Б. Д. Архабаева Тараз мемлекеттік педагогикалық



Дата22.08.2017
өлшемі65,18 Kb.
#24488
ЖАЛПЫҒА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ҚОСУ ШАРТТАРЫ
Б.Д.Архабаева

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Мақалада жалпыға білім беру процесіне мүмкіндігі шектеулі балаларды қосу шарттарын іске асыруда атқарылуы тиіс жұмыстардың мазмұны талданып, қарастырылған.

Түйінді сөздер: инклюзия, балалар, арнайы, мектеп, бағдарлама, құрал-жабдықтар, есту, көру, бұзылыс, қалыптылық, деңгей, стандарт, қимыл-қозғалыс, ақыл-ой, даму, тіл, эмоционалды-еріктік, аймақ, шарттар, қосу, шектеу.


Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері дәлелдеді – мүмкіндігі шектеулі оқушылар білім, дағды, іскерліктерді меңгеруде түрлі мүмкіндіктерге ие. Инклюзивті мектеп, әрине бұл ерекшеліктерді ескеруі керек. Балаларды жалпыға білім беру ортасына қосудың түрлі қалыптарын қарастыру қажет: а) қалыпты сыныпта оқыту–танымдық қабілеттері сақталған балалар үшін (мысалы, қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар). Оларға арнайы білім беру бағдарламалары керек емес. Мұндай сыныпта мүмкіндігі шектеулі 1-2 оқушы оқи алады; б) инклюзивті сыныпта оқу – қалыпты деңгейге жақын немесе қалыптыдан төмен деңгейдегі танымдық мүмкіндіктері бар оқушылар үшін. Оқушылар жалпы, сонымен қатар жеке білім алу бағыты құрастырылатын, арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқытылады. Бір сыныпта даму бұзылысы бар үш оқушыдан артық оқытылмайды. Сынып оқушыларының жалпы саны ақ айтылады: мүмкіндігі шектеулі бір оқушы қалыпты дамыған үш оқушыны алмастырады. Сыныпта жалпы 20 оқушыдан артық болмау керек. Мүмкіндігі шектеулі әр балаға қатысты мұғалімдер оқыту процесінде жеке бағытты пайдалануы тиіс. Инклюзивті сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер арнайы педагогика мен инклюзивті білім беру негіздерінен кәсіби қайта даярлаудан өтулері қажет; в) арнайы сыныпта оқу – арнайы жағдайларды қажет ететін оқушылар үшін (арнайы бағдарламалар, оқытудың ерекше әдіс-тәсілдері, арнайы құрал-жабдықтар мен дидактикалық құралдар, арнайы психологиялық-педагогикалық тәртіп). Оқыту процесі арнайы жалпыға білім беру мекемелерінің іс-әрекетін ұйымдастырудың типтік ережелерінде қарастырылған, арнайы жалпыға білім беру мекемелеріне ұсынылатын, оқу процесін барлық талаптарға сай жүргізуге бағытталған арнайы оқу жоспары бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім (Стандарт) келесі ережелер бекітілген: егер сыныпта мүмкіндігі шектеулі балалар болса, онда сынып оқушыларының жалпы саны азайтылады (бір мүмкіндігі шектеулі балаға үш қалыпты деңгейлі бала), мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім алуға, даму бұзылыстарын түзетуге және әлеуметтік бейімделуге жағдай жасалады.

Есту бұзылыстары бар балалар, бірақ интеллект бұзылысы жоқ, білімді, негізгі орта немесе жалпы орта білімді, білім беру мектептің арнайы сыныбының жағдайында немесе арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау алу арқылы, қалыпты дамитын балалармен бір сыныпта оқу арқылы алады. Есту бұзылыстары бар балалардың арасынан кохлеарлы имплантант салынған балаларды ортаға қосу жағдайын ерекше қарастырған дұрыс. Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің іс-әрекетін ұйымдастырудың типтік ережелерінде қарастырылған: кохлеарлы имплантанты бар балалар (1-4 жас аралығында орнатылған және кохлеарлы имплантанцияға дейін 6-айдан кем емес дыбысты қабылдау аппаратын үнемі пайдалану тәжірибесі бар) сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпыға білім беру мекемелеріне қабылданады. Кохлеарлы имплантанты бар, белсенді сөйлеу тілінің дамуы мен қабылдауы төмен деңгейлі, кохлеарлы имплантация 5-6 жастан соң жасалған балалар нашар еститін балаларғаарналған арнайы жалпыға білім беру мектептеріне жіберіледі. Есту бұзылыстары бар балаларды оқытатын инклюзивті мектепте фонотека, музыкалық аспаптар, дыбыс шығаратын ойыншықтар болуы тиіс.

Көру бұзылыстары бар балаларды жалпыға білім беру мектепте оқыту шарттары. Көрмейтін және нашар көретін, бірақ интеллектуалдық бұзылыстары жоқ балалар, білімді негізгі орта немесе жалпы орта білімді немесе арнайы психологиялық – педагогикалық қолдау алу арқылы, қалыпты дамитын балалармен бірігіп оқу процесінде алады. Тәрбиелеу – білім беру процесі кемістіктің құрылымы, деңгейі және көру бұзылысының мінездемесін ескере отырып тифлотехникалық тәсілдер мен арнайы құрал-жабдықтарды міндетті түрде қолдану арқылы жүргізіледі. Соқырлар мүмкіндігінен кеш айырылған балаларға арналған құралдар сипап сезу мен көру-сипап сезу қабылдауды қолдануға негізделеді. Түзету жұмысында көру бұзылыстары бар балаларға оқу және басқа да мәліметтердің қолжетімдік шеңберін кеңейтуге мүмкіндік беретін ерекше дидактикалық материалдар мен арнайы көрнекіліктер қолданылады. Көру мүмкіндігі шектеулі бала үшін мектепке кіре берістегі текпешектің соңғы баспалдақтарын анық түстермен сырлау керек, міндетті түрде ұстағыштары болуы тиіс, олардың биіктігі үлкен сыныптар үшін 70-90 см, ал бастауыш сыныптар үшін 50 см. Есік қанық түсті болуы қажет, егер есіктер әйнектен болса, онда оның ашылатын бөлігі қанық түсті болуы керек. Дәліздің периметрі бойынша ұстағыш жасалуы керек, бала оның көмегімен мектепте қозғалып, бағдарлана алуы тиіс. Әрбір бөлмеде еденнің қапталуы түрлі материалдардан болған жағдайда бала оңай қозғала алады. Киім шешетін бөлмеде көру бұзылысы бар балалар үшін ұстағыш, орындықтар, киім ілгіштер ыңғайлы жасалған кеңістік жабдықталуы керек. Баланы бұл орынға бірнеше рет ертіп алып бару керек, ол сонда өз орнын есінде сақтап алады. Сыныпта баланың бір орындық партасы рельефті материалмен немесе еденнің беті кілеммен қапталуы керек.

Қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар оқушылар жалпыға білім беру мектептерінің арнайы сыныптарында немесе мамандардың арнайы психологиялық-педагогикалық көмегімен жалпы сыныпта, сонымен қатар өз үйінде оқиды. Қимыл-қозғалыс аппаратарында бұзылыстары бар балаларды оқытатын жалпыға білім беру мектебінің арнайы жабдықталған ғимараты болуы керек (пандустар, кең есіктер, мүгедек креслосын көтергіш, текпешек жанындағы көтергіш, есіктердің автоматтандырылған ашқыштары және т.б.). Партаның жанында мүгедек арбасын, балдақтар мен таяқша және т.б. салып қоюға арналған қосымша кеңістіктік болуын қарастырған дұрыс. Балаға арбасымен немесе балдақтармен тақтаға еркін жете алуға жағдай жасау тиіс, ол тақтаға жақын отырғаны дұрыс. Балалар сал ауруы бар оқушы мектеп табалдырығын аттамас бұрын басқа балалармен (үлкен назарды ата-аналар қоғамына аудару керек) БСА бар оқушыларға толерантты қатынасты қалыптастырумен байланысты дайындық жұмысын жүргізген дұрыс. Қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларды әлеуметтік бейімдеу мен түзету жұмысын іске асыру үшін, олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуге арнайы жағдай және кедергісіз орта жасау керек.

Тіл бұзылыстары бар оқушылар жалпыға білім беру мектептерінің арнайы сыныптарында немесе арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау алу сыныптарында оқи алады. Оқу процесінде тіл бұзылыстары бар балалардың бағдарлама материалын нәтижелі меңгеруіне көмек беретін, арнайы құрастырылған оқу-әдістемелік кешендер қолдану керек. Сонымен қатар, арнайы педагогикалық қолдауды логопед, қажет болғанда психолог көрсетеді. Логопедиялық сабақтар жеке немесе 2-4 адамнан тұратын кіші топтармен жүргізіледі. Сабақтың ұзақтылығы: бастауыш мектепте – жеке 15 минут, кіші топтарда – 30-40 минут. Жеке сабақтарға балалар аптасна 2-3 рет барады. Логопедиялық сабақтарға балалар логопунктқа немесе психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне барады.

Ақыл-есі кемдіктің жеңіл деңгейіндегі балаларға арнап жалпыға білім беру мектептерінде арнайы сыныптарды ашқан тиімді: күннің бірінші жартысында олармен арнайы педагог жұмыс жасайды, ал екінші жартысында балалар барлық құрдастарымен қатар қосымша білім беру шараларына, тәрбиелік іс-шараларға қатысады. Арнайы сыныпты ашуға қиындықтар туындағанда, контингенттің жетіспеуінде немесе ата-аналардың қалауынша, жеңіл деңгейде интеллектуалдық бұзылыстары бар 1-3 баланы жалпыға білім беру мектептің қалыпты сыныбының құрамына қосуға болады. Ақыл-есі дамуы жеңіл деңгейдегі балалар жалпыға білім беру мектебінде интеллект бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпы білім беру мектептерінің оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері бойынша оқытылады.

Эмоционалды–еріктік аймағында бұзылыстары бар балалар жалпыға білім беру мектептерінің арнайы сыныптарында немесе арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаудың көмегімен, жалпыға білім беру мектебінің қалыпты сыныбында оқи алады. Мұндай диагнозы бар балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпыға білім беру мектептерінде, жалпы мектептердің арнайы сыныптарында, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінде тұрады. Қазақстан Республикасында ерте балалық шақ аутизмі бар балаларды оқыту, әлеуметтендіру мәселелерімен «Ашық әлем» қоғамдық ұйымы айналысады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы». А., 2010ж.

2. Баранова М.Л. Проектирование и организация в специальном обра- зовании. Учебно-методическое пособие. - Ростов-н/Д: РГУ, 2009.



3. Типовые специальные образовательные программы (школ и специ- альных классов для детей с нарушением интеллекта) Сборник 7. - Алматы: САТР, 2009. -76 с.

4. Сулейменова Р.А. Методологические подходы к внедрению инклюзивного образования в Республике Казахстан //Специальное образование в Казахстане. - 2009. - № 2 (23). - С. 25-31.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет