Қазақстанның мәдени қоғамы балет әртісі, біртуар балетмейстер, профессор



Дата29.01.2018
өлшемі30,04 Kb.
#35714
Қазақстанның мәдени қоғамы балет әртісі, біртуар балетмейстер, профессор,

Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген өнер қайраткері,

Қазақ КСР-нің Халық әртісі – Зәуірбек Райбаевтің 85 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр.
Алматы қаласында 2017 жылдың 25-27 наурызы аралығында Қазақ КСР-нің Халық әртісі – Зәуірбек Райбаевтің туылғанына 85 жыл толуына арналған, «Өрлеу» Халықаралық балет мектептерінің фестивалі өтеді.
Фестивалдің салтанатты ашылуы 2017 жылы 25 наурызда сағ. 17:00-де А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде (Масанчи, 67) өтеді.
Үш күн бойы хореографиялық өнерсүйер қауым төмендегі шығармашылық іс-шаралар мен кездесулерге қатыса алады алады:


  • «Зәуірбек Райбаевтің дәуірі» атты экспозиция және фотокөрме (20 наурыз- 20 сәуір 2017жыл, А.Селезнев ат. АХУ мұражайы),

  • Зәуірбек Райбаевтің шығармашылығына арналған буклеттің тұсаукесері, «Қазақстанның балет өнері» атты деректі фильмнің тұсаукесері (25 наурыз 2017 жыл, А.Селезнев ат. АХУ),

  • «Қазіргі заманғы кәсіби хореографиялық білім беру жағдайларында ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтау және дамыту» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (25 наурыз 2017 жыл, А.Селезнев ат. АХУ),

  • Фестиваль қатысушыларының шеберлік сыныптары: Фестиваль қатысушыларының – балет мектептерінің тәжірибесі, (26 наурыз 2017 жыл, А.Селезнев ат. АХУ),

  • Дөңгелек үстел «Ұлттық дәстүрлерді сақтау және балет мектебінің даму келешегі» (26 наурыз 2017 жыл, А.Селезнев ат. АХУ),

  • Бірінші халықаралық хореографиялық оқу орындары концертмейстерлерінің байқауы (23-27 наурыз, 2017 жыл, А.Селезнев ат. АХУ),

  • Қазақша тақырыптағы варияцияларға арналған фортепианолық жинақтың тұсаукесері (23-27 наурыз, 2017 жыл, А.Селезнев ат. АХУ),

  • ММХА-ның жетекші концертмейстері, п.ғ.к. Мария Буланкинаның қатысуымен біліктілікті арттыру курстары (23-27 наурыз 2017 жыл, А.Селезнев ат. АХУ).


Өтетін орны: Алматы қ. «А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМҚК, Масанчи көш. 67.

Спикерлер саны: 6 адам (Австрия, Башқұртстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, ОАР)

Фестиваль ашылуына шақырылғандар (көрермендер) саны: 400 адам

Шеберлік сыныптарға қатысушылар саны: 250 білім алушы
«Фестиваль мақсаты – ұлттық хореографиялық өнерді қолдау және дәріптеу, балетмейстер, профессор, Қазақ КСР-нің Халық әртісі – Зәуірбек Райбаевтің шығармашылық мұрасын сақтау, педагог-хореографтар мен балетмейстерлердің кәсіби қауымдастығын нығайта түсу, хореографиялық білім беру аясында шығармашылық жетістіктермен және жұмыс тәжірибесімен халықаралық алмасу», -дейді А.Селезнев ат. АХУ диреткоры Ая Қалиева.
Фестиваль қатысушыларының арасында: Республикамыздың кәсіби би ұжымдары мен Қазақстанның, Қырғызстанның, Башқұртстанның, Түркияның және ОАР-дың хореографиялық оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, концертмейстерлері мен әдіскерлері, ғалымдары, тәжірибеден өтушілері мен балет әртістері. Спикерлер –хореографиялық өнер мен білім берудің көрнекі қайраткерлері: Марлен Ле Рукс (ОАР), Вакиль Усманов (Австрия), Исмаил Йолджу (Түркия), Олия Вильданова (Башқұртстан), Эрик Латыпов (Қырғызстан), Людмила Ли (Қазақстан).
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі.

Фестивальдің бас серіктесі - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры

Іс-шараға қолдау көрсеткендер: Қазақстандық Ұлттық Юнеско Клубтарының Федерациясы, Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет театры.


«Өрлеу» балет мектептерінің фесиваль қатысушыларының гала концерті 27 наурыз 2017 жылы, сағ. 19:00-де, Абай ат. МАОБТ сахнасында өтеді.
Іс-шараның толық бағдарламасы мен ақпараты қосымшада.

БАҚ үшін байланыс телефондары: +7 (727) 292-75-71, +7 701-766-80-92 ballet-kz@mail.ru.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет