ҚазҰму алматы Ана сүті бой өсіреді Ана тілі ой өсіреді Халық даналығынан



Дата15.09.2017
өлшемі18,38 Kb.

Клиникалық фармакология пәнін қазақша оқыту үрдісі Құнанбай Кабден Клиникалық фармакология кафедрасының м.ғ.д., профессоры ( ҚазҰМУ Алматы ) Ана сүті бой өсіреді Ана тілі ой өсіреді Халық даналығынан

  • Мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі, оның лексикалық және семантикалық тынысының мүмкіндіктері, жоғары оқу орындарында кредиттік жүйемен оқитын жаңа типтік бағдарламалармен оқытудың ең озық жүйелері мен инновациялық технологиялары осы күндері басым болып келеді. Интерактивті, яғни жоғары белсенділікті арттыратын, жаңаша жаңғыртып оқыту (инновациялық) әдістің тиімді жақтарын пайдалану, қазақ тілін типтік бағдарламаға сәйкес жасалған силлабус пен оқу-әдістемелік кешенді басшылыққа ала отырып оқыту кең таралған.

Интерактивті, яғни жоғары белсенділікті арттыратын, жаңаша жаңғыртып оқыту (инновациялық) әдістің тиімді жақтарын пайдалану

  • Клиникалық фармакология мамандығында оқитын студенттер үшін Клиникалық фармакологиялық мамандыққа қатысты мәтіндерді оқып-үйрену қатты қызықтырады. Себебі, студенттер болашақ мамандығында қолданылатын сөздік қорларын, яғни лексиканы молайта түсулерін, жаңа сөздермен, сөз тіркестерін игеруді, жазбаша тілдік қатынастарын жетік меңгеруді немесе жүзеге асыруды мақсат етеді. Студенттер алған білімдерін қызмет бабында қолданып, білімді, білікті, іскер, өз мамандығын жақсы игерген дәрігер ретінде өздерін танытуға ұмтылады. Мамандығына байланысты лексиканы есту, тыңдау, оқу, жазу, қайталау арқылы ноутбукты пайдалана отырып аудио-бейне сабақтар өткізіледі.

Аудио-бейне сабақтар

  • Аудио-бейне сабақтары студенттердің көзбен көріп, құлақпен естуге, тыңдау сезімдеріне әсер ете отырып білімін көтеруге, оқытылып отырған мәтіндерді тез қабылдауларына және ұзақ уақыт естеріне сапалы сақтауларына көп пайдасы бар. Оған әр студенттің сабақты қабылдау әрекеті әсер етеді. Бір студенттерге бейне материалдар көп пайдасын тигізсе, екіншілеріне аудио материалдары есту-тыңдау арқылы естерінде өткен тақырып мәтіні жақсы сақталып қалады. Біреулерінде көру арқылы есте сақтау қабілеті жоғары болса, екіншілерінде есту, тыңдау арқылы есте сақтау қабілеті жоғары деген сөз. Аудио-бейне сабақтарында студенттер қазақ тілін өз мамандығына қатысты терминдерді игеру арқылы, ғылыми тілдерін дамытуды мақсат етеді. Жасалған аудио-бейне сабақтарына студенттердің өздері де қызық мәліметтерді интернет арқылы жинап, оқытушымен бірге өз білімдерін толықтырып отырады және ізденулеріне де мүмкіндік бар. Мамандықтарына қатысты әдебиеттерден мәтіндерді іріктеп алу, соған сәйкес жасалған тапсырмалар, жаттығулар мен түсініктемелер саналы түрде қазақ тілін үйренуге қызықтырады. Аудио-бейне сабақтар уақыты 5-10 минуттан аспағаны дұрыс, сонда ғана жалықтырмайды және сөйлеу үлгілері де естерінде жақсы сақталады.

Бейне дәрістер

  • Бейне дәрістер бірнеше рет қайталап көруге, өткен тақырыптан ұмытылған жерлерін қайта жаңғыртып, естеріне түсіруге мүмкіндік туғызады.
  • Мәтін көлемі де шағын болғаны дұрыс. Мамандыққа қатысты сөздік санының көлемі 7-10 сөзден аспағаны дұрыс. Мамандыққа қатысты мәтіндер сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көп көмегі бар. Студенттердің жеке шығармашылық шеберлігін көтереді. Сабақтағы материалдар сапасы жағынан жоғары болуы, сөйлеу, сұхбат алу амал-әрекеттерін бірде баяу көрсетілсе, екіншісінде шамалы жылдамдықпен беріп, түсінбеген жерлері бар болса анықтап, қайта көруге немесе тыңдауға да мүмкіндік туғызады. Тілді жақсы меңгеру үшін интерактивті ортаның болуына әсер етеді және қарым-қатынастық механизмінің пайда болуына ықпал етеді.

ДӘРІЛІК ЗАТТАР

  • Медицина ғылымының дамуы, дәрілік құрамдардың көп түрлі болуы (, өсімдік, жануар, синтетикалық текті дәрілер ) қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі, дәрілік препараттарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты науқастардағы дәрілердің фармакокинетикасын, фармакодинамикасын, өзара әсерлесуін және жанама әсерлерін зерттеу бойынша бірыңғай әдістемені құруға ықпал етеді. Бұл фармацевтіні дайындау бағдарламасына клиникалық фармакологияның негіздері бар фармакотерапия пәнінінің негізі. Бұл алғашқы кезеңдегі дәрілердің жекеленген қолданылуы туралы түсінік, медико-биологиялық білім берудің көптеген медицина саласының- кешенді пәні болып табылады.

Мультимедиа технологиясы

  • Мультимедиа технологиясы студенттің клиникалық фармакология пәнінің тілдік материалдарын меңгеруіне, өз білімін өзі тексеруіне негізделген. Сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін қамтыған жаттығулар жеке немесе топпен, өз бетінше үйренуге де жағдай туғызады және студенттің талабын қанағаттандырады.
  • Виртуалды оқулықтардың қазақ тіліндегі пәнді тез үйренуге, өз қателерін табуға, қайталауға, ұмытқанын есіне түсіруге көп пайдасы бар. Қазақша пәнді ойлау, өткен тақырыптарды өз жағдайына бейімдеп, сауатты сөйлеп, сауатты жазуына көп көмек береді. Клиникалық фармакология мамандығында қайталап айту әрекеттері арқылы үйрету жеңілден ауырға қарай, оңайдан қиынға қарай, қарапайым түрден күрделі түрге деген қағидаға сүйене отырып, тілге жаттықтыру жұмысы үнемі жүргізіліп отыруды қажет етеді. Студенттердің өз білімдерін дұрыс бағалауларына, дұрыс сөйлеулеріне, жазбаша тапсырмаларды қатесіз орындап, өздері орындаған жазбаша жұмыстарын тексере білуіне дайындық жұмыстарын жүргізу де өте қажет.

Мультимедиалық электрондық оқулықтар

  • Шетелдік ғалымдар арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы жасалған
  • мультимедиалық электрондық оқулықтарын өз сабақтарында кең қолданады. Электронды мультимедиалық оқулықтарды әзірлеу өте қажет, себебі бұл аралық оқытуға негіз бола алады және студентке кез-келген уақытта қазақ тілінде пәнді үйренуге мүмкіндік береді. Виртуалды оқулықтарды ноутбук компьютерлерінің көмегімен сабақта пайдалануға мол мүмкіндік туғызады. Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияның
  • қарқынды дамуы болашақта компьютер мен модемді
  • көпшіліктің пайдалануына мүмкіндігі бар .

Клиникалық фармакология және фармакотерапия пәнін оқыту әдістері

  • Дәрілік емдеу фармакотерапия науқастардың абсолютті көп бөлігі қолданады және ғалымдарлың болжамдар ы бойынша XXI ғасырда қарт жастағы тұрғындардың саны көбейіп, аурушаңдықтың саны артып, емдеудің әр адамға арнайы тағайындалуын қажет етеді. Клиникалық тәжірибеге дәрілік заттардың көптеп енуі -олардың әсері мен қолдану қауіпсіздігін ғана анықтамай, сонымен қатар дәрілік заттардың фармакокинетикасын, фармакодинамикасын, дәрілердің өзара және жанама әсерін зерттеудің бірлескен әдістемесін құруды талап етеді. Бұл медико-биологиялық білімнің көптеген тармақтарының біріккен тәжірибесін, ең алдымен дәрілік заттарды әр адамға жеке қабылдану тәжірибесін көрсететін клиникалық фармакология пәнінің бағдарламасына енген провизорды КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАЦЕВТдайындауға негізделген.

Клиникалық фармакология және фармакотерапияны оқыту ерекшеліктері

  • Клиникалық фармакология және фармакотерапияны оқытуды жүргізудің негізгі мақсаты-болашақ провизорды ең нәтижелі және қауіпсіз дәрілік затты таңдау әдісін үйретуге немесе олардың комбинациясын өзінің фармакодинамикалық, фармакокинетикалық, фармакогенетикалық, фармакоэпидемиологиялық, фармакоэкономикалық біліміне негізделе отырып, дәрілік заттардың өзара және жанама әсерін дәлелдеу медицинасының принциптеріне негізделе отырып дәрігерлерді ақпаратттандыруға бағытталған.
  • Пәнді оқыту бағдарламасы екі бөлімнен құралады. Клиникалық фармакологияның жалпы және жеке бөлімдері. Клиникалық фармакологияның жалпы бөлімі - студентке басқа да ғылымдармен байланысты пәнмен танысуға, оның тәжірибелік маңыздылығымен танысуға, пәнді жүйелеуді түсінуіне мүмкіндік береді.
  • «Клиникалық фармакологияның және фармакотерапияның жеке болімінде
  • практикалық медициинада кеңінен қолданылатын дәрілік заттардың клиникалық фармакологиясы мен жеке ауруларда (негізгі белгілерін есепке ала отырып) қолданылатын дәрілік заттарды таңдау принциптері жөнінде түсіндіріледі. Бөлімнің мақсаты: нақты сәйкес дәрілік затты таңдау әдістемесін препараттардың фармакокинетикасы, фармакодинамикасы, формулярлы жүйенің (формулярлы тізімді, емдеудің стандарттары мен ұлттық нұсқауларын) дәрілік заттардың тиімді комбинациясы мен ауру ағымының өту нәтижелерін есепке ала отырып таңдауды үйрету.
  • Бөлімнің тапсырмасы: Студенттерді дәрілік заттың нақты топтарын сипаттауда фармакокинетиканың, фармакодинамиканың , дәрілердің өзара әсерін және препараттардың кері әсерін дәрілік реакцияларының жалпы заңдылықтарына сәйкес қолдануға үйрету; дәрілік заттардың түрлі ауруларда фармакодинамикалық, фармакокинетикалық ерекшелігін білу; дәрілік заттардың қауіп қатер факторларын жанама әсерін реакциялардың негізгі клиникалық белгілерін білу. Дәрілік заттар тобының тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалай білу. Пән негізінде : Тәжірибелік сабақтар, дәрістер,
  • өзіндік жұмыстар,сырқатнамаға сараптама жасау арқылы жүзеге асырылады.
  • Клиникалық фармакологияның және фармакотерапияның жеке бөлімі
  • Клиникалық фармакология ағашқа ұқсайды,
  • қанша тамыры күшті және мықты болғанмен, бір ақ сағаттың ішінде қысқартуға болады, ал жеміс беру үшін ұзақ жылдар керек.
  • Зейін қойып тыңдағандарызға рахмет
  • Сау саламат болыңыздар

Каталог: rus -> wp-content -> uploads -> 2011
2011 -> Темекінің зияны Алипбаева Айгуль Жұлдызбековна, ҚазҰпу-дің химия-биология факультетінің 3курс студенті, биология-психология мамандығы. Ғылыми жетекшісі м.ғ. д профессор Кауашев С. К
2011 -> «Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
2011 -> С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму ғылыми инновациялық жобалары
2011 -> Медициналық тақырыптар бойынша тест жасаудың жаңа технологиясы ү. Байзак, Б. Байзакова
2011 -> Алматы қаласының басты өзендерінің экологиялық мониторингы
2011 -> Құрсақішілік инфекциялар туралы жаңа көзқарас. Инфекциялық үрдіс, құрсақішілік инфицирлену, құрсақішілік инфекциялар туралы түсінік. Ана мен бала перинаталдық патологиясындағы Қіи ролі
2011 -> Аіи жаңа тесттер аіи – ң жетекші түрлері болып табылады: (4)
2011 -> Нефрология (240)
2011 -> №2 Асқазан-ішек жолдарының хирургиялық аурулары №1 ӨҢеш пен асқазан аурулары


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет