ҚазЭҚхсу кәсіби-бағдарлы ағылшын тілін оқытуда мәтіндерді пайдалану



Дата11.01.2017
өлшемі74,9 Kb.
#6561
ОӘЖ 37.013.21 А. І. Әділханова, аға оқытушы

ҚазЭҚХСУ
КӘСІБИ-БАҒДАРЛЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА МӘТІНДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Аңдатпа

Бұл мақала кәсіби-бағдарлы ағылшын тілі сабақтарында мәтіндерді пайдаланудың әдістерін ұсынып, тиімді, ұтымды жақтарын айқындап, әдістемелік тұрғыдан талдау жасаған.

ЖОО-ында кәсіби-бағдарлы шет тілін жүргізудің бүгінгі таңдағы маңызы мен міндеттерін ашып көрсеткен.

Тілді кәсіби бағытта оқытудың негізгі міндеттерін, студенттердің коммуникативтік дағдысын дамыту, яғни қарым-қатынас жасау шеберлігін қалыптастыру жолдарына нақты тоқталған.
Түйін сөздер: кәсіби-бағдарлы білім, мәтіндер, ақпараттық мәдениет, әлеуметтік-мәдени аспект, жазбаша мәтіндер.
Ақпараттық технологиялар мейлінше дамыған бүгінгі таңда ақпаратпен жұмыс істеудің маңызы өте зор. Әсіресе ол кәсіби қызметтің ажырамас бөлшегіне айналған. Шетсіз-шексіз ақпараттар айдынында адасып кетпей, дұрыс бағытта алға жылжу үшін бүгінгі маманға ақпараттық мәдениет қажет. Жоғары деңгейлі ақпараттық мәдениеті бар, өз саласындағы құжаттар ағынының ерекшеліктерін жақсы білетін маман ақпараттың әртүрлі тетіктерімен жұмыс істей алады, ақпарат алмасу арқылы оны жүйелеп, түсіндіре алады. Сөйтіп, тілді жақсы меңгеріп, білікті маман иесі болып шығады.

ЖОО-ларда кәсіби бағыттағы ағылшын тілін оқытуды білім алушыларға әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты жеткізудің, өзінің болашақ кәсіби қызметінде ағылшын тіліндегі деректерді қолдану дағдысын қалыптастырудың құралы ретінде қарастырған жөн. Осылайша студенттердің, яғни болашақ мамандардың үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету керек. Бұл міндеттер кәсіби-бағдарлы ағылшын тілін оқыту арқылы жүзеге аспақ. Ағылшын тілін кәсіби-бағдарлы бағытта оқыту студенттердің нақты кәсіби, іскери, ғылыми салалар мен жағдаяттарда кәсіби ойлау ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай білу қабілетін дамытуды көздейді. Яғни, студент өзінің болашақ мамандығы ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, шет тілін меңгереді. Бүгінгі күні болашақ маманның ағылшын тілін меңгеруінде кәсіби мәтіндерді оқуға ерекше көңіл бөлінуде. Оқылым әрекеті арқылы студент болашақта өзінің кәсіби білімін толықтырып, жетілдіріп отырады, сөйтіп, тілдік қиыншылықтарға, ақпараттық мәдениеттің жетіспеушілігіне ұрынбайды.

Тілді кәсіби бағытта оқытудың негізгі міндеттерінің бірі – студенттің коммуникативтік дағдысын дамыту, яғни қарым-қатынас жасау шеберлігін қалыптастыру. Әсіресе ауызша қатынас жасауға көбірек көңіл бөлінетіні белгілі. Кәсіби-бағдарлы бағытта ағылшын тілінде сөйлеу әрекетін қолдану арқылы болашақ маманның тілін дамытып, ой-өрісін кеңейтеміз. Ал бұл әрекетті, ең алдымен, жазбаша мәтіндер арқылы жүзеге асыруға болады.

Мәтіндер – бұл кез келген тілді үйретудің негізі десек, қателеспейміз. Әсіресе сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мәтіндердің рөлі ерекше. Осы орайда зерттеушілердің көпшілігі мәтіндердің коммуникативтік маңызына баса назар аударады. Мәселен, Ф.В.Чичерина: «С учетом параметров коммуникативной ситуации (адресант, адресат, сообщение/текст, сопутствующие обстоятельства) текст детерминируется как коммуникативно-самостоятельная единица, обладающая определенными коммуникативными свойствами»,- десе [3], Б.М.Джандар: «Являясь целостным и законченным по содержанию и по форме речевым произведением, текст представляет определенную тему и акт общения, содержит изучаемый лексико-грамматический материал, служит образцом речевой коммуникации носителей языка и, как известно, конечная цель обучения иностранному языку – творческое владение речью и способность творчески подходить к восприятию текста на иностранном языке» деген ойды айтады [1].

Әрине, біз де бұл пікірлерге қосыла отырып, мәтінмен тиімді жұмыс істеу үшін өте үлкен дайындықтың қажет екендігін баса айтқымыз келеді. Бұл жұмыс жүйелі түрде іске асуы керек, оқытушы тарапынан үздік әдістеме және үлкен шеберлік талап етіледі. Студенттің ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін ұсынылатын мәтіндер белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс:

-біріншіден, үйренушілердің талап-тілектері мен қызығушылықтарын қанағаттандыра білуі керек, яғни мәтінде жаңа да қызықты мәліметтер болғаны жөн;

-екіншіден, үйренушілердің болашақ мамандығы мен кәсіби қызығушылықтары ескерілуі тиіс (кәсіби бағыттылық олардың пәнге деген қызығушылығын арттырады);

-үшіншіден, мәтін мазмұны ұсынылған тақырыпқа сай және нақты коммуникативті міндетті шешуге бағытталған болуы керек;

-төртіншіден, кәсіби-бағдарлы ағылшын тілін үйретуде оның әлеуметтік және мәдени аспектісіне ерекше мән беру керек, яғни студенттерге лингвоелтанымдық және елтанымдық (ағылшын елінің тарихи және мәдени даму кезеңдері, сөйлеу әдебі, тұрмысы мен дәстүрі, ұлттық мінез ерекшеліктері) білімді барынша дарыта білуіміз керек;

Сонымен, мәтін таңдауда студенттердің коммуникативтік және когнитивтік қажеттіліктерін барынша ескеру керек. Мәтіннің көлемі мен деңгейі студенттердің ағылшын тілін білу, сөйлеу деңгейіне сай болғаны жөн. Оның мазмұны студенттердің кәсіби қызығушылықтарын қанағаттандыра білуі керек, онда болашақ кәсіби қызметтің барлық салалары, кәсіби жағдаяттар көрініс тапқаны жөн.

Мәтінді оқу барысында әртүрлі сөйлеу жағдаяттарын тудыруға болады. Мәтінмен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістемесіне көз жүгіртсек, мынадай жаттығуларды көбірек кездестіреміз: мәтінді оқу, оны аудару, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, мәтін бойынша жоспар құрастыру, мәтін мазмұнын айту. Әрине бұл жаттығулардың тілдік тұрғыдан алғанда маңызы өте зор екендігін біз жоққа шығара алмаймыз, алайда сөйлеу әрекетін тудыруда олардың тиімділігінің аз екендігін мойындауымыз керек. Нәтижесінде үйренушілер үшін әртүрлі жағдаяттарда ағылшын тілінде сөйлеу қажеттілігі туындағанда олар сөйлеу барысында қиындықтарға ұрынады, айтуға сөз таба алмай, әңгімелесуден де бас тартуы мүмкін. Сондықтан да мәтінмен жұмыс істеу арқылы тиімді нәтижеге жету үшін студенттің сөйлеу дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруға бағытталған арнайы жаттығулар жүйесі қажет. Әдетте зерттеушілер мәтінмен жұмыс істеудің үш кезеңін ұсынады. Осы орайда Куимова М.В. төрт кезеңді ұсынады. Оның ең біріншісі оқылымның түріне нұсқау түрінде келеді [2].

Кез келген мәтінді оқыту мәтінге дейінгі жаттығулармен басталады. Бұл жаттығулар мәтінді қабылдауға қажетті лингвистикалық және жағдаяттық атмосфера тудырады. Олар мәтінді оқу барысында тілдік қиындықтарды жеңу үшін, мәтінде көтерілген проблеманы анықтай білуге бағытталған. Міне, олардың бірнешеуі:

а) мына кілт сөздер мен сөз тіркестерін оқып, мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.

ә) берілген сөйлемдерді логикалық бірізділікпен орналастырыңыз;

б) мына үзіндіні оқып, қарамен белгіленген сөздердің мағынасын анықтаңыз;

в) мәтінді үш бөлікке бөліңіз (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды).

Мәтінді оқу кезінде орындалатын жаттығулар мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, жекелеген фактілерді, олардың арасындағы мағыналық байланысты анықтауға бағытталған.

а) бірінші параграфты оқыңыз, негізгі ақпаратты жеткізетін сөйлемді табыңыз;

ә) ... сипаттайтын сөйлемдерді таңдаңыз;

б) ... туралы айтылатын параграфты көрсетіңіз;

в) ... туралы айтатын негізгі (кілт сөздер) фактілерді табыңыз;

г) ... сипаттайтын /жоққа шығаратын/ мақұлдайтын фактілерді табыңыз;

д) ... туралы келесі идеяны түсіндіріңіз;

е) мәтінде көтерілген проблеманы анықтаңыз.

Мәтіннен кейінгі жаттығулар оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуді қамтамасыз етуге, оқылған нәрсеге сыни көзқарас таныта білу шеберлігін дамытуға бағытталған. Оларға мынадай тапсырмалар жатады:

а) мына сұрақтарға жауап беріңіз;

ә) бұл мәтіндегі таң қалдырған/жаңа/маңызды адам есімі туралы ақпарат беріңіз;

б) мәтінге берілген суретке түсініктеме беріңіз;

в) мына мәлімдемелерді толықтырыңыз;

г) мәтіннің негізгі идеясымен байланысты проблемаларды атаңыз.



Сонымен, кәсіби-бағдарлы оқытуда мәтіндерді негізге алған жөн. Студенттің кәсіби бағытта сөйлеу тілін қалыптастыру, әртүрлі кәсіби, іскери жағдаяттарда әңгіме жүргізуге, өзіндік ой-пікір танытуға дағдыландыру үшін мәтіндермен жұмыс істеудің маңызы өте зор. Әрине, ең алдымен, мәтіннің мазмұны кәсіби бағытқа сай келуі керек. Сондай-ақ мәтінді коммуникативті мақсатта меңгертудің арнайы үздік әдістемесі болғаны абзал. Жоғарыда қарастырылған жаттығулар жүйесі осындай әдістеменің бір нұсқасы ғана. Бұл жүйе студентке болашақ мамандығы бойынша ақпарат алмасуға, ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас жасай білуге, кәсіби тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Джандар Б. М. Текст как основа для формирования устной связной речи // Вестник Адыгейского государственного университета. Серия 3: Педагогика и психология. 2012. №1. URL: http://cyberleninka.ru/article/n/tekst-kak-osnova-dlya-formirovaniya-ustnoy-svyaznoy-rechi.

2. Куимова М. В. Иноязычный письменный текст как основа обучения устной профессионально-ориентированной речи студентов нелингвистических специальностей [Текст] / М. В. Куимова, Н. А. Кобзева // Молодой ученый. — 2011. — №3. Т.2. — С. 19-21.

3. Чичерина Ю. В. Текст как основа коммуникативной деятельности на иностранном языке // Известия РГПУ им. А.И. Герцена. 2009. №112. URL: http://cyberleninka.ru/article/n/tekst-kak-osnova-kommunikativnoy-deyatelnosti-na- inostrannom-yazyke
Резюме

В данной статье автор рассматривает тексты в качестве основы профессионально-ориентированного обучения английскому языку. Всесторонне анализирует основные задачи ведения данной дисциплины в вузе. А также опираясь на современные передовые методы преподавания иностранного языка определяет пути формирования коммуникативных навыков.



Summary

In this article the author examines the texts as the basis of professionally-oriented learning the Kazakh language. Offers a series of exercises aimed at the formation of speech activity. Relying on the data of modern advanced methods of teaching Kazakh language for text allow scientifically determine the content of the work on the development of coherent speech.




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет