«Қазіргі заманғы батыс философиясының негізгі бағыттары»



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі28 Kb.
#89464
  1   2
Байланысты:
БАОӨЖ 7апта фил


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БАОӨЖ
Тақырыбы: «Қазіргі заманғы батыс философиясының негізгі бағыттары».
Пәні: Философия

Қабылдаған: Джуншеев Расилхан
Орындаған: Толыбай М
Тобы: Шт 19-5

2020ж


Жоспары:

1. ХХ ғасырдағы діни философия: персонализм мен неотомизм.


2. Экзистенциализм және оның көрнекті өкілдері: Мартин Хайдеггер, Жан Поль Сартр, Альбер Камю.
3. Неопозитивизм мен постпозитивизмнің негізгі идеялары мен көрнекті өкілдері.
4. Герменевтика, структурализм, постмодернизм бағыттары және олардың көрнекті өкілдері.

1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында марксизм философиясымен қатар, классикалық емес философияның ағымдары қалыптасады. Әр түрлі сциентикалық (мәдениет құрылымында ғылымның, әсіресе нақты ғылымдардың рөлін абсолюттендіретін) және сциентизмге қарсы ағымдар пайда болады. Егер сциентизм ағымына классикалық дәстүрден айрылу философиялық дүниетанымдық мәселелерді терістеу, философияны арнайы ғылымдар мен ауыстыру талпыныстары мен байланысты болса, онда сцентизмге қарсы пікірдегі ағымдар иррационализммен интеллектінің сынымен сипатталады. Осымен қатар, бірнеше философиялық мектептер «Кейін Кантқа» және «Кейін Гегельге» деген ұрандары мен классикалық философия дәстүрлерін сақтауға ұмтылды. Қазіргі заманғы батыс философиясының ішінде айтарлықтай орынды діни философиялық ілімдер, неотомизм мен персонализм т.б. алады.


Позитивизм (лат. positivus – оң дұрыс) – ХІХ-ХХ ғасырларда батыс философиясында кең тараған ағым. Позитивизм терминін ғылымға енгізген француз философы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) осы ағымның негізін қалады. Ол ой жүгіртуге, білімді «тиянақсыз» құруға негізделген ғылымның дамуымен қойылған сұрақтарға жауап беретін «метафизиканың», демек, дәстүрлі философияның қабілетсіздігі идеясын алға тартты. О. Конттың бұл идеясы танымның үш түрлі даму сатылары туралы ілімінде негізделеді: 1) Діни ілімдік, қоршаған орта құбылыстары жаратылыстан тыс, фантастикалық жан иелерінің қызметімен түсіндіріледі, діннің үстемдігі суреттеледі; 2) Метафизикалық, бұған табиғатты абстрактілі «мәндерімен» және «себептермен» түсіндірілетін философияның үстемдігі тән; 3) Соңғы – ең жоғарғы позитивтік саты, алдыңғы екі сатыдан дін ілімі мен метафизикадан бас тартумен, позитивтік, яғни барлық құбылыстарды ғылыми түсіндіретін, оң ғалымдардың үстемділігімен ерекшеленетін саты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында О. Конттың ізін қуушылар Д.С. Милль (1806-1973 ж.ж.) және Г. Спенсердің (1820-1903 ж.ж.) еңбектерінде өз дамуын тапқан позитивизм, әсіресе, Англияда үлкен ықпалға ие болады.
Философиялық  ағымдардың ішіндегі кең таралған философиялық ілімдердің бірі – неотомизм (Ж. Маритен, Э. Жильсон, И. Бохеньский, М. Грабиан, Г. Мангер, И. Гейзер, Г. Гундлах т.б.) Бұл ілімнің негізгі қағидасы Фома Аквинскийдің кейбір ескірген тезистерін қазіргі заманның талап-тілектеріне сәйкестендіріп, философияның, ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, «дамыту». Бірақ томизмнің негізгі мазмұны – құдай ең жоғарғы болмыс, ал дүниелер әлемнің оның іс-әрекетінің нәтижесі, жанның өлмейтіндігі, т.б. Діни қағидалар бұлжымастан қалған. Неотомистердің пікірінше, философия ғылымға тәуелсіз болғанымен, діни қағидаларға тәуелді болып қалады. Ал ғылым жалпы көзқарастық проблемаларды көтеріп шеше алмайтындықтан, философияға да, дінге де кері әсер ете алмайды. Бірақ неотомистер кейбір діни тезистерді, догмаларды негіздеу, дәлелдеу үшін жаратылыстану ғылымдары жетістіктерін пайдалануға кет әрі емес екендіктерін жасырмай айтады.
Неотомизм ілімінің бастау түсінігі – болмыс. Ол әмбебап жалпы түсінік болғандықтан тек тавтологиялық тұрғыдан ғана анықтала алады. Ең басты болмыс – құдай, ал шектелген денелер осы құдайдың өз бейнесіне қарай отырып жаратқан болмыстары. Сондықтан бұл болмыстардың өмір сүру немесе өмір сүрмеуі құдайдың жігеріне байланысты. Неотомистер табиғатын барлық құбылыстары материя мен формадан (түр) тұрады, бірақ форма материяны айқындайды, себебі ол материяға қарағанда белсенділік көрсетеді деген гилеморфизмдік көзқарасты (гиле – материя, морфа – форма) уағыздайды. Этикалық мәселелерге тоқтала келе, неотомистер адам үшін шаттану, рахаттану дегеніміз оның ‘‘таза және жетілген‘‘ болмысқа – құдайға дейін жоғары көтерілу
2. Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi - экзистенциализм (existentia,- латын сөзi,-өмiр сұру ) философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екi Дұниежұзiлiк соғыстың арасында қалыптасты. ХХғ бiрiншi жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгiсте миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, заводтар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегi үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзiнiң өшпес iзiн қалдырып, дүниетанып оны қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы замандағы адамның өмiр сүруiне, оның қайшылықтарға толы дүние тебiренiсiне, оның өмiрiнiң мән-мағнасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңiл бөлiнуiне әкелiп соқты.
Экзистенциализм философиясында “шекаралық ақуал² деген категорияға көп көңiл бөлiнедi. Ол - өмiр мен өлiмнiң екi арасында қалу, ұрей мен алаңдау, түңiлу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай адам өмiр сүруiне қауып тұскен жағдайда, оның жан-дұниесi терең сiлкiнiске ұшырағанда,“өмiрде-болу² тебiренiсiнiң негiзiнде ғана адам тез пiсiп-жетiлiп, өз өмiрiнiң қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағнасын терең аша алады.
Экзистенциализм философиясы адамның ерiктiлiгiне ерекше көңiл бөледi. Ерiктiк - “қажеттiктi тану², я болмаса, “табиғи дарынды iске асыру² емес, ол экзистенциямен, яғни, өмiр сүрумен тең. Адам дегенiмiз өзiн өзiнен жасайтын пәнде. Ол өзiнiң өзiндiк жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде ешнәрсе адамды билей алмайды. Адамның себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне “Causa sui². Ал ерiктiк дегенiмiздiң өзi - таңдау. Адам ерiктi пәнде ретiнде ойына не келсе, соны iстей алады. Бiрақ, сонымен қатар, ол өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi қажет. Сондықтан, Ж-П. Сартр “ерiктiк дегенiмiз - адамға артылған адамгершiлiктiң ауыр жүгi²,- деген болатын. Адам тек өз iсiне ғана емес, басқаларға да жауапкершiлiктi. Ол өз-өзiн жете түсiнудiң арқасында басқалардың да терең сырын өзiне аша алады.
Экзистенциализм көрнекті ағым ретінде ғасырымыздың 40-жылдарының басында Франция жерінде пайда болды. Бұл философиялық ағымның ерекшелігі - оның өкілдері шетінен жазушы, драматург, сыншы, қоғам қайраткерлері еді.Солардың ішінен Жан Поль Сартр (1905-1980) мен Альбер Камюді (1913-1960) жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет