«Қазіргі мектептегі оқытудың интерактивті әдістері» пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий) Әдіс


Сұрақтар: Білім беру жүйесі. Интерактивті құралдарды пайдаланудың маңыздылығы. Тақырып-7



бет3/3
Дата17.02.2017
өлшемі0,8 Mb.
#9589
1   2   3

Сұрақтар: Білім беру жүйесі. Интерактивті құралдарды пайдаланудың маңыздылығы.

Тақырып-7. Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері

Дәріс тақырыбының мақсаты: Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері жайлы студенттерге толық мағлұмат беру. .

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Инновациялық оқыту түсінігі

Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері

Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында қолдану.


Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.

Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.

70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:

• білім мазмұнындағы инновация;

• оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;

• оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;

• мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.

Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:

- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;

- модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;

- жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.

Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.

Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды

Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.

Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.

Инновациялық процестің кезеңдері:

• иновацияның себептері;

• жаңалықты жобалау;

• жаңалықты жүзеге асыру.

Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:

• мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;

• инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;

• бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;

• әлеуметтік-экономикалық жағдай;

• инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты күнделікті өзгеріп жатқан өмірге оқушыларды дайындау болып табылады. Мұндай оқыту оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкестендіре отырып жүзеге асыруға негізделеді.

Педагогикалық инновациялық технология – оқу процесін жүзеге асыру техникасының мазмұны, жоспарланған оқыту процесінде жетістікке жету және педагогикалық теорияға, әдістемеге, мұғалімнің оқыту қызметін жоспарлауға бағытталған.

Педагогикалық технологияға тән ерекшеліктер:



  1. Болжайтын нәтижеге жету үшін алдын-ала белгіленген уақытта немесе мұғалім мен оқушы денсаулығының физикалық, техникалық қорын жұмсау деңгейін алдын-ала айқындау керек.

  2. Нақты жетістік критерийлер мен параметрлер арқылы зерттеледі.

  3. Педагогикалық технологияны кез келген мұғалім игеретініне кепілдік беруге болады.

4. Педагогикалық технологияны оқытуда іс-әрекет арқылы ықпал ету

теориясын міндетті түрде сақтауды қажет етеді.

Сонымен қазіргі заманғы арнаулы орта білім беретін оқу орындарында әлеуметтік педагогикалық жүйе ретінде, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық және т.б.) өтіп, екінші баспалдақ – технология деңгейіне көтерілу қажет екені даусыз.

Педагогика саласындағы ғалымдардың көзқарасында педагогикалық технология дидактикалық процестермен, оқыту құралдарымен, ұйымдастыру түрлерімен байланысқан, оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болады. Осы оқыту жүйесі «нәтижелі қалай оқытуға болады» деген дәстүрлі сұраққа жауап береді. Яғни, педагогикалық технология дегеніміз, барлық бөлшектері ойластырылған оқу және педагогикалық іс-шаралардың жобаланған моделі, оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізуде оқушы мен мұғалімге барлық ыңғайлы жағдай туғызу және педагогикалық технология оқу процесін толық меңгеру идеясын іске асыруды болжайды.

Тиімді сабақтар жүйесі негізінде технология мынадай міндеттерді шешеді: оқушының танымдық қызығушылығының жоғары деңгейі мен өз бетімен ойлау белсенділігін құрады және қолдайды. Сабақ уақытын үнемді және мақсатты пайдалану, оқушының ойлау әрекеттері тәсілдерін қалыптастыру және дамыту; оқушы мен мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі жақсы қарым-қатынас; алынған білім, білік дағдысының көлемі мен тұрақтылығы.

Енді, осы инновациялық педагогикалық технологиялардың ішіндегі орыс ғалымы, академик В.М.Монахов ұсынып отырған технологиялық картамен тереңірек танысайық. Технологиялық карта – болашақ оқу процесінің болжау паспорты, бұнда оқу процесінің басты параметрлері беріледі.

1. Мақсат қою. 2. Диагностика. 3. Мөлшерлеу.

4. Болжаудың логикалық құрылымы. 5. Коррекция (түзету).

В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы үш объектімен жұмыс жасауға негізделген: технологиялық карта (ТК), сабақтың ақпараттық картасы (САК) және оқушы дамуының ақпараттық картасы (ОДАК). Осы аталған технологияның жүйелілігі педагогикалық технология объектілерін жобалау процедурасын анықтайды. Бұған мысал ретінде өзім сабақ беретін «Физика және астрономия» пәнінен «Атом ядросының физикасы» тарауын алайық.

Тақырыптық жоспар жасау үшін технологиялық картадағы «Оқу процесінің логикалық құрылымы» жолына осы тарауда өтетін сабақтардың санын көрсетеміз. Содан соң оқушыларға тарау бойынша білім беруде жетістікке жетуге кепілдік боларлықтай, бірқатар кішігірім мақсаттарды қоямыз. Қойылған кішігірім мақсаттар арқылы жетістікке жету үшін «диагностика» қатарына қысқа мерзімді өзіндік жұмыстарды белгілейміз. Диагностика жүргізілетін сабақты «логикалық құрылым» қатарына белгілейміз. Диагностика төрт тапсырмадан тұрады: оның ішінде екеуі – білім стандартына сәйкес, ал қалған екеуі күрделі тапсырма (№3 – «жақсы» деген бағаға, №4 – «үздік» деген бағаға) болуы керек. Диагностиканың толық вариантын «диагностика» қатарына жазамыз. «Үй тапсырмасының мөлшері» қатарына диагностикаға жақсы дайындық боларлықтай есептер мен тапсырмалардың нөмірлерін көрсетеміз. «Коррекция (түзету)» қатарына оқушылардың дәстүрлі қиындықтары жазылады. Сабақ беру барысында технологиялық карта барлық оқушыда болуы тиіс. Бұл оқушыларға да, олардың ата-аналарына да оқу процесі кезінде бағыт-бағдар беруге, диагностикада күтілетін жұмыс пен тапсырманың мақсатын дәл білуге көмектеседі. Әрбір оқушы қалаған бағасына сәйкес жұмыстың қандай бөлігін орындауды өзі шешуі тиіс. Бұл технологияның жетістігі сол, оқушы мен ата-аналарға білім беру процесі толығымен айқындалған. Бұл оқушыларға сабақта жақсы жетістіктерге жетуге көмектеседі.

Сұрақтар: Инновация. Инновациялық оқыту
Тақырып-8. Педагогикалық инновация негізінде мектеп жұмысын ұйымдастыру

Дәріс тақырыбының мақсаты: Педагогикалық инновация негізінде мектеп жұмысын ұйымдастыру туралы студенттерге мәлімет беру.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Педагогикалық инновациялық іс-әрекет түсінігі

Мектеп жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.

Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.

Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:

• оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;

• өз беттерімен білім ала білуі;

• білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;

• оқушылардың жалпы дамуы.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.

Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.

Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.

Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.

Сұрақтар: Педагогикалық инновациялық іс-әрекет түсінігі. Мектеп жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар

Тақырып-9. Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды ендіру жолдары

Дәріс тақырыбының мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды ендіру жолдары жайлы студенттерге толық мағлұмат беру. .

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері

Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану

Инновациялық технологияларды оқу-тәрбие саласында пайдаланудың болашағы


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек» деп атап көрсетілген. Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетуі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек,заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу-әр ұстаздың міндеті. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын,өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек.Осыған байланысты әр түрлі әдістерді қолданудың қажеттігі туындайды.
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Қазіргі ақпараттық қоғам барлық типті оқу орындарының,оның ішінде жалпы орта білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары алдына мынадай міндеттер қойып отыр:
-қажетті білімді өз бетінше ала отырып пайда болған алуан түрлі мәселелерді шешу үшін оларды тәжірибеде біліктілікпен пайдалануға, өзгеріп отырған өмір жағдайларына оңай бейімделуге;
-дербес сыни тұрғыда ойлай білуге,білім беру барысында кездескен өзекті мәселелрді көре білуге,білім беру барысында кездескен өзекті мәселелерді көре білуге және жаңа технологияларды пайдалана отырып оларды шешудің тиімді жолдарын табуға,өзінің алған білімдерін қоршаған ортада қай жерде, қалай пайдалануға болатынын саналы түрде түсіне білуге;
-әр түрлі әлеуметтік топтарда коммуникабелді,тез тіл табыса алатындай болуға,кез келген жанжалды жағдайлардан біліктілікпен шыға алуға;

-өз адамгершілік қасиеттерін,интеллектісін,мәдени деңгейін дамыту бойынша өз бетінше жұмыс жасауға қабілетті бітірушілерді дайындау.

Мұның өзі еліміздегі білім беру жүйесінің бұрынғы қалпында қала алмайтындығын,оның әлемдік тәжірибелерді негізге ала отырып даму қажеттігін көрсетеді.
Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа адамды қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Оның ең бастыларының бірі де бірегейі-білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сондықтан оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етіледі.

Қазақ мектебінің басты мақсаты-жас ұрпақтың терең білім алып,ой-өрісін өсіріп,шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызу, сөйтіп әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандыруына ынталандыру,бойындағы қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасау.

Оқу үрдісінің өзін технологияландыруды «0қытуды технологияландыру» немесе «педагогикалық технология» деп атайды. Осы екінші мәселе бала оқыту үрдісінің жалпы заңдылықтарына сүйеніп,оның бірыңғай тиімді жүйесін құру, оқу және оқыту қызметтерін толық қамтамасыз ету жағдайларына байланысты педагогикалық зерттеу нысанасына айналып отыр.

Білім беру тәсілдерін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру,ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып даралап,саралап оқыту арқылы оқушыны дамытуда білім,білік,дағдыны жетілдіруге негізделген білім беру педагогикада адамның өзін тануын және тұлғаның психикалық,физикалық саулығын қамтамасыз ету мәселелерін алға шығарып отыр. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту-бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі-оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой емелдіктерін,өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. «Интерактивтік оқыту»1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай,көптеген ғалымдардың түсіндіруінше,интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды. 

Оқушының қай ортада болсын өзіндік әрекеттерді ұйымдастырып, оны басқарушы бола алатындай дәрежеге жеткізу үшін білім мазмұнын даму тенденциялары мен оқу үрдісін инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырып, сабақтың түрлері мен әдіс-тәсілдерін білімділік ұстанымы тұрғысында жетілдіру қажет.

«Инновациялық технологиялар» тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу-тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. Белгілі ғалым М.Поташник «Инновация – оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» деген анықтама берсе, Н.Талызина «Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» деп анықтайды.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.
Педагогикалық технологиялардың түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, барлық технологиялардың айрықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады:

  • оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы;

  • нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;

  • тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;

  • мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;

  • тәжірибенің қайталануы мен алмасуы.

Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының пайдасы өзім сабақ жүргізетін сыныптарда оңды нәтиже беруде. «Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау». Бағдарлама қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Қызығушылықты ояту бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Мағынаны тану – жаңа ақпаратпен танысады. Ой толғаныс – осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Толғануды тиімді пайдалануға «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» стратегиялары қолданылады. Осы технологияны қолданған «Адам – табиғат перзенті» тақырыбында: «Ой шақыру – Табиғат деген не? топтау әдісі пайдаланылады.

Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі.

Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру, қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болшағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа  инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім мен тәрбие ажырамас егіз ұғым.Ұлы данышпан Әл-Фараби «Тәрбиесіз берген білімнің күні қараң» деген сөзі осынын дәлелдесе керек. сондықтан бүгінгі ұрпақтарға, білім-ғылым нәрін берумен қатар, өз халқымсыздың  тығылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретіп, игерудің маңызы зор. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі ата-ана, бала тәрбиелеуші, халық өкілі, ел намысын қорғаушы, ата- бабалардың ісін жалғастырушы мәңгілік күш. сол себепті жалпы білім беретін орта мектептерде бұл мәселені жолға қою, яғни егеменді елімізге қазақ қоғамын қалыптастыру –басты міндет.

Парасатты да саналы азамат болу үшін бүгінгі таңдағы жас ұрпақтың білімін терең әрі жан-жақты болғанына не жетсін. елбасы 2030 жылға арналған бағдарламасында  жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, оны дамытудың ерекшелігі айтылған. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияның түрін, қолдану ерекшелігін ендіруді міндеттеп отыр. Ал инновация дегеніміз- белгілі бір жүйедегі ішкі өзгерістер. Педагогикалық инновация дегеніміз- педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.

Сұрақтар: Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері. Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану
Тақырып-10. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті. Мұғалімдердің инновациялық білім деңгейін көтеру

Дәріс тақырыбының мақсаты: Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті және мұғалімдердің инновациялық білім деңгейін көтеру жайлы студенттерге толық мағлұмат беру.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Инновациялық білім беру жолдары.

Педагогтың инновациялык іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Оқудың иинновациялық әдістерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану.

Мұғалімдердің инновациялық білім деңгейін көтеру жолдары маңыздылығы
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі- білім берудің жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты.Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым- катынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу- әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау калыптасуда.

Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - мұның түп қазіргі , бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуге шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық.

Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психалогиялық мәселелерін аныктауда педагог пен оқушылардың арасындағы карым- қатынастарды ұйымдастыру мұғалімінің теориялык білімінің болуын қажет етеді. Осыған орай, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін студенттерге игертудің түрлі жолдарын іздестірілуде. .

Ғылыми-педагогикалык әдебиттерді зерттеу мұғалімнің инавациялық іс-әрекетіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік тудырып отыр. Жүйелері бағыттылық зертетеулерде инавациялық іс-әрекет креативті парадигманың жеке бас, регулятивтік-коммуникативтік және қорытынды жүйе бөлшегін талдауда анық айқын қарастырылады.

Соңғы он жылдықта «инновация» ұғымы кеңінен таралды. Инновациялық қозғалыстар білім беру жүйесінің жаңартуының маңызды айғағына айналды. Инновациялар бірнеше проблемалар тоғысында пайда болады және ауытқымай, жаңа мәселерді шешеді, білім беру үрдісінің үздіксіз жаңарып тұруына әкеледі.

Педагогикалық инновация- тұтас білім беру жүйесінің оның жеке бөлімдерінің компаненттерінің сипаттамасын жақсартатын және жаңалықтардан тұратын, мақсатты өзгерістер. Бұл- жаңалықты меңгеру үрдісі.

Бүгінгі күндегі инновациялык білім беру-оку және әлеуметтік- тәрбиелік іс-әрекеттің үрдісі мен нәтижесі, ол жеке адамның және жалпы қоғамның іс-әрекетінің жаңа түрін жоспарлайды және ынталандырады.

Педагогикалық инновацияларды сипаттайтын критерийлер:

А) оңтайлылық нәтижелер алу үшін жұмсалатын мұғалімдер мен оқушылар күші , құралдар шығынын тиімдендіру көрсеткіші;

Б) нәтижелік- мұғалімдер іс-әрекетінде алынған нәтижелердің белгілі бір тұрақтылығы;

В) жаңалықтарды жаппай тәжірибеде жасампаздықпен қолдану мүмкіндіктері болуы.

Бұл критерийлерді білу педагогикалық жасампаздық іс-әрекеттің негізі болып табылады.



Педагогтың инновациялык іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады:

• өзінің жеке касеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, кабылдау кабілеті;

• жаңа ғылыми идеалар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;

• жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге еңгізумен;

• педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдері өз бетінше жасаумен:

педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артта қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен.

Айтылғандарды есепке алғанда, педагогтың өнімді инновациялык іс-әрекеттінің көрсеткіштері мыналар:

• педагогикалық еңбектің тиімділігі:

• оқу- тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағытарының бірлігі;

• жеке тұлғаның шығармашылық тұлғасының калыптасуы;

• Мұғалім беделінің өсуі,

• Оқушылардың істі талдау әдіс- тәсіліне, диактикалық ойларға үйренуі;

• Оқу және үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі ашулары.

Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес «маман моделін» маман профессиограмасын жасау міндеті-жұртшылықтың назарын өзіне аударуда.

Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, педагогтар,психологтар, бар ( Н. В. Кузьмина, Ф. Н. Гоноболин, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков, Н.А. Сорокин). В.А. Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:

1) коғамның саяси сапалары;

2) Әлуметтік- психология этикалык- педагогикалық және ұстаздык жеке басының сапалары;

3) Психологиялық және педагогикалық даярлық.;

4) Мамандық бойынша даярлық;

5) Пән бойынша даярлайды.

Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан

туады.


Инновацияның мазмұндық құрлымына кіретіндер- білім беру- тәрбиелеу үрдісінде, оқу-тәрбие жұмысын және оларды меңгеріп алу,

зерттеу, мектепттегі оқу- тәрбие үрдісіне енгізу.



Болашақ ұстаздың инновациялық іс-әрекеті төрт түрлі өлшеммен сипатталады:

• инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезінуі:

•оқу үрдісіне жаңалык енгізуде шығармашылық пен қызмет етуге даярлығының болуы;

•енгізілеттін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуы;

•белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіне қабылдап, оны енгізе білуі.

Бастауыш сынып мұғалімінің инновацилық іс-әрекеттің негізгі

міндеттері:

*жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;

•жаңалықтың жетімсіз жақатарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезеңді толықтыру мақсатын көздеу;

*жаңалықтарды басқа жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімдісін

таңдап алу, мәні мен зерттелуін анықтау;

*жаңалық еңгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.

Бұл міндетті шешу үшін (зерттеу проблемасы бойынша) мынадай қосымша міндеттер қажет:

*арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет- журнал материалдарынан, жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолдану мүмкіндіктерін айқындау:

*өз іс-әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.

1. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары конструктивтік ұйымдастрышылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік.

Бұл функцияларды іске асыруда мұғалім іс- әрекетінің түрлері бөлініп көрсетілген:

• өзін оқушының іс-әрекеті жоспарлауда оны дамыту мен қалыптастыру үрдісінде құрылыдык тұрғыда іске асыру іс- әректінің міндеттерін шешу үшін, мұғалім оку- тәрбие жұмысының бастауыш білім берудегі білім мазмұны мен кезеңдерінің әдістемесінің бірлігін сақтау;

• оқушы іс- әрекетінің кұрлысын жоспарлау және оған педагогикалық жетекшілік жасау;

• негізделген инновациялық іс- әрекетерді таңдау, анықтау;

• ұжымдағы оқушыларды жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды ұйымдастыруы кажет.

Бұл кұрылымдылық тұрғыны іске асыруда мұғалім ғылымның, әдістеменің соңғы жаңалықтарын, инновациялық іс- әрекетті пайдаланып кұрылған сабақтар жүйесін жасайды. Сабақтын әр кезеңі шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс- әрекетін ұйымдастыруда инновациялық іс- әрекетті тиімді қолдану жоспарын жасайды. Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттерін шешу үшін.

• оқушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынасын ұйымдастыру;

• оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау

• оқушыларды әртүрі оқу-тәрбие жұмыстарына баулу;

• шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстары ұйымдастыру;

• сабақты тыңдауға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;

• сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білуі. Қарым- қатынас тұрғысындағы әрекеті іске асыру:

• оқушы мен мұғалім арасында іскер қарым-қатынас орнықтыру;

• оқу үрдісіндегі үжымдағы оқушылар қарым- қаттынасын жақсарту; Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі:

• инноватциялық іс-әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына, педагогикалық, психологиялық ерекшелігіне сәйкес қолдану;

• оқу үрдісіне оқушының ақыл- ой еңбегін ұйымдастыру;

• оку үрдісінде педагогикалық жағдай тудыру арқылы, оқушының өздігінен ойлауымен оқылатын пәнмен шындық болмыс арасындағы байланысты білу;

• оқушының білімге қызығушылығын арттыру;

• алдынғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс-тәсілдерін қолдану.

Ақпараттық функцияны іске асыру қызметі;

• оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесімен тәсілдерін қолдана білу;

• пән мазмұнына ғылыми- дидактикалық талдау енгізу;

• оқытуда жаңа технологиялар элементтерін қолдану. Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда:

• проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;

• педагогикалық қызмет түрлерін қайта құру мен бағалау;

• инновациялық іс- әрекетті тиімді пайдалану мақсатында оқып үйрену.

Біз ғалымдардың мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін нәтижелі атқаруға мұғалімнің жеке бас қасиеттеріне авторлардың көбі білімді, дағды мен іскерлікті және бас сапаларды жатқызады. Жұмысымызда жеке бас қасиеттерінің әр көрсеткіштеріне жеке тоқтап, талқылауды жөн көрдік.

Білім сферасына идеалогиялық әдістемелік, психология -педагогиялық және ақпараттық мағлұматтар жатады.

Идеалогиялық мағлұматтарға: қоғам дамуының тенденцияларын айқындау, бастауыш білім беруді жетілдіру, философиалық, педагогикалық-психологиялық көзқарастарының болуын жатқызадық.

Психалогиялық-педагогикалық көрсеткішке :педагогикалық этика, инновациялық іс- әрекетті меңгеруге мұғалімнің психалогиялық даярлығын, жаңалыққа сенімінің болуы, педагогикадан, психалогиядан, әдістемелік пәндерден білімнің болуы, инновациялық іс- әрекет өлшемдерін,алдыңғы қатарлы озық тәжірибе туралы білімнің болуын жаткыздық.

Ақпараттық білімге: инновациялық іс-әрекет туралы ақпарат материалдарын жинақтауда, мұғалімнің монографиалық, педагогикалық, анықтамалық әдебиеттерімен жұмыс жүргізе білуін жатқыздық.

Өз зерттеуімізде мұғалімнің жеке бас қасиетінің негізгі мамандық қатаң мынадай іскерлік түрлері қалыптасуы қажет деген ойға келіп отырмыз; *бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңашыл әдістемелерді анықтау іскерлігі:

• әр оқушының жеке басының қабілетінін есепке алу іскерлігі;

• оқушылардың таным қабілетін , өздігінен білімін, іскерлігі мен дағдысын жетілдіру іскерлігі;

• жаңашыл әдістемелердің мүмкіндігін мақсаткерлікпен пайдалана білу іскерлігі.


Жаңалықты меңгерудің кезеңдері Кезең

Нәтижесі

Таныстыру

Жаңалық туралы білім

Қызығушылықтың пайда болуы

Қосымша ақпарат іздеуі

Жүзеге асыруды бағалау және шешім қабылдау

Жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат

іздеу


Жүзеге асырып кӛру

Жаңалықты қолдану немесе бас тарту туралы шешім

Соңғы шешімді қабылдау

Жаңалықты белсенді және мақсатты бағытталғандықпен жүзеге асыру

Жаңалықты енгізуге байланысты мұғалімдердің қатынасына қарай типтері (Э.М. Роджерс бойынша)

- Жаңашылдар (таңдауда 2,5 % дейін) : жаңалықты жүтуға даяр, жаңаға деген ашықтығы бар, кез-келген қарым-қатынастан жаңалықты тауып жатады;

- Алғашқы жүзеге асырушылар (13,5% дейін) жаңашылдарды қолдап, насихаттайды, кеңес береді;

- Алдын-ала көпшілік (34% дейін) алғашқы жүзеге асырушылардан кейін жаңалықты меңгереді, жаңалықтарды жүзеге асыру үшін оларға біраз уақыт керек;

- Кейінгі көпшілік (34% дейін) сенімсіздік білдіреді; ӛзінің сұранысына қарай жаңалықты меңгереді; әлеуметтік ортаның пікіріне назар аударады;

- Шешім қабылдауға түрақсыздар (16%) дәстүрлі құндылықтарға бағытталады; жаңалықты соңғы болып меңгереді; жаңалықтарды таратуда кедергі болады.


Сұрақтар: Инновациялық білім беру. Инновациялық білім беру жолдары. Педагогтың инновациялык іс-әрекеттерін қалыптастыру.


ӨЛШЕМДЕР

КОМПОНЕНТТЕР

1.Мотивациялық

2.Мазмұндық

3. Іс-әрекеттік

Жаңа педагогикалық технологияларға қызығушылық-тың, дұрыс қатынастың болуы, олардың кәсіби даярлықты жетілдірудегі қажеттілігін түсінуі.

Болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті-нің мәні, ерекшеліктері және жаңа педагогикалық технологиялар негізін-де шеберлікті жетілдіру жолдары туралы білімі

Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыру бірлігі мен дағдысы

К

Ө

Р

С

Е

Т

К

І

ШТ

Е

Р

- кәсіби даярлықты жетілдірудің қоғамдық мәнін саналы түрде сезіну;

- кәсіби даярлығын жетілдіруге ынтасының болуы;

- кәсіби даярлықты жетілдіруге қажетті білім, білік және дағдыларды игеруге қызығушылықтың болуы;

- жаңа педагогикалық технологиялардың кәсіби даярлықты жетілдірудегі маңыздылығын түсіну;

- жаңа педагогикалық технологияларының тұлғалық мәнін түсіну.

- мұғалім іс-әрекетінің обьектісі болып табылатын тұтас педагогикалық үдеріс туралы білімі;

- жалпы білім берудің мақсат, міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру формалары туралы білімі;

- білім алушылардың іс-әрекетін басқарудағы мұғалімінің білімділігі мен шеберлігі туралы білімі;

- жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық және практикалық мәні, түрлері және пайдалану ерекшеліктері туралы білімі;

- жаңа педагогикалық технологияларды жасау жолдары мен мүмкіндіктері туралы білімі.

жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра білу;

- педагогикалық процесті басқара білу;

- жалпы білім беруді жобалау;

- ғылыми- зерттеу іс-әрекетімен шұғылдану білігі



Сурет 1 Жаңа педагогикалық технологиялар-болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделі



«Қазіргі мектептегі оқытудың интерактивті әдістері» қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М., КазНУ им. аль-Фараби, Активные методы и формы обучения в высшей школе 2005ж

  2. Бұзаубақова К.Ж.. Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық) Тараз. ТарМУ,2003ж.

  3. Өстеміров Қ.,.Айтбаева А, Қазіргі білім беру технологиялары, Алматы, 2006ж.

  4. Нағымжанова Қ. М., Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Өскемен, 1999ж.

  5. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.

  6. Мұхаметжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә., Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.

  7. Иманбаева А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру технологиялары. Қазақстан мектебі, №2, 2000

  8. Педагогика журналы №2-2009ж.

  9. Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. – Алматы,1991.

  10. Әлімбекова А.С. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру тәжірибесінен //Білім- Образование.// №2(8), 2002

  11. Елеубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001. 270б.

  12. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы- оқушыны дамыту құралы ретінде. –Алматы, 2002

  13. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, Рауан, 1993

  14. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы,2000

  15. Тұрлыханова М. Педагогикалық технологиялар оқу үрдісінде. Алматы, 2000

  16. Ұлт тағлымы 2001жыл,№4 73-79бет

  17. Ұлт тағлымы 2006жыл, №4 53-62бет

  18. ХХІғасыр мектебі 2007жыл,№5 5-7бет

  19. Шамова Т.И., Третьякова П.И. Педагогические технологии: что это такое и как их использовать в современной школе.-М.,1994

  20. Елеубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001. 270б.

  21. Шоқаева Г.Ә. Жаңа технология енгізу арқылы оқу процесінің деңгейін көтеру. №18,5б.//Қазақстан мұғалімі//№18 2002

  22. Курманалина Ш.Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению математике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999.-160 с.

  23. Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной методической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000. -206 с.

  24. Курманалина Ш.Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению мптематике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999.-160 с.

  25. Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной мстодической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000. -206 с.

  26. Курманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации оброзования: монография. – Алматы: Алем, 2002. – 316 с.

  27. Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образования (в соавторстве: Н.Б.Чекалева): Монография. Омск: ОмГПУ, 2002. – 89с.

  28. Жалпы педагогика. Сластенин, Исаев, Шельянов, 2003 ж.

  29. "Педагогика" Безрукова, 1996 ж.

  30. "Педагогикалық технологиялар" Сальникова, 2005 ж.

  31. Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004.

  32. Дүйсембекова Ш.Д. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Семей 2004.

  33. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990. – 8-58; 58-100, 147,215-беттер.

  34. Ұстазға рухани қуат керек. Р.Нұртазина туралы//Қазақстан мектебі, 1999. №1-2. 8-11-бет.

  35. НұртазинаР.Б. Занимательная грамматика. - Алма-Ата, 1963,1973.

  36. Нұртазина Р.Б., Формы патриотического и интернационального воспитания в казахской школе. Сб. научных трудов. – М., 1980.

  37. Фарбер Д.Х. Жизнь – в детях. Народный учитель. – Алма-Ата, 1982.

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті



«Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәні бойынша студенттерді бақылау мен бағалау жүйесі

Семей - 2015

1 рубеждік бақылау сұрақтары

  1. Оқыту әдістері.

  2. Сабақ ұйымдастыру түрлері.

  3. Дәстүрлі әдістер.

  4. Қазіргі кезде қолданылатын әдістер.

  5. Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері.

  6. Интерактив ұғымына түсінік.

  7. Оқытудың интерактивті әдістері туралы ұғым, маңызын дәлелдеп талдау.

  8. Жаңа ақпараттық тенологияларды ата?

  9. Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер?

  10. Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі.

  11. Оқудың интерактивті әдістері үлгілері.

  12. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті

  13. Педагогикалық үдеріске қатысты инновация қандай элементтерге байланысты анықталады?

  14. Инновация анықтамасын айтыңыз.

  15. Оқытудың инновациялық әдістері мен түрлері

2 рубеждік бақылау сұрақтары

  1. Оқытудың дәстүрлі әдістері мен инновациялық әдістерін салыстыр.

  2. Тренингтер мен іскерлік ойындарды қолдану

  3. Педагогикалық жүйе дегеніміз не және ол жайлы білудің қандай қажеті бар?

  4. Педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялылық қандай жағдайларды жүзеге асырумен анықталады?

  5. Педагогикалық инновацияларға нені жатқызуға болады?

  6. Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер қандай бағыттар бойынша енгізіледі?

  7. Педагогикалық жүйелерге жаңалық енгізулер деңгейлерінің мәні қалай сипатталады?

  8. Педагогикалық инновациялар қандай критерийлермен сипатталады?

  9. Педагогикалық теория инновациялылығы қандай бағыттармен анықталады?

  10. Оқу мекемелерінің инновациялылығы қалай сипатталады?

  11. Педагогикалық инновациялық іс-әрекет түсінігі

  12. Мектеп жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар

  13. Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері

  14. Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану

  15. Инновациялық технологияларды оқу-тәрбие саласында пайдаланудың болашағы

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет