Қазақстан тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет1/2
Дата10.03.2017
өлшемі4,73 Mb.
#11333
  1   2
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Отан тарихы және Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасы



ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

пәнінен оқу-әдістемелік кешен

Мамандық: тарих емес мамандықтар

Курс – 1, семестр – 1, 2

Оқыту түрі: күндізгі

Көкшетау

Оқу-әдістемелік кешен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінде талқыланып, пайдалануға ұсынылған (2015 жылғы 22 қазан №1 хаттама)

Оқу-әдістемелік кешен ҚР БжҒМ 12.08.2011 жылғы № 359 бұйрығымен бекітілген барлық бағыттар мен мамандықтарға арналған типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Қазақстан тарихы: Оқу-әдістемелік кешен. – Көкшетау, 2015. – 240 бет

Н.4.02-01
Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Отан тарихы және Қазақстан Халқы Ассамблеясы




Студенттер үшін пән бағдарламасы

(СИЛЛАБУС)

Пән : Қазақстан тарихы


Мамандық: тарих емес мамандықтарға арналған

Көкшетау 2015

Пәннің оқу-әдістемелік кешені Қазақстан тарихы бойынша пәннің білім беру траекториясы ҚР БжҒМ 12.08.2011 жылғы № 359 бұйрығымен бекітілген барлық бағыттар мен мамандықтарға арналған типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастырғандар: т.ғ.д., проф. Абуев Қ. Қ. т.ғ.к., проф. м.а. Сейтқасымов А. А., т.ғ.к., проф. м.а.Бексейітова А. Т., т.ғ.к., доцент Каженова Г. Т., т.ғ.к.,доцент Базаров Қ. Т., доцент, т.ғ.к. Утегенов М. З., аға оқытушы Шаймерденова Ж. К., аға оқытушы, тарих магистрі Шукеева А. Т., аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Шапкенов А. А.
«Отан тарихы және Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының отырысында қаралды
« 27 » тамыз 2015 ж. №_1_хаттама.
Кафедра меңгерушісі: _______________ т.ғ.к. Каженова Г.Т.

Тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген


« 28 » тамыз 2015 ж. №_1_хаттама.

Оқу-әдістемелік комиссияның төрайымы: ______________ Кожабаева Л. Ж.



2. Оқытушы жөнінде мәлімет

Абуев Қадыржан Қабиденұлы – т.ғ.д., профессор;

Сейітқасымов Аманбай Асылбайұлы – т.ғ.к., проф. міндетін атқарушы

Бексеитова Ақбота Тастанбекқызы – т.ғ.к., проф. міндетін атқарушы;

Утегенов Марат Зеннатұлы – т.ғ.к., доцент;

Каженова Гүлнар Төлегенқызы ‒ т.ғ.к., доцент міндетін атқарушы;

Базаров Қанат Тастемірұлы – т.ғ.к., доцент;

Шаймерденова Жанат Қанапияқызы – аға оқытушы;

Шукеева Айнұр Таласбекқызы – аға оқытушы, тарих магистрі;

Шапкенов Амангелді Асқарбекұлы – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі.


Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Отан тарихы және ҚХА тарихы кафедрасы.

Ақан Сері көшесі, 24.

Корпус № 4. Кабинет № 309;

Кафедраның телефоны: 8 (716-2) 72-11-21

Оқытушының кафедрада жұмыс істеу уақыты сағ 8:30-дан 16:30-ға дейін.


3. Пән туралы мағлұмат

Пән: «Қазақстан тарихы»

Өткізілу уақыты: Сабақ кестесіне сәйкес аудиторияларда өткізіледі.

оқу жоспарының көшірмесі:




курс

семестр

Кредит

саны


Дәріс сағаты

Практ., семинар сабақтардың

сағаты

Лабор., сағат саны

ОСӨЖ

сағат саны

Онлайн

СӨЖ

сағат саны

Барлығы

Бақылау формасы

І (күнд)

1, 2

3

30

15

-

22




68

135

Мемлекеттік емтихан

1 (сырт)

1,2

3

6

3







18

108

135

Мемлекеттік емтихан


4. Пәннің пререквизиттері:

«Қазақстан тарихы» пәні курсын оқып меңгеру үшін студенттердің осы пән бойынша мектептің негізгі және жоғары сыныптарында алған білімдері болуы тиіс.



Пәннің постреквизиттері:

«Қазақстан тарихы» пәні курсы бойынша алған білім студенттерге алдағы уақытта «Философия», «Саясаттану», «Әлеуметтану», «Мәдениеттану», «Дінтану» сияқты қоғамдық пәндерді игеруге қажет.


5. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Пәннің мақсаты:

Қазақстан тарихы курсының мақсаты – Қазақстанның ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан студенттердің жүйелі білімдерін қалыптастыру. Студенттердің бойындағы қазақстандық патриотизмді, азаматтық сезімді дамыту.


Пәннің міндеттері:

  • Студенттердің басты назарын қоғам тарихына: адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару;

  • Тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектеcу;

  • Студенттердің бойында өз халқы мен өзге халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтей білу сезімін қалыптастыру, мәдени мұраны сақтауға және байытуға үлес қосуға тәрбиелеу;

  • Адамгершілік тәрбиесін беру (қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау, үлкенге құрмет, кішіге жол көрсету).

  • Еңбек тәрбиесін беру (еңбекке баулу, еңбек адамдарына құрметпен қарау, мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбие).

  • Дүниеге ғылыми көзқарас қалыптастыру, студенттерге адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту.


Пәннің қысқаша мазмұны:

Қазақстан тарихы пәні курсы алғашқы қауымдық қоғам кезінен бастап қазіргі кезге дейінгі Қазақстан жеріндегі ең маңызды тарихи мәселелерді оқытады. Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдардың тіршілігі мен ескерткіштерінің зерттелуі, алғашқы тайпа одақтары мен мемлекеттердің тарихы, ерте орта ғасырлардағы түркі тілдес тайпалық одақтардың мемлекеттерінің тарихы, қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы, көшпенділер қоғамының мәдени құндылықтары, Қазақстанның Ресей империясының отарына айналуы және оның салдарлары, тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстар, Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы, тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы және оның қазіргі кезеңдегі дамуы сияқты аса маңызды тарихи кезеңдерді қамтиды.


Пәнді меңгергеннен кейін студент келесі білімдер мен дағдыларды игеруі керек:

  • Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдерін, ғылыми мәселелерін білуі;

  • Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерінің хронологиялық шегін білуі;

  • Көшпелілер өркениетінің тарихтағы орнын, дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін білуі;

  • Қазақстанда мемлекеттіліктің тууы, дамуы, қалыптасуы ерекшеліктерін білуі;

  • Отан тарихында маңызды орын алатын тарихи тұлғалардың өмірін, атқарған қызметінің рөлін білуі;

  • Тәуелсіз Қазақстанда болған қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, халықаралық қатынастар саласындағы өзгерістерді;

  • Қазіргі қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық және тағы басқа мәселелерді талдауда тарихи білімін еркін қолдана алуы тиіс.

6. Сабақ жоспары

6.1. аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары





Мазмұны

(тақырып және сұрақтар)



Дәріс сабақ / сағаты

Практ., семин., сабақ/сағ.

Дәріс / сағаты

(Сырт)


Практ Семин сағ.

(Сырт)


Оқулықтар, әдістемелік құралдар

1.

Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс.

1. Тас дәуіріндегі Қазақстан.

1.1 Тас дәуірінің кезеңделуі.

1.2 Тас дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық қатынастар.

2. Қола дәуіріндегі Қазақстан.

2.1 Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

2.2 Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық өзгерістер.


2


1


1




Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.

І том. Алматы, 2010 және т.б.



2.

Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық одақтар мен мемлекеттер.

1. Ерте темір дәуірінің сипаттамасы, кезеңделуі.

2. Сақ тайпаларының одағы.

3. Ғұндардың этникалық және саяси тарихы.

4. Үйсіндер мен қаңлылардың этникалық және саяси тарихы.


2

1








Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007 және т.б.

3.

Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттер (VІ-Х ғғ.).

1. Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.

2. Түргеш қағанаты. Қарлұқ қағанаты.

3. Оғыз мемлекеті. Қимақ қағанаты.



1

1







Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008 және т.б.

4.

Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттер

(Х ғ. - ХІІІ ғ. басы).

1. Қарахандықтар мемлекеті.

2. Қыпшақ хандығы.

3. Қарақытайлар. Наймандар. Керейіттер.



1

-







Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы, 2010.

5.

Қазақстан жеріндегі монғол шапқыншылығы. Алтын Орда.

1. Монғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы.

2. Монғолдар жаулап алуының әлеуметтік салдары.

3. Алтын Орда.



1

1

1




Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.

І том. Алматы, 1996.




6.

ХІІІ ғ. мен ХV ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.

1. Ақ Орда.

2. Моғолстан.

3. Көшпелі өзбектер мемлекеті.

4. Ноғай Ордасы. Сібір хандығы.


1

-







Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007.

7.

Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы.

  1. Қазақ халқының этногенезі, кезеңдері.

  2. Қазақ жүздері: пайда болуы және этникалық аумағы.

  3. Қазақ хандығының құрылуы.

2

-








Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. Алматы, 2010.

8.

ХVІ-ХVІІ ғғ. Қазақ хандығы.

1. ХVІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы. Қасым хан.

2. Қазақ хандығының ХVІ ғ. екінші жартысындағы жағдайы. Хақназар хан. Тәуекел хан.

3. ХVІІ ғ. Қазақ хандығы. Есім хан. Жәңгір хан. Тәуке хан.



1


1

1




Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. Алматы, 1998, 2010.

Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.



9.

Қазақстанның Ресей империясы құрамына қосылуының басталуы.

  1. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы.

  2. Кіші жүздің және Орта жүздің Ресей империясының қол астына өтуі.

1

1







Мұхамедов М., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007.

10.

ХІХ ғасырдың 1-ші жартысындағы Қазақстан.

  1. Орта жүз бен Кіші жүзде хан билігінің жойылуы.

  2. Бөкей Ордасындағы 1836-1838 жж. шаруалар көтерілісі.

  3. Кенесары Қасымұлы бастаған халық-азаттық күресі (1837-1847).

2

1

1




Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІІ том. Алматы, 2002, 2010.

Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.



11.

Қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылуының аяқталуы.

  1. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей құрамына енуі.

  2. 1867-1868 жж. әкімшілік-аумақтық реформалар.

  3. ХІХ ғ. 2-ші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы.

2

-








Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІІ том. Алматы, 2002, 2010.

12.

Қазақстанның ХХ ғ. басындағы әлеуметтік-саяси дамуы.

  1. 1905-1907 жж. орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.

  2. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.

  3. 1916-жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

1

1


1




Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Оқулық / Ред. басқ. Қ.С. Қаражан. Алматы, 2005.

13.

Қазақстан Ақпан және Қазан революциялары кезінде.

1. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейінгі қазақ өлкесі.

2. Қазақ комитеттерінің құрылуы. Бірінші жалпықазақ съезі.

3. Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан. Кеңестер билігінің орнауы.



1

1








Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІІ том. Алматы, 2010.

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Оқулық / Ред. басқ. Қ.С. Қаражан. Алматы «Қазақ университеті», 2005.



14.

Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан.

1. Қазақ өлкесінің азамат соғысына тартылуы.

2. Соғыс қимылдарының барысы.

3. Қазревком мен Қазақ АКСР-нің құрылуы.



1

-







Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Оқулық / Ред. басқ. Қ.С. Қаражан. Алматы «Қазақ университеті», 2005.

15.

ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы.

1. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысы.

2. Индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

3. Мәдени саладағы жетістіктер мен қайшылықтар.



2

1

1




Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІV том. Алматы: «Атамұра», 2010.


16.

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

1. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының басталуы.

2. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.

3. Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру.



1

1




1

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІV том. Алматы: «Атамұра», 2010.

17.

Қазақстанның 1946-1950 жылдардағы дамуы.

1. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.

2. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

3. Қазақстанның мәдени дамуы.



1

1







Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІV том. Алматы: «Атамұра», 2010.

18.

Қазақстанның 1960-1980 жылдардағы дамуы.

1. 1960-1970 жж. экономиканы реформалау әрекеттері.

2. «Тоқырау» кезеңіндегі Қазақстанның экономикасы.

3. Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени дамуы.



1

-







Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІV том. Алматы: «Атамұра», 2010.

19.

Қайта құру жылдарындағы Қазақстан.

1. Қайта құру қарсаңындағы Қазақстан.

2. Қайта құрудың басталуы.

3. 1986-жылғы Желтоқсан оқиғасы.



1

1




1

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Оқулық / Ред. басқ. Қ.С. Қаражан. Алматы, 2005.

20.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.

1. КСРО-ның ыдырауы және оның себептері.

2. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.



1

1







Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. V том. Алматы: «Атамұра», 2010.


21.

Тәуелсіз Қазақстанның ішкі мемлекеттік басқару саясаты.

1. Тәуелсіз Қазақстанның саяси институттарының қалыптасуы.

2. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.



1

1







Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. V том. Алматы: «Атамұра», 2010.

22.

Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы.

1. Нарықтық қатынастарға көшу: қиыншылықтары мен қайшылықтары

2. Қазақстан Ресбуликасының өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының дамуы.

3. Көлік және жол қатынастары.



1

-








Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Оқулық / Ред. басқ. Қ.С. Қаражан. Алматы, 2005.

Назарбаев Н. Ә.

«Қазақстан жолы».

Астана, 2007.



23.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік және мәдени дамуы.

1. Республика халқының әлеуметтік жағдайы.

2. Қазақстан Республикасындағы демографиялық ахуал.

3. Қазақстан мәдениеті мен ғылымының дамуы.



1

-







Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. V том. Алматы: «Атамұра», 2010.

24.

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты.

1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

2. Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы қызметі.


1

-





1

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. V том. Алматы: «Атамұра», 2010.




Барлығы:

30

15

6

3




6.2. ОСӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспары



ОСӨЖ тақырыптары

ОСӨЖ сағат саны

Онлайн

Әдебиетке сілтемелер

Басқа құралдар (сайттар, электронды оқулықтар)

1.

Қола және ерте темір дәуірлеріндегі Қазақстан.


1

2

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



М.Б. Әмірханов,

Ө.Д. Сандықбаева Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Нұр-пресс, 2007.



2.

Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер (VI-XII ғасырлар).

1

2

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



3.

Қазақстан жеріндегі монғол шапқыншылығы. ХІІІ-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.

1

2

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



4.

Қазақ халқының қалыптасуы.

Қазақ хандығының құрылуы.

ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.


1

1

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



5.

Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы. ХVІІІ ғ. 2-ші жартысы – ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері.

1

1

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



//-//-//-//-//-//-//-

6.

Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы. ХІХ ғ. 2-ші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

1

1

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



//-//-//-//-//-//-//-

7.

1917 жылғы Ақпан революциясы кезіндегі Қазақстан. Алаш партиясының құрылуы.

1

1

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



www.alash.kz

8.

Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан.

1

1

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



//-//-//-//-//-//-//-

9.

Қазақстанның 1920-1930 жж. әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени дамуы.

2

1

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



//-//-//-//-//-//-//-

10.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (1941-1945 жж.).

2

1

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым.



//-//-//-//-//-//-//-


11.

1946-1950 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай.

2

1

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



//-//-//-//-//-//-//-

12.

1960-1980 жж. Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени дамуы.

2

1

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



//-//-//-//-//-//-//-

13

Қайта құру жылдарындағы Қазақстан. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

2

1

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



//-//-//-//-//-//-//-

14.

КСРО-ның ыдырауы. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.

2

1

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



//-//-//-//-//-//-//-

15.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы дамуының негізгі кезеңдері.

2

1

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосым. әдеб.



//-//-//-//-//-//-//-




Барлығы:

22

18







6.2.1 ОСӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалар

ОСӨЖ №1.Қола және ерте темір дәуірлеріндегі Қазақстан.

  1. Қола дәуірінің ерекшеліктері. Андронов мәдениеті.

  2. Қола дәуірінің Қазақстан жеріндегі ескерткіштері.

  3. Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы мен әлеуметтік ұйымдасуы.

  4. Сақтардың әлеуметтік ұйымдасуы және шаруашылығы.

  5. Ғұндардың саяси тарихы.

  6. Үйсіндер мен қаңлылар туралы деректер.

ОСӨЖ №2.Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер (VI-XII ғасырлар).

  1. Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.

  2. Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.

  3. Оғыз конфедерациясы. Қимақ қағанаты.

  4. Қарахандар мемлекетінің саяси тарихы.

  5. Қыпшақ хандығы. Қазақстанның ортағасырлық тарихындағы қыпшақтардың ролі.

ОСӨЖ №3. Қазақстан жеріндегі монғол шапқыншылығы. ХІІІ-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.

  1. Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы.

  2. Қазақстанның монғол ұлыстарының құрамына енуі.

  3. Монғол жаулап алуының әлеуметтік-экономикалық зардаптары.

  4. Алтын Орда.

  5. Ақ Орда. Моғолстан.

  6. Көшпелі өзбектер мемлекеті. Ноғай Ордасы. Сібір хандығы.

ОСӨЖ №4. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының құрылуы.

ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

  1. Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері.

  2. «Өзбек-қазақ», «қазақ» сөздерінің этимологиясы. Оның әлеуметтік және этникалық мәндері.

  3. Қазақ хандығының құрылуы.

  4. Алғашқы қазақ хандарының Сырдария бойындағы қалалар үшін күресуі.

  5. Қазақ қоғамындағы феодалдық қатынастар.

  6. Қазақтардың шаруашылығы.

ОСӨЖ №5. Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы. ХVІІІ ғ. 2-ші жартысы – ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері.

  1. ХVІ ғ. аяғы мен ХVІІІ ғ. басындағы қазақ-орыс қатынастары.

  2. Кіші жүздің Ресей қоластына өтуі. Оның себептері мен барысы.

  3. Абылай ханның сыртқы саясаты: Жоңғариямен, Қытаймен және Ресеймен қарым-қатынастар.

  4. Қазақтардың Емельян Пугачёв бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

  5. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.

  6. Бөкей хандығындағы (Ішкі орда) 1836-1838 жж.шаруалар көтерілісі

  7. Кенесары Қасымұлы бастаған халық-азаттық көтерілістің себептері және ерекшеліктері.

ОСӨЖ №6. Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы. ХІХ ғ. 2-ші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  1. Қазақстанның оңтүстігінің Ресей құрамына қосылып алынуы.

  2. 1867-1868 жылдардағы «Уақытша ереже». Оның Қазақстанға тигізген әсері.

  3. Өнеркәсіптің, сауданың және қалалардың дамуы.

  4. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелу.

  5. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасуы.

ОСӨЖ №7. 1917 жылғы Ақпан революциясы кезіндегі Қазақстан. Алаш партиясының құрылуы.

  1. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейінгі қазақ өлкесі.

  2. Қазақстанда Уақытша үкімет ұйымдарының құрылуы.

  3. Бірінші Бүкілқазақ съезі. Алаш партиясының бағдарламасы мен жетекшілері.

ОСӨЖ №8. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан.

  1. 1917-жылғы Қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуының ерекшеліктері.

  2. Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиялары.

  3. Қазақ өлкесінің азамат соғысына тартылуы.

  4. «Әскери коммунизм» саясаты және оның зардаптары.

  5. Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы.

ОСӨЖ №9. Қазақстанның 1920-1930 жж. әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени дамуы.

  1. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан. Жер-су реформалары.

  2. Индустрияландырудың басталуы.

  3. Қазақстандағы индустрияландырудың барысы және ерекшеліктері.

  4. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның салдары.

  5. «Кіші Қазан» идеясы.Ұлттық зиялы қауым өкілдеріне қарсы репрессиялар.

  6. Білім беру ісінің, ғылым мен мәдениеттің дамуы.

  7. 1930-жылдары Қазақстанға басқа ұлт өкілдерін депортациялау.

ОСӨЖ №10.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (1941-1945 жж.).

  1. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.

  2. Қазақстан – майдан арсеналы. Халықтың тылдағы еңбегі.

  3. Көкшетаулықтардың жеңіске қосқан үлестері.

ОСӨЖ №11.1946-1950 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай.

  1. Ел экономикасын бейбіт өмірге бейімдеу.

  2. Соғысынан кейінгі кезеңдегі мәдениет.

  3. Қазақстан «хрущёвтік жылымық» кезеңінде.

  4. Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы.

  5. Тың игерудің барысы. Қортындылары мен зардаптары.

ОСӨЖ №12. 1960-1980 жж. Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени дамуы.

  1. 1960-1970 жылдардағы экономиканы реформалау әрекеттері.

  2. Қазақстан «тоқырау» кезеңінде.

  3. 1960-1980 жылдардағы Қазақстан мәдениеті.

ОСӨЖ №13. Қайта құру жылдарындағы Қазақстан. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

  1. Қайта құрудың басталуы.

  2. 1985-1991 жылдардағы экономиканың жағдайы.

  3. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

ОСӨЖ №14.КСРО-ның ыдырауы. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.

  1. КСРО-ның ыдырауы. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау.

  2. Қазақстанның Мемлекеттік Рәміздерінің қабылдануы.

  3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы.

  4. Ішкі саясаттың негізгі бағыттары. Демократиялық қатынастардың дамуы.

  5. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі. Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары.

ОСӨЖ №15. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы дамуының негізгі кезеңдері.

  1. Қазақстан өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының дамуы.

  2. Көлік және жол қатынастарының дамуы.

  3. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік жағдайы.

  4. Қазақстан Республикасында білім беру ісінің, ғылым мен мәдениеттің дамуы.

  5. Қазіргі Қазақстанның экологиялық проблемалары.

  6. «Қазақстан-2050» даму стратегиясы.

6.3. Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету картасы



Оқулықтар, оқу құралдары

Оқу тілі

Автор, шыққан жылы, баспахана

Оқулық, оқу құралының саны, (данасы)

Электрон-дық түрі

Кафедрада

кітапханада

1

Қазақстан тарихы. Оқулық. 2-басылым.

Қазақ

Мусин Ч. 2003.

Алматы.


1

45




2

Қазақстан тарихы.

Оқулық. 3-басылым.



Қазақ

Мусин Ч. 2005.

Алматы.


1

200




3

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.

І том.


Қазақ

Алматы «Атамұра», 1996.

1

5




4

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.

ІІ том.


Қазақ

Алматы «Атамұра», 1998.

1

5




5

Қазақ халқының арғы-бергі тарихы.

Қазақ

Маданов Х.

1995. Алматы.



-

10




6

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІІ том.

Қазақ

Алматы «Атамұра», 2002.

1

30




7

Қазақстан тарихы.

Қазақ

Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Алматы, 2007.

1

2




8

Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия.

Қазақ

Артықбаев Ж.О. 2000. Астана.

1

50




9

Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан.

Қазақ

Жолдасбайұлы С. 1995. Алматы «Ана тілі».

1

5




10

Қазақстан Республикасының тарихы.

Қазақ

Рысбайұлы К.

1999. Алматы, Санат».



1

5




11

Қазақстан тарихы. Очерктер.

Қазақ

Алматы: «Дәуір», 1994.

1

60




12

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Оқулық.

Қазақ

Ред. басқар. Қ.С. Қаражан. Алматы: «Қазақ университеті», 2005.

1

2




13

История Казахстана и Центральной Азии.

Орыс

Абусеитова М.Х. и др. Алматы «Дайк-Пресс», 2001.

1

10




14

Қазақ тарихынан.

Қазақ

Құрастырған

Е. Аққошқаров. Алматы: «Жалын» 1997.



1

10




15

Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас.

Қазақ

Омарбеков Т., Омарбеков Ш.

2004. Алматы«Қазақ университеті»



1

14




16

Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жылдарында.

Қазақ

Бекмаханов Е.

Алматы «Санат», 1994.



1

5




17

Қазақстан жолы.

Казахстанский путь.



Қазақ

Орыс


Назарбаев Н.Ә.

Астана, 2007.



1

5




18

Тарих толқынында.

В потоке истории.



Қазақ Орыс

Назарбаев Н.Ә.

Алматы, 1999.



1

5




19

Қазақстан тарихы. Оқу құралы.

Қазақ

Мұхамедов М., Сырымбетұлы Б. Алматы: «Қарасай», 2007.

1

50




20

Қазақ тарихының әліппесі.

Қазақ

Мағауин М. Алматы, 1995.

1

5




21

Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық.

Қазақ

Алматы, «Аруна», 2006.

1

10




Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. Астана, 2000.

  2. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  3. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. Алматы, 1995.

  4. История Казахстана. Пособие для студентов. Автор-составитель: Кан Г.В. Алматы, Издательская группа «Казинтерграф», 2004. – 80 с.

  5. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007. – 264 б.

  6. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-5 томдар. Алматы: «Атамұра», 1996, 1998, 2002, 2010.

  7. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994. – 446 б.

  8. Қазақстан тарихы. Құрастырған Ермұханова Х.К. Алматы «Шыңкітап», 2010. – 360 б.

  9. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Оқулық. / Ред. басқ. Қ.С. Қаражан. Алматы, 2005.

  10. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  11. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995.

  12. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003, 2005, 2008. – 640 б.

  13. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007. – 344 б.

  14. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы: «Санат», 1999.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Абусеитова М.Х., Абылхожин Ж.Б., Кляшторный С.Г. и др. История Казахстана и Центральной Азии. Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 616 с.

  2. Абуев К.К. Кокшетау. Исторические очерки. Кокшетау, 1997.

  3. Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері (Оқу құралы). Алматы: «Санат», 1994. – 120 б.

  4. Әбжанов Х. Қазақстан: Тарих. Тіл. Ұлт. Астана, 2007.

  5. Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінен. Алматы: «Қазақстан», 1994. – 144 б.

  6. Әбуев Қ. Қазақстан: тарих және тағылым. Астана «Елорда», 2006. – 320 б.

  7. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы «Санат», 1994. – 416 б.

  8. Гумилев Л.Н. Хұндар. Алматы, 1998.

  9. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.

  10. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. Төрт томдық. Алматы, 2006.

  11. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006. – 768 б.

  12. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.

  13. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995.

  14. Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В., Алексеенко А.Н., Баратова Г.С. История Казахстана. Народы и культуры. Алматы. Дайк-Пресс, 2001. – 608 с.

  15. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. Алматы «Қазақ университеті», 2004.

  16. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Астана, 2007.

  17. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.

  18. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. Алматы «Атамұра», 2003.

  19. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алаш-Орда. Алматы, 1995.

  20. Озғанбай Ө. Ресей мемлекеттік Думасы және Қазақстан. Алматы, 2000.

  21. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. Алматы: «Өнер», 2003. – 552 б.

7. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары

Тапсыр

ма беру аптасы №

Сабақ тақырыбы

СӨЖ тапсырма-

Лары

Ұсынылатын әдебиеттер

ОСӨЖ бақылау формасы

Тапсыр

маны

тапсыру уақыты



оқу құрал

беті, § және тарау

1-апта

Тас және қола дәуірлеріндегі Қазақстан.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қос. әдеб.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



1-апта

2-апта

Сақтар. Сарматтар. Ғұндар. Үйсіндер. Қаңлылар.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қос. әдеб.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



2-апта

3-апта

VI - ХІІ ғғ. Қазақстан жеріндегі мәдениет.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



3-апта

3-апта

Қазақстан жеріндегі монғол шап-қыншылығы. ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



3-апта

4-апта


Қазақ халқының қалыптасуы. ХVІ-ХVІІ ғғ. Қазақ хандығы.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қос. әдеб.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



4-апта

5-апта

ХVІ-ХVІІ ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайы.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



5-апта

6-апта

Қазақ - жоңғар соғыстары. Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



6-апта

7-апта

Абылай хан тұсындағы Қазақ мемлекеті.

1822-1824 жж. реформалар.



Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



7-апта

8-апта

Қазақ халқының ХVІІІ-ХІХ ғғ. ұлт азаттық күресі.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қос. әдеб.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



8-апта

9-апта

ХІХ ғасырдың 60-шы жж. әкімшілік-территориялық реформалар.

Реферат, баяндама жазу. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



9-апта

10-апта

ХІХ ғ. 2-жарт. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



10-апта

11-апта

Қазақстан 1917-жылғы Ақпан және Қазан революциялары және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология, бейнеролик, презентация жасау.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



11-апта

12-апта

Қазақстанның 1920-1930 жж. экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



12-апта

13-апта

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (1941-1945 жж.).

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



13-апта

14-апта

1950-1980 жж.-дағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени дамуы. Қайта құру жылдарындағы Қазақстан.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



14-апта

14-15 апталар

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы дамуының негізгі кезеңдері.

Реферат, баяндама. Глоссарий, хронология.

№ 1-18 негізгі,

№ 1-21 қосымша әдебиет.



Тақырыпқа сәйкес тараулар мен беттер.

ауызша, жазбаша,

сұрақ-жауап, пікірталас.



14-15 апталар

Рефераттар мен баяндамалардың тақырыптары:

  1. Қазақстандағы тас дәуірінің ескерткіштері.

  2. Қазақстандық археологтар және олардың қызметі.

  3. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

  4. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.

  5. Ежелгі парсы және грек жазба деректеріндегі сақтардың тарихы.

  6. Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі түрік қағанаттарының тарихы.

  7. Ерте орта ғасырлардағы (VI-XII ғғ.) Қазақстан қалалары.

  8. Ерте ортағасырлық Қазақстанның рухани мәдениеті.

  9. Ұлы Жібек жолы және оның қазақстандық тармақтары.

  10. Қыпшақтардың этникалық және саяси тарихы.

  11. Қарахандар мемлекетіндегі феодалдық қатынастар.

  12. Алтын Орда мемлекеті.

  13. Қазақ халқының шығу тегі туралы.

  14. Қозыбасы – Қазақ хандығының туы тігілген жер.

  15. Қазақ хандары.

  16. ХVI-ХVIІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті.

  17. Кейінгі орта ғасырлардағы қазақ ғалымдары.

  18. Көшпелі қазақтардың елшілігі.

  19. Қазақ-жоңғар қатынастары.

  20. Тәуке хан және оның «Жеті Жарғысы».

  21. Қазақ хандығындағы билер институты.

  22. Қазақтарды жоңғар басқыншылығына қарсы күресіндегі қазақ батырлары.

  23. Қазақ жерлерінің Ресей империясы құрамына қосылуы.

  24. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы.

  25. ХVIІІ ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.

  26. Қазақстанда дәстүрлі хандық биліктің жойылуы.

  27. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.

  28. ХІХ ғасырдағы қазақ-қытай байланыстары.

  29. Шоқан Уәлиханов және оның ғылыми қызметі.

  30. ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметі.

  31. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы қатынас жолдары мен сауданың жағдайы.

  32. ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктер.

  33. Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметі.

  34. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің депортациялануы.

  35. Қазақстанда лагерьлер жүйесінің орнауы.

  36. Қазақ зиялы қауым өкілдерінің ағартушылық қызметі.

  37. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар және олардың ерліктері.

  38. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.

  39. ХХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстанның экологиялық проблемалары.

  40. Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

  41. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар және олардың қызметі.

  42. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

  43. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы мүшелігі және қызметі.

  44. Қазақстан Республикасының мәдениеті мен ғылымының дамуы.

  45. Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер.

Реферат жазу үшін әдістемелік нұсқау:

Дұрыс ресімделген реферат келесіден тұрады:



  1. Рефераттың сыртқы беті

  2. Жоспар

  3. Кіріспе (өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, тарихнама және деректерге шолу)

  4. Негізгі бөлім

  5. Қорытынды.

  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Реферат жазу жұмысы таңдап алынған тақырыпқа қатысты әдебиеттерді сұрыптап алудан басталады. Әдебиеттермен танысуды, оқуды және деректерді жүйелерді аяқтағаннан кейін рефераттың жоспарын құру ойластырылады. Жоспар құрастырған кезде оны бөлімдерге бөлудің ұстанымын сақтау маңызды. Әрбір бөлімнің негізгі тақырыпқа қатыстылығы және айтылған мәселенің қайталанбауы ескеріледі. Реферат жазу жұмысы материалды жүйелі түрде мазмұндауды, зерттелуші мәселеге қатысты түрлі көзқарастарға баға беруді, онда өзіндік ой-пікір көрсете білуді қажет етеді.

Реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен құрылуы тиіс. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі көрсетіледі, оның зерттелу жағдайы қысқаша талданады, қарастырылатын мәселелердің ауқымы анықталады, жұмыстың міндеті қойылады.

Реферат жұмысының негізгі бөлімін екі-үш тарауға, ал тарауларды параграфтарға бөлуге болады. Тараулар мен параграфтардың атаулары олардың мазмұнына сәйкес келуі қажет. Тақырып бір сұрақтан келесісіне логикалық өту арқылы біртіндеп ашылады. Мазмұндаудың дәлелділігіне көңіл аудару маңызды. Әрбір көрсетілген деректің тезисі мен аргументтері болуы керек.

Қорытындыда қысқаша байламдар, теориялық тұжырымдар жасалады. Қорытынды бөлімдегі тұжырымдар мүмкіндігінше қысқаша болғаны дұрыс. Жұмыстың мазмұнында қарастырылмаған нәрселер туралы қорытындыда айтуға болмайды. Рефератта бірінші жақтағы есімдіктер мен етістіктер қолданылмайды. Мысалы: «менің пікірім бойынша», «мен ойлаймын» және т. б. деп жазудың орнына «автордың пікірінше», «автордың есептеуі бойынша» деп қолданған жөн. Аяқталған пікірді екіншісінен азат жол арқылы бөліп көрсетеді. Цитаталар мен сандық мәліметтерді пайдаланған кезде міндетті түрде дереккөздеріне сілтеме жасалады. Рефераттың соңында жұмысты дайындаған кезде пайдаланылған әдебиеттердің, деректердің тізімі беріледі. Олардың атаулары, жарық көрген жері мен уақыты көрсетіледі. Әдебиеттер тізімін жасағанда алдымен деректер, одан кейін оқу құралдары, монографиялар және мақалалар көрсетіледі. Рефераттың әдеттегі көлемі 12-15 беттен тұрады.

Реферат компьютерде терілген кезде Microsoft Word редакторы, «times» типті шрифт, № 14 кегель пайдаланылады. А-4 форматты парақтың сол жағынан 30 мм.-ден, оң жағынан 10 мм.-ден, жоғарғы жағынан 15 мм.-ден, төменгі жағынан 20 мм.-ден кем емес орын қалдырыла отырып басылады.
8. Бағалау ақпараты

Бақылау түрлері (ағымдық, аралық, қорытынды)

Ағымдық бақылау І – Семестрдің алғашқы жеті аптасы.

Аралық бақылау І – наурыз айы, 2015 ж.

Ағымдық бақылау ІІ – Семестрдің кейінгі жеті аптасы.

Аралық бақылау ІІ – мамыр айы, 2015 ж.

Қорытынды бақылау – мамыр айы, 2015 ж.
Бақылау әдістері (сұрақ, жазба жұмыстары, тестер)

1. Ауызша: Сұрақтарға жауап беру, ойқорытынды жасау.

2. Жазбаша: Бақылау жұмысы, тестік жұмыс.

3. Реферат, баяндама жазу және қорғау.

4. Глоссарий.

5. Картамен жұмыс.


9. Бағаны қою саясаты

Объективтілігі (бағалау жүйесінің нақты эквиваленті ).

Айқындылығы (хабарлануы).

Ыңғайлылығы (әртүрлі бақылау формасын ескеру).

Жоғары дифференциация (көп ұпайлық бағалау шкаласының көмегімен жоғары дифференциациялау ).

Студенттерге оқу әрекетінің әрбір түрінің бағалану ережесін және ағымдық, аралық, қорытынды ұпайлардың критерийін уақытында айту (семестр басында, сабақ басында, бақылау жұмысының алдында).

Бағаны қою саясаты 100 ұпайлық (100%) жүйеге негізделеді және ұпайлардың төмендегідей бөлінуін қарайды.




Пәнді игеру үдерісіндегі бақылаудың түрлері

Баға ұпайлық жүйеде

Min/max

I

Ағымдық бақылау I

Үлгерімі – 30 балл

Өздік жұмыс (глоссарий, картамен жұмыс, реферат) – 30 балл

Жазбаша тапсырмаларды орындау (кесте, конспект) – 25 балл

Сабаққа қатысуы – 15 балл


50/100

50/100

Аралық бақылау I

Ауызша (карточка сұрақтары) – 50 балл. Тест – 50 балл



50/100

50/100

Аралық бақылау қорытындысы I

50/100

50/100

II

Ағымдық бақылау II

Үлгерімі – 30 балл

Өздік жұмыс (глоссарий, картамен жұмыс, реферат) – 30 балл

Жазбаша тапсырмаларды орындау (кесте, конспект) – 25 балл

Сабаққа қатысуы – 15 балл


50/100

50/100

Аралық бақылау II

Ауызша (карточка сұрақтары) – 50 балл. Тест – 50 балл



50/100




Аралық бақылау қорытындысы II

50/100

50/100




Рұқсат беру рейтингісі



III

Қорытынды бақылау

Билет сұрақтары, тест.



U = РД * 0,6 + Э * 0,4

50/100




Барлығы

50/100

50/100

Он ұпайлық шкалада бағалау эквиваленті

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық эквивалент

Ұпайдық пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе

бойынша бағалау



A

4,00

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,00

80-84

B–

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,00

65-69

C–

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлық емес

10. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика


  • Барлық студенттер үшін әрбір сабаққа дайындалу және өздік жұмыстар мен семинар тапсырмаларын орындау міндетті түрде;

  • Сабақтарда белсенділік таныту, ұжымдық тапсырмаларды орындауға қатысу қажеттілігі ескеріледі;

  • Сабаққа кешікпеу, сабақты себепсіз босатпау, себепсіз сыртқа шығып келуге сұранбау, сабақ уақытында басқа тақырыптарға және ұялы телефонмен сөйлеспеу, т.б. жағымсыз қылықтардан аулақ болу;

  • Оқу тәртібін бұзғаны үшін, себепсіз сабақ босатқаны немесе үнемі кешіккені үшін аралық бақылау кезінде студенттердің ұпайлары төмендетіледі.


Дәрістер курсы

Дәріс 1-2.

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫС.
Мақсаты: Тас және қола дәуірлеріне сипаттама беру. Тас дәуірінің кезеңделуі мен ерекшеліктері, Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің зерттелуі туралы мәлімет беру. Қола дәуіріндегі қоғамдық-шаруашылық өзгерістер туралы түсіндіру. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне сипаттама беру. Студенттердің Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс бойынша негізгі білімдерін ғылыми ұғымдармен кеңейту.
Негізгі ұғымдар: тас дәуірі, палеолит, мезолит, неолит, энеолит, австролопитек, питекантроп, синантроп, неандерталь, кроманьон, Олдувай мәдениеті, алғашқы тобыр, рулық қауым, матриархат, Ботай мәдениеті, қола дәуірі, Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, тайпа, патриархат, петроглиф.
Жоспар:

1. Тас дәуіріндегі Қазақстан.

1.1 Тас дәуірінің кезеңделуі.

1.2 Тас дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық қатынастар.

2. Қола дәуіріндегі Қазақстан.

2.1 Андронов мәдениеті.

2.2 Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық өзгерістер.
1. Тас дәуіріндегі Қазақстан.

1.1 Тас дәуірінің кезеңделуі. Адамзат тарихының бастапқы кезеңі тас дәуірі болып табылады. Тас дәуірі – археологиялық кезеңделу бойынша алғашқы тас құралдардың пайда болуынан бастап, қоладан жасалған құралдардың шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі б.з.б. 2,5 млн. жыл бұрын басталып, б.з.б. ІІІ мыңжылдықта аяқталды, яғни 2 млн. жылдан астам кезеңді қамтиды.

Тас дәуірі мынадай кезеңдерге бөлінеді:



  • Палеолит (ежелгі тас дәуірі) – б.з.б. 2,5 млн. жыл – 12 мың жыл аралығы;

  • Мезолит (орта тас дәуірі) – б.з.б. 12 мың жыл – 5 мың жыл аралығы;

  • Неолит (жаңа тас дәуірі) – б.з.б. 5 мың жыл – 3 мың жыл аралығы;

  • Энеолит (мысты тас дәуірі) – б.з.б. 4 мың жыл – 3 мың жыл аралығы.

Ежелгі тас дәуірі – палеолит (гректің palaios – ежелгі және lithos - тас) өз ішінен былай бөлінеді:

  • Ерте палеолит – б.з.б. 2,5 млн. жылдан б.з.б. 140 мың жылға дейін;

  • Орта палеолит б.з.б. 140 мың жылдан б.з.б. 40 мың жылға дейін;

  • Кейінгі палеолит б.з.б. 40 мың жыл жылдан б.з.б. 12 мың жылға дейін.

Ең ежелгі адамның қалдықтары Шығыс Африкадағы Олдувай шатқалынан табылды. Оны «homo habilis» - «епті адам» деп атады. Археологиялық ескерткіштердің табылған жері бойынша ежелгі мәдениет олдувайлық деп аталды. Олдувай мәдениеті уақыты жағынан б.з.б. 2,5 млн. жыл – 700 мың жыл кезеңді қамтиды. Одан кейінгі шель және ашель мәдениеттері б.з.б. 700 мың жыл – 140 мың жыл кезеңді қамтиды. Бұл аталған мәдениеттер ерте палеолит кезеңіне жатады. Ал б.з.б. 140 мың – 40 мың жыл аралығындағы кезеңді қамтитын соңғы ашель және мустье мәдениеттері орта палеолит кезеңіне жатады. Кейінгі палеолит ориньяк, солютре, мадлен деп аталатын кезеңдерге жіктеледі.

Ерте палеолит кезеңінде алғашқы адамдардың питекантроп, синантроп сияқты түрлері өмір сүрді. Орта палеолит кезеңінде неандерталь адамы тіршілік етті. Кейінгі палеолит кезеңінде физиологиялық жағынан қазіргі адамға ұқсас кроманьон адамы немесе «homo sapiens» - «саналы адам» түрі қалыптасты.


1.2 Тас дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық қатынастар. Тас дәуірінде алғашқы адамдар тастан жасалған, формасы, көлемі және қолдану қызметі жағынан әр түрлі еңбек құралдарын пайдаланды. Алғашқы еңбек құралдарына тас шапқы, үшкір таяқша, чоппер, чоппинг, қол қашау, кескіш, бифас, үшкір тас, қырғыш және т.б. жатады. Тас құралдармен бірге сүйектен жасалған еңбек құралдары – біз, ине, гарпун, найза, сүңгі қолданылды. Палеолит дәуірінде алғашқы адамдар бірігіп аң аулады және жабайы жемістерді жинап, терімшілікпен айналысты. Алғашқы адамдардың баспанасы ретінде үңгірлер мен жертөлелер пайдаланылды. Палеолит дәуіріндегі адамдар бірігіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау үшін алғашқы тобырға бірлесті. Алғашқы тобырға қоғамдық қатынастар жетілмеуі, реттелмеген неке байланыстары тән болды.

Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың пайда болған іздері, тастан жасалған еңбек құралдары – шапқы, кескіш, қырғыш, т.б. – ерте палеолитке, шамамен 1 млн. жыл бұрынғы кезеңге жатады. Қазақстанды мекендеген ең ежелгі адамдар питекантроп пен синантроптың замандастары болған деп есептеледі. Өзінің даму барысында адамның бұл түрі «homo erectus» - «тік жүретін адам» деңгейінде тұрды және ол отты пайдалана білді, аң аулаумен және терімшілікпен айналысты.

Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың көне еңбек құралдары Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінен, Арыстанды өзенінің бойынан табылған. Археолог Х. Алпысбаев 1958 жылы ерте палеолит кезеңінің тұрақтарын Жамбыл облысы, Қаратау қаласының солтүстік-шығысынан тапты. Бұл тұрақтар Бөріқазған, Тәңірқазған деп аталады. Ерте палеолит кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстандағы Құдайкөл тұрағынан, Жезқазған маңындағы Жаманайбат, Қарағанды облысындағы Обалысай және т.б. тұрақтардан табылды.

Кейінгі палеолит кезеңінде адамдар Жер шарының барлық климаттық белдеулерінде қоныстанып, нәсілдік топтардың қалыптасу процесі жүрді. Қоғамдық ұйым ретінде аналық рулық қауым – матриархат құрылды. Әйелдің үй шаруашылығындағы белсенділігі, ұрпақ жалғастырушы ретіндегі қасиетіне байланысты қауымдағы басшылық орынды әйел иеленді. «Саналы адамның» рухани түсінігі күрделеніп, дін мен өнердің алғашқы нысандары кең тарады. Алғашқы қауымдық өнердің басты тақырыбы – жануарларды бейнелеу, сүйектен, тастан, балшықтар жасалған әйел мүсіндері болды.



Мезолит кезеңінде климаттық өзгерістер болып, мұздықтар еріді. Бұл кезеңде мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтар жойылып, қазіргі өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалыптасты. Ірі жануарлардың жойылуы аң аулаудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілікті қамтамасыз етудің жаңа әдістері мен құралдарын іздестіру қажеттігін туғызды.

Мезолит дәуірінде адамдар садақ пен жебені ойлап тапты. Садақ жебесінің ұшы ретінде микролиттер – ұзындығы 1-2 см, шақпақ тастан жасалған құралдар қолданылды. Садақ пен жебенің шығуы адамзат санасындағы үлкен жетістік болып табылады. Аң аулау қаруы ретінде садақ ұсақ әрі жүйрік аңдарды, құстарды аулауға мүмкіндік берді. Енді жекелеген аңшылар қауымға онша тәуелді болмады. Нәтижесінде кезбе аңшылықтың маңызы күшейді.

Мезолит дәуірінде кейбір аймақтарда егіншілік пен мал шаруашылығының белгілері пайда болып, екінші бір аймақтарда балық аулау мен аңшылық кәсібі одан әрі дамыды. Мұздық ерігеннен кейін судың мол болуына байланысты балықтардың өсіп-өнуі балық аулау тәсілдерін жетілдіруге ықпал жасады. Адамдар иілген қармақтарды, ауды, сүңгілерді пайдаланды. Алғашқы қайық түрлері жасалынды. Үй жануарларынан ит қолға үйретілді. Бұл кезеңде мал шаруашылығы мен егіншілік кең дами қоймады.

Мезолит кезеңінің тұрақтары негізінен өзен, көлдердің жағалауында орналасқан. Қазақстан аумағында Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық өзендерінің аңғарларындағы, Маңғыстаудағы мезолит тұрақтары белгілі болып отыр. Қазірде Қазақстан аумағында мезолит кезеңі ескерткіштерінің 50 шақты орны табылған.



Неолит дәуірінде тасты өңдеу техникасы ерекше дамып, жетілдіріле түсті. Тастан еңбек құралдарын жасауда тегістеу, қырнап өңдеу, бұрғылау, аралап кесу тәрізді күрделі тәсілдер қолданылды. Тас балта, кетпен, дән үккіш келілер жасалды.

Неолит дәуірінің маңызды белгісі – табиғаттың дайын өнімдерін иемденетін тұтынушы шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа ауысу болып табылады. Яғни, терімшілік пен аң аулаудың негізінде егіншілік пен мал шаруашылығы қалыптасты. Қарапайым кен өндіру, жіп иіру, мата тоқу, қыш ыдыстар жасау сияқты кәсіп түрлері пайда болды.

Неолит дәуіріндегі қоғамдық ұйымдасудың негізгі түрі ретінде рулық қауым сақталып қалды. Рулық қауымда ұжымдық еңбек пен өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды.

Қазіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500-ден аса неолиттік ескерткіштер бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік деп бөлінеді. Неолит дәуірінің ескерткіштеріне Ақмола облысындағы Атбасар мәдениеті, Торғай үстіртіндегі Маханжар мәдениеті, Оңтүстік Қазақстандағы Қараүңгір тұрағы, Батыс Қазақстандағы Құлсары тұрағы, Шығыс Қазақстандағы Қызылсу тұрағы, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки тұрақтары және т.б. жатады.

Тас дәуірі мен қола дәуірінің аралығындағы археологиялық өтпелі кезең болып мысты тас дәуірі – энеолит (латынша aeneus – мыс және грекше lithos - тас) есептеледі. Энеолит дәуірінде адамдар тас құралдармен қатар мыстан жасалған еңбек құралдарын да пайдалана бастады. Мыс құралдардың шығуы оңтүстік аймақтарда егіншілер мен малшылардың өнімді еңбекті дамытуына елеулі ықпал етті. Энеолит кезеңінің неғұрлым белгілі ескерткіші - Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысы. Ботай мәдениеті б.з.б. ІІІ – ІІ мыңжылдықтарға сәйкес келеді. ХХ ғ. 70-80 ші жылдарынан бастап археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
2. Қола дәуіріндегі Қазақстан.

2.1 Андронов мәдениеті. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың бірінші жартысында Еуразия далаларында қола металы ойлап табылды. Қола дәуірі деп аталатын тарихи-мәдени кезеңде балқытылған мыс пен қалайының қосындысынан алынатын қола еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналды. Қоладан жасалған құрал-саймандардың төзімділігі артып, еңбек өнімділігі жоғарылай түсті.

Қазақстан аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш табылған жерлердің атымен – Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. ХХ ғ. 50-жылдары қола дәуірінің ескерткіштерін Орталық Қазақстанда Ә. Марғұлан, К. Ақышев, Солтүстік Қазақстанда А. Оразбаев, Шығыс Қазақстанда С. Черников, А. Максимова сияқты археологтар зерттеді.

Қола дәуірінде Оңтүстік Сібірді, Орал өңірін, Қазақстанды және Орта Азияны мекендеген тайпалардың археологиялық ескерткіштері жалпы атаумен Андронов мәдениеті деп аталды. Бұлай аталу себебі – алғашқы ескерткіштері 1914 жылы Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосының маңынан табылуына байланысты (А.Я. Тугаринов).

Зерттеушілер андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:

1) Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. XVIII – XVІ ғғ.;

2) Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. XV – ХІІ ғғ.;

3) Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі)– б.з.б. ХІ – VІІІ ғғ.

Андронов мәдениетін жасаушы тайпалар Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Орталық Қазақстанда Андронов мәдениетінің 30-дан астам мекені, 150-ден астам обасы, тастағы суреттер – петроглифтер табылды. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ерте кезеңі – Нұра кезеңі (Нұра өзенінің алқабынан ескерткіштердің табылуына байланысты), орта кезеңі – Атасу кезеңі (Атасу өзені алқабынан ескерткіштердің табылуына байланысты) деп аталады. Ал қола дәуірінің соңғы кезеңінде Орталық Қазақстанда Андронов мәдениетінен кейбір ерекшеліктері болған Беғазы-Дәндібай мәдениетітаралды. Бұл кезеңге Қарағандыға жақын Дәндібай ауылынан және Балқаш көлінің солтүстігіндегі Беғазы сайынан табылған ескерткіштер жүйесі кіреді.

Андронов мәдениетін жасаушы тайпалар өзен жағалаулары бойында отырықшы өмір сүрген. Қоныстардың ауданы 25-150 шаршы метрге дейін жеткен, терең орлармен және шарбақпен қоршалған. Қоныстардағы баспаналардың ұзын саны 6-дан 10-ға, кейде 20-ға дейін жеткен. Баспаналары 1-1,5 метр жерге енгізілген қима ағаштардан салынған үлкен жертөлелер түрінде болды. Қос шатырлы немесе пирамида тәріздес келіп, оның түтін шығуға және жарық түсуге арналған тесіктері болған. Үлкен отбасылы үйде отыздан елуге дейін адам тұрды.

Сол кезеңде ежелгі қалалардың алғашқы үлгілері деп есептелетін қоныстар пайда болды. Мәселен, солардың бірі – Арқайым – Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасында орналасқан.


2.2 Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық өзгерістер. Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі түрлері:

  • мал шаруашылығы;

  • кетпенді егіншілік;

  • металлургия;

  • қолөнер, тоқымашылық.

Мал шаруашылығында көшпелі өмірге бейім келетін жылқының, қойдың, түйенің үлес салмағы артты. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың аяғы – І мыңжылдықтың басында құрғақ климат қалыптаса бастағандықтан, тайпалардың басым бөлігі көшпелі мал шаруашылығына ауыса бастады. Алыс жайылымдарға көшу үшін бақташылар төрт дөңгелекті арбаларға орнатылған киіз үйлерді қолданды.

Еңбек құралдары мен қару-жарақтарды қоладан, сүрмеден, мырыштан, қорғасыннан жасады. Орталық және Шығыс Қазақстан ежелгі қарапайым кен өндіру орталықтары болды. Мәселен, Жезқазған өңірінің ежелгі маңызды металлургия орталығы болғаны сол жерде жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде дәлелденді.

Қола дәуірінде қолмен жасалатын қыш ыдыстар таспалық техникамен жасалып, қалыпқа салып пішінделді. Ыдыстар жылтыратылып, күрделі геометриялық өрнектер салынды және күйдірілді.

Қоғамдық өмірде аналық ру – матриархат аталық ру – патриархатпен ауысты. Себебі, қола дәуірінде мал шаруашылығы мен металлургияның дамуы ерлердің еңбегін көбірек қажет етті. Қоғамда ер адамдардың рөлі жоғарылап, аталық отбасылық қатынас орнады. Алғашқы қауымдық қатынастар біртіндеп ыдырап, мүлік теңсіздігі күшейді.



Қола дәуірінде еңбек құралдарының жетілуіне және шаруашылықтың дамуына байланысты азық-түлік молайып, артық қор жинақталды. Артық заттарды айырбастау нәтижесінде қоғамның бір мүшелері байып, басқалардың еңбегін пайдалануға мүмкіндік алды. Кейінгі қола дәуірінде материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар уақыт өткен сайын оқшуалана түсті. Мұның нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, рулық ұжымдық меншіктің орнына жеке меншік шықты. Қола дәуірінде адамзат қоғамында болған тағы бір ерекшелік – тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. Тайпалар туыстық байланысына және шаруашылықтың біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды.
Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Қазақстан тарихының ежелгі кезеңіне сипаттама беріңіз.

  2. Қазақстан аумағында ежелгі адамдардың тұрақтарын ашқан қазақстандық археологтарды атаңыздар.

  3. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қашан пайда болды?

  4. Алғашқы қауымдық қоғам адамының мәдениеті мен өнері қалай пайда болды?

  5. Ежелгі Қазақстан тарихының археологиялық кезеңдерін сипаттаңыз.

  6. Ежелгі, орта және кейінгі палеолиттің, мезолиттің, неолиттің және энеолиттің хронологиялық ауқымын атаңыз.

  7. Қазақстан аумағындағы палеолиттің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

  8. Мезолит кезеңіне тән ерекшеліктерді сипаттаңыз.

  9. «Неолиттік революцияның» мәні неде?

  10. Неолит және энеолит кезеңдерінің Қазақстан аумағынағы археологиялық мәдениеттерін атаңыздар.


Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  3. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994.

  4. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009.

  5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

  6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

Дәріс 3-4.

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР.
Мақсаты: Темір дәуірінің сипаттамасын беру, кезеңделуіне және ерекшеліктеріне тоқталу. Қазақстан аумағындағы сақ, сармат, ғұн (хунну, сюнну), үйсін, қаңлы тайпалық одақтары туралы мәлімет беретін тарихи деректерді сипаттау. Сақ, ғұн, үйсін және қаңлы тайпаларының этникалық және саяси тарихы туралы мәлімет беру. Студенттердің Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық одақтар мен мемлекеттік бірлестіктер жайлы қалыптасқан бастапқы білімдерін толықтырып, ғылыми ұғымдармен кеңейту.
Негізгі ұғымдар: темір дәуірі, сақтар, «азиялық скифтер», савроматтар, сарматтар, тиграхаудалар, парадарайалар, хаумаваргалар, массагеттер, исседондар, аримаспылар, аргиппейлер, дайлар, «аң стилі», Есік қорғаны, Бехистун жазбасы, сюнну, ғұндар, шаньюй, түмен, түменбасы, усунь, кангюй, гуньмо, Чигучен, Битянь, полихромдық стиль.
Жоспар:

1. Ерте темір дәуірінің сипаттамасы, кезеңделуі.

2. Сақ тайпаларының одағы.

3. Ғұндардың этникалық және саяси тарихы.

4. Үйсіндер мен қаңлылардың этникалық және саяси тарихы.
1. Ерте темір дәуірінің сипаттамасы, кезеңделуі. Темір дәуірі адамзат тарихында темірден еңбек құралдары мен қару-жарақтар жасау басталып, дамыған кезеңі ретінде сипатталады. Темір дәуірі екі кезеңге бөлінеді:

1) Ерте темір дәуірі – б.з.б. VIII – б.з.б. ІІІ ғасырларды қамтиды;

2) Кейінгі темір дәуірі – б.з.б. ІІІ ғ. – б.з-ң VІ ғ. аралығын қамтиды.

Ерте темір дәуірінде адам еңбегі неғұрлым өнімді бола түсті. Темір өндіру қосымша өнім мөлшерінің артуына жағдай туғызды. Ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағында ірі тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савромат-сармат тайпалық бірлестігіне бірікті.


2. Сақ тайпаларының одағы. Сақтар туралы мәліметтер беретін деректерді заттай және жазба деректер болып бөлінеді. Заттай немесе археологияық деректердің қатарына Жетісудан табылған Бесшатыр қорымы, Есік қорымы, Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің «мұртты» обалары, Шығыс Қазақстаннан табылған Шілікті «патша қорғандары», Берел қорымы және тағы басқа да көптеген ескерткіштер жатады. Бұлардың ішінде Алматы қаласынан 50 км шығысқа қарай орналасқан Есік қорғаны аса құнды ескерткіш болып табылады. Есік қорғанын археологтар (К. Ақышев) 1969 жылы ашты. Оның диаметрі 60 м, ал биіктігі 6 м-ден асады. Зерттеу жұмыстарының барысында Есік қорғанынан б.з.б. V-ІV ғғ. жататын «Алтын адамның» жерленген орны табылды. Антрополог ғалымдардың анықтауы бойынша Есік қорғанынан табылған бұл адам – жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгері.

Жазба деректердің қатарында ежелгі парсы жазбалары, грек және латын тарихшыларының еңбектері, қытай саяхатшылары мен зерттеушілерінің еңбектері жатады. Ежелгі грек тарихшысы Геродот (шамамен б.з.б. 484-425 жж.) өзінің «Тарих» атты еңбегінде сақтарды «азиялық скифтер» деп атады. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына байланысты айтылған. Ежелгі грек және латын авторларының еңбектерінде Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығында мекендеген массагеттер, Батыс Қазақстандағы савроматтар (кейін сарматтар), Орталық Қазақстандағы исседондар, Шығыс Қазақстандағы аримаспылар, Солтүстік Қазақстандағы аргиппейлер және т.б. тайпалар жөнінде мәліметтер беріледі.

Ежелгі Парсы еліндегі Ахемен әулетінің билігі кезінде жазылған сына жазуларында сақ тайпаларының үш тобы болғаны туралы дерек сақталған. Олар:


  • хаумаварга сақтары (хаома сусынын дайындайтын сақтар);

  • тиграхауда сақтары (шошақ бөрікті сақтар);

  • парадарайя сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар).

Сондай-ақ, парсы патшасы І Дарийдің (б.з.б. 522-486 жж.) Бехистун жазбаларында Сырдариядан солтүстікке қарай мекендеген халық сақтар деп аталған.

Сақ дәуірі тайпаларының негізгі шаруашылық түрі – мал шаруашылығы болды. Археологиялық деректер сол уақытта мал шаруашылығының негізгі үш түрі: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрлері болған деуге мүмкіндік береді. Көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанның құрғақшылық далаларында, шөл мен шөлейттерінде жыл бойы жайылым ауыстырып, көшіп-қонып жүруге негізделді. Негізінен қой, түйе және жылқы өсірілді, ірі қара мал аз болды. Көлік ретінде жылқы кеңінен пайдаланылды. Көшпелі тұрмыста киіз үй, киізбен жабылған күркелі арбалар кеңінен қолданылды.

Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Тянь-Шань және Алтай таулары сілемдерімен қоса, Жетісу және Шығыс Қазақстан аудандары сияқты дала, орман және биік тау араласып келетін өңірлерде кең таралды. Шаруашылықтың бұл түрінде көшпенділердің тұрақты қыстаулары болды. Көшпелі мал шаруашылығына қарағанда көшіп-қонатын жерлердің ара қашықтығы біршама жақын болды.

Мал шаруашылығының үшінші түрі – отырықшы мал шаруашылығымен Оңтүстік Қазақстан аумағында Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, Қаратау жотасы баурайында, табиғи су қоймалары мен кең-байтақ шабындық алқаптары бар жерлерде мекендеген тайпалар айналысты.

Сақтар адамзат қоғамы үшін аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды. Б.з.б. VIІ-VI ғғ. қалыптасып, Сібір, Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропаның оңтүстігіндегі тайпалар арасында таралған «аң стилі» сақ өнеріндегі айрықша белгі болды. «Аң стилінде» жасалған киім-кешектерде, ыдыс-аяқтарда, қару-жарақтарда, тұрмыстық бұйымдарда жоғары эстетикалық талғаммен әшекейлеген әр түрлі жануарлардың бейнелері көрсетілді. Есік қорымында, Шығыс Қазақстандағы Шілікті қорымында ұзақ жылдар бойы жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде олардан алтыннан жасалған «аң стиліндегі» әшекей бұйымдар алынды. Сақтардың материалдық мәдениетінің көптеген элементтері қазіргі халықтардың игілігіне айналды. Мәселен, сақтардың ұзын шалбарлары мен қысқа шекпендерінен қазіргі шалбар мен қамзол келіп шықты.
3. Ғұндардың этникалық және саяси тарихы. Б.з.б. І мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда мал шаруашылығымен айналысқан, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. IV-ІІІ ғғ. Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген екі тайпалық одақ – сюнну және дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде «сюнну» деген атау солтүстіктегілер деген мағынаны білдіреді. Ал «ғұн» деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген атаудан шыққан деп болжанады. Ғұндар туралы тарихи деректер қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын А.Н. Бернштам, Л.Н. Гумилев, Н.И. Конрад сияқты көрнекті ғалымдар жазды.

Ғұндардың этникалық тегіне келетін болсақ, зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп есептейді. Ғұндардың күшейіп тұрған кезінде олардың бірлестігіне бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан «ғұн» атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына айналған. Ғұн тайпаларының бірігуі б.з.б. 209 жылы, Мөде есімді билеушінің кезінде болды. Мөде шаньюйдың басшылығымен ғұндар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандады. Сонымен қатар Саян-Алтайды мекендеген тайпаларға, үйсіндерге, юечжи тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Қытайдағы Хань әулетінің билеушілерімен соғыстар жүргізді. Ұлы Қытай қорғанының салынуының бір себебі – ғұндардың шабуылынан қорғанудың амалы еді.

Б.з.б. 59 жылы ғұндардың арасында өзара соғыс басталды. Бұл жағдайды пайдаланған қытайлар үйсіндермен одақтаса отырып, ғұндарға қарсы бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Б.з.б. 55 (47) жылы ғұндар солтүстік және оңтүстік ғұнадр болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар қытайдың Хань империясына бағынышты болды. Ал солтүстік ғұндар Чжи-Чжи шаньюйдың басшылығымен Тянь-Шаньнан өтіп, қаңлы тайпаларының шығыс жағына қоныстанды. Мұның өзі ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне бірінші рет қоныстануы еді. Ал б.з.-ң 93 жылы ғұндардың Қазақстан аумағына қоныс аударуының екінші толқыны болды. Ғұндардың келуіне байланысты Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларының антропологиялық түрінде монғолоидтық белгілер пайда бола бастады.
4. Үйсіндер мен қаңлылардың этникалық және саяси тарихы. Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық бірлестіктердің бірі – үйсіндер туралы алғашқы жазба деректер б.з.б. ІІ ғ. соңынан бастап кездеседі. Аталған уақытта Жетісу аймағына келген қытай императорының елшісі Чжан Цзянь үйсіндер туралы алғашқы мәліметтерді берді. Оның жазбаларында «усунь-го», яғни үйсін мемлекеті туралы айтылады. Үйсіндердің тарихын зерттеген Ә. Марғұлан, К. Ақышев, А. Бернштам, А. Кушаев сияқты ғалымдар археологиялық материалдарды жазба деректермен байланыстырып, үйсіндердің тарихын бір жүйеге келтірді.

Үйсіндердің негізгі аумағы Іле, Шу және Талас өзендерінің бойы болды. Үйсіндердің шекарасы солтүстікте Балқаш көліне дейін жетті, батыста қаңлылармен, шығыста ғұндармен шектесті. Чжан Цзянь деректерінен үйсіндердің халық саны 630 мың адам, үй саны 120 мың, әскерінің саны 180 мың болғаны белгілі. Үйсін билеушісі гуньмо деп аталды, оның басты ордасы – Чигучен Ыстықкөл жағасында орналасты.

Үйсін мемлекеті аймақтың экономикалық және саяси дамуында маңызды рөл атқарды. Қытайдың Хань дәуірінде жататын жазбаларында үйсіндердің ІІІ ғ. дейінгі саяси тарихы баяндалған. Үйсіндер Хань империясымен елшілік қарым-қатынастар орнатып, үйсін билеушілері қытай ханшаларына үйленіп отырған.

Үйсіндердің этникалық тегіне келетін болсақ, бірқатар зерттеушілер үйсіндер шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екіншілері үйсіндер түркі тілдес болған деп есептейді.

Қаңлы тайпалары үйсіндерден батысқа қарай, Талас, Сырдария өзендері мен Қаратау маңында және Оңтүстік Қазақстанда мекендеді. Қаңлылар қытай жазба деректерінде кангюй деп аталды. Б.з.б. ІІ ғасырдағы қытай елшісі Чжан Цзянның мәліметтеріне қарағанда қаңлылар елінде 600 мың адам, 120 мың әскер болған. Қаңлы билеушісінің ордасы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Битянь қаласында орналасты. Қытай деректері бойынша, қаңлылардың иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталған бес аймақ болған. Бұл жерлерге қазіргі кездегі аудандармен салыстырып қарағанда: Хорезм, Сырдарияның сағасы және орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі, Ташкент аймағы жатады.

Үйсіндер сияқты қаңлылардың этникалық сипаты жөнінде мәселе әлі толық анықталған жоқ. Бірқатар ғалымдар қаңлылар түркі тілдес халық десе (А. Бернштам), кейбір зерттеушілер қаңлыларды ирантілді сақтардың ұрпақтары деп есептейді (Б.А. Литвинский).

Б.з.б. 47-46 жылдары қаңлылар солтүстік ғұндардың билеушісі Чжи-чжидің үйсіндермен соғысы кезінде оған қолдау көрсетті. Бірақ, қаңлылар мен ғұндардың арасындағы әскери одақ бұзылып, ғұндар қаңлы билеушісінің ордасынан қуылды.

ІІІ–V ғасырларда қаңлылар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп, Эфталит мемлекетінің құрамына кірді.


Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Сақ тайпаларының шаруашылығы мен мәдениетіне сипаттама беріңіз.

  2. Қазақстан аумағында ерте темір дәуірінде қандай тайпалық одақтар мен ерте таптық бірлестіктер өмір сүрді?

  3. Қазақстан аумағында көшпелі өркениеттің қалыптасу үдерісі қалай жүрді?

  4. Қазақстан мен Орта Азия аумағын мекендеген сақ тайпалары ежелгі дүниенің қандай мемлекеттерімен байланысты болды?

  5. Есік қорғанынан табылған археологиялық ескерткіштерге сипаттама беріңіз. Бұл ескерткіш қай жылы ашылды және қандай ғалымдар зерттеді?


Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  3. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы «Атамұра», 1996, 2010. – 544 б.

  4. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994.

  5. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  6. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  7. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007. – 344 б.

  8. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008. – 640 б.


Дәріс 5-6.

Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттер (VІ-Х ғасырлар).
Мақсаты: Ортағасырлық Қазақстандағы түрік тайпалары туралы тарихи мәліметтер беретін деректерді сипаттау. Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз және Қимақ қағанаттарының өмір сүрген уақыты, саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы туралы түсіндіру. Студенттердің түрік кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша білімдерін одан әрі жетілдіріп, ғылыми ұғымдармен кеңейту.
Негізгі ұғымдар: түрік, телэ, ашина, этноним, он оқ будун, дулу, нушиби, көк түріктер, эфталиттер, қағанат, қаған, тегін, түргештер, қарлұқтар, оғыздар, қимақтар, жабғу, сюбашы.
Жоспар:

  1. Түрік қағанаты және Батыс Түрік қағанаты.

  2. Түргеш қағанаты.

  3. Қарлұқ қағанаты.

  4. Оғыз мемлекеті.

  5. Қимақ қағанаты.


1. Түрік қағанаты жәнеБатыс Түрік қағанаты. Түрік (тюцзюе) этнонимі 542 жылғы қытай деректерінде алғаш кездеседі. Қытайлар түріктерді сюннулердің ұрпақтары деп есептеген. 546 жылы Солтүстік Монғолиядан Әмударияның жоғарғы ағысына дейінгі жерлерді мекендеген телэ тайпалары қазіргі Монғолияда үстемдік еткен жуань-жуаньдарға қарсы жорық жасады. Осы кезде күтпеген жерден шабуылдаған түріктердің көсемі Бумын телэ тайпаларын жеңіп, олардың 50 000 әскерін тұтқынға алады. Даланың әдеттегі құқығына сәйкес тұтқынға алынған жауынгерлер өзінен-өзі жеңуші жақтың әскеріне қосылатын еді. Сол уақыттан бастап бұрын жуань-жуаньдарға тәуелді болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналды. 552 жылы түріктер жуань-жуаньдардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді. Сол жылы түрік тайпасының ашина руынан шыққан Бумын қаған Түрік қағанатын құрды.

Мұқан қаған (553-572) түріктердің үстемдігін түпкілікті бекітіп, Оңтүстік-Батыс Маньчжуриядағы қидандарды, Тува мен Минусин ойпатындағы Енисей қырғыздарын бағындырды. Түріктердің батыс бағыттағы жорықтарын басқарған Иштеми қаған Жоңғарияны және ішінара Қазақстан мен Орта Азия аумағын өзіне қаратты. Түрік қағанаты 563-567 жж. Иранмен әскери одақ жасап, Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі аумақтағы эфталиттерді талқандады. Түрік-эфталит соғысы аяқталғаннан кейін түріктер мен Иран арасында араздық туындады. Түріктер Византия императоры ІІ Юстинге Маниах бастаған елшілікті аттандырып, олардың арасында жібек саудасын жүргізу және Иранға қарсы бірлесіп қимылдау жайлы сөз болды. Әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, Суй әулеті басқарған Қытайдың шабуыл жасауы, аудандардың автономиялану үрдісі 582-603 жж. қағанаттың Шығыс Түрік және Батыс Түрік қағанаттары болып бөлінуіне әкелді.

Батыс Түрік қағанаты Қаратаудың шығысынан Жетісуды қоса алғанда, Жоңғарияға дейінгі жерлерді алып жатты. Қағанаттың халқы орхон жазбаларында «он оқ будун» деп аталады. Батыс түріктер әрқайсысында бес тайпадан болған одақтарға – дулулар мен нушибилерге топтасты. Шегуй қаған (610-618) қағанаттың шығыс шекараларын Алтайға дейін жеткізді. Тон-жабғу (618-630) солтүстікте Испиджаб пен Шаштан Оңтүстік Ауғанстанға дейінгі аумақта бақылау орнатты. Тон-жабғу дүние салғаннан кейін дулулар мен нушибилер арасында күрес басталып, Жетісуға қытай әскерлері басып кірді. Соңғы тәуелсіз қаған Нивар Ышбара тұтқынға алынғаннан кейін (659 ж.) Батыс түріктері Қытайға тәуелділікке түсті.
2. Түргеш қағанаты. Батыс Түрік қағанатының құрамына кірген, Жетісудағы керуен жолдарын бақылауында ұстаған түргештер VIІ ғ. аяғында күшейді. Түргеш көсемі Үшелік (Учжилэ) 699 жылы бұрынғы Батыс Түрік қағанатының аумағында өз билігін орнатты. Түргештер шығыста Шығыс Түрік қағанатымен, батыста соғды князьдіктерімен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шектесті. 711 жылы Жетісуға басып кірген көк түріктер сары түргештерді талқандағаннан кейін, мемлекеттегі үстемдік қара түргештерге ауысты. Қаған тағына отырған Сұлық (Сұлу) 717 жылы Қытайға табысты дипломатиялық сапар жасады. Сондай-ақ ол Шығыс Түрік қағанатымен, Тибет патшалығымен әулеттік некелесу арқылы одақтасты. Оңтүстік шекараларда түргештер арабтарға қарсы күресті, бірақ табысқа жете алмады. 738 жылы Сұлық қаған қаза тапқаннан кейін, сары және қара түргештер арасында өзара күрес басталды. VIІI ғ. ортасында Жетісуға ықпал орнату үшін қытайлар мен арабтардың бәсекелестігі күшейді. 751 жылы Тараз маңында (Атлах) арабтар мен қытайлар арасында ірі шайқас болып өтті. Қытай тылындағы қарлұқтардың арабтар жағына шығуы нәтижесінде қытайлар зор шығынға ұшырады. Қытай әскері Жетісу мен Шығыс Түркістаннан кетіп, арабтар Шашқа қарай шегінді. Осындай күрделі саяси жағдайдан әлсіреген Түргеш қағанатындағы билік 756 жылы қарлұқ тайпаларының қолына көшті.
3. Қарлұқ қағанаты. Қарлұқ қағанаты 766 жылы Жетісу жерінде құрылды. VIII ғ. ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды. Қарлұқ тайпалық бірлестігі үш рудан: бұлақ, чигил және ташлық руларынан құралды. Қарлұқтар 746 жылы Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығып, Жетісуға қоныс аударды. 751 жылы қытайлар мен арабтар арасында болып өткен Атлах шайқасынан кейін қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. VIII-Х ғғ. қарлұқ тайпалары Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі, Балқаш көлі мен Ыстықкөл аралығындағы жерлерде қоныстанды. Суяб және Талас қалалары қарлұқ қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды.

840 жылы Енисей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандағаннан кейін Исфиджаб билеушісі, қарлұқ жабғуы Білге Күл Қадыр хан өзін қаған деп жариялады. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік-тайпалық басқару жүйесінің болуымен сипатталады. Ірі тайпалардың үлестік басқарушылары өздерінің жартылай дербес және іс жүзінде тәуелсіз иеліктерін нығайтуға ұмтылды. Қарлұқ қағанатындағы үлестік-тайпалық басқару жүйесі орталық билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды. Соның салдарынан қарлұқтардың билеуші әулетін жойған күштер олардың өз ортасынан шықты.

Қарлұқ қағанатының экономикалық өмірінде соғды қалалары үлкен рөл атқарды. Соғды мекендерінің сауда-экономикалық қуаты аса зор және дипломатиялық мүмкіндігі күшті болды.

Х ғ. бірінші жартысында Қарлұқ қағанатының жеріндегі бытыраңқылықты пайдаланған Қашғардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұн қаласын басып алып, Қарлұқ қағанатын құлатты.


4. Оғыз мемлекеті. ІХ ғ. ортасында Жетісудан ығысқан оғыздар кангар-печенег тайпаларын талқандап, Сырдария бойы мен Арал өңірін өздеріне қаратты. Әл-Якубидің (ІХ ғ.) жазбаларында оғыздарда қалыптасқан мемлекеттің болуы, олардың қарлұқ, тоғыз-ғұз, қимақ тайпаларымен соғыстары туралы мәліметтер бар. Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент (Жаңа Гузия) Хорезммен және Мауараннахрмен түйісіп жатқан керуен жолының бойында орналасты. Жоғарғы билік иесі – жабғудың билігін ірі әскери-тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды. Оғыз мемлекеті саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ерте феодалдық мемлекет болды. Оғыздар Еуразияның ерте ортағасырлық тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыздар Киев Русімен одақтасып, Хазар қағанатын талқандады, 985 жылы Еділ бұлғарларына қарсы жорық жасады. Шахмәлік жабғудың тұсында Оғыз мемлекеті күшейіп, 1041 жылы Хорезмді басып алды. Деректерде Шахмәліктің салжұқтар қолынан қаза тапқаны туралы айтылады. Оғыз мемлекеті ХІ ғ. ортасында қыпшақтардың соққысынан құлады. Олардың кейбір топтары қыпшақтардың ығыстыруымен Кіші Азияға, Шығыс Еуропаға кетті. Бір бөлігі Мауараннахрдағы Қарахан әулеті мен Хорасан салжұқтарының қол астына көшті.
5. Қимақ қағанаты. Батыс Алтай, Тарбағатай, Ертіс бойы және Алакөл маңында қоныстанған қимақтардың үлестік басқаруға негізделген мемлекеті ІХ-Х ғғ. қалыптасты. Орталығы Имақия қаласында болды. Қимақтар батыста және оңтүстік-батыста Жетісу мен Арал маңындағы оғыздармен, оңтүстікте – қарлұқтармен, шығыста – Енисей қырғыздарымен шектесіп жатты. Парсы тарихшысы Гардизи (ХІ ғ.) өз еңбегінде қимақ конфедерациясына эймур, имек, татар, байандұр, қыпшақ, ланиказ, ажлар тайпаларының кіргенін мәлімдейді. Қимақ мемлекеті күшейген уақытта тоғыз-ғұздарға, Енисей қырғыздарына қарсы әскери жорықтар жасағаны белгілі. ХІ ғ. Қимақ мемлекеті ыдырай бастады. Оның себептері – 1) мемлекет құрамындағы қыпшақтардың орталық билікке бағынбай, өз мемлекеттілігін құруға ұмтылуы; 2) Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғаларға байланысты. Қимақтар саяси үстемдігінен айырылып, қыпшақтарға тәуелді болып қалды.

Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. «Түрік» термині алғаш қай елдің деректерінде кездеседі?

  2. Түргеш қағанаты не себерті сары және қара түргештер болып бөлінді?

  3. Ерте ортағасырларда Қазақстан территориясында қандай алғашқы мемлекеттік бірлестіктер өмір сүрді?

  4. Араб жаулаушылық соғыстары қалай жүрді?


Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы «Білім», 1994.

  3. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007. – 274 б.

  4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы: «Атамұра», 1996, 2010. – 544 б.

  5. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.

  6. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006. – 768 б.

  7. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  8. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007. – 344 б.

  9. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.

  10. Салғараұлы Қ. Түрік қағанаты жөнінде бірер сөз // Ақиқат, 2006, №2.



Дәріс 7-8.

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (Х Ғ. - ХІІІ Ғ. БАСЫ).
Мақсаты: Ортағасырлық Қазақстандағы Қарахан әулеті мемлекеті, Қыпшақ хандығы, Қарақытайлар, Наймандар және Керейіттер мемлекеттерінің саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мәдениеті туралы түсіндіру. Студенттердің дамыған орта ғасырлар кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша білімдерін одан әрі жетілдіріп, ғылыми ұғымдармен кеңейту.
Негізгі ұғымдар: Қарахан әулеті, салжұқтар, Саманилер әулеті, Мәуереннахр, ислам, икта, қарақытайлар (қидандар), гурхан, қыпшақтар, Дешті Қыпшақ, Хорезмшах мемлекеті.
Жоспар:

1. Қарахан әулеті мемлекеті.

2. Қыпшақ хандығы.

3. Қарақытайлар. Наймандар. Керейіттер.


1. Қарахан әулеті мемлекеті. Қарахан әулеті мемлекеті Х ғ. ортасында Жетісу аумағы мен Шығыс Түркістанның батыс бөлігінде пайда болды. Мемлекеттің құрылуында қарлұқ, жікіл және яғма тайпалары зор рөл атқарды. Қарахан әулетінің негізін салушы болып Сатұқ Боғра хан (915-955) есептеледі. Ол әуелі Тараз бен Қашғарды бағындырды, ал 942 жылы Баласағұн билеушісін құлатып, жоғарғы қаған атанды. Сатұқ Боғра ханның мұрагері Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Оның астанасы Қашғарда орналасты.

Х ғ. аяғында Қарахан әулеті мемлекетінің билеушілері Мәуереннахрда үстемдік еткен Саманилер әулетімен соғыстар жүргізді. Осы соғыстардың барысында Қарахан билеушісі Насыр ибн Әли 999 жылы Саманилердің астанасы болған Бұхараны басып алды, ал 1004 жылы Мәуереннахр Қарахандардың иелігіне қосылды. Үлестік жүйеде негізі қаланған Қарахан әулеті мемлекеті шығыс және батыс иеліктерінен тұрды. Шығыс иелігіне Жетісу мен Шығыс Түркістан, батыс иелігіне Мәуереннахр кірді. Екі иеліктің билеушілері арасындағы өзара тартыстар ХІ ғ. 40-жылдары Қарахан мемлекетінің екі дербес қағанатқа – Шығыс Қарахан және Батыс Қарахан болып бөлінуіне әкелді. 1089 жылы Салжұқ мемлекетінің билеушісі Мәлік шах Батыс Қарахан мемлекетіне басып кіріп, Самарқандты басып алды. Ал Шығыс Қараханның билеушісі Боғра хан өзін Мәлік шахтың вассалы ретінде мойындауға мәжбүр болды. Салжұқ сұлтандары Қарахан әулеті мүшелерінен өздеріне қолайлы хандарды тағайындап отырды. ХІІ ғ. басында Тараз бен Баласағұнның билеушісі Қадыр хан Жабырайылдың салжұқ үстемдігіне қарсы бас көтеруі сәтсіздікпен аяқталды.

ХІІ ғ. 30-жылдары Шығыс Қарахан иелігінде шығыстан келген қарақытайлардың әскери-саяси үстемдігі орнатылды. Қарахандық билеушілердің билігі әлсіреп, олар қарақытайлардың басшысы – гурханның вассалдарына айналды. Дегенмен, қарақытайлар қарахандық түріктердің мемлекеттік құрылысын да, дінін де, мәдениетін де өзгерткен жоқ, олардан салық жинаумен ғана шектелді.

1210 жылы наймандармен күрес барысында Шығыс Қарахан әулеті үзілді, ал 1212 жылы Самарқандта Хорезм шахы Мұхаммедтың бұйрығымен Батыс Қарахан әулетінің соңғы қағаны өлтірілді.

Қарахан әулеті мемлекетінің жоғарғы өкімет билігі – хақанның қолында болды, оған ең жақын кеңесші, көмекші – уәзірі, одан басқа күзет бастығы, есік қорғаушылары, қазынашылар және елшілер қызмет істеді.

Қарахан мемлекетінің құрылымы феодалдық үлестік жүйеге негізделді. Мемлекет өз билеушілері басқарған ірілі-ұсақты өңірлерге ­­­– үлестік жерлерге бөлінді. Округтердің орталығы болған Тараз, Испиджаб және Баласағұн ірі үлестер еді. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта деп аталады, ал оның иесін иктадар деп атаған. Қарахан әулеті мемлекетінде феодалдық қатынастардың дамуы – Қазақстан аумағында феодалдық құрылыстың нығаюының маңызды кезеңі болып табылады.


2. Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. – ХІІІ ғ. басы). «Қыпшақ» этнонимы алғаш рет VIII ғ. жататын Ұйғыр (Тоғыз-оғыз) қағанатының негізін салушы Моин-Шорға арналған көне ұйғыр руналық жазбасында кездеседі. Онда «түркілер мен қыпшақтар бізге елу жыл үстемдік жүргізді» деп айтылады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің 846-847 жж. жазған «Жолдар мен провинңиялар кітабында», VIII ғ. жататын түрік тайпаларының тізімінде кездеседі.

VIII ғ. соңынан – XI ғ. басына дейін шығыста Алтай мен Ертістен батыста Орал таулары мен Еділ бойына дейін қоныстанған қыпшақтар Қимақ қағанатының қүрамына кірді. XI ғ. Қимақ қағанаты қүлағаннан кейін, қимақ, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді.

ХІ ғ. бірінші жартысында Орталық Азиядағы, кейін Еуразияның далалық аймағындағы саяси үстемдік қыпшақ тайпалары одағына көшті. Қыпшақтар Қазақстан аумағына Жоңғария далаларынан, ал ол жаққа Батыс Монғолиядан келген болатын. Алдымен қыпшақтар Сырдарияның орта және төменгі ағысын, Арал мен Каспий өңірлерін мекендеген оғыздарды ығыстырды. Этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай ХІ ғ. екінші ширегінде «Оғыздар даласы» («Мафазат әл-гузз») деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» («Дешті Қыпшақ») деген атау пайда болды.

XI ғ. ортасында қыпшақ тайпалары Еділден өтіп, батысқа қарай жылжып, Орыс және Қара теңіз өңірі далалары мен Византия, Венгрия шекараларына дейін қоныстанды. ХІІ ғ. Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған үлкен аумақты мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар деп аталды. Осы уақыттан бастап «қыпшақ» сөзі этникалық мағынасын жойып, этномәдени семантикаға ие бола бастады. Орыс жылнамаларында қыпшақтар – половцылар, Еділден Днепрге дейінгі қыпшақтар қоныстанған аумақ «Половецтер даласы» деп аталды. 1071 жылы қыпшақтар Кіші Азияға жетіп Анатолия қаласын жаулап алады, сөйтіп, османдық түріктердің негізін қалады, осы жылдары Трансильвания арқылы Молдавияға өтеді. Қазіргі Венгриядагы мадиярлар, Молдавиядагы гагауыздар қыпшақтарға жатады. Осылайша Батыс Еуропа деректерінде қыпшақтар «коман» деген атпен мәлім болды.

ХІ-ХІІ ғғ. қыпшақтар екіге бөлініп, Еділ өзенінің шығыс жағында Шығыс Дешті Қыпшақ, ал батысында Батыс Дешті Қыпшақ тайпалар одағы құрылды. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысының билігінде болды. Қыпшақтардың ханы болып елбөрілі руынан шыққандар ғана мұрагерлік жолмен сайланды. Әскери-әкімшілік жүйе көшпелі өмірге ыңғайлы болды. Негізгі байлық жылқымен өлшенді. Дегенмен, мал шаруашылығымен қоса егіншілік те дамыды.

ХІІ ғ. ортасынан Хорезмшахтар әулетінің өкілдері қыпшақ хандарының қолында болған Аралдың оңтүстік өңірін, Сырдария бойындағы қалалар мен Маңғыстауды қаратып алуға күш салды. Хорезмшах Мұхаммед (1200–1220) қыпшақтардың Сырдария бойындағы иеліктерін өзінің ықпал аясына қосып, қыпшақ хандарының оңтүстік ордасы Сығанақ қаласын бағындырып алды. Осы кезден бастап Қыпшақ хандығы әлсірей бастады. Өйткені, қыпшақ ақсүйектердің бір бөлігі Хорезм шахына қызмет етуге көшті, әрі ішкі тақ тартысы күшейді. Монғол шапқыншылығы қарсаңында Қыпшақ хандығы ыдырау алдында тұрды.


3. Қарақытайлар. Наймандар. Керейіттер. 1125 жылы Орталық Азиядан келген қарақытайлар (қидандар) Жетісудың бір бөлігіне, Сырдарияның оң жағалауына әскери-саяси ықпалын орнатты. Қарақытайлар Орта Азияның егіншілік аймақтарындағы қалалар мен қоныстарды қиратпай, тұрғындардан салық жинаумен шектелді. Жергілікті жерлерде бұрынғы әулеттер өкілдерінің билігі сақталды. Қарақытай гурханының ордасы Баласағұн түбіндегі Ғұз-ордада орналасты. Жоғары билікті мұраға қалдыру жүйесінің ерекшелігі – гурхан тағына отыруға әйелдер де құқылы болды. Мәселен, 1143 жылы Елюй Дашы дүние салғаннан кейін қарақытайларға оның жесірі Табуян билік жүргізген. ХІІ ғ. аяғында қарақытайлар Ауғанстан жеріндегі гурид билеушілерінен жеңіліске ұшырады. ХІІІ ғ. басында Хорезм, Бұхара және Самарқанд билеушілері гурханның үстемдігіне қарсы күресті. Нәтижесінде қарақытай гурханы Мәуереннахрды хорезмдіктерге қалдырып, Қашғарға шегінді. Көп ұзамай, қарлұқтар найман тайпаларымен одақтасып, Қашғар шегінде гурхан Чжилугуды қолға түсірді. Қарақытайлардың иеліктерінде Күшлік хан бастаған наймандардың билігі орнады.

Наймандардың, керейіттердің ертеректегі мемлекеттері Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар.

Найман тайпаларының одағы VIII ғ. ортасында Жоғарғы Ертіс пен Орхон өзендері аралығындағы жерлерде құрылды. Наймандардың батыс жағында Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстігінде Енисей қырғыздары, шығысында Шығыс Монғолияда көшіп-қонып жүрген керейіттер, оңтүстік жағында Орталық Азияның басқа да көптеген тайпалары мекендеген.

Наймандар XI ғ. бас кезінде христиан дінінің несториан бағытын ұстанған. Бұл наймандардың ерте феодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен және халықтармен этно-мәдени байланыста болғандығын дәлелдейді. XII ғ. аяғы – XIII ғ. басында Найман хандығы екіге бөлініп, оны Даян хан мен Бұйрық хан басқарды. 1204 жылы монғолдар Даян ханды, 1206 жылы Бұйрық ханды талқандады. Даянның ұлы Күшлік хан найманның қалған әскерін жинап, 1211 жылдан бастап Жетісуда билік жүргізді. 1218 жылы монғолдар наймандарды талқандады.

Керейіттер туралы жазба деректердегі алғашқы мәліметтер X ғ. бас кезіне жатады. Керейіттер конфедерациясының этникалық құрамы біртекті болмаған. Олар түрік тілді жэне монғол тілді тайпалардан құралды. Керейіттердің батысында – наймандар, солтүстігінде – меркіттер, шығысында – татарлар, оңтүстігінде – таңғұттар тұрады.

1007 жылы керейіттер наймандармен бірге христиан дінінің несториандық тармағын қабылдады. Керейіттер белгілі дәрежеде ұйғыр мәдениетінің ықпалында болды.

XII ғ. 70-жылдарынан бастап Тоғұрыл хан (Ван хан) тұсында керейіттер ұлысы солтүстікте – Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте – Хуанхеге дейінгі, батыста – Хангай тауынан, шығыста Халкин Голге дейінгі жерлерді қамтыды.

1203 жылы керейіттер мен олардың бұрынғы одақтасы монғолдар арасында соғыс басталып, ол керейіттердің жеңілісімен аяқталды. Керейіттердің бір бөлігі Солтүстік-батысқа, яғни Ертіс өзенінің орта ағысына карай қоныс аударды. Ал басым бөлігі Монғол мемлекетінің кұрамына енді.


Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Қарахан мемлекетінің (942-1210жж.) қоғамдық құрылысы мен шаруашылығының ерекшелігі неде?

  2. Найман және Керей ұлыстарында, сондай-ақ Қарақытай хандығында қандай этносаяси үдерістер жүрді?

  3. Әл-Фараби ғылыммен мәдениеттің дамуына қандай үлес қосты?

  4. Көшпелі және отырықшы мәдениетте Ұлы Жібек жолының алатын орны қандай болды?

  5. Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясынан өтетін негізгі жолдарын картадан тауып көрсетіңіз.

  6. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы экономикалық дамуындағы және қала мәдениетінің гүлденуінің мағынасымен ықпалы қандай болды?



Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Қадырбаев А.Ш. Очерки истории средневековых уйгуров, джалаиров, найманов и кереитов. Алма-Ата, 1993.

  3. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы: «Атамұра», 1996, 2010. – 544 б.

  5. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.

  6. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  7. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  8. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007. – 344 б.

  9. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008. – 640 б.



Дәріс № 9-10.

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ. АЛТЫН ОРДА.
Мақсаты: Монғол тайпалары туралы ортағасырлық деректердің мәліметтеріне тоқталу, Шыңғыс ханның Монғол мемлекетін құруы, монғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы, монғол ұлыстарының құрылуы туралы мәлімет беру. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, саяси тарихы, мемлекеттік, қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы және мәдениеті туралы түсіндіру.Студенттердің ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша білімдерін одан әрі кеңейту.
Негізгі ұғымдар: монғолдар, татарлар, меркіттер, қият-боржиген, қоңырат, құрылтай, Еке Монғол ұлысы, Яса, Алтын Орда, Ұлығ ұлыс, Сарай-Бату, Сарай-Берке, Сарай-әл Джадид, уәзір, беклер-бек, даруғалар, басқақтар.
Жоспар:

  1. Монғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы.

  2. Монғолдар жаулап алуының әлеуметтік-экономикалық салдары.

  3. Алтын Орда.


1. Монғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы.«Монғол» атауы қытайлық Тан әулетінің (618-908) тарихи жазбаларында мэнъу немесе мэнва түрінде кездеседі. Көшпелі монғол тайпалары бастапқыда Аргун өзенінің төменгі ағысы мен Амур өзенінің жоғарғы ағысынан оңтүстікке қарайғы дала аймақтарында мекендеді. ІХ ғ. ортасында Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін монғол тайпалары батысқа қарай жылжып, қазіргі Монғолияның аумағына қоныстана бастады.

Қытайда Сун әулеті үстемдік еткен уақыттан бастап (960-1260 жж) қытайлық тарихнамада және ресми мәтіндерде монғолдар мен өзге де монғол тілдес тайпалардың барлығын татарлар немесе монғол-татарлар деп атау дәстүрі қалыптасты. VIII-ХІІ ғғ. жататын көне түрік және мұсылман жазба деректеріндегі мәліметтер бойынша, татар тайпалары Орталық Азияны мекендеген тайпалардың басым бөлігін бағындырып отырған. Соның салдарынан, «татар» атауы қазіргі Монғолияның, Батыс және Оңтүстік Маньчжурияның аумағында өмір сүрген монғол тілдес тайпалардың барлығына ортақ саяси атауға айналды.

Дегенмен, монғол тайпалары өздерін ешуақытта татарлар деп атамағаны белгілі. ХІІ ғ. негізінен Шығыс Монғолиядағы Бұйыр-Нұр көлі маңында қоныстанған татарлар монғол тайпаларының (меркіттер, керейіттер, қияттар және т. б.) жауы ретінде есептелген. ХІІ ғ. 60-70 жж. бұйырнұр татарлары монғол тайпаларын талқандаса, ХІІІ ғ. басында Шыңғыс хан басқарған монғолдар татар тайпаларын толық күйретті. Бұл жөнінде 1240 жылға жататын «Монғолдардың құпия шежіресінде» мәліметтер кездеседі. Бірақ, «татар» атауы сақталып қалды және тарихи дәстүр бойынша монғол тайпалары Қытайда да, мұсылман әлемінде де, Еуропада да «татарлар» деген атаумен белгілі болды.

Қытайлар Ұлы Қытай қорғанынан солтүстікке қарай мекендеген бүкіл монғол тілдес тайпаларды мәдени даму деңгейі бойынша ақ татарлар, қара татарлар және жабайы татарлар деген үш топқа бөлген. Ұлы Қытай қорғанына жақын Оңтүстік Монғолия аумағында өмір сүрген ақ татарлар қытай өркениетінің ықпалына неғұрлым көбірек ұшырады. Қазіргі Монғолияның басым бөлігіне қоныстанған қара татарлар мәдениетті халықтардың тікелей ықпалында болған жоқ және көшпелі өмір салтын ұстанды. Жабайы татарлар немесе «орман халықтары» қазіргі Монғолияның солтүстік бөлігінде және Забайкалье ормандарында мекендеді. Қытай деректеріндегі мәліметтер бойынша, Темучин (болашақ Шыңғыс хан) қара татарлардан шыққан.

Темучин бір деректер бойынша 1155 жылы, ал екінші деректер бойынша 1162 жылы Онон өзенінің оң жағасындағы Делуин-Балдах мекенінде, монғолдың қият-боржигин тайпасының ауқатты нойоны Есугейдің отбасында өмірге келді. Темучиннің анасы Оэлун қоңырат тайпасынан шыққан. Темучин тоғыз немесе он жасқа толғанда әкесі Есугей баһадүр бұйырнұр татарларының қолынан қаза табады. Осыдан кейін Есугейдің туысқандары мен серіктерінің басым бөлігі оның отбасын тастап кетеді. Темучин өз анасы Оэлунмен және іні-қарындастарымен бірге жастайынан аң аулап, балық аулап күн көруге мәжбүр болады. Тағдырдың тауқыметі мен жоқшылық азабын көріп өскен Темучин ер жеткен соң өз қатарластарынан батырлығы мен ақылдылығы жағынан ерекшеленіп, айналасына өзіне сенімді нөкерлердің жасағын біріктіре алды. ХІІ ғ. соңына қарай Темучин баһадүр ретінде танылып, Монғол даласындағы басты қолбасшылардың біріне айналды. Кейін ол өзінің атастырылған қалыңдығы – қоңырат тайпасының өкілі Дай-Сеченнің қызы Бөртеге үйленді.

Темучиннің атағы оның керейіт ханының вассалы ретінде керейіттердің наймандарға, меркіттерге және татарларға қарсы соғысына қатысуы кезінде шықты. Дегенмен, Темучиннің құдіреттілігі артып, ол 1203 жылы керейіттерді талқандады, ал 1204 жылы 45 мың жауынгерден тұратын әскерімен наймандар мен меркіттерге қарсы соғысты бастады. Меркіттер мен наймандардың бір бөлігі Темучиннің билігіне бағынып, қалғандары Ертістен батысқа қарай өтіп, Дешті Қыпшаққа кетті.

1204-1205 жж. соғыс жорықтардың нәтижесінде бұйырнұр татарларын талқандағаннан кейін Темучин Монғол даласындағы барлық басты тайпаларды (керейіттер, меркіттер, наймандар, т. б.) өз қол астына біріктіруді аяқтады. 1206 жылы көктемде Онон өзені бойында өткен монғол ақсүйектерінің жиналысы – құрылтайда Темучинді жақтастары монғолдардың жоғарғы билеушісі деп жариялап, Шыңғыс хан деген атақты берді. Шыңғыс лауазымының мәні әлі күнге дейін нақты анықталмаған. Бірқатар шығыстанушылардың пікірінше, «шыңғыс» лауазымы түрік-монғолдық «теңіз», «мұхит» сөзінен шыққан, соған сәйкес «Шыңғыс-хан» тіркесі «теңіз-хан», яғни «Әлемнің билеушісі» деген мағынаны білдіреді.

Шыңғыс хан құрған мемлекет 1211 жылдан бастап ресми түрде Еке Монғол ұлысы («Ұлы Монғол мемлекеті») деп аталды. Еке Монғол ұлысының негізіне әскери ұйым принципі алынды. Мемлекеттің бүкіл аумағы мен халқы үш әскери-әкімшілік округқа: оң қанат (барунгар), сол қанат (жунгар) және орталық (гол) болып бөлінді. Әрбір округ он мың адамнан тұратын түмендерден, түмендер мыңдықтардан, мыңдықтар жүздіктерден, жүздіктер ондықтардан құралды.

ХІІІ ғ. басында Еке Монғол ұлысы құрылғаннан кейін мемлекетті басқару үшін қажет жазбаша бекітілген жалпы құқықтық нормалар мен заң ережелерін әзірлеу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты әдеттегі құқыққа жаңаша шарттарға сәйкес өзгертулер енгізілді. Шыңғыс ханның заңдары мен ережелерінің жинағы «Ұлы Яса» немесе жай ғана «Яса» деп аталды. Яса (монғолдың дзасак, йосун – «қаулы», «заң» сөздерінен) жалпы монғолдық құрылтайда 1206 жылы қабылданды, ал 1218 жылы қайтадан қаралып, 1225 жылы түпкілікті түрде бекітілді.

Монғол әскері Жетісуға 1218 жылы келді. Олар мұнда Шыңғыс ханның бұйрығымен, наймандардың ханы Күшлікті жазалау үшін жіберілді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Бұл жорыққа монғолдар ұзақ уақыт және мұқият дайындалды. Мұсылман саудагерлері мен монғолдарға қызмет еткен қашқындар арқылы Қарақытай, Хорезмшах мемлекеттерінің әскери күштері туралы мәліметтер жинап, соның негізінде іс-әрекет жоспарын жасады.

Монғолдардың және олармен одақтас болған қарлұқтар мен ұйғырлардың 150 мыңға жуық біріккен әскері 1219 жылы күзде Ертіс жағалауы мен Жетісу арқылы Сырдарияға дейін жүріп өткен. Бес жылға созылған жорықтың барысында монғол әскері Сырдария бойындағы Жент, Янгикент, Отырар, Сығанақ, Ашнас қалаларын, Орта Азиядағы Бұхара, Самарқанд, Хорезм, Үргеніш қалаларын, Арал теңізінен солтүстік-шығысқа қарайғы далаларды бағындырды. 1224 жылға қарай Монғол империясының аумағына Солтүстік Қытайдан бастап қазіргі Орта Азия мен Қазақстанды қоса алғанға дейінгі жерлер кірді.

Қазіргі Орта Азия мен Қазақстан аумағын жаулап алғаннан кейін (1219-1224 жж.) Шыңғыс хан өзінің үлкен әйелі Бөрте ханымнан туған төрт ұлының әрқайсына жер үлестерін бөліп берді. Халқымен бірге берілген бұл жер иеліктері тарихи әдебиетте ұлыстар деп аталады. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының (1227 жылы дүние салды) ұлысы Ертіс өзеніне батысқа қарайғы жерлерді, соның ішінде қазіргі Қазақстанның дала аймақтарын, Жетісудағы Қаялық пен Солтүстік Хорезмнен бастап Еділ өзенінің төменгі ағысына дейінгі аумақты қамтыды. Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың (1242 жылы дүние салды) ұлысына Шығыс Түркістан, Жетісудың басым бөлігі және Мәуереннахр (Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығы) қаратылды. Үшінші ұлы Үгедейдің (1241 жылы дүние салды) иеліктеріне Батыс Монғолия, Тарбағатай және Ертістің жоғарғы ағысы бойындағы жерлер кірді. Шыңғыс ханның төртінші ұлы Тулуйдың (1233 жылы дүние салды) үлесіне Орталық Монғолия жері, сондай-ақ монғолдың 129 мың жауынгерлік тұрақты әскерінің 101 мыңы тиді. Әлбетте, өз ұлысындағы билікті Тулуй тек әкесі Шыңғыс хан дүниеден өткеннен кейін ғана өз қолына алды. Шыңғыс ханның жоғарыда есімдері аталған төрт ұлы және олардың ұрпақтары «алтын ұрық» мүшелері деген атауға ие болды.

Ортағасырлық мұсылман және қытай авторларының деректеріндегі мәліметтерге сәйкес, Монғол мемлекетінің негізін салушы Шыңғыс хан 1227 жылы тамыз айында Ішкі Азиядағы таңғұттардың мемлекеті – Си Ся аумағында дүниеден өткен. Денесі Монғолияға әкелініп, көне монғол ғұрпы бойынша жерленді. XVII ғ. оқымысты лама Лубсан Данзанның жазбалары бойынша, Шыңғыс ханның жерленген орны Бурхан-Халдун деп аталады.

Уақыт өте келе ұлыс билеушілері өз әулеттерін дербес етіп алуға ұмтылып, империя бірнеше иеліктерге ыдырап кетті. Оның ыдырауына жергілікті халықтардың монғол езгісіне қарсы күресі, көптеген елдерді қарудың күшімен бағындырған империя іргесінің әлсіздігі, өзара қырқыстар, экономикалық байланыстардың, ортақ мәдени-тарихи дәстүрлердің болмауы себеп болды.


2. Монғол жаулап алуының әлеуметтік-экономикалық салдары. Жазба және археологиялық деректер монғол үстемдігі орныққаннан кейін Жетісуда отырықшы мәдениеттің құлдырап, егістік жерлердің жайылымдарға айналдырылғанын дәлелдейді. Ондаған жылдар бойы Орталық Азиядан көшпелілердің ағылып келуі егістік үшін өңделетін жер көлемінің қысқаруын туғызды. Монғол жаулап алуы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық құрылысына айтарлықтай кері әсер етті. Монғолдар бағындырған аймақтарда құл иеленушілік тәртіп кеңінен тарады, феодалдық қатынастардың артта қалған түрлері орнықты. Бағындырылған халыққа алымдар (құшыр, харадж, тағар, т.б.) салынып, әскери міндеткерлік жүктелді. Отырықшы-егіншілік аймақтардың халқын қанауды жалғастыра беру мүмкін еместігіне уақыт өте келе көз жеткізген монғол билеушілері жерді пайдалану тәсілдерін үйренуге мәжбүр болды.
3. Алтын Орданың саяси тарихы. Жошы ұлысының батыс бөлігі оның екінші ұлы Батудың (Батый) үлесіне тиді, ол орыс жылнамаларында Алтын Орда деген атпен мәлім. 1235 жылғы бүкілмонғолдық құрылтайда батыс елдеріне жорық жасау туралы шешім қабылданып, Бату хан біріккен монғол әскерінің қолбасшысы болып тағайындалды. 1236-1242 жж. әскери жорық барысында Еділ Бұлғариясын, орыс князьдіктерін, талқандап, Польша, Венгрия, Чехия, Валахия сияқты еуропалық елдерді тонаған Бату хан Еділ бойына қайтып оралды. Жеті жылға созылған жорықтың нәтижесінде Еділ бұлғарларының мемлекеті өмір сүруін тоқтатты, көптеген билеуші әулеттер мен жеке иеліктер жойылды, шығыста Ертістен батыста Дунайға дейінгі аралықта Жошы әулеті өкілдерінің билігі орнатылды. Тарихи әдебиетте Алтын Орда деп аталған бұл мемлекеттің орталығы Еділдің төменгі ағысы бойында орналасты. «Алтын Орда» ұғымы біртекті емес: бір жағдайда Алтын Орда деп Бату (1227-1255) мен оның інісі Беркенің (1257-1266) жеке иелігіндегі Төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ, енді бір орайда Жошы ұлысы түгел айтылады.

ХІІІ ғ. 2-жартысы – XIV ғ. басында Алтын Орда хандары орыс князьдіктеріне бірнеше мәрте жорық жасап, Ирандағы Хулагу әулеті билеушілерімен Әзербайжанды және Каспийдің оңтүстік бойындағы жерлерді иелену үшін соғыстар жүргізді. Бату ханның немересі Менгу-Темір хан тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығынан біржола оқшауланып, өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орданың қуаттылығы Менгу Темір ханның немересі Өзбек ханның (1312-1342) және оның ұлы Жәнібек ханның (1342-1357) билігі тұсындай күшейді.

Өзбек ханның таққа отыруына көмектескендер – ислам дінін және мемлекетті орталықтандыруды қолдаған Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі түрік-монғол ақсүйектері еді. 1321 жылы Өзбек хан исламды өзі қабылдап, Сұлтан Мұхаммед Өзбек хан деген есімді иеленді, исламды Алтын Орданың мемлекеттік дініне айналдырды. 1335 жылы мұсылман деректерінде алғаш рет узбекийан (өзбектер) сөзі мен мамлакат-и узбеки (Өзбек мемлекеті) деген тіркесі кездеседі. Біртіндеп, Алтын Орданың мұсылман билеушісі Өзбек ханның есімі Жошы ұлысының әр текті халқының ортақ атауына айналды.

Бату хан әулетінің соңғы өкілі Бердібек хан 1359 жылы дүние салғаннан кейін Алтын Ордада сарай төңкерістерінің кезеңі басталды. XIV ғ. 60-70 жылдары Жошы ұлысындағы жоғары билік үшін Орда Ежен мен Тоқай-Темір ұрпақтарынан шыққан сұлтандар белсенді күрес жүргізді.

Бұл саяси дағдарыс барысында Жошы ұлысының аумағында бірқатар тәуелсіз иеліктер құрылып, олардың жергілікті басшылары Сарай қаласындағы ханмен бір уақытта билік құрды. Мәселен, 1359 жыл шамасында Алтын Орданың батыс шетіндегі ұлысы – Прут-Днестр өзендерінің аралығында Молдавия князьдігі құрылды.

XIV ғ. 70-ші жылдары Ұрыс хан бүкіл Жошы ұлысын қайтадан біріктіруге әрекет жасады. Оған Алтын Орданың астанасы Сарай қаласын басып алудың сәті түскенімен, 1375-1376 жж. ол Сырдария бойындағы өзінің бұрынғы иеліктеріне қайтып келуге мәжбүр болды. Орда Ежен ұрпағы Ұрыс ханның жүзеге асыра алмағанын XIV ғ. 80-ші жылдары Жошының Тоқай-Темір атты ұлының ұрпағы Тоқтамыс жүзеге асыра алды. 1378 жылы Тоқтамыс Орта Азияның билеушісі Әмір Темірдің көмегімен Сығанақ қаласында Ақ Орданың тағына отырды. Содан кейін Тоқтамыс Алтын Орданың астанасын басып алып, Жошы әулетінің бүкіл иеліктерін біріктірді. Алайда, Тоқтамыстың Ақ Орда мен Алтын Ордада Жошы ұрпақтарының билігін қалпына келтіруді көздеген ұлы державалық ниеттері Темірдің қарсылығын туғызды. Соған байланысты әмір Темір мен Тоқтамыс арасында ұзаққа созылған күрес басталды. 1391-жылы Темір 200 мың әскермен Құндызша деген жердегі шайқаста Тоқтамысты талқандады. Алтын Ордадағы Тоқтамыстың билігіне шешуші соққы берген 1395-жылғы Солтүстік Кавказдағы Терек өзені бойындағы жеңіліс болды. Тоқтамысты қудалаған әмір Темір әскерлері Алтын Орданың қалаларын, оның ішінде Сарай-Беркені ойрандады. Тоқтамыс әмір Темірден толық жеңіліп, Алтын Орда ханының тағын тастап кетуге мәжбүр болды.

XV ғ. 30-70 жж. Алтын Орда мемлекеті түпкілікті ыдырады. Оның орнына бірнеше жаңа түрік мемлекеттері: Қырым хандығы, Қазан хандығы, Астрахань хандығы, Сібір хандығы, Ноғай Ордасы құрылды.

Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік құрылысының негізі сақталды. Жошы ұрпақтарының мемлекеті саяси құрылысы жағынан ұлыстарға бөлінген, өз кезегінде ұлыстары үлес-иеліктерге бөлшектенген көшпелі мемлекет болған еді. Алтын Орданың ішкі басқару жүйесінде көшпелі, әскери шонжарлардан құралған әкімшілік аппарат маңызды орын алды. Мемлекеттің ішкі істерін және әскерді тікелей басқару үшін ерекше лауазымдар белгіленді. Ханның атынан бүкіл әскери істі беклер-бек басқарды, азаматтық биліктің басында «хандар мен сұлтандардың кеңесшісі» – уәзір тұрды. Алтын Ордадағы басқару жүйесінде маңызды орын алған даруғалар мен басқақтар салық жинаумен айналысты және жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды.



Алтын Ордадағы халықтың басым бөлігін түркі халықтары, Қазақстанның, Еділ бойы мен Қара теңіз өңірінің қыпшақтары, Хорезм мен Еділ Бұлғариясының тұрғындары құрады. Сондай-ақ ежелгі хазарлардың ұрпақтары, армяндар, орыс князьдіктерін мекендеушілер, олардың арасында шығыс славяндары және ішінара сіңісіп кеткен угро-финдер болды. Қыпшақ және өзге де түркі тайпаларының ел басқаруда, әскери істерде атқаратын рөлінің басымдығы байқалды. Ақсүйектерді және азын-аулақ таңдаулы әскерді құраған монғолдар тез арада өздерінің неғұрлым мәдениетті бодандарының ықпалына түсіп, ХІІІ ғ. аяғында түркі тіліне көшті, ал кейін ислам дінін қабылдады.

Алтын Орданың мемлекеттік туы


Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Моңғол тайпаларының әскери жорықтарының себептері неде?

  2. Моңғолдардың Орта Азиямен Қазақстан территориясын жаулауы қалай жүрді? Картадан 1219-1224жж. Орта Азиямен Қазақстанды моңғол әскерлерінің бағыттарын көрсетіңіз.

  3. Ұлыстармен Алтын Орданың құрылу қарсаңында Қазақстанның дамуының ерекшеліктері неде?

  4. Моңғол жаулаушылық соғыстарының қандай зардаптары болды?

  5. Моңғол жаулаушылық соғыстарының нәтижесінде Қазақстан территориясы қай ұлыстың құрамына кірді?

  6. Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаған кім?

  7. Картадан Алтын Орда мемлекетінің шекарасын анықтаңыз.

  8. Алтын Орда мемлекетінің қоғамдық құрылысы қандай болды?

  9. Алтын Орда құлағанннан кейін қандай мемлекеттер құрылды?


Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Ермұханова Х.К. Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы: «Шың кітап», 2010. – 360 б.

  3. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы «Атамұра», 1996, 2010. – 544 б.

  5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994.

  6. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  7. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  8. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007. – 344 б.

  9. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008. – 640 б.

  10. Шыңғысхан. Әлем сілкіндірушісі. Құрастырған: І. Есенберлин. А., 2002.



Дәріс № 11.

Тақырыбы:ХІІІ Ғ. МЕН ХV Ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР.
Мақсаты: Ақ Орда, Моғолстан, Көшпелі өзбектер мемлекеті, Ноғай Ордасы және Сібір хандығы мемлекеттерінің құрылуы, саяси тарихы, мемлекеттік, қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы және мәдениеті туралы түсіндіру. Осы мемлекеттердің ортағасырлық Қазақстан тарихында алатын маңызды рөлін ашып көрсету. Студенттердің ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша білімдерін одан әрі кеңейту.
Негізгі ұғымдар: Ақ Орда, Орда Ежен ұлысы, Шайбан ұлысы, Моғолстан, Алмалық, моғолдар (моғұлдар), дулаттар, Қашғария, Маңлай-Сүбе, Көшпелі өзбектер мемлекеті, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, маңғыттар, шайбанилар, Орда Базар, Сарайшық, Чимга-Тура, Искер.
Жоспар:

1. Ақ Орда.

2. Моғолстан.

3. Көшпелі өзбектер мемлекеті.

4. Ноғай Ордасы. Сібір хандығы.
1. Ақ Орда. ХІІІ ғ. ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақта Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқы билеушісі – Жошының үлкен ұлы Орда Ежен болған. XIV ғ. Орда Ежен ұрпақтарының билігі Шайбан ұлысына да тарады. Ақ Орда халқының этникалық құрамында монғолдар өте аз болды. Мұнда монғол жаулап алуынан бұрын қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген түркі тілдес тайпалар мекендеді. Сонымен бірге, Ақ Ордада Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде Қазақстанның шығысы мен Алтайдан қоныс аударған тайпалар өмір сүрді. Ақ Орданың астанасы алғашында Ертіс өзенінің жоғарғы ағысы бойында, Алакөл маңында болды. XIV ғ. Ақ Орда хандарының әкімшілік орталығы мемлекеттің оңтүстігіне, Сығанақ қаласына ауыстырылды. Мұсылман әулеттерінің хронологиялық кестелерінде Ақ Орда хандарының есімдері мынадай ретпен келтіріледі: Орда Ежен, Сартақ, Қоныша (Күйінші), Баян, Сасы-Бұға, Ерзен, Мүбарак-қожа, Шымтай, Ұрұс, Қойыршақ және Барақ.

XV ғ. 1-ші жартысында Ақ Орда хандары Алтын Ордадан тәуелсіз болуға ұмтыла бастады. Мүбарак-қожа хан (1320-1344) өз атынан теңге соқтырып, экономикалық және саяси жағынан тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысты. Оның әрекеті Алтын Орда ханы Өзбектің (1312-1342) қарсылығына ұшырап, нәтижесінде Мүбарак-қожа хан Ақ Ордадан кетуге мәжбүр болды.

1359-1379 жж. Алтын Ордада орын алған «ұлы дүрбелең» тұсында Ақ Орда хандары өз иеліктерін күшейтуді жалғастырды. Мәселен, Ұрұс хан (1361-1376) Ақ Ордадағы хан билігін күшейтіп ғана қоймай, Алтын Орданың тағына отыруға әрекет жасады. Ол Еділ бойындағы жерлерге жорық ұйымдастырып, XIV ғ. 70-ші жылдарының ортасында Қажы-Тархан, Сарай қалаларын бағындырды. Алайда, көп ұзамай Ұрұс хан Сырдария бойындағы иеліктеріне қайтып оралып, Орта Азияның күшейіп келе жатқан билеушісі Әмір Темірдің басқыншылығына қарсы күресуге мәжбүр болды.
2. Моғолстан. Моғолстанның құрылуы Шағатай ұрпақтары мемлекетінің XIV ғ. ортасында шығыс және батыс бөліктерге ыдырауына байланысты болды. Шағатай мемлекетінің шығыс аймақтары, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Моғолстанның құрамына енді. Мұнда Жетісудағы ірі дулат тайпалардың көсемдері саяси ықпалға ие болды. 1348-жылы дулат әмірі Полатшы бастаған моғол шонжарлары Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді Моғолстан ханы етіп қойды.

Тоғылық Темір хан иелігіне Моғолстанмен қоса Шығыс Түркістанның бір бөлігі кірді. Кейін Шығыс Түркістан бірде әмір Темір ұрпақтарының мемлекетіне, бірде қайтадан Моғолстан хандарының қол астына қарады. 1480-жылдан бастап Моғолстанның құрамына Ташкент пен Сайрам енді, бірақ Жетісу кірмей қалды. Ал XVI ғ. басында Моғолстанның ыдырауы кезінде оның аумағы Қашғариямен ғана шектелді. Ортағасырлық деректерде «моғолдар» деген этникалық-саяси атау дулат, керей, қаңлы, қарлұқ, барлас, жалайыр, т.б. түркі тілдес тайпаларды біріктірді.

Моғолстан аумағында ұлыстық басқару жүйесі сақталып қалды, ал ханның ордасы Алмалықта орналасты. Тоғылық Темір хан ислам дініне қолдау көрсету арқылы билігін нығайтты. XIV ғ. 60-шы жылдарында Тоғылық Темір, кейін Ілияс Қожа хан өз биліктерін Мәуереннахрға да орнатпақ болып, ондағы өзара жауласып жатқан иеліктерді бағындыруға аттанды. Орта Азияның болашақ билеушісі әмір Темір (1370-1405) Тоғылық Темірге бағынышты екенін мойындап, сол үшін Кеш қаласын үлесті жерімен бірге басқаруға алды. Моғол хандарының Мәуереннахрды бағындыру әрекеттері моғол әскербасыларының өзара араздасуы салдарынан тоқтап қалды.

1365-жылы Ілияс Қожа хан Шағатай ұрпақтарының мемлекетін біріктіруге жаңа әрекет жасады. Ол Сырдария жағалауында болған «Батпақ шайқасында» әмір Темір әскерін шегінуге мәжбүр етті. Бірақ, моғол әскері Самарқанд тұрғындарының кескілескен қарсылығына ұшырады. Моғолстан ханының билігі шектеулі, моғол ру-тайпалары көсемдерінің еркіне тәуелді болған еді. Мұны Ілияс Қожа ханнан кейін мемлекетте дулат әмірі Қамар ад-Диннің ықпалының күшеюінен байқауға болады.

Моғолдар көшпелі болғандықтан жекелеген рулар мен тайпаларға бөлінді. Зерттеуші В.П. Юдин моғолдардың этникалық құрамын зерттей келе, олардың негізгі тайпаларына мыналарды жатқызады: арлат, арқанут, байрин, балықшы, барлас, бұлғашы, дулат, қаңлы, керейіт, қоншы, құрлаут, меркіт, нарин, сағыршы, татар, шорас, т.б. Моғолстан тайпалары XV ғ. түркі тілінде сөйледі, ал исламды XІV ғ. ортасында қабылдаған болатын.

XIV ғ. 70-ші жылдары Әмір Темірдің бірнеше жорықтарының нәтижесінде Ақ Орданың саяси және экономикалық дербестігіне алғашқы әрі шешуші соққы берілді. Әмір Темірдің қолдауына сүйенген Тоқтамыс (1379-1395) Ақ Орданың ханы тағына отырды. Тоқтамыс ханның Алтын Орда тағын иелену үшін жүргізген соғыстары, орыс князьдіктеріне, Закавказье мен Қырымға, Хорезм мен Еділ бойына шапқыншылықтар жасауы Ақ Орданың құлдырауын тереңдете түсті. Яғни, мемлекеттің материалдық және адам қоры зардап шекті.

XIV ғ. аяғынан бастап деректерде Ақ Орда Өзбек ұлысы деп атала бастаған. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ 1428-жылы қаза болғаннан кейін билік басына Жошының бесінші ұлы Шайбанның ұрпағы Әбілхайыр келді.

1370-1390 жж. Моғолстан Орта Азия билеушісі әмір Темірдің шапқыншылығына ұшырады. Әсіресе, 1375-1377 жж. аралығында әмір Темір әскерлері Қамар ад-Дин басқарған моғолдарды қатты талқандап, көп олжа мен тұтқын алып қайтты. Тұтқындар Мауараннахрға апарылып, құлдыққа сатылды. Әмір Темірдің 1389-жылғы кезекті жорығынан кейін Моғолстанның ханы Қызыр Қожа әмір Темірге вассалдық қатынастарды мойындады, ал Моғолстанның өзінде саяси бытыраңқылық күшейіп кетті.


3. Көшпелі өзбектер мемлекеті. (Әбілхайыр хандығы). Ақ Ордада талас-тартыстар белең алған кезде Жошының бесінші ұлы Шайбанның ұрпағы, Дәулет-Шайхтың баласы Әбілхайыр түркі тілдес тайпалар өкілдерінің қолдауымен 1428-жылы Шайбан ұлысында билік басына келді. Ол өзінің қарсыластары – Махмұд Қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді талқандап, XV ғ. 40-жылдары өз иеліктерін кеңейте түсті. Хандықтың аумағы Батыс Сібірдің оңтүстігінен Сырдария жағалауы мен Қаратау бөктеріне дейінгі, Жайықтан Ертіс пен Балқаштың солтүстігіне дейінгі жерлерді алып жатты. Мемлекеттің астанасы алдымен Чимга Турада, Орда-Базарда, кейін Сығанақ қаласында болды. Көшпелі аудандарының халқы үшін маңызды кәсіпшілік және сауда орталықтары болған Сырдария бойындағы қалаларды бағындырғаннан кейін Әбілхайыр хандығы нығая түсті. Мәуереннахрдағы Әмір Темір әулетінің өкілдері арасындағы қырқыстарға араласа отырып, Әбілхайыр хан Хорезмге, Түркістан қалаларына және Самарқандқа әскери жорықтар ұйымдастырды. 1457 жылы Сығанақ түбінде ойраттардан күйрей жеңілген Әбілхайыр Шығыс Дешті Қыпшаққа шегінді. 1468-жылы Әбілхайыр дүние салғаннан кейін көп ұзамай Шайбан әулетінің өкілдері 1470-1471 жылдары Шығыс Дешті Қыпшақтағы Өзбек ұлысының жоғары билігінен тайдырылды. Әбілқайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Шығыс Дешті Қыпшақтағы Шығыс Дешті Қыпшақтағы қазақ билеушілерімен саяси күресте жеңіліске ұшырады. Содан кейін олар Мәуереннахрдағы Әмір Темір әулеті өкілдерінің жерін бағындыруға күш салды. Темір әулеті елінің бытыраңқылығы, оның саяси және әскери күшінің әлсіреуі, т.б. себептерге байланысты Мұхаммед Шайбани мен оны қолдаған көшпелі өзбектер алдымен Орталық Мәуереннахрды, кейін әмір Темір әулеті мемлекетінің қалған бөлігін бағындырды.
4. Ноғай Ордасы. Ноғай Ордасындағы үстем тайпа маңғыттар болуы себепті көрші халықтар ноғайлардың ұлысын «Маңғыт жұрты» деп атаған. Зерттеушілер С.Е. Малов, Р.Г. Кузеев Ноғай Ордасы тұрғындарының шығу тегін Жошы әулетінің өкілі, ХІІІ ғ. Алтын Орданың түменбасы Ноғайға қараған тайпалармен байланыстырады. Алтын Орданың атақты қолбасшысы, Жошы ханның немересі Ноғай 1259-1299 жж. мемлекетте маңызды тұлғаға айналды. Ол 1299 жылы Алтын Орда ханы Тоқтымен Қағанлық (қазіргі Одесса) маңында болған шайқаста жеңіліп, қаза тапты.

XIV ғ. аяғы – XV ғ. басында әмір Едіге басқарған Маңғыт жұрты Алтын Ордадан бөлектенді. Ноғай Ордасына қараған тайпалар Жайықтан Днепрға дейінгі аралықта, оның ішінде Еділдің төменгі ағысы бойында, Солтүстік Кавказда, Қырымда мекендеді. Орталығы Жайық маңындағы Сарайшықта орналасты. Ноғай Ордасындағы саяси билік пен экономикалық жағдайға Едіге ұрпақтары бақылау жүргізді. Ноғай этносы қыпшақ, бұлғар, оғыз және т.б. түркі тілдес тайпалардан құралды.



XVI ғ. Ноғай Ордасы Қазақ хандығымен, Орыс мемлекетімен экономикалық және саяси байланыстарын қалыптастырды. XVI ғ. Ноғай Ордасы Үлкен Ноғай және Кіші Ноғай ордасы болып екіге бөлінді. Үлкен Ноғай ордасы Еділдің төменгі ағысы бойында мекендеді, ал Кіші Ноғай ордасы Кубань өзенінің оң жағалауында, Азов маңында, Украинаның оңтүстігі, Днепр және Дон өзендерінің аралығында орналасты. XVI ғ. 2-жартысында Қазан мен Астрахань хандықтары Ресей құрамына қосылып алынғаннан кейін Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырап кетті, халқының бір бөлігі қазақтың Кіші жүзінің құрамына енді. Ноғайлардың маңызды бір бөлігі Анадолыға көшіп, сол жерде орнығып қалды.

Сібір хандығы. Монғол шапқыншылығынан кейін Ертістің орта ағысы, Тобыл, Есіл, Тура аумақтары Жошы ұлысының құрамына енгенімен, жергілікті билік Тайбұға ұрпақтары мен керейіт тайпасы басшыларының қолында қалды. XV ғ. 20-90 жж. Батыс Сібірде шайбанилік Махмұд Қожа, Әбілхайыр, Ибақ хандар билік жүргізді. 1495-жылы жергілікті феодалдардың қолдауымен Батыс Сібірдегі билік басына тайбұғалық Мұхаммед келді. Ол Сібір хандығының астанасын Чимга Турадан Ертістің оң жағалауындағы Искер (Сібір) қаласына ауыстырды. Сібір хандығының соңғы билеушісі – шайбанилік Көшім хан (1556-1598) биліктен тайдырылғаннан кейін Сібір хандығының жері Ресей патшалығының құрамына енгізілді.
Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Моңғол жаулаушылық соғыстарынан кейін Қазақстан территориясында қандай мемлекеттер өмір сүрді?

  2. Қазақстан территориясындағы Моңғол жаулаушылық соғыстарынан кейінгі кезеңді сипаттаңыз.

  3. Картадан Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Көшпелі өзбектер мемлекетінің территориясын көрсетіңіз.

  4. Кестені толтырыңыз: «Мемлекеттердің этникалық құрылымы»


Әбілхайыр хандығы

Ноғай Ордасы

Моғолстан












  1. Ақ Орда, Моғолстан, Көшпелі Өзбектер мемлекеттерінің құлауының ортақ себептерінің атаңыз.



Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Ермұханова Х.К. Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы: «Шың кітап», 2010. – 360 б.

  3. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы «Атамұра», 1996, 2010. – 544 б.

  5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994.

  6. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  7. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  8. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007. – 344 б.

  9. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008. – 640 б.



Дәріс № 12-13.

Тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ.
Мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы туралы мәлімет беретін тарихи деректерді сипаттау. Қазақ хандығының құрылуы, оның нығаюы, қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы және «қазақ» этнонимінің мәні туралы түсіндіру. Студенттердің ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша білімдерін одан әрі жетілдіру.
Негізгі ұғымдар: қазақтар, Қазақ хандығы, этноним, этимология, этногенез, Қозыбасы.
Жоспар:

  1. Қазақ халқының этногенезі, кезеңдері.

  2. Қазақ жүздері: пайда болуы және этникалық аумағы.

  3. Қазақ хандығының құрылуы.


1. Қазақ халқының этногенезі, кезеңдері. Қазақ халқының құрылуы халықтар қалыптасуының жалпы заңдылықтары негізінде, таптық, феодалдық қатынастардың нығаюымен, аумағының, тілінің, материалдық және рухани мәдениеті ортақтығының қалыптасуымен байланысты жүзеге асты. Қазақ халқының қалыптасу үрдісінің ұзаққа созылуына монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған монғол ұлыстарының, Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай Ордасының бір орталыққа бағынбауы, көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдық қатынастардың баяу дамуы әсерін тигізді. Халықтың құрылуына XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағында дәстүрлі шаруашылықтың қайта өрлеуі, көшпелі және отырықшы шаруашылықтардың өзара әсері, монғол үстемдігіне дейінгі және олардан кейінгі көптеген тайпалардың тілдерінің сабақтастығы ықпал етті. Қазақ халқының негізгі этникалық топтары мен этникалық аймағының XV ғ. 2-жартысы мен XVI ғ. мемлекет болып бірігуі халықтың шоғырлану үрдісінің аяқталуын тездетті. Нәтижесінде қыпшақ, өзбек, өзбек-қазақ, қазақ деген жиынтық этносаяси терминдердің ауысуы арқылы "қазақтар" деген этникалық атау орнықты.

«Қазақ» этнонимі туралы. «Қазақ» терминінің шығуы туралы көзқарастар ауқымы кең, ғылыми болжамдардан бастап қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. «Қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен байланысты болған. ІХ-Х ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қоғамында «қазақ» атауы әлеуметтік, ал ХІ-ХІІ ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарды білдірді. Монғолдарға дейінгі уақытта қазақ этносының қалыптасуы туралы тұжырымдарды жасамаған жөн.

«Қазақ» - түркі сөзі. «Қазақ» сөзі алғаш айтылған жазба деректердің бірі – Египетте 1245 жылы құрастырылған түрік-араб сөздігі. Бұл сөздіктің авторы беймәлім, оны 1894 жылы М. Хоутсм Нидерландының Лейден қаласында баспадан шығарды. Бұл деректе «қазақ» сөзі «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы» деген мағынаны білдірді.

Бастапқыда «қазақ» сөзі өз халқынан, тайпасынан, өзінің заңды билеушісінен бөлініп кеткен кез-келген еркін адамды білдірді. Яғни, қазақ термині алғашқы кезде әлеуметтік мәнге ие болды. Мәселен, әр түрлі жерлерді кезіп, өзін-өзі асыраған кезбе – қазақ, алыс және қауіпті жолға серіктерсіз аттанған адам – қазақ, Бабырдың айтуы бойынша «жаудың малын батылдықпен айдап әкетуші» - бұл да қазақ.

Қазақтың тұрмысын белгілеу үшін парсы және түркі тілдеріндегі деректерде «қазақлық» - «еркіндік», «кезбелік» және «қазақламақ» - «еркін жүру», «кезу» деген сөздер қалыптасты.

Сондай-ақ, «қазақ» сөзі әр түрлі себептерге байланысты өз мемлекетінен бөлініп кеткен көшпенділердің тобын білдіру үшін қолданылды. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібектің басшылығымен Әбілқайыр ханның мемлекетінен 1459-1460 жж. бөлініп кеткен көшпенділер дәл осындай топ болды.

Осылайша, егер Қазақ мемлекеті құрылғанға дейін «қазақ» сөзі әлеуметтік мағынаны білдірсе, енді ол саяси терминге – жеке хандықтың атауына, ал кейін, XV ғ. 2-жартысында этнонимға – қазақ халқының өзіндік атауына айналды. Зерттеуші В.П. Юдиннің пікірінше, саяси тұтастық ретінде «қазақ» терминімен біріккен өзбек тайпаларының тобы, біртіндеп шайбанилер мен маңғыттарды өзіне қосып алды. Яғни, «қазақ» термині бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына таралды.
2. Қазақ жүздері: пайда болуы және этникалық аумағы. XІV-XV ғғ. тұрғындардың ұзақ уақыт бойы жекелеген мемлекеттер жүйесіне енуі салдарынан Қазақстан аумағында үш жүз құрылды. Қазақ жүздеріне енетін тайпалар бір-бірімен ортақ көшу бағыттарымен байланысты болды. Ұлы жүз Жетісудан Сырдарияға дейінгі жерлерде орналасты. Құрамы: үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, шапырашты, жалайыр, т.б. тайпалар. Орта жүз Орталық, Солтүстік-Шығыс Қазақстан аудандарын мекендеді. Құрамы: қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат, уақ тайпалары. Кіші жүз Батыс Қазақстанды, Сырдария сағаларынан Арал теңізі, Каспий теңізі жағалауының солтүстігіндегі жерлерді мекендеді. Құрамы: алшын, адай, байбақты, жаппас, қарасақал, қаракесек, т.б. тайпалар. Жүздердің тарихын зерттеушілер – С.А. Аманжолов, Н.А. Аристов, Ш. Уәлиханов, В. Бартольд, М. Вяткин, Т. Сұлтанов, Г. Волконский, т.б.
3. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестердің қорытындысы болды. Алтын Орда әлсірегеннен кейін Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда құрылған ұлыстар керуен жолдары мен жайылым жерлері үшін өзара соғыстар жүргізді. Қазақстанның оңтүстігінде қала мәдениеті мен отырықшы шаруашылықтың қайта жандануы, Орталық Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі халықтарының отырықшы аудандармен шаруашылық байланыстарының дамуы шығу тегі, мәдениеті, тілі бір этникалық топтардың бірігуіне, қазақ халқының құрылуына ықпал етті. XV ғ. ортасында этникалық жағынан жақын топтардың саяси бытыраңқылығын жою, сол кезде іс жүзінде халық болып қалыптасқан қазақ ру-тайпаларын мемлекет етіп біріктіру қажеттілігі туындады.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың (1499-1551) ортаазиялық парсы тілінде жазған «Тарих-и Рашиди» еңбегінде бұл оқиға былай сипатталған: «Сол кезде Дешті Қыпшақта Әбілқайыр хан билік құрды. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға мазасыздық тудырды. Жәнібек пен Керей хан одан қашып, Моғолстанға келді. Есен-Бұға хан оларды қабылдап, оларға Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбасы өңірін берді.

Әбілқайыр хан дүние салғаннан кейін Өзбек ұлысы ыдырай бастады. Әбілқайыр ханның қол астындағылардың басым бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті, олардың маңындағы адамдардың саны екі жүз мыңға жетті. Оларға өзбек-қазақтар деген атау берілді. Қазақ сұлтандарының мемлекеті 870 жылы (1465-1466 жж.) басталды».

Моғолстан ханы Есенбұға Ұрұс ханның ұрпақтарына жер бөліп беру арқылы Моғолстандағы хандық билікке таласқан бауыры Жүніске қарсы одақтас тауып, өзінің иеліктеріне көз алартқан Әбілхайыр хан мен Темір ұрпақтарына, ойраттарға қарсы қазақтарды әскери күш ретінде пайдалануды көздеді. 1462-жылы Есенбұға хан дүние салғаннан кейін Моғолстандағы билік дағдарысын пайдаланып, қазақ сұлтандары өздері иеленіп отырған Жетісуда жеке саяси бірлестік құрды.

Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресі 1468-жылы Әбілхайыр хан дүние салғаннан кейін қайтадан өршіді. Бұл күреске жергілікті халық пен ауып келушілерден едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік тылы бар Керей мен Жәнібек хандар да қосылды. XV ғ. аяғында Керей, Жәнібек,Бұрындық хандар қазақ ру-тайпалары мекендеген Сарысу, Сырдария, Арал маңы, Қаратау етегінің едәуір бөлігінде үстемдігін орнатты. Көшпелілер мен отырықшы аймақтар халықтарын байланыстыратын шаруашылық, мәдени, этникалық орталықтар болған Сырдария бойындағы Сығанақ, Сауран, Отырар, Йассы қалалары үшін Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбанимен ұрыстар жүргізілді. Алғашқы қазақ хандары Шығыс Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне таласушы хандарды бірте-бірте жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты.


Қазақ хандығының туы


Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Қазақ хандығының құрылуына қандай себептер болды?

  2. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын атаңыз.

  3. Қазақ халқының жүздерге бөлінуін қалай түсіндіруге болады.

  4. Қазақ қоғамындағы қандай әлеуметтік ұйымдасудың ерекшеліктерін атап айтуға болады?

  5. Кестені толтырыңыз «Қазақ жүздері».

Ұлы жүз

Орта жүз

Кіші жүз











Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Ермұханова Х.К. Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы: «Шың кітап», 2010. – 360 б.

  3. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы «Атамұра», 1996, 2010. – 544 б.

  5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994.

  6. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  7. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  8. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007. – 344 б.

  9. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008. – 640 б.



Дәріс № 14-15.

Тақырыбы: ХVІ-ХVІІ ҒҒ. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ.
Мақсаты: Қазақ хандығының XVI - XVIІ ғғ. Қасым хан, Таһир хан, Бұйдаш хан, Хақназар хан, Шығай хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тұрсын хан, Жәңгір хан, Тәуке хан билігі тұсындағы ішкі және сыртқы саяси дамуы, әлеуметтік-экономикалық мәселелері туралы түсіндіру. Студенттердің ортағасырлық Қазақ хандығының тарихы жайлы білімдерін толықтырып, ғылыми ұғымдармен кеңейту.
Негізгі ұғымдар: "Қасым ханның қасқа жолы", Шайбанилер мемлекеті, Аштархани әулеті, "Есім ханның ескі жолы", "Қатаған қырғыны", жоңғар, қалмақ, қонтайшы, "Жеті жарғы".

Жоспар:

1. ХVІ ғ. 1-ші ширегіндегі Қазақ хандығы. Қасым хан.

2. Қазақ хандығының ХVІ ғ. 2-ші жартысындағы жағдайы. Хақназар хан. Тәуекел хан.

3. ХVІІ ғ. Қазақ хандығы. Есім хан. Жәңгір хан. Тәуке хан.


1. ХVІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы. Қасым хан.Шығыс Дешті Қыпшақтың «даңқты сұлтандарының бірі» және әскербасы болған Қасым сұлтанның билігі XVI ғ. басында күшейді. 1511-жылы Бұрындық хан Мәуереннахрға кеткеннен кейін Қазақ хандығындағы жоғарғы билікке Жәнібектің ұлы Қасым келді. 1510-жыл Иран шахы Исмаилдың әскері Мұхаммед Шайбанидың өзбектерін талқандағаннан кейін Орта Азияда өзгерген саяси жағдайды Қазақ хандығының билеушілері ұтымды пайдаланып, 1513-жылы Сайрам қаласына үстемдігін орнатты. XVI ғ. 2-ші онжылдығында Қазақ хандығының аумағы кеңейіп, оңтүстікте Сырдарияның оң жағалауына дейінгі жерлерді, Түркістанның бірқатар қалаларын, оңтүстік-шығысында Жетісудың едәуір бөлігін, солтүстік-шығысында Ұлытау және Балқаш көлі арқылы Қарқаралы тауларына дейінгі жерлерді, солтүстік-батысында Жайық өзеніне дейінгі жерлерді қамтыды. XVI ғ. алғашқы ширегінде қазақтар Орыс мемлекетіне және Батыс Еуропа саяхатшыларына белгілі болды. Қасым ханның билігінің соңғы жылдарында қазақтар мен өзбектердің өзара қатынастары шиеленіскен күйінде қалды. Негізінен қазақтар Ташкент уәлаяты үшін Шайбани ұрпағы Сүйініш қожамен бірнеше рет шайқасқан. Қасым хан тұсында едәуір нығайғанына қарамастан, Қазақ хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ.

XVI ғ. 2-ші ширегінде Қазақ хандығы біраз дағдарысқа ұшырап, әлсіреді. Қасым ханның мұрагері Мамаш хан 1523-жылы қаза тапқаннан кейін хандықтағы жоғары билік Қасымның немере інісі Таһир ханның қолына көшті. Таһир ханның билігі тұсында қазақтардың Сырдария бойындағы Шайбани әулетіне қарсы жүргізген соғыстары сәтсіз аяқталып, Ноғай Ордасымен қарым-қатынастары шиеленісіп кетті. 1525-1526 жылғы қыстың бас кезінде Таһир ханның әскері қазіргі Түркістан қаласының маңында Ташкент уәлаятының билеушісі Келді Мұхаммедпен болған шайқаста жеңіліске ұшырады. Дегенмен, осы жеңілістен кейін де Таһир қырғыздар мен қазақтардың бір бөлігін өз жағына шығарып, тіпті Жетісуды өз ықпалына бағындырып алған. Мұнда ол қырғыздармен одақ құрып, моғол ханы Сұлтан Саидтың Жетісуда билік орнатпақ болған әрекетіне тойтарыс берді. Таһир ханның мұрагері, оның інісі Бұйдаш ханның да билігі Жетісу өңіріне таралды және оның қарамағында «отыз мыңға дейін адам» болды. Бұйдаштың сол уақытта бірден-бір қазақ ханы болмағаны және қазақ даласында басқа тағы бірнеше хандардың (Ахмет хан, Тоғым хан) болғаны туралы мәліметтер бар. Жалпы алғанда, XVI ғ. 30-60 жж. Қазақстан тарихының деректерде нашар көрсетілгенін ескерте кеткен жөн.


2. Қазақ хандығының ХVІ ғ. 2-ші жартысындағы жағдайы. Хақназар хан. Тәуекел хан. XVI ғ. 50-жылдарында Қазақ хандығында Қасымның ұлы Хақназар (Ақназар) ханның билігі күшейді. Осы кезден бастап Қазақ хандығы ноғайларға, Сібір хандығына, Орта Азия хандықтарына елеулі қауіп төндірді. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы Мәскеу мемлекетімен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым-қатынас жасады. 1573-жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігін жіберген IV Иван Грозный патша тікелей байланыс орнату мақсатын ғана емес, Сібір ханы Көшімге әскери одақ жасасу мақсатын да көздеген. Алайда, елшілік өз міндетін орындай алмады, өйткені оны 1573-жылдың жазында Сібір ханы Көшімнің жиені Мәметқұл тұтқынға алған.

Хақназар ханның Орта Азиядағы Шайбани ұрпақтарымен қарым-қатынастары жеткілікті дәрежеде тығыз және жан-жақты болды. Шайбани ұрпағы ІІ Абдаллах хан Хақназармен одақ жасасуға мүдделілік көрсетті. Абдаллах пен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасындағы күресте қазақ ханы мен сұлтандары Абдаллахқа қолдау білдірді. Баба сұлтанның бүлігін басуда көмектескені үшін Абдаллах хан қазақтарға Түркістанның төрт қыстағын сыйға тартқан. Дегенмен, кейбір қазақ сұлтандарының Баба сұлтанды қолдауы барысында 1580-жылға қарай шиеленіскен оқиғалар орын алып, соның салдарынан Хақназар хан мен оның бірқатар жақындары опат болды.



Хақназар ханнан кейін Қазақ хандығының тағына Жәнібектің тоғызыншы ұлы Жәдіктің ұрпағы Шығай отырды. Ол өзбек ханы Абдаллахпен одақтасып, Ташкент билеушісі Баба сұлтанмен соғысты. 1582-жылы (кейбір деректерде 1586) Шығай хан дүние салып, орнына баласы Тәуекел хан болды. Осы жылы Тәуекел Баба сұлтанды өлтіріп, Абдаллахтан сыйға уәлаят алды. Бірақ бұл одақ 1583-жылы бұзылады. Тәуекел хан Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес бастады. 1586-жылдан бастап ол Ташкентке, тіпті Самарқанд сияқты орталық қалаларға қауіп төндірді. 1594-жылы Тәуекел хан тұтқындағы інісі Ораз-Мұхаммедті елге қайтару әрі Абдаллах пен Көшім хандарға қарсы соғыс одағын құру және оқпен атылатын қару сұрау мақсатымен Ресей патшасы Федор Ивановичке Құл-Мұхаммед бастаған елшілік жіберді. 1595-жылы Тәуекел ханға В. Степанов бастаған елшілік келді. Осы кезде өзара тартыстың бәсеңдеуі, ішкі саяси өмірдің, мал және егін шаруашылықтарынң нығаюы Орта Азия, Сібір, Ресеймен сауда қатынастарын дамытуға көмектесті. XVI ғ. аяғында Түркістан аймағында күрес қайта өрістеді. Тәуекел Орта Азияның сауда орталықтарына шығу жолындағы күресін әрі қарай жалғастырды. 1598-жылы Тәуекел Орта Азияға жаңа жорық жасады. Бұл кезде Бұхарада тақ таласы басталып, Абдаллах қазаға ұшыраған соң, билік басына оның баласы Абд әл-Муминнің қолына көшкен еді. Алайда, оның билігі баянсыз болып, бүлікшіл әмірлердің қолынан қазаға ұшырады. Аз уақыт ішінде Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Әндіжанды, Самарқандты алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде қатты жараланып, Ташкентке шегінді. Тәуекел хан мен оның інісі Есім сұлтанның Мәуереннахрға жасаған жорығының нәтижесінде Түркістан, Ташкент, Ферғана Қазақ хандығының құрамына қосылды. Орта Азияда Шайбани әулетінің орнына билікке Аштархани әулеті келді.
3. ХVІІ ғ. Қазақ хандығы. Есім хан. Жәңгір хан. Тәуке хан. XVII ғ. басы – Қазақ мемлекеттігінің, көрші елдермен әскери-саяси, сауда және мәдени қатынастардың нығаю кезеңі. Қазақтардың билігі Ташкент, Түркістан, Сауран, Әндіжан қалаларына дейін таралды, осы аймақтар үшін қазақ билеушілері мен аштарханилік хандар арасында соғыстар жүргізілді. Тәуекел ханнан кейін билік басына келген Есім хан (1598-1628) Түркістанды Қазақ хандығының орталығына айналдырды. 1611-1613 жылдары аштарханилік Имамкули хан қазақтарға қарсы жорықтар ұйымдастырып, Ташкентті қайтарып алуға күш салды. Махмұд ибн Уәлидің «Бахр әл-Асрар» атты еңбегінде Ташкентте отырған қазақ ханы Тұрсын Мұхаммедтің (1613-1627) бұхарлықтардың жорықтарына тойтарыс бергені туралы баяндалады. Қазақ сұлтандарының өзара қырқыстары асқына түсіп, билеушілер Есім мен Тұрсын Мұхаммед арасында араздық соғысқа ұласты. Деректерге қарағанда қазақ хандарының Ташкент төңірегінде болған шайқасының нәтижесінде Тұрсын Мұхаммед қаза тапқан. Ш. Уәлиханов Есім ханның Тұрсын Мұхаммед ханды қолдаған қатаған және шанышқылы руларын жеңіп шығуына қырғыздардың көмектескені туралы мәліметтер келтіреді. Тарихта бұл оқиға "Қатаған қырғыны" деген атаумен сақталып қалды.

XVII ғ. 2-ші ширегінде Қазақ хандығының саяси жағдайы әлсірей бастады. 1635-жылы Батыр қонтайшының басшылығымен бір орталыққа бағынған Жоңғар хандығы Оңтүстік Сібір мен Шығыс Түркістанды толық бағындырып, Қазақ хандығының ең басты жауына айналды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып, осы аймақтағы қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы СалқамЖәңгір Бұхар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. 1643-жылы Орбұлақ шайқасында Жәңгір хан Самарқанд әмірі алшын Жалаңтөс батырдың көмегімен жоңғарларға күйрете соққы берді.



Қазақ хандығының билігі 1680-жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Тәуке хан орталық билікті күшейтуге және үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шараларды жүргізді. Жеті жарғы деген атпен белгілі әдеттегі құқық нормаларының жинағы құрастырып, мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Жеті жарғының негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алудың орнына құн төлеу жазасы белгіленді. Үш жүздің басын біріктіруде билер кеңесі шешуші рөл атқарды. Қазақ хандығының Орта Азия елдерімен, Ресей мемлекетімен саяси-экономикалық байланыстарын нығайту бағыты жалғастырылды. 1686-1693 жылдары Ресейге жіберілген елшіліктердің нәтижесінде екі ел арасындағы сауда байланыстары жолға қойылды.
Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. ХY-ХYI ғғ. Қазақ хандарының қызметі қандай болды?

  2. ХY-ХYI ғғ. Қазақ қоғамындағы негізгі тап өкілдерін атаңыз.

  3. Қазақ –жоңғар соғыстарының себептерін атаңыз.

  4. ХYII ғ. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасына сипаттама беріңіз.

  5. Ақтабан шұбырынды жылдарына сипаттама беріңіз.

  6. 1643ж. Орбұлақ шайқасының тарихи маңызы неде?

  7. 1710ж. Маслихаттың тарихи маңызы неде?



Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Ермұханова Х.К. Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы: «Шың кітап», 2010. – 360 б.

  3. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы «Атамұра», 1996, 2010. – 544 б.

  5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994.

  6. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  7. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  8. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007. – 344 б.

  9. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008. – 640 б.



Дәріс 16-17.

Тақырыбы:ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРАМЫНА ҚОСЫЛУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ.
Мақсаты: Қазақ халқының XVIII ғ. жоңғар басқыншылығына қарсы күресінің ұйымдастырылуы, ірі шайқастар туралы мәлімет беру. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей империясына елшілік аттандыруы, Кіші жүз және Орта жүз билеушілерінің Ресей бодандығына өтуінің себептері мен салдарын түсіндіру. Студенттердің Қазақстан тарихы бойынша білімдерін одан әрі жетілдіру.
Негізгі ұғымдар: жоңғар, қонтайшы, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама», Бұланты шайқасы, Аңырақай шайқасы.
Жоспар:

  1. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы.

  2. Кіші жүздің және Орта жүздің Ресей империясының қол астына өтуі.


1. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы. XVIII ғ. басында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы нашарлады. Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Бұл жағдайды көрші елдер дереу пайдаланды: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп Жоңғар хандығы тарапынан төнді. Жоңғар экономикасының негізі мал шаруашылығы болды. Жайылым жерлер көлемін кеңейту мақсатында жоңғарлар Қазақ хандығы аумағына шапқыншылықты жиілетті. Сонымен бірге жоңғарлар Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды басып алуды көздеді.

1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік ұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Оған себеп: Әбілқайыр және Қайып хандар өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді.

1722 ж. Цин императоры Кансидің өлімінен соң Цеван Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына қарсы бағыштады. 1723 жылы қазақ-жоңғар қарым-қатынасы шиеленісті. Қытай мемлекетімен бейбіт келісім-шартқа отырғаннан кейін жоңғарлар Қазақ хандығына қарсы соғыс ашуды шешті.

Қазақ хандығының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Дода-Доржым нойон Шу өзеніне бағыт алса, Цеван- Рабданның өзі Іле өзені арқылы Жетісуды басып алуды көздеді. Бас қолбасшылықты Цеван-Рабданның бауыры Шона-Даба атқарды. Алғашқы соққыны Жетісу мен Ертіс өңірінің қазақтары қабылдады. Жоңғарлардың шапқыншылығын күтпеген халық оларға еш қарсылық көрсете алмады. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды.

Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Қазақ рулары мекендерін тастап, Сырдарияның арғы бетіне қарай қашты. Сырдариядан өткен Ұлы және Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Ходжентке, Орта жүз қазақтарының біраз бөлігі Самарқанға, ал Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхара аумағына өтті. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халықтың сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.

Осы жылдары Қазақ хандығының батысындағы қалмақтардың да қазақ жеріне шабуылы жиіледі. Әбілқайыр ханның басшылығымен қазақ жасақтары бұл бағытта да жауға ұйымдасқан тойтарыс берді. Қазақ жасақтарының басында халық батырлары тұрды. Халық рухын көтеруде Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің рөлі зор болды. Жауға қарсы жаппай қарсылық көрсету 1724 жылдан басталды. Бұл жылы негізгі әскери қақтығыстар Орталық және Батыс Қазақстан аумағында болды. Бұл қақтығыстарда Әбілқайыр хан бастаған қазақ қолдары табысты қимылдады. Әбілқайыр ханды қазақтардың басым бөлігі, қарақалпақтар мойындады. Бұл жылдары Әбілқайыр хан соғыс даласында асқан батырлық танытты.

1726-1727 жж. сұлтандар мен билер қазақ жерін жаудан азат етуде қазақ руларының басын біріктіру саясатын қолға алды. 1726 жылы Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі Ордабасы деген жерде үш жүз өкілдерінің біріккен жиналысы болды. Бұл жиынға үш жүздің хандары – Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке бастаған билер, батырлар қатысты. Жиналыс барысында үш жүздің басын біріктіріп, жауды Қазақ жерінен қуу мәселесі талқыланды. Жиналысқа келгендер жауға қарсы біріккен майдан құру керек деп шешті. Бүкіл қазақ жасағының қолбасшылары болып Әбілқайыр хан мен қанжығалы Бөгенбай батыр сайланды.

1727 жылдың жаз айларында үш жүздің біріккен қолы әскери дайындықтан өтіп, қару-жарақты дайындаумен айналысты. Әбілқайыр Бұхарадан ат, қару-жарақ сатып алып, әскерді соғыс өнеріне жан-жақты дайындайтын батырларды өзі тағайындады. Сонымен бірге әскери барлау ісіне үлкен мән берілді. Күзде Сарыарқа даласындағы Бұланты өзенінің маңында жоңғарларға үлкен соққы берілді. Кейіннен шайқас болған аймақ «Қалмақ қырылған» деп аталды. Бұл жеңіс қазақтардың рухын көтеріп, болашақ күреске жігерлендірді.

Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақтар үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 шақырымға созылды.

Аңырақай шайқасына қатысқан қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаракерей Қабанбай, Саңырық, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Шапырашты Наурызбай, Райымбек және т.б. батырлар қанды шайқастардың алдыңғы шептерінде болып, ерлік үлгісін танытты. Батырлар өзіндік шешім қабылдай алатын, соғыс ісін жан-жақты білетін, әскери стратегия, тактикамен таныс тәжірибелі ерлер еді. Өкінішке орай, Аңырақай жеңісі жалғасын таппады. Шайқастан кейін қазақ билеушілерінің арасында жік туды. Өйткені, осы кезде Болат хан қайтыс болғаннан кейін жоғарғы билік үшін талас басталды. Ұлы ханның орнын Орта жүзден Сәмеке, Кіші жүзден Әбілқайыр хан аламыз деп дәмеленді. Көпшіліктің қалаған адамы Болаттың ұлы Әбілмәмбет болды. Сәмеке мен Әбілқайыр өздерін үлкен хандықтан құр қалдырды деп есептеп, майдан даласын тастап, кетіп қалды. Нәтижесінде Әбілмәмбет сұлтан Түркістанға көшсе, Әбілқайыр Кіші жүз аумағына қайтады. Сөйтіп, қазақ жерлерін жоңғарлардан толық азат ету ісіне оңалмас нұқсан келді. Қазақтардың Аңырақайдағы жеңісіне қарамастан жоңғарлар тарапынан шабуыл тыйылмады.

Шәкәрім Құдайбердіұлының жазбаларында 1723-1730 жж. Отан соғысы кезінде қазақ халқының санының үштен екісі кемігені туралы мәлімет бар. Демограф М. Тәтімовтің санағы бойынша 1723 жылы қазақ халқының саны 3 млн 330 мың болса, 1725 жылы 2 млн 222 мыңға азайған.

Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының қаупі сақталып қалды. Қазақ хандықтары жөнінде агрессияшыл саясат жүргізген Қалдан Цереннің (1727-1745 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қаупін күшейтті.

Қазақ хандықтарының Орта Азия хандықтарымен де қатынастары шиеленіскен күйінде қалды. Еділ қалмақтары және башқұрттармен қарым-қатынастар да күрделі еді. Осындай жағдайда қазақ билеушілері алдында күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық бытыраңқылығын жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жетті. Солтүстіктегі қуатты көрші – Орыс мемлекетімен одақтасу қажеттігі туралы пиғыл туындады. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси жэне экономикалық байланыстарын нығайтып, Ресейдің қол астына кірудің жолдарын іздеу жөнінде ұйғарым қалыптасты.
2. Кіші жүздің және Орта жүздің Ресей империясының қол астына өтуі. Қазақ халкының тарихында XVIII ғ. басы ауыр кезең болды. Тәуке хан 1715 жылы дүние салған соң Қазақ хандығы іс жүзінде жеке-жеке хандықтарға бөлінді. Жүздердің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті, ал ұлыстарды басқарып отырған сұлтандар сол хандарға тікелей бағынды. Жолбарыс Ұлы жүздің (1720-1740 жж.), Қайып (1716-1719 жж.), сосын Сәмеке (1719-1734 жж.) Орта жүздің, Әбілқайыр (1718-1748 жж.) Кіші жүздің хандары болды. Тәукенің тағына отырған Болаттың (1718-1726 жж.) Ұлы хан деген атағы ғана болды.

Осы кезеңде Қазақ хандығының сыртқы жағдайы да шиеленісе түсті. Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының жеріне Орта Азия хандықтары, Еділ бойындағы қалмақтар, башқұрттар мен Сібір казактары үздіксіз шабуыл жасап отырды. Осындай қиын-қыстау жағдай Әбілқайыр ханды Ресей мемлекеті сияқты одақтас іздеуге мәжбүр етті.

1730 жылы жазда Әбілқайыр Уфа наместнигі арқылы Петербургке Сейітқүл Құндағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілік жіберіп, Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінеді. Хатында Әбілқайыр хан Кіші жүз қазақтары түгел Ресей бодандығын қабылдайтынын атап көрсетті. Әбілқайыр ханның Құтлымбет Қоштайұлы бастаған 7 адамнан тұратын елшілері құрметпен қабылданып, бағалы сыйлықтар тартылды.

1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоанновна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды. Осы грамотаны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың сәуірінде Ресей Кіші жүзге Сыртқы істер коллегиясының тілмәші А.И. Тевкелев бастаған арнайы елшілік жіберді.

Бірінші болып бодандыққа Әбілқайыр хан ант берді, оған Бөкенбай ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 27 ақсақал ант берді. Бодандықты қабылдаған Әбілқайыр Ресей империясының шығыс шекарасын, орыс көпестерінің сауда керуендерін қорғауға, орыс мемлекетіне әскери көмек көрсетуге, бағалы терілерден салық төлеуге уәде берді. Сонымен қатар Әбілқайыр, патша өкіметінен өз ұрпағында хандық биліктің қалуын, іштен және сырттан қиындықтар туа қалған жағдайда, өзіне қорған болатын Ор бекінісін салуды талап етті.

Осылай 1730-1740 жж. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы нәтижесінде солтүстік-батыс Қазақстан жері Ресей империясының отарына айналды.


Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Қазақ жерлерінің Ресей империясының құрамына кіруінің алғышарттарымен кезеңдері туралы не білесіз?

  2. Әбілхайыр Ресейдің бодандығын қабылдап, қандай мақсат көздеді?

  3. Протекторат дегеніміз не?

  4. Ресей империясы тарапынан Қазақстанды жаулау үдерісі қалай басталды?

  5. Қазақ жерлерінің Ресей империясының құрамына өтуі қандай зардаптарға (саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) әкеліп соқтырды?



Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.

  4. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  5. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

  7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.



Дәріс 18-19.

Тақырыбы:ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.
Мақсаты: 1822-1824 жж. Орта жүз бен Кіші жүзде хан билігінің жойылуы туралы түсіндіру. Ресей империясының Қазақ даласындағы отаршыл саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері туралы мәлімет беру. Студенттердің ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бойынша білімдерін одан әрі жетілдіру.
Негізгі ұғымдар: «Сібір қырғыздары туралы жарғы», «Орынбор қырғыздары туралы жарғы», Бөкей Ордасы, ұлт-азаттық көтеріліс.
Жоспар:

  1. Орта жүз бен Кіші жүзде хан билігінің жойылуы.

  2. Бөкей Ордасындағы 1836-1838 жж. шаруалар көтерілісі.

  3. Кенесары Қасымұлы бастаған халық-азаттық күресі (1837-1847 жж.).


1. Орта жүз бен Кіші жүзде хан билігінің жойылуы. Абылай хан дүние салғаннан кейін Қазақ хандығы бытырап, әр жүзде жеке хандар сайланып, бұл хандар Абылай ханның мұрагері Уәли ханға бағынуға ниет білдірмеді. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын жете білуге тырысқан патша өкіметі қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж. Орта жүзге Уәли хан (1781-1819 жж.) болып бекітілді. Ресей әкімшілігі қазақтардың саяси, сот жэне рухани өміріне байланысты шараларды даярлаумен айналысты. Мысалы: ханның жанынан ақсақалдар Кеңесін құру; билер соты; қазақ балалары үшін мектеп ашу; шекара жанындағы қазақтарды тікелей басқаруды ұйымдастыру; қазақ жерлеріне әскери-ғылыми-барлау экспедицияларын жіберу т.б. 1819 ж. Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде жаңадан хан сайланбады.

XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында Орта және Кіші жүздің аумағы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің аумағы Қоқан хандығының қол астында болды.

XIX ғ. 20-30 жж. орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан әрі нығайтуды көздеді. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы», 1824 жылы «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады.

Авторы Сібір әскери губернаторы М. Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П. Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы Кіші жүз аумағына таралды.

«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз аумағы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып, Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды. Орталығы алғаш Тобыл, 1839 жылдан бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. Барлығы жеті сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).

Әр округ болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Округтардың басшылығында округтік приказдар түрды және оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округқа 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.

Сонымен қатар Жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша әр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс болды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салықтан босатылды. Қазақтарға керуендерді, пошта жолдарын күзету, байланыс жолдарын қадағалау сияқты және т.б. міндеткерліктер жүктелді. Жарғының арнайы бір параграфы аға сұлтандардың, болыс сұлтандарының және округтік приказ шенеуніктерінің мәртебесін және жылдық жалақысын белгіледі: аға сұлтандарға жылына 1 200 сом, тілмаштарға 800 сом, болыс сұлтандарына 150 сом.

1824 жылы Орынбор генерал-губернаторы П. Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы Кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның аумағы Батыс, Орта және Шығыс болып үшке бөлініп, Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. 1824 жылғы Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші жэне төрт ауқатты қазақтан тұратын шекаралық комиссия құрылды.

1822 жылғы жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шекаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. 1831 жылы дистанциялар мен старшындықтар ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте - 8, Ортада - 20, Шығыста - 28 дистанция құрылды. 1837 жылы 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар, старшындар және молдалар салықтан босатылды.

Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық биліктіжойып, орнына Ресей әкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Осы және одан кейін жалғасқан XIX ғ. 30-50 жж. реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан әрі отарлау үшін жағдай жасады.


2. Бөкей Ордасындағы 1836-1838 жж. шаруалар көтерілісі. 1756 ж. патша жарлығы бойынша казақтарға қысқы уақытта Жайықтың оң жағалауына мал жаюға тыйым салынған болатын. Патшаның бұл жарлығы Жайық орыс-казактарының мүддесі тұрғысынан қабылданды. «Игельстром реформасының» жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық арасындағы жерлерге көшіп-қонуға патша үкіметінен рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы екі өзен аралығында Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанның басқаруымен жеке иелік құрылды. Бөкей сұлтан 1812 жылы ғана патша үкіметінен «хан» атағын алып, ол басқарған иелік Бөкей ордасы немесе Ішкі Орда деп атала бастады. Бөкей Ордасы Ресей империясының шекаралық өңірінің «Ішкі» жағында орналасқандықтан «қуыршақ мемлекет» рөлін атқарды. Бөкей Ордасы құрылғаннан кейін Жайықтың оң жағалауына 5 мыңға жуық үй көшіп-қонса, кейін 10 235 үйге жеткен. Бөкей хандығының шекарасы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатты. Бірақ бұл жерге қоныстанған қазақтарға Орал казак-орыс әскерлері жиі-жиі шапқыншылықтар жасап отырды, біртіндеп әскери бекіністер салына бастады. Жайық өзенінің бойы біртіндеп Орал казак-орыс әскерлерінің меншігіне қарады. Соның салдарынан қазақтардың жайылымдық жерлері тарылып, шаруашылықтары күйзеліске ұшырады.

1815 жылы Бөкей хан дүние салған соң оның орнын басар Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей атты үш ұлы қалады. 1824 жылы Жәңгір арнайы жарлықпен хан тағына отырған соң Ішкі Ордадағы қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік-саяси құрылымдарға, жер қатынасына, салық саясатына өзгерістер енгізбек болды. Бірақ көшпелі және жартылай көшпелі халық ханның бұл «жаңалықтарына» дайын болмады.

Жәңгір хан 1833 жылы өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген рулардың басқарушысы етіп тағайындайды. Жаңа тағайындалған басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға ұшыратты. Ол қазақтарға жерді «жалға» беру деғенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін әр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді. 1835 жылы Исатай Тайманұлы ханға арызданбақ болғанда, сұлтан Шөке Нұралиев ханмен сөйлесемін деп Беріш руына қарасты елден 264 түйе, 127 жылқы, 19 222 сом ақша жинап алып, халықтың шағымын аяқсыз қалдырады.

Жер қатынасындағы осындай әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-1838 жж. халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші бұқара халық болды.

1835 жылы Исатай бастаған көтерілісшілер халық арасында үгіт-насихат жүмыстарын жүргізіп, орын алған әділетсіздікпен озбырлықты әшкерелеп, хан билігіне бағынбауға шақырады. Исатай мен Махамбеттің бұл әрекеттерін Қарауылқожа «елді бүлдіріп» жатыр деп Жәңгір ханға бірнеше рет хат жазады. 1836 жылдың ақпан айында көтерілісшілердің Жәңгір ханға қарсы белсенді күресі басталады.

1836-1837 жж. көтерілісшілер ханға өздерінің талаптарын айтып, өкілдерін жіберді. Сонымен қатар Исатай халықты казактар мен байлардың жерлерін бөліске салып, Жайықтың арғы бетіне өтуге шақырып отырады. 1837 жылы наурызда Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа шақыртады, бірақ олар сотқа барудан бас тартады. Орынбор генерал-губернаторы Перовский жіберген атаман Покатилов бастаған Жайық казак әскерінің отряды да оларды тұтқындай алмайды. Бұл тұста көтерілісшілердің саны 3 мың адамға жеткен еді. 1837 жылы қыркүйегінде Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Қарауылқожаның және басқа да би-сұлтандардың ауылдарына шабуыл жасайды. Одан кейін хан ордасын шабуылдауды ойластырып, қазан айында ордаға 12 шақырымдай жерге келіп орналасады. Алдымен ханға өз талаптарын айтып хат жазып, оның орындалуын күтеді. Жәңгір хан болса Исатаймен келіссөз жүргізу арқылы уақыт ұтады да, Орынбор генерал-губернаторлығына жасырын хат жазып, көмек сұрайды.

Орынбор генерал-губернаторы Перовский қазан айының 17-сінде подполковник Геккені Жэңгір ханға көмекке жіберіп, Исатай мен Махамбетті тұтқындауды тапсырады. Қазан айының 30-да Гекке хан ордасына келген соң қосымша күш жинау үшін, уақыт ұту мақсатында Исатаймен келіссөздер жүргізеді, бірақ одан нәтиже шықпайды. Бұдан кейін Гекке губернаторға хат жазып, өздерінің көтерілісшілермен соғысуға даяр еместігін және полковник Меркульевтің отрядына Теректіқұмдағы Исатайдың ауылына шабуыл жасау керектігін айтады. Қараша айының 7-де Меркульевтің отряды Исатайдың ауылына шабуыл жасап, батырдың отбасын тұтқындайды. Бұл хабарды естіген Исатай дереу ауылына көмекке аттанады. 8 қарашада Исатайдың жігіттері Меркульевтің отрядын қоршап алады да, адамдарын босатуды талап етеді. Меркульев соғысуға күштің тең еместігін байқап, ауыл адамдарын босатуға мәжбүр болады. Осы жағдайдан кейін Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің мәні өзгеріп, ол тек ханға қарсылық емес, енді ханға қолдау көрсеткен Орынбор әкімшілігіне де қарсылық сипатына ие болды.

Меркульевтің отряды Геккенің отрядымен Бекетай ауылының маңында қосылып, Тастөбеге қарай бағыт алады. Тастөбеге 4 шақырымдай қалғанда 500-ге жуық көтерілісшілер тобымен кездеседі. Исатай батыр Меркульевтің отрядынан құтқарып алған елді қорғау үшін жан-жақтан жігіттерін жинауға тырысады. Бірақ Гекке бастаған 2000 жазалаушы солдат көтерілісшілердің бір-біріне қосылмауына күш салады. Жазалаушы отряд саны жағынан басымдылық танытса да көтерілісшілер бірінші болып шабуыл бастайды. Алдымен мергендер тобы мылтық атады, Геккенің отряды оларды зеңбіректен атқылайды. Зеңбіректен дұрыс нәтиже болмаған сон Геккенің солдаттары шабуылга көшеді. Оларға көтерілісшілер қарсы шығып, солдаттардың арасын біршама сиретіп тастайды. Мұны байқаған Гекке көтерілісшілерге жақындап келіп, зеңбіректен қайта оқ атуды бұйырады, онысы нысанаға дэл тиіп, көтерілісшілерден көп адам шығынға ұшырайды. Сол уақытта солдаттар тағы да шабуылға шығады. Осы шайқаста Исатай оң қолынан жараланады да, баласы Жақия 50-60 адаммен бірге қаза табады. Тастөбе маңындағы шайқаста көтерілісшілер Геккенің отрядынан жеңіледі. Жеңілістен кейін Исатайдың жігіттері Ішкі Ордаға шағын топтармен тарай бастады.

Исатай қатары сиреген көтерілісшілерді қайта біріктіруге тырысты. Ал бұл уақытта подполковник Геккенің басшылығында 700-дей казак-орыс әскері, 2 зеңбірек және 400 адамнан тұратын хан жасағы болды. Жазалаушы отряд енді Исатай батырдың өзін ұстауға тырысады. Осы мақсатпен полковник Меркульев 300 казак отрядына ханның 600 жасағын қосып алып бірталай жерді шолып қайтады. Перовский Исатай батырды ұстаған адамға 500 сом күміс ақшамен сыйлық тағайындайды. 1837 жылы 15 қараша күні таңсәріде Тастөбенің жанында көтерісшілер мен жазалаушы отрядтың арасында кескілескен шайқас болады. Жазалаушылар көтерісшілердің көп шоғырланған тұсына зеңбіректен оқ атып, көтерісшілерді біршама жерге дейін қуғындайды.

Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші және екінші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Исатай мен Махамбет Кіші жүзге өтіп, 2000 жігіт жинап, Хиуа ханының қолдауымен патша өкіметіне және оның қолшоқпары Баймағамбет Айшуақовқа қарсы күреседі. Бұл уақытта жазалаушы әскер мен Баймағамбеттің жасағы Исатайларды тынымсыз іздеуде болатын. Исатайдың қайда жүргеніне қатты мазасызданған Жәңгір хан Кіші жүздің ішіне өз тыңшыларын жіберіп, бақылауды күшейтеді. Ал Орынбор губернаторы Перовский болса Кіші жүздегі көтерілісті басуға қосымша әскер жібереді. Полковник Гекке мен Баймағамбеттің отрядтары Ақбұлақтың жағасына орналасады. Исатай 500-дей жігітімен Қиыл өзенінің қарсы жағалауындағы биік қырға келіп тоқтайды. Көп кешікпей екі арада шайқас басталады. Жазалаушы әскер көтерілісшілерді үш жақтан шабуылдап, зеңбіректен оқ атады. Шайқаста көтерілісшілердің 70-80 адамы қаза табады да, амалсыздан шегінеді. Осы шайқаста Исатай қолға түседі, Баймағамбеттің үш нөкері оның қолын артына қайыра байлайды да, біреуі батырдың кеудесіне мылтық тақап тұрып атады. Оған қоса Иван Богатырев деген урядник батырдың басын қылышымен шауып түсіреді. Басшысы өлген көтерілісшілер Ойыл өзенінің жағасындағы қалған топқа қосылады. Кіші жүзді қаптаған патшаның жазалаушы әскерлері көтерілісшілердің бірігіп, ары қарай әрекет жасауына мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін Исатайдың ұйымдастыруымен болған Кіші жүздегі көтеріліс жеңіледі.

Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкімшілігі оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 жылы қыркүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс – қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.




3. Кенесары Қасымұлы бастаған халық-азаттық күресі (1837-1847 жж.). Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымүлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың XVIII-XIX ғғ. болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің халқы түгелге жуық қатысты. Азаттық күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына қарағанда 1843-1845 жж. көбейе түскені байқалады. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен билер және басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты.

Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тәуелсіздігін сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы азаттық соғысты бастамас бұрын бірнеше дипломатиялық қадамдар жасады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған бекіністерді бұзуды, орыс әскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп бірнеше хат жолдаған болатын. Бірақ, Кенесарының бүл хаттары патша әкімшілігі тарапынан жауапсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды.

1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде кескілескен шайқас Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын гарнизон қорғайтын. Кенесарының әскері бекіністі өртеп, біраз қару-жарақтарын олжалады.

1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Орынбор әскери губернаторлығына қарасты Ырғыз бен Торғай жаққа көшеді. Ол кездегі Орынбордың генерал-губернаторы граф В.А. Перовский алғашқы кезеңде көтерілісшілермен арақатынасты бейбіт жолмен шешуге тырысқан еді. Арадағы келіссөздер барысында В.А. Перовский Кенесарыға көмектесетін болады. Жылдың аяғында Кенесары мен В.А.Перовский арасында уақытша бітім жасауға қол жетеді. Ол бітім бойынша Кенесары бастаған көтерілісшілер шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде береді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созылды. Бірак, уақытша тыныштық орнаған тұста Батыс Сібір генерал-губернаторлығының әскери отрядтарымен қарулы қақтығыстар тоқталған жоқ болатын.

1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған билер мен сұлтандар Кенесары Қасымұлын ақ киізге көтеріп, хан етіп сайлады. Ресей империясының билігі орныққан Ертіс, Есіл, Орал шептерінің бойындағы аудандардан басқа Қазақстанның барлық жерлерінеКенесары ханның билігі жүрді. Хан Кеңесі құрылып, оған батырлар, билер, сұлтандар, жеке ерлік көрсеткендер, дипломатиялық қабілеттері бар сенімді жақтастары кірді. Хан жарлықтары мен Хан Кеңесінің шешімдерін таратып, түсіндіріп және орындалуын талап етіп отыратын арнайы басқарма қүрылды. Салық жүйесіне өзгерістер енгізілді. Әскери мәселеде, Хан кеңесінің мүшелері мен атақты батырлар басқаратын қатаң әскери тәртіптегі мыңдықтар және жүздіктер ұйымдастырылды.

Кенесары Орынбор губернаторымен уақытша келісімге келгеннен кейін, 1841-1842 жж. Қокан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін азат ету үшін күрес жүргізеді. Бұл күрестің нәтижесінде Созақ, Сауран, Ақмешіт, Жаңақорған қалалары қоқандықтардан азат етіліп, Түркістан қаласы қоршауға алынады. Осыдан кейін Қоқан хандығы Кенесарымен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды.

1843 жылдың 27 маусымында патша Николай I Кенесары Қасымұлы бастаған күресті басу үшін қазақ даласына ірі көлемдегі әскери жорық ұйымдастыру туралы бұйрық шығарды. Сонымен қатар, Кенесары ханның басын кесіп әкелген адамға 3000 сом сыйлық тағайындады.

1844 жылдың көктемінде патша әкімшілігі қазақ даласына үш отрядты бірдей жіберуді ұйғарды. Ол отрядтарға Ор бекінісінен, Ұлытаудан жэне Тобыл өзені бойынан бір уақытта аттанып, Кенесары ханның жасақтарын жан-жақтан қоршауға алып, шешуші соққы беру арқылы талқандау қатаң тапсырылды. Оған қоса, Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан старшина Лебедевтің және қазақ сұлтандары А. Жантөрин мен Б. Айшуақовтың басшылығымен құрамында қазақтардан 2000-дай адамы бар қосымша отрядтар жасақталды. Кенесары ханның әскеріне қарсы соғыс операциясын басқару генерал-майор Жемчужниковке жүктеледі. Ол кезде Кенесарының 20 мыңдай әскері бар еді. Кенесары хан патшаның жазалаушы отрядтарын бір-біріне қосылуына мүмкіндік бермей, жеке-жеке соққы беруді ойластырды. Ол өз жасақтарының бір бөлігін Батыс Сібірден шыққан отрядқа қарсы жіберді де, олар Ұлытауға қарай шегіне шайқас жүргізіп, жазалаушы отрядты басқа жаққа қарай бұрып әкетеді. Кейін Кенесарыға қарсы шайқаста көрсеткен дәрменсіздігі үшін Лебедев Орынборға шақыртылып, қызметінен босатылып, сотқа тартылады. Кенесары болса, өзінің негізгі күшімен Константиновск бекінісіне шабуыл жасап, 1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні Өлкеаяқ өзенінің бойында Ахмет Жантөриннің отрядын талқандайды.

1846 жылдың басында Кенесары хан әскерлерімен Балқаш көлінің маңына қоныс аударады. Патша үкіметі қазақ даласындағы Кенесары бастаған көтерілісті біржола жою үшін генерал-майор Вишневскийдің басқаруымен үлкен отряд аттандырады. 1846 жылы Кенесары хан қоқандықтардан Әулиеата, Мерке қалаларын қайтарады. Осы жылы Кенесарыға қолдау көрсетуші Ұлы жүздің Саурық батыры қырғыздардың батыры Жаманқораны өлтіреді. Оған жауап ретінде қырғыздар Саурық батырдың ауылын шауып, Саурық батырды жігіттерімен қоса өлтіріп, мал-мүлкін тонап кетеді. Бұдан кейін қазақ-қырғыз арақатынастары шиеленісе түсті. Осындай шиеленіскен жағдайлардың барысында 1847 жылы Кенесары хан 10 мың сарбазымен қырғыз жеріне басып кіріп, оларды Қоқан езгісіне қарсы қазақтармен бірігіп күресуге шақырады.

Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптары мен Вишневскийдің отряды және Қоқан хандығының әскерлері «Алмалы сай» шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады. Таулы аймақ хан Кененің сарбаздарына басымдық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, Рүстем сұлтан мен Сыпатай батыр бастаған жасақтардың ұрыс алаңынанкетіп қалуы да жағдайды қиындатқан болатын. Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Қырғыздардың қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары хан патша чиновниктерінің алдауына түсіп, сыйлықтар алған қырғыз манаптарының тарапынан өлтірілді. Кенесары ханның өлімінен кейін оның жетекшілігімен болған азаттық күресі де жеңіліске ұшырады.



Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңілуінің негізгі себептері мыналар: қазақ халқының бір тудың астына біріге алмауы, кейбір ру басыларының өз бетінше билік жүргізуге ұмтылуы және де патшалық Ресейді жақтауы, Кенесарының Ресей, Қоқан, Бұхар хандықтарымен күресте күштің тең болмауы. Сонымен қатар, ол өзін жақтамаған кейбір қазақ және қырғыз ауылдарын шабуы халықтың наразылығын тудырып, көтерілісті әлсірете түсті. Дегенмен де, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрес қазақ халқының тарихындаҚазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға тырысқан, тарихи маңызы зор күрес болды.
Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Хандық биліктің жойылуының негізгі себептері неде?

  2. Кіші және Орта жүзде хандық билікті жою қалай жүрді?

  3. 1822-1824жж. реформалардың мақсаты қандай еді?

  4. «Сібір қырғыздарының жарғысы» бойынша Қазақстанның әкімшілік құрылысында қандай өзгерістер болды?

  5. «Орынбор қырғыздарының жарғысы» бойынша Қазақстанның әкімшілік құрылысында қандай өзгерістер болды?

  6. Дистанция дегеніміз не?

  7. 1822-1824жж. Реформалардың қандай зардаптары болды?

  8. Көкшетау округі қалай ашылды?

  9. К. Қасымұлы бастаған көтерілістің ерекшелігі неде?


Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.

  4. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  5. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

  7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.



Дәріс 20-21.

Тақырыбы:ҚАЗАҚ ЖЕРЛЕРІНІҢ РЕСЕЙ ҚҰРАМЫНА ҚОСЫЛУЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ.
Мақсаты: Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның аумағын Ресей империясының басып алуы,қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылу процесінің аяқталуы, соған сәйкес ХІХ ғ. 60-90 жылдарында жүргізілген әкімшілік-аумақтық реформалар туралы түсіндіру. Студенттердің ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бойынша білімдерін одан әрі жетілдіру.
Негізгі ұғымдар: реформа, экспедиция, Қоқан хандығы, Бұхар әмірлігі, Хиуа хандығы, генерал-губернаторлық, облыс, уезд, болыс.
Жоспар:

  1. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей құрамына енуі.

  2. 1867-1868 жж. әкімшілік-аумақтық реформалар.

  3. ХІХ ғ. 2-ші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы.


1. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей құрамына енуі. XIX ғ. 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билікті жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы жүз мәселесіне әлі де көңіл бөле алмаған болатын. Жалпы, XIX ғ. 30-жылдарына дейін Рееей империясының саясатынан Орта Азия мәселесі де тыс қалды.

Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей және Қытай аралығында орналасуын патша әкімшілігі жаксы түсінді. Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі шаралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаментінің ұсынысымен XIX ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына Н.Г. Потанин, Бұхар әмірлігіне П.И. Демезон мен И.В. Виткевич, Е.П. Ковалевский, Хиуаға Г.И. Данилевский бастаған дипломатиялық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында Ресей Хиуа және Бұхарамен орыс-азия сауда мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа хандығының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты саясаты туралы мәліметтер алып қайтты.

1839 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы В.А. Перовский 12 зеңбірек, 4 000 жаяу әскер және 10 000 түйеге артқан жүгімен Хиуаға қарсы жорығын бастады. Қатты суық пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айырылып, үлкен шығынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840 жылы 1 ақпанда тағы да 5 000 түйе азық-түлікпен басқа да құрал-жабдықтарын жоғалтып Ақбұлаққа жетті. Ақпан айының ортасында Орынборға кері қайтты. Бірақ, жағдайдың бұлай шиеленісуіне қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп, Ресейге 124 орыс тұтқынын қайтарды және Петербургке елшілік жіберді.

Орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыру және Орта Азия хандықтарының шекарасына орыс әскерін жақындату мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойына әскери бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі, 1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салынуы орыс әскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары жылжуға және қокандықтардың ірі бекінісі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік берді. 1848-1849 жж. А.И. Бутаковтың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізінің картасын жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды. Оның болашақта Орталық Азия және Хорезммен сауда қарым-қатынасында, әскери мәселелерде маңызы зор болды.

12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс әскерлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі қүрылды. Оған Райым бекінісінен Ақмешітке дейінгі аудандар кірді және 1864 жылы Түркістанды алғанға дейін сақталып тұрды. Ресей Қоқан және Хиуа хандықтарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. XIX ғ. 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854-1856 жж. Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы рыногынан айырылып, енді оған шығыстан жаңа рынок іздестіру қажет болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бұхараға Н. Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес ретінде Ч.Ч. Ханыков бастаған экспедиция жіберді.

XIX ғ. 60-шы жылдары Қазақстан аумағында Ресейдің әскери бекіністері мен камалдары, форпостары мен шептерінің саны арта түсті. Ақтау, Ұлытау, Қапал, Сергиополь, Верный, Қастек және т.б. Ресейдің Қазақстандағы әскери тірек пункттері болды. 1856 жылы құрамына 213 мың адамнан тұратын Ұлы жүз қазақтары және 60 мың қырғыз кіретін Алатау округі құрылды. Ресей әскерлерінің оңтүстіктен де, солтүстіктен де сәтті жылжуына коқандықтардың саясатына риза болмаған Әулиеата мен Шымкент төңірегіндегі Ұлы жүз қазақтарының 1857-58 жж. көтерілістер жасап, Ресей жағына өтуі де қолғабысын тигізді. Патша үкіметінің ықпалды ру басыларына қатысты алдау-арбау, шен-шекпен беру, жоғары қызметтерге тағайындау сияқты жүргізген саясаты да біршама маңызды рөл атқарды. Мұндай саясат тек қазақтарға қатысты ғана емес, Орталық Азия аймағындағы басқа да халықтарға қатысты жүргізілді.

1860 жылы орыс әскерлерінің қоқандықтарға қарсы белсенді әскери қимылдары басталды. 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пішпек бекіністері алынып, 24 қазанда Ұзынағаш төңірегінде болған шайқаста қоқандықтар жеңіліс тапты. Орыс пен қоқан әскерінің екіжақты қыспағына түскен қазақтардың жағдайы өте ауыр болды. Жергілікті халыққа қатысты күш көрсету мен қатыгездік туралы екі жақтың да әскери басшылары: "ауылдары өртеніп, малдары тартып алынды, оларға берген сабақты ерекше сезілетіндей жасадық" деп жазды. 1861-1863 жж. Ресей үкіметінде Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын мақсатты түрде және тез арада иелену жөнінде пікірталастар жүрді. Одан кейін Сырдария мен Сібір шебінің аралығына 4 экспедиция жіберілді. Олар бұл аудандарда қоқандықтардың күшті карсылығын кездестірмеді. Жұмғол мен Құртқа бекіністері шайқассыз берілді, Созақ пен Шолаққорғанда қоқан билігіне қарсы көтерілістер бұрқ ете қалды. 1863 жылы Ресейдің Соғыс министрі Д.А. Милютин ерекше комитетке Орта Азия хандықтарына қатысты белгіленген іс-әрекеттері туралы баяндама жасап, оны мақұлдатып алды. 1864 жылдың басында бір-біріне қарсы тұрған екі жақ та әскери қимылдарға дайындала бастады. 1864 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстандағы орыс әскерлерінің дайындығы негізінен аяқталды да, полковник Н.А. Веревкин бастаған отряд Түркістанға қарай қозғалды. Веревкиннің отрядында 1 593 солдат, 44 офицер, 18 зеңбірек және 150 ерікті қазақ болды. Верныйдан бір мезгілде құрамында 2 571 солдат, 68 офицер, 22 зеңбірек және құрамында сұлтан поручик Ш.Уәлиханов басқарған 1 400 ерікті қазақтар бар полковник М. Черняевтың отряды да қозғалды. 4 шілдеде Черняевтың отряды Меркі, 6 шілдеде Әулиеата бекінісін шайқассыз алды. Полковник Веревкиннің отряды Түркістан қаласына барар жолда қоқан әскерлерінің шабуылына ұшырады да, бекіністі қоршауға мәжбүр болды. 9 маусымда Түркістан орыстардың қолына өтті. Әулиеата мен Түркістанды тез арада алуда әскери операцияларға басшылық жасағандары үшін Черняев пен Веревкиннің әскери шендері жоғарылатылып, генерал-майор атақтарын алды. Жорықтарға қатысқан солдаттар түрлі ордендермен марапатталды. Жетістіктеріне көңілдері көтерілген орыс армиясы алдын ала дайындықсыз 1864 жылдың 22-23 шілдесінде Шымкентті алуға тырысты. Бірақ бұл уақытта қоқандықтар Шымкентке едәуір әскери күштерін тартып үлгеріп, орыс әскеріне қарсы соққы береді. Бекініс-қалаларға жақын орналасқан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері қоқандықтарға қолдау көрсетті.

Қоқан хандығында саяси күштердің қарсылығы күшейіп, хан мен оның төңірегіндегілердің озбырлығына наразылықтар көбейе түсті. Қоқан мен Бұхара арасындағы қайшылықтар шиеленісті. Мұндай қолайлы жағдайды орыс әскерлері де өз мүдделеріне пайдалана білді. Черняевтің алты жарым рота жаяу әскер мен бір жарым жүздік казактардан тұратын отряды және Лерхенің төрт рота жаяу әскер, бір казак жүздігі мен мың жарым қазақтан тұратын отряды Шымкент түбінде бірігіп қалаға шабуыл жасап, 1864 жылдың күзінде оны басып алды. Түркістан мен Шымкентті жаулап алғаннан кейін Орынбор мен Сібір шептері жалғастырылды.

1865 жылы маусымда бір апта қарсылықтан кейін орыс әскерлері Ташкентті басып алды. 1866 жылдың жазында патша II Александр Ташкентті Ресейдің құрамына қосу туралы жарлық шығарды. 1867 жылы құрамына қайта құрылған Жетісу және Сырдария облыстары кіретін, орталыгы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғандығы туралы заң жарияланды. Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Ташкент т. б. бекіністердің қорғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың саны 3 170-ке дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп талқандалды. Шоқан Уәлиханов өзінің діндестері мен руластарына орыс әскерлерінің көрсеткен тағылық әрекеттеріне байланысты одан әрі жорыкқа қатысудан бас тартуға мәжбүр болды. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия тұрғындары карсылық көрсеткендері үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса, бұл әрекеттерін үкіметтің, "өзіне бағынышты территориядағы елдерді көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық сипаты" деп мәлімдеді.

Осылайша, XIX ғасырдың 60-жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл аумағы ұзақ уақытқа Ресейдің отарына айналды.


2. 1867-1868 жж. әкімшілік-аумақтық реформалар. 1867-1868 жж. Түркістан және Далалық өлкені баскару туралы «Уақытша Ереженің» қабылдануымен Орта Азия және Қазақстан Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды. Қазақстандағы 1867-1868 жж. реформа - патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Өйткені, ол әкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот құрылысы, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының бәрін қамтыған болатын.

Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя қүрамында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең негізгі міндеті - «қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу» үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп, жергілікті ақсүйектерді биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңай әрі тез жүзеге асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті тұрғындарын және аймақтық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағұрлым тиімді жағдай қалыптастыру әрекетінен туған еді.

Экономикалық шаралар негізінде қазақтардың қыстауы мен жайлаулық жерлерін мемлекет меншігіне кесіп, казак әскери бөлімдері мен орыс шаруаларын орналастыру үшін «артық» жер мөлшерін анықтау ісіне экспедициялар жабдықталды. Мұның өзі қазақ жерін пайдалануынан алып, барша қазақтың жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жария ету арқылы Қазақстанның империя отарына айналғандығын дүниеге паш ету болды. Патша үкіметінің 1886 жылғы Түркістан туралы ережесі және 1891 жылғы Далалық облыстарды басқару туралы Ережесі сол орыс билігін одан ары нығайтып, қазақ даласындағы отарлық езгі мен қанаудың күшеюін тереңдете түсті.

1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты. Сондықтан да Қазақстан аумағы облыстарға бөлініп, ал облыстар әкімшілік орталықтарына, қазақ даласымен байланыссыз жататын әртүрлі генерал-губернаторлықтарға бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары - Орынбор; Ақмола және Семей облыстары - Батыс Сібір, Жетісу мен Сырдария - Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді. Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап Астрахань губерниясының құрамына кірді. Ал Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 жылы қазақтардың көтерілісіне байланысты Кавказ әскери округінің билігіне өтті.

1867-1868 жж. реформалардағы басты бағыттардың бірі Қазақстанда күшті әскери-бюрократиялық аппарат құру болды. Ол аппарат әртүрлі жеңілдіктерге: анағұрлым жоғары еңбекақы, екі есе төлем, қызметтен босаған кездегі жоғары зейнетақыға қызығатын чиновниктерден құралды.

Бұл тұстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске асыратын басқару жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар және жергілікті басқармалар. Облыстық әкімшіліктің басқарма басшылығында әскери және азаматтық билік ететін әскери губернатор түрды. 1868 ж. Ереженің 22-23 бабында дала облыстарының әскери губернаторлары облыстардағы әскери қолбасшыларға теңестірілетіні көрсетілген және де олар өз облыстарының аумағындағы орналасқан казак әскерлерінің тағайындалған атамандары болып саналатын.

Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың басшылығына орыс чиновниктерінің ішінен облыстық әскери губернатордың ұсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін уезд бастығы тағайындалды. Жаңа әкімшілік жүйе бойынша уездегі барлық билік жүйесі толығымен уезд бастығының қолына шоғырланды. Ереженің 42-65 баптары бойынша, уезд бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уезде тыныштық пен тәртіпті сақтау, алым-салықтың жиналуын бақылау және халықтың денсаулығын сақтау. Уезде орналасқан әскери бөлімшелер, мекемелер мен бекіністер уезд бастықтарына бағынышты болды.

1867-1868 жж. реформа ел мен жерді басқарудағы патшалық үкіметтің алғашқы буыны болып табылатын жергілікті басқармаға көңіл бөлді. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді.

Уездер аумақтық белгі бойынша бір болысқа 1 000 - 2 000 киіз үй және бір ауылга 100-ден 200-ге киіз үй кіретіндей болып есептелген болыстар мен ауылдарға бөлінді. Болыстар шаруашылық жағынан біріккен ауылдардан түрды. Осыған байланысты жаңа жағдайда қазактардың рулық қатынастар бойынша тарихи бөлінуі заңды түрде жойылды.

1867 жылғы Ереженің 85-бабына сәйкес болыстардың басында қазақтардан сайланған болыс басқарушылары, ал ауылдардың басында старшиналар болды. Ережеде «болыстық және ауылдық старшиналарды халық сайлайды» деп нақты көрсетілген. Бір қарағанда сайлау демократиялық негізде жолға қойылған болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай жүргізіп отырды. Сайланған болыс басқарушыларын облыстық әскери губернатор, ал ауылдық старшиналарды уезд бастығы бекітетін еді. Болыс басқарушыларын сайлауға уезд бастықтары, ал ауылдық старшиналарды сайлауға болыс басқарушылары міндетті түрде қатысатын. Болыс басқарушылары тікелей уезд бастығына бағынышты болды, ал ауыл старшиналары болыс басқарушысына тікелей бағынышты бола отырып, болыс басқарушысына жүктелетіндей міндеттерді орындады.

Реформаларды жүзеге асыруда патша үкіметі саяси-экономикалық іс-шараларымен қатар өлкені мәдени және рухани жағынан да отарлауға назар аударған болатын. Халық ағарту ісі патша үкіметі отарлау саясатының өзекті құралы болды десе де болады. Бұл саясат Ресейдің қарамағындағы ұлттарды біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы орыстандырып, сөйтіп империяның тұтастығын арттыруға арналған еді. Осыған сәйкес, 1867-1868 жж. реформада халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар жан-жақты қарастырылды. Онда: «Дала тұрғындарына бастапқы білім беру үшін алғашқы кезде уездік басқарма орналасқан жердің бәрінде ұлт айырмашылығына қарамастан ортақ мектеп ашу керек», - деп көрсетілді. Осыны негізге ала отырып мектептер, гимназиялар ашылды. Ереженің 251-бабында діни істер Орынбор муфтиінің қарауынан алынып, азаматтық басқарманың қарамағына берілді. Молдалар сайланатын болды. Бастауыш мектептерде мұсылман дінін уағыздаушылардың кызметі шектелді. Әкімшілік қазақ мектебіне сабақ беретін ұстаздардан орыс тілін білуді талап етті.

Елдегі аумақтық-әкімшілік үрдістер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай өзгерістер әкеліп, отарлық саясаттың жаңа салық жүйесін енгізді. Қазақстанда отырықшылық пен жер шаруашылығының көлемінің ұлғайғандығына қарамастан салық төлеушілердің басым бөлігін көшпенділер құрады. Мәселен, 1880 жылы 90,5 % құраса, 1897 жылы 82,0 %-ға жетті.

1867-1868 жж. әкімшілік реформалар қазақтардың жаңа көтерілісін туғызды. XIX ғ. 60-шы жылдарының алғашқы жартысында Қазақстанда, әсіресе Кіші жүзде отаршылдықка қарсы жаппай халық наразылықтары өріс алды. Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған патша үкіметінің салық саясатының күшеюі болды. Оның үстіне қатардағы көшпенділер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Сондай-ақ, жаңа әкімшілік бөліністер көшпелі халықтың маусымдық жайылымдарды ғасырлар бойы пайдалану үрдісіне нұқсан келтірді. Салықтар мен міндеткерліктердің күрт көбейтілуі мен әкімшілік-аумақтық бөліністердің дұрыс жүргізілмеуі 1868 жылғы Орал мен Торғай облыстарында орын алған ұлттық бас көтерулердің басталуына түрткі болды. 1868 жылдың желтоқсан айында стихиялық түрде басталған көтеріліс 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын жақсы білетін көтерілісшілер өздеріне қарсы қимылдаған патша үкіметінің жазалау топтарын «қарақшылық» шабуылдарға ұшыратты. 1868 жылы 6 мамырда құрамында 200 қылышты және жаяу әскері бар Штемпель отряды Орынбор бағытындағы Жамансай көлі маңында қазақ жасақтарымен кездеседі. Жазалау тобы көтерілісшілерге тегеурін бере алмай, жетінші күні азық-түлігінің таусылуына байланысты кері қайтады.

Торғай мен Орал облыстарында көтерілістің ұлғаюына байланысты жергілікті үкімет орындарымен қатар орталық үкімет те көтерілісшілерді жазалауға отряд топтарын жөнелтті. Орал облысы аймағына подполковник Рукин,граф Комаровский отрядымен бірге, генерал-губернатор Веревкин басшылығындағы отряд аттандырылды. Көтеріліс ұйымдаспаған, өзара келіспеушіліктер мен соғыс тактикасының нашар болуына орай басылып, жанышталды.

Сол сияқты 1870 жылғы Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі де осындай сипатта болды. Жаңа жүйе бойынша енгізілген салық жүйесі Маңғыстау халқының үкіметке қарсы наразылығын туғызды. Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869-1870 жж. үшін шаңырақ алымын жаңа салық жүйесіне сәйкес дереу енгізуді талап етті. Көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозащы түбегінің балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатқан Рукиннің ойланбай жасалған әрекеттері жер-жерде көтерілістің шығуына себеп болды. 1870 жылдың наурызында Рукиннің отряды көтерілісшілердің үлкен тобымен кездесіп, қоршауда қалады. 25 наурызда ашық қақтығыс кезінде 20-ға жуық жазалаушы қаза тауып, отряд командирі Рукин өз-өзіне қол жұмсады. Жеңіс жігерлендірген көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станциясына, Александровск фортына шабуыл жасады, алайда, сәтсіздікке үшырады. Көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті. Патша өкіметі орындары қазақтардың батылдығынан корқып, қосымша әскери көмек сүрауға мәжбүр болды. Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын өзгертіп, көтерілісшілер Үстірттің баруға қиын аудандарына шегінді.

1870 жылы желтоқсанда көтеріліс жеңіліс тапқан соң, көтеріліс басшылары И. Тіленбаев, Д. Тәжиев және олардың серіктері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандығына өтіп кетті.

Сөйтіп, бұқаралық сипатына қарамастан, көтерілістің негізгі қозғаушы күші - қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмай, Маңғыстау облысындағы халықтық-азаттық күрес жеңіліске үшырады. Көтеріліс аяусыз жанышталып, адайларға соғыс шығыны ретінде 90 мың қой салық салынды. Маңғыстау көтерілісі өз кезегінде патша үкіметінің отарлау саясатына казақ халқының қарсылығының айқын көрінісі болды.

Жалпы, XIX ғ. 2-ші жартысындағы реформалардың болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынандай түйін жасауға болады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік реформалары негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя құрамындағы әкімшілік басқару жүйесін орнатты.


3. ХІХ ғ. 2-ші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы. ХІХ ғ. 60-шы жылдары Қазақстанға Ресей шаруаларын қоныс аударту басталды. Мақсаты - Ресейдегі аграрлық мәселені шешу және Қазақ даласын одан әрі отарлау. Қоныстанушылар негізінен Жетісу, Ақмола және Семей облыстарына орналастырылды. ХІХ ғ. 80-90 жж. қоныстанушылардың көбеюі салдарынан Қазақстанда егістік және жайылым жерлердің қысқаруы проблемасы көтерілді.

ХІХ ғ. ортасынан бастап Қазақ даласы Ресей - Қытай қатынастарында маңызды рөл атқарды. 1881 жылғы Петербург келісімі бойынша Іле өлкесі Қытайға берілді, бірақ ол жердің халқына ресейлік немесе қытайлық бодандықты таңдау еркі берілді. Осыдан кейін Қазақстанға 45 000 ұйғыр және 5 000 дүнген қоныс аударды.

Қоныс аудару саясатының салдарынан Қазақ даласындағы жергілікті ұлт өкілдерінің, яғни қазақтардың үлес салмағы 67%-ға дейін төмендеді.

ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанға ресейлік капитал ене бастады. Шаруашылықтың өнеркәсіп және сауда салалары дамыды. Оның ішінде: табиғи қазба байлықтарын игеру, ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу, сауда ісі. Қазақ даласы үшін жаңа көріністер - темір жолдар салынды, почта байланысы, кеме көлігі пайда болды. Ресей мемлекеттік банкінің филиалдары Орал, Петропавл, Омбы, Семей, Верный қалаларында ашылды. Жалпы, ХІХ ғ. 60-шы жылдарынан бастап Қазақстанда капиталистік қатынастар қарқынды түрде дами бастады.

Мәдениеттің дамуы. Халық ағарту ісі. Мектептер, медреселер, училищелер. Баспасөз ісі. Газеттер, журналдар. Ғылымның дамуы. Орыс зерттеушілері. Шоқан Уәлиханов. Жазба әдебиеттің негізін салушы Абай Құнанбайұлы. Ауыз әдебиеті. "Зар заман" ақындарының шығармашылығы. Музыка өнері. Сал-серілер шығармашылығы.
Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Оңтүстік Қазақстанды жаулау қандай бағыттарда жүрді?

  2. 1867-1868 жж. реформалар енгізу барысында басшылық қандай мақсат көздеді?

  3. 1867-68жж. Реформа бойынша Қазақстанда қандай әкімшілік-территориялық жүйе орнады?

  4. 1869-1870жж. бодандыққа қарсы көтерілістердің мағынасын ашыңыз.


Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.

  4. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  5. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

  7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.



Дәріс 22.

Тақырыбы:ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ДАМУЫ.
Мақсаты: Қазақ өлкесінің ХХ ғ. басындағы саяси жағдайы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы түсіндіру. Студенттердің ХХ ғасырдың 1-ші жартысындағы Қазақстан тарихы бойынша білімдерін одан әрі жетілдіру.
Негізгі ұғымдар: ұлт-азаттық көтеріліс,революция, дүниежүзілік соғыс, Мемлекеттік Дума.
Жоспар:

  1. 1905-1907 жж. орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.

  2. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.

  3. 1916-жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.


1. 1905-1907 жж. Ресейдегі революция кезіндегі Қазақстан. Ресейде Бірінші орыс революциясының басталуына 1905 жылы 9 қаңтарда Петербургте өткен «Қанды жексенбі» оқиғасы түрткі болды. Бұл оқиғада ІІ Николай патшаның бұйрығымен бейбіт демонстрацияға қарсы қару қолданылған еді. Мәскеу, Петербург сияқты орталық қалаларда болған жұмысшы қозғалыстарының әсерінен қазақ өлкесіндегі жұмысшылардың да революциялық белсенділігі артты. 1905 жылы жазда Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сияқты қазақ зиялыларының ұйымдастыруымен Қарқаралыдағы Қоянды жәрмеңкесіне жиналған халық патша өкіметінің атына петиция қабылдады. Оған 14 мыңнан астам адам қол қойды. Петицияда қазақтардан тартып алынған жерлерді қайтару, орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару саясатын тоқтату, қазақ халқына сайлау құқығын беру талаптары қойылды.

Халық наразылығының күшеюіне байланысты патша үкіметі халыққа бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. 1905 жылы 17 қазанда ІІ Николай патша Мемлекеттік думаға сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Бірінші Мемлекеттік дума 1906 жылы 27 сәуір – 8 шілде аралығында жұмыс істеді. Екінші Мемлекеттік дума 1907 жылы 20 ақпан – 3 маусым аралығында жұмыс істеді. Осы екінші Мемлекеттік думаға қазақ өлкесінен он төрт депутат сайланды. Оның алтауы қазақ халқының өкілдері болды. ІІ Мемлекеттік думаның мүшелері болып Ақмола облысынан молда Ш. Қосшығұлов, Семей облысынан би Т. Нұрекенов, Орал облысынан адвокат Б. Қаратаев, Торғай облысынан заңгер А. Бірімжанов, Жетісу облысынан темір жол инженері М. Тынышпаев, Сырдария облысынан Т. Аллабергенов сайланды.


2.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914-1918 жылдары болды. Ресей империясының соғысқа араласуы қазақ өлкесіндегі халыққа да ауыр салмақ түсірді. Соғыс жағдайы өте көп мал өнімдерін, азық-түлік, көлік және ақшаны қажет етті. Мемлекеттік салықтың мөлшері ұлғайды.1907-1912 жылдардың өзінде ғана елдің еуропалық бөлігінен 2 млн. 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды. Отарлау Қазақстанда кең көлемде жүзеге асырылды. Патша өкіметі 1916 ж. қарай қазақтарды 40 млн. га шұрайлы жерінен айырып, қоныстану қорын құрды. Қазақтар шөл дала мен тауларға тықсырылды. 1917 жылға қарай Қазақстанда қоныстану учаскелеріне, ормандағы, саяжайларға, казак әскерлеріне, помещиктік имениелерге, монастырьлық учаскелерге, қалалар мен темір жолдар үшін бөлінген өңірлерге ең жақсы егістік жерлер мен жайылымдардың 45147765 десятинасы тартып алынды. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бас., Хиуа мен Бұхарды қоспағанда, бұрынғы Түркістан шегінде 941 қоныстанушы қоныс пайда болды. Түркістанда әрбір келімсекке орыс қоныстарында, 3.17 десятина, ал байырғы халықтың әрбір жанына 0,21 десятина өңделетін жер тиді.

Өлкені талап-тонау бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918 жж. дүние жүзін қайта бөліске салу жолында «Үштік Одақ» (Австро-Венгрия, Германия, Италия) пен Англия, Франция, Ресей коалициясы арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтардан туындаған соғыс) жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан орасан көп мөлшерде арзан бағамен мал сатып алынды. Патша Армиясы үшін киіз үй мен киіз бұйымдар жиналды. 1916 ж. өзінде ғана айқасып жатқан армияға Түркістаннан 40899244 пұт мақта, 38 мың шаршы аршын киіз, 3 млн. пұттан астам мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе жөнелтілді. Батырақ-қазақтарды кулактар шаруашылықтарына, кәсіпорындарға «ерікті түрде» жұмысқа тарту жүргізілді. 1916 ж. патша әкімшілігі славян отаршылдары үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», - деп жазды А. Байтұрсынов сонау 1913 жылдың өзінде.



Соғыс елде өнеркәсіптің қожырауын, ауыл шаруашылығының құлдырауын, тасымал дағдарысын, ашаршылықты туғызды. Жергілікті шенеуніктердің алымы күрт көбейіп, ұлтаралық арандату саясаты жүргізілді. Қазақ даласында жалпыұлттық дағдарыс пісіп-жетілді. Соғыс ауыртпалықтары Қазақстанда жұмысшы және шаруалар қозғалысының өрістеуіне түрткі болды. 1915 жылғы маусымда Екібастұз бен Спасск мыс кеніштерінің және Орынбор-Ташкент темір жолының жұмысшылары ереуіл жасады. Қалалар мен қыстақтарды солдаттардың әйелдері мен қала кедейлерінің наразылығы күшейіп, соғысқа, қымбатшылыққа және жақындап келе жатқан ашаршылыққа қарсы шықты. 1916 ж. қаңтарда Верныйда (қазіргі Алматы), Семейде осындай толқулар болды. Ақбұлақ елді мекенінің (Орынбор обл.) және Лепсі уезінің бірқатар ауылдарының солдат әйелдері мен ауыл кедейлерінің толқуына қатысушылар жергілікті көпес-алыпсатарлардың дүкендерін қиратты. Қоғамдағы тайталас барған сайын неғұрлым табанды және бұқаралық сипат ала түсті. Патша өкімітіне қарсы күресті патша режимін құлату үшін империалистік соғысқа қарсы жұмысшылар, украин қарашекпенділері арасындағы үгітті өрістеткен ресейлік солшыл саяси партиялар жүргізді.
3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің аумағы – Жетісу, Торғай, Сырдария облыстары.

Басшылары:

  • Жетісуда – Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Ұзақ Саурықов, т.б.

  • Торғайда – Әбдіғапар Жанбосынов, Әліби Жангелдин, Амангелді Иманов;

  • Сырдария облысында – Тұрар Рысқұлов.

Қозғаушы күштері: қазақ зиялыларының революцияшыл-демократиялық бөлігі, қарапайым халық өкілдері.

Себептері: отарлық езгінің күшеюі, орыс шаруаларын қоныстандыру, 1916 жылғы 25 маусымда «бұратана халықтардан тыл жұмыстары үшін 19 бен 43 жас аралығындағы ер адамдарды мобилизациялау» туралы патшаның жарлығы.

Барысы, негізгі оқиғалары: Көтеріліс басталмас бұрын қазақ зиялыларының пікірі екіге бөлінді. Алаш қозғалысының жетекшілері қазақ халқын патша жарлығына қарсы шықпауға шақырды. Көтеріліске шыққан қазақтар тыл жұмыстарына алынатындардың тізімдерін жойды, кейбір жерлерде болыс бастықтары өлтірілді. 1916 жылы күзде Торғай көтерілісшілерінің саны 50 мыңға дейін жетті.

Нәтижесі, жеңілу себептері: жеңіліспен аяқталды, Дала және Түркістан өлкелерінен 250 мыңнан астам адам тыл жұмысына алынды. Көтерілістің жеңілуіне оның бытыраңқы болуы, руаралық тартыстардың болуы, қарудың жеткіліксіздігі, қазақ феодалдарының сатқындығы әсер етті.

Тарихи маңызы: қазақ халқының азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.Көтеріліс жеңілгеннен кейін 1917 жылдың ақпан айының басында 110 мың жергілікті жұмысшылар майдандағы қара жұмысқа аттандырылды. Сонымен, жалпы саны 120 мың жұмысшы тыл жұмысына алынды. Қозғалыстың жеңіліс табуының ең басты себептері – оның бытыраңқылығы, көтеріліс ошақтары арасындағы байланыстың жеткілікті болмауы, патша үкіметінің қарулы жазалаушы күштерінің басымдылығы еді. Қазақ зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлініп, революцияшыл радикалды бағыттағы Т.Бокин, Ә. Майкөтов, С.Сейфуллин, С. Мендешев, Ә. Жангельдин сиқты тобы қарулы күрес жолын тандады. Ал ұлттық – либералдық бағыттағы Алаш зиялылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша үкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді, күрестің бейбіт саяси әдістерін жақтады.1916 жылғы көтерілістен кейін табуы бұл қауіптің орынды болғандығын растайды. Дегенмен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы зор, халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуіне, өз еркіндігі үшін күрес жолында кемелдене түсуіне ықпал жасады.
Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. 1905-1907жж. революцияның алғышарттарын атаңыз.

  2. Бірінші дүнежүзілік соғыс неше жылға созылды, жылдарын атаңыз?

  3. Ресейдегі бірінші орыс революциясы қазақ халқының өміріне қандай ықпалын тигізді?

  4. 1916ж. көтерілістің себептерін қозғаушы күштерін, мақсатын атаңыз?

  5. Қазақтарды тыл жұмысына шақыруға қарсы қарулы қақтығысқа шақырған қандай партия?

  6. 1916ж. Ұлт- азатық көтерілістің негізгі зардаптарын атаңыз.


Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.

  4. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  5. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

  7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.



Дәріс 23.

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН АҚПАН ЖӘНЕ ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯЛАРЫ КЕЗІНДЕ.
Мақсаты: Студенттерге Ресейдегі 1917-жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан социалистік революциялары кезіндегі Қазақстанның жағдайы жөнінде мәлімет беру.
Негізгі ұғымдар: монархия, Қосүкімет, Уақытша үкімет, революция, декрет, Кеңестер, партия.
Жоспар:

  1. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейінгі Қазақ өлкесі.

  2. Қазақ комитеттерінің құрылуы. Бірінші жалпықазақ съезі.

  3. Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан. Кеңестер билігінің орнауы.


1. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейінгі Қазақ өлкесі. Экономикалық күйзеліс және орыс эсерлерінің жалғасып жатқан империалистік соғыс майданындағы жеңілісі, сондай-ақ елде жұмысшы қозғалысы мен аграрлық қозғалыстың өсуі, соның ішінде жеңіліс тапқанына қарамастан, Орта Азия мен Қазақстанның байырғы халқының 1916ж көтерілістері Ресейдің орасан зор апат алдында тұрғанын дәлелдеді, мұның бәрі демократиялық күштер соның ішінде жұмысшы табы да, шаруалар да патша үкіметіне қарсы шешуші штурмға дайындалып жатқан кездегі Ресейдегі революциялық дағдарыстың көрінісі болды.

1917 жылы 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық реворлюция болып, нәтижесінде патшаІІ НиколайРомановтақтан түсірілді. Ресейде монархия жойылды. Елде Қос өкіметтің билігі орнады:



  1. Буржуазиялық Уақытша үкімет;

  2. Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының кеңесі.

Қазақ өлкесінде саяси белсенділік күшейіп, 1917 жылы көктем айларында Торғай, Жетісу, Ақмола, Орал, Бөкей Ордасы, Семей облыстық қазақ съездері өткізілді. Ал 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда бірінші Жалпықазақ съезі өткізілді. Онда он төрт мәселе қаралды: мемлекеттік басқару түрі, қазақ облыстарының автономиясын құру, жер мәселесі, халық милициясын құру, оқу-ағарту ісі, сот, дін, т.б. мәселелер. Осы съезде қазақтың ұлттық саяси «Алаш» партиясын құру туралы қаулы шығарылды. «Алаш» партиясының жетекшісі болып Ә. Бөкейханов сайланды. Партияның баспа органы 1913-1918 жж. аралығында шығып тұрған «Қазақ» газеті болды.

1917ж. 23-27 ақпанда буржуазиялық-демократиялық революцияның жеңіп шығуы елдегі тап күшінің арасалмағын күрт өзгертті. Социалистік революцияның жолындағы басты кедергі самодержавие (патша үкіметі) жойылды. Бірақ революцияның негізгі мәселесі - өкімет туралы мәселе -өзінше шешім тапты. Еңбекшілердің бастамасымен пролетариат пен шаруалардың революциялық-демократиялық диктатурасының (билігінің) органы- Жұмысшы, солдат, кейін шаруа депутаттарының кеңестері пайда болды. Кеңестердің басшылығына еніп кеткен меньшевиктер мен эсерлердің келісімпаздық саясаты буржуазия өзінің өкімет органы – Уақытша үкімет құруына мүмкіндік берді. Өтпелі кезеңнің аса күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын білдіретін Қосүкімет дүниеге келді. Қазақстанда 1917ж. наурыз-сәуір айларында жер-жерде жұмысшы солдат депутаттарының Кеңестері пайда болды. Омбыда, Ташкентте, Семейде, Верныйда, Петропавлда, Перовскіде, Қазалыда, Қостанайда, Ақтөбеде т.б. қалаларда жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Облыстық және уездік шаруалар съездерінде шаруа және қазақ депутаттарының Орал, Семей облыстық, Ақмола, Ақтөбе, Өскемен және Павлодар уездік Кеңестері сайланды.

Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары құрылды. Әлихан Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, ал, Мұхаметжан Тынышбаев – Жетісу облысында комиссарлары болып тағайындалды. Уақытша үкімет пен әр түрлі қоғамдық-саяси қозғалыстардың арасында қоғам дамуының белгілі бір жолын таңдау тұрғысында күрес басталды. Ресей капитализмі дамуының кенже қалып, соның салдарынан буржуазияның қуатты экономикалық және саяси күш болып қалыптаспағанын негізге алған Уақытша үкімет реформистік жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Алайда, монархияның қойнауынан шығып, көп жағынан буржуазия мен помещиктердің саяси және экономикалық мүдделерін білдірген Уақытша үкімет Ресейді қайта өрлетудің нысаналы балама бағдарламасын ұсына алмады.

Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездегі комитеттері ұйымдастырылды. Облыстар мен уездерде Уақытша өкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлері казактық комитеттер құрды. Татар, Өзбек, Ұйғыр саудагерлері мұсылман, татар комитеттеріне бірікті. 1915-1917жж. Орынборда «Еркін дала», Омскіде «Бірлік», Оралда «Жас қазақ», Троицкіде «Үміт» деп аталатын жастар ұйымдары құрылды. Қазақстан кәсіпшілер одақтарының қалыптасуында Орынбор - Ташкент темір жол торабы теміржолшыларының Құрылтай съезі үлкен роль атқарды. Ұлт мәселесінде Уақытша үкімет «Дін тұтудағы және ұлттық шектеулерді жою» туралы декрет жариялады, алайда ұлттың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқы, шағын халықтар мен ұлт азшылығының тағдыры туралы және басқа мәселелер ескерілмей сол күйі қалды.


2.Қазақ комитеттерінің құрылуы. Бірінші жалпықазақ съезі.Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттың азаттық идеясын таратушы, қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруңші болды. Оны либералды - демократиялық қозғалысының жоғарғы білімді қайраткері, бұрын кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болған Ә. Бөкейханов басқарды. Көрнекті ағартушылар мен демократтар, революциялық қозғалысқа белсене қатысушылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар, Ж. Ақбаев және басқа адамдар оның пікірлестері мен серіктеріне айналды. Алаш қозғалысының әлеуметтік негізінің ауқымдылығын азаттық қозғалысының жалпы ұлттық көлемімен, оның демократиялық, ағартушылық және отаршылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды. Ақпан төңкерісінен кейін 1905 жылдан бастап өмір сүрген алаш қозғалысы қайта жанданды.

1917 жылғы шілденің 21-26 –сында Орынборда Жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферған облыстары мен Ішкі Бөкей Ордасынан өкілдері қатысты. І-ші Бүкілқазақтық съезд қазақтың ұлттық саяси партиясы «Алаш» съезі болып айқындалды. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,Е.Омаров, М. Шоқай және буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ интеллигенциясының басқа да өкілдері «Алаш» партиясының жетекшілері болды. Съезд мемлекеттік басқару формасын, қазақ облыстары автономиясын, жер мәселесін, халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани-дін мәселелерін және т.б. қарады. Съезд қазақтың «Алаш» саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. «Мемлекеттік басқару формасы» мәселесі бойынша съезд «Ресей демократияшыл феедрациялық парламенттік республика болуға тиіс»,-деп жазды; қазақ облыстары «облыстық ұлттық-аймақтық автономия алуға тиіс» деп тапты. Съезд Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары және 1916 жылғы оқиғаларға қатысып, Жетісу казактары мен Уақытша үкімет органдары тарапынан кемсітушілік пен қуғындауға ұшырағандар жөнінде өз көзқарасын білдірді. 1917ж. күзінде Қазақстанда тағы бір ұлттық-саяси ұйым - өзін «қазақтың социалистік партиясы» деп атаған «Үш жүз» партиясы пайда болды. Оның жетекшісі К.Тоғысов болды. Бұл партия большевиктік бағыт ұстап, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша «Алаш» партиясының негізгі оппоненті тұрғысында оған қарсы шығып отырды.

Ақпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана түсті. 1917 ж. сәуірде Түркістан, Башқұртстан, Татарстан, Кавказ мұсылмандарының съездері болып өтті. Ақпаннан қазанға дейінгі кезеңде ұлттық демократия идеясы қалыптасты. Қыркүйекте мұсылман ұйымдарының съезі тұңғыш мұсылман партиясын – Түркістан федералистер партиясын құрды. Съезд Ферғана, Сырдария, Каспий сырты, Жетісу облыстары құрамындағы Түркістан өлкесін «Ресей республикасымен федерациялық байланыстағы автономиялы ел» деп жариялайтын тұғырнама қабылдады. Түркістан және қазақ мұсылмандарының Түркістан, Орал және Торғай облыстарының өкілдері қатысқан съезі (1917 ж., 17-20 қыркүйек) «Иттифок - и - муслимин» партиясы Ресей республикасы құрамындағы аймақтық автономия идеясын ұсынды. Діни сипатына қарамастан, бұл саяси ағымдар Түркістан мен Қазақстан жерінде тұратын халықтардың жалпы ұлттық мүдделерін де білдірді.

Өлкеде социал-демократиялық топтардың ескілері жанданып, жаңалары құрыла бастады. 1917 ж. наурыз айында облыстар мен өлкелердің орталықтарында: Омбыда, Оранборда, Оралда, Ташкент пен Верныйда социал-демократиялық ұйымдар құрылды. Қазақ халқының таңдаулы өкілдері: А. Асылбеков, Б. Серікбаев, С. Меңдешев, Т. Бокин, М. Жәнібеков, С. Арғыншиев, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, Ә. Майкөтов және т.б. танымал саяси басшылар болды. Әулиетата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды, Ақмолада «Жас қазақ» ұйымы жұмыс істеді. Ірі қалаларда, уездерде эсерлер ұйымдары пайда болды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның «жерді оны өңдейтіндерге беру керек», «жер – бүкіл халықтың меншігі» деген ұрандары, Түркістандағы съезде патша өкіметінің отарлау саясатын айыптауы оның уақытша табысқа жетуін қамтамасыз етті. 1917 ж. жазына қарай барлық Кеңестер (Черняев Кеңесінен басқалары) солардың қолында болып шықты. Сонымен қоса Оралда, Атырауда, Петропавлда, Павлодарда, Көкшетауда, Семейде казак партиясының бөлімшелері жұмыс істеді.



Сөйтіп, Ресейдегі сияқты, оның ұлттық аймағы – Қазақстанда да көп партиялы жүйе қалыптасты. Қазақстанда ұлттық, діни, таптық, сословиелік негізде пайда болған әр түрлі партиялар мен топтар көптеген реттерде келісімге немесе ымыраға келе алмай, бір-бірімен шиеленіскен айтыс жүргізді. Сонымен бірге 1916 ж., оның ізінше болған 1917 ж. Ақпан революциясы Қазақстанның халық бұқарасының орасан көпшілігін дүр сілкіндіріп, тарихи процестің дамуын жеделдетуге себепші болды.


  1. Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан. Кеңестер билігінің орнауы.1917ж. 25 қазан (7 қараша) айында большевиктер бастаған төңкерістік күштер жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградтағы жеңісінің және орталықта, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес ірі қалалар – Ташкентте, Омскіде, Орынборда, Астраханьда кеңес өкіметі орнауының Қазақстанда бүкіл өкімет билігінің Кеңестер қолына өтуі үшін шешуші маңызы болды.Қазақстанда Кеңестердің орнауы 1917ж. қарашасынан 1918ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табымен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болғандығынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен туған себебінен шиелінісе түсті. Қазақстанда кеңес өкіметінін орнату ісіне Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин, К. Сүтішов, А.Асылбеков, Б.Серікбаев, Ә. Майкөтов, И. Дубинин, К.А. Шугаев, Я.В. Ушаков, А. Иманов, Т. Рысқұлов, Т. Бокин, Т. Өтепов, А. Розыбакиев және т.б. белсенді қатысты. Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде экономика мен мәдениетті қайта құру шаралары қолға алына бастады: өнеркәсіп кәсіпорындарында бақылау енгізілді, олар мемлекет меншігіне айналдырылды. Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезінде қабылданған жер туралы Декретті жүзеге асыру жөніндегі алғашқы қадамдар жасала басталды. 1917 ж. қазанда Әулиеата, Перовск, Черняев, Қазалы, Орал, Атырау, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Верный, Ақмола гарнизондары большевиктер жағына шықты.

Қазақстанның оңтүстік және солтүстік облыстырында Кеңес үкіметі бейбіт жолмен жеңіп шықты. Өнеркәсіп орталықтары – Ташкенттің, Омбының, Челябінің, Барнаулдың жақындығы, өнеркәсіп және теміржол жұмысшылары санының басым болуы зор рөл атқарды. Сібір, Орал, Жетісу казактары және офицерлері мен кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда (Орынбор, Семей, Верный) Кеңес үкіметі қарулы күрес нәтижесінде орнатылды. 1917 ж. қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, бүкіл өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. «Жетісу әскери үкіметі» де бүкіл өкімет билігін толық басып алды. Осы кезде кескіліскен ұрыс нәтижесінде Ташкентте Кеңес үкіметі орнады, өлкенің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында революцияның жеңіске жетуі үшін оның зор маңызы болды. Қазанның 30-да жұмысшы және солдат депутаттарының Перовск Кеңесі өкімет билігін өз қолына алды. Черняевта Кеңес үкіметі бейбіт жолмен орнатылды. 1917 ж. аяғында Торғай облысындағы саяси жағдай қиындап кетті. Қарсыласушы күштер арасында қарулы жанжал күшейді. Атаман А.И. Дутов басқарған казактардың офицерлер корпусы, Ә. Бөкейханов басқарған Алаш-Орда үкіметі, эсерлер мен меньшевиктер орталық Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовтың бұйрығы бойынша большевик С.М. Цвиллинг басқарған әскери-революциялық комитет пен Орынбордың жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің мүшелері 1917 ж. қарашада қамауға алынды. Өз кезегінде большевиктер де қарулы күштерін құрды. 1918 ж. қаңтарында болған Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылдады. Уездік атқару комитетінің төрағасы болып Л.И. Таран сайланды.Осы уақытта Орынборда өкімет билігі Кеңестердің қолына көшті. Ақтөбеде Кеңес үкіметі орнатылып, 1905 жылдан партия мүшесі В.Ф. Зинченко Кеңестің төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар Ырғыз және Торғай уездерінде Кеңес үкіметі жеңіп шықты, онда А. Иманов, М. Кисилев, О. Асауов, т.б. елеулі рөл атқарды. Наурыз айында Верныйда Кеңес үкіметі жеңді. Осы аймақта Кеңес үкіметі жолындағы күресте Л. Емелев, Т. Бокин, Т. Өтепов, А. Розыбакиев, Р. Маречек, М. Журавлев, Ж. Бабаев және басқалар белсенді рөл атқарды. Көктемде барлық Жетісу облысында Кеңес үкіметі жеңіп шықты.

Барлық демократиялық ұйымдар және солдат, жұмысшы мен шаруа, қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалистік партиялардың, қала думаларының 1917 ж. 15-22 қарашасында Ташкентте өткен өлкелік съезі Түркістан өлкесінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі» орнағанын атап көрсетті. Қарашаның 22-сінде Ферғана хандығының бұрынғы астанасы Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық Төтенше ІV съезд ашылды. Съезді Мұстафа Шоқай ашты. Съезд қазақ әскерлерінің, Кавказ таулықтарының және даланың ерікті халықтарының революциялық Оңтүстік-Шығыс Кеңесімен шарттық қатынастар жасау туралы қарар қабылдады. Съезд Түркістан өкіметі – Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Кеңестің құрамына Бүкілресейлік құрылтай жиналысындағы Түркістан өкілдерінің санына сәйкес 32 адам сайланды, олардың қатарында Сырдария облысынан – 9, Жетісудан - 6 адам болды. Министр-төраға және ішкі істер министрі болып М. Тынышбаев (ІІ Мемлекеттік думаның мүшесі, Түркістан қатынас жолдары инженерлері комитетінің мүшесі) сайланды. М. Тынышбаев қызметтен босағаннан кейін оның орнына М. Шоқай президент болып тағайындалды. Жаңа мемлекеттік құрылым «Туркестони мухтариат» («Түркістан Автономиясы») деп аталды. Ислам автономияда мемлекеттік дін деп танылды.

Ұлт-азаттық қозғалыстағы демократиялық мазмұнды теріске шығару, басқаша ойлаушыларды катаң жазалау, идеологиялық төзбестік, пролетариат диктатурасының революцияшыл ұрандарына елігушілік 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынборда болған Жалпықазақ съезіне баға берген кезде айқын көрінді. Съезд Түркістан автономиясының басшысы М. Шоқайдың баяндамасын тыңдады. Осыдан кейін қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды. Съез былай деп қаулы етті: «1. Тегі бір, мәдениеті, тарихы бір және тілі бір қазақ халқы басым тұтас аймақ болып табылатын Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары мен Ферғана, Самарқан қырғыз (қазақ) уездерінің, Каспий сырты облысы, Әмудария бөлімінің, Алтай губерниясындағы қазақ аралас тұратын болыстарының территориялық-ұлттық автономиясы құрылсын. 2. Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауы берілсін. 3. Жер бетіндегі барлық табиғи байлықтармен, суымен, сондай-ақ жер қойнауымен қоса автономиялы Алаш облыстарының территориясы Алаштың мемлекеттік меншігі болып табылады. 4. Алаш автономиясының Конституциясын Бүкілресейлік құрылтай жиналысы бекітеді...»(ҚР ОМА, 17 қор, 1- тізім, 2-3 беттер). Съезге қатысқан өкілдердің көпшілігі жуық арада автономия жариялауды жақтап дауыс берді. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің мүшелері сайланды. Балама негізде Ә. Бөкейханов төраға болып сайланды. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы 1917ж. «Қазақ» газетінің 251 санында жарияланды: 10 баптан тұратын саяси құжатта қазақ елінің ұлттық, тілек-мақсатының негізгілері баяндалды. Мемлекет қалпы-федерациялық республика құрудағы дербес мемлекет; жергілікті бостандық (өзін-өзі басқару); негізгі құқық, дін, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылыми-ағарту істері, жер мәселесі.

Сөйтіп, тарихтың бетбұрысты кезеңінде «Алаш» партиясы сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. Сол арқылы Алаш қозғалысы буржуазиялық-демократиялық, ұлт-азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды нұсқады. Алайда билеуші партияға айналған большевиктер Алаш-Ордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.



Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Ресейдегі ақпан-буржуазиялық демократиялық революциясының Қазақстанға тигізген ықпалы және оның нәтижелері қандай болды?

  2. Ақпан революциясы қарсаңында Қазақстанда қандай қоғамдық-саяси ұйымдар құрылды?

  3. Осы жылдары қандай саяси партиялар мен ағымдар пайда болды, олар көпшілікке қандай әсерін тигізді?

  4. Алаш партиясын құрып, оның бағдарламасынжасау туралы мәселе қашан көтерілді?

  5. Қазақстанда Кеңес үкіметі қандай жолдармен орнады?



Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.

  4. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  5. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

  7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.



Дәріс 24.

Тақырыбы: АЗАМАТ СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.
Мақсаты:Ресейдегі және Қазақ өлкесіндегі азамат соғысының себептері, барысы ерекшелігі және нәтижесі жөнінде мәлімет беру. Студенттердің тарихи білімдерін тереңдетіп, ғылыми ұғымдармен байыту.
Негізгі ұғымдар:шетел интервенциясы, мобилизация, «әскери коммунизм», азық-түлік салғырты,азамат соғысы, декрет, автономия, амнистия.
Жоспар:

  1. Қазақ өлкесінің азамат соғысына тартылуы.

  2. Соғыс қимылдарының барысы.

  3. Қазревком мен Қазақ АКСР-нің құрылуы.


1. Қазақ өлкесінің азамат соғысына тартылуы. Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуы қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды. Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917ж. қарашада Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты,мұнда Орынбор казактары әскерінің атаманы Дутов Совет өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алды. Кеңес өкіметімен күресудің қарулы орталығы Жетісуда да болды. Верныйда Кеңестерге қарсы күресу мақсатымен ақ гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналады. Революцияға қарсы ощақ Оралда құрылды. Облыстық әскери үкімет ұзамай жергілікті Кеңесті таратып, өкіметті басып алды. Осындай әскери үкіметтер Қазақстандағы революцияға қарсы ақгвардияшылар қозғалысының басты күші болады. Олар ақгвардияшыл офицерлерге, бай-кулактарға, жергілікті партиялармен саяси қозғалыстар тарапынан қолдау тапты. Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттің белсенділік көрсетуіне орай, 1918ж. жазда азамат соғысы кең көлемде жойылып кетеді. Олардың ең басты күші – Чехословак корпусы болды. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен бірлесіп Қазақстанның бірқатар қалаларын басып алады, 1918ж. маусымда Семейде Кеңес өкіметі құлатылады. Жетісуда шаруалар селоларының бір тобы Черкасск селосын орталық жасап, қорғанысқа көшеді. Антанта елдері үкіметтерінің қолдауымен Самарада – эсер-ақгвардияшы үкіметі-Комуч құрылтай жиналысының комитеті, Омбыда адмирал Колчак басқарған Сібірдің ақгвардияшыл уақытша Үкіметі орнады. 1918ж. қаңтарда қуылған атаман Дутов, 1918ж. шілдеде тағы да бүлік шығарып, Орынборды басып алады да, кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады. Азамат соғысы жағдайында Қызыл әскерді құру ісі де жүзеге асырылды. Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің 1918ж. мамырдағы жарлығымен әскерге еркімен бару ісі жалпыға міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918ж. жазында Қызыл әскердің құрамды бөлігі ретінде Қазақстан территориясындағы ұлттық бөлімдерін жасауға Сырдария, Жетісу, Торғай облыстарының уездері негіз болды. 22-25-ші Чапаев дивизияларының ерлігі, Орал менОрынборды қаһармандықпен қорғау – тарихи даңққа бөленді. Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында Павлодар, Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Қатон-Қарағай, Шыңғыстау, Шемонайха болыстарында партизан қозғалысы елдің едәуір бөлігін қамтыды. 1919ж. жазында Шығыс майданындағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстанмен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919ж. алғаш Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды. 1920ж. наурызда Азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы майданы-Солтүстік Жетісу майданы жойылды.
2. Соғыс қимылдарының барысы.Қазақстан жеріндегі ірі соғыс операциялары М.В. Фрунзе, М.Н. Тухачевский, В.И.Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков, А. Иманов т.б. сияқты белгілі қолбасшылар мен талантты командирлер басшылығымен жүзеге асырылды. 1919ж. 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жарлығы бойынша Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Кирревком) құрылды. Оның бірінші құрамына С. Пестковский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жангелдин, М. Тұнғаншин, С. Мендешов, Б. Қаратаев кірді. Казревкомның аса маңызды міндеті- қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, болашақ қазақ Кеңестік мемлекетінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету. Сонымен бірге Казревком армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа жеткізу, яғни «Әскери коммунизм» саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты (азық-түлік салғырты енгізілді).

Азамат соғысының басталуы жағдайында Кеңестер әскери құрылысқа Түркістан мен Қазақстанның жергілікті байырғы халқын тартты. «Мұсылман» бөлімдері деп аталған әскер бөлімдері құрылды. Мұндай бөлімдер көбінесе ұзақ тұрақтамады. Оның себептері көп еді. Бір жағынан, ұлы державалық шовинистер қаруланған мұсылман Ресейдің жауы деп пайымдалды. Екінші жағынан, қазақтар армия үшін «сенімсіз элемент және олар әскери қызмет құрметін көрсетуге жеткен жоқ, олардың адалдығына сен,уге болмайды» деп санаған бұрынғы отаршыл орталықтың сенбеушілігі әсер етті. Ұлттық әскер бөлімдерін құру бастапқыда еріктілік принципінде жүргізілді. Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау туралы 1918 ж. мамырдың 29-ында Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) декретінен кейін 1918 ж. қарашаның 17-сінде Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты «Жауынгерлерді ұлттық белгілері бойынша белгілі бір әскери өлшемдерге еркін топтауға» рұқсат берді. Ұлттық құрамаларды рота буынынан ірі етіп құрмау көзделді. Іс жүзінде полктер мен бригадалар құрылды. Мәселен, 1918 ж. күзінде Бөкей ордасында кеңестік тұңғыш үлгілі қазақ атты әскер полкі құрылып, ол кейіннен БОАК-тың Құрметті Қызыл туымен наградталды.

1919 ж. қазан айында Қостанай уездік әскери комиссариаты 5-Қызыл Армияның қатарын толықтыруға 3000 адамнан тұратын жеке дала бригадасын аттандырды. 1920 ж. Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды. 1920 ж. аяғына қарай Қазақ Әскери Комиссариаты Бөкей ордасының, Орал және Торғай облыстарының көлемінде 37 әскер бөлімі мен бөлімшесін құрады. Наурыз айында Торғай облысында 6000-нан астам адам мобилизацияланды. Жетісу облысында жеке қазақ бригадасы, жалпы саны 5,5 мың адамнан тұратын 27-Түркістан және 15-Дүнген полктері құрылды. Мамыр айында РКФСР Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің шешімімен 19 жастан 35 жасқа дейінгі орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.

Әскер бөлімдерін құру процесінде Дала өлкесінің төтенше комиссары Ә. Жангельдин, Торғай уезінің әскери комиссары А. Иманов, қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б. Қаратаев, сондай-ақ әскери бөлімшелердің командирлері және комиссарлары Т. Әлиев, С. Арғыншиев, Б. Алманов, Ж. Жәнікешев, М. Масанчи, А. Розыбақиев, О. Исаев, А. Оразбаева және басқалар халық арасында үлкен ұйымдастыру жұмысын жүргізді. Қазақстан территориясында өріс алған майдандардағы соғыс қимылдарының дамуы алғашқы кезекте Шығыс майданындағы соғыс операцияларының барысымен тығыз байланысты болды. Ә. Жангельдиннің экспедициясы Қазақстанда, атап айтқанда, Ақтөбе облысында елеулі рөл атқарды. 1918 ж. қарашада Шығыс майданында Қызыл Армия бөлімдері Орынборда орнығып алған атаман Дутовтың және Орал ақ казактарының әскерлеріне қарсы шабуылды өрістетті. 1919 ж. қаңтарда Қызыл Армия Орынбор мен Оралды азат етті. Мұның өзі Кеңестік Ресейдің Қазақстанмен және Орта Азиямен тікелей байланысты қалпына келтіруіне мүмкіндік берді.

Партизан қозғалысына әскерден қайтқан солдаттар мен матростар, Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісіне, 1916 ж. ұлт-азаттық революцияға қатысқандар, коммунистер, депутаттар Кеңесінің мүшелері басшылық етті. Солтүстік Жетісуда партизан қозғалысы кең өрістеді. Мұнда Кеңес үкіметі жолындағы күресте Черкасск қорғанысы (1918 ж. маусым – 1919 қазан) зор рөл атқарды. Партизандар казактардың ең қатыгез атамандардың бірі Анненков басқарған ірі бөлімдерінің шабуылына он үш ай бойы тойтарыс берді. Қазақстандағы Колчак әскерлерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді.
3.Қазревком мен Қазақ АКСР-нің құрылуы. Азамат соғысы шет аймақтар халықтарының ұлттық мемлекеттігі идеяларымен санаспауға болмайтынын большевиктерге тағы да көрсетті. Олар кеңестік негізде Қазақ автономиясын құру жөнінде дайындық жұмысын жүргізуге мәжбүр боды.

1919 жылы 10 шілдеде В.И.Ленин Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет туралы Декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды. Декретте оның мақсаттары мен міндеттері –контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу, өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, Қазақстанда Кеңестердің құрылтай съезін әзірлеу белгіленді. Революциялық комитеттің қарауына Астрахан губерниясының қазақтар тұратын өңірлері мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді.

Қазақ ревкомының басшысы болып С. Пестковский тағайындалды. Ревком құрамына В.Лукашев, Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынұлы, М.Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б.Қаратаев енді. Кейін оның құрамына А.Авдеев, Ә.Әитиев, Ә.Әлібеков, С.Арғыншиев, Х.Ғаббасов, Т. Седельников,С.Сейфуллин, В.Радус- Зенькович тартылды.Қазревкомның орталық органы «Ұшқын» газеті шығарылды. Алашордалықтар төңкеріс комитетінің құрамына кірсе де, Алашордаға жасалған кешірімге қарамастан оның басшыларына деген сенімсіздік ұзақ уақытқа дейін сақталып қалды. Ал кеңес үкіметінің Қазақстандағы кейбір өкілдері Алашорда жетекшілеріне жау ретінде қарады. Кешірім жасалғанға қарамастан Алашорда жетекшілері саяси тұрғыда оқшаулануға тиіс болды. Ақырында Қазревкомның 1920 ж. 5 - наурыздағы қаулысына сәйкес Алашорда таратылды.

Қазревком Қазақстанда әскери-азаматтық билікті қолға алып, кеңестердің бүкілқазақстандық 1-ші съезін шақыруды ұйымдастыру, Қазақ автономиясы туралы ереже жобасын дайындап, съезд талқысына ұсыну, РКФСР, Түркістан Кеңестік Республикасы және Қазақ өлкесі арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, Қазақтың байырғы жерін біріктіру, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету міндеттерін өз қолына алды.

Қазревком 1919 ж. шілдесінен 1920 ж. қазанын қосқанда 15 ай бойы жұмыс істеп, қазақ халқының кеңестік автономиясын құру жолындағы әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды. Нәтижесінде 1920 ж. 17 тамызында РКФСР Халық Комиссарлары кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қолдады. 1920 ж. 26 тамызында Ленин мен Калинин қол қойған БОАК және РКФСР ХКК-нің құрамында астанасы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялы республикасын құру туралы» тарихи декреті жарияланды.

1920 ж. 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі, Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқықтарының Декларациясын қабылдады, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАКСР-нің құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып С.Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесінің басшысы болып В. Радус-Зенькович сайланды.


Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Петроградтағы қарулы төңкеріс қашан болды? Уақытша үкімет құлағаннан кейін билік кімнің қолына өтті?

  2. Кеңес одағындағы алғашқы декреттерді атаңыз.

  3. Қазақстанда қандай себептермен азамат соғысы басталды. Азамат соғысының алғашқы ошақтары қашан және қай жерде басталды?

  4. «Әскери коммунизм саясаты» дегеніміз не?

  5. Азық –түлік салғыртын, азық-түлік салығына ауыстыру дегенді қалай түсінесің?

  6. Әскери коммунизм саясатының қандай зардаптары болды?

  7. Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет туралы Декретке қашан қол қойылды?



Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.

  4. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  5. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

  7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.



Дәріс 25.

Тақырыбы:ХХ Ғ. 20-30 ЖЖ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ.
Мақсаты: Қазақ өлкесінің ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы туралы түсіндіру. Жаңа экономикалық саясат, индустрияландыру, ұжымдастыру, халық ағарту ісінің дамуы, т.б. мәселелер бойынша студенттердің білімдерін одан әрі жетілдіру.
Негізгі ұғымдар: жер-су реформасы, индустрияландыру, ұжымдастыру, депортация, «Кіші Қазан».
Жоспар:

  1. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысы.

  2. Индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

  3. Мәдени саладағы жетістіктер мен қайшылықтар.


1. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысы. Азамат соғысының нәтижесінде Қазақ өлкесіндегі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Халық наразылығының көбеюіне байланысты шаруашылықты жүргізудің жаңа түрлері қажет болды. Осы себепті 1921 жылы наурызда өткен РК(б)П Х съезінде жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС мәні:

  • Азық-түлік салығы азық-түлік салғыртымен алмастырылды;

  • Еңбек міндеткерлігі алынып тасталды;

  • Жерді жалға алуға, сауда еркіндігіне, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді;

  • Кооперацияның дамуына қолдау көрсетілді.

Алайда, Қазақстанда 1921 жылы жазда күшті қуаңшылық болуына байланысты. Республикадағы аштыққа ұшырағандардың саны 2 млн. 300 мың адамнан асты.

ЖЭС өз нәтижесін 1920-шы жылдардың ортасынан бастап бере бастады. 1925 жылы халық шаруашылығын қалпына келтірілді. Мал басы екі есеге көбейіп, 26 млн.-нан асты. Ойыл, Темір, Қоянды жәрмеңкелері қалпына келтірілді.

1921-1922 жылдары Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. Оның мәні – Ертіс және Жайық өзендері бойындағы, Жетісудағы Сібір, Орал казак әскерлері үшін тартып алынған жерлерді шаруаларға қайтарып беру болды. 1921 жылы құрылған кедейлердің «Қосшы» одағы жер реформасының жүргізуге белсенді қатысты.
2. Индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңестік Социалистік республикалар одағы (КСРО) құрылғаннан кейін елде социализм орнату доктринасы іске асырыла бастады. Ол үш үлкен міндетті: индустрияландыруды (аграрлы елден дамыған индустриялы елге); ұжымдастыруды (социалистік ұжымдық ауыл шаруашылығын құру); мәдени революцияны (сауатсыздықпен күресу, кеңестік білім жүйесін құру, ғылым мен мәдениетті, кеңестік идеологияға қызмет ететін зиялы қауымды және жаңа өмір салтын қалыптастыру) қамтыды.

Алғашқы қадам елді индустрияландыру саясатынан басталды. 1925 жылы желтоқсанда БКП (б) XIV съезі өтіп, онда елді индустрияландыру бағытына көшіру туралы шешім қабылданды. Қазақстанда индустрияландыру өлкенің пайдалы қазбаларын зерттеуден басталды. Индустрияландырудың ең ірі құрылысының бірі – Түркістан-Сібір теміржолын салу болды (1927-1930 жж.). Оның ұзындығы 1 445 км-ге созылды. Сол кезеңде салынған ірі құрылыстардың қатарында Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс және Ащысай полиметалл комбинаттары бар. Ембі мұай өндіру аймағы дамыды. Қазақстан түсті метал өндіруде Одақ бойынша екінші, мұнай өндіруден үшінші орынға көтерілді. Индустрияландыру барысында қалалар мен қала халқының саны өсті. Инженер-техникалық, жұмысшы кадрлардың білікті тобы қалыптасты.

Сонымен қатар индустрияландырудың кемшілікті тұстары да болды. Оны жүзеге асыру үшін керек қаржы ауыл шаруашылығы есебінен алынды. Қазақстан өнеркәсібі шикізат өндіру бағытында ғана дамытылды. Қазақ халқының үлес салмағы азайды.

1925-1933 жылдары Қазақ өлкесін басқарған Ф.И. Голощекин Қазақстанда сталиндік бағытты жүргізіп, «Кіші Қазан» идеясын жүзеге асырды. 1927 жылы БКП (б) XV съезі болып жеке шаруа қожалықтарынан ұжымдық шаруашылық (колхоз) жүйесіне көшу туралы шешім қабылдады. Ұжымдастыру жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескерместен, күштеу саясатымен жүргізілді. Әсіресе, адам құқығы аяқ асты етілді. Шаруаларды заңсыз тұтқындау, сайлау құқығынан айыру, жер аудару, ату және т.б. жазалар қолданылды. Ұжымдастырумен қатар қоғамдағы байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары жүргізілді. 1928 жылы 27 тамызда Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі «Ірі байлар мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару» туралы декрет қабылдады.

Көшпелі және жартылай көшпелі халықты отырықшылыққа күшпен ұжымдастыру Қазақ өлкесі үшін үлкен қасірет әкелді. Колхоздарға ортақ меншікке алынған малдар қырыла бастады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болса, 1933 жылы одан тек 4,5 млн бас мал ғана қалды. Осы жағдайлардың барлығы 1931-1933 жылдары аштыққа әкеліп, одан 2,1 млн адам шығыны болды. Ұжымдастыру жылдарында Қазақстанның барлық аймағында 372 халық көтерілістері болған.
3. Мәдени саладағы жетістіктер мен қайшылықтар.Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни өлке тұрғындардың сауатын ашу мәселесін көтерді. Әсіресе ол үкіметтің 1929 жылы "Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы" каулысынан кейін өрістеді. Алайда сауатсыздыкты жою шаралары қаржы тапшылығы, мұғалімдердің, оқулыктар мен оку кұралдарының жетіспеуі сиякты үлкен қиындықтармен жүргізілді.

Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1928/29 оқу жылыңда 4397 бастауыш, 142 жеті жылдық, 29 екінші сатыдағы мектептер жүмыс істеді. Білім беру саласында ұлттық мектептер жүйесі калыптаса бастады. 1927 жылы қазақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда осы мектептердің ішінде мектеп үйі барлар саны 40-ка әзер жетті. ҮІ партия конференциясында мектептердің көбі тек қағаз жүзінде екені, ауылдағы мектептердің үйі жоқ, үйі болса, орындықтары жоқ, орындықтары болса окулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған карамастан мектеп жасындағы балаларды окуға тарту жұмыстары жүргізідді. 1929 жылымектеп жасындағы казақ балаларының 34,7% оқуға тартылды. 1926 жылы мектеп жасындағы балалардың бар болғаны 16% қамтылған еді. Екінші бесжылдыктың аяғыңда жаппай бастауыш білім беруге көшу аякталды. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91% оқуға тартыдды. Бірақ орта және толық емес орта білім беру жүйесі артта қалды. Соғыс қарсаңында жетіжылдық мектептер үлесі 1/3-ден артпады, қазақ орта мектептерінің калыптасуы созылып кетті. 1935/36 оқу жылында алғаш рет қана 11 қазақ балалары орта мектепті бітірді.

Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. Алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 жылы — Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лабораториясы, 1924 жылы - өлкелік өсімдікті қорғау станциясы, 1925 жылы -санитарлық-бактериологиялық институты ашылды. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалы болды. Геология және биология ғылымдарынң нәтижелері бүкілодақтық көлемде танымал болды.

1920-30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Ақын М.Жұмабаевты замандастары өте жоғары бағалаган. Оның поэзиясы өзінің нәзіктігімен, жаңашылдығымен, адам жанының тазалығы мен сұлулыгын терең меңгергендігімен ерекшеленді. М.Жұмабаев өзінің шығармаларында жалпы адамзаттық құндылықтарды, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті жырлайды.

Кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасалды. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ғ.Орманов және т. б. қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты. С.Сейфуллин кеңес мемлекетінің жетекші кайраткерлерінің бірі болды. "Тар жол тайғақ кешу" деген шығармасында азамат соғысы кезіндегі саяси жағдайды суреттейді. Ол өзінің шығармаларында революция идеяларын кең жырлады.

1926 жылы алгашқы кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы қазақ драма театры ашылды. Оны Ә.Қашаубаев,Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқүлов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков сияқты, кейін казақ театр өнерінің майталмандары болғандар, ұйымдастырды. Әнші Ә.Қашаубаев Париж, Франкфурт-на-Майне сияқты Европаның ірі қалаларының концерт залдарында өз өнерін көрсетті. Соғыс қарсаңында республикада қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, республикалық орыс драма театры, казақ мемлекеттік опера және балет театры, үлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, республикалық куыршақ театры жүмыс істеді.



Алайда большевиктік кеңес үкіметі таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды. Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондыктан да қазақ халқының қалыптаскан дәстүрлі мәдени мүралары, ескі феодалдық құрлыстың қалдықтары деп, үлттық санадан аластатылды. Сонымен бірге халыктың тарихи санасын жоюға бағытталған шараның бірі 20-шы жылдардың аяғында ғасырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынға ауыстыру, сосын оны 1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның нәтижесінде бір үрпактың ғана ғұмырыңда қазақтар өзінің тол жазуы мен дүниеге келген үлттық рүхани мәдениеттің жетістіктерінен айырылды. Бүл жүргізілгсн шаралардың бәрі де большевиктік тәртіптің күшейгенін, әкімшіл-әміршіл жүйенің толық орныққанын корсетеді.
Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Қазақстанда жер-су реформалары қалай жүрді?

  2. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері қандай болды?

  3. Салыстыру кестесін құрыңыз: «Әскери коммунизм саясаты» және ЖЭС




1918-1919жж. әскерикоммунизм саясаты

Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)

Мақсаты

Іс-шара:

Қорытындылары:

Мақсаты:

Іс-шара:

Қорытындылры:




  1. Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру неден басталды?

  2. Индустрияландыру саясатының мақсаты, ерекшеліктері қандай болды?

  3. Голощекиннің «Кіші Қазан » төңкерісінің бағыты қандай болды?

  4. 1920-30жж. араб әрпімен шыққан басылымдарды пайдаланғандарға қандай айдар тағылды?

  5. «Бесеудің хатында» не туралы жазылды?

  6. Күштеп ұжымдастыру саясатына кінәлі бассшылардан кімді білесіз?


Әдебиеттер:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

  2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.

  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.

  4. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.

  5. Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.

  6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

  7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.



Дәріс 26.

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1941-1945).
Жоспар:

  1. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының басталуы.

  2. Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру.

  3. Қазақстандықтардың тылдағы еңбектері.


Мақсаты: Студенттерге Кеңес халықтарының фашистік басқыншыларғақарсы өзі Отанын, жерін қорғаудағы табанды күресі туралы мәлімет беру. Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын ұғындыру.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет