Қазақстан тарихын меңгертудің әдіс тәсілдері



Дата01.04.2017
өлшемі11,97 Kb.
#13307
түріСабақ

Қазақстан тарихын меңгертудің әдіс - тәсілдері

  • «Өз тарихын сыйламаған халық, өзін де сыйламайды».
  • Н. Ә. Назарбаев

Ел мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап – оның сапасын арттыру. Тарих – ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды, тарихты білу әрбір адамға қажет әрі пайдалы.

Тарих пәні сабақтарын сапалы өткізу үшін мына талаптарды басшылыққа алу керек:

  • Сабақтың пәндік және саяси – идеялық дәрежесінің жоғары болуы, баянды, түбегейлі білім беру үшін оқушылардың танымдық қабілетіндамытатын әдіс – тәсілдерді үнемі қолданып отыру, танымдық қабілетті жан – жақты дамыту үшін білуге құштарлық сезімін ояту, жаңаны түсіндіру, білдіру, ескіні ұмыттырмау, оқушыларға рухани тәрбие беру мүмкіндігін пайдалану.
  • Сабақ сапасының нашар болуы оқушылардың осы пәнге деген ынтасын төмендетеді, оларды қызықтырмайды. Осының бәрі оқушылардың белгілі бір бөлігінің тарих пәнінен бағдарлама көлемінде тиянақты білім алмауына әкеп соқтырады.
  • Тарихтың оқу пәні ретінде ерекшелігі – осы пәннен оқушыларға білім бергенде мәнерлі сөз рөлі орасан. Мұғалімнің әсерлі, қызықты әңгімесі оқушының өткендегі оқиғаның айқын бейнесін ойша көз алдына елестеуіне, оқу материалын бейнелі түсінік қалыптасқанға дейінгі дәрежеде нақтылай түсуіне, тәрбиелеу міндетін шешу үшін аса қажетті болатын, оқушыға эмоциялық әсер етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Әдістемелік құралда сабақты ауызша баяндап беру кезінде материалды нақтылай түсудің төмендегідей әдістері анықталады:

  • Айқын эпизодтар келтіретін суретті әңгіме;
  • Өте ерте заманды оқушының көз алдына келтіріп, соған қатысушы ретінде сезінуі;
  • Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды дербестеу әдісі, бұл жағдайда типтік факторлар бірнеше тарихи адам тағдыры арқылы көрсетіледі;
  • Әңгімені қызықты сәттер арқылы суреттеу. Бұл баяндалып отырған құбылыстарды нақтыландырады, оларды жақындатады.

Тарих бойынша қойылатын мәселелердің шешімін табу ісімен қай жерде және қай кезде айналысуға болады?

  • Біріншіден, жаңа тақырыптарды түсіндіруді мәселе қоюдан бастауға болады.
  • Екіншіден, мәселені жаңа материалды оқып – үйрену кезінде білімді баянды ету құралы ретінде пайдалануға болады.
  • Үшіншіден, мәселе оқушылардың білім дәрежесін анықтаған кезде өлшем мен бақылау құралы ретінде пайдаланылады.

Оқу кітабымен жұмыс істеу оқушыларды мыналарға үйретеді:

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтай білуге;
  • Параграфтың немесе оның бір бөлігінің қарапайым жоспарын білуге;
  • Біршама қарапайым ұғымдардың анықтамасын айтып беруге;
  • Мәтінді қайталап айтып беруге және т. б.

Деректермен жұмыс істеу сабақтың әр мерзімінде жүргізілуі керек және әр түрлі мақсатта:

  • Жаңа тақырыпты оқып үйрену кезінде жаңа білімді хабарлаудың бастамасы ретінде;
  • Сабақтың соңында осы сабақта игерілген мәселелерді пысықтау мақсатында;
  • Қосымша мәліметтер алу мақсатымен оқушының кейде өз бетімен жұмыс істеуі барыснда пайдалану керек.

Қазақстан тарихы пәнін сапалы оқытудың жолдары:

  • Тарихқа деген қызығушылығын тереңдету: әр ел тарихына қатысты тарихи, мәдени мұраларды айту:
  • Сабақ жоспары бойынша ең негізгі ұғымдарды іріктеу, меңгерту;
  • Шығармашылық қабілетін дамытуға дағдыландыру: өз бетінше тарихи деректерді оқып үйрену;
  • Пәнаралық байланыс: тарихи шығармаларды пайдалану;
  • Жаңа педагогикалық технология элементтерін, жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалану;
  • Конференция сабақтар:хабарлама, реферат, баяндама қорғау, дебат сабақтар өткізу;
  • Сабақ жүйесіне сай өлкетану материалдарын пайдалану;
  • Әр тарау, бөлім соңында тест – сауалнама, тарихи сынақ хаттар алу;
  • Картамен жұмыс жасай білу сауаттылығын қалыптастыру;
  • Көрнекі, техникалық құралдар мен электрондық оқулықтарды пайдалана білу;
  • Мұғалім этикасы, мәдениеті, адамгершілігі, үздіксіз ізденісі.

Пәнді игерту барысында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынасқа қойылатын талаптар:

  • Мұғалімнің әрбір оқушыға қоятын талаптарын логикалық тұрғыдан аяғына дейін жеткізуі тиіс;
  • Талап позитивті сипатта болуы тиіс;
  • Талап нұсқаумен берілуі тиіс;
  • Талап түсінікті, оқушы жасына сәйкес берілуі қажет;
  • Оқушы назарын істелетін жұмыстың мазмұндылығына, оның жеке бөліктеріне, оқушының қажеттілігіне, қызығушылығына назар аудара отырып талап қою қажет;

  • Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандары – іскер ойындар сабағы, семинар – сабақ, конференция, дебат – сайыс сабақтары, т. б. оқушылардың шығармашылық-
  • пен еңбек етуіне, өз бетімен білім көздерін іздеуге бірін – бірі оқытып, тәрбиелеуге және осылар арқылы нәтижелі білімге кез келген пән мұғалімі баланың іскерлігі мен дағдыларын дамыту, бағыт беру арқылы қол жеткізіп оқушылардың да, өз пәнінің де беделін көтереді.
  • Әрбір ұстаз сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеп, педагогикалық жаңалықтармен ұштастырса оқушыға сапалы білім беріліп, жеке тұлға қалыптасады.

Қорыта келе, сапалы білім алу үшін қазіргі тарих сабағына қойылатын талаптар:

  • Сабақтың нақты бағдарламамен жүргізілуі;
  • Оқушылардың өзіндік іс – әрекетінің басым болуы;
  • Өздігінен білімділік дағдыларын игеруі;
  • Мұғалім тарапынан инновациялық іс – әрекеттің болуы.
  • «Тарихты білмей – өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын».
  • Әл - Фараби
  • Назарларыңызға рахмет!

Каталог: uploads -> doc -> 07e6
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07e6 -> Кенжеғали Райгүл Ғиниятқызы Логопед Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернаты Атырау қаласы
07e6 -> Сабақтың мақсаты: а білімділігі: оқушыларға ф ф дыбысы мен әрпін таныстыру
07e6 -> Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 2мин


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет