Қазіргі таңда жылқы шаруашылығының ахуалы



Дата11.04.2020
өлшемі171,43 Kb.
#62218
Байланысты:
Асылзат Курсовой11.docx ЖЫЛҚЫ
Асылзат Курсовой11.docx ЖЫЛҚЫ
МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................

1.Негізгі бөлім..........................................................................................................

1.1.1.Әдебиетке шолу...............................................................................................

1.1.2.Қазіргі таңда жылқы шаруашылығының ахуалы....................................

1.1.2.Қазақстанда таралған жылқы тұқымдары мен олардың биологиялық ерекшеліктері.....................................................................................................

1.2.Технологиялық бөлім......................................................................................

1.2.1.Жылқы тұқымын асылдандыру жұмысының негізі.................................

1.2.2Жылқы шаруашылығында нәсілдік қасиеттері бойынша алдын ала бағалау........................................................................................................................

1.2.3.Жылқының ұрпагының сапасы бойынша бағалау..................................

1.2.4.Жылқы өсіру әдістері.....................................................................................

Қорытынды............................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................................................

Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі.Жылқы жануарын қолға үйреткелі бері қоғам дамуының әр дәуірінде алған орны ерекше.Қазіргі таңда,әр түрлі себептерге байланысты, бүкіл жер шарында жылқы саны азайып бара жатса да, жылқы еті мен сүтіне халық сұранысы еүннен-күнге артып отыр.Жылқыны көлік-күші ретінде, ат спортына пайдалану ғана емес, ет және сүт өнімдерінің ресурстарын көбейту үшін де өсіру өзекті мәселеге айналуда. Халқымыздың ерекше қастерленген және жанына жақын көрген қасиетті түлігінің бірі – жылқы.Халық ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас айтылады.

Жылқының шығу тегіне тоқтатылатын болсақ, Қазақстан жеріндегі ескі қорғандар мен ел мекендеген жерлерде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізгенде табылған жылқы сүйектері бойынша, біздің заманымыздан екі мың жылдан аса, Андронов мәдениеті деп аталатын қола дәуіріне жатады.

Қазіргі кезде, шаруашылықтардың жаңа түрлерінің құрылуы мен нарық экономикасының сұранысына байланысты, жылқылар жекеменшік, фермерлік, серіктестіктер, шаруа қожалығы және басқа да ұжымдарда көлік майы, жұмыс күші ретінде, спорттық ойындарында және өнім өндіру мақсатында пайдаланылды.Сонымен бірге мемлекеттің қарулы күштерінде де,әсіресе шекара қорғауда және халық полициясында жылқы малы осы күнге дейін мініс көлігі ретінде өзінің маңызын жоғалтқан жоқ.Қазақстанда жылқы еті мен қымызды көп өндірудің үлкен резервінің бірі- табынды жылқы шаруашылығы өндірісінің жоғары дәрежеде дамуы, егіншілік кәсібіне және малдың жылқыдан басқа түлігі жайылуына жарамайтын жайылымдардың мол болуы, жергілікті жемшөп пен ауа-райы жағдайына жақсы бейімделген жылқы тұқымдарының болуы және жергілікті халықтың жылқыны үйірлеп бағып өсіру жөніндегі тарихи тәжірибесі мен дағдысы мүмкіндік береді.

Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ.Дегенмен оның ішінде жылқының орны өте бөлек.Республиканың алуан құбылмалы табиғатын тиімді пайдалана алатын түліктің бірі –осы жылқы.Оның үстіне жылқының адамның тіршілігі үшін пайдасы да алуан түрлі ойын-сауықтар мен жарыстар жылқысыз қызық емес.Сондықтан негізгі мақсат-осы түлікті өсіру,өркендету.Ол үшін жылқыны дұрыс бағып-күту,ұстау жүйелерін ұйымдастыру, шаруашылық жағдайына санитарлық-гигиеналық талаптарды кеңінен енгізу – бұл саладағы негізгі міндеттер қатарына жатады.Жергілікті жерлерде көп таралған жылқы түұымдарын асылдандыру жұмыстарында, әр түрлі аймақта жылқы түұымдарын өсіру әдістері,шаруашылықтарда өнімділік бағытындағы жылқыны немесе туыстас малды көбейтуде, олардың ортақ байланысы ескеріледі.Соңғы жылдары Республикамызда жергілікті жерлерде өсірілетін жылқы тұқымдарын асылдандыру жұмыстарының ұзақ уақытқа белгіленген перспективалық жоспарлар жасалуда.Мұндағы мақсат-әр тұқымды асылдандыру жұмысын негізінен бір жүйеде ұйымдастырып, тұқымдық қорды тиімді пайдалану болып отыр.Бұл жоспарларда жылқы табынын жекелеп талдамай, жетекші асыл тұқымды шаруашылығына көңіл бөлінеді.

Асылдандыру жоспарын жасағанда, сұрыптау жұмысын негізінен екі бағытта жүргізу көзделеді.Алдымен тұқымның шығуы, тарихы, әр аймақтарда өсіру тәсілдерінің ерекшеліктері талданады.Сонан соң жылқының тұқымдық өнімдік қасиеттерін жақсарту жолдары белгіленеді.Мүнда біріншіден,шаруашылықта аталық іздер арқылы өсіру әдістері және айғырларды дұрыс пайдалану көзделеді.Жылқы тұқымдарының шығарылуына байланысты бұл бағыттағы жұмыстар көлемді немесе ықшам болуы мүмкін. Ауылшаруашылық малдарының тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне күшті әсер ететін адам баласының ежелден қолданып келе жатқан тәсілдерінің бірден-бірі әртүрлі мал тұқымдарын будандастыру тәсілін кеңінен қолдану арқылы малдың нәсілдік қасиеттерін тиімді бағытта түбегейлі өзгерту.

Курстық жұмыстың мақсаты: Жылқы шаруашылығында нәсілдік қасиеттері бойынша бағалау,

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Жылқы тұқымын асылдандыру жұмысының негізін білу ;

- Малдың тұқымдары мен олардың биологиялық ерекшеліктері жайлы түсінік;

- Жылқының насілдік қасиетін (генотипті) бағалауды білу;

- Ұрпақ сапасы бойынша бағалау;

- Жылқы малын өсіру әдістері;

1.1.1Қазіргі таңдағы жылқы шаруашылығының ахуалы

2012 жылғы ФАО-ның санағы бойынша [1] жылқы саны Азия құрылығында ең көп болып,дүние жүзі бойынша бірінші орында,ал Оңтүстік және Солтүстік Америка екінші және үшінші орында тұр.Ал дүние жүзі бойынша бағылатын жылқы саны ең көп мемлекет –Қытай, екінші орында –Мексика,Бразилия мен Америка елдері3,4-ші орында тұр.ФАО-ның санағы бойынша Қытайда өсірілетін жылқы саны 1991 ж.-10338 мыңнан,2002 ж.-8262 мыңға азайған.Мексика,Бразилия,Ресей елдерінде жылқы саны жылдан-жылға азайып,ал АҚШ,Аргентина,Қазақстан,Монголия елдерінде артуда.

ФАО-ның 2013 жылғы [2] мәліметтерінде жылқы шаруашылығы бойынша алдыңғы 10 орында тұратын мемлекеттердің өндірген жалпы ет өнімі 778,12 мың тонна болып,дүние жүзінде жылқы ет өндірісінің 81% иеленген.Сол алдыңғы орында тұратын мемлекеттер: Қытай (419 мың т.), Мексика (80.88мың т.),Аргентина (58,68мың т.), Қазақстан (55мың т.),Ресей (52,65 мың т.).Бұл елдердің ішінде жылқы етін экспортқа шығаруда 5 ел,яғни Аргентина, Бразилия, АҚШ, Монголия, Мексика – алдыңғы орында тұр да,жалпы дүниежүзілік экспорттың 40,3% иеленген.Импорт мөлшері алдыңғы орында тұратын елдер: Ресей, АҚШ, Мексика, Қазақстан, Аргентина.Ал жылқы саны ең көп болған Қытай елі дүние жүзі экспортының 0,5% ғана иеленеді.Қытай елінде жылқы етінің экспорт мөлшері осыншама төмен болуының басты себебінің өз тарихы бар,яғни ежелгі Қытай емшілері жылқы етін улы деп танып,осы ұғымды халық арасына таратып келген.Қытай елінде жылқы етін тағамға жиі пайдаланатындар қазақ, моңғол, тибет, яғни мал шаруашылығымен шұғылданып келген аз санды ұлттар.Ал көп санды қытай халқы етін тағамға жиі пайдаланбағандықтан, жылқы етіне байланысты зерттеулер жоқтың қасы.Соңғы кездері сол қате ұғымды жоққа шығаратын ғылыми анықтамалар ортаға шыққаннан бері,Қытайда жылқы етін көптен өндіруге бет ала бастады.

Республикамыздың Оңтүстік-Батыс аймағын алып жатқан орасан зор жер көлемінде мал шаруашылығының барлық салалары дамыған.Оның ішінде 40 млн астам шөл және шөлейт жайылымдықтарынан тұратын, табиғи ауа-райы жағдайларына байланысты егіншілікке жарай қоймайтын аймақтарда мал шаруашылығын өркендетуге негіз бар.Табиғаты көркем,климаттық жағдайы қоңыржай болып келетін, республикамыздың оңтүстік өңірінде орналасқан Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының мал шаруашылығын, оның ішінде табынды жылқы шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндіктері бар.Жалпы алғанда, мал шаруашылығы ішінде жылқы шаруашылығының алар үлесі ерекше.Осы саладан алынатын өнім болмағанымен,олардың диеткалық-емдік,ұлттық тағамдық құндылықтары бойынша алдыңғы орындрда тұрады.

Оңтүстік Қазақстан облысында да далалы,таулы-қыратты, шөлейтті болып келетін,жылқы малын өсіруге қолайлы жайылымдар жеткілікті.Сондықтан бұл аймақтарда соңғы жылдары төот түлік түрлерін өсіруге деген бетбұрыс байқалуда.Атап айтқанда тоқырау жылдарынан кейінгі кезеңдерінде Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы алғанда мал басының артып келе жатқаны анық.Осыған ұқсас көрініс жылқы түлігінің де еншісіне тиеді.Статистикалық дерек бойынша 2005 жылы облыстың барлық санаттарындағы шаруашылықтарында жылқы малының саны 93102 басты құраса, 2011 жылы 136137 бас (46,2% өсім), 2012 жылы 141391 (51,9%өсім,) ал 2013 жылы бұ көрсеткіш 205909 басқа (122% өсім) жеткен,яғни 7,7% артқаны байқалады.

Мал басы санының артуымен бірге оның сапасын жақсарту мәселесіне де көп көңіл бөлінуде.Осы мақсатта мал басын асылдандырудың негізі болып табылатын,селекциялық сұрыптау жұмыстары мықтап жолға қойылуда.Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде орнаасқан жылқы малын өсірумен айналысатын шаруашылықтар ішінде 28 нысаны асыл тұқымды шаруашылықтар статусына ие болған.Асыл тұқымды шаруашылықтар ішінде 24 шаруашылық жергілікті қазақ жылқысын

1-Қостанай,1-қарабайып,1-таза қанды салт жылқысы және 1-қожалық ахалтеке тұқымды жылқыларын өсірумен айналысады.Осы шаруашылықтар ішінде сұрыптау жұмыстары ғылыми негізде ұйымдастырылып,жақсы нәтижелер көрсете бастаған жекелеген шаруа қожалықтары ретінде қазақтың жабы типті жылқысын өсіретін Созақ ауданындағы «Жайлау», Отырар ауданындағы «Жансая», Ордабасы ауданындағы «Бекзат Бақ» Қазықұрт ауданындағы «Сапа» мен қостанай жылқысын өсіретін ТОО «Сіргелі-Нұржан»,қарабйыр жылқысын өсірумен айналысатын Мақтарал ауданындағы «А-Тұрар», таза қанды салт мінетін жылқы тұқымын өсіретін Түлкібас ауданындағы «Маржан», ахалтеке тұқымын өсірумен айгалысатын Бәйдібек ауданындағы «Ақбақай» асыл тұқымды шаруашылықтарын айта аламыз.

Қазақ халқы көшпенді тұрмысында өте қажетті болған мықты әрі жүрдек аттарды қатты бағалап,олардың тұқымын жақсарту мәселесіне жете мән берген.Сомен бірге қазақтардың және Орта Азия халықтарының арасында кең тараған әр түрлі спорттвқ ойындары,атап айтқанда көкпар,сайыз,аламан бәйге сияқты жарыстарында жүйрік те белді аттар өте қажет болған.Осындай талаптарға жауап беретін жылқы ретінде оңтүстік өңірінде кең таралған қарабайыр тұқымын айтуға болады.



Қазақстанда 70% жуығы дәстүрлі әдіспен,яғни айғыр үйірлеріне топтастыру арқылы бағылады.Бұл әдіс экономикалық жағынан ең тиімді,Осындай табынды жылқы шаруашылығын дамыту қолайлы жайылымдар оңтүстік өңірінде жеткілікті.Аймақта әліде игерілмей жатқан далалы,құнды,тау етектерімен қойнауларындағы субьалпілік шалғынды жайылымдар жеткілікті.Осындай табиғи-климаттық жағдайларын есепке ала отырып,жергілік жерлерге бейімделген жылқы тұқымдарын өсірудің болашағы мол деп есептейміз.

Сурет 1.Жылқы өсіретін мемлекеттердегі жылқы санының өзгеруі



1.1.2 Қазақстанда таралған жылқы тұқымдары мен олардың биологиялық ерекшеліктері

Қазіргі кезде дүние жүзінде түрлі мақсатқа сай жылқының көптеген тұқымдары қолда өсіріледі.Олардың ішінде күнделікті тұрмыс қажет үшін пайдалану мақсатына байланысты ауыр жүк таситын,салт мінетін, спорттық ойындарға пайдаланатын арнайы тұқымдары бар.Қазақстан жеріндегі көп таралған жылқы тұқымдарын атап көрсететін болсақ,олардың қатарында;

Қазақ жылқысының – негізі жабы типті жылқылар болып саналады.Бұлар негізінен көлік ретінде,әрі еті мен сүтін пайдалану үшін де өсіріледі.Оның дене бітімі мейлінше ірі, шомбал, тұрқы ұзын, қарны жуан, аяқтары қысқа болады.Ауа райының қатаң жағдайларына төзімді келеді.Жабы жылқысы күшті,соған орай жұмысқа да төзімді келеді.Салт мінуге де ыңғайлы, жүрісті жылқы деп сесптелінеді.

Олар жыл бойы жайылады,арі жем-шөп талғамайды,жал-құйрығы қою, жүні қалың болады.Тез қоңданады.Жайылымда семіртілген жабы жылқыларын сойса 53-57,кейде 60% дейін ет пен май түседі.Жабы жылқысы ұшасының құрылымы бір ет бір май болып келеді.Биелері тәулігіне 18-20л сүт береді.

Адай жылқысы да қазақы жылқылар қатарына жатады.Оны жергілікті халықтар «дала көркі» деп ерекше дәріктейді.Бұл жылқы негізінен Қазақстанның Батысындағы Атырау мен Маңғыстау облыстарында өсіріледі.Ол негізінен салт мінуге бейімдеоген. Басы шағым, кеудесі жинақы,арқасы түзу,аяқтары жіңішке,сидаң етсіз,сіңірлі.Мойын ұзындығы орташа түзу,жіңішке.Шоқтығының биіктігі орташа,сіңірлі және жеткілікті ұзын.Арқасы түзу,жалпақ және мықты.Арқасының артқы белдеуі кең,қысқалау және тегіс.Сауырының ұзындығы орташа,жалпақ емес,еікештігі қалыпты және бұлшық еттері жақсы дамығаны білініп тұрады.Кеудесі ұзын,кеңдңгң мен тереңдігі орташа.Алдыңғы аяқтары дұрыс қалыптасқан,мықты артқы аяқтары да сондай,бірақ кейде тілерсектерінің жақын орналасуымен қайқы аяқтық та кездеседі.Терісі тығыз,жабынды қалшықтары қалың,жалтыр әрі жұмсақ.Жалпы орташа қалың,салыстырмалы түрде қысқа,және жібектей болып келеді.Түстері әр түрлі.

Орташа тірідей салмағы 420кг нан асады.Сойғанда 54-56% таза ет түседі.

Биелерінен тәлігіне 11л ден артық сүт сауылады.

Көшім жылқысы.Бұл қол тұқымы Батыс Қазақстан облысының жерінде,сонымен Жамбыл облысынағы «Құлан» жылқы зауыттары аймақарында шоғарыланған.Көшім жылқысы негізінен жергілікті биелерді таза қанды орыс,орлов жылқыларының айғырларымен шағылыстыру арқылы алынған қолтұқым.Бұл жылқы қазақы жылқы сияқты төзімді,қыста жайылымда жаюға бейім,әрі ірі және салмақты келеді.Көшім жылқысы биелерінің салмағы 460-480кг тартады.Жайылымда жақсы семіреді.Бордақылаған жылқыларды сойса 53-55% ет пен май түседі. Ал биелерінен таулігіне 14-22л сүт шығады.

Олардың шоқтығы шығыңқы,кеудесі кең,төсі алщақ,арқасы тегіс әрі жазық,сауыры сом етті,аяқтары сүйекті келеді.Бұл жылқының негізгі топтары Батыс Қазақстанда «Красногор», Ақтөбе облысындағы «Құлан»(бұрыңғы аты «Луговой») жылқы зауыттары аумақтарында орналасқан елді мекендерінде көп таралған.



Қостанай жылқысы.Бұлқолтұқым Қостанай облысының «Қостанай» және «Майкөл» жылқы зауыттарында қазақы жылқыларының биелерін қалмақ, дон, стрелецк, орлов және таза қанды салт мінетін жылқаларының айғырларымен шағылыстыру арқылы шығарылған.

Бұл тұқымның басы орташа, мойны түзу, ұзындығы орташа,шоқтығы етті,аоқасы жалпақ,жұмырлау,жауырыны ұзын,алқымы және тынысы кең,аяқтарының сіңірлері шығыңқы, шамасы шағын, байқалары орташа,тұяқтары дөңгелек, әсем келеді. Бұлар өте жүрдек, күшті және төзімді, салт мінуге де, жегуге де қолайлы.



Қарабайыр жылқысы.Қарабайыр (арап тілінен корб –жылқы багир-түйе,яғн жүк артатын белді ат деген мағынада) жылқысының шыққан тегі Өзбекстан Республикасының аумағында жергілікті далалық моңғол, қазақ жылқысының биелерін түркмендік ахалтеке,текежәуміт және арабы тұқымы айғырларымен шағылыстыру нәтижесінде шығарылған болып сесптелінеді.Арабтардың ислам дінін тарату жорықтарында әскерлерге азық -түлік артуы үшін қажетті мықты,әрі таулы-қыратты жерлерде жүруге шыдамды аттарқажет болған соң арнаулы түрде шығарылған деп есепелінеді.Республикамызда бұл жылқының тұқымы Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстан мен шекаралас орналасқан Мақтарал, Жетісай, Сарыағаш және Қазықұрт аудандарында кездеседі.

Бұлардың бастары үлкен емес, түзу және жеңіл көрінеді.Ахалтеке жылқыларымен салыстырғанда қарабайыр жылқысның мойны қысқалау әрі жалпақ болып келеді.Шоқтығы биік,арқасы түзу және сауырт тұсы жалпақ құйымшақ тұсынан сәл еңкістеу болып келіп қалың және көтеріңкі орналаатын құйрықпен ұштасады.Кеудесі терең әрі бұлшық еттерә жақсы дамығаны білініп тұрады.Санының бұлшық еттері де жақсы дамыған және жалпақ болып келетін тізесі, бұл жылқының таулы және құмды жерлермен шапшаң әрі қиналмай жүруін қамтамасыз етеді.Қарабайыр жылқысы дене бітімі бойынша көркем, жылдам қозғалатын иесінінің айтқанына жақсы түсінетін күмбіс және аяңшыл жылқы болып келеді.Бұл жылқы тұқымы ішінде торы, сұрғыл және сары жылқылар басым болғанымен, іштерінде қоңыр, сүлік қара, шұбар және жирендері де кездеседі.



Буденный жылқысы.Ресейдеөсіріліп шығарылған жаңа жылқы тұқымдарының ең таңдаулысы.Буденный тұқымын таза қанды, салт мінетін жылқының айғыры мен дон тұқымының биелерін шағылыстырып шығарған.Аталмыш жылқыны шығаруға Кеңес Одағының Маршалы С.М Буденный басқарған бір топ тәжірибелі мамандар қатысты.

Орловтың желісті жылқысы.Осыдан 150 жыл бұрын Воронеж облысының (Хренов) жылқы зауытында араб, дат, голланд тұқымдарын өзара будандастыру арқылы шығарылған.Орлов жылқысы ірі келеді.Бас үлкен, түгі тықыр, мойны ұзын, көбінесе аққу мойынды әдемі болады, шоқтығы биік, етті келеді, арқасы тегіс әрі жалпақ, сауыры құйылған шойындай түп-тұтас, аяқ сүйектері жуан келеді.Денесінің кемшіліктері мен буындарының солқылдақтығы мен алдыңғы аяқтарының алшақтау келетіндіктері жатады.

Орыстың желісті жылқысы.Бұл орлов биелері мен американ желісті айғырларын щағылыстырудан алынған будан, желгіш жылқылардың тұқымын жақсарту үшін өсіріліп шығарылады.Мұндағы негізгі мақсат-жылқының тұлғасын ірілендіріп, сымбатты, сом денелі желісті жылқы шығару, сымбатындағы кемшіліктерді жою еді, орыстың желісті жылқысы тұқымы өзінің дене өлшемдері жағынан орлов жылқысына жақын орналасқан.

Орыстың ауыр жүк таситын жылқысы.Ертеден бері келе жатқан арден тұқымының және Бельгия мен Францияда шығарылған кейбір жылқының айғырларының пайдалану арқылы шығарылған.Бойы аса биік емес, орташа келген, маңдайы жазық, мойны жуан, шоқтығы биік емес, арқасы ұзын белі кейде қайқылау, сауыры кең, бөлінген, аяқтары қысқа, мықты, қабырғасы тік, жал-құйрығы қоюлау болады.Негізгі түстері жирен, бұрыл, торы, щабдар, кейде көк, қара.Айғырларының өлшемдері шоқтығынан биіктігі -1,50, тұрқының қиғаштай ұзындығы-1,58, көкірек орамы 1,94, жіліншік орамы 22 см, орташа тірідей салмағы 600кг құрайды.

Биологиялық ерекшеліктері. Жылқы шаруашылығында тұқымдық іріктеу мен сұрыптау жұмыстары осы малдың шаруашылықтың пайдалану мақсатында сәйкес конституциялық ерекшеліктерін ескере жүргізіледі.Зауыт техникалық ғылым бойынша жылқының конституциясы-олардың тез жетілгіштігі, қондану қабілеттілігі, төлдегіштігі, жүйрегіштігі, жұмысқа қабілеттілігі, өнімділігі мен денсаулығы сырты орта жағдайларына төзгіштігін аңғартатын фактор болып есептелінеді.Осы саланың көрнекті ғалымы И.Н.Нечаев [3] конституциялық тұрпат-организмнің негізгі морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық функцияларының өзара тығыз байланыста қалыптасқан жиынтығы деп санайды.Малдың конституциялық типін, негізінен ата-тегінен қабылданған нәсілдік, яғни тұқым қуалаушылық және сыртқы орта жағдайлары қалыптастырады.Конституциялық тіпті анықтауда дене бітімінің маңызы үлкен.

Жылқының конституциялық типі оның табиғатындағы нәсілдік қасиеттеріне ортаның азықтандыру, күтіп-бағу мен ауа-райы жағдайларының әсері нәтижесінде қалыптасады.Сондай-ақ, жылқының экстьері, мен дене бітімі де конституциялық типті айқындайды.Сондықтан жылқы малының конституциясы, оның тұқымдық қасиеті мен өнімділігі айқындайтын фактордың бірі болып табылады, П.Кулешов [4] пен Е.Богданов [5] жылқы малының функционалдық, экстерьерлік, өнімділік ерекшеліктерін ескере келе оларды 5 түрлі типке ажыратады: сөлекет, нәзік, ашаң, қағылез және босаң:

1-Сөлекеттипінің терісі мен жүні қалың, қаңқасы ірі, басы ірі, бұлшық еттері қомақты, тері астындағы тамырлары білінбейді.Дене құрылысы мұндай жылқылар көбінесе сылбыр қимылдайды,кейде жалқау болады және бұл тип тұқымы жақсартылмаған жылқылар ішінде көп кездеседі.Сөлекет денелі топқа көбінесе тоғай,дала жылқылары жатады;

2-Нәзік типтің терісі жұқа,қаңқасы жеңіл, бұлшық еттері болбыр, жал –құйрығы мен кеіл қылшықтары сирек болады.Бұл типтес жылқы ауа-райына төзімсіз, ал өсіріп, күтіп-бағу жағдайлары жасалса, мол өнім беруге бейім келеді;

3-Қағылез жылқының терісі жұқа, жүні тықыр, жеңіл денелі болады.Тері астындағы қан тамырлары білеуленіп білініп тұрады;

4-Ашаң денелі жылқы тұқымы дене бітімінің мықтылығы, терісінің тығыздығы, бұлшық еттерінің жақсы дамып жетілгендігі, буындары мен сіңірлерінің мықтылығы, тері астындағы қан тамырларының жақсы көрінуімен ерекшеленеді;

5-Босаң типті жылқыларының тері асты ұлпалары мен бұлшық еттері арасындағы майлы қабаттары жақсы дамыған.Терісі қалың да босаң, буындары мен оларды байланыстыратын сіңірлері көрінбейді.Бұлшық еттері толық, қомақты, мойны,кеудесі мен жотасы кең жіне жалпақ, семіруге бейімді болады.Босаң типтес жылқы шабысқа жоқ, ал ауыр жүк жұмысына лайық келеді.

Жылқының дене бітім ерекшеліктерін бағалау.Экстерьер деп малдың дене құрылысын, сыртқы пішінін айтады.Жылқы шаруашылығы жөніндегі күнделікті жұмыста экстерьердің маңызы зор.Жылқыны өсіру үшін іріктеп алу, жұмысқа пайдалануға тағайындау, сатар езде бағалау,міне осының бәрі жылқының экстерьерін есепке ала отырып істеледі.Жылқының денесін жалпы тыныш тұратындай етіп байлап тұрғызып қойып, 2-3 қадамдай әрірек тұрып, бүйірінен көзбен қарап, оның жалпы жетілуін, денесінің шомбалдығын, көзге көрінетін белгілерін, сондай-ақ басының, мойнының кеудесінің, аяғының бітісін сынайды.Одан соң 3-4 қадамдай жерден тұрып, атты алды артынан қарайды.Ал енді аяқ бітісіндегі жекелеген өзгешеліктерін жақынырақ тұрып қараған жөн, сондай-ақ жылқыны аяңдап жетілдіріп байқайды.Онда жұрісінің дұрыстығына, аяғының ақсағының бар-жоқтығына және т.б зер салады.

Осылайша сонау жұмысы біткен соң жылқының экстерьері, сыртқы түрі жөнінде жалпы қорытынды шығарылады.Жылқы экстерьерін бағалағанда, оның әрбір мүшелерін жеке жеке сипаттап кетуге тура келеді.

Енді жылқы денесінің жекелеген мүшелерінің сипаттамаларына назар аударайық:

Басы- Жылқының басы етті және етсіз ашаң деп бөлінеді.Басы етсіз жылқының қан тамырлары, көзінің алдындағы, танауының үстіндегі тамырлары жақсы білінеді.Ондай жылқылардың көзі үлкен, танауы кең, құлағы қайшыланып келеді.Сағақ арасының, яғни астыңғы екі жақ арасының кеңдігі де адамның жұдырығы сыйғандай болуы керек; сағағы тар жылқының тыныс алысы нашар болады.

Мойны-Мойнының негізгі сүйегі 7 мойын омыртқадан құралған.Бас пен мойын тұрғысының өзгеруі жылқының ауырлық түсетін жерінің ауысуына әсер етеді.

Сонымен қатар мойнының тұрқы да әр түрлі: мойын шоқтығынан қия жоғары көтерілсе, оны-биік, ал мойын көтерілмей түзу біткен болса-еңкіш дейді.



Шоқтығы-Шоқтықтың негізі-білікті ұзын сербегі бар төс сүйегі.Шоқтық бұлшық етті, биік және кең келсе, жақсы болады.Қушық, доңыз шоқтық жарамсыз, өйткені ондай шоқтықты жылқының арқасы мен иығының бұлшық еттері нашар тірек болады, әрі мұндай шоқтықтың жауырыны қысқа келеді, сондықтан ол да олқы болып саналады.

Арқасы- Кеуденін шоқтықтан бастап белге дейінгі бөлігін арқа деп атайды.Атты бүйірінен қарағанда арқаның ұзындығы (қысқа, орташа, ұзын) және сыртқы көрінісі (түзу, бүкір, қайқы, салыңқы) екені анықталады.Жылқының арқасы түзу болғаны жақсы.Ал енді арқасы бүкір, жұмсақ не салыңқы келсе, жылқының қай тұқымы болмасын оның кемшілігі көрініп тұрады.

Белі-біздің негізі арқадағы сербекті омыртқалар.Кеңдеу келіп, сауырға жалғасып кеткен бел жылқының барлық түұымдарында да жақсы саналады.Белі босаң, бұлшық еттері нашар жетілген жылқының сауыры мен белінің жалғасатын шері шұңғыр болады.Сонымен қатар мойынның тұрқыда әр түрлі: мойын шоқтығын қия жоғары көтерілсе, оны-биік, ал мойын көтерілмей түзу біткен болса-еңкіш дейді.

Салт мінетін аттар мен желгіш аттардың мойны ұзын,әрі икемді болғаны жақсы.Жылқының мойны әр түрлі болып келеді: әдемі имек мойынды –қаз мойын дейді, тамағы шоғыңқы мойынды – бұғы мойын деп атайды.



Сауыр-Мұның негізі-жамбас пен құйымшақ сүйегі.Сауыры ұзын, кең, етті болу тиіс.Сауырды-сербекті, дөңес, түзу, салыңқы деп бөледі.Сербекті сауыр ауыр жүк тартатын жылқыларда болады.

Кеуде- Кеуденің таянышты қабырға, төс омыртқа және төс сүйегі.Кеуденің кеңдігі қабырғаның ұзындығына байланысты.Қабырға неғұрлым иілген болса, кеуде соғұрлым кең болады.

Шап-Жылқының ең соңғы бұғана қабырғасынан сербекке дейінгісі –шап.Оны үлкен және кіші деп екіге бөледі.Салт мінетін аттардың шабы ұзын болғаны дұрыс.

Иық-Иықтың негізі-жауырын мен тоқпан жілік.Иықтың аласа-биік болуы жауырынның ұзындығына және еңкіштігіне байланысты.Салт мінетін және желгіш аттардың жауырыны қиғаштау және ұзын болады.Мұндай аттар ауыр жүк тартқанда көп күш жұмсайды.

Алдыңғы аяқтар-Алдыңғы аяқта-шынтақ буыны, сан, тізе, жіліншік, тұсаулық, бақай, құндыздық, тұяқ болады.Бұлардың кейбіреуіне жеке тоқталып өтейік.

Алдыңғы сан-Мұның негізгі сүйегі-кәрі жілік пен алдыңғы шынтақ, Жылқының алдыңғы аяғының бұлшық етінің нашар болуы да үлкен кемістікке жатады.

Жіліншік-алдыңғы тізе буыннан, тарамыспен өзара жалғасқан жеті сүйектен құралады.Алдыңғы тізе буыны дұрыс бітпеген жылқының тізесі бүкіш немесе маймақ келеді.Алдыңғы қарай шығыңқы біткен алдыңғы тізе буынынан-бүкіш тізе, артынан бүгіле біткен-шор тізе, буыны шығыңқы, қисық болса-алшақ тізе деп атайды.

Жіліншіктің алдыңғы жағындағы үстіңгі сіңірдің жуандауын-сүйек шығу, артқы сіңірдің жуандауын-брокдаун деп атайды.



Бақай-Жіліншікті бақаймен қосып тұратын тұсаулақтың көлемді және түзу болғаны қолайлы келеді.Бақай дұрыс болмай, сыртқа қарай шығып тұрса-алшақ, ал ішке қарай шығып тұрса-маймақ деп аталады.Мұның қайсысы болса да жылқы аяғының кемістігі.Бақайдың еңкіштігі бірқалыпты дұрыс тұруы керек.Еңкіштігі қалыпты болмаған аяқты тік бақай дейді, мұндай бақай жылқының сіңіре зардабын тигізіп, ақсайды.

Артқы аяқтар-Артқы аяқтарда-сан, шынтақ буыны, тілерсек буыны, жіліншік, шідерлік, бақай, құндыздық және тұяқ болады.

Сан-ортан жілікте.Тілерсек шідерлік арқылы санмен жалғасады.Тілерсектің негізі-тоқпан жілік пен асықты жілік.Қашан болса да тілерсек буынына көп ауырлық түседі.Бұл жылқылар жұмысқа жарамсыз болады.Мұндай жылқыларда шеккі ауруы пайда болады.Шеккі жазылмайды, мұндай аурудың тұқым қуалайтыны дәлелденген.

Артқы жіліншік сіңірлері жақсы жетіліп, білеуленіп тұрса, жақсы болғаны.

Бақай-Алдыңғы аяқтың бақайына қарағанда артқы аяқтың бақайы жалпақ келеді.

Тұяқ-Тұяқ қалыпты болса, жарықтануы мен қабықтануы болмай, теп-тегіс жалтырап тұрады.Тұяқты нашар жылқы жиі ақсайды.Жылқының тұяғы уағында қаралып, тазаланып тұрмаса, оның өсіп кетуі, қисық болуы және сол сияқты кемістіктері болуы мүмкін.



Өсу және жетілуі. Жылқы шаруашылығы өнімдерін қажетті мөлшерде өндіруді қамтамасыз етудің негізгі жолы малдың өсу және даму заңдылықтарын мән-мазмұнын жете түсіну және оларды меңгеру болып табылады.Малдың өсу және даму заңдылықтарын сипаттайтын қасиеттерінің бірі,олардың тірілей салмағы.Малдың тірілей салмағын өсіруі маңызды мәселе.Жеке малдың өсу және даму құбылыстары ішкі және сыртқы ортаның әсер етуші факторларына байланысты.

Академик А.Ф.Миддендорфтың [6] деректерінде көрсетілгендей, егерде жас төлдің тиімді өсуі кезеңінде құнарлы жем-шөппен азықтандырылса, сонда ғана жас төлдің ағзасында елеулі өзгерістер болатыны айтылған.

С.А.Богданов [5] жас малдың белгілі бір жағдайда өсу және даму қатынастары туралы ой-пікірін айта келіп, жас кезінде төлдің өсу қуаттылығын күшті екендігімен қоса, оның ағзасының икемділігін жоғары екенін білдірді, бұл әрине жас малдың ағзасының азықтандыру және өсіру жағдайларының факторларына көнгіштігін айтады.

Малдың ағзасыдағы әрбір мүше мен дене бөліктерінің жекелей өсуінде екі негізгі құбылыс байқалатыны айтылған, оның бірі ағзаның тез арада өсуі және оның өсу жылдамдығының бәсеңдеуі.Өсу және даму құбылыстары малдың тұқымдарына, түрлеріне байланысты өзіндік тиімді өсу қабілеті жоғары ұлпалар сыртқы ортамен азықтандыру факторларына өте сезімтал келеді.

Л.П.Давыдова [7] әр түрлі тұқым құлындарының жасына байланысты дамуын зерттеп, ересек жылқылардың туылғандағы тірілей салмағының жоғары болуынан екен.Ғалым практика үшін ең қызықты мәселелердің бірі деп малдың жеген жемшөп шығынын өтеу қасиетін анықтап, келешектегі ғылыми зерттеудің бағытын көрсете білу дейді.Малдың ағзасының көнгіштігі, оның өсу кезеңінде байқалады, сондықтан да малдың жас кезінде зат алмасу құбылысы жақсы жүріп, оның өсу мен даму құбылысына әсер етеді.Осыған қарай жылқы шаруашылығында көбінесе жылқылардың өсу мен жетілуін зерттеуге көп көңіл бөлінеді.

Өзінің зерттеуінде Л.П.Давыдова [7] құлындарды таза далада және далалық жерде ұстау әдісімен өсіріп, жем бере отырып, оларды жартылай қолда ұстау әдісімен өсіретін құлындармен салыстырған.Қорытындысында бірінші екі топтың құлындары кезек-кезек өсіп отырған болса, жартылай қолда ұстау әдісімен өсірілген құлындарда өсу құбылысы қысы, жазы бірдей қалыпты көрсеткен.

Табында жүрген құлындар қолда өсірілген құлындарға қараған да өте ірі, сүйекті және шыдамдылығы жоғары болады.

Ю.О.Раушенбахтың [8] деректеріне сүйенсек, қысқы уақытта құлындарды енесінен айыру кезінде, олардың тірілей салмақтары 22,6 кг-ға кемиді, жем беріліп тұрған құлынның салмағы 3,3 кг-ға салмақ қосқаны байқалған.

Жас құлындардың өсу және даму құбылысына, оларды азықтандыру және бағып-күту жағдайлары әсер етеді.

С.Рзабаев [9], Н.А.Кикебаев [10] және тағы басқалар Қазақстанның әр жерінде өсетін әр түрлі тұқымды құлындардың дамуы жыл бойы бір қалыпта өспейтінін және әжептеуір жоғарғы қалыпта өсуі сүт ему кезеңінің бірінші жартысында байқалатынын анықтаған.

И.Н.Нечаевтың [3] айтуынша құлындарда сүт ему кезеңінде қарқынды өсуін,бұл жылқы малының эволюциялық дамуындағы қоршаған ортаға бейімделу қасиеті деп санайды және мұндай биологиялық құбылыс малдың келешектегі жоғары төзімділігін көрсететінін білдіреді.Сонымен бірге автордың пікірінше, табындағы жылқылардың құлындарының біркелкі өспеуі, сыртқы ортаның әсері етуінде, соның ішінде әрбір мезгілде жем-шөппен толық қамтамасыз етілуінде.

Ю.Н.Барминцев [11], К.Г.Бақтыбаевтың [12] тұжырымында жайылымға бірінші шыққан құлындардың өсу құбылысының баяулауы,жайылым шөбінің құрамындағы құнарлы заттың жетіспеуінен дейді.Авторлар жас төлдің өсу

және даму заңдылықтары туралы пікірінде, ағзаның өсу мен дамуы жас малдың тұқымына, нәсілдік қасиетіне, тіршілік ету ортасы жайылымға, жасына және құлынныі туылған кездегі тірілей салмағына байланысты екенін айтады.Нақты тұқым ішіндегі тип, зауыттық тип, аталық іздер мен аналық ұяға жататын құлындардың жетілгіштігі туралы пікірлерін келтірмеген.

2.1.1.Жылқы тұқымын асылдандыру жұмысының негізі

Б.Р. Әкімбеков, Б.М.Мүслімов, А.Р.Әкімбеков, Ш.Д.Дәленов [13] деректерінде Жылқы тұқымын асылдандыру жұмысының негізі-қажетті мол өнім беретін малды таңдап алу,солардың ішінен дұрыс аталық және аналық жұп құру арқылы өнімі бұрынғыдан да мол жаңа ұрпақ алу.Осы бір ақиқат қағиданы іс жүзінде асыруға қажетті кепілдің бірі – өсіретін жылқының өнімділік белгілерінің тұқым қуалаушылық заңдылығын жете білу.

Қазіргі генетика ғылымының жетістіктерін селекция жұмысында дұрыс пайдалану үшін сұрыптау жүйесіне енген белгілерді негізінен сапалық белгі және сандық белгі деп екі топқа бөледі.Сапалық белгілерге өзіндік сырт өзгешелігі өте айқын, сөз жүзінде ақ толық анықтама беруге болатын жылқының өнімдік немесе биологиялық қасиеттері жатады.Мысалы, жылқыда сапалық белгілерге оның түсуі, қан группалары, қан сарысуындағы белоктың түрлері, кейбір анатомиялық ерекшеліктері (құлақ пішіні, крипторхизм, сүйектегі өзгерістер) және т.б жатады.

Сапалық белгілердің өзгергіштік қатарын жасасақ, ол қатар бір-бірінен алшақ тұрған өзгергіштік кластардан тұрады.Сандық белгілерге тән ерекшілік оларды толық сипаттау үшін белгілі бір өлшем жүйесінде өлшеудің қажеттігі.Сандық белгілердің өзгергіштік қатарын құратын болсақ, ол үзіліссіз қатар болады.Қатар тұрған екі кластың шекарасы өлшем бірлігі кішірейе берген сайын жақындап жоққа тән болады.Қатар тұрған екі кластың шекарасы өлшем бірлігі берген сайын жақындап жоққа тән болады.Сандық белгілерге жылұының шаруашылыққа пайдалы қасиеттерінің басым көпшілігі жатады.Мысалы, жылқының салмағы, еттілігі,3 төлдегіштігі, жетілгіштігі, жүдегіштігі, сүтінің майлылығы т.б. сандық белгілерге жатады.

Сапалық және сандық белгілердің генетикалық табиғатында, тұқым қуалаушылығында,өзгергіштігінде , өсу және даму процестерінде, өзіндік ерешеліктер бар.Сапалық белгі мал туғаннан кейін көп өзгеріске ұшырамайды, оның дамуына сыртқы ортаның әсері тимейді деседе болады.Сапалық белгілерде көпшілігінде аз ғана гендер басқарады.Көзбен көретін, өлшеуге болатын, химиялық немесе физикалық тәсілмен анықталатын сандық және сапалық белгілер жиынтығы генетика тілінде фенотип деп аталады.Сонымен фенотипке жылқының өім көрсеткіштері,мысалы,салмағы,сүттілігі,еттілігі және дене мүшелерінің физтологиялық немес бтологиялық көрсеткіштері жатады.Селекцияға қажетті келесі генетикалық ұғым-генотип.Генотип деп ұрпақтан-ұрпаққа тұым қуалайтын заттардың яғни гендердің жиынтығын айтамыз.Генотиптің басты айырмашылығының бірі-оның негізінде тұрақтылығы.Жылқының тұқымын асылдандырудың малды сұрыптап, жұп таңдау қажеттілігі олардың бір-бірінен (фенотипі мен генотип бойынша)айырмашылығ болуында.Фенотипі мен генотипі бірдей екі мал кездеспейді деседе болады.Нақтылы фенотип генотиппен сыртқы ортаның бірлескен әсері негізінде түзеледі.Жақсы генотиппен қолайлы сыртқы ортаның жағдайында жақсы фенотип пайда болады, ал сыртқы орта қолайсыз болса орташа немесе нашар фенотип пайда болуы мүмкін.Нашар генотиптен қолайлы сыртқы орта болса орташа фенотип пайда болады.Қайсібір белгілерге генотиптің әсері басым болса, екінші белгілерге сыртқы орта күштерге әсер етуі мүмкін.Мысалы тайдың бағып күтуін күрт жақсартатын болсақ, оның салмағы сандық белгілері бірден өзгерер еді, ал түсі сапалық белгі бір қалыпты қалады.Нақтылы бір белгіні басқаратын тұқым қуалайтын затты –ген деп атайды.Осы гендер екі буынның (ата-ене мен ұрпағының) арасындағы генетикалық байланысты қамтамасыз етеді, яғни ата –енеден ұрпағына гендер беріледі.Келесі ұрпақ кез-келген белгі бойынша қажетті гендерің бірін атадан,екіншісін анадан алады.Гендер ұрпақтан-ұрпаққа хромосомдар арқылы беріледі.Қазіргі уақытта бір түрдің малында хромосомдар санының тұрақтылығы және олардың дене жасушаларында жұп,жыныс жасушаларында тақ күйінде кездесетіні анықталған.Мысалы,жылқы малында 66 хромосом болады ,яғни айғыр мен биенәі дене жасушалары 66 хромосомнан,ал жыныс жасушалары тек 33 хромосомнан тұрады.Ядроларында 33 хромосом бар аталық және аналық жыныс жасушалары қосылғанда зиготада қайтадан жылқы малына тән қажетті 66 хромосом түзіледі.

Сапалық белгілердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтарын тексеріп, оларды жылқы тұқымын асылдандыру жұмысында пайдалану үшін Г.Мендельдің генетикалық зерттеу тәсілдерін,заңдылықтарын білу керек.Г.Мендель біріншіден, организмдерде нәсілдік қасиетті сақтайтын зат жұп күйінде кездесетіндігі туралы,ал жыныс жасушасында әр жұптан тек бір өкіл болатын және сол нәсілдік заттың өзгермейтіндігі «таза» күйінде қалатындығы туралы биологияда алғаш рет пікір айтты.Қорыта айтқанда, Г.Мендельдің жұмыстары белгілердің тұқым қуалауында тұрақты заңдылықтың барлығын будандастырылатын организмдердің генотипін біле тұра, олардан алынатын ұрпақтардың белгісін болжауға болатындығын көрсетті.

1.2.2Жылқы шаруашылығында нәсілдік қасиеттері бойынша алдын ала бағалау

Жылқының өсіп-жетілуіне оның нәсілдік негізі (генотипі) мен сыртқы жағдайлар әсер етеді.Іс жүзінде тек тұқымдық қасиеті немесе тек сыртқы ортаға ғана әсер ететін белгісін табу қиын.Шындығында жылқының генотипі оның өсу бағытын, қарқын мүмкіншілігін, сыртқы жағдайдың байланысты.Жеке жылқының нәсілдік қасиеті (генотипі) оның зигота күйінде болған уақытында анықтайды.Нәсілдік қасиет жылқының өсу ерекшеліктерінің бағыт-бағдарын, қарқын мүмкіншіліктерін, өсуге әсерін тигізетін ағзаның ішкі күштерінің ішкі секреция бездері жүйке жүйесінің қызметтерін реттейді.Ішкі секреция бездерінің ішінде жылқының өсіп жетілуі үшін қалқан, гипофиз және жыныс бездері қызметінің рөлі өте үлкен.

Қалқанша без ағзаның минерал,белок және су алмасу жұмыстарын реттейді. Ол құрамында йоды бар физиологиялық ынталандырушы гормондар (тироксин және т.б) түзеді.Егер бұл бездің қызметі әлсіреп, гормондары жетіспесе, жылқының бойы өспейді, ергежейлі болып қалады.Гипофиз өндіретін гормондар саны 1

-нан астам.Мысалы, өсу гормоны-саматотропин жыныстық жетілуді басқаратын пролон және сүттің пайда болуын реттейтін пролактин сияқты гормондар түзеді.Егер гипофизді алып тастасақ малдың өсу тежеліп,денеге май түзілуі күшейеді, жыныс мүшелері сөніп-солып қалады.

Жыныс бездерінің өсуге әсерін түсіну үшін, сақа айғыр мен пішілген аттың денесін салыстырсақ жеткілікті.Жылқының өсіп жетуіне сыртқы ортаның әсер етуіне ешкімнің күмәні жоқ. Сыртқы орта жағдайларына азықтандыру,жаттықтыру бағып күту және табиғи ауа райы жағдайлары жатады.

Ч.Дарвин (1809-1882) органикалық дүниенің эволюциялық дамуында, тірі ағзаның жаң түрлерінің, жаңа тұқымдық топтардың пайда болуында сұрыптаудың шешеуші күші барын анықтады.Ол сұрыптау, тұқым қуалаушылық және өзгергіштік бірге қосылып, эволюйияның негізгі қозғаушы күшін құрайтындығын дәлелдеді.Өзгергіштік әр ұрпақта онша көзге көрінбейтін, ұсақ, пайдалы жаңа нәсілдік қасиеттерді жинақтап,белгілі бір арнаға түсіріп отырады.Сөйтіп тіршілік түрлері бірте-бірте өзгеріп дамып отырады.Ч.Дарвин сұрыптауды негізінен екі түрге бөлді:табиғи сұрыптау және қолдан сұрыптау.

Әр түрлі тарихи дәуірлерде жылқы тұқымдарына қойылған талаптарға байланысты олардың түрлері заман сұрауына қарай өзгеріп отырды.Мысалы, орта ғасырдағы мініс жылқыларының дене бітімі және жұмыс қабілеті қазіргі жылқы тұқымдарынан көп өзгешелігі байқалады.

Қазақстанда қазіргі заман тілегіне сай интенсивті жылқы шаруашылығын ұйымдастырудың басты кепілінің бірі-өсіріп отырған жылқы тұқымын қоғамның дамуына сәйкес ұдайы жақсарту,қажет болса жаңа жылқы тұқымдарын шығару.Мал шаруашылығының барлық саласындағы сияқты3, құны сайып келгенде өсіріп отырған жылқы тұқымына тікелей байланысты.Міне, осы тұрғыдан жылқы тұқымын асылдандыру жұмысын ұйымдастыру тікелей қолға алып, бұл үшін шаруашылықтарда тиісті жағдай жасау-барлық шаруашылық басшыларының мал мамандарының ең басты міндеті болып саналады.

Селекциялық-асылдандыру жұмысын ұйымдастырғанда алға қойылатын негізгі мақсат-жылқының нәсілдік және өнімдік қасиеттерін адам өз тілегіне қарай өзгертіп,дамытып отыру, жылқыдан тұрақты, неғұрлым сапалы мол өнім алу.Бұл сияқты селекцияның творчестволық сипаты жылқының тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне негізделген.Ал тірі ағзаларға және тұқым қуалаушылықпен өзгергіштігі тексеретін генетика ғылымы екені баршаға белгілі.Сондықтан жылқы тұқымын асылдандыру жұмысын генетика ғылымының жетістіктеріне, тиянақты заңдылықтарына сәйкес жүргізу – оны интенсивтендірудің нәтижелігін арттырудың алғы шарттарының бірі.


Х.Ә.Әубәкіров, К.И.Дүйсембаев, Н.НӘлібаев А. Қошамбеков, А.Қ. Қарынбаев [15] Кесте 1-Нәсілдік қасиетті (геноипті) бағалау шкаласы (профессор Х.Ә.Әубәкіров бойынша)

Белгілер


Балл

Бағалантын жылқының қандылығы;




Таза қанды немесе 4-ші буын

3

3-ші буын

2

2-ші буын

1

1-ші буын

-

Атасының қандылығы




элита

3

1 класс

2

2 класс

1

Енесінің қандылығы




элита

2

1 класс

1

2 класс

-

Келтірілген үш белгінің әрқайсысы,бағаланатын жылқының қандылығы, атасының кластылығы , енесінің кластылығы-тиісті балл арқылы бағаланған соң, бұлардың қосындысы бонитировкалатын жылқының жалпы генотиптік бағамын көрсетеді.

Егерде таза қанды жылқның атасы немесе енесі чемпион болса,бұл малдың жалпы генотиптік бағамына, әр ата-енесі үшін бір балдан қосылады.

1.2.3.Жылқының ұрпагының сапасы бойынша бағалау

Ұрпақ сапасы бойынша бағалау жұмыстары алынған төлдердің кластылығын айқындау жолмен анықталады: айғырлар үшін бағаланатын ұрпақтарының саны 10-нан кем болмауы, ал биелер үшін-екі ұрпағының кластылығы белгілі болуы қажет.

Х.Ә.Әубәкіров, К.И.Дүйсембаев, Н.НӘлібаев А. Қошамбеков, А.Қ. Қарынбаев[15] Алынған ұрпақтың әрқайсысы келесі 2-ші кестеде берілген шкала бойынша бағаланып, бағаланған балдың жалпы қосындысы анықталған соң, ол осы топтағы ұрпақ санына бөлінеді.

Кесте 2-Ұрпақ сапасы бойынша бағалау шкаласы.( профессор К.И.Дүйсембаев бойынша)

Белгілер

Еркектері

Ұрғашылары

Балл

Ұрпақтың сапалық құрамы

Элита класы

1-ші класты

2-ші класты

Пайдалануға арналған


9


7

5

-



8

6



4

-

Егерде ұрпақтарында тұқым бойынша чемпиондар кездессе, немесе зауыттық маңызы бар айғырлар болса,ұрпақ сапасы бойынша алынған жалпы бағамға, әрбір белгі үшін және бір баллдан қосылады.

1.2.4.Жылқы өсіру әдістер.

Жылқы тұқымын жақсарту, асылдандыру жұмыстары жылқы өсіретін барлық шаруашылықтарда жүргізілуі тиіс.Ал жылқы әрі жүйрік,әрі жұмысқа шыдамды болу үшін оны жақсы азықтандырып, күтумен қатар, сыеау, асылданыдыру жұмысын дұрыс бағытта жүргізе білудің маңызы зор.

Жер жағдайы бірдей, жылқыны азықтандыру мен күтіміне айырмашылық жоқ,бір тұқымды жылқы өсіріп отырған екі шаруашылықтың жылқы өсірудегі нәтижесі, экономикалық көрсеткіші мал тұқымын асылдандыру жұмысының дәрежесіне байланысты әр түрлі болып келетіні жиі кездеседі.Жылқы тұқымын асылдандыру жұмысының өі әр шаруашылықта халық шаруашыоығының қажетінен туындайтын мемлекеттік жоспарды басшылыққа ала отырып,сол жердің табиғи жағдайы мен шаруашылық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жылқы шаруашылығының негізгі бағытын белгілеуден басталады.

Қазақстанда жылқы шаруашылығы негізінде үш бағытта өркендеп келеді.Олар: асылтұқымды және спорт жылқысы,жұмысқа қолданылатын көлік жылқысы, етті-сүтті жылқы шаруашылығы.

Қазақстанда жылқы саны,,өнісінінің үлесі,бағатын аймағының көлемі жағынан тебінде өсірілетін жергілікті қазақ жылқысын өсіру шаруашылығы бірінші орын алады.

Жылқы өсіру әдістері.Жылқы тұқымын асылдандыру ісінде сол шаруашылыққа лайықты өсірілетін жылқы тұқымын белгілегенмен кейінгі негізгі мәселе - жылқы өсірудің неғұрлым тиімді әдісін таңдай білу.Жылқы шаруашылығында шағылыстырылатын атаылқ және аналық жылқылардың тұымына байланысты жылқы өсіру әдісін екі түрге бөледі.Олар- таза тұқым өсіру және будандастыру.Егер бір жылқы тұқымын шағылыстырып өсіретін болсақ, оны таза тұқым өсіру, яғни таза өсіру деп атайды.Бұл әдісті асылтұқымды жылқы шаруашылығында бағалы жылқы тұқымдарын одан әрі жетілдіре түсу үшін өолданылады.Будандастыру әдісі деп-тұқымдары бөлек жылқылардан (екі түрлі жылқы тұқымын бір-бірімен) шағылыстыруды айтамыз.Ал бұдан алынған құлынды будан дейді.Будандастырудың өзі алға қойылып отырған мақсатқа және тиісьі нәтижесіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.Жылқы шаруашылығында кәзіргі будандастырудың мынандай түрлері қоладанылып жүр:сіңіре,өндіре,қан араластыру арқылы кезекпен және өнеркәсіптік жолмен будандастыру.

Таза тұқым өсіру.Жылқы өсірудің бұл әдісі-асылтұқымды жылқы шаруашылығынад тұқымдық мал өсіру үшін қоданылады.Себебі, бір тұқымның жылқылары өзінің өнімдік бағыты мен мөлшері, жалпы биологиялық және нәсілдік қасиеттері жағынан бір бағытта жүргізілетін көп жылғы сұрыптау, жұп таңдау жұмыстарына және тегінің бірлігіне байланысты бір-бірімен көптеген ұқсастықтары болады.Осыған орай, оларды шағылыстыру отырған жағдайда бұл ұқсастық ұрпақтан-ұрпаққа көшіп көбейе береді, оларың өздеріне тән биологиялық және шаруашылыққа тиімді қасиеттерінің ұрпақтарына көшу қабілеттілігі арта түседі.Мұның негізінде, яғни жылқы тұқымын таза өсірген түұым қуалаушылық , нәсідлдік қасиеттірінің гомозиготтық дәрежесінің көбейе түсетінін көреміз.Мысалы,араб жылқысының айғыры тек сол тұқымының биелерін қашырады.Алайда, таза өсіру әдісін қолдануды тек сол тұқымының барлық белгілерін сақтауға тырысу деп түсінуге болмайды.Жұптастыру үшін жылқының бір тұқымының ішінен еі жақсы дегендерін таңдай отырып, ол тұқымды бұдан былай да жетілдіре беру жағын көздеу керек.Мұндай әдіс асылтұқымды жылқы зауыттарында, асыл тұқымды шаруашылық фермаларында қолдануға тиіс.Бірақ оны бір жылқы зауытында ұзақ уақыт қолдануға болмайды.Мұның өзі сол тұқымның нашарлануын алып келеді.Сондықтан мұндай жағдайды болдырмау үшін басқа шаруашылықтардын айғыр алып, қан арластырып жаңартып отырған жөн.Кезінде әйгілі «Восход», «Луговой»,тағы басқа асылтұқымды жылқы зауыттары тек таза тұқымды өсіру арқылы жылқы малы жақсартып, керемет сәйгүліктер өсірді.Мысалы, «Восход» асылтұқымды зауытында туып өсірілген тобылғы торы Анелин таза текті салт мінетін тұқымының айғыры 1965-1966 және 1967 жылдары Кель қаласында үш дүркін европа жүлдесін жеңіп алған.Ал Луговой жылқы зауытындағы ахалтеке тұқымының Абсент деген сұлу қара айғыры республикамыздың ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы болды.Ол Римде өткізілетін олимпиада да алтын жүлде алғаны, ал Мехикода ғсырымыздың алдыңғы сәйгүлігі аталғаны бәрімізге мәлім.

Таза тұқым өсіру әдісінің табысты болуы мына төмендегі басты шарттарға байланысты болады:

1.Өнім беруі сол шаруашылықтың бағытына, ал биологиялық қасиетері жергілікті жер жағдайына, ауа райына сәйкес келетін жылқы тұымын таңдай білу.

2.Берілген жылқы тұқымының тиімді әрі ұнамды типін таңдап алу.

3.Өзінің өнімділік және тұқымдық қасиеттері жағынан негізгі мақсатқа сай келетін малдардың ең жақсы түрлерін жүйелі түрде сұрыптап өсіру.

4.Іріктеп алынған жылқылардан бір-біріне неғұрлым лайықты аталық және аналық жұптарын топтастыру, яғни жұп таңдау.

5.Жылқы тұқымының биологиялық ерекшеліктері мен өнімділік қасиеттерінің толық дамуына қолайлы болатындай мал азықтандыру , бағып-күту, машықтандыру жағдайын жасау.

Таза тұқым өсіру әдісінің табысты болуы күрделі аталқ із өсіруді пайдалана білуге байланысты.

Аталық із арқылы линиялап өсірудің мәні мынада, яғни жылқы тұқымын өнімділік және нәсілдік қасиеттеріне қарай топтарға бөліп, оларды жылқы тұқымын өнімділік жақсарту мақсатында ретті пайдалану.Жылқы шаруашылығы тәжірибесінде бұл топтарды аталық із зауыттық линия, аналық ұя деп атайды.Аталық із деп өнімі мол тұқымдық айғырдың шаруашылыққа пайдалы тамаша қасиеттері жағынан өзіне ұқсас ұрпағын айтамыз ал аналық ұя деп, осындай аналық бастан тараған ұрғашы ұрпақты айтамыз.Жылқы тұқымын асылдандыру тәжірибесінде негізінен аталық ізбен жұмыс жүргізіледі.Зауыттық аталық із жасау, шаруашылыққа пайдалы тамаша қасиеттері бар айғырлар іріктеп алып, олардың бүкіл ұрпағын мұқият тексеруден басталады.

Аталас өсіру-мұнда бір үйір жылқы бір айғыр тұқымынан тарайды.

Туыстас өсіру туыс малды жұптастыру арқылы өсіргенде өзара туыс мал шығарылады.Туыстық жақын немесе алыс болуы мүмкін.

Будандастыру – малдың тұқым қуалайтын белгілерін тез өзгертудің барынша тиімді әдісі ғана емес, сонымен бірге, жаңа мол өнімді тұқымдар шығарудың да тиімді әдісі. Будандастыру малдың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне тікелей әсер ететін, адам баласының ежелден қолданып келген тәсілі. Ф. М. Мухамедгалиевтің [16] пікірінше бұлардың негізінде будандастыру арқылы алынған ұрпақта, гетерозиготалықтың күшеюі, соның нәтижесінде белгілердің комбинативтік өзгергіштігінің көбеюі жатыр. Соңғы жағдай жоғырыда айтқан мал тұқымын шығаруға мүмкіншілік туғызды.

Будандастыру мал өсіруде өте кең таралған тәсіл. Қазіргі уақытта будандастыру деп белгілі бір мақсатпен екі мал тұқымы өкілдерін шағылыстыруды, сонымен қатар будандарды өзара немесе басқа топтармен шағылыстыруды айтады. Будан деп екі тұқым өкілдерін шағылыстырудан туған малды атайды.

Будандастыру – малдың тұқым қуалайтын белгілерін тез өзгертудің барынша тиімді әдісі ғана емес, сонымен бірге, жаңа мол өнімді тұқымдар шығарудың да тиімді әдісі.

Ф. М. Мухамедгалиевтің[17] айтуынша будандастырудың табысқа жетуі бастапқы тұқымдарды дұрыс таңдай білуге, будандастырудың мақсаттары мен түріне; ұрпағының қасиеттеріне қарай тексерілген жақсы аталықтарды жұптастыруға; будан мал үшін жақсы азықтандыру және күтіп-бағу жағдайлрын жасауға байланысты.Жылқыны будандастырғанда көрінетін негізгі қасиет-мұнда екі тұқымға тән ерекшеліктер қосылып,жаңа сапа пайда болды.Мұндай будандар өте мықты,өнімді ,өскелең келеді. Н. А. Кравченконың [18] айтуынша Орта ғасырлардың өзінде-ақ Батыс Еуропаға шығыс жылқылары кеңінен ене бастаған, сөйтіп олар жегілетін және салт мінетін жылқылардың бастамасы болған. Бұдан сәл ертерек Испанияда будандастыру жергілікті қылшық жүнді қойларды жақсарту үшін қолданылды, оларды мериностармен жұптастырған. Қ. Н. Бегімбеков, А. Ә. Төреханов, Ә. Б. Байжұмановтардың[19] айтуынша будандастырған уақытта гетерозиготтылықтың күшеюіне байланысты будандарда гетерозис атты биологиялық құбылыс жиі кездеседі. Гетерозистік құбылыс деп будандардың аталық және аналық тұқымдардан өнімі жағынан басымдылығын айтады. Өндірістік мал шаруашылықтары үшін маңызы зор.

А. И. Ерохин, А. Л. Солдатовтардың[20] пікірінше будандастырудың әр түрлі жолдарын пайдалану арқылы мына төмендегі зоотехниялық мәселелерді шешуге болады:

1. Өнімі төмен жергілікті мал тұқымын тез арада түбегейлі өзгерту; 2. Өсіріп отырған мал тұқымының кейбір кемшіліктерін қысқа мерзімде жақсарту;

3. Жаңа мал тұқымын шығару;

4. Гетерозис құбылысын барынша пайдалану.

Мал тұқымдарын будандастыруда көздеген мақсатқа жететін нәтижеге байланысты будандастыру мынадай бес түрге бөлінеді:

- Сіңіре будандастыру ;

-Өндіре будандастыру;

-Қан алмастыру;

-Кезек будандастыру;

-Өнеркәсіптік будандастыру;

Сіңіре будандастыру әдісі-нашар жылқының тұқымын жақсарту мақсатында қолданылады.Мұнда асыл тұқымды айғырлар мен нашар жылқы тұқымы бірнеше ұрпағына дейін шағылыстырып,жоғары сапаға жеткізіледі. З. С. Никоро, Г. А. Стаканның [21] айтуынша: «Бұл әдістің артықшылығы өнімі төмен жергілікті тұқымның қысқа мерзімде көп шығынсыз іске асыруға болатындығы» - деп тұжырымдады.

Өндіре будандастыру әдісі-екі немесе бірнеше тұқымды малдарды пайдалану арқылы жаңа тұқымды жылқылар шығарылады. А.И.Овсяниковтың [22] мәлімдеуінше, ол бұл тәсілді жүргізудің бірнеше жолын ұсынды:

1.Алынатын жаңа мал тұқымының дене бітімін, өнімділік ерекшеліктерін нақты анықтап алу қажет.

2.Будандастырылатын мал тұқымдарын, олардың ұнамды өкілдерін таңдап және жұмыс жүргізілетін шаруашылықтарды белгілеу. Будандасытырылуға қатысатын мал санын байланысты анықтау. Олар қарапайым және күрделі болуы мүмкін.

3.Будандастыруыдың жалпы жүйесі алдын ала жасаланады. Мұнда олардың будандарын алу және оларды пайдалану тәртібі нақтылы белгіледі.

4.Алынған тұқымдарды бекіту. Оған өзара шағылыстыру арқылы жасаланады.

5.Болашақ мал тұқымының нәсілдік құрылымын қалыптастыру – өзіндік генотиптік және фенотиптік ерекшеліктері бар, бір – брімен туыстық қатынасы жоқ, кем дегенде 5-6 аталық із және 1-2 аналық ұя құру. Н. Ф. Ростовцевтің пайымдауынша[23] зауыттық будандастырудың мақсаты мен мәні-жаңа тұқымды, яғни бастапқы тұқым белгілерінің бағалы комбинацияларымен және басқа да қажетті қасиеттерімен жануарларды шығару. Әдіс үлкен күрделілігімен, еңбек сыйымдылығымен ерекшеленеді және басқа будандастыру әдістерімен салыстырғанда нәтижелілікті болжауға қатысты аса қауіпті болып табылады. Ол асыл тұқымды кәсіпорындар мен селекциялық-гибридтік орталықтардағы ғылыми мекемелер, жоғары білім беру мекемелері өкілдерінің басшылығымен әзірленеді және жүзеге асырылады. Қатысушы тұқымдардың санына байланысты қарапайым (екі тұқым) және күрделі (үш тұқым және одан көп) зауыттық будандастыру болып бөлінеді.

Қан алмастыру әдісі-жылқы тұқымындағы кейбір кемістіктерден арылту үшін қолданылады және де мұнда тұқымдық типімен дене құрылысы көп өзгермейді. «Бірінші буынды будандарда кейбір жағдайда табынға ұрғашы малдарды, ал екіншісінде негізіне еркек малдарды қалдырады. Бірінші буында еркек малдарды пайдаланудың кейбір артықшылықтары бар. Еркек малдарды алу үшін ұрғашы мал әлдеқайда аз қажет, демек, олардың жоғары сапасын таңдау мүмкіндігі бар. Бұл будандастыруды айтарлықтай арзандатуға мүмкіндік береді» - деп жазды Н. Ф. Ростовцев, И. И. Черкашенко[23].

Кезек будандастыру әдісі –үш жылқының тұқымы кезек-кезек ауыстырылып будандастырылады. Л. К. Эрнест, В. Т. Гориннің [24] пікірінше өнеркәсіптік будандастырудағыға қарағанда кезек (ауыспалы) будандастыруда аналықтардың бір бөлігін тұқымға қалдырып, олардан жануарлардың тағы бірнеше ұрпағын алуға тырысады. Әрбір келесі буындық ұрғашы будан ұрпакқа таза тұқымды аталық малды тұқымын ауыстыра отырып жұптастырады, яғни будан аналықтарды олардың әкелерінің тұқымына туыстық жақындығы жоқ басқа таза тұқымның аталықтарымен жұптастырады.
Кезек будандастырудың қай түрінде болмасын екінші ұрпақтан бастап алынған төлдің енелері будан, ал аталары әр уақытта таза тұқым (белгілі бір кезекпен) болып отыр. Осының нәтижесінде әр ұрпақта бірінші-екінші ұрпақтағыдай біршама жоғары дәрежеде гетерозиготалықтың (будандастыруға қатысқан тұқымдар қанының әр түрлілігі) болуына байланысты будандарда бірнеше буындық ұрпақ бойына гетерозис құбылысы сақталады.
Кезек будандастыру да қатысқан мал тұқымдарының санына байланысты қарапайым (екі тұқым қатысса) және күрделі (үш-төрт тұқым қатысса) деп екіге бөлінеді.

Л. К. Эрнест, Н. А. Кравченконың [25] aйтуынша кезек будандастырудың сәтті болуы үшін өндірістік будан-дастыруға байланысты айтылған шарттарды толық басшылыққа алу қажет.

T. C. Садықұлов, Т. К. Бексейітовтың [26] пікірлерінше кезек және өндірістік будандастыруларға ортақ қатысы бар соңғы жаңалықтарға олардың сәтті болуы үшін будандастыруға қатысатын мал тұқымдарының жалпы үйлесімділігі емес, жекелеген аталық із бен аналық ұя арасындағы үйлесімділіктің маңыздылығы жатады. Осыған орай, әсіресе құс және шошқа өсіруде белгілі бір тұқымнан инбридинг жолымен шығарылған арнайы аталық із өкілдерін сондай жолмен шығарылған екінші тұқымның аналық ұясының өкілдерімен будандастыру кең өріс алып отыр. Бұл тұрақты гетерозистік будан алуды қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптік будандастыру әдісі көбіне малдың өнімділігін арттыру мақсатында бір рет қолданылады.Бұл әдіс гетерозис құбылысына негізделген.Көбінесе молырақ ет алу мақсатында қолданылады. Ш. Н. Зарпуллаевтың[27] пікірінше «Өнеркәсіптік будандастырудың қай түрі де бір қарағанда оңай іс сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде бұл әдістің де қыры, сыры мол. Біріншіден, өнеркәсіптіқ будандастырудың тиімділігінің негізгі себебі — гетерозис құбылысының көрінуі. Оның құпиясы әлі толық шешіліп болмаған мәселе». Қазіргі уақытта оның мәнін түсіндіруге ұсынылған, генетика пәнінен белгілі бірнеше теория бар.


Қорытынды

Жылқы малының көлік, жұмыс, ат спортында пайдалануымен бірге қазақ халқы үшін ет пен сүт (қымыз) өндірудің көзі ретінде саналатыны баршамызға аян.Соңғы жылдары мемлекетімізде өнімділік бағытында өсірілетін жылқы санын көбейту және оның сапалық көрсеткіштерін арттыру мәселесі көтерілуде.Сондықтан азықтық балансының 70% жайылым шөбінен тұратынын ескере отырып, үйірлі жылқы шаруашылығын дамытудың, және бұл мақсатта нақты экологиялық аймақтарға бейімделгенжергілікті жылқы тұқымдарын жетілдіру жұмыстарның пайдасы мол болмақ.Олай болса, мал шаруашылығының басқа салаларымен бірге,ет –сүт өнімдерін өндіруге бағытталған үйірлеп бағылатын жылқы шаруашылығын өркендетуге де, басқа назар аударылуы қажет.Бұл тұрғыдан жылқы шаруашылығының ішкі резервтерін толық пайдалануда және осы түліктің өнімділік көрсеткіштерін арттыру мақсатында, технологиялық үдерістерге негізделген іс- шаралар жүйесінен қалыптастыру қажеттілігі туындайды.Осы мақсатта атқарылатын жұмыстар қатарында жылқыларды күтіп-бағу, азықтандыру мәселелерін жақсартып, сапалы және жоғары өнімділікке қол жеткізу, тұқым асылдандыру бағытындағы селекциялық жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастырудың маңызы зор болмақ.

Жылқының конституциялық типі оның табиғатындағы нәсілдік қасиеттеріне сыртқы ортаның азықтандыру, бағып-күту мен ауа-райы жағдайларының әсерінің нәтижесінде қалыптасады.Сондай-ақ жылқының экстерьері мен дене бітімін де конституциялық тип деп айқындайды.Бірақ олар экстерьер, конституция сияқты организмнің функциясын айқындамайды.Сондықтан да жылқының конституциялық типі тұқымдық қасиеті мен өнімділігін айқындайтын фактордың бірі болып табылады.Міне,осы заңдылықтан келіп, асыл тұқымды малға селекция жұмысын жүргізгенде олардың конституциялық типіне баса назар аударылады

Зоотехния ғылымының көрнекті ғалымдары П.Кулешов пен Е.Богданов жылқының функциялық, экстерьерлік өнімділік ерекшеліктерін зерттей келе, 5 түрлі-сөлекет,нәзік,ашаң,қағылез,босаң-конституциялық типін айырады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1FAO Bulletin of Statistics Vol.4 No.1-2012

2 http://faostat.fao.org.

Жылқы шаруашылығы: Оқулық, Б.Р.Әкімбеков, Б.М.Мүслімов, А.Р.Әкімбеков, Ш.Д.Дәленов.-Қостанай; «Костанай полиграфия», 2007 ж.-256 бет

2 Қ.Ш.Нұрғазы.Мал шаруашылығы.-Алматы: «Дәуір»,2007.-400б.

3 Нечаев.И.Н.Мясное коневодство.Алматы: «Кайнар»,1975-133 с.

4 Кулешов П.Н Выбор лошадей, скота, овец, свиней.-М., 1937.-317 с.

5 Богданов С.А. Типы телосложения сельскохозяйственных животных и их значение.-М.:1923.-С.311

6 Миддендорф А.Ф. Пояснение выражений, касающихся основных начал коневодства// Коневодство, 1867.№3.-С.93-10

7 Давыдова Л.П.Особенности содержания и кормления лошадей при табунном коневодстве//Книга о лошадей7-М.:Сельхозгиз, 19527-№4.-С.1-7.

8 Раушенбах Ю.О.Влияние техники отьема жеребят на развитие и состояние//Научный опыт. -М., 1936.-С.36.

9 Рзабаев С.Особенности роста и развития казахской породы типа джабе и кушумской породной группы// Тр.Актюбинской с.-х. Опытной станции.-Алма-Ата: Кайнар,1970.-С.73-88.

10 Рзабаев С.Особенности роста и развития казахской породы типа джабе и кушумской породной группы// Тр.Актюбинской с.-х. Опытной станции.-Алма-Ата: Кайнар,1970.-С.73-88.

11 Барминцев Ю.Н.Казахская лошадь типа джабе и перспективы ее развития//Коневодство.-М.,1954.-№5.С.6-10.

12 Бахтыбаев К.Д.Возраст кастрации и мясная продуктивность жеребчиков в условиях Центрального Казахстана//Афтореф. ..диис.канд.с.-х.наук.-Алма-Ата,1972.-25 с.

13 Жылқы шаруашылығы: Оқулық, Б.Р.Әкімбеков, Б.М.Мүслімов, А.Р.Әкімбеков, Ш.Д.Дәленов.-Қостанай; «Костанай полиграфия», 2007 ж.-256 бет

14 Б.Р.Әкімбеков, Б.М.Мүслімов, А.Р.Әкімбеков, Ш.Д.Дәленов.-Қостанай; «Костанай полиграфия», 2007 ж.-256 бет

15 Х.Ә.Әубәкіров, К.И.Дүйсембаев, Н.НӘлібаев А. Қошамбеков, А.Қ. Қарынбаев «Оңтүстік өңірінде жылқы шаруашылығын дамытудың технологиялық негіздері» -Тараз, 2011.-129б.

16 Мухамедгалиев Ф.М. «Очерки по общей биологии сельскохозяйственных животных с основами генетики». – Алматы, Ғылым, 1970. – 320

17 Мұхамедгалиев Ф.М. «Актуальные проблемы частной генетики сельскохозяйственных животных». – Алматы, Ғылым, 1981. – 340 с.

18 Кравченко Н.А. «Разведение сельскохозяйственных животных». – М.Колос, 1985. – 410 с

19 . Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция, Алматы, 2006ж. – 592б.

20 Ерохин А.И., Солдатов А.Л. және т.б. «Инбридинг и селекция животных». – М.Колос, 1974. –240 с.

21 Никоро З.С., Стакан Г.А. және т.б. «Теорические основы селекции животных. – М., Колос,1968. – 380 с.

22«Основы опытного дела в живот-нодстве». – М. Колос, 1976. – 290 с.

23 Ростовцев Н.Ф., Черкашенко И.И. «Промышленное Скрещивание в скотоводстве». – М.,Колос, 1971. – 360 с.

24 Эрнст Л.К., Горин В.Т. және т.б. «Создание новых сельскохо- зяйственных животных». – М.Агропромиздат, 1987. – 385 с.

25 Эрнст Л.К., Кравченко Н.А. және т.б. «Племенное дело в животноводстве». – М. Агропромиздат, 1987. – 320 с

26 Садықұлов Т.С.,Бексейітов Т.К. «Мал өсіру және селекция».-Алматы, 2011. – 447



27 Зарпуллаев Ш.Н. Что дает промышленное скрещивание // Овцеводство. -М., 1988. -№5. -С.36-38

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет