Азімбаева Нұрпан Мұсабайқызы



Дата25.08.2017
өлшемі180,75 Kb.
#27496
Автор туралы мәлімет


Аты-жөні

Жұмыс орны

Пәні

Тақырып

Аннотация


Азімбаева Нұрпан Мұсабайқызы

Пригород орта мектебі

информатика

Paint графикалық редакторының құралдарын

қолдану



7 сынып *


Paint графикалық редакторында сақталған суреттерді аша білу



Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдарын

қолдану
Сабақтың мақсаты:



Білімділік:

  • Paint графикалық редакторының терезе элементтерін білу;

  • Paint редакторының негізгі құралдарын қолдана білу;

  • Оқушылар суреттерді редакторлеуді, сақтауды білу;

  • Paint графикалық редакторында сақталған суреттерді аша білу;

Дамытушылық:

  • компьютерде жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

  • өзбеттерімен білім алуға жетісу;

  • ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

  • өз-ойларын жеткізе білуге;

  • табиғатты аялап, құрметтеуге;

  • сурет салуға деген құштарлықтарын ояту;

  • пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Сабақтың түрі: электронды журнал


Сабақтың көрнекілігі:
Оқшы үшін:

  1. жетондар

  2. ТСО ( ноутбук)


Мұғалім үшін:

  1. презентация;

  2. интерактивті тақта;

  3. компьютер;

  4. колонка;

  5. принтер.


Оқыту түрі:

    • жекелеме

    • топтық

    • интерактивті ( оқушы – компьютер)

Оқыту тәсілдері:

  • сөздік-көрнекілік

  • практикалық

  • шығармашылық

Пән аралық байланыс:



  • бейнелеу өнері

  • музыка

  • қазақ тілі

  • орыс тілі

  • ағылшын тілі



Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. «Миға шабуыл» /блиц сұрақтар/

  3. Өткен материалды қайталау

  4. Сергіту сәті

  5. Ақпараттық сәт

  6. Шығармашылық жұмыс

  7. Үйге тапсырма

  8. Қорытынды


Сабақтың жүру барысы:
Сәлеметсіздер ме, балалар!

Біз Paint графикалық редакторының құралдарымен толық танысып

болдық.

Бүігінгі сабағымыздың тақырыбы: «Paint графикалық редакторының

құралдарын қолданып суреттер салу»

Сабағымыздың мақсаты: Өз қиялымызбен табиғат тақырыбына сурет салу.

Сендер көрмеге қойылған картинкаларда сурет тақырыбы мен авторы суреттің оң жақ төменгі бұрышына жазылатынын байқаған боларсыңдар. Олай болса кітаптан 124 беттен «Мәтіні бар суреттер салу» тақырыбы бойынша суретке мәтін кірістіру алгоритміне көз жүгіртіп, қайталап өтейік.

Ал, енді «Тізбек» бойынша өткен тақырыптарға қайталау жасап, ойымызға түсірейік.



/Қойылған сұрақтарға оқушылар кезектесіп жауап береді./

1. Paint графикалық редакторы неге арналған?

2. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

3. Paint графикалық редакторының терезе элементтерін ата

4. Paint графикалық редакторында неше құралды пайдалануға болады?

5. Құю құралының қызметі қандай?

6. Әрекеттерді орындатпау үшін қандай команда қолданамыз?

7. Paint графикалық редакторында беттің масштабын қалай өзгертеміз?

8. Жұмыс алаңындағы суреттерді жою үшін қандай команда орындауға болады?

9.Графикалық редакторда салынған суретті жұмыс столына жіберуге бола ма?

10. Салынған суреттің көшірмесін қалай алуға болады?

11. Негізгі түс қалай таңдалады?

12. Алуа. doc, Алуа.bmp, Алуа.xls осы файлдардың қайсысы графикалық редакторда жасалған файл?

13. Үнсіз келісім кезінде фондық түс пен негізгі түс қандай болады?

14. Егер түстер палитрасы көрінбей тұрса, қандай команда арқылы шақыруға болады?

15. Квадрат немесе шеңбер салуда қай пернені қолданамыз?


Сабағымыздың жалғасы әдеттегіден өзгеше өтеді. Яғни, бүгінгі сабағымыз «Көңілді суреттер» деген атпен электронды журнал түрінде өтеді. Журнал бірнеше рубрикадан тұрады.

  1. «Бәрін білгім келеді».

  2. «Өзің бояп көр »

  3. «Ағылшынша үйренейік!»

  4. «Буратино қонақта»

  5. «Артық болмас білгенін»

  6. «Сырлы бояу сөйлейді»

1. Сонымен журналдың бірінші бетін ашайық «Бәрін білгім келеді».



Paint графикалық редактор құралдарының міндеттін айту.

2.Келесі бет «Өзің бояп көр». Кітап, журнал беттеріндегі қызылды-жасылды әдемі суреттерді ақтарып қарауды барлығымыз жақсы көреміз. Солай ма? Ал, мына бетте тартымсыздық байқалады. Қандай?

/оқушылар жауап береді/ Ендеше бұл суреттерді жандандыру үшін қандай құралды қолданамыз? Кәне, тезірек журналдың екінші бетін өңдеп жіберейік.



/Оқушылар «құю» құралының көмегімен компьютерде суреттерді бояйды/



  1. Журанлдың келесі «Ағылшынша үйренейік!» айдарымен аталатын бетіне ауысамыз /слайд көрсетіледі./

«Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек»

Елбасы Жолдауынан.

Ендеше балалар, біз бүгінгі тақырыпқа қатысты сөздердің үш тілде айтылуын үйренейік .Құлақтарына құлаққапты киіп, жұмыс столынан «Полиглот» файлын ашып төмендегі сөздердің үш тілде айтылуын мұқият тыңдап, сосын қайталап диктормен бірге айтыңдар. /тақырыпқа қатысты сөздердің ағылшынша айтылуы тыңдалады./

Сурет рисунок picture

Қылқалам кисть brush

Сызық линия line

Тақта доска board

Шеңбер круг circle

Шаршы квадрат square

Түс цвет color

Өшіргіш ластик eraser

Үй дом house

Табиғат природа nature


4.«Буратино қонақта» /Сергіту сәті/

  1. Әр топ шарды алып бірі-біріне информатикалық термин айтап

лақтырады.

  1. Берілген командаларды орындай отырып, көзге жаттығу жасау.

Көкке-жерге

Оңға –солға

Қайда-қайда

Мұрныңның ұшында

Журналдың келесі бетін ашпай тұрып мен сендерге мынадай сұрақ

қойғым келіп тұр.

-Кәне, есімізге түсірейікші пейзаж дегеніміз не?

-Пейзаждың қандай түрлерін білесіңдер?


  1. «Артық болмас білгенің»

«Пейзаж түрлері» презентациясын көрсету.
-Табиғатты бейнелеуді тек суретшілер ғана бере ала ма?.

- Ақындар, жазушылар, композиторлар да өз шығармаларында

табиғатты бейнелейді. Түс, суреттен өзге олар сөзбен, нотамен өз

сезімдерін әңгімелеу немесе әуен арқылы жеткізеді. Ал, сендер

табиғат тақырыбына қалам тартқан қандай ақындарды білесіңдер?

/Оқушылар жауабы тыңдалады/


  1. Журналдың соңғы беті «Сырлы бояу сөйлейді» деген айдармен берілген. Бұл бетте сендерге төмендегідей тапсырма ұсынылған.

Тапсырма:

Елестету немесе қиялдау арқылы өз ойларыңдағы көріністің суретін салыңдар.Табиғаттың буырқанған қозғалыстағы кейпін немесе бірқалыпты күйін беруге, графикалық редактор құралдарының әр түрін пайдалануға тырыс.



/ Музыка ойналады. Оқушылар компьютерде шығармашылық жұмыс орындайды/.

  1. Үйге тапсырма:

  • Paint графикалық редактор құралдары тақырыбы бойынша қайталау.

  • Өздерің жақсы көретін 1 пәннің сыртқы мұқабасын көркемдеуге арналған сурет салып келу.

  1. Сабақты қорытындылау.

    • Үздік суреттерден сурет көрмесін жасау.

/Оқушылардың жұмысы интерактивті тақтада локальдық желі арқылы алынып, «Сырлы бояу сөйлейді» деген тақырыпта электронды көрме түрінде ұйымдастырылады/.


  • оқушылардың сабақтан алған әсерін анықтау. /әр оқушы компьютерде смайликтер салу арқылы өз көңіл-күйлерін білдіреді.

  • Бағалау.

Сабақ соңынан үзіліс кезінде оқушыларға көрмеде тұрған «Бала би», «Мөлдір бұлақ» журналдарды қарап, ондағы оқушылар салған суреттермен танысу ұсынылады.
Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы, Пригород жалпы орта білім беретін



мектебінің информатика және математика пәнінің

мұғалімі Азімбаева Нұрпан Мұсабайқызы.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет