзеге асуын және білім берудің мемлекетті стандарттарының жүргізілуін бақылайды. Білім беру мекемелерінде бес жылда бір рет аттестация жүргізіледі; мемлекеттік білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет