«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы»


Тақырып № 15. Фонетикалық талдау . Мақсаты



бет5/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,56 Mb.
#34156
1   2   3   4   5   6

Тақырып № 15. Фонетикалық талдау .
Мақсаты: Қазақ тілінің дыбыстық құрамына, әр дыбыстың жасалу жолына, жасалу тәсіліне, үннің және салдырдың ішкі сапасына талдау жасау

табиғатын дұрыс меңгерту.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Қазақ тілінің дыбыстық құрамы

2.Әр дыбыстың жасалу жолына, жасалу тәсіліне, үннің және салдырдың ішкі сапасына талдау жасау.

3.Әр дыбысқа қажетті толық мінездеме беру, олардың табиғатын дұрыс меңгерту.



Қазақ тілінің дыбыстық құрамына, әр дыбыстың жасалу жолына, жасалу тәсіліне, үннің және салдырдың ішкі сапасына талдау жасау. Әр дыбысқа қажетті толық мінездеме беру, олардың табиғатын дұрыс меңгерту.

Әдістемелік нұсқаулық: Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у - еріндік).Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.Қысаң (ұ,ү,ы,і).Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.
Әдебиеттер:

  1. Жүнісбеков Ә. Проблемы тюркской словесной просодии и сингормонизм казахского слова. А., Дисс. д. ф. и. 1988, 329 б.

  2. Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). А., 1962, 1993.

  3. Қазак тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982 ж.ж.

  4. Қалиев Б. Қазақ тілінің дауысты дыбыстардың редукциясы

(эксперименталды фонетикалық зерттеу). А., 1984.

  1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1986,1986,1993.

  2. Ниеталиев К. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 1977.

  3. Оралбаева Н.О. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. А.,1968.

  4. Радлов В.В. Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы. 1982.

  5. Райымбекова М. Дауыссыз фонемалардың тіркесуі // Білім және еңбек. А., 1967, №2,28.


Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

Тақырып №3. Дыбыстардың орфоэпиясы.

Мақсаты: Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орнын, маңызын ескере отырып, тіл дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге қойылатын белгілі талаптарды меңгеру.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орны.



2. Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге қойылатын белгілі талаптар.

Әдістемелік нұсқаулар: Орфоэпиялық дағдылардың қажеттілігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдағаны мен естігенін дұрыс түсіне алмайды. Оның себебі, адам басқа біреудің сөзін тыңдағанда, өз санасындағы дыбыс жүйесімен салыстыра отырып, сөз сөйлемнің мәнін, ойын таниды, түсінеді. Демек, фонетикалық дағдылар тек сөйлеу үшін ғана емес, басқаның сөзін тыңдап-түсіну үшін де үлкен рөл атқарады.

Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орнын, маңызын ескере отырып, тіл дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қойылады. Олар:

а) Белгілі бір фонетикалық минимумды іріктеп алу талабы. Мектепте фонетиканы оқытуда оқушылар үндестік заңы арқылы дыбыстардың түбір мен қосымша, біріккен сөз аралығындағы сөздер үндесіп, өзгеріп айтылудағы орфоэпиялық норманы кейде сақтап айта бермейді. Олай болса, окушылардың тілін дамытуда орфоэпиялық сөздіктер беріп, белгілі мөлшерде фонетикалық дағдыларын қалыптастыру үшін оқытуда тіл дамыту үшін фонетикалық тілдік материалдар таңдалып оқытылуы бойынша жүргізіледі.

ә) Орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыруға қойылатын келесі талап-сөздердің, сөз тіркестерінің дауыс екпінін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Барлық дыбыстарды дұрыс айтқанымен, сөздердің дауыс екпіні дұрыс қойылмаса, айтылған сөздің мәнін түсінуді қиындатады.

Дыбыстарды дұрыс айтып, жекелеген сөздердің екпінін дұрыс қоя білгенімен, сөйлемде фразалық екпін дұрыс қойылмаса немесе үзіліс (пауза) өз орнында жасалмаса, ондай сөзді, сөйлемді түсіну қиын болар еді. Мысалы: «Екі сиыр қора салып жатыр» деген сөйлемдегі үзіліс екі сөзінен кейін жасалмаса, сөйлемдегі ой күлкілі болар еді. Сондықтан сөйлемдегі синтагмаларға дұрыс бөліп, дауыс ырғағын келтіру ойды дұрыс түсінуге көп себебін тигізеді. Олай болса, дыбыстарды дұрыс айтқызып үйретумен катар, олардың сөйлеуіндегі дауыс екпінін орынды қоюын, сөйлемдегі синтагмаларға дұрыс бөле білуін, дауыс ырғағын орфоэпиялық қалыпта жетілдіру қажет.

Қазіргі фонетика сөздің дыбыстық жағын екіге топтап карастырады. Бірінші топта: 1) дыбыстар, 2) фонетикалық сөз, 3) буын, 4) сөйлем, 5) текст.

Дұрыс сөйлеу нормасы негізінен мына сияқты тілдік объектілерді терең меңгеруге байланысты болады: біріншіден, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс сөйлеу үшін үндестік заңын, яғни біріккен сөзбен сөз тіркестерінің аралығындағы дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін, ықпалын терең меңгеру керек. Мысалы, Көпжасар - Көбжасар, ала карға - алағарға т.б.

Екіншіден, дұрыс сөйлеу үшін сөз екпінін, буын түрлері мен тасымал заңдарын білудін маңызы зор. Атап айтқанда, қазақ тілінде көп болмаса да екпін түсетін буындар сөз мағынасына әсер ететін жағдайлар ұшырасады. Мысалы, Алманы алма! Бұл - кең бөлме. Әзірше, қозыны енесінен бөлме.

Үшіншіден, жеке сөздер мен сөз тіркестерін және сөйлемдерді берілетін ойына лайықты айту мен оқи білуді игеру қажет. Мысалы, Сәулені кешеден бері асыға күткен Нұрлан далаға жүгіріп шықты деген сөйлем екі түрлі паузамен айтылады. Нұрлан сезінен кейін дауыс кідірісі болады да, шыкты сөзінен кейін дауыс үзілісі болады.

Қазақ тіліндегі буынның құрамы мен жүйесімен орфоэпиялық нормасына арналған арнайы зерттеу жоқ. Алайда, буын түрлері мен буынның дыбыс құрамына арналған анықтамалар жеткілікті. Ал жалпы лингвистикадағы буын теориясы тұрғысынан қараса буынның тілдік табиғаты аса күрделі кұбылыстардың бірі болып табылады.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орны.



2. Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге қойылатын белгілі талаптар.
Әдебиеттер:

1. Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту (для русских школ), Алматы: Рауан, 1997, -142 б.

2. Құрманова Н. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру әдістері мен тәсілдері. –Алматы: 1998

3. Шонанұлы Т. Тіл дамыту // Жаңа мектеп, 1936, №1, 11-17-бет.

4. Ысқақов А. Ана тілін оқытудың міндеттері. Алматы: Мектеп, 1972, -148 б.

Тақырып №4. Дыбыстық үнем мәселесі.
Мақсаты: Қазақ тілінің синтаксисіндегі дыбыстық үнем заңдылығын жан-жақты меңгерту.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Тілдік үнем(тілдік экономия) заңдылығы

  2. Тілдік үнем заңдылығының экономияның заңдылығының тіл қолданысында берілуі

  3. Әдістемелік нұсқаулар: Тілдік үнем(тілдік экономия) заңдылығы

Тілдік үнем заңдылығының экономияның заңдылығының тіл қолданысында берілуі. Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустикалық-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.

Түркі тілдерінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін,соған сәйкес жуан дауыстының келуі (тау-лар,тоғай-лар),жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін,соған орай жіңішке дауыстының келуі (көл-дер,өзен-дер)түрінде болады.Ал өз(қонақ-қа,қонақ-тар) немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан басталуы (қаз-ға,қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп,өз ара үндесу болып саналады.

Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингорманизм деп аталады да,дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады.Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде сингорманизм де ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады.Дауыстылардың бір-біріне әсер етіп,өз ара үндесіп айтылуы да олардың артикуляциясына байланысты екенін ескергенде,сингорманизмді ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады.

Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу) морфемалар жиігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Мысалы: ат, ет, от, өт деген сөздерде бір ғана т онемасы дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатынын білеміз.

Дауыстылар мен дауыссыздардың және керісінше, дауыссыздардың дауылтылармен көрші тұруында тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылық бар.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақт

  1. Дауыс ырғағы (интонация)

  2. Кідіріс (пауза).

  3. Дауыс ырғағының түрлеріне түсініктер беру.

Әдебиеттер:

  1. Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.

  2. Досмухамбетұлы X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингормонизм. 1924.

  3. Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. А., 1973

  4. Дүйсебаев М. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 1981.

  5. Жолымбетов К. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. А., 1968.

  6. Жүнісбеков Ә. Акустика-артикуляционного характеристики гласных казахского языка. Фонетика казахского ызыка. І-часть. А., 1969. 160 б.

  7. Жүнісбеков Ә.Гласные казахского языка. А., 1972. 92 б.

Тақырып №5. Интонация туралы түсінік.

Мақсаты: Тыңдаушыға түсінікті болу үшін, мәнерлеп оқу үшін дауыс ырғағы мен кідірістің маңызы туралы жан-жақты түсіндіру.Паузадан кейінгі күшті бас буын, паузаның алдындағы күшті соңғы буын. Дауыс ырғағының түрлеріне түсініктер беру.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Дауыс ырғағы (интонация)

  2. Кідіріс (пауза).

  3. Дауыс ырғағының түрлеріне түсініктер беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Дауыс ырғағы (интонация) және кідіріс (пауза) туралы жалпы түсінік. адам сөйлеп тұрғанда, айтылған пікірдің тыңдаушыға түсінікті болу үшін, мәнерлеп оқу үшін дауыс ырғағы мен кідірістің маңызы туралы.паузадан кейінгі күшті бас буын, паузаның алдындағы күшті соңғы буын. Дауыс ырғағының түрлеріне түсініктер беру.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Дауыс ырғағы (интонация)

2.Кідіріс (пауза).

3.Дауыс ырғағының түрлеріне түсініктер беру.



Әдебиеттер:

1.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.

2.Досмухамбетұлы X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингормонизм. 1924.

3.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. А., 1973

4.Дүйсебаев М. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 1981.

5.Жолымбетов К. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. А., 1968.

6.Жүнісбеков Ә. Акустика-артикуляционного характеристики гласных казахского языка. Фонетика казахского ызыка. І-часть. А., 1969. 160 б.

7.Жүнісбеков Ә.Гласные казахского языка. А., 1972. 92 б.


Тақырып №6. Графика мәселесі.

Мақсаты: Қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылғандығы жайлы, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы туралы түсіндіру.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Графика (жазу).

2.Қазіргі алфавиттің құрамы.

3.Қазақ алфавитіндегі әріптер мен фонемалардың ара қатынасы.



Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.Графика (гр. graphike — жазылған, өрнектелген) — графемалар, тыныс, екпін белгілері т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған. Графика (жазу). Қазіргі алфавиттің құрамы. Қазақ алфавитіндегі әріптер мен фонемалардың ара қатынасы.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Графика (жазу).

2.Қазіргі алфавиттің құрамы.

3.Қазақ алфавитіндегі әріптер мен фонемалардың ара қатынасы.



Әдебиеттер:

1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988.

2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.

3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.

5.Досмухамбетұлы X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингормонизм. 1924.

6.Д үйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. А., 1973
Тақырып №7. Дауысты дыбыстардың емлесі

Мақсаты: Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері. Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы; күрделі сөз түрлерінің жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы; сызықша арқылы жазылатын түрлері.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1.Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері.

2.Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы;

3.Күрделі сөз түрлерінің жазылуы;

4.Халықаралық сөздердің жазылуы;

5.Сызықша арқылы жазылатын түрлері.


Тақырып №8. Дауыссыз дыбыстардың емлесі

Мақсаты: Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері. Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы; күрделі сөз түрлерінің жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы; сызықша арқылы жазылатын түрлері.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1.Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері.

2.Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы;

3.Күрделі сөз түрлерінің жазылуы;

4.Халықаралық сөздердің жазылуы;

5.Сызықша арқылы жазылатын түрлері.


Әдістемелік нұсқаулық: Орфоэграфия.туралы қысқаша мәлімет. Орфоэпия мен орфография мәселелерінің ара қатысы. Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері. Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы; күрделі сөз түрлерінің жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы; сызықша арқылы жазылатын түрлері.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері.

2.Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы;

3.Күрделі сөз түрлерінің жазылуы;

4.Халықаралық сөздердің жазылуы;

5.Сызықша арқылы жазылатын түрлері.



Әдебиеттер:

  1. Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). А., 1962, 1993.

  2. Қазак тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982 ж.ж.

  3. Қалиев Б. Қазақ тілінің дауысты дыбыстардың редукциясы

  4. (эксперименталды фонетикалық зерттеу). А., 1984.

  5. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1986,1986,1993.

  6. Ниеталиев К. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 1977.

  7. Оралбаева Н.О. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. А.,1968.

  8. Радлов В.В. Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы. 1982.

  9. Райымбекова М. Дауыссыз фонемалардың тіркесуі // Білім және еңбек. А., 1967, №2,28.

  10. Сыздыкова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жөнінде анықтағыш. А., 1968,1974 ж.ж.


Тақырып №9 . Фонетикаға қатысты терминдерге түсінік беру.

Мақсаты: . Фонетикаға қатысты терминдерге түсінік беру

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Вокализм, гаплология диссимиляция диэреза терминдеріне түсінік беру.

2.Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері ,протеза, редукция дегеніміз не?

Әдістемелік нұсқаулар: Вокализм (лат. Vocalus – дауысты дыбыс) – тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі.

Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б.

Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері – сөйлеу кезінде дыбыстардың бір-біріне әсер етуінен пайда болатын фонетикалық өзгерістер. Консонантизм (лат. consonantig - дауыссыз дыбыс) – тілдегі диалектідегі , говордағы тілдер тобының дауыссыздардың жүйесі.

Метатеза – (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы.

Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай.

Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б.

Сингармонизм (грек. Syn - бірге және harmonia - қос үнділік, үндесу)- морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық түрленуінің нәтижесі. Бұл түркі тілдеріне тән аса күшті заң.

Фонема (грек.phonema – дыбыс, дауыс) – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік. Фонема мағыналық бірліктерді ажырату үшін қажет.


араб жазуымен берілген мәтіндерде ешқандай тыныс белгілері болмады. ДУГ-тің өзі бастапқы нөмірлерінде тыныс белгілерінсіз шығып тұрыпты. Кейін өзі танытып түсіндірген тыныс белгілерін пайдаланды. Бірақ не газет редакциясы, не жеке авторлар бұл тыныс белгілерінің қазақша толық (түгел) атауларын (терминдерін) бере алмады. Тыныс белгілері дегенді тыныстар деп атады және тыныс белгілерін қою емес, тыныстарды жүргізу деді. Ал жеке бірқатарының атауларын: нүктені, тыныс үтірді, жарты тыныс, нүктелі үтірді, тыныстың төрт бөлгенінің бірі, сұрау белгісін, сұралған жауаптың аяғына қойылады деп, леп белгісін ашуланып не қорқып, яки таңданып айтқан сөздің аяғына қойылды деп, осы үлгіде әрі қарай тырнақшаның, қос нүктенің, көп нүктенің, дефистің, сызықшаның терминдік атаулары емес, түсіндірмелері ғана көрсетілген [3]. Тыныс белгілерінің осы күнгі терминдерін алғаш ұсынған А.Байтұрсынов болатын. Біршама әлеуметтік үні болған бұл газеттің (ДУГ-тің) қазақтың жазба тілі, алфавиті, пән сөздері (терминология саласы), емле, оқу құралдары туралы мәселелелерді көтеріп отырған дәстүрлерін (қарекетін) кейін ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында «Айқап» журналы мен «Қазақ», «Қазақстан» газеттері, «Шора» журналы жалғастырды. Бұлардағы ғылыми негізі бар, жүйелі түрде ұсынылған пікірлер негізінен Ахмет Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералиндердің жазғандарында көрінді.
Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

1975.


Тақырып №10. Аккомодация туралы түсінік

Мақсаты: Студенттерге дыбыстардың өзара үндесуі және ықпалдың түрлері туралы түсінік беру.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1.Үндестік заңы.

2.Дыбыс үндестігі.

Әдістемелік нұсқаулық: Әр тілдің фонетикасында өзіне тән заңдылықтары болады. Түркі тілінде (қазақ) ондай заңның ең маңыздысы-үндестік заңы. Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустикалық-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.

Түркі тілдерінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін,соған сәйкес жуан дауыстының келуі (тау-лар,тоғай-лар),жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін,соған орай жіңішке дауыстының келуі (көл-дер,өзен-дер)түрінде болады.Ал өз(қонақ-қа,қонақ-тар) немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан басталуы (қаз-ға,қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп,өз ара үндесу болып саналады.

Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингорманизм деп аталады да,дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады.Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде сингорманизм де ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады.Дауыстылардың бір-біріне әсер етіп,өз ара үндесіп айтылуы да олардың артикуляциясына байланысты екенін ескергенде,сингорманизмді ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады.Дауыстылардың бір-біріне әсер етіп,өз ара үндесіп айтылуы да олардың артикуляциясына байланысты екенін ескергенде,сингорманизмді ассимиляцияның бір түрі ретінде қараудың ешбір оғаштығы да жоқ екені рас.Бірақ басқа тілдердегідей емес,түркі тілдерінде сингормонизм құбылысы (дауыстылардың бір-бірімен өз ара ундесіп айтылу құбылысы)айрықша орын алады.Бұл құбылыс түркі тілдеріне өте-мөте кең тараған.

Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу) морфемалар жиігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Мысалы: ат, ет, от, өт деген сөздерде бір ғана т онемасы дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатынын білеміз.

Дауыстылар мен дауыссыздардың және керісінше, дауыссыздардың дауылтылармен көрші тұруында тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылық бар.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Дыбыс үндестігінің түрлері?

2.Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі қалай аталады?

3.Ал дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі?

4. Аккомодация туралы қысқаша анықтама беру.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет