Қазақтың ұлттық тағамдары Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас-адамның арқауы»



бет2/9
Дата28.01.2018
өлшемі2,51 Mb.
#35010
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тапсырма:

1.Мәтінді оқып,аудару



2.Мақал-мәтел құрамындағы түйіріліп айтылған сан есімді тауып, ағылшын тілдерінде айту шарт.

1.______атасын білмеген жетесіз

2.Қызға ____ үйден тию.

3._____ жасар бала алыстан келсе

4.Білекті бірді жығады,білімді_____жығар

5.Ел құлағы____



Бесбармақ

Ет немесе қазақша ет – қазақ халқының еттен дайындалатын ұлттық тағамы.

Тойға немесе қонақасыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктегенде 13 мүшеге бөлінеді.

Асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, кейде пияз салып, отын басады да, 1 – 1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады.

Ет піскен соң сорпасынан бөліп алып, тартылатын табақтың санына қарай мөлшерлеп, тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп туралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып, бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң, тұздықты еттің үстіне құяды. Қазақша етке қамыр, бітеу пісірілген картоп, сәбіз қосуға болады.

Қонақ күту кезінде тартылатын еттің адамдардың қоғамдық мәртебесіне байланысты бөлінісіне қарай: бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ, сондай-ақ, ахуалдарға сай: құда-құдағи табақ, келін, күйеу табақ, үйеме табақ, т.б. түрлерге бөлінеді.

Тапсырма:

1.Мәтінді оқып,аудару



2. Синонимдік қатарды жалғастырыңыз.
1. Сұлу, ажарлы,.................................................................................................... қыз.
2. Батыр, ержүрек,...............................................................................................жігіт.
3. Сабырлы, салмақты,............................................................................................дос.

3. Сөйлемдерді толықтырыңыз: Сыныптасымның аты - ........ Ол ......... жаста. Оны ...... бар. Ол ..... көшесінде тұрады. Мінезі ........................ Оны көзі ......., шашы........, бойы......... Ол .................... адам.

Қуырдақ

Қуырдақ — жаңа сойылған малдың өкпе—бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек, бүйрегінен, сондай-ақ ішек-қарнынан ұсақтан турап әзірленетін тағам. Ол үшін қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15—20 минут қуырады. Содан кейін бауырлы салып, үстіне бұрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады.Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарханға қояды.Қуырдақ-майға қуырған ұсақ ет.Қуырдақты көбінесе ірі қараның сан етінен қуырады. Оны ; әсіресе, түстік асқа ,жорақта жүргенде ет асудан гөрі тез дайындалатындықтан – әзірленген. Қуырдақтың ең көп тараған әдеттегі түрі –ішек-қарын,өкпе-бауырдан жасалатын түрі. Мысалы:қойды сойысымен өкпесін,бауырын , ішек-қарнын, ұсақ еттерді ,шажырқай , шарбы майларын қосып турап әзірлейді. Өкпе-бауыр аралас қуырдақ жасағанда ең алдымен өкпені суға қайнатып,оның пісуін біраз жеткізіп алады. Содан кейін өкпе кеш піседі. Ал бауыр керсінше өте тез піседі, сондықтан қуырдаққа бәрінен соң салынады.

Тапсырма:

1. Мәтінді оқып,аудару.



мысалдар

Сабақты етістік

Салт етістік

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Шам сөнді

 

 

 

  

Досын өкпелетті

 

 

 

 

өнерлі бала

 

 

 

  

Ұятқа қалма

 

 

 




Еттің түрлері

Сиыр еті. Сиыр ұшасы үш сұрыпқа бөлінеді. Бірінші сұрыпқа сан еті, жамбас, белдеме, арқа жауырын, төс; екінші сұрыпқа – мойын мен төстік; үшінші сұрыпқа – ауыз омыртқа, кәрі жілік пен асықты жіліктердің басы жатады.

Бұзау еті – бұзау ұшасы үш сұрыпқа бөлінеді. Бірінші сұрыпқа жамбас, белдеме, арқа, жауырын, сан еттері, арқа, екіншісі – мойын, төс және төс етегі; үшінші сұрыпқа жіліншік еттері жатады. Бұзау етінің сорпасы өте дәмді бола қоймайды. Ас пісіргенде ыстық су құйып, бүлкілдетіп қайнатады. Бақай-жіліншіктерін дірілдек жасауға пайдаланады.

Қой және ешкі еттері. Қой және ешкі еттері екі сұрыпқа бөлінеді. Біріншісі, жамбас, белдеме, жауырын, арқа, екіншісі – мойын омыртқа, асықты, кәрі жіліктердің басы, қой етінен бұқтырылған, қуырылған, салқын тағамдар, әр түрлі тартылған етжәне сорпалар дайындайды. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көбі қой етінен әр түрлі ұлттық тағамдар әзірлейді. Қой етінен мөлдір сорпа сирек әзірленеді, суп жасау үшін, ең дұрысы, жауырын, омыртқа еттерін пайдаланған жөн. Жамбас және белдеме еттерін ірі кесегімен қуырған тиімді.

Тапсырма:

1. Мәтінді оқып,аудару .



2.Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір. (

1. Таң----------------------жымыңда+птұр

2. Жұлдыз----------------ағар+ыпатты

3. Ай------------------------жау+ғалытұр



4.Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жасау (Алдымен дәптерге сосын тақтаға орындау).

Түседі, барады, сөйлеппін, бұрылғалы, тартып, салынғалы.

Түс-е-ді

Түс - етістік, -е- к өсемше, -ді -жіктік жалғау ІІІ жақ.



Балық тағамдары

Балықтардан жеңіл тамақтар (салаттар), сорпалар, қайнатып дайындалынған тағамдар, қуырылған тағамдар, бұқтырылған тағамдар, көміп пісірілген тағамдар және көптеген ұлттық тағамдар дайындауға болады.

Балықтан көптеген тағамдар дайындалады. Оны қуыруға, асуға, тұшпара, қаусырма пісіруге, котлет, биточки дайындауға, балық сорпасын пісіруге болады.
Балықтар сауда орындарына көбіне тоңазытылған күйінде түседі. Оларды жібіту ережелері дұрыс сақталса, жас күйіндегі сапасын жоя қоймайды. Әрине, тірі балықтан дайындалған тағам ерекше дәмді келеді.
Балықтан тағам әзірлеу үшін оны алдымен жарып, тазалай білу керек. Оны жарып, тазалаудың бірнеше әдісі бар.
Балықтың іші ұзына бойы тілініп, ішек-қарны алынып тасталынады. Арқа қанаты кесіледі. Ол үшін қанаттың екі жағы қуалай өткір пышақпен тілінеді. Содан соң ол құйрығынан бас жағына қарай жұлқа тартып жұлып алынады. Осыдан кейін құйрығынан ұстап тұрып, қабыршағы қарсы қырылып, ашылады.

Каталог: uploads -> doc -> 03c4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03c4 -> Таңғажайып алаңы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет