Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру



Дата14.12.2021
өлшемі4,29 Kb.
#100371
Байланысты:
5 БӨЖ психология


Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру.

Студенттік жас адам өмірінің ерекше бір кезеңі. Оның ерекшелігінің өзі тұлға дамуының жалпы мәніне және негізгі заңдылықтарына сай 18-ден 25-ке дейінгі жас аралығы адамның кемелдену, толысу кезеңінің бастапқы жылдары деп саналады.Студенттер мәселесі ерекше әлеуметтік психологиялық және жас ерекшелігі сатысында қойылуының өзі көрнекті совет-орыс ғалымы Б.Г.Ананьев мектебінің еңбегі. Б.Г.Ананьевтің өзінің зерттеулерінде және оның шәкірттері Н.В.Кузминаның, Ю.Н.Кулюткиннің, А.А.Реанның және басқалардың еңбектерінде осы мәселелерге қатысты көптеген эмпирикалық материалдар, бақылау мен сынақ нәтижелері және теоретикалық жинақтаулар бар. Осындай көптеген зерттеулер нәтижесі студенттің оқу ісінде әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық тұрғысынан ерекше субъекті ретінде мінездеме беруге мүмкіндік тудырады.

Студенттер-жоғарғы оқу орындарында ұйымдасқан, біріктірілген өзіндік ерекшелігі бар жастар қауымдастығы, ерекше әлеуметтік топ. Бұл әлеуметтік кәсіби категория тарихи тұрғыдан XI-XII ғасырларда алғашқы университеттер пайда болған кезеңдерде қалыптасқан. Студенттер қатарына тынымсыз оқу әрекеті арқылы, білімді жүйелі түрде меңгеруге ұмтылған жастар қосылады. Әлеуметтік топ ретінде олар кәсіби бағытталған өзінің болашақ мамандығына тұрақты қатынасы қалыптасқан, яғни кәсіби таңдауының дұрыстығына толық сенімді және мамандығы туралы толық түсінігі бар дегенде, студенттің болашақ мамандығына сай туындайтын талаптар мен шарттылықтар білімін қарастырады. Зерттеулер нәтижесі студенттің мамандығы жайында түсінігінің деңгейі оның оқуға қатынасына сай келетінін көрсетеді: яғни ол өз мамандығы жайында неғұрлым аз білсе оқуға да салғырт қарайды.

Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан студенттер халықтың өзге топтарымен салыстырғанда білім деңгейінің, мәдениет мұраларын пайдаланудағы белсенділігімен және танымдық деңгейінің жоғарлылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар студенттер интеллектуалды және әлеуметті толысуы үйлескен, әлеуметтік белсенділігі өте жоғары топ болып сипатталады. Студенттердің осы ерекшеліктерінің негізі мұғалімнің әр студентке серіктесі тәрізді, тартымды тұлға ретінде қарап, онда педагогикалық қарым-қатынасты орната білуінде.

Жеке істестік барысында студент белсенді, өздігінен өз ісін ұйымдастыра алатын, педагогикалық қарым-қатынас субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және белгілі бір кәсіби бағытталған міндеттерді шешуі, қарым-қатынастық белсенділік ерекшеліктері тән. Студенттер үшін негізгі оқу формасы таңбалы контекстік болып табылады.Адам өмірінің осы кезеңдегі дамуы, белгілі бір экономикалық тәуелсіздіктің қалыптасуымен ата-ана үйінен бөлініп жеке отбасын құруымен сипатталатын студент үшін, әлеуметтік-психологиялық зор маңызы бар.

Студенттік кезең адамның жан-жақты жетіліп тұлға ретінде қалыптасуының негізгі кезеңі. Бұл спорттық рекордтар, мәдени техникалық және ғылыми жетістіктерге қол жеткізетін айтулы шақ, адамның болашақ маман ретінде әлеуметтік белсенділігі артатын яғни жоғары мектеп мұғалімдерінің студенттермен қарым-қатынасы ерекшеленетін кезең.

Б.Г.Ананьев мектебі зерттеушілері куәландырғандай, студенттік жас бұл интеллектінің күрделі жүйелену кезеңі. Ол әр адамның өзіне ғана тән және вариативті. Адамның осы жасқа тән интеллектісінің мнемологиялық (зерделеу) ядросы шарықтау немесе оптимум функцияларының әрдайым алмасуымен сипатталады.Бұл оқу тапсырмаларының бір мезгілде түсінуге, қорыта ойлауға, өтілген деректердің студент жадында жүйеленіп сақталуына және қажеттілікте мақсатты бағытталуына арналатынын көрсетеді. Мәселенің осылай қойылуы көптеген оқу-әдістемелік тәсілдерде көрініс табуда. Яғни, оқытылған ақпараттардың студент жадында түсініп қалдыруы, сақталуы және күрделі міндеттерді шешуге пайдалануы тығыз байланыста болады. Студенттердің танымдық іскерлік белсенділігін арттыру оқу ақпараттарын есте сақтап, қайталап отыруды ұйымдастырумен қатар жүреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет