Бағдарлама элективті курс Химия Және адам



Дата05.01.2020
өлшемі47,7 Kb.
#55431
Байланысты:
Бағдарлама Химия және адам
апталық, апталық, СЫНЫП САҒАТЫ, СЫНЫП САҒАТЫ, 13. КТЖ Физика 9 сынып, Сабак жоспары, MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері, soch himiya 7cl kaz, емтихан сурактары МКБ, емтихан сурактары МКБ, емтихан сурактары МКБ, 6 сынып ¦9, 6 сынып ¦9, 1 сынып буквы, 13 сабақ
Бағдарлама

элективті курс


Химия Және АДАМ

9 сынып оқушыларына арналған

9 сынып аптасына 2 сағат барлығы 68 сағат,

К.К Нұрпейісова ,Н.Н Мухатаева

А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияның химия пәнінің мұғалімдері


Пікір жазған: Ө.ОқОспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының Бас ғылыми қызметкері, аулыш шаруашылығы ғылымдарының докторы Бейсеева Гүлжан Бейсеқызы

Түсініктеме хат мазмұны

Химия табиғи ғылымның маңызды бөлігі болып табылады, Біз қай жерде болсақ та, химиялық зауыттар мен олардан алынатын заттар және сол заттардан жасалған бұйымдарды кездестіреміз. Күнделікті өмірде, химияны білместен, әрбір адам химиялық реакцияларды жүзеге асырады.

Бұл курс оқушылар арасында тәуелсіз және шығармашылық бастамаларды дамытуға, интерстебелсенді коммуникацияларды енгізу арқылы практикалық дағдылар мен сол дағдыларды дамыту арқылы әлемнің табиғи ғылыми бейнелерін қалыптастыруға бағытталған. Курс 9 сынып оқушыларына арналған. Себебі, бұл кезең мектеп оқушыларының интеллектуалды және танымдық қабілеттерін саралау кезеңі, сонымен қатар білім берудің бірдіндеп мамандыққа бейінін қалыптастыру кезеңі Бұл курс химия пәніне қызығушылық танытқан сонымен қатар химия және адам денсаулығына қатысты өз білімін кеңейтуді қалайтын оқушыларына арналған.

Бұл курстың биология және медицинамен кіріктіріле берілуі оқушыларға адам организмндегі биохимиялық процестерді жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Элективті курс оқушылардың химиялық білімін химиямен сабақтас салалардағы тәжірибеде қолдануға назар аударатын болады. Соңғы кезде химияның қолданбалы маңыздылығына деген қызығушылық жоғары. Курстың практикалық бөлімі оқушылардың негізгі химиялық тәжірибелерді жүргізудегі практикалық дағдыларын қалыптастыру және нығайту, олардың өз бетінше химиялық тәжірибелер жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндағы химиялық эксперимент арнайы жабдықты қажет етпейді үйде жүргізуге мүмкіндік береді

Тарихи және көркем әдеби материалдардың әртүрлілігі бұл курсты тарих, география және әдебиетпен біріктіру үшін негіз болып табылады. Курстың материалы 15-16 жастағы жастарға денсаулықты сақтауға қатысты сұрақтарға жауап беруге көмектеседі Курстың бағдарламасы бірнеше дереккөздер негізінде құрастырылды. Бағдарлама сыныптың нақты тақырыптары бойынша сынақтар мен презентациялармен толықтырылады.

Бағдарламаның мақсаты:


  • Күнделікті өмірде химияны білу қажеттілігін туралы қызығушылығын арттыру және ынталандыру

  • Химия-биологиялық немесе жаратылыстану-ғылыми бейіндегі 10-шы және 11-ші сыныптарда химияны одан әрі тереңдете зерделеуге деген ұмтылысын дамыту;

  • Оқушыларға валеологиялық білімдердің негіздері, олардың денсаулығы туралы білім беру;

  • Оқушыларға қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер мен адам денсаулығы туралы білімін тереңдету

Бағдарламаның міндеттері:

  • Бейорганикалық және органикалық заттардың қасиеттері туралы оқушылардың білімін кеңейту;

  • Күнделікті өмірде қолданылатын белгілі бір заттардың нақты қасиеттерін, олардың адам организміне және қоршаған ортаға әсері туралы білім білік дағдысын қалыптастыру;

  • ҚТ ережесіне сәйкес үйде химиялық заттармен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

  • Салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ету;

  • Химиялық есептерді шешуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігін арттыру.

Бағдарламаның өзектілігі: Курстың теориялық бөлігі болашақ химиктерге ғана емес, күнделікті практикалық өміріндегі әрбір адамға пайдалы ақпарат береді. Зертханалық сабақтарда оқушылар практикалық дағдыларын жетілдіреді және жалпы алғанда, курс оқушыларға жоғары мектептегі жаратылыстану-ғылыми білім бейінін таңдауға көмектеседі. Курс негізгі мектепте химия ,биология және математика пәндерін меңгеру барысында алынған білімдер мен дағдыларға негізделген, практикалық және эксперименттік тапсырмаларды орындау оқушыларға оларды стандартты емес түрде қолдануға мүмкіндік береді. Элективті курсты оқып үйрену нәтижесінде оқушылар өздерінің жобасын ұсына алады. Жобаның әдісі эксперименталды жұмыс әдісі және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсыну ретінде пайдаланылады. Бағдарлама қысқа мерзімді жобаларды қолданады. Жобаның мақсаты оқушыларға пән бойынша арнайы білімді қалыптастыру, оқушыларға химиялық заттардың қауіпсіз және экологиялық тұрғыдан тиімді пайдалануды үйрету. Қызметтің ғылыми-зерттеу сипаты сыныптағы бірлескен жұмыстарды болжайды, нәтижесінде оқушылар келесі білім-білік дағдыларын дамытады:

-зерттеу жоспарын құру;

- іс әркеттің жұмыс үлгісін жасау;

- зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу;

- жұмыстың нәтижелерін презентацияға ыңғайлы түрде ұсыну;

- топта ынтымақтастық.

Бағдарламада химия және адам денсаулығына қатысты мәселелер нақты өмірдегі жағдаяттармен тікелей байланыстырып,пәнаралық тұрғыдан жан-жақты талдау жасалынып,оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын арттырып,салауатты өмір сүруге белсенді араласу мүмкіндігін тудырады

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

Кіріспе: Химия - бұл бізді қоршаған заттар туралы ғылым. (2 сағат)

(Химиялық заттарға арналған кіріспе дәріс, олардың өмірдегі маңыздылығы және олардың қолдануды білудің қажеттілігі туралы)



1-бөлім : «Химия және организм» (18 сағат)

Бұл бөлімде өтілетін сабақтар адам организмінің түрлі құрылымдарын құрайтын заттарды зерттеуге арналған. Жасөспірім организмінің дамуына әсер ететін заттарды зерттеуге үлкен мән беріледі. Жасуша химиясымен танысып,микро және макроэлементтердің организм дамуына ықпалын зерттейді. Оқушылар тағамның құрамымен және дұрыс тамақтану қажеттілігімен танысады. Тағамның құрамындағы зиянды қоспалармен танысады. Практикалық жұмыс: «Тағам құрамындағы кейбір заттарды үй жағдайында анықтау»

Адам денсаулығына теріс ықпал ететін шылымның,алкогольдің,есірткі заттардың химиясынмен және оның денсаулыққа әсерін біледі. Практикалық жұмыс «Насыбайдың химиялық құрамын анықтау»

Косметологиялық препараттардың құрамымен танысыады және олардың организмге әсері туралы айтылады.Практикалық жұмыс «Глицерин және Е витаминінен жақпа май жасау»

2-бөлім. «Үйде және «көшедегі» химиялық заттар» (26 сағат)

Бұл бөлімде оқушылар күнделікті өмірде жиі кездесетін тұрмыстағы химиялық заттар соның ішінде үйде әсіресе ас үйде пайдаланатын және «көшедегі» заттарды біледі. «Тұрмыстық химия заттарының» бөлігі болып табылатын киім-кешекті заттармен танысады. Бұл бөлімде үй дәріханасында кездесетін дәрілерді танып біледі және қауіпсіздік ережесімен танысады. Практикалық жұмыстар: «Ыдыс жуатын құралдардың қышқылдығын анықтау «Үй жағдайында кристалдар өсіру» «Уланған кездегі алғашқы көмек» «Ас үйде қолданылытын сірке қышқылының әр түрлі мөлшерде ерітіндісін дайындау». «Табиғи заттардан үй жағдайында сусабын жасау» «Үй жабдықтарын тазалау»



3-бөлім Химия және экология» бөлімі (20 сағат)

Бұл бөлімде оқушылар зиянды заттар туралы, олардың организмге және қоршаған ортаға әсері туралы білімін тереңдетеді. Суды және оны антропогендік әсерден қорғау тұрғысынан зерттейді. Пестицидтер және тыңайтқыштармен ластанудың қауіптілігін біледі.

Практикалық жұмыстар: «Ауыз судың сапасын анықтау» «Экологиялық мазмұндағы есептерді шешу» «Жергілікті жердің топырақ құрамының қышқылдылығын анықтау»
4-бөлім Қорытынды 2 сағат курс бағдаламасы бойынша рефераттар,эссе ,ізденіс жұмыстарын қорғау.

Нормативті бөлім






Тақырыбы

Бар

лығы


Лекция

Практика

Өткізу түрі

Білімдік қазына,нәтиже

1

2

3

4

5

6

7

І

Кіріспе

2

1

1







1

Химия - бұл бізді қоршаған заттар туралы ғылым.

1

1




Дәріс

Эссе

2

Химия кабинетінде жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік техника ережесі

1




1







ІІ

1 бөлім :«Химия және организм»

18

15

3







1

Тірі организмнің химиялық құрамы

2

2




Дәріс

Семинар



Хабарлама

2

Микроэлементтердің тірі организмдегі маңызы

1

1




Дәріс семинар

Хабарлама

3

Гормондардың рөлі, функциясы және химиялық құрамы Йод және оның денсаулықтағы ролі Тест.

1

1




Семинар

Гормондардың құрамын қарастыру;

• Йод бар түрлі тағамдардағы тағамдық құндылықты бағалауға үйрету;

• табиғатта йодтың таралуы;

• организмде йодтың маңызынбілу үшін өзіндік тексеру жүргізу (презентация)



4

Сұлулық пен өсу гормондары.

Адам организміндегі ферменттер мен гормондар.



1

1




Семинар

Ферменттер туралы түсінік беру, өмірдегі және адам денсаулығындағы маңызы туралы реферат дайындау

5

Тағам және химия

2

2




Дәріс семинар

Тамақ өнімдерінде денсаулыққа қажетті заттар туралы презентация

6

Дұрыс тамақтану критерийлері. Тамақ энергия көзі ретінде

1

1




Дәріс

Дұрыс тамақтану туралы реферат жасау

7

Тағамның құрамындағы

Зиянды заттар.



2

2




Дәріс семинар

Жедел дайындалатын тағамдар,газды сусындардың химиялық құрамы туралы презентация жасау

8

Модификацияланған тағамдық өнімдер : жағымды және жағымсыз жақтары.

1

1




Дәріс семинар

Модификацияланған тағамдық өнімдер жарнамалар мен мифтер туралы хабарлама жасау

9

Практикалық жұмыс: «Тағам құрамындағы кейбір заттарды үй жағдайында анықтау»


1




1

Дәріс практика




10

Химия және зиянды әдеттер.

1

1




Дәріс семинар

Алкоголь және денсаулық

Эссе жазу



11

Есірткі заттардың химиялық құрамы, организмге әсері

1

1







Есірткі заттардың химиялық құрамы, организмге әсері хабарлама дайындау

11

Темекі түтіні және насыбайдың

химиялық құрамы Практикалық жұмыс «Насыбайдың химиялық құрамын анықтау»

1

1

1

Дәріс практика

Темекі түтінінің зияндылығын көрсететін тәжірибе. Насыбайдың химиялық құрамын талдау.

12

Химия және косметика.

1

1




Дәріс семинар

Хабарлама

13

Косметиканың адам ағзасына жағымды және жағымсыз әсерлері.


1

1




Дәріс семинар

Кейбір косметикалық кремдердің жекелеген компоненттері мен олардың құрамының организмге әсері (презентация )

14

Практикалық жұмыс

«Глицерин және Е витаминінен жақпа май жасау»



1




1







ІІІ

2-бөлім. «Үйде және «көшедегі» химиялық заттар»

26




5







1

Бізді қоршаған әлем

2

2




Дәріс

семинар


Күнделікті өмірде жиі кездесетін тұрмыстағы химиялық заттар: үйде пайдаланатын және «көшедегі» заттарды біледі.

2

Ас үйдегі химиялық заттар.

2

2




Дәріс семинар

Хабарлама

3

Химиялық заттарды ас үйдегі адам организміне әсері

1

1




Дәріс семинар

Хабарлама

4

Практикалық жұмыс «Ыдыс жуатын құралдардың қышқылдығын анықтау»

1




1

Практика

Тұрмыста көп қолданылатын ыдыс жуғыш құралдардың қышқылдығын анықтайды.

5

Практикалық жұмыс. «Ас үйде қолданылытын сірке қышқылының әр түрлі мөлшерде ерітіндісін дайындау».

1




1







6

Тұрмыстық химия


2

2




Дәріс Семинар




7

Жуғыш құралдар мен жеке бас күтіміне арналған заттар.


1

1




Дәріс

Семинар


Жуғыш заттар мен сабын басқа да жуғыш құралдармен танысу

8

Тістерді күту құралдары. Тіс пастасының құрамы


1

1




Дәріс

Семинар


Тіс пастасының химиялық құрамымен танысу

9

Практикалық жұмыс: «Табиғи заттардан үй жағдайында сусабын жасау»

1




1

Дәріс практика

Дәрілік шөптер,табиғи өсімдік майлары мен жұмыртқаны пайдаланып сусабын жасау әдістерін үйренеді.

10

Ауа тазартқыш аэрозольді химиялық құралдар, оларды қолданудың ережелері Денсаулыққа әсері.

1

1




Дәріс

Семинар


Хабарлама

11

Практикалық жұмыс

«Үй жабдықтарын тазалау»



1




1

Дәріс практика

Ас содасы,астұзы,сабын сірке қышқылын пайдаланып,үйдегі жабдықтарды,кілем дақдарын тазалау.

12

Химия және киім

1

1




Дәріс

Киім және аяқ киім химиясы

13

Аяқ киім неден жасалады?

1

1




Дәріс

Семинар



Аяқ киім жасалатын синтетикалық материалдар олардың пайда –зияны туралы хабарлама жасау

14

Синтетикалық талшықтардан жасалған киімдердің адам организміне пайдасы мен зияны

1

1




Дәріс

Семинар


Хабарлама

15

Киімнің зат белгісіне талдау жасау

1

1




Дәріс

Семинар





16

Үй дәріханасы

1

1




Дәріс

Семинар


Үй дәріхансын,онда болу керек заттармен танысу

17

Дәрілік препараттар және олардың химиялық құрамына талдау

2

2




Дәріс

Семинар





18

Жиі қолданылатын дәрілік препараттар ,олардың әсер ету механизмдері,

Практикалық жұмыс «Уланған кездегі алғашқы көмек»



1




1

Дәріс практика

Алғашқы көмек көмек әдістерін білу

19

Өзін -өзі емдеудің зияны

1

1




Дәріс

Семинар





20

Кристалдардың керемет әлемі.

1

1




Дәріс

Семинар






21

Кристаллды қалай өсіру керек.


1

1




Дәріс

Семинар


Тұрмыстағы кристалды химиялық заттармен танысу

22

Практикалық жұмыс

«Үй жағдайында кристалдар өсіру»



1




1




Тұз,қант тағы басқа заттардан кристаллдар өсіру.

ІІІ

3-бөлім Химия және экология» бөлімі

20




9







1

Зиянды улы заттар

1

1










2

Ауыр металдардың организмге әсері


1

1




Дәріс,

семинар


Ерекше улы ауыр металдармен ластану олардың адам организміне түсу жолдары мен зиянды әсері туралы түсінік

3

Канцорогенді заттар

1

1




Дәріс,

семинар


Азық түлікті өңдеген кездегі қолданылытын концерогенді заттардың организмге зияны .

4

Пестицидтер және тыңайтқыштармен ластанудың қауіптілігі.

1







Дәріс,

семинар





5

Көкеністер мен жемістегі нитрат мөлшерін анықтау

1




1

практика




6

Қышқыл жаңбырлар

1

1




Дәріс,

семинар


Қышқыл жаңбырдың түзілуі, оның қоршаған және ортаға топыраққа әсері реферат

7

Практикалық жұмыс Жергілікті жердің топырақтың қышқылдығын анықтау

1




1

практика




8

Су және адам

1

1




Дәріс,

семинар


«Судың ада өміріндегі маңызы» реферат

9

Суды тазарту әдістері

1







Дәріс,

семинар


«Суды тазарту әдістерімен танысу» зертханалық жұмыс

10

№ практикалық жұмыс: «Ауыз судың сапасын зерттеу»

1




1

практика

Күнделікті қолданып жүрген ауыз судың сапасын

11

Ауаны ластайтын газдар, оның адам организміне әсері

1







Дәріс,

семинар


«Ауаны ластайтын газдар, оның адам организміне әсері» реферат

12

Қоршаған ортаны қорғау

2

2




Дәріс,

семинар


Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы заңдармен танысу

14

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық проблемаларды шешу жолдары

1

1




Дәріс,

семинар





15

Экологиялық мазмұндағы сан есептерін шығару

3




3

Практика

Құрамындағы қоспаның массалық үлесі берілген реагенттің массасы бойынша реакция өнімінің массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеу

16

Экологиялық мазмұндағы сан есептерін шығару бойынша тексеру жұмысы

1




1

Семинар




17

Қорытынды

2




2

Конференция

Рефераттар,эссе ,ізденіс жұмыстарын қорғау




Барлығы

68

49

19








Ақпараттық-әдістемелік бөлім

- оқушылардың жаңалықты өздігінен іздеп ашатындай танымдық, эмоциялық жағдайлар туғызатын оқытудың ғылыми-зерттеу, табиғатты көркем қабылдау сияқты оқу жұмысын ұйымдастырудың дәстүрлі емес түрлеріне ерекше маңыз берілуі қажет.

- Оқушы өз бетінше ізденуге дағдылануы қажет;

- Жеке тапсырмаларды орындай алуға, топпен жұмыс жүргізуге, түсініп оқуға машықтануы керек;

- Теориялық білімін, танымдық, шығармашылық дағдысын қалыптастыру;

- Рухани байлыққа ұмтылуға үйренеді;

- Экологиялық үрдістерді талдай білу және табиғатты қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қоя білу;

Оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар:

- қоршаған ортаның химиялық ластану түрлері және онымен күресу жолдары туралы;

- атмосфераның, судың, топырақтың негізгі ластағыштары туралы ШРК туралы;

- үйіндегі әртүрлі химиялық заттардың құрамын, құрылымын , пайдалану аймақтарын; әдістерін білу керек

- адам организміне әртүрлі заттардың әсері және оның әсер етуі туралы білуі керек:

- қарапайым химиялық және экологиялық эксперименттерді модельдеу;

-химиялық препараттарды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтай отырып, олардың мақсатына сай пайдалану;

Оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті тақырыптар мен практикалық дағдыларды теориялық білімдерін алады.



Оқушылардың білім,білік дағдыларын бағалау

Бағалау құралы ретінде оқушылардың ауызша баяндауы,сауалнама тест орындаулары,илюстрпациялы безендіріп,баяндама,хабарлама әзірлеуі теориялық білімдерін кез-келген жағдайда өмірде қолдана білуі,практикалық жұмыстар мен зертханалық жұмыстардың нәтижелерін сурет,сызбанұсқамен толықтырып,сипаттап жазу және т.б қолданылады. Бағалау критерийлері төменгідей болмақ.

«5» тік баға: тақырыпқа байланысты негізгі мәселені дұрыс түсініп,логикалық тұрғыдан жүйелі баяндай алғанда,берілген тапсырма бойынша өз бетінше ізденіп,шығармашылық жұмыстар орындағанда,практикалық жұмыстар мен зертханалық жұмыстардың нәтижелерін сурет,сызбанұсқамен толықтырып,сипаттап жаза алған жағдайда;

«4»-тік баға: оқушы жаубы дұрыс,теориялық тұрғыдан толық,өзарабайланысты жүйелі баяндағанда,қателескенде мұғалімнің ескертуімен қатесін дұрыстағанда, практикалық жұмыстар мен зертханалық жұмыстардың нәтижелерін сипаттағанда аздап кемшіліктер кездескен жағдайда;

«3»-тік баға: оқушы жауабы дұрыс болғанымен толық емес,тақырыпқа байланыссыз,елеулі қателіктер жіберген жағдайда,жетектеу үшін берілген сұрақтарға жауап бере алмауы,практикалық жұмыс кезінде теориялық білімді дұрыс қолдана алмаған жағдайда:

«2»-лік баға: оқушы жауабы қате болғанда,мұғалім жетектеуіне ілесе алмағанда және берілген тапсырманы орындамағанда, бағдарламада көзделген мәселеге көңіл бөлмеген жағдайда қойылады.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Вольпер И.Н Химия в пищевой промышленности Москва 19995

  2. Құрманалиев М.Қ,Тегіс Ә Тағамдық қоспалар,-Валеология 2008 №3 16-19 б

  3. Эпштейн А.А Химия өндірісте М. Просвещение 2003ж

  4. Құлыбаев М.М,Ихсанов Ж.А Жайлауав С.Ж Биогенді элементтер Алматы 1995

  5. Ярмоненко С.П Радиобиолгия человека и животных Москва 1998

  6. С.А Әбілов Молекулалық биология және генетика Шымкент «Асқаралы б» 2008

  7. Әбшенова Л.Ү.,Заирова Б Адамэкологиясы,денсаулығы және өмірлік дағдылар Алматы 2010

  8. Сейітов З.С Биохимия Алматы 2007

  9. Большая медицинская энциклопедия Т.1-26

  10. Генетика и онтогенез.Учебное пособие М.Б и 1992

  11. Здоровье и жизненные навыки: Методичесое пособие для учителей 9кл Алматы,2007

  12. Экология-радияция-здоровье // Материалы международного конгресса Семей 1993

  13. Медицинская и радиационная экология // материалы первого международного конгресса «Экология и методология возрождения человека и планеты Земля» Алматы,1997

  14. Усова Н.Т Определение содержание тяжелых металлов в снеге ипочьве// Химия в школе-2002 №3 74-75 б

  15. Маймақов С Биологиялық белсенді заттар.Алматы 1997

  16. Скурихин И.М Все опище сточки зрениея химика М.Высшая школа 1991

  17. Сейітов З.С Биохимия Алматы 2007

  18. Қазымбетов П,Аманжолова Л Медициналық биология Алматы 2000

  19. Антибиотики /лекарство или яд/. М.:АСТ, 2006.

  20. Витамины /лекарство или яд/. М.:АСТ, 2006.

  21. Сборник элективных курсов. Химия. 9 класс. Волгоград: Учитель,2005.

  22. Химия в быту. Смоленск: Русич, 1996.

  23. Химия для всех /хрестоматия/. Есть или не есть, пить или не пить. Ижевск, 2000..

  24. Энциклопедия для детей. Т. 17. М.: Аванта+, 2000


Қосымшалар

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет