Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық



бет7/10
Дата23.10.2016
өлшемі2,55 Mb.
#65
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ал, режиссерлардың екеуі де музыканы қойылымның компоненті ғана емес, сахналық бейнелеу құралдарының бірі іспеттес қолданған. Ол тартыс желісін шиеленістіріп, сахнада өтіп жатқан өмір құбылысын қоюлатып, кейіпкерлердің ішкі дүниесін аралап, толық ашылуына септігін тигізіп жүр. Екі Кармен де туынды желісінде асқан сұлулығымен қатар, тағылымсыз, екіұдай жасампаз қылықтарымен бейнеленеді. Әйтсе де, оның ерекше болмысы – айналасына махаббат сыйлаған ару кейпінде көрініс табады. Басты ролді сомдаушы Жанар Мақашева (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры) мен Айым Жүсіпбекова (Астана Жастар театры) қазақ театрларының ішіндегі пластикасы мықты актрисалар екендігіне дау жоқ. Актрисалардың мұндай қабілетін бағалаған режиссерлер де драмалық ішкі күйзеліс пен хореграфияны қатар алып жүре алатындықтан ғана бұл рөлге бекіткендігі белгілі. Актрисалар қолдан келген қабілеттерін аяп қалған жоқ. Ролге барынша еніп, классикалық шығармалардың ішіндегі Карменге ғана тән албырттық пен ішкі «Менінің» мықтылығын көрсетуге тырысты.

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрындағы хореографтың режиссерлік шешімі негізінен көпшілік сахнасының синхронды биімен байланысты болса, жастар театрында ауыртпашылықтың басым бөлігі басты рөлдегі Кармен мен Хосеге, олардың тікелей пластикалық мүмкіндіктеріне түскен. А.Жүсіпбекова мен Б.Керімбаевтардың бұл жердегі актерлік концепциясында диалог аз. Олардың бір-біріне деген махаббаты мен сыртқы ортаға деген екіұдай сезімдері күрделі би қозғалыстары арқылы беріледі. Ал, көпшілік сахнасы қалыптасқан ұғым бойынша рөлді ашудағы қосалқы күш көзі ретінде ғана қарастырылған.


Екі театрдың да актерлік ойынында кейіпкерлер бейнесін ұтымды бере алу мен артистизм басым болды. Басты рөлдегі актерлердің пластикасы мен темпераменттілігі жоғары деңгейде көрсетілді. Актерлер би арқылы кейіпкердің бүкіл болмысын бере алды, себебі драма театрлары сахнасынан мұндай хореографиялық шеберлікті сирек көріп жататынымыз белгілі. Ғ Ғ.Мүсірепов театрының сахнасындағы қойылымдағы актерлер аздаған жылғы тәжірибесіне қарамастан өз мүмкіндіктері мен шеберліктерін сабырлы әрі ирониялық түрде жеткізсе, Жастар театры өз әлеуеттерін жарқын энергияларға толы, кинетикалық тұрғыда көрсетті. Т.Теменовтың Кармені – Жанар Мақашева мейілінше өмірден алған сабағы көп, басты мақсатына жету жолында ештеңеден тайынбайтын өзіндік харизмасымен ерекшеленеді. Ал, Жастар театрындағы Кармен-Айым Жүсіпованың рөлінде әлі де болса жүрегі жаманшылықтардан ада, пәк екендігінен хабар беріп тұрады.

Астана Жастар театрында режиссер Н.Жақыпбай ұсынған идеяларды хореограф жаңа ойлармен толықтырып, әйел бақытының табиғатын зерттей отырып, көптеген сезімдер үйлесімділігін жасады. Қатыгездік пен сүйіспеншілік, бақыт пен ауыртпашылық, нәзіктік пен қаталдық, қызғаныш пен кеңпейілділік сезімдері қатар салтанат құрды. Спектакльдің басты мақсаты – қараңғылықтар бір бірін жеңе алмайды, тек жарық қана олардың ортасына түсе алады. Сондай-ақ, жеккөрушілік сезімдердің арасындағы махаббат қана әлемді сақтап қала алады.


Н.Жақыпбайдың режиссерлік шешіміндегі басты реквизиттердің бірі – саты тиімді көмекші рөл атқарып тұр. Көпшілік сахнасының ат салысуымен саты басты кейіпкерлерді ойнату мен олардың бейнесін ашуда түрлі формаға еніп жәрдемдесуде.


«Кармен» қойылымы арқылы екі театр да өзінің шығармашылық қабілетін, күрделі шығармаларды меңгере алатын мүмкіншілігін көрсетті.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының репертуарында ұзақ жылдарға тұрақтаған әлемдік классикалық қойылымдардың бірі неміс драматургі Герхардт Гаупманның «Ымырттағы махаббат» драмасын айтуға болады. Пьеса Германияға фашизмнің келе бастаған тұсында жазылғандықтан, шығарманың желісі қарапайым тұрмыстық сюжетке құрылғанымен, елде болып жатқан саяси өзгерістер астарлы ойлармен керемет жеткізілген.

«Семейная история читается как смена эпох. Семья Клаузенов – своеобразная модель современной Гауптману Германии, в которой филистерская среда уже в 1920-е годы обнаруживала явную склонность к грубой силе, а в начале 1930-х позволила ей прийти к власти», [87, 95 б.] - деп ресейлік театр зерттеушісі И.Холмогорова айтқандай қарт Маттиас Клаузен ескі Германияны бейнелесе, оның балалары жаңа фашистік саясатты ұстанған, ескі тәртіпке қарсы шыққандар жағын көрсетті. Пьеса 1932 жылы жазылса да, құндылығы мен тақырыптық өзектілігіне байланысты Р.Андриасянның режиссерлігімен қазақ сахнасынан бүгінге дейін түспей келе жатыр. Бас кейіпкер Маттиас Клаузеннің жан дүниесі жас Инкенге деген махаббатқа толы. Бұл сезімнің жетегінде жүрген Клаузен оқиға барысында балаларының бұрын-соңды білмеген мінез-құлқын байқайды.

Спектакльдегі табыс – актерлік өнердің биігінен көрінген Клаузен роліндегі КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов. Актер Клаузен бойындағы байсалдылық, парасаттылық, сонымен бірге, оның тұрпатына тән қарапайымдылық, мейірбандық, әділет, табиғатынан адамға деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді дұрыс аша білген. Спектакльдің екінші жартысында А.Әшімов ойынында трагизм басым. Мұнда ол сүйген жарына қосыла алмауының бірден‑бір себебі – өзі мәпелеп өсірген ұл‑қыздарына деген өкініш‑ренішін биік трагедияға көтерген. Қойылымның ұтымды шыққан тұстарының бірі ретінде ашуы әбден шегіне жетіп жынданған Клаузеннің сахнасын айтуға болады. «Асанәлі жасаған бейне психологиялық һәм философиялық мән‑мазмұндылығымен, сахналық ауқымының кеңдігімен дараланған. Ол жасаған Маттиас Клаузен зұлымдық пен әділетсіздікке, жамандыққа қарсы күрескер болып көрінеді. Мұнда кейіпкердің ішкі әлемі мен сыртқы пластикалық үлгісі сай шыққан.

Сахналық әрекеттің негізі сөз десек, Асанәлі мұны толық меңгерген. Дауыс, үн, ырғақ бәрі де сахнадан айтылатын сөздің астарын ашуға, кейіпкердің өзіне ғана тән мінезін ашып сипаттауға бағындырылған», – деп Б.Құндақбайұлы орынды атап өткен [88, 303 б.].

Ал қойылымның жалпы болмысына келер болсақ, нақты бір жаңа көзқарас көрсетілмегендіктен, махаббат тақырыбы да көмескіленіп көрінбей қалған. Инкен рөліндегі актриса Н.Қарабалина кейіпкер әлеміне толық ене алмағандықтан, еркін қимылдай алмай, қысылып жүрді. Мұндай тақырыптар режиссерлік шешім тұрғысында жинақылық пен нақтылықты талап ететіні белгілі. Ал, режиссер Р.С.Андриасян автор көрсетіп кеткендей шығарманың терең, саяси астарына бармай, қойылымды қарапайым отбасылық конфликтке, егде жастағы адамның жас қызға деген бақытсыз махаббатын ғана суреттеген.



Каталог: documents
documents -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Өмірбаяны Құрманғазы Сағырбайұлы
documents -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
documents -> Лекция №7-8 по дисциплине: «Зоопсихология и сравнительная психология» Проф. Гагарин
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
documents -> Саяси партиялармен жұмыс жасау Облыста республикалық 6 саяси партияның


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет