«Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені жоғары оқу орындарының 5В011600 «География» мамандығы бойынша оқитын студенттер, сонымен қатар магистранттарға және оқытушыларға ұсынылады



бет1/5
Дата29.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#12713
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Есенжолов Бауыржан Қаириденұлы


«Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені

5В011600 «География» мамандығына арналған

Көкшетау, 2013

ӘӨЖ 911.2 (5қ)

ББК 26.82(5қ)

Е-79


Пікір жазғандар:
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, география және экология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Заңдыбай А.
Баспаға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылды. Хаттама № , ..2013 ж.
Б.Қ. Есенжолов

«Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені -

Көкшетау, 2013. - бет.
«Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені 5В011600 «География» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (2009) және мемлекеттік университеттерге арналған «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінің оқу бағдарламасы негізінде құрылып, ол жоғары оқу орындарының 5В011600 «География» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

«Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешенінде «Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус), дәріс тақырыптары бойынша тезистері, зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулары, оқытушымен бірге орындалатын студенттің өздік жұмыстары (ОБСӨЖ), студенттің өздік жұмысы бойынша тапсырмалары (СӨЖ), қорытынды бақылауға арналған емтихан сұрақтары, қорытынды бақылауға арналған тест сұрақтары және терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігі (глоссарий) берілген.

«Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені жоғары оқу орындарының 5В011600 «География» мамандығы бойынша оқитын студенттер, сонымен қатар магистранттарға және оқытушыларға ұсынылады.
ББК
© Есенжолов Б.Қ., 2013

© Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, 2013

Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Есенжолов Б.Қ.
5В011600- География мамандығына арналған


Қазақстанның физикалық географиясы
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Көкшетау 2013
МАЗМҰНЫ

Пән бойынша силлабус .......................................................................................5


Дәрістер ...............................................................................................................15
Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау ..................................................82
СОӨЖ .................................................................................................................93
СӨЖ тақырыптары ..........................................................................................101
Емтихан сұрақтарының тізізі ..........................................................................103
Пән бойынша тест ............................................................................................106
Глоссарий .........................................................................................................121

Н.4.02-01



Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті



Студенттер үшін пән бағдарламасы
(СИЛЛАБУС)

Пән: Қазақстанның физикалық географиясы



Мамандығы: 5В011600 – География_

Көкшетау

Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) 5В011600 -География мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты (2009) негізінде құрылды.

Пән бағдарламасын құрастырған география және экология кафедрасының аға оқытушысы, экология магистрі Есенжолов Б.Х.

География және экология кафедрасының отырысында қарастырылған

« 20 » 06 2012 ж. хаттама № 10
Кафедра меңгерушісі _______ Заңдыбай А.
Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

« 23 » 06 2012 ж. хаттама № 10


ОӘК төрағасы ________ Сыздыкова Б.Р.


  1. Оқытушы туралы мәліметтер

Құрастырған: аға оқытушы, экология магистрі Есенжолов Бауыржан Қаириденұлы

Мекен –жайы: Абай 76 к-сі 702 кабинет «География және экология» кафедрасы

Кафедрада болу уақыты: 800 - 1400


  1. Пән туралы мәліметтер

Пәннің аты: Қазақстанның физикалық географиясы

Өту орны: 701 аудитория

оқу жоспарынанан көшірме:


курс

семестр

Кредитт.

саны


Дәрістер,

сағаты.


Практ.,

семин.


саб.,сағ.

Зертх.

сабақт.,


сағат.

ОБСӨЖ

сағат-да


СӨЖ

сағ-да


Барлығы

сағ-да


Бақылау

түрі


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

3

6

3

30




30

22

68

135

емтихан




  1. Пәндердің пререквизиттері Жалпы жертану, метеорология және климатология, геоморфология, жалпы гидрология, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, топырақ географиясы, ТМД физикалық географиясы.

Пәндердің постреквизиттері: Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы, Қазақстан табиғатының зерттелу тарихы.

Құзыреттіліктер: Пәнді толық меңгерген маман Қазақстанның географиялық орнының ерекшелігін, табиғат жағдайлары мен климатының сипаттамаларын, су қорларының таралуын, топырақ түрлері мен өсімдік және жануарлар дүниесін, табиғат зоналарының ерекшеліктерін жақсы білетін болады. Курсты игеру барысында жинақтаған білімі мен тәжірибелері болашақ маманның тұлғалық қасиеттерінің жақсаруына оң ықпал етеді.




  1. Пәнді сипаттау:

Мақсаты – студенттерге Қазақстанның табиғат жағдайы мен соған сай табиғатының қалыптасуының географиялық заңдылықтарын үйрену.

міндеті;

Пәннің қықаша мазмұны; курс екі негізгі бөлімнен тұрады. Жалпы шолу және жеке аймақтарға шолу жасау. Жалпы шолуда географиялық орнына, табиғат жағдайының зерттелу тарихына және табиғат компоненттеріне тоқталып өтеді. Жеке аймақтарға шолу жасағанда территориялық табиғат кешендеріне, аймақ және облыс көлемінде табиғат жағдайы қарастырылып өтеді. Бірінші және екінші бөлімдердің тақырыбына сай табиғи компоненттердің экологиялық жағдайы қарастырылады.

Пәнді зерделеуді аяқтаған соң студенттер не білу керек;



  • География ғылымындағы Қазақстанның физикалық географиясының алатын орыны;

  • Қазақстанның географиялық орнының ерекшелігі және оның дүние жүзілік картадағы алатын орны, жер көлемі және шекарасы;

  • Табиғатының зерттелу тарихы;

  • Тектоникалық – геологиялық құрылымы, рельефі;

  • Климаты, климат түзуші факторлары;

  • Ішкі сулары, олардың таралу ерекшеліктері;

  • Топырақ өсімдік жамылғысы, олардың таралу заңдылықтары;

  • Жануаралар дүниесі, зоогеографиялық аудандастырылуы;

  • Табиғат зоналары, олардың қалыптасу және таралу заңдылықтары;

  • Физикалық географиялық аудандастырылуы, мен аудандастырылу принциптері;

  • Экологиялық жағдайы, себеп салдары, соңғылығы, шешу жолдары;

  • Аймақтар мен облыстардың физикалық географиялық ерекшеліктері;


5. Сабақ жоспары

    1. дәрісханалық сабақтардың оқу-тақырыптық жоспары






Мазмұны

(тақырыбы мен сұрақтары)



Дәрістер

сағат саны




Практ., семинар

сабақтар сағ.



Зертханалық

сабақтар сағ.



Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме

1

2

3

4

5

6

1

Физикалық географиялық орны

1




2

Н: 5,8,11,14

2

Табиғатының зерттелу тарихы

2




3

Н: 2,3,5,8,14

3

Тектоникалық геологиялық құрылымы

2




3

Н: 4,6,14

4

Жер бедері

2




3

Н: 5,6,11,12,14

5

Климаты

2




3

Н: 5,7,8,14

6

Ішкі сулары

2




3

Н: 9,10,11,14

7

Топырақ жамылғысы

1




2

Н: 4,5,6,8,11,14

8

Өсімдік жамылғысы, өсімдіктердің зерттелу тарихы

2




2

Н: 5,8,11,14

9

Жануарлар дүниесі

1




2

Н: 1,5,8,11,13,14

10

Табиғат зоналары

2




3

Н: 5,8,11,14

11

Физикалық географиялық аудандастырылуы

2




2

Н: 5,8,11,14

12

Экологиялық жағдайы

2




2

Н: 5,8,11,14

13

Шығыс Еуропа жазығы

1







Н: 5,8,11,14

14

Оңтүстік Орал таулы аймағы

1







Н: 5,8,11,14

15

Солтүстік қазақ жазығы

1







Н: 5,8,11,14

16

Қазақтың қатпарлы даласы

1







Н: 5,8,11,14

17

Тұран жазығы

1







Н: 5,8,11,14

18

Қазақстандық Алтай таулы аймағы

1







Н: 5,8,11,14

19

Сауыр-Тарбағатай таулы аймағы

1







Н: 5,8,11,14

20

Жоңғар Алатауы таулы аймағы

1







Н: 5,8,11,14

21

Тянь-Шань таулы аймағы

1







Н: 5,8,11,14

5.2. ОБСӨЖ оқу-тақырыптық жоспары






ОБСӨЖ тақырыптары

ОБСӨЖ сағат саны

Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме (негізгі, қосымша)

Басқа дереккөздер(сайттар, электр. оқулықтары)

1

2

3

4

5

1

Физикалық географиялық орны

1

Н: 5,8,11,14




2

Физикалық географиялық аудандастырылуы

1

Н: 5,8,11,14




3

Экологиялық жағдайы


1

Н: 5,8,11,14




4

Шығыс Еуропа жазығы


2

Н: 5,8,11,14




5

Оңтүстік Орал таулы аймағы

1

Н: 5,8,11,14




6

Солтүстік қазақ жазығы


1

Н: 5,8,11,14




7

Қазақтың қатпарлы даласы

2

Н: 5,8,11,14




8

Тұран жазығы


1

Н: 5,8,11,14




9

Қазақстандық Алтай таулы аймағы

2

Н: 5,8,11,14




10

Сауыр-Тарбағатай таулы аймағы

1

Н: 5,8,11,14




11

Жоңғар Алатауы таулы аймағы

1

Н: 5,8,11,14




12

Тянь-Шань таулы аймағы

1

Н: 5,8,11,14






6.3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы





Оқулықтар, оқу құралдары

Оқу тілі

Автор, шыққан жылы, баспахана

Оқулық, оқу құралының саны (данасы)

Электрондық түрі

кафедрада

кітапханада

Негізгі

1

Зоогеография Казахстана

орысша

Афанасьев А.Б.. А.: АН Каз ССР, 1960

+

1








2

Исследования природы Казахстана

орысша

Бейсенова А.С.. А: изд-во «Казахстан», 1979

+







3

Физико –географическое исследования Казахстана.

орысша

Бейсенова А.С. А: Казахстан, 1982










4

Геологическое строение Казахской ССР,

орысша

Беспалов Б.Ф. А: Наука, 1971





+





5

Казахстан (очерки природы).

орысша

Гвоздецкий А.Н., Николаев В.А. М: мысль 1971

+

1


+





6

Современные проблемы геоморфологии Казахстана.

орысша

Герасимов И.П. А: 1943




+





7

Климат Казахстана.

орысша

Под ред. А.С. Утешева Л: Гидрометиздат, 1959





+





8

Природные условия Казахстана

орысша

Григорьев А.А. М: 1944




+

2





9

Малые озера Казахстана.

орысша

Муравлев Г.Г. А: Кайнар 1973










10

Реки Казахстана.

орысша

Пальгов Н.Н. Изд. АН КазССР. А:1959










11

Очерки по физической географии Казахстана.

орысша

Под ред. Член –корр АН СССР И.П. Герасимова. А: Наука. 1952











12

Геоморфология Казахстана и Средней Азии

орысша

Сваричевская З.А. Л: ЛГУ 1965










13

Животный мир Казахстан.

орысша

Формозов А.Н. М: Наука. 1987.










14

Физическая география Казахстана.

орысша

В.М.Чупакин Изд."Мектеп".Алма-Ата,1968









7.Студенттердің өздік жұмысы аясындағы сабақтар жоспары




Тапсырма беру аптасының нөмірі

Сабақ тақырыбы

СӨЖ

тапсырмасы



Ұсынылатын әдебиет

ОБСӨЖ-дегі бақылау түрі

Тапсыру мерзімі аптасының

нөмірі


1

2

3

4

5

6

7

2

Табиғатының зерттелу тарихы

баяндама

Н: 2,3




қорғау

3

3

Геологиялық даму тарихы

баяндама, сөз жұмбақ

Н: 4,6,14




ауызша

4

4

Каспий,Арал, Балқаш көлдерінің экологиялық проблемалары

реферат

Н: 5,8,11,14




қорғау

5

5

Жер ресурстары.

конспект

Н: 5,8,11,14




ауызша

6

6

Дәрілік және эндемик өсімдіктер. Қызыл кітапқа еңгізілген өсімдік түрлері

Баяндама, конспект

Н: 1, 5,8,13,14




қорғау

8


8

Қызыл кітапқа еңгізілген жануарлар түрлері. Қорықтар

Баянама, конспект

Н: 1, 5,8,13,14




қорғау, ауызша

9

9

Шығыс Еуропа жазығы

баяндама

Н: 5,8,11,14







10

10

Оңтүстік Орал таулы аймағы

баяндама

Н: 5,8,11,14







10

11


Солтүстік қазақ жазығы

баяндама

Н: 5,8,11,14







11

12

Қазақтың қатпарлы даласы

баяндама

Н: 5,8,11,14







11

13

Тұран жазығы

баяндама

Н: 5,8,11,14







12

14

Қазақстандық Алтай таулы аймағы

баяндама

Н: 5,8,11,14







12

15

Сауыр-Тарбағатай таулы аймағы

баяндама

Н: 5,8,11,14







13

16

Жоңғар Алатауы таулы аймағы

баяндама

Н: 5,8,11,14







13

17

Тянь-Шань таулы аймағы

баяндама

Н: 5,8,11,14







14

  1. Баға бойынша ақпарат

бақылау түрі (ағымдағы, қорытынды);

бақылау әдістері (сұрау, жазбаша жұмыс, тесттер)

9. Бағаны қою саясаты

Бағаны қою саясаты 100 балдық (100 %) жүйеге негізделген және бағалардың төмендегідей бөлінуін қарастырады


Бағалау баламасы


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық балама

Балдардың пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,00

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз


10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты

Студенттер лабораториялық сабақтарға күнделікті өтілетін тақырып бойынша теориялық тұрғыда дайындалып келеді. Теориялық материалдарды сұрауға арналады. Лабораториялық жұмыстың орындалу барысын оқытушы қысқаша түсіндіреді. Сабақ барысында студент таратылған құралдар мен материалдарға ұқыппен қарауы тиіс. Заттық шыны және жабындық әйнектермен абайлап жұмыс істеп, микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет. Сабақ бақылау сұрақтарына жауап беру және бағалау жұмыстары жүргізілгеннен соң аяқталады. Лабораториялық жұмыс кезінде тәртіп сақтамаған студент аудиториядан шығарылады.

Студенттер ОБСӨЖ-да күнделікті өтілетін тақырып бойынша теориялық тұрғыда дайындалып келеді. Студенттен теориялық материалдар сұралады. Өздік жұмыстың орындалу барысын оқытушы қысқаша түсіндіреді. Сабақ барысында студентке қажетті материалдар мен құралдар беріледі, ол заттарға студент ұқыппен қарауы тиіс. Заттық шыны және жабындық әйнектермен абайлап жұмыс істеп, микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау керек. Сабақ берілген тапсырма орындалғаннан кейін бақылау сұрақтарына жауап беру мен бағалау жұмыстары жүргізілгеннен соң аяқталады. Жұмыс кезінде тәртіп сақтамаған студент аудиториядан шығарылады.

Студенттер оқытушы белгілеген уақыт ішінде берілген тақырыптарды тапсырады. Студентте өздік жұмысына арналған арнайы дәптері болуы тиіс. Берілген әдебиеттерді пайдалана отырып, студент сабаққа даярланады. Бұл өздік жұмыстар сұрақтары лабораториялық сабақта, ОБСӨЖ-да тереңірек талқыланады.



Қазақстанның физикалық географиясы пәнінен дәрістер
1 дәріс тақырыбы: Физикалық географиялық орны

Сабақтың жоспары:

  1. Географиялық орны

  2. Шекарасы


1. Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. РесейКанадаҚытайАҚШБразилияАустралияҮндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика жеріне Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Аустрия, Нидерланды және Жапония мемлекеттері сыйып кетер еді. Қазақстан Еуразия материгінің Орталықалығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Атырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндіктері бар. Мұндай мүмкіндік, сонымен қатар Ресейде де бар. Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхиты пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында - Еділдің төменгі ағысынан, шығысында - Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұмшөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1650 км-ге созылып жатыр. Сөйтіп, республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің Орталықа және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінін, екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен капырық Орталықа Азия тоғысып жатқандай. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (46°30' ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°20' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне енген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ - Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

2. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км және Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жетісу (Жоңғар) Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді

2 дәріс тақырыбы: Табиғатының зерттелу тарихы


Сабақтың жоспары:

  1. Грек және араб саяхатшыларының мәліметтері

  2. Орыс зерттеушілерінің зерттеулері

  3. Қазақстан жерiнiң кеңестiк дәуiрде зерттелуi

1. Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т.б.) ежелгi заманнан-ақ қазiргi Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбiр табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгiлi болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінiң шығысында шексiз жазық өңiр жатқандығын және оны массагеттердiң мекендейтiндiгiн баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерiнде Жайық (Dаiх), Жем (Rhymmus) және Сырдария (Jаxаrtеs) өзендерi туралы мәлiметтер келтiрген.

9-10 ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама берiп, картаға түсiрдi және гректердiң Әмудария мен Сырдария өзендерi Каспий теңізіне құяды деген топшылауын терiске шығарып, Арал теңізіне құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегi деректерiнде Жайық, Жем, Сағыз өзендерi аталған.

13 ғ-да Моңғолияға Италия саяхатшысы Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшiлер өздерi жүрген Қазақстан аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерiнiң жеке бақылаулары негiзiнде Каспий теңізінiң тұйық алап екендiгi туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл, Балқаш көлдерi, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтiрген.

2. 15-17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық мәлiметтер Ресей әдебиеттерiнде жинақтала бастаған. Бұл мәлiметтер Мәскеу мемлекетiн және оған iргелес аумақтарды бейнелеген «Большой чертеж» («Үлкен сызба») картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан «Книга большого чертежа» («Үлкен сызба кiтабы») атты еңбекте қазiргi республиканың батыс, оңт. және Орталық. бөлiктерiнiң бiршама жерлерiне нақтылы сипаттама берiлген. 17 ғасырда Қазақ ордасына және Орталықа Азия хандықтары жерiне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулерi жиiлей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы дала туралы мәлiметтерi жинақталып, «Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи» («Бүкiл жерi сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы») деген атпен жарық көрген (1697). Бұл туынды С.Ремезов жазған «Чертежная книга Сибири» («Сiбiрдiң сызба кiтабы») атты орыстың тұңғыш геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшiлiк бөлiгi қамтылған.

18 ғ. 30-жылдарынан 19 ғ. 60-жылдарына дейiн созылған Ресейдiң Қазақстанды отарлау үрдiсi оның аумағының географилық зерттелуiнiң сипаты мен барысына әсерiн тигiзбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекетi билiгiн орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери және ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды.

Ертiс өзенінің бойында бекiнiстер салуға және Жоңғар хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты Шығыс және Оңт.-Шығыс Қазақстанды тұңғыш топографиялық картаға түсiру iсi жүргiзiлдi. Сонымен қатар Қазақстанның батысында, Каспий мен Арал теңіздерi жағалауында, Сарысу, Шу өзендерiнiң алаптарында картаға қарапайым түсiрулер iске асырылды. Бұл түсiрулердiң нәтижесiнде, бiр жағынан, Қазақстанның жеке өңiрлерiнiң тұңғыш iрi масштабты карталары жасалса, екiншi жағынан, табиғат ерекшелiктерi туралы ғыл. мәлiметтер жиналды. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғылыми еңбек П.И. Рычковтың 1762 ж. шыққан «Топография Оренбургская» («Орынбор топографиясы») атты кiтабы болды. Қазақстанның географиялық зерттелу тарихында 1768-74 жылдардағы академиялық экспедициялар ерекше орын алды. Ресейдiң Ғылым және көркемөнер академиясының академиктерi мен адъюнктерi Қазақстанның Едiл мен Жайық өзендерi аралығындағы бөлiгiн, Маңғыстау түбегiн, Ырғыз бен Торғай өзендерiнiң алабын, Есiл даласын, Ертiс маңы ойпатын, Кендi Алтайды және Қалба жотасын зерттедi. 1820—21 ж. экспедициялық зерттеулер нәтижесiнде «Естественная история Оренбургского края» («Орынбор өлкесiнiң табиғат тарихы») атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның 1-бөлiмiнде Батыс Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берiлдi.

19 ғ. І жартысында қазiргi Қазақстан аумағын зерттеушi экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейiнгi аралықта Г.С. Карелин өлкенi картаға түсiрумен бiрге әр түрлi аймақтардың (Каспий т. жағалауы, Алтай, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнен коллекциялар жинады. Атақты немiс ғалымы А.Гумбольдт өзiнiң Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесiнде «Центральная Азия» («Орталықалық Азия») деген көлемдi еңбегiн шығарды. 19ғ. 30-жылдарына дейiн Қазақстан туралы жиналған географиялық деректер А.И. Левшиннiң «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» («Қырғыз-қазақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы») деген кiтабында (1832) қорытындыланды. Бұл кiтап Қазақстанның жерi туралы берiлген алғашқы толық географиялық сипаттама болды. 1840—50 ж. аралығында Шығыс, Оңтүстік.-Шығыс және Орталық. Қазақстан өңiрлерiне Ресей ботанигi Л.И. Шренк саяхат жасады. Ол Жетiсу Алатауына, Балқаш—Алакөл ойысының шығыс бөлiгiне физ.-геогр. сипаттама бердi. 19 ғ. орта шенiнде Арал (А.И. Бутаков) және Каспий (К.М. Бэр, Н.А. Ивашинцов) теңiздерi жан-жақты зерттелдi. 1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург ҒА-сы ұйымдастырған экспедицияға И.Г. Борщов пен Н.А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерiнiң маңызы өте зор болды. Экспедиция жұмысының нәтижесiнде Батыс Қазақстанның жер бетi, геологиялық құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейдi. Борщов «Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края» («Арал-Каспий өлкесiнiң ботаникалық географиясына арналған деректер») деген классик. монографиясында Батыс Қазақстанды ландшафтылық-географиялық облыстарға бөлдi.

1856-57 ж. П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзiнiң әйгiлi саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенiң орографиясына (таулы жер бедерi) жаңаша сипаттама берiп, тұңғыш рет биiк тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бiрi— Орталықа Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегi Орталықа Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерiн жан-жақты зерттеудiң ғыл. негiзiн жасағандығы болды.

19 ғ. 50-60-жылдарында Жетiсу Алатауы мен Iле өңiрiн қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттедi. Жетiсу және Тянь-Шаньның табиғатына ғылыми сипаттама бердi. Балқаш көлі мен Алакөлдiң пайда болу және қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дәлелдедi. Жетiсу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биiк таулық белдеулерге бөлдi. Сонымен бiрге осы зерттелген өңiрлердiң маршруттық және жалпы шолулық карталарын жасады. 19 ғ. алғашқы жартысында кен байлықтарын iздеуге байланысты физ.-географиялық. сипаттағы бiрқатар жаңа деректер алынды. Әсiресе, Орталық. Қазақстан мен Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегiнiң геологиялық құрылысы, орографиясы туралы нақтылы деректер жиналды. 19 ғ. 60-жылдарында Ресейдiң Қазақстанды отарлаудың тарихи үрдiсi аяқталды. Соған орай кен байлықтары пайдалануға, темір жолдың салынуына және егiстiк жер қорының кеңеюiне көп көңiл бөлiне бастады. Жалпы географиялық зерттеулермен бiрге арнаулы геологиялық, топырақтану, ботаника, гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. 1865-79 ж. аралығында А.Татаринов Оңтүстік Қазақстаннан Ленгер, Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр көмiр кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау түбегiнен көмiр кенiнiң ашылуына байланысты мұнда одан әрi барлау жұмыстары жүргiзiлдi. Қазан төңкерiсiне дейiн Маңғыстау түбегiн зерттеу жұмыстарының ең көрнектiсi- Н.И. Андрусовтың «Мангышлак» («Маңғыстау») атты еңбегi. Мұнда автор түбектiң тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгiлi болған барлық деректердi тұжырымдады.

1865-79 ж. И.В. Мушкетов пен Г.Д. Романовский Арал маңын, Қаратауды, Тянь-Шаньның солтүстігін, Балқаштың оңтүстігін, Тарбағатайды зерттеп, Түркiстан аймағының алғашқы геологиялық картасын (1881) жасады. Онда бүкiл Оңтүстік Қазақстан өңiрi камтылды. И.В. Мушкетов Орталықа Азияның физ. географиясы мен геологиясына арналған «Туркестан» («Түркiстан») еңбегiн жазды (1886-1906). Ол сонымен бiрге 1887 ж. Верныйдағы (қазiргi Алматы) зiлзаланың себебiн және зардаптарын зерттедi.

19 ғ. 90-жылдарында Сiбiр темір. жолын салуға байланысты Солтүстік Қазақстанда көрнектi геолог К.И. Богдановичтiң жалпы басшылығымен бiрнеше экспедициялық зерттеу жүргiзiлдi. Осының нәтижесiнде Солтүстік. және Орталық. Қазақстанның геологиялық. құрылысының негiзгi сипаты анықталып, бiрнеше көмiр кен орындары (Екiбастұз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың зерттеулерi нәтижесiнде Ембi мұнайлы өңiрiнiң стратиграфиясы мен тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерiмен байланыстылығы анықталды. Қоныстандыру басқармасының Н.Г. Кассин, А.А. Козырев, П.В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бiрқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәлiметтер бердi. Геология, топырақтану, ботаника, т.б. экспедициялар өз жұмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедерi және оның ерекшелiктерiнiң жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жүргiздi. Мыс., Мушкетов өзiнiң геологиялық зерттеулерiнiң нәтижесiнде Тянь-Шаньның қазiргi жер бедерiнiң қалыптасу заңдылықтарын ашты және орографиялық құрылысының негiзгi белгiлерiн анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргiзген бақылаулары Қазақстан мен Орталықа Азиядағы қуаң өңiрлер жер бетiнiң өзгеруiне эолдық факторлардың күштi әсер тигiзгенiн дәлелдедi. Д.Л. Иванов Батыс Тянь-Шаньнның iрi масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас Маңғыстаудың оңтүстігіне жүргiзген геологиялық зерттеулерi кезiнде қосымша геоморфологиялық бақылаулар жүргiзiп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты географиялық сипаттама бердi. Санаулы ғана арнаулы геоморфологиялық зерттеу жұмыстарының iшiнде Л.С. Бергтiң еңбегi ерекше. Ол алғашқы болып Солтүстік Арал шөлдерiнiң жер бедерi пiшiндерiне геоморфологиялық сипаттама бердi.

19 ғ. 70-жылдарынан Қазақстан аумағында метеорологиялық бақылаулар жүргiзiлдi, бiрақ мұнда метеорологиялық станциялардың саны өте аз болды және аумақ бойынша орналасуы бiркелкi болмады.

1898-99 ж. Берг, П.Г. Игнатьев және В.Д. Елпатьевский Орыс География қоғамының Батыс Сiбiр бөлiмшесiнiң тапсырмасымен Солтүстік және Орталық. Қазақстанның iрi көлдерiне зерттеу жүргiздi. 1899-1902 ж. аралығында Берг Арал теңізінiң гидрологиясын зерттедi. Нәтижесiнде Арал теңізі туралы бұрынғы түсiнiктер түбiрiмен өзгертiлдi. Бұрын бүкiл Тұран ойпатын жауып, шығыста Балқаш көліне дейiн созылып жатқан бiртұтас Арал-Каспий алабы болды деген ұғым терiске шығарылды. Өз зерттеулерiнiң нәтижесiн Берг «Аральское море» («Арал теңiзi») монографиясында (1908) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерiнiң нақтылығымен, ғылыми қорытындыларының маңыздылығымен бүгiнгi күнге дейiн маңызын жойған жоқ. Осыдан кейiнгi жылдары Берг Балқаш көлін жан-жақты зерттедi.

20 ғ. басында қазiргi Қазақстан жерiнде топырақтану зерттеулерi етек жайды. Қоныстандыру басқармасы ұйымдастырған экспедицияларға топырақ зерттеушiлер С.С. Неуструев, Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, т.б. басшылық еттi. Қазақстанның өсiмдiгiн зерттеуге ботаник және географ А.Н. Краснов үлкен еңбек сiңiрдi. Оның экспедициясы Алтайды, Каспий ойпатын, Шу-Iле тауларын, Iле өз. алабын, Iле Алатауын қамтыды. Ол алғашқылардың бiрi болып Тұран шөлiн жiктеп, онда шөлдiң саздақты, құмайтты, тастақты, сортаң түрлерiнiң бар екендiгiн анықтады. Геоботаникалық зерттеулердiң iшiнде В.В. Сапожников Тянь-Шаньда, Жетiсу Алатауында, Алтайда ботаникалық және географиялық зерттеулер жүргiздi. Ол бұл тау жүйелерiндегi өсiмдiктердiң таралуының бiрқатар заңдылықтарын ашты. В.М. Савич Батыс Қазақстанда жүргiзген геоботан. зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, шөл және дала белдемiнiң ауыспалы сипатта екендiгi туралы пiкiр айтты. 1908 жылғы Торғай экспедициясынан бастап И.М. Крашенинников 30 жыл бойы Қазақстанды геоботаникалық тұрғыдан зерттедi. Ол өз еңбектерiнде, әсiресе, өсiмдiк ассоциациясының жер бедерiмен және топырақпен өзара қатынасын терең талдады.

3. Қазақстан жерiнiң кеңестiк дәуiрде зерттелуi 1926 ж. КСРО ҒА жанында құрылған одақтас және автономиялық республикаларды зерттеушi арнаулы комитет Қазақстанның жер қойнауын зерттеу жұмысын қолға алды. 1933 ж. Қазақ гидрометеорологиялық басқармасы ұйымдастырылды. 1932 ж. КСРО ҒА-нда Қазақстанның өндiргiш күштерiн зерттеуге арналған конференция өттi. Бұл жағдай республикада жүргiзiлген көптеген зерттеу жұмыстарының бастамасы болды. Сол жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды (1939 ж. КСРО ҒА-ның бөлiмшесiне айналды).

Геологиялық зерттеулердiң басты мақсаты— елiмiздiң өнеркәсiбiне аса қажет кен орындарын табу және оларды барлау болды. Бұл бағытта В.К. Котульский (Алтайда), В.П. Нехорошев, Н.Н. Горностаев, А.К. Мейстер (Шығ. Қазақстанда), М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Д.С. Коржинский (Орталық. Қазақстанда). Замятин (Жем алабында), т.б. еңбек еттi. Кен орындарының өнеркәсiптiк маңызын анықтай түсу үшiн Әулиеата уезiнде, Мұғалжарда, Қызылқұмда (И.П. Герасимов, П.К. Чихачев), Солт.-Шығыс Қазақстанда (А.А. Козырев), Орталық. Қазақстанда (Қ.Сәтбаев) геологиялық зерттеулер iске асырылды. Геоморфол. байқаулар Үстiртте (Н.Л. Благовидов), Каспий ойпатында (Герасимов) жүргiзiлдi. Н.А. Копыловтың 1927 ж. шыққан «Материалы по гипсометрии Казахстана» («Қазақстан гипсометриясы бойынша деректер») кiтабында Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашқы маңызды мағлұматтар берiлдi.

1946 ж. ҚазКСР ҒА құрылды. Оның кұрамында бiрнеше экспедициялар ұйымдастырылып, Арал теңізіндегi Барсакелмес аралының, Балқаш көлінiң оңтүстігіндегндегi шөлдiң, Жетiсудың географиялық жағдайлары зерттелдi. Республика аумағын физ.-географиялық аудандастырудың алғашқы сұлбасы құрастырылды (Н.Г. Рыбин, 1948). Бұрынғы жүргiзiлген зерттеу материалдары негiзiнде республика табиғатының басты кешендерiне тұжырымды сипаттама берiлген «Қазақстанның физика-географиялық очерктерi» (1952) жарыққа шықты.

Қазақ КСР ҒА-ның География институты Қазақстан табиғатын зерттеудi одан әрi жалғастыра бердi, «Қазақстан. Физика-географиялық сипаттама» (1950) жинақ кiтабын шығарды.

3 дәріс тақырыбы: Қазақстанның геологиясы


Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан жер құрылымының басты ерекшеліктері

  2. Қазақстанның жаңа тектоникалық құрылымдары

1. Қазақстан территориясы палеозойдың Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің батыс бөлігін алып жатыр. Шеткі оңтүстік-шығыста жерОрталықатеңіздік Маңғыстау зонасының киммеридтері кіреді. Қазақстанның батысында Шығыс Европа платформасында жатқан Каспий маңы ойпаты алып жатыр.

Орал-Моңғол белдеуі баяу дамитын және өзінің басқа да бөліктерімен тығыз байланыста болады. Геосинклинальды қозғалмалы облыс болып табылады. Қоғалмалы облыстың бір сипаты- ол үлкен қуатты вулканогендер мен шөгінді жыныстардан тұрады. Геологиялық дамуында үлкен рөлді горизонтальды бағытта қозғалысының байқалуы атқарады. Орал-Моңғол қатпарлы белдеуі Қазақстан территориясының үлкен бөлігін алып жатыр. Ол үлкен мегажүйе қалыптастырып, вендатриас кезеңінде пайда болды. Өзі үш жүйеге ажыратылады: Оралдық оңтүстік Тянь-Шаньдық, Қазақстандық солтүстік пен оңтүстік Тянь-Шаньдық және Ертістік-Алтайдық.

Палеозойда Орталықалық Азиаттық қатпарлы белдеуліктер каледон және герцин геологиялық дамуы деп ажыратылады. Олардың әрбіреулері ерте қалыптасуы терең жарықтардағы базальтпен қамтылған жер асты жыныстарының қуаттылығымен ерекшеленеді. Каледон уақытында девон кезеңінде орасан қатпарлықтар мен жер беті вулкандық белдеулердің қалыптасуы жүрді. Герцин циклі де дәл осылай: Валерьянов-Кураминский, Балқаш алды-Іле, Сауыр-Қалба вулкандық белдеулерімен ерекшеленеді.

Оралдық жүйе субмеридиандық сызықтық тектоникалыө мегазона болды. Осы жүйеде батыстан шығысқа Шығыс Европа платформасынан басталып, «палеоконтинентальдық» және «палеомұхиттық» секторлар ажыратылды. Біріншісінде: Орал маңы қолаты, Батыс Орал қатпарлы аймағыЗалаир синклиноры кіреді, ал екіншісіне: Батыс Орал және Басты Орал жарығы құрылымынан ажыратылған Тагиль-Магнитогорск-Батыс-Мұғалжар мегазонасы, Ырғыз, Троицк зоналары жатады.

Қазақстандық тектоникалық жүйе каледон, герцин құрылымында қалыптасты.

Ерте каледонидтер солтүстікте Көкшетау массивінен және Орталықалық Тянь- Шаньға дейін оңтүстікте. Аса көтеріңкі блоктарға Ұлытау, Шу-Кеңдітас, Қаратау-Талас, Макбальск, Іле жатады.

Кейінгі каледон уақыты (Орталықа ордовик- девон басы) Жоңғар-Балқаш облысында қалыптасқан. Ол герцин қатпарлығның басталуына негіз болды.

Герцинидтер- Орталықалық бөліктерді алып жатыр. Оның қалыптасуы ордовиктердің Орталықасында болды. Жоңғар-Балқаш герцинидтері ерте және кейінгі болып бөлінеді. Алғашқысында қатпарлықтар ерте карбонда, ал екіншісінде перьмде қалыптасты.

Ертекиммерлік тектоникалық құрылым. Қазақстандық тектоникалық жүйенің барлық палеозойында триастан кейінгі оң жақтық қозғалыстар тән. Оларға Орталықалық Қазақстан бұрылысы, онымен бірге Қазақстан Тарым жүйесінің бұрылысының Шыңғңыстауы жатады.

Қазақстан территориясы бойынша Ертіс-Алтай жүйесінің тек кішкентай ғана батыс бөлігі енді. Ол батыста Жарма-Сауыр мен Көкпекті-Зайсан зонасымен қоса, шығыста Қалба-нарым, Зайсан-Ертіс мегазонасы кіреді. Кенді Алтай тектоникалық құрылымында көбіне ерте девонның соңында қалыптасқан девондық тас көмір жастағы формалар басым болып келеді.

Каледонидтер. Таулы Алтайда Кенді Алтайға бұрылған мегантиклинорий ретінде қалыптасты. Таулы Алтай бұл Алтай – Саян каледондық қолатының жалғасы болып табылады.

Герцинидтер Ертіс-Марқакөл жарығы негізінен Кенді және Таулы Алтайды оңтүстік-батысындағы Қалба – Нарым герцин зонасынан бөліп тұрған Ертіс зонасы Қалба – Нарым зонасынан бөліп тұр. Ертіс зонасы Қалба-Нарым зонасының бөлігінде жатыр. Ертіс-Алтай жүйесінің герцинидтеріне Зайсан-Ертіс мегазонасы жатады.

Мезозой- кайназойлық шөгінді бассейндер Қазақстан территориясының 70% алып жатыр. Көбіне батыста тараған. Аймақтық тектоникалық жатулар, фундаменттің типі, стратиграфиялық диапозоны мен шөгінділерді толтыратын қуаттылығы бойынша шөгінді бассейндер бірнеше типке бөлінеді.

Бірінші тип – Каспий маңы шөгінді бассейні – Евразиядағы ең ірі бассейн болып саналады. Қуаттылығы – 22км. Екінші тип – Маңғыстау-Үстірт бассейні, қуаттылығы – 12км. Қалған шөгінді бассейндер Орал-моңғол қатпарлы белдеуінде орналасқан. Арасынан ерекше көзге түсетіндері мыналар: Алғашқысы – герцинге дейін жер қыртысының консолидациясы дамыған зоналардағы бассейндер. Оған: Солтүстік Үстірт-Арал және Шу-Сарысу бассейндері жатады. Максимальды қуаттылығы алғашқысында -12км, екіншісінде- 6км. Екінші тип –жоғары пратерозойдан жоғарғы полеозойға дейінгі кең диапозонды қатпарлыкомплекстердің гетерогенді негізде дамыған бассейндер. Оған Шығыс Арал, Сырдария, Орталықалық Торғай және Қазақтың Батыс Сібір бассейні жатады. Қуаттылығы 5-6 км. Үшінші тип – Солтүстік Тянь-Шань мен Алтайдың тауалды және тауаралық ойысындағы бассейндер.

Бор неогендік құрылымды ярустар. Бор шөгінділерінің бассейндердің Орталықасында батыстан шығысқақарай Құлтық, Құлажай, Саам, Барсакелмес және Қосбұлақ бассейндері. Аса терең және аса ірісі – Қосбұлақ бассейні.

2. Қазақстанның жаңа тектоникалық құрылымы. Олар неоген- төрттік кезеңде қалыптасқан рельефтер. Алдыңғы неогендік беткейдің қалыптасу деформациясы оның беттік қозғалысына тәуелді. Жаңа тектоникалық құрылымы негізінен мезозой-кайназой дәуірінің құнарлы қабатында кең таралған.

Каспий ойысы Шығыс Европаплатформасының бөлігі болып табылады.Онда екі құрылым: батыста- Букеев синеклизасы тереңдеген амплитудасы 600-800м, ал Подурал көтерілісінің биіктік амплитудасы 50-150м.

Мұғалжар қатпарлы-жақпарлы облысы Оңтүстік Оралда солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Көтерулер Батыс (кряж зонасы) Және Шығыс (пенеплен зонасы) болып бөлінеді.

Батыс зона жаңа қозғалыстардың жақпарлы-қатпарлы құрылымды болып келеді. Меридиан бағытта орналасқан. Жиынтық амплитудасы 350м. Үшінші тәртіпті құрылымға Орь-Елек, Батыс Мүғалжар көтерілістері, Алімбет баспалдағы мен Орск ойысы жатады.

Шығыс зонаға әлсіз жаңа қозғалыстар тән. Оған Шығыс Мұғалжар, Орск, Бочетков ойысының амплитудасы 200м жатады.

Тұран плитасы –Торғай синеклизада жатыр. Батыста – Мұғалжар, шығыста – Қазақ қалқаны, солтүстікте-Қостанай седловинасы, оңтүстікте Арал маңы жүйесі жатыр.

Қазақ қалқаны – күрделі блокты жүйелер. Еі жаңа маңызды құрылым – Балқаш-Ертіс көтерілімі, ұзындығы 600м, Орталықалығындағы амплитудасы 1000м.

Шығыс Қазақстанның тау жүйелері – өзіне жоталар тізбегін қосатын жүйелер. Қозғалмалы аймақтар болып табылады.

Жаңа тектоникалық қозғалыстар әсіресе Орталықалық Қаратауда белсенді болады. Максимальды амплитуда қаратау жарығында 1500м-ден асады.

4 дәріс тақырыбы: Жер бедері


Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанның жер бедерінің даму тарихы

  2. Қазақстанның жер бедерінің жалпы сипаты мен ерекшелігі.

1. Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі болып келеді. Оның территориясының көпшілігін кең байтақ жазық алып жатыр. Территорияның кейбір жерлері мұхит деңгейінен төмен. Сонымен қатар үстіртті жазықтар аласа таулар бар. Мұзбен қар жамылған биік шыңды таулар да жеткілікті. Бұл таулар шығыс және оңтүстік шығыс шеткі аймақтарда ұзыннан-ұзын созылған. Жер бетінің мұндай сан алуан болуы оның дамуының ұзаққа созылғандағы мен күрделілігіне байланысты.

Қазақстан территориясының геологиялық тарихының өң бойында оны әлденеше рет теңіз суы басып, біртіндеп олар құрғап құрлыққа айналған.

Палеозойға дейінгі уақытта және палеозой эрасының басында Республика территориясының барлығын дерлік Орал-Тянь-Шань геосинклиналы алып жатқан. Палеозойдың алғашқы жартысында каледон тау түзілісі болған. Күшті тектоникалық қозғалыстар әрекеттерінен геосинклиналь орнына Қазақтың қатпарлы өлкесінің солтүстік батысы мен Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау қатпарлары түзілген. Теңіз бірте-бірте тартылып, құрлық көлемі ұлғая түскен. Вулкан әрекеттерінің күшеюіне байланысты пайдалы қазбалар мен көптеген тау жыныстары пайда болған.

Тектоникалық қозғалыстардың әрекетінен пайда болған жарықтарға құйылған ішкі магма магний мен темір элементтеріне бай болған.Палеозойдың аяғында герцин тау түзілісіне байланысты Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауында, Тянь-Шаньның батыс жоталарында, қазақтың қатпарлы өлкесінің шығысында және Мұғалжарда көтерілу процесі аяқталған. Осының нәтижесінде Қазақстан территориясының едәуір бөлігі жер қыртысының қатты бөлігіне айналған. Осы кезден бастап оны теңңіз суы баспаған. Мезазой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанның жерін басып жатқан. Осы эраның аяғында Қазақстан жерінде көптеген шығанақтар пайда болып, теңіз қазақтын қатпарлы өлкесіне дейін жеткен. Ол жерлерде өзендердің құрлықтан ағызып әкелген шөгінділері жиналған. Мезозой эрасында тектоникалық қозғалыстар шамалы болған. Бұл эрада бірде-бір тау жүйелері түзілмеген.Палеозойда құрылған тау жүйелері күшті бұзылып, мезазойдың аяқ кезінде Қазақстан жері тегістелген аймаққа айналған. Қазіргі Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань жүйелері аймағы осы күнгі орталық Қазақстанға ұқсас болған. Кайнозой эрасының басында мезозойдың аяғындағы геологиялық жағдай сол қалпында сақталды. Бірақ неогенде теңіз таяздап, Қазақстанның солтүстік шеті, Торғай ойпаты мен Қаратау жотасы қозғалыстар әрекетінен Альпілік таулар түзілген. Альпілік таулар түзілісі жер қыртысында жарылу тұғызып, бұрыннан бар қатпарлы аймақтардың бірі төмендеп, екіншісі көтерілген. Осылардың салдарынан қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қайта қалыптасқан. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань екінші рет қайта көтерілген. Таулар бойындағы жоғары көтерілген тегістелген учаскелер мен жоталар бойымен созылған ойыстар вертикалды жоғары көтерілулер мен төмен түсулерге байланысты түзілген.

Қазақстанның жер бедері жазықтар мен ойпаттардан, үстірттер мен қыраттардан, аласа және биік таулардан тұрады. Қазақстанның қазіргі жер бедері оның геологиялық құрылысы мен даму тарихына, жер бедерін түзуші факторларға тікелей байланысты. Республиканың жер бедірінің едәуір бөлігі жазықты болып келеді.

2. Кең-байтақ Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі. Жер бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады. Картадан республика жерінде жазықтан бастап биік тауларға дейінгі барлық жер бедерінің биіктік сатыларын байқаймыз. Оның аумағының үштен бір бөлігін ұлан-байтак, ойпаттар (Солтүстік Қазақстан жазығының оңтүстік бөлігі, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты) алып жатыр. Қазақстан аумағының жартысынан астамы биіктігі 400-500 м болатын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен ұсақ шоқылар (Торғай, Үстірт, Сарыарқа және т.б.) үлесіне тиеді. Ал биіктіктері 4000-5000 м-ден астам, бастарын мұздықтар мен кар басқан биік таулар республика жерінің 10%-ынан тұрады. Олар еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан таулар: Алтай, Сауыр, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік сілемдері.

Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің батысындағы Маңқыстау түбегі ауқымындағы Қарақия ойысына (теңіз деңгейінен 132 м төмен), ал ең биік нүктесі еліміздің оңтүстік шығысындағы орталык Тянь-Шань тауларына тиесілі Хантөңірі шыңына (6995 м) сөйкес келеді. Олай болса, ең биік жөне ең төменгі нүктелерінің айырмасы - 7127 м. Оның үстіне Каспий теңізі түбінің 400 м тереңдігін қосатын болсақ биіктік айырмашылықтары артады.

Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері:

1. Жер бедеріндегі жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында орналасқан.

2. Биік таулы аймактар, республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.

3. Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.

4. Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.

Жер бедерінің мұндай ерекшеліктері климат пен табиғат кешендерінің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Қазақстанның жазык, аласа таулы бөлігінде табиғат зоналары ендік бағытта орналасқан, ал биік таулы өңірлерде мұндай зоналылық биіктік деңгейлеріне сәйкес таралатынын байқауға болады.

Жер бедері ерекшеліктерінің адамдардың шаруашылық әрекеттеріндегі маңызы зор. Жазыктар мен тауаралық аңғарлар егін шаруашылығымен айналысуға қолайлы келеді. Көк шалғын жамылған тау беткейлері тамаша жайылым ретінде пайдаланылады

5 дәріс тақырыбы: Қазақстанның климаты


Сабақтың жоспары:

  1. Климат қалыптастырушы факторлар

  2. Кейбір ауа –райы көрсеткіштерінің сипаттамасы

1. Қазқстанда климат қалыптастырушы факторлары: күн радияциясы және географиялық ендік; ауа массаларының циркуляциясы және жер бедері.

Күн радияциясының ағынының мөлшерін жергілікті жердің геологиялық ендігі ауаның немесе атмосфераның мөлшері және күннің түсу ұзақтығы анықталады. Қазақстанның үлкен ендікте жатуы оның күн радтяциясының жиынтығының мөлшерінің әртүрлі болуына ықпал етеді. Мысалы: Солтүстік ауданынында күннің түсу ұзақтығы азғантай болса(кыста 2058, Ақмола 2102 сағат) оңтүстікте біршамам көп.(Атырау 2683, Шымкент 2892) күн энергиясының түсуі жыл мезгілдері бойынша ерекшеленеді. Қазақстанның оңтүстігінде маусым айында жиынтығының мөлшері 15-18ккал/см құраса, қаңтарда одан 4есе аз болады.

Қазақстанда радиация жиынтығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100ккл/см 150ккал/см-дейін өзгереді.

Ауа массаларының циркуляциясы. Жалпы планетарлық циркуляциясы ықпалын жергілікті жердің радияциясы жағдайын және төсеніш қабатының ерекшелеп тұрады. Қазақстан территориясында жыл бойы ауа массасының 3 негізгі типі:арктикалық,полярлық және тропикалық.

Жаз кезінде Орталықа Азия мен Қазқстанның қаиты жылфнған шөлдіңүстінде термиялық депрессия деп атайды,төменгі қысымды обсында қалыптасады. Нәтижесінде континенті трпопиктік ауа қалыптасады. Және де 300км биіктікте континенті Тұран ауасының батыстан шығысқа қарай аусысуы жүреді,осы кезде ашық құрғақ ауа райы қолдагады. Жел күшейіп ауа шаңмен қанығып көлеңке жердегі температура Орталықалық Қазқстанда 30-35-қа оңтүстікте 40-45-қа дейін болады. Күндізгі және түнгі ауа температурасындағы айырмашылық 20-22-ты құрайды.Жаз кезінде атмосфераның мұндай жай-күйі солтүстіктен-ьатысқа және солтүстікте суық ауа массаларының енуінен өзгереді.

Қазақстанның жазық болсада олар тез жылынып,тез тасымалданады.Сондай ауа райында айтарлықтай өзермелер болмайды. Ал таулы аудандардағы Алтай,Тянь-Шань,Жоңғар Алаиауына енген кезде температураның біршама төмендеуі байқалады. Нөсер жауын жауып,күн күркіреп,бұршақ түседі. Ал 3000м биіктіктен жоғары қарлы сырғымалар болаы.

Кейде арктикалық ауа массаларына енен кезде Орталықаша бтік аңғарлар мен тауаралық қазаншұңқырларда маусымда үсіктер болуы мүмкін. Қазақстанда қыс кезіндегі ауа райы процесстері шығу тегіне жағдайы әртүрлі ауа массаларының енуінен байланысты болады. Арктикалық және полярлық ауа массаларының шешуші рөл атқарады. Қазақстандағы Батыс Сібір және Орыс жазығынанк келетін арнайы ауа массалары белсенді әрекетінен температураның күрт салқындауы қардың түсуі және ауа райыеың қысқы режимінең орнуымен байданысты. Тауаралық жазықтарды температура -5-15-қа жетееді. Орыс жазығы арқылы полярлық континенті ауа массалары және атлантикадан келетін ылғал тез ауаның енуі тнмператураны артруын тудырады. Жел күшейіп бұлттылық пайда болады,жауын-шашын түседі. Бұл процесстердің ұзақтығы 1-2 тәулік полярлық және арктикалық ауа массалырының Қазақстан территориясына ықпалын тұрақты емес. Көп жағдайдаларда осы ауа массалары енген кезден Қазақстанның Орталықалық және оңтүстік-шығыс ауалары Сібір антициклоны ықпал түсіреді. Сол кезде мұнда ашық аязды ауа массалар қалыптасады. Түнде ауа біршама салқындап, күндіз жылуға үлгермейді. Сондықтан мұнда күндері Жоңғар Алатауы және Сотүстік Тянь-Шань шеткі жоталарының жазық тау алды зоналарда төмен температура байқалады. Қыс кезінде республика территроиясында континенті тропикалық ауаның оңтүстік батыс ағыны енеді. Ол әсіресе Оңтүстік Қазақстагда таралады. Бұл кезде бұлттылық аз ,желі шамалы ауа райы қалыптасады. Ауа температурасы тауалды жазықтар мен аңғарларда 10-16 жыл болады. Бірақ арктикалық ауа массаларының енуіне ауа райының салқындауы жүреді.

Арктикалақ ауа массаларының жыл ирандық тропикалық ауа массаларының қақатығыс кезінде циклондар пайда болады. Нәтижесінде температура,бұлттылық,жауын-шашын,қар түсуі күрт өзгереді. Көктем мезгілінің ауа райы процесстері тұрақсыз режимімен сипатталады.Қысқы ауа райының жазығымен ауысуы жиі байқалады. Бұл оңтүстік-батысты тропикалық ауа массаларының енуімен байланысты. Бұл кезде ауа температурасы Тянь-Шаньның тауалдында 25-қа Орталықалық ауданда 10-қа жетеді. Солтүстіктен және Солтүстік-батыстан арктикалық ауа массаларының енуі кезінде температураның біршама төмендеуі жүреді;наурызда -15-,сәуірде -2-8-қа дейін. Қардың интенсивті түсуі байқалады ауа температурасының күрт өзгеруі көп жағдайларда ауыл шаруашылық дақылдарының өлуіне әкеледі.

Көктемде атмосфераның туралы антициклонның жағдайы қалыптасқан кезде Қазақстанның басым бөлігінде төсеніш беті әсерінен ауаның күрт жылынуы жүреді. Алтай,Сауыр Тарбағатай,Жоңғар алатауы және Тянь-Шань тауалды аудандарыда көктем-ең жауынды кезең болып табылады.

Күз мезгілінде ауа райы режимінің қыркүйекте қалыптасады. Күздің басында Сібір антициклондық тұрақты ошақтары қалыптасуы жүреді. Сол кезде жақсы ауа райы Қазақстанның оңтүстік шығысында Орталықлық биік таулы облысында таралады. Қалған уақытта күз қымтан аз ерекшеленеді және тұрақсыз ауа райы сипатталады. Күзгі уақытта ауа райының ауысуын анықтайтын процессер оңтүстік –батыстан суық континенті полярлық және континенті арктикалық ауа массаларының енуі болып табылады.

Қазақстанның климаты қалыптастырушы факторларның бірі-рельеф және жер бедері болып табылыды. Ол жылу мен ылғалдың таралуына үлкен рөл атқарады. Тауаралық жазықтарда ауа райы процксттері әртүрлі болады. Тауларда белгілі бір биіктіктерде өскен ауа райы режимі сол шөл зонасының негізіндегі белгілі белгілері бар кезінде көп байқалады. Ауа қозғалысынң жергілікті ерекшелігінің ішінде жер бедері әсерінен пайда болатын прцесске тау-аңғарлық циркуляцияны жатқызуға болады. М: Шілік өзені аңғарында жазда жел,түнде щығ-н(аудан), күндіз батыстан (аңғарлардан) соғады. Желдің бағытының ауысуы таңертең және кешке сағат 8-10 аралығында жүреді. Қыс кезінде тауды қар басып жатқан кезде аңғарлардағы ауа күндіз нашар жылынып таудан соғаатын жел басым болады. Аңғарлардың тар жерлерінде шатқалдарда желдің жылдамдығы жоғары болады.

2. Ауа температурасы. Қаңтарда Орталықаша температура слтүстікте -19°С, Қиыр оңтүстікте -1-3°С. Төменгі қысқы температура Сібір антициклононы Қазақстанның Орталықалық бөлінісіне енген уақытта бйқалады. Осындай жағдайда ,мәселен 1969жылы тіпті оңтүстіктің өзінде қаңтардың Орталықаша тнмператураыс Түркістанда -15,4°С құраса, солтүстікте Петропавлда -30°С болды. Қаңтардың көпжылдық Орталықаша температураыс Ораловск посолкісінде МА-да тіекелді,яғни -27,1°С Сібір антициклоны Батыс сібір арқылы арктикалық аймақты біріктіріп жоғары қысымды тұрақты қосылған кезде ел территориясында -50°С жеткен температура байқалды. Мәселен Алматыда 1951 жылы аяз -38°С дейін жеткен, Зыряновте 1940жылы -51°С, Астана 1893жылы -52°С, Орловск поселкісі 1951жылы -54°С.

Қазақстан территориясындағыабсллюттік -62с(1969жылы Орловск поселкісі) Соңғы кездері ғаламдық жылытуға байланысты қыс айының Орталықаша температурасы өсіп, оңтүстік ауданы біршама көтеріліп. Мұнда қаңтар температурасы кей жылдары( «+» құрағақ. Мысалы: 1966жылы Шымкент қаңтар Орталықаша температурасы 33 құраған. Ал 1997жылы Шымкент МС-да 402°С құрылады, және 1998жылы 6,7°С құрайды. Сәуір айында барлық жазжа температура Орталықаша айлық температуралық «+» болып сипатталады,ао мамырда барлық жерлерде 10°С асады. Ең ыстық ай-шілде. Биік тауларда мах температурасы көп жағдайларда тамызда байқалады.

Оңтүстік астана Алматыда 130жыл ішінде (1879-2008) шілденің орьаша мах температурасы 1944жылы 27°С жеткен. Соңғы 20жылы ішінде ең ыстық шілде 1983-84 жылдар болған. Еліміздегі абсолюттік амх ауа температурасы 50 тең. Ол басты МС-да тіркелеген (Оңтүстік Қазақстан облысында Орталықаша жылдық темпераиурасы слтүстіктен-оңтүстікке қарай Пресньгоровқа ) Қызылқұм МС дейін 13,7 °С көтеріледі. Алтай қазанщұңқарларда Орловск поселкісі Орталықша жылдық температура теріс мәнге ие -3,8°С. Климаттың жылынуына Қазақстан территрориясына да әсер етуде. Орталықаша жылдық температура біршама көтерілген . Мәселен Алматыда бұл температура 20ғасырдың соңғы онжылдықта 7,2 °С тең болса, 1991-2000жылы 9,8°С.

Осылайша соңғы 100жылдықта Орталықаша жылдық температура 2,6°С көтерілген.

Аясыз кезеңдердің ұзақтығы жазық жерлерде солтүстікте Орталықа есеппен 10күн, оңтүстікте 100күн.

Атмосфералық жауын-шашын Қазақстан территрориясының басым бөлігі аридтіболып табылады.

Дала зонасындағы Орталықаша есеппен жылына 250-300 мм жауын-шашын түседі. Орталықалық Қазақстаның басым бөлігі үшін Р-25-250мм жауын-шашын тән.Жауын-шашын ең аз мөлшері Балқаш маңы Аруал маңы Қызылқұм (100мм) Үстірт және Маңғыстауда 150мм шамасында. Ал оның маңындағы шөлде 100-125мм-гн дейін түседі. Мұнда әсіресе жазда жауын-шашын айнап болмайды. Мысалы: Қызылқұмда 1971,1983 және 1984жылы 4 ай бойы,ал 1975 жылы 6ай бойы бірде бір жауын жаумады.

Таулы аудандарда жауын-шашын мөлшері артты, абсолюттік бтіктікте байланысты Қазақстан тауларында р-500-1000 мм жауын-шашын түседі. Іле Алатуының солтүстік беткейіндегі Кіші Алматы өзені басталады Верхний Рольник литостарда р-1005мм.

Қазақстандағы ең биік таулы Мыңжылқы метостанциясында 1969жылы 1197мм жауын-шашын түскен. 2003жылдың шілдесінде р-340мм-ді құрады.

Солтүстіке қар қабатының қалыңдығы 15-30см жату ұзақтығы 137-170күн оңтүстікте молшылықты қар еріп кетуі мүмкін. Тауларда қар биіктен арасында өзгеруі Іле Алатауының солтүстіктен мынадаы: Алматы)850)-30см, Медеу)1600)-60см, Мыңжылқы)3016)-80см; Түйіксу мұздарында)3800м)-150см.

Жел. Дала зогасында желдің Орталықаша жылдамдығы 4,5-5м/с Оңтүстікте қарай Орталықалық қазақстанда 4-4,5м/с-қа төмендейді. Шөл зонасында 3-4м\с құрайды. Қатты желді күннің масималді саны(115м/С-ң артықЗакйсан метеостанциясында тіркелген (115күн) Желдің жылдамдығы абсллюттік масимальді 2003жылы Жоңғар қақпасында)Ебі желі) тіркелген.(72м/С)

6 дәріс тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары


Сабақтың жоспары:

  1. Өзендердің гидрометриялық сипаттамасы және экологиялық мәселелері.

  2. Континентішілік теңіздер мен көлдер.



  1. Республика өзендерінің гидрографиялық желілері режимі мен ағын сипаты климат пен лпндшафттың ендік зоналдылығына байланысты. Елдің солтүстігінде булану 500мм, ал оңтүстігінде 2000мм. Территорияның басым бөлігінде булану түсетін жауын шашын мөлшеріне тең, сондықтан топырақта ылғал жетіспеушілігі байқалып, ландшафттар аридті болып келеді. Ландшафттық климаттық зоналдылыққа байланысты өзен желілірінің жиілігі әркелкі. Орманды дала және дала зоналарында 0,03-0,1 км/км2.Шөлдерде 2м/км2 және 0- ге дейін жетеді. Өзен желілерінің жиілігі жоғары болуымен 1,8-2 км/км2 Алтай және Тянь Шань көзге түседі. Өзендердің басым бөлігі Каспий, Арал, Балқаш және Теңіз көлдерінің ішкі бассейндеріне жатады. Ертіс, Есіл және Тобыл өзендері өз суларымен Кар теңізіне құяды. 8000 өзеннің ұзындығы 10км асады және ұзындығы  800 км жоғары 10 ірі өзен бар.

Қазақстан территориясында шартты түрде сегіз су шаруашылық бассейндерге бөлуге болады: Арал -Сырдария, Шу- Талас,Балқаш- Алакөл, Ертіс, Есіл, Нұра- Сарысу, Тобыл- Торғай және Жайық- Каспий.

Қазақстан территориясының жылдық су балансы:

Жауын- шашын 572км3 (210 мм); ағын 56км3 (21 мм); булану 516км3.

90% атмосфералық жауын шашын буланып кетеді, қалған 10% өзен ағысымен Кар және ішкі су айдынына шығарылады.

Қазақстан өзендерін қоректену сипаты бойынша 3типке бөледі:


    1. Қармен; 2) мұздықпен; 3) аралас. Еліміздің жазық жерлеріндегі өзендер негізінен қар суымен қоректенеді.

Таулы өзендердің ағыс режимі мен мөлшеріне әсер ететін факторлардың бірі жер бедерінің абсолюттік биіктігі болып табылады. Себебі биіктік артқан сайын жауын шашын мөлшері өсіп, булану азаяды. Қазақстанның оңтүстік шығыс таулы ауданы әсіресе Іле, Жетісу, Талас өзендері аудандарында селдік ағындар байқалады. Еліміздің тауларында 300 жуық сел бассейндері мен 5600 сел ошақтары тіркелген. Соңғы 150 жыл 800 жуық сел басу байқалады. Селдердің басым бөлігі Іле Алатауында, мұнда 450 аса сел басу тіркелген. Селдердің 75% нөсер жауын кезінде, 22% мореналық көлдердің, қар суларының белсенді еруі кезінде арнасынан шығып кетуінен және 3% жер сілкіну әсерінен су көздерінің арнасынан шығуы нәтижесінде болады. Сейсмологтар жойқын күшті селдерге 1841-1887 селдерді жатқызады.

Каналдар- бұл жасанды өзендер негізінен жерлерді суландыруға өнеркәсіп кәсіпорындарын және ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстандағы ең ірі канал- Қ.И.Сәтбаев атындағы ( Ертіс- Қарағанды- Жезқазған) ұзындығы- 1000км, ені жоғары бөлігінде- 40м, қалған жерлерінде-4м, тереңдігі- Оңтүстік Қазақстан облысының 3 аудан егістігін суландырады. Жаңадария каналының ұзындығы 600км, Жайық- Күршім суландыру жүйесі жалпы ұзындығы- 2000км.

Шағын каналдар: Шыршық, Шу, Көксу, сол және оң жақ Қазалы, Үлкен Алматы.

Қазақстанның кеме жүзетін өзендері: Ертіс, Іле, Жайық, Есіл.

Өзендердің гидроэнергиясында маңызы зор. Ертісте Өскемен және Бұқтырма СЭС, Сырдарияда Шардара және Қызылорда, Іледе Қапшағай СЭС орналасқан. Таулы өзендердің гидроэнергиялық қорлары пайдалануда. Үлбі өзеніндегі ГЭС, Үлкен Алматыдағы ГЭС каскады т.б. Болашақта шағын ГЭС каскадтарының құрылысын жүргізу жоспарланған. Мәселен: Есікте СЭС, Шарын өзенінде Мойнақ СЭС және Іледе Кербұлақ СЭС салу. Өнеркәсібі дамыған аудандарда Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері қатты ластануға ұшырауда. Ал суармалы егістік дамыған аудандарда өзен сулары шаруашылық, тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын суларды минералды тыңайтқыштарын гербицидтерден ластануда. Көптеген таулы өзендер вегетациялық кезең толығымен суару үшін пайдаланған. Экологтардың пікірінше еліміздегі ең лас өзен сырдария болып табылады ( оның лайлылығы 1,2 кг/м3 ). Ол ластану дәрежесі бойынша дүние жүзінде үшінші орында тұр ( Хуанхэ өзендері тұр. 1989 жылы өзенге 7,5км3 ағын су құйылған. Оның ішінде 339млн м3 ластанған сулар.

Негізгі ластаушы көздер: металлургя кәсіпорындары, мұнай химиясы, Ақтөбе хром қосылыстары зауыттары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы. Ағын сулардың құйылуы нәтижесінде Ертіс өзеніндегі ауыр металдардың концентрациясы 100 ПДК жетеді.



  1. Қазақстан территориясында жалпы ауданы 45мың км2 болатын 48 мыңнан астам көл бар. Саны бойынша шағын көлдер (1км2 дейін) 94%, ірі көлдер 3000 жуық. Ал ауданы 100км2 асатын көлдер 22. Көлдердің басым бөлігі көп жағынан бір біріне ұқсас: ағынсыз, суы таяз, жыл бойы суының деңгейі мен көлемі күрт өзгеріп отырады. Көлдер ел территориясы бойынша әркелкі таралған. Мәселен: Көкшетаудың солтүстігінде 1500км2 терриорияның 40% көлдер алып жатыр. Орманды дала және дала зонараында көлдер көп таралған (25 мыңнан астам).

  1. Каталог: Книги
    Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
    Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
    Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
    Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
    Книги -> АҚША, несие, банктер
    Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
    Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
    Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
    Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет