Бағдарлама Мазмұны



Дата06.07.2018
өлшемі237 Kb.
#47583
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Үштерек орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хайратхан Раушан

Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының



перспективалық жоспар және

Бағдарлама


Мазмұны

Түсінік хат .........................................................................................................3



  1. Шетел тілін ертен жастан оқытудың ерекшеліктері ...............................6

  2. Оқу-тақырыптық жоспар.............................................................................8

  3. Шет тілін меңгеру деңгейінің мониторинг жүйесі .................................10

  4. Отбасымен ынтымақтастық ......................................................................11

  5. Қолданылған әдебиеттер ...........................................................................12


Түсінік хат

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.

Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану баланың шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Заманауи технологиялық ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым - қатынас жасай алады және ойын кезінде шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады. Оқыта−үйрету ойындары: дидактикалық, ситуациялық, сайыстық, қимылды, ырғақты−музыкалық және көркемдік және т. с. с көптеген түрлері бар.
Балалардың шет тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы әр түрлі заманауи дидактикалық ойын арқылы балалардың тілге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересектеулеу балаларға қарағанда,олардың есте сақтау қабілеті де жоғары.
«Ойын-бала қанының азығы» деп С. Торайғыров айтқандай, бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол – ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі байқалады
Ойын үстінде сөйлемейтін, нашар оқитын оқушының өзі өзін жан-жақты көрсеткісі келіп, сыныптастарымен, ұстазымен қарым-қатынасын жақсартады, сөйлеу дағдысын байқатады. Ойын баланың жеке ерекшелік қасиеттерінің дамуына, ішкі жан дүниесінің жаңаруына, пәнге деген қызығушылығын оятады. Ойын оқушының байқампаздығын жетілдіреді, тілді білуге деген құмарлығын арттырады. Осыдан да ойын араласқан сабақтың жаңа түрін ойлап табу мұғалім шығармашылығын талап етеді.
Шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге олардың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-бірінен қалғысы келмей емін-еркін, сөздерді қайта-қайта айтуда бір-біріне ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді.

«Көңілді ағылшын тілі» бағдарламасы бойынша сабақтар балаларды шет тілі мәдениетінің негізімен таныстырады, яғни балаға білім-білік дағдыларының базалық көлемін үйретеді. Сабақ оқуға және жазуға ауызша дайындық кезең болып табылады.



Мақсаты:

  • Мектепте балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы лингвистикалық қабілеттерін дамыту;

  • Ойын түрлері арқылы тәрбиеленушілердің ағылшын тілін үйренуге деген ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрету.


Міндеттер:

  • үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;

  • баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту;

  • мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау;

  • ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету;

  • фонетикалық есту қабілетін дамыту;

  • ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;

  • зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

  • айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту.

  • үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;

  • баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту;

  • мектептеп дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау;

  • ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету;

  • фонетикалық есту қабілетін дамыту;

  • ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;

  • зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

  • айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту.

 Қызметті ұйымдастыру формалары:



  • Фонетикалық ойындар;

  • Сөздік ойындар;

  • Оқу ережесіне байланысты ойындар;

  • Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар;

  • Сергіту ойындары;

  • Сан есімге байланысты ойындар;

  • Дидактикалық мақсаттағы ойындар;

  • Тақпақтық үлгілер;

  • Рөлдік ойындар, сахналау.

  • Сурет салу, құрастыру, мүсіндеу (ұсақ моторикасын дамыту).

Өзектілігі:

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Күтілетін нәтиже:


  • Балаларда шет тілі туралы білімді қалыптастыру;

  • Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді түсіну дағдысын қалыптастыру;

  • белсенді сөйлеуді дамыту;

  • балаларда еститін дыбыс үйлесімі мен сөздерге еліктеу дағдысын қалыптастыру.

Жылдың соңына балалар ағылшын тілінде сөздер мен дайын сөйлеу үлгілерін білуі тиіс:

Мен …(есімі).


Мен … (жасы).
Мен … көремін
Мен … білемін
Мен … жақсы көремін
Менде … бар
Мен … істей аламын

Сен неше жастасың?


Сенің атың қалай?
Сен ... істей аласың ба?
Сенде ... бар ма?
Сонымен бірге 7-10 тақпақтар, ұйқастар мен әндерді білуі керек.
Бағдарлама И.А. Шишкова, М.Е. Вербовскаяның «Английский язык для малышей» оқу құралында негізделген.

1.Шетел тілін ертен жастан оқытудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балаларға шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересек балаларға қарағанда,олардың есте сақтау қабілеті де жоғары. Мектеп жасына дейінгі балаларға шетел тілін оқыту олардың танымдық және әлеуметтік белсенділігінің, өзіндік әрекет жасау қабілеттілігінің және өзіне деген сенімінің артуына ықпал етеді.

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет. Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда. Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру қажет.

Мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең. Себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.

Ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.

Ерте жастан ағылшын тілін оқыту балалардың:

- шетел тілін үйренуге қызығушылығын;

- танымдық қабілетін;

- өзіндік шығармашылық әрекетін;

- ұйымда қызмет жасай алу қабілеттілігін;

- үйірімділік қабілетін;

- елестету мүмкіндігін;

- есте сақтау қабілетін;

- мектеп өміріне бейімделушілігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған қасиеттерді балабақшадан, бастауыш мектептен бастап оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуында әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық. Жасөспірімдердің тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетте, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу үдерісінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды редакдакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.

Балалардың дәл осы жаста айналадағы қоршаған ортаны білуге деген қызығушылығы, көрген нәрсесін ұмытпай,есте сақтауы, жақсы әр түстерге еліктеуі басқа жастарға қарағанда ерекше байқалады. Міне сол себепті алғашқыоқу сатысында сөздерді жаттауды және сол жаттаған сөздіктерін ұмытпау үшін суреттермен көрсетіп баруды үйрету. Ол айтқан сөздерін көзімен көріп, қолымен ұстауарқылы жақсы есінде сақтай алады және басқа заттардан айыра алады.

Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіреді.

Балалардың еркін сөйлеуге, өздігінен сөйлемдер құрай білуге үйрету, балалардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіндіру, ана тілін құрметтеп, өзге тілді игерту арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің маңызы зор.

Себебі “маған жәй айтсаң ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін” деп Қытай мақалында дұрыс айтылған.

Келесі сатысында осы жаттаған сөздеріне сай қысқа өлең шумақтарын сұрақ-жауаптарды үйрету әдісі қолданылады. Бұл балалардың тілін жаттықтырып,сөз қорын көбейтіп оның сөйлеу қабілетін асырады.

Сондай-ақ ерте жастан оқушыларды оқытудың және бір тиімділігі, тілдің кемшіліктерін жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі.

Оқу-тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1

Сәлемдесу, танысу.

Greeting friends.



Қарым-қатынас дағдылары мен білімін қалыптастыру.

1







2

Өзім туралы

Өздері туралы ойланын жеткізу

1







3

Жыл мезгілдері. Ауа-райы.

Season &Weather.



Жыл мезгілімен таныстыра отырып, ауа-райын суреттеуге үйрету.

1







4

Уақыт.

Time.


«What time is it?» деген сұрақты енгізе отырып, уақытын сұрап, оған жауап беруді үйрету.

1







5

Киімдер.

Clothes.


«Сlothes» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен таныстыру.

1







6

Түстер.

Colours.


«Colours» тақырыбындағы жаңа лексикамен танысу.

1







7

Жабайы аңдар.

Wild animals.



Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы турылы түсініктерін бекіту.

1







8

Үй жануарлары. Domestic animals.

«Domestic Animals» тақырыбын енгізе отырып, балаларға ағылшын тілінде үй жануарлардың аттарын атауаға үйрету.

1







9

Жаңа жыл.

Happy New Year



Жаңа сөздермен танысу, Jingle bells өлеңін жаттау.

1







10

Сандар.

Numerals.



Сандармен, «How many?» сұрағымен таныстыру.

2







11

Дене мүшелері.

Body parts.



«Body parts» тақырыбындағы жаңа лексикамен таныстыру. I have … тіркесін енгізу.

1







12

Менің отбасым.

My family.



«My family» тақырыбындағы жаңа лексикамен танысу.

1







13

Менің досым

My friend




Жаңа сөздермен танысу

1







14

Менің бөлмем

My room


«My room» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен танысу.

1







15

Менің ойыншықтарым. My toys.

Балаларды «Тoys» тақырыбындағы жаңа лексикамен таныстыру.

2







16

Менің мектебім

My school



«My school» тақырыбындағы жаңа лексикамен танысу.

1







17

Менің сүйікті пәнім


тақырыбындағы жаңа лексикамен танысу.

1







18

Тағам.

Food.


«Food» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен таныстыру.

2







19

Жемістер.

Fruits


«Fruits» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен танысу.

1







20

Көкөністер.

Vegetables.



«Vegetables» тақырыбындағы жаңа лексикамен таныстыру.

1







21

My Motherland is Kazakhstan


My Motherland is Kazakhstan тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен таныстыру.

1







22

Ұлы Британия


Жаңа сөздермен танысу

1







23

Лондон


Жаңа сөздермен танысу

1







24

Ағылшын салт-дәстүрлері

Жаңа сөздермен танысу

1







25

Менің хоббиім

Жаңа сөздермен танысу

1







26

Менің болашақ мамандығым

Жаңа сөздермен танысу

1







27

I can.

I can.... тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен танысу.

1







28

Have you got?

Have you got?

Жаңа сөздермен танысу



1







29

My favourite sport

Спорт-біздің өмірімізде



My favourite sport

тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен таныстыру.



1







30

Revision




1







Барлығы : 33









Мазмұны
Әр сабақтың құрылымы бар. Бірте-бірте балалардың есте сақтайтын ағылшын тілінде сәлемдесуден басталады. Одан кейін тілді жаттықтыратын жаттығулар (ағылшын тілінде тақпақ немесе ән) өкізіледі. Сабақтың негізгі бөлімінде қуыршақтармен және басқа ойыншықтармен ойын ойнағанда балалар сөйлеу үлгілерімен танысады және бекітеді. Сабақтың соңында не үйренгендерін естеріне түсіріп, әнді немесе тақпақты қайталайды. Содан соң ағылшын тілінде қоштасады. Сабақты өткізу үшін ағылшын тілінде тақпақтар, әндер бар видео және аудиожазулар қолданылады.

Сабақта жаңа лексикамен танысу үшін дайын сөйлеу үлгілері мен сөздері бар тақпақтар мен әндер қолданылады.



3. Ағылшын тілін меңгеру деңгейінің мониторинг жүйесі.
Балабақшада балалар шет тілінің ауызша курсын меңгереді және айтылым мен тыңдалым сияқты сөйлеу қызметінің түрлері мониторингке жатады. Сондай-ақ, лексикалық материалды және айтылу дағдыларын меңгеру деңгейі тексеріледі.
Айтылым диагностикасы үшін көркем және сюжетті суреттер қолданылады. Суретті қарап болғаннан кейін балаға өткен тақырып бойынша ағылшын тілінде қарапайым сұрақтар қойылады.
Тыңдалым диагностикасы. Бала түсінуге тиісті дискке жазылған сөйлемдер қолданылады. Сөйлемді 2 рет оқуға болады. Содан соң бала устелдің үстіндегі карточкалардан (әр жазылған фраза үшін 3 суреттен) аудиожазудан естіген сөйлем туралы тиісті суретті таңдауы қажет.
Лексиканы меңгеру диагностикасы. 4-5 тақырып, әр тақырыпқа 5 суреттен таңдау. Суреттер үстелдің үстінде араласып жатады.
Фонетикалық дағдылардың диагностикасы. Тиісті сөздер қажетті дыбысы бар суреттерді таңдау керек. Баладан заттарды атауды сұрау керек (егер бала сөзді білмесе көмектесуге болады.

4. Отбасымен ынтымақтастық.

Отбасы баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қоғамда өмір сүруге даярлығын реттеу және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта.


Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық – баланың жан - жақты даму деңгейіне әсер етіп, тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады. Баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге күш салатын қазіргі заман педагогикасы; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үрдісі. Ата - аналардың баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелетіні белгілі.

Мақсаты: ата-аналарды ағылшын тілін оқыту процесіне тарту, оларда осы процесс субъекті ұстанымын қалыптастыру.





Іс-шара

Міндеттер

Өткізу мерзімі

1

Кіріспе сабақ. Тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен танысу. «Сәлем, бұл біз!»

-Ата-аналарды бірлестік қызметімен таныстыру;

-Ынтымақтастық үшін жағдай жасау;



Қазан

2

«Жаңа жыл» мерекесіне ата-аналарды шақыру

-балалардың шығармашылық қабілеттерін демонстрациялау;

Желтоқсан

3

Ата-аналарға кеңес беру

-ағымдағы мәселелерді бірлесіп шешу

Жыл бойы

4

«8-наурыз» мерекесіне шақыру

-балалардың шығармашылық қабілеттерін демонстрациялау;

Наурыз

5

Қорытынды іс-шара

-жыл бойынша қорытынды жасау, балаларды, ата-аналарды марапаттау

Мамыр


Қолданылған әдебиеттер:


  1. «Әдістемелік құрал»

  2. Шишкова И. А., Вербовская М. Е.Английский для малышей,М.: ООО «Издательство «Росмэн – Пресс», 2011.

  3. Конышева А. В. Английский для малышей, Минск, 2004.

  4. Вронская И. В. Английский язык в детском саду. Спб., 2001

  5. Биболетова М.З. и др. “Enjoy English-1”, Обнинск: Титул, 2005

  6. Стронин М. Ф. Обучающие игры на уроке иностранного языка. М., Просвещение, 1984

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет