Б. Оңтаев атындағы жалпы орта мектебі Оңтүстік Қазакстан облысы Ордабасы ауданы Қараспан ауылы



бет1/6
Дата17.06.2018
өлшемі0,8 Mb.
#42773
  1   2   3   4   5   6
ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – САПАЛЫ БІЛІМ АЛУ

НЕГІЗІ ДАЯРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Куанышбекова Алмакуль Каныбековна

физика пәнінің мұғалімі

Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебі

Оңтүстік Қазакстан облысы

Ордабасы ауданы Қараспан ауылы

Аңдатпа


Жұмыста үштілділік ұғымы, табиғаты, оған қатысты ғылыми- танымдық ақпарат, яғни теориялық мəселелер біршама қамтылған. Еліміздегі үштілділік мəселелеріне арналып, өзге тілді меңгертудің тиімді əдіс-тəсілдері кеңінен талқыланған. Ана тілін жəне екінші, үшінші тілді меңгерту жолдары, тілдік бөгет, тілдік орта т.б. мəселелер сөз болады.

Аннотация

В докладе рассмотрены значение трехязычия, некоторые теоретические аспекты и научно-позновательная информация по данному вопросу. Во втором разделе рассмотрена актуальность изучения трехязычия в нашей стране и методика рационального изучения первого языка как родного, второго как разговорного и третьего как иностранного учащимися школ.

Abstract


The report discusses the importance of trilingual, some theoretical aspects and scientific and educational information on the subject. Rassmatrivaetsya the relevance of studying trilingual in our country and methodology rational of the study first as a native language, spoken as second and third foreign pupils.


Кіріспе

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 

«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».

Н.Ә. Назарбаев

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің  – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді.

Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен  бірге, мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай жатқан мәселе. Ол ұлттық келісім  мен қазақстандық  патриотизмді нығайтудағы рөлін арттыру ең басты мәселелердің бірі. Орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми – ақпарат алудағы желісін кеңейту  негізгі тақырыбына айналды.         

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою- бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес. Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу- жаңа педагогикалық проблема, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс. 

Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” деген болатын.


Өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық. Ол — Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 
Негізгі бөлім:

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деген даналық сөзді басшылыққа алып, мен физика сабағында үш тілде сабақ өту еш қиындығы жоқ, деп ойлаймын, сабақтарымда осы үш тілді қабат алып журуге тырысамын. Бізде берілген терминдердің барлығы ағылшынша беріліп, оның аудармасын, түсіндірмесін пайдаланып отырып жұмыс жұргіземіз. Қайта бала қызығып отырып оқиды. Оқушыларды топқа бөлу әдісі арқылы әр топқа үш тілде тапсырма беру арқылы, оқушылардың қызығушылығын ояту арқылы сабақ өтуге болады. Үш тілділікті даярлық тобынан бастаған деп жөн санаймын. Себебі даярлық тобында берілген тапсырмалар көбінесе суреттер түрінде, сондықтан оқушылардың қызығушылығын ояту арқылы сабақ өтуге болады. Жұмбақтар, бірнеше суреттер беру арылы да оқушылардың тілдерін дамытуға болады. Әрине бұл да мұғалімнің шебергіне байланысты. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстарында арттыру арқылы олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен махаббаттын оятып, өз тағдыры мен ел тағдырын мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу- басты міндетіміз болып келеді біздің.

Мысалға алғанда математика сабағында мына тапсырмаларда ағылшын тілі мен орыс тілін кеңінен пайдалануыма болады:

1.Тапсырма:



Сандарды  тура және кері  санамақ арқылы санау.

Санамақ.

1-    дегенім бөрік, кисең бойға көрік. Шапқа



2-    дегенім етік, киер сәнді етіп. – boot, shoes



3-    дененім ішік, теріден тігер пішіп. fur coat

4-    дегенім  тымақ, қыста кисең жыл- ақ

5-    дегенім байпақ, іші жылы тайпақ - валенки

6-     дегенім алқа, мойныңа тақ алда (necklace)



7-    дегенім жейде, кір болмасын кейде. Рубашка



8-    дегенім сенсең, жылысы тонның сенсең

9-     дегенім телпек, болма бала тентек . cap, hat





Каталог: uploads -> doc -> 0124
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0124 -> Сабақтан тыс іс-шара «Санитария, гигиена және физиология негізі» және «Азық түлік тауартануы»
0124 -> Сабақ мақсаты: Білімділік
0124 -> Сабақтың тақырыбы: «Дені саудың-тәні сау»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет