Б. Майлин жом кмм жоспар І кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім



Дата29.03.2017
өлшемі18,44 Kb.
#12417
  • Б. Майлин ЖОМ КММ
  • Жоспар
  • І Кіріспе.
  • ІІ.Негізгі бөлім.
  • 2.1. Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі.
  • 2.2. Информатика сабағында жобалау технологиясын іс жүзінде қолдану.
  • ІІІ. Қорытынды.
  • IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
  • .
  • І КІРІСПЕ.
  • ХХІ ғасыр адамзаттың индустриялық кезеңнен ақпараттық кезеңге өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Сондықтан да, оқушылардың ақпараттық қоғамдағы өмір талаптарына сай дайындауда - мектептерде информатика пәні үлкен роль атқарып келеді. Алайда, жаңа ақпараттық технологиялардың өте шапшаң даму қарқыны бұл пәнге деген көзқарасты түбегейлі өзгертті.
  • Қазіргі заман талабына сай оқушылардың компьютерлік технологиямен жұмыс істеуге деген ынтасы, талпынысы, ізденісі өте жоғары. Сондықтан да, информатика сабақтарына оқушылар құлшыныспен, бір нәрсені еркін меңгерсем деген ниетпен қатынасады. Бірақ, осындай оқушылардың көпшілігінде информатика пәнінен білімді, яғни теориялық білімді меңгермей – ақ, компьютермен жұмыс істеуді үйренсем, болды деген пікір қалыптасқан. Сондықтан да, оқушылардағы мұндай жалған пікірді болдырмау үшін, оқушылардың теориялық білімді меңгеріп оны компьютерде орындағанда, яғни практикада ұштастырғанда ғана, әртүрлі программалық пакеттер құра білгенде, компьютерлік технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игергенде ғана нақты жұмыс істеуге үйреніп, компьютерде жұмыс істеу сауаттылықтарының, шеберліктерінің артатынын дәлелдеу керек.
  • Ол үшін информатика пәнін оқытуда педагогика қолданылатын әртүрлі технологиялық тәсілдердің ішінен оқушылардың білім жетілдіру, олардың компьютерлік шеберліктерін арттыруда ұтымды болатын әдіс-тәсілдерді таңдап сабақ өткізу – пән мұғалімдеріне жүктелер міндет болып табылады.
  • Бұл “Информатика сабақтарында оқушылардың жобалау және зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастыру” тақырыбында жазған баяндамада “жоба”, “жобалау” сөзі көп қозғалады яғни көп қолданысқа ие болғалы тұр.“Жоба” сөзі информатика пәнінің оқытушыларына анағұрлым жақын. Жоба– ол жоспар, нобайлау. Жоба– жобалау, ал жобалау болған жерде зерттеу мен нәтижелер болады. Информатикада жоба дегеніміз, жұмыстың нәтижесін презентациясымен қандай да бір проблеманы дербес түпкілікті зерттеу түсінігі – бұл әрине, компьютерлік бағдарлама.
  • ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
  •  
  • 2.1 Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі.
  •  
  • Жобалау әдісі оқытудың жаңа әдісі болып табылады. Жобалау әдісі – оқу үрдісін жекешелеуге, оқушыға жоспарлау барысында өзінің тәуелсіздігін көрсетуге тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді оқыту әдісі. Жобалар әдісін технология деп есептеуге болмайды – ол басқа әдіс-тәсілдермен бірге нақты бір мақсаттарға жету үшін қолданылады. Жобалау әдісінде ең алдымен оның болашақ жоба аумағы таңдалады. Келесі маңызды мәселе – жобаның ұзақтығы. Жоба бір сабаққа немесе оданда ұзақ уақытқа ( 1тоқсанға) есептелуі мүмкін. Бірнеше жағдайда жобаға тек бірнеше оқушы қатысуы мүмкін, ұзақ уақытқа есептелген жағдайда әрбір оқушы немесе оқушылардың шағын тобы ортақ үлкен жоба шеңберіндегі жеке тақырыптарды алады. Үштен көп оқушыдан тұратын топты құрған қолайсыз – үлкен топтардың жұмысын құру мәселелерін тудырады.
  • Жобалау әдісі есептің шешімін табудың жүйелік тәсілінің дағдыларын қалыптастырумен, жүмыс үрдісі кезінде тәуелсіздігінің артуымен және мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас стилін орнатумен сипатталады. Жобаның ортақ тақырыбы мұғалімнің тапсырмаларына байланысты таңдалады. Оқушыға немесе топқа берілген нақты тақырып жалпы тақырыппен үйлесуі керек. Жобамен жұмыс жасау кезінде мұғалім консультант рөлінде болады, бұл жерде оған біршама даярланған оқушылар көмектеседі. Егер оқушылар есептің қойылымын аңықтауды өз бетінше жүргізсе дұрыс. Ол үшін мұғалім оларды бұрын орындалған жобалармен таныстырса жеткілікті. Жобамен жұмыстың нәтижелері міндетті түрде сыныпта жариялануы керек. Жұмысты көпшілік алдында қорғау жобалар әдісінің ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға жұмыс барасында алынған білімдерін қорытындылап, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақты өткізу формасы классикалық семинар болуы міндетті емес, ойын да болуы мүмкін. Егер жазбаша есеп беру қарастырылса, онда оған қойылатын талаптар алдын ала құрылады.
  • Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын шарттар мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады:
  • Жобалауды шығармашылықпен байланыстыратындар көп, олар жобалаудың жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді ашу деп түсінеді. Алайда бұл түсінік дұрыс емес. Шығармашылық – бұл жаңаның пайда болуы. Бұл жерде жобалаумен байланысы бар, бірақ шығармашылықтың жобалауға айналуы үшін уақыт факторы негізге алынып, нақты нәтижені елестету керек.
  • Пәні: Информатика
  • Сынып: 9А
  • Сабақтың тақырыбы: Қортынды жобалық іс әрекет.
  • Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Паскаль тілінде бағдарламалауды, зерттеу жұмыстарын жүргізуге үйрету.
  • 1 Білімділік:Оқушылардың жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып білімін арттыру.
  • 2 Дамытушылық:Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін жетілдіру, дамыту.
  • 3 Тәрбиелік:Оқушыларды компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу, ақпараттық сауаттылығын, мәдениетін қалыптастыру.
  • Сабақтың түрі:Демонстрациялық жобалау.
  • Сабақтың құрал– жабдықтары: компьютер,принтер.
  • Сабақтың барысы:
  • 1 Ұйымдастыру кезеңі
  • а) Оқушылар тізімі. (Топтардың аттары және сол топтың құрамындағы оқушылар тізімі жазылған плакат ілінеді.)
  • ә) Оқушылардың зерттеу жұмыстары жөнінде қысқаша шолу. (Мұғалім оқушыларға топ құрамымен ақылдасып, сол тақырыпты бірігіп қорғауға шақырады)
  • Оқушылардан құрамы үш адамнан тұратын топ құрап, оларға алдын ала тапсырмалар беріліп қойған. Сыныпта 12 оқушы. Олардан 4 топ құралады.Әр топ өз тапсырмасын 8-9 мин ішінде компьютерде көрсетіп, қорғап шығу керек.
  • Кезекті қай топ дайын сол топ бастайды, топтағы үш оқушыда бағдарламаны жеке –жеке орындап көрсетеді.
  • 1 топтың аты “ Сызықтық ”.
  • Тапсырма: Есеп. Кез келген сөзді енгізгенде, сол сөзді кері ретпен шығаратын бағдарлама құр.
  • Шығарылуы реті.
  • program esep1;
  • var x,d,a: string;
  • i,k:integer;
  • begin
  • writeln ( 'Соз енгіз' );
  • readln ( x );
  • for i:=length(x) downto 1 do
  • write ( copy (x,i,1));
  • readln;
  • end.
  • 2 топтың аты “ Тармақтық ”.
  • Тапсырма Есеп. 5 элементтен тұратын бірөлшемді жиымның ең улкен элементін табатын бағдарлама құрыңдар
  • program esep1;
  • type T= array[1..5] of real;
  • var x:T; max: real;
  • i,n: integer;
  • begin
  • for i:=1 to 5 do
  • begin
  • write( 'x енгіз (', i:2,')');
  • readln(x[i])
  • end;
  • max:=x[1]; n:=1;
  • for i:=2 to 5 do
  • if x[i]>max then
  • begin
  • max:=x[i]; n:=1
  • end;
  • writeln( 'Ен улкен элемент',max);
  • writeln( 'онын номері',n);
  • end.
  • 3 топтың аты “ Циклдік ”.
  • Тапсырмасы: Есеп: Ай нөмірін енгізіп, осы айдағы күндердің санын шығару бағдарламасын құрыңдар.
  • program esep;
  • var M, D: integer;
  • begin
  • writeln('Айдын номерин енгиз:');
  • read ( M );
  • case M of
  • 2: begin D := 28; end;
  • 4,6,9,11: begin D := 30; end;
  • 1,3,5,7,8,10,12: D := 31;
  • else D := -1;
  • end;
  • if D > 0 then writeln ('Бул айда ', D, ' кун')
  • else writeln ('Айдын номери дурыс емес');
  • end.
  • .
  • 4 топтың аты “ Алгоритм ”.
  • Тапсырмасы : Есеп Бірөлшемді А(10) жиымында элементтердің арифметикалық орта мәнін есептеу бағдарламасын құр.
  •  
  • program esep;
  • type T=array[1..5] of real;
  • var A:T;S,S1:real;
  • i,K:integer;
  • begin
  • for i:=1 to 10 do
  • read(a[i]);
  • S:=0; K:=0;
  • for i:=1 to 10 do
  • if a[i]>0 then
  • begin
  • s:=s+a[i];K:=K+1;
  • end;
  • S1:=S/K;
  • Writeln('S1=',S1:10:2)
  • end.
  • ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ.
  •   Қорыта айтатын болсақ, жобалау әдісі – бұл оқу жүйесі, оқу үрдісінің ұйымдастырылған моделі, ол оқушының интеллектуалды және физикалық мүмкіндіктерін жаңа жобаларды құру үрдісінде шығармашылық қабілеттерін дамыту жолымен өзіндік тұлғаны жүзеге асыруға бағытталған. Мұғалім оқушыны өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсімдеумен жобалау әдісі арқылы дәлелдей білуге үйретеді. Осы жұмыстың арқасынды мұғалім мен оқушының арасында шығармашылық байланыс, жаңа көзқарас пайда болады. Мектеп қабырғасында оқушыда зерттеу, іздеу, анықтау, дәлелдеу, синтез, анализ жасау дағдылары қалыптасады, және жобалау әдісі белгілі мерзімге берілуіне байланысты оқушы уақытты ықшамдап үйренеді. Бұл келешекте оқушының өз өмірінде пайдалануға қажет қасиет пен дағды

Каталог: uploads -> doc -> 0c1a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c1a -> Сабақ «Екілік арифметика»
0c1a -> Сабақтың тақырыбы : Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
0c1a -> Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы теңдеулер. Пысықтау сабағы. Сабақ кезінде нақты іске асырылған іс әрекеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет