«Қазіргі білім беру саласындағы «Мәңгілік Ел» құндылықтары»



Дата17.02.2017
өлшемі158 Kb.
#9754
Қарағанды облысы Білім басқармасы

«Мәңгілік елдің ұлы мұраты» байқауы

Жұмыстың авторы: Нургелдина Таттыгайша Темиргалиевна,

жоғары санатты технология пәні мұғалімі



«Қазіргі білім беру саласындағы «Мәңгілік Ел» құндылықтары»

Ғылыми –зерттеу жобасы

Мекен –жайы:

Шахтинск қаласы,

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

Шахтинск 2016

«Қазіргі білім беру саласындағы «Мәңгілік Ел» құндылықтары»

Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын

іске асырудың қазақстандықтардың өз тарихы

мен мәдениетіне деген қызығушылығын арт-

тыруда зор маңызы бар. Мәдени мұраны игеру

халықтың тарихы жадының негізі,онсыз шын-

айы риотизм болмайды. Ол жеткіншек ұрпақты

тәрбиелеу үшін айрықша маңызды.

Н.Ә.Назарбаев

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп. Мектеп реформасында оқушылардың еңбек тәрбиесін күшейту және қазіргі заманымызға сай өз ұлтымыздың ұлттық өнеріне үйрету, оқу – тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Технология пәні сабақтары қазақ халқының ұлттық құндылығын қолөнер бұйымдарын дайындату арқылы дәріптеп, оқушыларды ата-баба мұрасын сақтауға тәрбиелейді. Жаһандану деген бір жойқын дариядағы иірім сияқты бәрін жұтып бара жатқан заманда ер халықтар ғана ұлттық белгісін сақтай алмақ. Бізді де осы үдерістен алып шығар: ұлттық құндылықтарымыз бен білімді ұрпақ. Технолгия пәні ұстаздарының ұстанар бағыты-ұлттық құндылықтарды оқыту болып отыр.Қазақ халқы кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері. Халқымыз сонау замандарда өмір сүрген ата – бабамыздың өнерлерінің қай түрі болсын қасиеттеп, қадірлеп, тіптен пір тұтып, көздің қарашығындай аялап сақтаған. Жалпы, өнер дегеніміз-жаңа білімді алу қажеттілігін туындатады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіне-өзі сенімді, қолынан іс келетін жан-жақты дамыған оқушыны тәрбиелейді. Халқымыздың дәстүрінің озық үлгілерін кейінгі ұрпаққа жеткізіп, бүгінгі кәдемізге жаратып, ілгері дамытып отыру – борышымыз, әрі тарихи мәні бар игілікті іс.



Зерттеу мақсаты: Технология пәні сабақтарында ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын ұлттық құндылықтарымызды оқушыларға зерттетіп, рухани қазына ретінде жандандыру.

Зерттеу міндеттері:

  • мәдени құндылықтарымыздың көне тарихымен таныстыру;

  • мәдени мұраларымыздың өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету;

  • жас ұрпақтың бойында қиялдау, елестету, табиғат құбылыстарын бақылай білу қабілеттерін дамыта отыра, шығармашылыққа баулу.

Зерттеунысаны: қазақ сәндік-қолданбалы қолөнері

Зерттеу әдісі:талдау, тұжырымдау, қорытындылау

Зерттеудің өзектілігі: ғасырлар бойы келе жатқан қолөнер көне түрлерінің мән-мағынасын жан-жақты зерттеп ұғыну, ата-бабамыздың жан-дүниесін сезіну, жас ұрпақ тәрбиесіне сай қазіргі білім беру саласында қолдану жұмыстың өзектілігін көрсетеді.  

Зерттеу гипотезасы: ұлттық болмысымызды бейнелейтін құндылықтарымызды жоғалтпай, оқушыларға баламаларын дайындату қазіргі кезде көптеп көңіл бөлінуін  қажет етіп отыр. 

Зерттеу анализі: Қолөнер ата – бабамыздың қажеттілігінен, ұшқыр қиялынан туындаған өнер туындысы, құнды қазынаның бірі. Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп, түрленіп атадан балаға қалатын, ешуақытта өздерінің тәрбиелік мәнін, эстетикалық көркемдігін жоймайтын мұра.

Мектепте оқылатын технология пәні қазіргі білім беру саласындағы түрлі өзгерістерге байланысты жаңа мазмұнға ие болды. Қазіргі кезеңде, ең әуелі технология пәні оқушыларға экономикалақ білім бастауының негіздерін беріп, болашақ кәсіпкерді дайындауда жаңа қадам жасап, пән міндеттерінің бірі – кәсіби еңбек түрі мен өнертануға баулып, ұлттық өнерімізді және ата кәсіпті жандандыруда. Осы орайда жаңа мазмұн талабына сай технология пәні «Мәңгілік Ел» құндылықтарын жас ұрпаққа игертуде өзінің елеулі үлесін қосып отыр. Атап көрсетсем: ұлтымыздың мәдени құндылықтарының бірегейі- қолөнер түрлерін жан-жақты игертуде. Еңбек тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып, олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Оқу- тәрбие барысында мектепте негізгі оқушыларды өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, ұрпақты ата-баба салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен қайта табыстырумен қатар және меңгерту болып табылады.Қолөнері әрбір оқушыны әсемдік әлеміне үйретіп қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек.

Технология пәнінің сәндік-қолданбалы өнері элементерімен материалдарды көркем өңдеу технологиясы бөлімі бойынша ұлттық мәдениетіміздің құрамды бөлігімен таныстыруды дамыта отыра, шығармашылық жоба жұмыстарын ұйымдастырып, өнерді насихаттаймын. Технология сабақтары логикалық ептілік пен іскерлік дағдыны, шығармашылық шабыт пен еңбекті қажет етеді. Ал еңбек-өмірдің, барлық тіршілік атаулының қажеттілігі, қолөнер адамзат өркениетінің, қоғам дамуы, жасампаздығының нәтижесі. «Өнер көзі халықта», халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ. Алдымен өнерді халықтан үйреніп, көне мұраны жаңғыртып, іске асыру – әр адамның міндеті деп түсіну қажет. Сондықтан еңбекке баулудың мазмұнында қазақтың сәндік – қолданбалы қолөнері мен ұлттық кәсіпті игерту қазіргі таңда басты мәселелердің бірі болып отыр. Ұлы жазушы Лев Толстой: «Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу - ойсыз қараңғыда сүрлеу, соқпақ іздеумен пара-пар» деген екен. Ендеше, ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден келе жатқан халықтық қолөнер туындыларының салт-дәстүрлер тағылымынан тиісті өнеге үйренбейінше, ұлттық рухты бойына сіңірген ұл-қыздардың өсуі мүмкін емес.

Оқушы жастарды жаңа экономикалық жағдайда еңбек етуге, өз бағыт – бағдарын анықтауға, мүмкіндіктерін іске асыруға даярлау үшін 5-сыныптан бастап, қолөнері жайында оқу стандарты бойынша жүйелі білім беремін. Пәннің бағдарламасына сәйкес, ұлттық өнер туындыларын жаңғыртып дайындауды төмендегідей жоспар бойынша іске асырамын:

- Қолөнер, өнер тарихы туралы білімдерін дамыту;

- Кестелеу, жапсырмалау өнерін игерту;

- Қазақ халқының ең көрнекті өнері ою – өрнек түрлерін оқыту;

- Әдемі маталар үйлесімдігін таба отыра, құрақ –құрау өнерін жетілдіру;

- Өздігінен еңбекке баули отыра , шығармашылық ойларынан жобалар жасату.

Қорытындысында, оқушылар ұлттық өнер түрлерін біртіндеп үйрене отыра,

құндылықтарымызды дайындап қана қоймай, қызығушылықтары артып ең көне

түрлерін де зерттеп, ұлттымыздың туындыларына деген құрметтері артады. Бұл бағдарлама оқушыларды еңбекке, түрлі қарапайым өнер бұйымдарын жасауға, ой – өрісін, шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып,бар затты ұқсата білуге, ол заттың қадірін білуге көмек көрсетеді. Кәсіптік білім мен еңбек дағдылары оқушылардың өзіндік шеберлігін, әсемдікті сезіну қабілетін арттырып, ұлттық санасының қалыптасуына негіз қалайды.



Ою-өрнектерді оқыту үдерісінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берумен қатар, магиялық және символдық мағыналарын ашып, қазақ оюларының өрiсi кең, болашағы мол екендігін ұғындыра отыра, баға жетпес құндылық екендігін айтамын.Қазақ ою-өрнек өнері халықпен бірге жасасып, оның рухани және материалдық игілігіне айналып отыр. Қазақ ою-өрнегіне зер салған адам әрбір бұйымдағы ою-өрнектің тақырыптық мазмұны, құрылымы, тепе-теңдігі мен ырғағы, ең бастысы, өзіндік философиялық мәні бар екенін байқайды. Ою-өрнек қазақ даласында оқу-сызу пайда болмай тұрып дүниеге келді десе де болады. Өткен ғасырдағы адамның ойын, немен шұғылданғанын, іс-әрекеттерін ою арқылы оқуға болады. Оқушылар елiмiздiң этнограф-тарихшылары мен өнер зерттеушiлерiнің  еңбектерiндегі ою-өрнектiң түрлерi, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректерді өздері жинайды.  Тарихи мұраларды қарастыру  нәтижесiнде қазақ оюларының қазіргі кезде ел арасында атаулары мен үлгісі ұмыт бола бастаған ою түрлерін жаңғыртады. Нәтижесінде, жоба жұмысы арқылы жаңа мазмұндағы туындыларын дайындайды. Бүгінгі әшекейлеудің басты құралы ретіңде, біз қолданып жүрген ою-өрнектер руға біріккен адамдар тобының белгісі, рәміздері ретінде саяси-әлеуметтік қызмет атқарғаны белгілі. Туымыздан орын алған ою-өрнек те осының айғағы. Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде азаттығымыздың нышаны-көк байрағымызды да көріктендіріп тұрған ою. Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқынын өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ыкпал етуде. Қазір киім, бұйымдарда ою-өрнектерді

шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Ою-өрнек өнері бір елдің тілімен жазылған мәдени шежіре десек,«атымда менің сырым бар» дегендей, әр ою-өрнектің астарында алуан мағыналы тарих, ақпарат жатыр. Мысалы: Еліміздің туындағы «ирек су» оюы –өмір жолы, «дөңгелек күн» оюы–жарық өмір, «құсқанат» оюы– еркіндікті, «қошқармүйіз» оюы – молшылықты, тоқтықты, байлықта меңзейді, ал көк түс – ашық аспан, бейбітшілікті білдіреді. Мұнда «Біздің еліміз тәуелсіздікті нық ұстап тұрсын, елімізде молшылық, баршылық, бейбітшілік, бақытты өмір болсын» деген арман, тілек бар.



Технология пәні бір саласы - киім тігу. Ақиқаттың бір түрі - бізді қоршаған ортадағы зат – киім десек, киім - өнер туындысы. Әр халықтың ұлттық киімі оның эстетикалық талғамынан сыр шертеді. Күні бүгінге дейін өзінің ерекшелігін сақтап, қолөнердің озық үлгісі ретінде танылған бұйымдардың бірі -ұлттық киімдер. Ұлттық киім сұлулығы ұлттық этика, эстетикалық қабілеттерін және инабаттылық әдет – дағдыларын жетілдіреді. Ұлттық киім - ұлттық бейнең, қазақтық ерекшелікті жадыда сақтаудың бір жолы. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттілігін ескерсек, оған барынша қамқорлық жасап қалпына келтіру, баламаларын қазіргі заман талабына сай көптеп шығару - басты парыз болмақ.Технология сабақтарында ұлттық киімдерді дайындату оқушының эстетикалық талғамын дамытуда маңызды рөл атқарады. Яғни, ұлттық киімдерді зерттеп, оны тігу оқушының өмірге көзқарасын, көркемдік талғамын, ой – пікірін қалыптастырады. Киім тігу барысында қыз баланың алуан түрлі ой – қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талапшылдығы, ұқыптылығы, бақылағыштығы іске асырылып отырады. Сондықтан ғасырлар бойы тарих жолымен дамып, озық тәжірибелерін бойына сіңіріп, өзінің қадір-қасиетін жоймай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдерін барынша дайындату маңызды. Қорыта айтқанда, оны зерттеп ұрпақтан- ұрпаққа жалғастырсақ, киім үлгілерінің ең көне түрлері өшпей қайта жанданып отыратыны сөзсіз.

Шығармашылық жоба сабақтарында ұлттық киім-кешектің ажырамас бөлігі болған зергерлік әшекейлержәне түрлі тұрмыстық бұйымдарды заман талабына сай соны түрлерін дайындаймыз. Әсерлілілік қуаты мол, түрі мен өрнегінің айқын үйлесімімен ерекшеленетін қазақ әшекейлері бұрын-соңды өткен зергерлердің айшықты мұрасы болып табылады әрі ұлттық мәдениеттің асыл қазынасына қосылады ал, тұрмыстық бұйымдар қазіргі дизайнмен тұрмысымызда өз орнын табуда.. Жоба жұмысының теориялық бөлімінде оқушылар ұлттық қолөнердің әр түрінің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән мінездемесі бар туралы қызықты мәліметтермен танысып, өзінің қиялынан шыққан бұйымдарындайындайды. Оқушылар осы жұмыстар нәтижесінде «Өз көзқарасының авторы», «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» сияқты атақтарға ие болып, атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлерін игереді.Сонымен қатар, болашақта

мамандық түрлеріне баулу мақсаты іске асады.



Қорытынды
Білімді болу – бүгінгі таңның басты ұраны. Бүгінгі болашақ ұрпақ – ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, қазіргі таңда сәнді етіп жаңартса және сән индустриясының жоғары көкжиегінде көрсетсе, әрине нұр үстіне нұр.

Қазіргі таңда еліміздің ұл – қыздары мейрамдарда, шет елге сапарға шығып, елінің өнерін танытуда ұлттық киімдерін киіп, Ұлы даланың өкілі ретінде өзге халықтарды тамсандырып жүргенін мақтанышпен айта аламыз.Ұлттық бейнеңді өлтірмеудің жолдары - рух, тіл мен діл, салт пен дәстүр, әдебиет пен өнер болса, солардың ішінде қолөнеріміз қазақтың ісінде де, мәдени-тарихи өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. «Өнерлінің ісі сән, жастық шаққа өнер тән», «Шеберлінің қолы алтын», «Жігітке жеті өнер де аз» сынды мақал-мәтелдерді кейінгі ұрпағына мирас еткен қазақ халқының қайталанбас қолөнер туындыларын дүниеге келтірген ісмерлік өнері - асқан табандылықты, ыждағаттылықты, ұқыптылықты қажет ететін, халықпен бірге жасасып, біте қайнасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан үлкен тәрбие мектебі. Осы орайда технология пәні білім беруде халықтық педагогикамен ұштастыра отыра, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен мәдени құндылықтарымызды бүгінгі ұрпаққа меңгертіп отыр. Технология сабағы – логикалық ептілік пен іскерлік дағдыны, шығармашылық шабытты қажет ететін сабақ, сондықтан өнер туындыларының жасалу құпиясын, тарихын, қайталанбас ерекшелігін, технологиясын ашып көрсетсек, оқушы шығармашылықпен еңбектене іске кіріседі. Технология сабақтары сәндік-қолданбалы өнер элементтерін пайдалана отырып, заманауи ұлттық киім, бұйымдар, әшекей үлгілерін дайындатады, Бұл өзгерістерде ойға қонымдылық, сұлулық талаптары ескеріліп, оқушыларды эстетикалық талғамға тәрбиелейміз. Бұл порцесс баланы құлшындырып, еңбекттен ләззат алып, өзі тудырған әдемілікке, өнерпаздыққа қызығушылығын арттырып, рухани болмысын жетілдіріп кемелдендіреді. Сондықтан осы заманда ұлттық өнер ерекшеліктері мен маңыздылығын, көркемдік сипатын бала бойына, санасына сіңіру және жаңа ұрпақ тәрбиесінде эстетикалық тәрбие мен этикалық норма үйлесімдігі басшылыққа алынып, мұраттың бірлігі тілектен қажеттілікке айналды. Алдына осындай асыл мұрат қойған ұрпақ ұлттық құндылықтарды бағалай білетін, биік талғам иесі, сұлулықты түсінетін тұлға болып жетіледі. Нәтежиесінде, тамаша тұрмыс орнатуға қабілетті, елімізді алға апаратын ұрпақ тәрбиелеу мәселесі іске асады. Сонда ғана ұлттық мәдениеттің гүлденуі, құндылықтарымыздың ұрпақтан ұрпаққа жетіуі жалғасады.Ойымды түйіндейтін болсам, қазіргі білім беру саласындағы технология пәні сабақтарында ұлттық құндылықтарымыды зерттеп жаңғыртуда, жаңа технология әдістерін қолданып, бүгінгі күннің басты талабы – өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілеттті, жоғары мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеуде өз үлесімді қосу.




Пайдаланған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаев.Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық.

Егемен Қазақстан.2000.

2.Адамқұлов Н. Ұлттық қолданбалы қолөнері.-Алматы,2006.

3.Бикенов А. Қазақтың материалдық мәдениеті: Астана: Фолиант, 2010.

4.Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.Қарағанды.2011.

5.Өмірбекова М.Ш  ОЮ-өрнектің қолданылуы А., 1995 ж.

6. Науанұлы М. Қазақтың ұлттық киім үлгілері. 2009 ж

7.Тамабаева Х.Т.Еңбек адамын тәрбиелеу уақыт талабы. Азия.2000

8.Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. «Алматы кітап» ЖШС. 2005 ж. Т.

X.Ғабитов, И. Н. Тасмағанбетов, Р. Н. Нұрғали, И. С. Төлендиев,

Ә. А.Асқаров, Ғ. Есім, Б. Сағыңдықұлы.



МӘҢГІЛІК ЕЛ - ИДЕЯСЫ

Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кенті №15 ЖББОМ


Сынып 11 «А»
Пән мұғалімі - Тарих және география пәні мұғалімі Саней Алмагуль
Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел –идеясы» 
Сабақтың мақсаты: «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын түсіну.
Сабақтың міндеттері: 
Білімділік: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету. 
Дамытушылық: Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін қосуға баулу.
Тәрбиелелік: Білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. 
Сабақ түрі: ашық сынып сағаты
Сабақ әдісі: пікірталас 
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан - 2050» стратегиясы, слайд, Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер.
Сабақ барысы: 
Кіріспе: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы.

Мәңгілік ел – 


 Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
 Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. 
 Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. 
 Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. 
 Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. 
 Ол – Мәңгілік ел идеясы. 
 Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. 
 Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық. 
 Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. 
 Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. 
 Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! 
 Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.
 «Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. 
 Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. 

Ой қозғау пікірталас


- Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер? 
-Мәңгілік елдің сен үшін маңызы қандай?
-Мәңгілік ел идеясына сен қандай үлес қосар едің?

Қорытынды: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік!


-Сіздер мектепте "Мәңгілік ел" ұлттық ойы, мектепте қандай жолмен жүзеге асырылуы керек деп ойлайсыздар?
- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек.
Қорытынды: Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Ал оқушыларымыз Омар Хайам айтқандай:
Сен жанбасаң лапылдап, 
Мен жанбасам лапылдап, 
Аспан қайдан ашылмақ дегендейін, -оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел" боламыз.

Ілмек сөздер: Тәрбие сағатысабақмәңлік елжолдаустратегия2050
Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет