Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті



бет9/21
Дата04.11.2016
өлшемі5,71 Mb.
#219
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21





АЛАШ АРДАҚТЫСЫ

Ә. ЕРМЕКОВ ЖӘНЕ Ж.ТӘШЕНОВ:

ҰЛТТЫҚ РУХТАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Хамзин Мәуен

«Болашақ» академиясының профессоры,

филология ғылымдарының докторы.

Қарағанды қ.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 24 жыл толмақ. Тарих үшін бұл уақыт тым келте мерзім, ал, нақты іске яғни шекараны бекемдеу, экономиканы дамыту, халықтың әлеуметтік хал-ахуалын жақсарту, республикада ғұмыр кешіп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің рухани келісім, татулық пен тағаттылықта өмір сүруіне алғышарттар жасау, т.б. игілікті істер ҚР Президенті — Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатынан бастау алып отырғаны мәлім. Елбасы аз ғана мерзім ішінде өзінің ірі қайраткер тұлға ретіндегі еңбегімен әлемге танымал жанға айналды, яғни Елбасы елін биіктетті, елі Елбасын асқақтатты. Қазіргі таңда қалыптасқан аса күрделі геосаяси жағдайда Н.Ә.Назарабаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жасап, республика халқын соны жүзеге асыруға жұмылдыруы ішкі және сыртқы саясаттағы сұңғылалық сипаттарын аңғартса керек.

Ұлттық руханият мәселелері, қазақтың қатпар-қатпар тарихы, жаһандану үдерісінде біздің халқымыздың тарихи ауыр тағдыры, т.б. жайттар Елбасының үнемі назарында тұрған мәселелерге жатады, олай болуы заңды да, себебі, тарихы жоқ ел — жетім, рухы аласа ұлт — жетім. Мемлекет басшысы айрықша атап көрсеткеніндей, қазақ халқы өзінің сабыры мен салиқалы парасаты арқасында ешкімге зәбір көрсеткен жоқ, ешкімнің жерін жаулап алған жоқ. Қазақ — тектілік пен бекзат болмыстың иесі. Біздің халық ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресті. Тым әріге бармай-ақ, ХХ ғасыр басныдағы ұлы құбылыс — Алаш қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердіұлы, М.Тынышбаев, М.Шоқай, Х. Досмұхамедов, т.б. тұлғалардың өз кезеңіндегі салалы еңбектеріне ден қойсақ, ұлт мүддесі, ұлт тұтастығы, ұлттық рух қаншалықты дәрежеде асқақтағанына көз жеткіземіз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ.. Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес. Өткелі тұрған ғасырдың соңғы он жылдығының зиялылары топтық мүддеден биік тұрса, өлермен атаққұмарлықтан аулақ болса, мұны Қазақстандағы мамыражай тыныштық пен тұрақтылықтың басты бір факторы деп білу керек», - деп жазды Алашорда қайраткерлерінің еңбектеріне баға бере отырып.

Егер қазақтың басым бөлшегі ғасырылар бойы өмір сүрудің негізгі тетігі көшпелілікте деп ұғынғандықтан, мал шаруашылығына қажетті жайылым яғни жер болуына байланысты, ру аралық жекелеген қақтығыстар да сол жер төңірегінде болып тұрғандығын ескерсек, сол жер ұғымының қазақ санасында Атамекен, Жер-ана болып орын алғанын бағамдаймыз. Ертедегі дәуірлерде де жер дауының ұлттық әдет-ғұрып, құқықтық нормаларында айрықша орын алғанын баса айтуға тиістіміз.

Қазақ тәуелсіздігі үшін арпалысқан Алаш арыстары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, т.б. саяси ұстанымдарында да халықтың жері яғни атамекені басты назарда болды. 1920 жылы бір топ пікірлес зиялылармен Ресей астанасына барған Ә. Ермеков Халық Комиссарлары Кеңесінің арнайы мәжілісінде Қазақстан жері территориясының тұтастығын нақты тұжырым, дәлелді дәйек, ғылыми деректерден В.И. Лениннің алдында сақтап қалып, арнайы шешімнің шығуына теңдессіз еңбек сіңіргені тарихтан мәлім. Патшалық заманда шовинистік пиғылдың қазақ ұлтын отарлау, оны кемсіту сияқты элементтерінен арыла қоймағандар алдында өзінің ұшан-теңіз білімі мен біліктілігін көрсетіп, биік зияткерлік өре-деңгейін аңғартқан Ә. Ермеков аса даулы да күрделі отырыста ұят мүддесін осылайша қорғап шығып еді. Ал, бұл – тарихи жетістік, атап айтқанда,

- қазақтың ұлттық санасының оянып, жұмыр жерде болып жатқан әділетсіздік пен өктемдікке қарсы бас көтеруі еді, бейқамдық пен салғырттықтан іргесін аулақ сала бастауы еді;

- өз көсемдерінің, яғни халқының сөзін сөйлеген ұлтшыл перзенттерінің төңірегіне топтасуы еді;

- ғасырлар бойы халықтың армандаған тәуелсіздігіне жаңа жағдайда, жаңа уақытта алғышарттар жасап, берік сенімін оятқан құбылыс еді.

Алаш қайраткерлерінің бірі Қ.Кемеңгерұлының: «Қазақты үздік ұлттығынан айыруға тырысқанда, қалың ел һәм оның оқығандары не істеді? Қалың қазақ екі-ақ орында наразылық білдірді: 1. Шоқындыруға тырысқанда; 2.Сыпырып жерін алғанда...», - деп жазғаны да қазақ ұлты үшін жер мәселесінің қаншалықты мән-маңызға ие екендігін көрсетсе керек.

Қазақ өмірінде Жер-ананың қандай киеге болсын лайықты екендігін ұлттық болмысқа сіңген менталитеттен бөліп алып қарауға болмайтынын ХХ ғасыр басында Алаш арыстары жете түйсінсе, кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында айрықша түсінген қайраткер — Жұмабек Тәшенев еді.

Егер Ж. Тәшенев 1915 жылы емес, одан ертерек яғни ХІХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келсе, жоғарыда біз атап көрсеткен Алашордашы ұлы перзенттердің қатарынан табылатыны анық еді. Дәл осы тұжырымды тереңдете түссек, бірнеше мәселені де ортаға салудың реті келетін сияқты.

Біріншіден, көптеген зерттеулерде айтылып жүргеніндей, Алаш арыстары айдалып, атылып, қуғын-сүргінге ұшырағанымен, түгелдей дерлік жойылғанымен, олардың ұлы идеялары, ұлты үшін қалдырған өсиет, өнегесі жойылып кеткен жоқ. Олар жүрегінде ұлттық намысы бар көптеген азаматтың болмысынан берік орын алды. Демек, Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда үкіметі атты ұлы феномен ұлттық мүдде ұғымымен тұтаса келіп, еліміздің 1991 жылы жарияланған тәуелсіздігіне ұласты. Яғни ата-бабамыздың, күні кешегі Алаш арыстарының тәуелсіздік үшін күрескен ұлы эстафетасын ХХ ғасырдың соңғы жылдары Н.Ә.Назарабаев қабылдап алды да, Қазақстан Республикасын жаңа жағдайға негізделген уақыт аясында дүние жүзіне небәрі жиырма жылдан сәл астам мерзімде-ақ әйгілі етті.

Екіншіден, өткен ғасырдың сексенінші жылдарында-ақ КСРО сияқты алып империяның іргесінің бекем еместігі мәлім болған-ды. Сол күдік шындыққа айналды. Тоқсаныншы жылдардың басында Одақ құрамындағы ұлт республикалары бөлініп шығып, өз еншілерін де алар-алмастан тәуелсіздігін жариялады. Ал, мызғымастай көрінген, идеологиялық саясаты аса қуатты, сол тұста ең үздік ілім боп мойындалған марксизм-ленинизм идеясымен қаруланған КСРО империясының бір оқ атылмай-ақ, табан астында жалп етіп құлауының себебі нендей еді? Жетпіс жылдай мерзім ішінде салтанат құрып, «халықтың ақыл-ойы, абыройы және ар-ожданына» айналған коммунистік партияның КСРО тарамай тұрып-ақ тарап кетуінің сыры нендей еді?

Міне, осы мәселелерге толыққанды жауап беруге тырыссақ қана өз мақсатымызға жеткендік болып табылады.

Тоталитарлық жүйенің іргесін шайқалтып, әлемнің бірде-бір елінде жоқ зұлым империяның түбіне жеткен халықтың ақыл-санасы, адам баласының ешуақытта да әділетсіздікпен ымыраға келмес тәуелсіздікті аңсағыш күші еді. Сол халықтың ұлы перзенттері еді. Олар: ХІХ ғасырдағы Махамбет, Абай, Шоқан, т.б. еді де, ХХ ғасырдағы Алаш арыстары еді, олардың идеясын жүректерінде имандылық етіп ұстаған Е. Бекмаханов, Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, І. Есенберлин, Ж. Тәшенев, т.б. еді. Осынау тізімді әрі жалғастырсақ, қаламгерлер, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, т.б. еді.

Ұлтшыл азамат қандай қоғам тұсында ғұмыр кешсе де, өз ұлтының қамын ойлайды. Жұмабек Тәшенев есімі ірі қаламгерлігімен, атақты тарихшы немесе философтығымен шыққан жоқ. Ірі қайраткерлігімен шықты.

Осынау ірі тұлға жөнінде «Халықтың қайсар перзенті Жұмабек Тәшенев туралы естеліктер» атты кітап, Ә. Шәріповтің «Көргенім, көңіліме тоқығаным», Р. С. Әл-Қаренидің «Жұмабек Тәшенев — Алаштың жүз жылда бір туар алып тұлғасы» т.б. ірілі-ұсақты еңбектер жарияланды.

Осынау шағын еңбектің басында айтқанымыздай, қандай уақытта болса да, қазақ ұлты үшін ең қасиетті, ең киелі, ең қастерлі нәрсе — Жер-ана болатын. Қазақ өзге кейбір халықтар сияқты табиғатты бағындырамыз деп тепсінген жоқ, керісінше, сол табиғат пен адамның арасындағы үйлесім тепе-теңдігін сақтауға тырысты, өздерін қоршаған ортаның қожасымыз демей, табиғаттың бір перзентіміз деп есептеді. Міне, осынау мәселелерге бүгінгі күн тұрғысынан үңілсек, тарих сахнасына Ж.Тәшеневтей атақты тұлғаның шығуында да белгілі бір заңдылық бар сияқты. Оның тарихи жадымызда мәңгі-бақи қалуына алғышарттар жасап тұрған да қазақтың бір сүйем жерін өзгеге бермей, қасқая тұрып алғанында болса керек.

Ж. Тәшенев Б. Момышұлындай хас батырға Кеңес Одағының Батыры атағын алып беру туралы іске белсене араласты.

Ж. Тәшенев құдіреті күшті Мәскеу билігінің дегеніне көне бермей, өзінің бай да қуатты республиканың басшыларының бірі ретіндегі ұстанымына олардың көзін жеткізіп, санасуына мәжбүр етті.

Ж.Тәшенев саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш қайраткерлерінің отбасыларына шама-шарқынша жәрдем қолын созды.

Ж. Тәшенев еліміз облыстарындағы басшы қызметтерде жүргендегі азаматтық, біліктілік, білгірлік қасиеттері арқасында халыққа жасаған қамқорлығы өз алдына, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, әсіресе, Қазақстан Министрлер Кеңесін яғни үкіметті басқарған кезінде елі үшін айрықша еңбек сіңірген тұлғаларды мәңгі есте қалдыру үшін тегеурінді істердің бастамашысы болды. Ал, ол айрықша еңбек сіңірген сала, бәрінен бұрын, қазақ елінің жерін тұтастай сақтап қалуында еді. Тарата айтсақ, Ж.Тәшенев Маңғыстау өңірін Түрікменстан республикасына беру туралы ұсынысқа мейлінше тойтарыс берді.

Ж. Тәшенев Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру науқанында Тың өлкесі деп атала бастаған солтүстіктегі облыстарымызды Ресей Федерациясына беру туралы Орталықтың ұйғарымына үзілді-кесілді қарсы болды да, зымиян әрі өктем саясатты жүзеге асыртпай тастады.

Ж. Тәшенев Оңтүстік өңіріміздегі мақта өсіретін аудандарды Өзбекстанға беру жөніндегі өкімге барынша қарсы болып, қуатты тойтарыс берді.

Империя басшысы Н. С. Хрущевке тайсалмай: «Никита Сергеевич, бұл мәселенің шешілуі былай тұрсын, тіпті күн тәртібіне қойылуының өзіне қарсымын... Никита Сергеевич, егер Жоғарғы Кеңес әр республиканың жерлерін жергілікті орындарсыз шеше беретін болса, ССРО - ның және ұлт республикаларының Конституцияларын жою керек қой» - деуі осынау танымал тұлғаның барша болмыс-бітімі мен ұлтшылдық қасиетін, азаматтық, қайраткерлік тұлғасын паш етсе керек.

Егер ХХ ғасырдың басында Алаш арысы Ә. Ермеков қазақ ұлтының жері тұтастығын Мәскеуде, В. И. Ленин басқарған Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде қорғап қалса, сол ғасырдың екінші жартысында КСРО империясының азулы басшысы Н. С. Хрущевке қарсы шығып, Ә. Ермеков ағасының аманатын мүлтіксіз орындаған асыл азамат – Ж. Тәшенев еді.

Егер дәстүр, оның жалғастығы мен сабақтастығы сияқты тарихи-философиялық ұғымдар тұрғысынан келсек, ХХ ғасырдағы қос қайраткердің ұлылық, ұлтшылдық қасиет, сиапаттарына бірден ден қоятынымыз анық.

Әрине, өзіңе өктемдік жүргізіп отырған кешегі отарлаушы Ресей патшалығының ХХ ғасырдағы бірден-бір мұрагеріне айналған кеңестік биліктің бірінші басшысына қарсы шығу қаншалықты қиын болатыны, үлкен зардап әкелетіні еді. Расында да солай болды. Ж. Тәшенев Орталықтың лауазымды адамдар үшін жасалған тізімінен шығарылды. Қызмет бабын төмендету үдерісі қолға алынды. Яғни ол құдіреті күшті КСРО үшін кересіз адамға айналды. Алайда оның есімі өзі қызмет етіп, мүддесін көздеген халқының жүрегінде мәңгі-бақи қалатыны ақиқат.



Әдебиеттер:
1. Нзарбаев Н. Алаш мұрасы және осы заман. Кітапта: Алаштану мәселелері. Сериялық ғылыми жинақ. 1 т.-Семей: Таным, 2010.

2. Кемеңгерұлы Қ. Қазақ тарихынан. Мәскеу:Ұлттар комиссариаты қарауындағы Күншығыс баспасы,1924.

3. Халықтың қайсар перзенті. Жұмабек Тәшенев туралы естеліктер. А: Жазушы, 2005.

4. Шәріпұлы Ә. Көргенім,көңіліме тоқығаным. Естелік // Жұлдыз,1994.



5. Әл-Қарени (Қаренов) Р. С. Жұмабек Тәшенев — Алаштың жүз жылда біртуар алып тұлғасы. Қарағанды: Қазақстан-Ресей Университетінің баспасы, 2014.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет