Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық



бет10/10
Дата23.10.2016
өлшемі2,55 Mb.
#65
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚОРЫТЫНДЫ
«Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық пен жаңашылдық (1991-2015 жж.)» деп аталатын докторлық диссертацияда Қазақстанның театр режиссурасындағы сабақтастық пен жаңашылдық үрдісінің ерекшеліктері айқындалып, эстетикалық сипаттық белгілері, концептуалды негіздері бір жүйеге келтірілген. Бұл нәтиже зерттеу тақырыбының негізгі мәселелеріне тарихи-театртанушылық тұрғыдан кешенді экскурс жасау арқылы жүзеге асты.

Зерттеу жұмысы теориялық және практикалық мәселеге арналғандықтан, тақырыптың толық, әрі жан-жақты ашылуы үшін «Қазақстанның театр режиссурасындағы сабақтастық пен жаңашылдық үдерісі» атты бірінші бөлім – «Мәдени кеңістіктегі режиссураның ролі, сабақтастық пен жаңашылдық мәселелелері», «Ұлттық классикалық пьесаларды интерпретациялаудағы дәстүр мен жаңашылдық» атты екі тараушадан тұрады.

Бірінші бөлімнің «Мәдени кеңістіктегі режиссураның ролі, сабақтастық пен жаңашылдық мәселелелері» деген бірінші тараушасында жалпы әлемдік театртану ғылымындағы сабақтастық пен жаңашылдық ұғымның даму тарихы, шетелдік және отандық ғалымдардың мәдениет кеңістігіндегі аталмыш мәселелер төңірегінде жарық көрген концептуалды еңбектерді жан-жақты сараптау арқылы зерттеу жүргізілді.

Бұл жерде автор өнердегі сабақтастық пен жаңашылдық ұғымдарына жеке-жеке тоқталып, оларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар қазіргі режиссураның ролін сараптай келе, Тәуелсіз Қазақстанның режиссерлік өнерінің қалыптасуына әсер еткен негізгі факторлар мен алғы шарттарды айқындап берді.

Бірінші бөлімнің «Ұлттық классикалық пьесаларды интерпретациялаудағы дәстүр мен жаңашылдық» атты екінші тараушасында соңғы жиырма төрт жыл ішінде сахна төрінде қойылған лиро-эпостық дастандар негізінде жазылған ұлттық классикалық шығармалардың қазақ театрының бүгінгі дамуына үлкен үлес қосқандығы, режиссерлердің классикалық пьесаларды сахналаудағы ізденістері мен ерекшеліктері сараланды.

Сонымен қатар М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов драматургиясының көркемдік сипатын, заманауи театр формаларымен қаруландыра отырып сахналаған режиссерлердің жаңашыл қойылымдарға тән қолтаңбалары анықталды.

Жұмыстың «Жаңа театрлық идеялардың режиссурадағы көрінісі» атты екінші бөлімі - «Спектакльдің жаңа театрлық формалары (Н.Жақыпбай мен Б.Атабаев режиссурасының мысалында)», «Қазақ театрларындағы Алаш тақырыбының игерілуі» деген екі тараушадан тұрады.

Еліміздің театр кеңістігіндегі шығармашылық ізденістер, жаңашылдық бағытындағы қойылымдардың ерекшеліктері Н.Жақыпбай мен Б.Атабаевтың режиссурасы мысалы негізінде сараланды. Әлемдік және ұлттық классикалық шығармаларды сахналауда заманауи интерпретация жасап, көрермендер санасында жаңа эстетикалық және интеллектуальдық таным мен тағылым қалыптастырған аталмыш режиссерлер, қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, адамзаттық рухани құндылықтарды арқау еткен заманауи пьесаларды батыл қоя білді. Осы жылдары классиканы реалистік тұрғыда қоюдан гөрі, рациональдық және пластикалық театрлардың құрылымы негізіндегі тәжірибелік-ізденіс бағытында лабораториялық шығармашылық үдерісі жүргізілді. Бұған Астана қаласының жастар театрында Н.Жақыпбай қойған Н.В.Гогольдің «Ревизор» комедиясы мен Б.Атабаев сахналаған М.Метерлинктің «Соқырлар» және «Абай десем» символикалық драмаларын жатқызуға болады. Аталмыш қойылымдарда режиссерлер тарапынан сахналық бейнелік құралдардың небір жаңа формалары қолданылды. Сонымен бірге «мектеп-студия-театр» үштағанының құрылымы сарапталды.

«Қазақ театрларындағы Алаш тақырыбының игерілуі» атты екінші тараушада тәуелсіздік жылдарында ұлтымыздың мақтанышына айналған Алаш арыстарының заманауи драматургия мен режиссурада тұңғыш рет сахналық көркем бейнелер жасалғанына талдау жасалып, ұлы тұлғаларымыз туралы жазылған драмалық шығармаларды сахнаға шығарудағы режиссерлік ізденістер мен жаңалықтар сарапталды.

«Қазақстанның театр режиссурасының даму үрдістері» атты үшінші бөлім – «Әлемдік және орыс классикасын меңгерудегі заманауи шешімдер», «Жас режиссерлердің ізденіс жолдары» деп аталатын тараушалардан тұрады.

«Әлемдік және орыс классикасын меңгерудегі заманауи шешімдер» тараушасында автор ұлттық театрлардағы режиссерлердің шығармашылығы мен репетуарлық саясатын зерттеп, толеранттық пен бірлік негізіндегі Қазақстандағы этникалық қауымдастықтардағы гуманистік принциптердің маңыздылығын, бірлесе өмір сүру үрдісінің мәнін айқындайды.

«Жас режиссерлердің ізденіс жолдары» атты екінші тараушада Қазақстан режиссурасына Еуропа театр үдерісінің тигізген ықпалы, жас буын режиссерлердің даму жолы, қазақ авторлық режиссурасының өзіндік ерекшеліктері, сонымен қатар, жаңа кейіпкер бейнесі төңірегіндегі тақырыптардың игерілуі талданды.

Диссертациялық тақырыпты зерттеу барысында төмендегідей тұжырымдар жасалынды:

1 Тәуелсіз мемлекет атанған жылдардағы Қазақстанның театр режиссурасы сабақтастық пен жаңашылдық аспектісі тұрғысында сараланды. Сонымен қатар, соңғы жиырма төрт жылдағы көп ұлтты театр сахналарының төрінде қойылған ұлттық және классикалық шығармаларды тарихи-функциональдық және салыстырмалы-мәдени талдау барысында, Қазақстанның замануи театр өнерінің бүгінгі келбеті мен даму үдерісіне үлкен үлес қосу жолындағы ізденістері мен ерекшеліктері айқындалды.

2 Тәуелсіздік жылдары Қазақстан сахнасында жүріп жатқан ұлттық және әлемдік классикалық драматургия әр театрдың шығармашылық мүмкіндігін көрсетумен бірге, режиссура мен актерлік өнердің көркеюіне, тың белестерді бағындыруына, әлемдік деңгейге шығуға ықпал еткен факторлар, заманауи театр үрдістеріне жауап беретіндей кәсіби даму жолдары зерделенді.

3 Қазақстанның театр режиссурасының көркемдік бағыттарының дамуына үлес қосқан суреткерлердің стилі мен эстетикалық ерекшеліктеріне тоқталып, еліміздің театр өнері тарихындағы кәсіби деңгейі биік режиссерлер мен олардың спектакльдері театртанушылық әдіс тұрғысынан сарапталды.

4 Ұлттық классикаға өзіндік интерпретациясымен келіп, халықтық эпос кейіпкерлерінің мінезін, психологиясын, іс‑әрекетіне бүгінгілік сипат беріп, қазіргі замандастар келбетіне жақындатуын, жаңа шешімге деген режиссерлер ұмтылысын, олар сахналаған жаңашыл бағыттағы қойылымдардың өн бойынан жинақтап алынып, ғылыми тұжырым жасалды.

Бұл дүниелерді әр жылдары сахнаға шығарған Ж.Хаджиев, Н.Жақыпбай, Е.Оразымбетов, Б.Атабаев, Қ.Қасымов, Қ.Сүгірбеков, Н.Жұманиязов, Г.Мерғалиева т.б. режиссерлер автордың негізгі идеясынан ауытқымай, сонымен қатар қазақ театрының ашылған күнінен бастап қойылып келе жатқан дәстүрлі шешімдерден бас тартып, бүгінгі заман талабына сай қойылымдарды жүзеге асырудағы суреткерлік ұстанымдары зерделенді.

5 Жұмыста ұлттық классикадан бастап орыс және әлемдік драматургияның озық үлгілерін сахналаған, заманауи режиссураның өнерінің шығармашылық ауқымының кеңдігін көрсеткен спектакльдер арнайы талданды. Бұлардың ішінде көрермендердің философиялық тағылымы мен интеллектуальдық деңгейін биіктетіп, көркемдік-эстетикалық жинақылығымен, сахналық түрленуімен театр сыншыларының ерекше бағасын алған Жанат Хаджиев сахналаған - М.Әуезовтің «Қарагөз», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты» қойылымдары, Н.Жақыпбай сахналаған Н.В.Гогольдің «Ревизор», У.Шекспирдің «Асауға тұсау», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Б.Атабаев сахналаған М.Метерлинктің «Соқырлар», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», сондай-ақ «Абай десем...», «Кебенек киген арулар», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қойылымдары, өмірден тым ерте кеткен режиссер Қ.Сүгірбеков сахналаған Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» спектакльдері талдау нысанына айналды. Аталмыш режиссерлер шартты, пластикалық, рациональдық бағыттағы әлемдік режиссурасының үздік амал-тәсілдерін қолдана отырып, Тәуелсіз Қазақстандағы «авторлық режиссураның» озық үлгісін жасады.

6 Сабақтастық бағытының сақталуы режиссердің қолтаңбасы мен өз мектебінің ерекшеліктерін шәкірттеріне рухани мұра ретінде шығармашылық жолмен табыстау кезіндегі, сол суреткердің көркемдік-эстетикалық базисінің мықтылығы арқылы жүзеге асты. Мысалы, КСРО Халық артисі, Халық қаһарманы, көрнекті режиссер Ә.Мәмбетов - ұлттық режиссураның көрнекті өкілі ретінде, әлемде теңдесі жоқ ГИТИС мектебіндегі өнертану докторы, профессор Н.М.Горчаков пен КСРО Халық артисі, профессор А.А.Гончаровтан алған тәлім-тағылымының негізінде Қазақстандағы авторлық режиссураның көшін бастап, өз кезегінде Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет өнері институтында (қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) шәкірттер тәрбиелеуде сабақтастықтың жарқын үлгісін көрсетті. Сабақтастық белгілері - «пьеса мен рөлді әрекет арқылы талдау» үдерісі, режиссура мен сценографияда бейнелі шешімдер жасау, сахналық метафоралар мен ассоциативті ойлау құрылымы, ұлттық классикалық туындыларға бүгінгілік сипат беру тұрғысындағы режиссерлік трактовкалардан анық байқалып отырды. Ә.Мәмбетов – өзінің көрнекті ұстаздарынан алған «кейіпкержанылық мектебі» бағытының теориялық-практикалық әдістемесін байытып, К.С.Станиславский мен Вл.И.Немирович-Данченконың театр жүйесін ұлттық сахна өнерінің ерекшеліктерімен шебер үйлестіріп, бұл күнде елімізге танымал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ж.Хаджиев, Н.Жақыпбай, Б.Атабаев, Я.Шамиев, О.Ли сынды шәкірттерін өсіріп шығарды.

7 Қазақстанның қазіргі режиссурасындағы басты тұлғалар Ж.Хаджиев, Н.Жақыпбай, Б.Атабаевтар - Ә.Мәмбетовтей сахна санаткері жасаған ұстазының суреткерлік ізденістерін әрі қарай жалғастырып, өз кезектерінде ұлттық классикалық пьесаларға интерпретациялар жасау да батыл шешімдерге барып, жаңашылдық туын желбіретті. Режиссурадағы олар жасаған жаңашылдық – әлемдік және ұлттық классикалық драматургия негізіндегі сахналаған қойылымдарда жарқын көрініс тауып отырды.

8 Н.Жақыпбай мен Б.Атабаев театр педагогикасындағы тәжірибелері мен режиссерлік ізденістері негізінде Қазақстанда «мектеп-студия-театр» құрылымының маңыздылығын арттырып, жаңашылдық, ізденіс, өзгеріп отыру секілді үрдістердің  театрдағы ең басты темірқазыққа айналу керектігін, өздерінің шығармашылығымен дәлелдеді.

9 Еліміздің сахнасында жүріп жатқан қазіргі шығармашылық ізденістер - режиссерлік театрдың қанат жайып көркеюіне, өнер ұжымдарының жаңарған көркемдік-эстетикалық келбетін көрсетумен бірге, режиссура мен актерлік өнердің жаңашылдық бағытта дамуына, тың белестерге шығуына ықпал етуде. Сонымен бірге театр режиссурасындағы жас буын өкілдері Г.Мерғалива, К.Адылов, Н.Дубс шығармашылығында жаңа сахналық тіл мен жаңа пішіндерді дамыту жолындағы ізденістерін жалғастыруға негіз болар Еуропа театр үдерісінің ықпалы айқындалды.

10 Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның режиссурасына кәсіби мамандар тәрбиелеумен айналысқан А.Л.Мадиевский, ұлттық режиссерлік өнердің көрнекті тұлғаларына айналған М.Байсеркенов, Қ.Жетпісбаев, Е.Обаев, В.Пұсырманов т.б. дайындап шығарғаны белгілі. Ал Қазақстанның Халық артисі, профессор М.Байсеркенов те режиссурадағы сабақтастықтың алтын жібін жалғау жолында спектакль қоюшы ретінде шектеліп қалмай, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс беріп, режиссура педагогикасында өз ұстанымы бар ұстаз ретінде, өз шеберханасынан түлеп ұшқан Ә.Оразбеков, Қ.Қасымов, Р.Есдәулетов, Г.Мерғалиева, Ф.Қанафиндердің бойына сабақтастықтық тағылымдарын ретінде дарыта білгендігі анықталды.

11 Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің театр өнеріндегі ең елеулі оқиғаның бірі - ұлтымыздың мақтанышына айналған Алаш арыстарының заманауи драматургия мен режиссурада тұңғыш рет сахналық көркем бейнелері жасалды. Осынау заманауи үдеріске республикамыздағы барлық театрлар жаңашыл көркемдік эстетикалық ұстанымдармен келіп, бұрын режиссурада көтерілмеген тың, жаңа тақырыптардың сахнаға дер кезінде шығуына Ә.Мәмбетов, Р.Сейтметов, Е.Обаев, Ә.Рахимов, Б.Атабаев, М.Ахманов, Ә.Оразбеков, Е.Төлеубай, А.Кәкішева, Д.Еспанов тағы басқа режиссерлеріміз бір кісідей атсалысты. Алаш арыстары хақындағы туындыларды сахналаудағы жаңашылдықтың негізінде, режиссерлердің спектакльдерді қазіргі заманауи формалармен, сценографиядағы миниманлизммен, сахна өнеріндегі символдық шарттылықтармен шебер үйлестіре білуінде жатыр.

Әрине, Қазақстанның ауқымы өте кең, көп ұлтты театр режиссурасындағы сабақтастық пен жаңашылдық мәселелерінің барлығын бір диссертацияда тұтас қамту мүмкін емес. Аталмыш тақырып алдағы уақытта талай ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанына айналу керектігін, қазіргі мәдени саясатымыздың ұзақмерзімді тұжырымдасы театртанушыларға міндеттеп отыр.

Ғылыми нәтижелерді қолдану бойынша нақты ұсыныстар. Зерттеу жұмыстары негізінде жасалынған ғылыми-теориялық нәтижелерді тәжірибе жүзінде пайдалану үшін, болашақта осы бағытта қарастырылуы тиіс зерттеу перспективасын былайша ұсынамыз:

-диссертацияның кейбір нәтижелері мен тұжырымдарын Қазақстан Республикасындағы мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасы аясында өтетін шет елдік театр мамандарының назарын аударатын ғылыми семинарлар мен форумдарда, тәжірибелік тұрғыда өтетін лаборатория мен шеберлік шыңдау сыныптарында концептуалды тұрғыда пайдалануға болады;

-ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының (ITI) ғылыми-зерттеу жобалары аясында арнайы іске асыруға ықпал жасауға болады деген ойдамыз;

-автордың қол жеткізген нәтижелерін «Қазақ театрының тарихы», «Режиссура негіздері», «Қазіргі театр үдерісі», «Режиссура шеберлігі» сынды арнаулы курстар мен таңдау бойынша компонеттік пәндерде оқыту ісіне қолдануға болады.



Қорыта айтқанда, тәуелсіздік жылдарында еліміздің театр режиссурасында сабақтастық пен жаңашылдық үдерісі қатар өрбіді. Мемлекетіміздің көп ұлтты театрларында тәжірибелік-ізденіс бағыттарында лабораториялық қойылымдар сахналанды. Сахнагерлерді кәсіби тұрғыда жетілдірген бұндай ізгі бастамалар шетелдермен мәдени-шығармашылық қарым-қатынастарды нығайтуға, қазақ режиссерлік өнерінің кеңістігін кеңейтіп әлемдік театр үрдісінен өз орнын табуға ықпал етті.

Сонымен қатар қазақ театрлары – көнеден келе жатқан халқымыздың лиро-эпостық дастандары негізінде жазылған ұлттық класикалық драматургияны жаңа көзқараспен танып, тың ізденістермен жаңартып, әлемдік театр үдерісінде жүріп жатқан замануи үрдісімен үндес жаңашылдық пен соны өзгерістерге толы режиссерлік интерпретацияларды ұсынды деп айта аламыз.

ХХІ ғасырдың басынан бастап Қазақстанның театр режиссурасы жаңа есімдермен толықты. Жас режиссерлеріміз, аға буыннан сабақтастық негізіндегі шығармашылық мұраларды игерумен бірге, заманауи көркемдік үрдіске жаңашылдық әкелуімен, заманауи формалар мен стиль әкелулерімен ерекшеленеді.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан

жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – 2014, қаңтар – 17 // www.akorda.kz.

  1. Нұрпейіс Б. Қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005). – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2014. - Б. 7.

  2. Театр и тоталитарное государство // Материалы международной конференции (Москва, июнь 1990 года). – М.: Союз театральных деятелей РСФСР, 1991. - С. 3-6.

  3. Немирович-Данченко Вл.И. Театральное наследие. - М., 1952. -Т.1. - 256 с.

  4. Товстоногов Г.Л. Зеркало сцены. - Ленинград: Лен.отд.СТД, 1980. - Книга 1. - С. 16.

  5. Рудницкий К. Режиссер Мейерхольд. - М., 1969. - 376 с.

  6. Кристи Г. Возвращение к Станиславскому. Встречи с Мейерхольдом. - М., 1967.- 580 с.

  7. Богданова П. Режиссеры-шестидесятники. – М.: Новое литературное обозрение, 2010. - С.16.

  8. Эфрос Э. Книга четвертая. – М.: Фонд «Русский театр», 1993. - 431 с.

  9. Товстоногов Г. А. Круг мыслей. - Ленинград: Искусство, 1972. - С. 95.

  10. Буров А.Г. Режиссура и педагогика. – М.: Советская Россия, 1987. - 42 с.

  11. Ортега-и-Гасет Х. Самосознание европейской культуры ХХ века, Художественное искусство. - М.: Издательство политической литературы, 1991. - 236 с.

  12. Кнебель М. Вопросы режиссуры. О некоторых вопросах режиссерской методологии Вл.И.Немировича-Данченко. – М.: Искусство, 1954. - 167 с.

  13. Әшімов А. Жан бөлек. - Алматы: Санат, 2001. – 111 б.

  14. Mayemirov Askhat, Khalykov Kabyl, Nurpeis Bakhyt. Ethnic and Cultural Aspects in the Development of Kazakh Theatres during the Independence Period: The Problems of Human Existence // Folklore: Electronic Journal of Folklore, Thomson Reuters (Arts & Humanities Citation Index) and Scopus. –Tartu; Estonia, 2015, october. - Issue 62. - Р. 79-80.

  15. Қасқабасов С. Махаббат Гимні «Қыз Жібекке» - 550 жыл // Егемен Қазақстан» газеті. - 2010, наурыз – 12. - №90-93 (25939).

  16. Кадыров А. После третьего звонка // Сборник статей. – Алматы: Мир, 2007. –548 с.

  17. Маемиров А. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесаларындағы дәстүр мен жаңашылдық // Л.Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы. Гуманитарлық серия. – 2015. - №5 (37). – 190 б.

  18. Сығай Ә. Ғұмыры ұзақ «Қыз Жібек» // Қазақ әдебиеті. – 6.07.1999, шілде – 6.

  19. Атабаев Б. Абайдың 45 қара сөзі - тұнып тұрған конфликт // Мәдениет журналы. –2006. - №1(02). – Б. 35.

  20. Алматы театрлары. – Алматы: Алматы жарнама, 2010. - Б.84.

  21. Қазақ мюзиклі: Ұлттық па, Батыстық па? // Ана тілі» газеті. – 2009, наурыз – 19.

  22. Мұқан А. «Актерден «актер» жасайтын режиссер» // Қазақ әдебиеті. – 2013. - №28. – Б. 6.

  23. http://www.contur.kz/node/879

  24. Ахмет Ө. Жаңаша қойылған «Қыз Жібек // Астана Ақшамы. - 2013, шілде – 8.

  25. Сүгірбеков Қ. Драматург – композитор, режиссер – аранжировщик // «Ақ жол – Қазақстан» газеті. –2002, сентябрь – 20.

  26. Құндақбайұлы Б. Театр туралы толғаныстар. – Алматы: Өнер, 2006. - 303 б.

  27. Жақсылықова М. Қазақ кәсіби актерлік өнерінің даму ерекшеліктері: зерттеулер, мақалалар. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2014. – 152 б.

  28. Бөпежанова Ә. «Аққан жұлдыз жарығы немесе Қайрат Сүгірбеков театры» // Жас қазақ, тамыз - 18.

  29. Сығай Ә. Ой төрінде - театр. - Алматы: Парасат, 2005. - 249 б.

  30. Құндақбайұлы Б. Заман және театр өнері. - Алматы: Өнер, 2001. - 491 б.

  31. Нұрпейіс Б. Әр заманның Қарабайы мен Жантығы // Қазақ әдебиеті. – 2011, сәуір – 15.

  32. Маемиров А. Қарагөз» трагедиясының эстетикасы және режиссерлік қойылу ерекшеліктері // ЮНЕСКО 70-жылдығына арналған «Қазақ және венгр киносы мен телевизиясы: өзін тану, заманауилық және тарихи мұра» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы: Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, 2015.

  33. Әуезов М. Жалпы театр өнері мен қазақ өнері // http://el.kz/m/articles/view/content-4344 - 05.12.2012.

  34. Атабаев Б. Мен үшін саптама етік киіп, қамшы ұстап жүру ұлттық құндылық емес // Дидар. - 2010,қазан – 29.

  35. Әбдіғұлов Р. «Қарагөздің» жаңа қойылымы // Қазақ әдебиеті. -2000.– №43 (3311). – Б.12.

  36. Қуандықов Қ. Тұңғыш ұлт театры. - Алматы: Жазушы, 1969. – 244 б.

  37. // www.qasym.kz

  38. Есәлі А. Театрдағы Теменов соқпағы // Егемен Қазақстан. – 2014, қыркүйек – 5.

  39. Құндақбайұлы Б. Мұхтар Әуезов және театр. – Алматы: Ғылым, 1997. - Б.137-138.

  40. Евдокименко К. Есмухан Обаев: «Абай – клёвый чувак!» // Газета «Время» - 22.05.2010.

  41. Бараненкова А. Ассоциативность художественного образа // Вопросы философии. - 1978. - №12. - С.123-131.

  42. Немирович-Данченко В.И. Из стенограммы совещания руководства МХАТ от 21 марта 1943 г. // http://www.theatre.ru/art-school/history.html

  43. Эсслин М. Театр абсурда / пер.Коваленко Г.- М., 2010. – С.7.

  44. Қабдиева С. «Меккеге қарай ұзақ жол»«Қазақ әдебиеті» газеті. –2011. - №40 (3256). – Б. 12.

  45. Сағатова Х. «Мәдениет пен өнер дәстүрінің әлем кеңістігіндегі сабақтастығы» // Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақалалар жинағы. - Алматы, 2008. - 150 б.

  46. Нұрпейіс Б. «Ревизор» комедиясының жаңа шешімі // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы, 2009. – №7-8 (123-124). – 180 б.

  47. Родина Т.М. Проблема актера в режиссерском творчестве // Сборник: Реальность и образность. – М.: Наука, 1984. – С. 17.

  48. Владимиров С.В. Об исторических предпосылках возниковения режиссуры // У истоков режиссуры. – Ленинград: ЛГИТМиК, 1976. – С.13-60.

  49. Бойкова И.И. Атмосфера спектакля (Глава 11) // Введение в театроведение. –Санкт-Петербург: Издательство «СПбГАТИ», 2011. – 266 с.

  50. Бармак А.А. Художественная атмосфера спектакля: автореф. ... канд. искусств. - М.: ГИТИС, 1978. - 22 с.

  51. Любимов Ю. Режиссерский метод. – М.: Издательство «АСТ», 2010. - 345 с.

  52. Кнебель М. О действенном анализе пьесы и роли. - М.: Искусство, 1982. - 118 с.

  53. Пансо В. Труд и талант в творчестве актера. – М.: ГИТИС, 2013. -307 с.

  54. Сығай Ә. Театр тағылымы. - Алматы: Парасат, 2003. - 15 б.

  55. Әуезов М. Мақалалар, зерттеулер. - Қазақстанның ашық кітапханасы, 1952ж. – Т. 2. - 17 б.

  56. Бөпежанова Ә. «Мәңгілік бала-бейне» немесе Атабаев - Мұқанова көркемдік тандемі // Қазақ әдебиеті. – 1997, сәуір – 29.

  57. Уордл И. Театральная критика. – М.: ГИТИС, 2013. - 169 с.

  58. Богданова П. Вокруг Гротовского. «Человек, способный изменить себя». - Санкт-Петербург: Издательство «СПбГАТИ», 2009. - 59 с.

  59. Атабаев Б. «Ақсарай» меценат азамат ашқан еліміздегі алғашқы театр // Егемен Қазақстан. - 2010, наурыз – 12. - №90-93 (25939).

  60. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.- Алматы, 2000. - 284 б.

  61. Назарбаев Н.Ә. Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу // Жұлдыз.-2000. - №7. - Б.12.

  62. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – Т. 8. – 175 б.

  63. Жолдасбеков М. Асылдарым. Ойлар, тебіреністер. - Алматы: RS; Халықаралық Абай клубы, 2011. - 340 б.

  64. Богданова П. Режиссеры – семидесятники (культура и судьбы). –М.: ООО «Новое литературное обозрение», 2014. - 75 с.

  65. Буткевич М.М. К игровому театру // В 1 т. – М.: ГИТИС, 2010. - 623 с.

  66. Эрик Бентли. Жизнь драмы. – М.: Айрис-Пресс, 2004. – 145 с.

  67. Берковский Н. Я. Литература и театр. - М., 1969. - 267 с.

  68. Фишер-Лихте Э. Эстетика перформативности. - М.: Издательство «Канон-Плюс», 2015. - 72 с.

  69. Богданова П. Вокруг Гротовского. «Человек, способный изменить себя». – Санкт-Петербург: Издательство «СПбГАТИ», 2009. – 59 с.

  70. Жолдасбеков М. Ел тағдыры – ер тағдыры. - Алматы: Санат, 1997. – 472 б.

  71. Қойгелдиев М. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы.- Алматы: Қазақ университеті, 1997.- 53 б.

  72. Қыдырәлі Д.Қ. Мұстафа. - Астана: Деловой Мир Астана, 2012. - 276 б.

  73. Владимиров С.В. О творческой режиссуре // Режиссура в пути. - Л.; М., 1966. - 97 с.

  74. Рахимов Ә. Спектакльдердің де тағдыры болады // Айқын газеті. - 2013, наурыз – 7.

  75. Рахимов Ә. Мақсатым Шәкәрімнің рухани образын жасау // www.baq.kz , 02.11.2012.

  76. Сахновский В. Режиссура и методика ее преподования. – М.,1939.

  77. Байсеркенов М. Сахна және актер. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 336 б.

  78. //www.baq.kz , 23.10.2014

  79. Ахмет А. «Жүз жылдық махаббаттың» төңірегіндегі дау // Алаш айнасы газеті. – 2014, қараша - 12.

  80. Кәкішева А. Мен өз Мағжанымды қойдым // «Айқын» газеті. - 2014, қараша - 19.

  81. www.akorda.kz

  82. Шашкова Л. Созреть для свободы // Газета «Казахстанская Правда». - 2002, ноябрь – 19.

  83. Чехов М. О технике актера // Литературное наследие: В 2 т. – М.: Искусство, 1986. – С. 248-249.

  84. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. – Алматы: Атамұра, 2003 – с. 234.

  85. Уәлиев Қ. «Турандот ханшайым» – қазақ сахнасында // Қазақ әдебиеті. – 13.05.1994.

  86. Холмогорова И. Герхардт Гауптман: Драма заката. – М.: Российский университет театрального искусства – ГИТИС, 2012. – 224 с.

  87. Құндақбайұлы Б. Театр туралы толғаныстар. – Алматы: Өнер, 2006. – 320 б.

  88. Қазақ сахна өнері. Тәуелсіздік кезеңі. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану иннновациялық орталығы, 2009. – 488 б.

  89. Смағұлова Қ. «Әкемтеатр» алдағы жылды Шекспирмен бастайды» //Жас қазақ. – 28.12.2007.

  90. Котт Ян. Шекспир – наш современник / пер. с польского В.Климовского. – СПб.: Балтийские сезоны, 2011. – 352 с.

  91. Бартошевич А.В. Для кого написан «Гамлет»: Шекспир в театре. Х1Х, ХХ, ХХ1... – М.: Российский университет театрального искусства – ГИТИС, 2014. – 638 с.

  92. Астана: от геополитического статуса к культурному разнообразию. Очерки. – Алматы, 2014. – 428 с.

  93. Өтен А. Қазақ Гамлеті қалай шықты? // Астана ақшамы газеті. - 17.05.2012.

  94. http://www.nv.kz/2014/06/12/73996/

  95. Шекспир У. Король Лир. / пер.Б.Пастернака // В 6 т. – М.: Искусство, 1959. – 17 с.

  96. Эфрос А. Продолжение театрального романа. – М.: Фонд «Русский театр», 1993. - 238 с.

  97. Елордада У.Шекспирдің «Асауға тұсау» пьесасы сахналанды. - 2013, желтоқсан - 19 // http://astana.gov.kz/

  98. Жұманбай Н. Заманауи үлгі, жаңаша леп // Егемен Қазақстан. – 12.02.2014.

  99. Қабдиева С. Кембридж, Оксфорд университеттерін бітірмесе де, өте білімді адам болған // Аңыз адам: Уильям Шекспир. – 2015, сәуір. – № 8 (116).

  100. Эккерман И.П. Разговоры с Гете в последние годы его жизни. - М.; Л.: Academia, 1934. - 307 с.

  101. Шах‑Азизова Т. Ритмы чеховского театра // PRO SCENIUM. Вопросы театра. – М.: КомКнига, 2006. – 416 с.

  102. Әбілғазиева С. Апалы-сіңілі үшеу // Қазақ әдебиеті. – №18-19 (3339)

  103. Барбой Ю. К теории театр. - Санкт-Петербург: Издательство «СПбГАТИ», 2008. - 229 с.

  104. Белинский В.Г. Литературные мечтания в драме и театре. – М., 1983. – Вып. 1. – С. 13.

  105. Жолдасбеков М. Шың мен шыңырау. – Астана: Күлтеген, 2002. - 126 б.

  106. Пави П. Словарь театра. – М.: Прогресс, 1991. - 180 с.

  107. Ескендір Н. Маңғыстау облыстық музыкалық театрының бүгінгі келбеті // «Қазақ әдебиеті» газеті. - 2014. - №50 (3422). - 15 б.

  108. Назарова В. Г.Эйслер – Б.Брехт. Творческие содружество. - Ленинград: Советский композитор, 1980. - С. 14.

  109. Рехельс М. Режиссер – автор спектакля. – Ленинград: Искусство, 1969. – С. 18.

  110. Захава Б.Е. Мастерство актера и режиссера. – М.: Издательство «Планета музыки», 2013. – 271 с.



Каталог: documents
documents -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Өмірбаяны Құрманғазы Сағырбайұлы
documents -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
documents -> Лекция №7-8 по дисциплине: «Зоопсихология и сравнительная психология» Проф. Гагарин
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
documents -> Саяси партиялармен жұмыс жасау Облыста республикалық 6 саяси партияның


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет