Б. Х. Мусабаева 2 Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында



Дата24.05.2017
өлшемі227,61 Kb.
#16939

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМЖ құжаты

3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК 042-18-10.1.53/02-2015



ПОӘК

«Полимерлердің физика-механикалық қасиеттері»

пәнінің магистрантқа арналған пән бағдарламасы

«11»06. 2015 ж.

№1 басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Полимерлердің физика-механикалық қасиеттері»
«6М060600» – Химия магистратура мамандығы үшін




МАГИСТРАНТҚА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2015

Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕНГЕН

Құрастырушы « 20 » 05 2015 ж., Б.Б. Баяметова, х.ғ.к, доцент м.а., «Химия» кафедрасы


2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Химия» кафедрасы отырысында


« 21 » 05 2015 ж., № 11 хаттама
Кафедра меңгерушісі Б.Х. Мусабаева
2.2 Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
« 05 » 06 2015 ж , № 5 хаттама
Төрайымы C. C. Толеубекова
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлдаған және ұсынылған

« 11 » 06 2015ж, № 6 хаттама
ОӘК төрайымы Г.Қ. Искакова
4. Алғашқы рет енгізілген

Мазмұны



1 Жалпы ережелер

4

2 Пән мазмұны және сабақ түрі бойынша сағатқа бөлу

5

3 Пәнді оқу кездегі әдістемелік нұсқаулар

8

4 Курс форматы

9

5 Курс саясаты

9

6 Баға қою саясаты

10

7 Әдебиет

12


1 Жалпы ережелер

1 Оқытушы және пән жайында жалпы мағлұматтар:

Баяхметова Булбул Баяхметовна

Химия кафедрасы

Байланыс мәліметтері: 35-05-90, №9 оқу ғимараты.

Сабақ өткізілу орны № 420 аудитория

Кредиттер саны - 3

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны

«Полимерлердің физика-механикалық қасиеттері» курсы «Жоғарғы молекулалық қосылыстар химиясы» курсының жалғасы болып келеді; полимерлердің физикалық және фазалық күйлерін, олардың термомеханикалық қасиеттерін қарастырады, аморфтық және кристаллды полимерлердің релакциялық құбылыстарын және механикалық қасиеттерін оқытады.

1.3 Берілген курстың мақсаты магистранттарда полимерлер құрылымы, олардың қасиеттерінің ерекшеліектері, құрылымдарын реттеу тәсілдері туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады.

1.4 Пәнді оқудың негізгі міндеті – пәннің теориялық негіздерін, жалпы химиялық, физикалық заңдылықтарын білу.

1.5 Пәнді оқу нәтижесінде магистрант:

- полимерлер құрлысы мен құрылымы жайында түсінігі болу керек;

- полимерлі денелердің негізгі физикалық және механикалық қасиеттерін білу;

- полимерлердің эксплуатациондық қасиеттерін;

- полимерлердің физика және химиялық модификациясы жайында түсінігі болу керек;

1.6 Курс пререквизиттері:

1.6.1 Органикалық химияның қазіргі заманғы мәселелері

1.6.2 ЖМҚ химиясы

1.7 Курс постреквизиттері:

Магистерлік диссертация
2 Пәннің мазмұны және сабақ түріне бөлінген сағаттар

Кесте 1


№ п/п

Тақырып аты

Сағаттар

Әдебиет

Д

ЗС

СПС

МОӨЖ

МӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Полимерлік денелердің құрылымы мен физикалық қасиеттері

  1. Полимерлер молекулалық құрылысының және макромолекулаларды орау принциптері ерекшеліктері. Аморфты және кристалды полимерлер.

2


-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

2

  1. Кристалдық және аморфты полимерлердің құрылымдық ұйымдастыру айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

  2. Полимерлер кристалдану үшін қажетті шарттары. Кристалдану температурасы мен балқу нүктесі. Құрылымдық мен кристалдық полимерлерді молекулалық ұйымдастыру. Кристалдық және аморфты полимерлердің құрылымдық ұйымдастыру айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

3

Полимерлердің фазалық және физикалық күйі

  1. Аморфты полимерлердің қасиеттері. Үш физикалық жағдайы. Аморфты және кристалдық полимерлердің термомеханикалық қисықтары.

2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

4

Аморфты полимерлердің жоғарыикемділік жағдайы

  1. Жоғарыикемділік деформациясының термодинамикасы. Жоғары икемділік деформациясын сызықты статистикалық қарастыру.

2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

5

Аморфты полимерлердің релаксация қасиеттері.

Релаксация процестері. Полимерлердің жоғарыикемді күйде релаксация қасиеттерін көрсету жағдайлары. Гистерезис полимерлері. Температура-уақыт суперпозиция принципі.



2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

6

Аморфты полимерлердің тұтқырлыақыштығы.
Тұтқырлыақыштық механизмі. Полимерлердің ақыштық қисықтары. Ақыштық температурасының молекулалық массасадан тәуелділігі. Балқыманың тұтқырлығының молекулалық массадан тәуелділігі.

2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

7

Аморфты полимерлердің шынытәріздес күйі.

  1. Полимерлі шынылардың ерекшеліктері. Еріксіз икемділік пен созылу изотермасы. Еріксіз-эластикалық деформация механизмі

2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

8

Кристалдық полимерлер. Кристалдық полимерлердің қасиеттері. Кристалдық және аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтар кристалдануы. Созылу кездегі кристалдық полимерлер және полимерлі шынылардың «суық ағын» молекулалық механизмі мен созылу изотермасы.

2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2


9

Сұйық кристалды полимерлер жағдайы

Мезоморфты полимерлер жағдайы. Лиотропты полимерлі сұйық кристалдар. Термотропты полимерлі сұйық кристалдар.



2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

10

Бағытталған құрылымдардың негізгі түрлері. Бағытталған полимерлердің мықтылығы және бұзылуы. Бағытталған сорғыштық. Аморфты, сұйық кристалды және қатаңтізбекті полимерлері жүйелер.

2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

11

Полимерлер механикалық қасиеттері
Деформация қасиеттері. Механикалық беріктілік қасиеттері. Полимерлер механикалық беріктігі және төзімділігі.

2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

12

Полимерлердің жылуфизикалық қасиеттері
Жылусиымдылығы. Жылу өткізгіштігі. температураөткізгіштігі. Жылудың ұлғаю.

2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

13

Полимерлердің электрлік қасиеттері
Полимерлік диэлектриктердің қасиеттері. Полимерлі жартылай және электрөткізгіш материалдардың қасиеттері. Полимерлері электриктердің қасиеттері.

2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

14

Қосарлы байланысты жүйелі полимерлердің магниттік қасиеттері

Қатты денеледің магниттік қасиеттері



2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2

15

Композитті полимерлі материалдар
Композитті полимерлі материалдар. Күшейтілген материалдар. Толтырылған полимерлер.

2

-

1

1,5

4,5

7.1-7.2


3 Пәнді оқудағы әдістемелік нұсқаулар


  • Оқу сабақтарын ұйымдастыру.

«Полимерлердің физико-механикалық қасиеттері» курсының теориялық негіздерін игеріп оқу кезінде негізгі мақсат болып, практикалық дағды алу, теориялық қорытындылар жасай білу болып табылады. Пәннің теориялық сұрақтары дәріс кезінде қарастырылады. Дәрістерде негізгі түсініктер және заңдылықтар, сонымен қатар бағдарламаның оқу әдебиеттеріндегі күрделі немесе аз қарастырылған сұрақтар оқытылады. Дәріс конспектілері практикалық сабақтарға дайындық, әдебиеттермен еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Практикалық сабақтарда теориялық тәсілдер, ғылым заңдылықтары расталады. Сондай-ақ есептер шешу әдістері игеріледі. Химиялық ойлау, сонымен қатар зерттеу жұмыстарын орындау қабілеті дамиды. Пәнді оқу кезінде уақыттың басым бөлігі магистранттардың өздігінен жұмыс істеуіне арналған. Аудиториядан тыс өздік жұмыс әдебиетпен жұмыс істеу, үй тапсырмасын орындауды қарастырады.

  • Дәрістер.

Дәріс конспектілері материалды оқудың негізгі кезеңі болып табылады. Дәрістерде конспект жазу міндетті. Дәріс конспектілерін оқулықтар және оқу нұсқаулары материалдарымен толықтырып, дәріс дәптеріне сәйкес жазбалар енгізу маңызды. Жазбаларды дәріс оқушының консультациялары кезінде толықтыруға болады.

  • Практикалық сабақтар

Практикалық сабақтарға дайындық:

-тақырыптың теориялық материалдарын дәріс конспектілері, оқулықтар және оқу нұсқаулары бойынша оқу;

-оқытушы тапсырмасымен қажетті есептеулер жүргізіліп, қорытындылар жасалады.

-орындалған жұмыс бойынша есеп тапсырылады.



  • Өздік жұмыс.

Оқу үрдісінде магистранттардың өздік жұмысының бөлігі артады. Сұрақтардың басым бөлігін оқу кезінде оқулықтар және оқу құралдарымен жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар, үй тапсырмасын орындау, есептерді өздігінен шығару. Өздік жұмысты орындау бойынша бақылау оқытушының ауызша сұрауы, жазбаша бақылау жұмыс, тест, коллоквиум арқылы жүргізіледі.

  • Әдебиетпен жұмыс істеу бойынша нұсқаулар.

Курс бағдарламасымен танысқаннан кейін негізгі оқу әдебиетін таңдап,оның кітапхана қорында болуын немесе онымен оқу залында жұмыс істеу мүмкіндігінің болуын анықтау керек. Әрбір тақырыпты өткен кезде оған қосымша әдебиеттер тізімі, әдістемелік нұсқаулар және нұсқамалар беріледі. Оқытушыдан тапсырма алғаннан кейін оқулықтар мен нұсқаулардан материалдарды оқуға кірісіңіз. Сұрақ негізін анықтаңыз. Заңдар, анықтамалар оқылуын, формулаларды есте сақтап алған жөн. Материалды жақсылап есте сақтау қажет болса, қысқаша конспект жасап, дәріс материалдарын толықтырыңыз. Сұрақты тереңірек оқу қосымша әдебиетпен жұмыс істеу кезінде мүмкін. Теориялық курс жаттығулар мен есептерді орындаумен ілестіріледі. Әдетте тапсырмалар есеп жинақтарында беріледі. Оқулықпен жұмыс кезінде туындайтын сұрақтарды дәптерге жазып алып, кейін сабақ үстінде оқытушыдан сұрап анықтауға болады.
4 Курс форматы

Берілген пән бойынша 50-минуттық дәріс – аптасына 2 рет, 50-минуттық практикалық сабақ – аптасына 1 рет, МОӨЖ – аптасына 1 рет.


5 Курс саясаты

Сабаққа қатысу: Дәрістерге, семинар-практикалық сабақтарға және МОӨЖ қатысу міндетті. Егерде әлдебір себептермен сабаққа қатыса алмасаңыз, сізге барлық босатқан сабақтардағы қабылданбаған материалдар үшін жауапкершілік жүктеледі.

Тәртіп: Сабақ барысында ұдайы тәртіп бұзушылық аудиториядан қуылумен жазаланады және сәйкесінше сабақ босатқаны үшін рейтінгілік бағасы төмендетіледі.

Кезеңдік аттестация: Кезеңдік аттестация қорытындысы сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде МӨЖ орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптарымен, тестілеу нәтижелерімен және кезеңдік бақылауды ескере қойылады.

Емтихан: Ауызша емтихан немесе компьютерлік тестілеу жүйесі негізінде рұқсат алған барлық студенттерге қорытынды емтихан жүргізіледі. Емтиханның әрбір тест сұрағы 5 жауаптан тұрады, соның ішінде бір дұрыс жауабымен. Тест сұрақтары барлық өткен курс бөлімдері бойынша құрастырылған.
6 Баға қою саясаты

Апталар және бақылау түрлері бойынша балдардың бөлінуі кесте түрінде



«Полимерлердің физика-механикалық қасиеттері» пәні бойынша балдардың бөлінуі

Кесте 2


Апта

Бақылау түрі

Барлық балл

Ескерту

1

2

3

4




1 -8 аптаның дәріс сабақтарын дайындау

30




1

«Полимерлер құрылымы мен физика-механикалық қасиеттерін арасындағы байланыс» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама



20




2

«Полимерлер кристаллизации фазалық ауысу зерттеу» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама



20



3

«Полимерлер термомеханикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама



20




4

«Еркін өшу тербеліс арқылы полимерлердің термомеханикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама



20




СӨЖ тақырыбы: " Кристалдық полимерлер құрылымы. Аморфты полимерлердің құрылымы. Ламинирленген полимерлер "

50

реферат


5

«Динамометр арқылы полимерлер механикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама



20




6

«Полимерлердің релаксация құбылыстарын зерттеу» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама



20




СӨЖ тақырыбы: «Релаксация процестері. Жоғарыикемді күйде полимерлердің релаксация қасиеттерін көрсету жағдайы. Гистерезис полимерлері. Температура-уақыт суперпозиция принципі.»

50

реферат

7

Аралық бақылау, жазбаша

70




1 мен 7 аптаның қорытындысы

300







8-15 аптаның дәріс сабақтарын дайындау

30




8

«Полимерлер гистерезисін зерттеу» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама



15


9

«Полимерлердің балқымадан кристалдану кинетикасы» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама



15



10

«Бағытталған жағдайда полимерлердің морфологиясын зерттеу» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама



14




СӨЖ тақырыбы (біреуіне дайындалу): «Полимерлердің деформация қасиеттері», «Полимерлердің механикалық қасиеттері», «Бағытталған кристалды полимерлердің құрылымды моделі»

50

презентация

11

«Полимерлердің деформациялық қасиеттеріне температура әсерін бағалау» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама



14




12

«Полимерлердің электрберіктігін анықтау» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама



14




СӨЖ тақырыбы: «Полимерлер диэлектрлік тұрақтысы. Полимерлер электр диполь моменттері. Электрөткізгіш полимерлер»

50

тапсырма


13

«Полимерлердің магниттік қасиеттерін анықтау» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама




14




14

«Композитті полимерлерлі материалдар» тақырыбында практикалық оқытуды дайындау.

Ауызша сауалнама



14




15

Аралық бақылау, жазбаша

70




8-15 аптаның қорытынды балдары

300




Емтиханның қорытынды баллы

400




Қорытынды академиялық кезеңнің балдары

1000






7 Әдебиеттер

7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 367 с.

7.1.2.Кулезнев В.Н. Химия и физика полимеров. Учебник . 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Колос С, 2007.- 367 с.

7.1.3 Замышляева О.Г.Методы исследования современных полимерных материалов. Учебно-методическое пособие. Нижний Новгород. 2012, 90 с.



7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.2 И.И. Тугов, Г.И. Кострыкина. Химия и физика полимеров. – М.: Химия, 1989. 431с.

7.2.3 Бартенев Г.М., Зеленев Ю.В. Физика и механика полимеров. – М.: Высшая школа, 1983. 391с.

7.2.4 Гуль В.Е., Кулезнев В.Н. Структура и механические свойства полимеров – М.: Высшая школа, 1979.351с.



7.2.5 Лущейкин Г.А. Методы исследования электрических свойств полимеров – М.: Химия, 1988. 160с.

7.2.6 Практикум по высокомолекулярным соединениям. – М.: Химия, 1985. 224с.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет