Қазақстандағы салалық баспалар: кеше және бүгін Отраслевые издательствы в Казахстане: вчера и сегодня



Дата15.09.2017
өлшемі113,3 Kb.
#32193
Қазақстандағы салалық баспалар: кеше және бүгін

Отраслевые издательствы в Казахстане: вчера и сегодня

Branch publishing house in Kazakhstan: yesterday and today
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының аға оқытушысы М. Ж. Майлықұтова

Старший преподаватель кафедры издательского дело и дизайна М. Д. Майлыкутова.

Senior teacher of department publishing business and design of M.D. Maylykutova.
Салалық баспалар – бүгінгі кітап басу ісінің негізгі тұтқасы іспетті. Салалық баспа - білімнің және (немесе) іс жүзіндегі қызметтің белгілі бір саласына мазмұны жағынан катысты құжаттармен жұмыс істейтін баспа. Жекелеген баспалардың көбісі бүгінгі таңда аса қажетті кітап шығару жолында салалық кітап шығару ісімен айналысып келеді. Қазақстанда салалық баспалар өткен ғасырдан бері белгілі. Ал, қазірде нараықтық экономика қыспағына қарамастан, өскен, дамыған.

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында баспалар акционерлік қоғам түрінде құрылып, өз ішінен кітап, газет-журнал баспаларына жіктеле бастады. Бұл кезеңде баспа мен баспахана екеуі біртұтас болды. Кітаптар баспахананың өзінде дайындалып, басылып шықты. Қазақ тілінде кітап шығару ісінің тарихы 1800 жылы Қазан қаласында ашылған бірінші Азиялық баспаханадан басталады.



1809 жылы Қазан университетінде баспа ашылады. 19 ғасырда Қазан қаласы Орта Азия және Қазақстан халықтарының мәдени-ғылыми мұраларын жинап, зерттейтін, жарыққа шығаратын орталыққа айналды. Сонымен қатар 19 ғасырдың 2-жартысында Орынбор, Уфа, Ташкент, Санкт-Петербург, Троицк, Астрахан қалаларында да қазақша кітаптар шығаратын баспалар құрылды. Бұлардың ішінде “Ағайынды Каримовтар”, “Шарқ”, “Тұрмыш”, “Умид”, “Урнәк” т.б. баспалардың рөлі ерекше болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш кітап — Қазан гимназиясы баспаханасы шығарған “Сейфүл-мәлік” қиссасы (1807). 1851 ж. Қадырғали ЖалаиридіңДжами-ат-тауарих”, Ы. Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясы” (1879), “Қамбар туралы поэма” (1882), “Мұхаммед Ханафия” (1882), “Қыз Жібек” (1894), “Қозы Көрпеш хиссасы” (1890), 20 ғ-дың басында “Хисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны” (1900), “Хисса Алпамыш” (1901), 1909 жылы А. Құнанбаевтың өлеңдер жинағы, “Қазақтың айнасы” (1910), “Қазақша әліппе” (1910), С. Көбеевтің “Қалың малы” (1913), т.б. кітаптар осы баспалардан шыққан. 1917 жылға дейін қазақ тілінде 700-ге жуық кітап басылды [1].

Қазан төңкерісінен кейін кітап басу ісі бірден мемлекет иелігіне алынды. 1917 жылы желтоқсан айында “Мемлекеттік баспа туралы” декрет қабылданып, баспа ісін қайта құруға қажет материалдық-техникалық база мен кітап қорлары мемлекет пен халық меншігіне берілді. 1917 жылдың аяғында БОАК-тың (Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің), Санкт-Петербург, Мәскеу кеңестерінің жанынан Баспа бөлімдері ашылды. Ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты (Ұлт халкомы) құрылды[2].

Оқу халкомы мен Ұлт халкомы құрған Мұсылман істері жөніндегі комиссариат 19181919 жылдары баспа жұмысын басқарды. Ұлт халкомында 11 бөлім мен комиссариаттар жұмыс істеді. 1918 жылы 12 мамырда бұларға қазақ бөлімі қосылды. 1918 жылы қараша айында өткен мұсылман коммунистердің Бүкілресейлік І сьезінде мұсылмандық ұйымдардың Орталық бюросы сайланды. Бюро құрамына Қазақстаннан Сейтқали Меңдешев енгізілді. Бюро Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тілдерінде әдебиеттер шығаруды қолға алды. Ол 1919 жылы күншығыс халықтары тілдерінде жеті млн. жаңа газет, кітапша және парақшалар басып таратты. 1924 жылға дейін Ұлт халкомы жанында екі баспа — Батыс және Шығыс Баспалары жұмыс істеп келді. Шығыс баспасын Н. Төреқұлов басқарды, ал осы баспадағы қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Ә. Байділдин болды. 1924 жылы мамырда жоғарыдағы екі Баспаның негізінде КСРО халықтарының Орталық баспасы (Ортбас) ұйымдастырылды. “КСРО халықтарының Орталық баспасы туралы Ереже” 1924 жылы 13 маусымда бекітілді. Орталық баспамен қатар Түркістан мемлекеттік баспасы (Түркмембас) да қазақ тілінде кітаптар шығарып отырды. Ол 1920 жылы наурыз айында Ташкентте құрылған болатын. “Түркмембас” Орта Азиядағы тұңғыш кітап Баспасы еді. 1921 жылы осы баспадан қазақ тілінде 680570 дана, өзбек тілінде 2147850 дана, түрікмен, тәжік тілдерінде 233800 дана кітап басылып шықты. Қазақстанда алғашқы кітап 1918 жылы басылып шықты. 1918 жылы қараша айында Ордада баспа және аударма бөлімдері ашылды. Бұл бөлімдер “В.И. Лениннің Америка жұмысшыларына хатын”, “РСФСР Конституциясын (Негізгі заңын)”, сол жылы Верныйда (Алматыда) РСДРП(б) Жарғысы мен партия бағдарламасын шығарды. 1920 жылы 3 қарашада Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-і “Қазақ мемлекеттік баспасы туралы декрет” қабылдады. Сол жылғы 24 қарашада оның ережесі бекітілді. 1921 жылы тамызға дейін бұл баспа ОАК қарамағында болды. 1921 жылы 9 тамызда Оқу халкомы құрамында Мемлекеттік баспаны басқаратын Бас басқарма құрылды. Бұған қоса осы халкомда арнаулы ғылыми бөлім — Академиялық орталық ұйымдастырылды. Орталықтың құрамында ғылыми-әдеби кеңес болды, ол оқулықтар жасаумен, саяси әдебиеттерді тәржімалаумен айналысты [3].

Қазақстанда 1921 — 1922 жылдары 29 баспахана, бір литография жұмыс істеді. Мемлекеттік баспа (Госиздат) бір жылдың ішінде тиражы 27 мың дана 20 кітап шығарды. 1931 жылы 22 қазанда Қазақ өлкелік партия комитеті «Қазақстанда баспа ісін қайта құру туралы» қаулысынан кейін мемлекеттік баспа “Қазақстан баспасы” (Казиздат) болып қайта құрылды. Осы жылдары өз алдына Қазақ техникалық баспасы ұйымдастырылды. 1930 жылдан Ресей Біріккен мемлекеттік баспасының (ОГИЗ-дің) Өлкелік бөлімшесі өз жұмысын бастады. 1931 жылғы 22 қазандағы “Қазақстанда баспа ісін қайта құру туралы” Қазақ өлкелік партия комитетінің қаулысынан кейін Ресей Біріккен мемлекеттік баспасының (ОГИЗ-дің) Өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. 1933 жылы «Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы құрылып, Қазақстан Жазушылар одағына қарады. 1941 ж. 26 қаңтарда республикадағы барлық кітап баспалары қосылып, «Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасы» құрылды. 1950 жылы қаңтарда одан «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы» бөлініп шығып, Қазақ ҚСР Мәдениет министірлігінің қарамағына берілді. Ол 1964 жылдан «Жазушы» баспасы аталып, Қазақ ҚСР Министірлер Кіңесінің баспа полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне қарады. Құрамында проза мен поэзия, балалар мен жастар әдебиеті, музыка мен өнер әдебиеті бас редакциялары болды. «Жазушы» қазақ, орыс, ұйғыр, корей, тілдерінде көркем әдебиет шығармаларын, әдебиет зерттеулері мен көркем сын еңбектерін, музыка, көркем өнер туындыларын, альбом, буклет, әдеби календарь, көремсуретті открыткалар және «Жалын» альманағын шығарды. 1971 жылдан баспа жоспарлаудың және эканомикалық ынталандырудың жаңа тәртібіне көшіп, жұмысты шаруашылық есеп негізінде істеді. Мысалы, 1971 жылы бір жыл ішінде көлемі 3105 баспа табақ, жалпы таралымы 11,8 млн-ға жуық 362 кітап басып шығарды. Баспа кітап басу ісіндегі зор жетістіктері үшін 1983 ж. «Халықтар достығы» орденімен марапатталады. Баспаға әр жылдары Ғ.Мүсірепов, Б.Кенжебаев, І.Есенберлин, Ә.Жұмабаев, С.Мұратбеков, М.Сқақбаев, Қ.Найманбаев, Д.Исабеков, т.б.көрнекті қаламгерлер директор болды. 1995 жылдан бері баспаны белгілі ақын Е.Раушанов басқарады. Баспа 1999 жылы «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» болып құрылды.

«Жазушы» баспасы қазақ және Қазақстан халықтарының әдебиеті мен өнерін насихаттауда, әдеби көркем шығармаларды жариялау мен таратуда өлшеусіз рөл атқарады. Классик жазушылар М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтерден бастап жас ақын-жазушыларға дейінгі талантты есімдердің танылуы баспа атымен тікелей байланысты. Қазақ ауыз әдебиеті мен әлем халықтары әдебиетінің ең таңдаулы үлгілері жеке кітаптар болып, жоғары полиграфиялық сапамен шығып тұрды. Осылайша баспа жазушылардың шынайы шығармашылық ордасына айналды.

Ақын-жазушылар кітаптар жазып, баспа авторы болып қана қоймай, көпшілігі онда редактор болып жұмыс істеді. Баспаның қара шаңырағында Қазақстан баспагерлерінің әлденеше ұрпағы өсіп-жетілді. Ұзақ жылдар Мемлекеттік баспа комитетінің төрағасы болып істеген Ш.Елеукеновтың сөзімен айтқанда: «Ол кезде көркем баспалардың редакторлық құрамы негізінен ақын, жазушылар тұратын. Редакция портфеліндегі жаңалықтарға барынша түсінікпен қарайтын ынталы баспагерлер тобы өсіп жетілді. Әзірше Кеңестік кездегі кітап және кітап ісі тарихы зерттеусіз жатыр. Әйтпегенде, партиялық, цензорлық бақылаудың қатаң құрсауына тап болса да, ақиқатын айтатын қолжазбаны кітап етіп шығаруға батыл бел байлаған ержүректілік бұл салада ұшырасады» [3] бұл айтылғандардың «Жазушы» баспасына тікелей қатысы бар. Өйткені дәл сол жылдары М.Мағауин, Қ.МырзаӘли, Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Жүмаділов, С.Иманасов, Ә.Сарай, О.Сәрсенбаев секілді жүздеген ақын, жазушылар баспада меңгеруші редактор болып қызмет етті.

Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін баспа тарихының жаңа беті ашылды. 1995 жылдан бері баспаны белгілі ақын Е.Раушанов басқарды. Бас редакторы ақын Е.Дүйсенбайұлы. бұрынғы 150 адамның жұмысын 25 адам, 50 редактордың жүгін 3 редактор қара нардай алға жылжытуда. Соған қарамастан, кітап шығару ісінің сапасы мен жауапкершілігі байырғы, дәстүрлі қалпынан жоғарыламасағ кеміген жоқ. Отыз адамдық ұжым бір ошақтың айналасындағы ынтымақты отбасындай, берекелі өмір кешіп, еңбек етуде. Соңғы он жылдан бері баспа ұжымы әдеби мұраларымызды насихаттап, жарыққа шығаруға ерекше көңіл бөліп келеді. Мәселен, «Халық ауыз әдебиеті» сериясымен жоспарланған жүз томдықтың алғашқы 17 томы, оның ішінде алты томдық «Ертегілер» , бес томдық «Халық әндері», шықты. Бұлардың бұрынғы кітаптардан артықшылығы – кеңестік цензураның қиып – қысқартып тастаған тұстары түгелдей қалпына келтірілуі. Сондай-ақ, кеңестік дәуірдешығаруға тыйым салынған Алаш зиялылыарының кітаптары, Кенесары атына байланысты әдебиеттер, Нысанбай жырау, т.б. шығармалары жарық көрді. Мұнымен қатар Б.Майлин, І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, т.б.классиктеріміздің көп томдықтарын шығару идеясын алғашқы болып көтерген де, сол игі істі бастап берген де «Жазушы» баспасы болды.

Баспа ұжымы кәсіби даярлығы мол шығармашылық және техникалық топтардан тұрады. Соңғы бірнеше жылдан бері қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде көркем әдебиетпен қатар оқулықтар шығарумен де айналысады. Олардың көркемдік, танымдық, ғылыми мазмұны мен жоғары полиграфиялық сапада болынуына баса көңіл бөлінеді. Әйтсе де баспа өзінің атына сай басты мақсаты – жаңа ғасырдағы әдеби үрдістің жанашыры мен ұйытқысы болу, әдебиетіміздің әлемдік деңгейдегі орнын биіктете түсуге талмай үлес қосу екнін жақсы ұғынып, осы жолда еңбек етіп келеді.

Біздің – жазушы мен баспагердің, кітап таратушының бірлесіп атқарар жұмысының діттейтін мақсаты талапшыл оқырмандарымызға идеялық-көркемдік сапасы биік, әсем полиграфиялық деңгейде шығарылған жаңашыл кітапты, дос пейілді кітапты, сыйлық болар кітапты тарту етііп шығарып отыру болмақ.

Кейінгі жылдары баспа «Қазіргі қазақ прозасы» , «Қазіргі қазақ поэзиясы» , «Көркем әдебиет» , т.б. сериялармен кітаптар шығарып келеді. 2005 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарламасымен жиырма томдық «Әлемдік философиялық мұра», он томдық «Әлемдік мәдениеттану ой-санасы» серияларының кітаптарын шығаруды қолға алып, алғашқы өнімдерін республика кітапханаларының қорына жөнелтіп те үлгерді.

Халықтың ауыз әдебиетінің асыл мұралары, жыраулық әдебиеттің үздік үлгілері, Абайдың, Жамбылдың шығармалары “Жазушы” баспасынан сан рет басылып шықты. Әлем әдебиетінің көптеген классиктерінің туындылары осы баспадан қазақ тіліне аударылып, республика оқырмандарының рухани қазынасына айналды. Баспаның директоры болып әр жылдары Есенберлин, Ә.Жұмабаев, Мұратбеков, М.Сқақбаев секілді өрнекті жазушылар қызмет істеді. 1976 жылы қаңтарда “Жазушы” баспасының балалар мен жастар әдебиеті Бас редакциясының негізінде жаңа әдеби баспа “Жалын” құрылды. “Жазушы” баспасы 1999 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылды.

Қазақ баспа ісінің тарихында салалық, оның ішінде анықтамалық-энциклопедиялық басылымдар шығарудың маңызы зор екендігі айтпаса да белгілі. 1968 жылы “Қазақ энциклопедиясы” бас редакциясы аталатын аса ірі Баспа дүниеге келді. Өндірістік қуаты өте зор “Дәуір” газет-журнал Баспасының да жұмыс қарқыны арта түсті. «Қазақ энциклопедиясы» әмбебап және тақырыптық (пәндік), салалық энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, тілашарлар шығарумен, көне қолжазбаларды, басылымдарды, ұлы ғұламалардың еңбектерін қайта басумен, күрделі ғылыми-зерттеулер жариялаумен айналысады.

1968 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 13 қыркүйектегі Қаулысына сәйкес Қазақстан Ғылым Академиясы жанынан «Қазақ Кеңес энциклопедиясының» Бас редакциясы болып құрылған.

130 адамнан тұратын ұжымның шығармашылық күші 11 ғылыми редакцияға топтастырылды. Қазақтың тұңғыш энциклопедиясының Бас редакциясы жанынан барлық ғылыми салалары бойынша 29 ғылыми-салалық алқалар мен кеңесшілер тобы ұйымдастырылып, оларға 313 ғалым мен маман тартылды. Олардың ішінде Қазақстан Ғылым Академиясының 27 академигі мен корреспондент мүшесі, 84 ғылыми доктор, 189 ғылыми кандидат болды.

«Құқықтық реформа жалпы мемлекеттік маңызды мемлекеттердің бірі болып табылады, белгіленген барлық қоғамдақ жаңарулардың табысты болуы соның қалай шешілетіндігіне байланысты», - делінген ҚР Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы «Қазақстан Республикасында құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығында. Осы Жарлықты орындау үшін заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, анықтамалық-заңдық материалдарды ресми түрде жариялау, оқулық, заң әдебиетін, кодекстерді, заң жинақтарын басып шығару, заң тәжірибесін тарату мен халықтың ол жөніндегі білімін арттыру, сондай-ақ құқықтық тақырып бойынша көркем әдебиет шығару мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті 1994 жылдың 27 қаңтарында республикалық заң әдебиеті баспасы мен апталық заң газетін құру туралы №107 қаулысын қабылдады.

Бұрынғы одақтас республикалар ішінен тек біздің елде ғана президент пен үкімет құқықтық әдебиет шығаратын баспаның рөлін жоғары бағалады деуге болады.

1994 жылдың бірінші маусымында мемлекеттік республикалық заң әдебиеттерін шығаратын «Жеті жарғы» баспасын құру туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрі Н.А.Шайкеновтың бұйрығы шықты.

Тәуелсіздік жылдарында елімізде оннан аса салалық баспалар пайда болды. Әсіресе балалар басылымдарын шығаратын «Балауса», «Аруна», «Балалар әдебиеті» сынды баспалар балдырғандарымызды тартымды басылымдарымен қуантып жүр. Өнердің сан-саласын қамтитын өтімді өнімдер шығарып жатқан «Өнер» баспасы да бүгінде нарық талаптарына бейімделіп, оқырман сұранысына сай өнімдер шығаруды қолға алған.



  1. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптары тарихынан. – Алматы: Қазақстан, 1977. – 180 б.

  2. Бектемісов Ә. Жан азығы. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 144 б.

  3. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері/құрастырушылар: Р. Мәженқызы, Қ. Қайрамбекова/ Алматы, Білім.-2005ж.

Резюме
Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет