Бағдарламалық құжаттың деректемелері



бет2/3
Дата01.06.2018
өлшемі89,52 Kb.
#41083
1   2   3

8) «Коммерцияландыру офистерін, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құрған азаматтық ЖОО-лардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 15%, факт – 21%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес бүгінгі таңда ЖОО-ларда 24 бизнес-инкубатор, 24 коммерциализация офисы, 9 технопарк қызмет етеді. ЖОО-ларда 130 зертхана, оның ішінде 47 пәнаралық зертхана және 15 инженерлік бейіндегі зертхана.

Осылайша, коммерцияландыру офистерін, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құрған азаматтық ЖОО-лардың үлесі 21%.



9) «Қоғамдық пайдалы қызметке тартылған ЖОО студенттерінің үлесі».

2017 жылға жоспар – 25%, факт – 25%, қол жеткізілді.

Бүгінгі күні, ЖОО студенттердің контингенті 496 209 адамды құрайды.123 504 студент қоғамдық пайдалы жұмыстарға, оның ішінде академиялық қызмет, жоо алқалық басқару органдары және т.б. тартылған, 25%.

10) «Ұлттық студенттер лигасына қатысатын ЖОО-лар үлесі».

2017 жылға жоспар – 45%, факт – 45,5%, қол жеткізілді.

2017 жылы республика ЖОО-ларының студенттері арасында футзал бойынша Ұлттық студенттік лиганың өңірлік және финалдық кезеңдері өткізілді. Лига ойындарына 51 студенттік команда қатысты.

11) «ЖОО-лардың жалпы санынан корпоративтік басқару органдары (байқау кеңестері, қамқоршылық кеңестер және директорлар кеңесі) жұмыс істейтін ЖОО-лардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 80%, факт – 82%, қол жеткізілді.

Бүгінгі күні республикадағы азаматтық ЖОО-ың саны 112 құрайды.

Республиакдағы азаматтық ЖОО-лардың саны 112, оның ішінде 92 ЖОО-да


(10 ұлттық, 31 мемлекеттік, 1 халықаралық, 17 акционерленген, 33 жекеменшік) құрамына бизнес-орта, жергілікті атқарушы органдар, атақты және беделді түлектер кіретін байқау, қамқоршылық және директорлар кеңестері бар.

12) «Назарбаев Университетінің тәжірибесін енгізетін азаматтық ЖОО-лардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 36%, факт – 37%, қол жеткізілді.

Бүгінгі күні республикадағы азаматтық ЖОО-ың саны 112-ні құрайды оның 42 азаматтық ЖОО Назарбаев Университетінің тәжірибесін енгізуде.
Бесінші бағыт – Ғылым

Бұл бағыт шеңберінде 2 нысаналы индикатор мен 9 көрсеткішке жету көзделген.



Нысаналы индикатор:

1) «ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемінде тәжірибелік- конструкторлық әзірлемелерге арналған шығындардың үлесі».

2017 жылға жоспар - 21,2%, факт – 25,5% (2016 жыл), қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, 2016 жылы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемі 66 600,1 млн.теңгені, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ТКЖ) үшін 16 949,8 млн. теңгені құрады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемінде тәжірибелік- конструкторлық әзірлемелерге арналған шығындардың үлесі туралы ақпарат 2018 жылдың сәуір айында құрылады.



2) «Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санындағы коммерцияландырылған жобалардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 17,5%, факт – 20,7%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, 2017 жылғы қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы саны 677 дананы құрады, оның ішіндегі 140 жоба коммерцияландыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы индикаторлар мен көрсеткіштердің мәнін есептеу әдістемесіне сәйкес, сонымен қатар индикатордың атауы сәйкес индикатор коммерцияландырылған жобалардың үлесін көрсетілуі тиіс.

Осылайша, ҚР БҒМ 2017 жылы коммерцияландырылған жобалардың үлесі туралы ақпаратты ұсынған жоқ.
Көрсеткіштер:

1 «ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындардың жалпы көлеміндегі бизнес шығыстарының үлесі».

2017 жылға жоспар – 23%, факт – 30,6% (2016 жылы), қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, ҒЗТКЖ-ға жұмсалған қаржыландырудың жалпы сомасы 66 600 141,9 мың. теңгені мемлекеттің қатысуынсыз кәсіпорындардың шығындары 20 393 579,9 мың. теңгені құрады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындардың жалпы көлеміндегі бизнес шығыстарының үлесі туралы ақпарат 2018 жылдың сәуір айында құрылады.



2) «2014 жылы ұлттық патенттердің жалпы санындағы ұлттық патенттердің өсімі (1 574 бірлік)».

2017 жылға жоспар: 5%, факт: -26,7%, қол жеткізілмеді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес 2017 жылы берілген патенттердің саны 1154 болды.

Көрсеткіштің орындалмауы 2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына өзерістер енгізіліп, инновациялық патенттер ұлттық қорғалатын құжаттар тізбесінен алынып тасталуымен байланысты.

Аталған ҚР Заңы 2015 жылғы 7 сәуірде қабылданғандығын атап өткен жөн. Мемлекеттік бағдарлама жыл бұрын, 2016 жылы 1 наурызда қабылданғандығын ескере отырып, көрсеткіштің орындалмауы бойынша берілген себептер негізсіз деп санаймыз.

3) «Зерттеушілердің 2014 жылғы жалпы (18 930 адам) санынан зерттеушілер санының өсуі».

2017 жылға жоспар - 10,2%, факт – 12,6%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, есептік кезеңде Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен (ҒЗТКЖ) 21309 адам айналысты, бұл көрсеткіш 2014 жылғы көрсеткіштен 12,6%-ға артық.

4) «Жарияланымдардың 2014 жылғы жалпы (2784 бірлік) санынан халықаралық журналдардағы жариялымдар санының өсуі (Thomson Reuters деректері бойынша)».

2017 жылға жоспар – 12%, факт – 12%, қол жеткізілді.

Web of science Core Collection (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier) халықаралық баспаларында 3118 мақала жарық көрген, бұл сан 2014 жылғы көрсеткіштен 12%-ға артық.

5) «Жарияланымдардың 2014 жылғы жалпы санынан Web of Science Core Collection (Thomson Reuters) базасындағы жарияланымдардан дәйексөз келтіру деңгейі (1245 бірлік)».

2017 жылға жоспар – 35%, факт – 35%, қол жеткізілді.

Web of Science Core Collection (Clarivate Analytics) деректері бойынша 2017 жылғы 1696 жарияланымға 594 немесе 35% цитата келтірілген. (Thomson Reuters компаниясы Onex (Канада) корпорациясы және Baring Asia азиялық инвесторлар тобы TR IP&Science бөлімшесіне ие болып, ол қазір Clarivate Аnalytics деп аталатын тәуелсіз компанияға айналды).

6) «Жоғары білім беру ұйымдарындағы және ҒЗИ-лардағы енгізу бөлімшелерінің саны».

2017 жылға жоспар – 76 дана, факт – 77 дана, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, 2017 жылы 77 енгізу бөлімшелері қызме етті, олардың 51 – ҒЗИ және ЖОО-да, ҒЗИ және ЖОО-лардың жандарындағы 9- технопарктерде және 17 аймақтық коммерцияландыру офистерде.

7) «Мемлекеттік жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-лардың ғылыми жабдықтарының жаңару коэффициенті».

2017 жылға жоспар – 12%, факт –12%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, 2017 жылы сатып алынған жабдықтардың бағасы 2 356 356,07 мың теңге болса, ҒЗЖ-ға арналған ғылыми жабдықтардың жалпы бағасы 19 539 659,55 мың теңгені құрады.

8) «Қолданбалы зерттеулердің (жобалар) жалпы санындағы жоғары және орташа тиімді жобалардың үлесі».

2017 жылға жоспар – 69%, факт – 70%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, гранттық қаржыландырудың 1221 қолданбалы зерттеуінің (жобалар) үлесі 70 %-ды (855 бірлік) құрайды.

9) «Ғылыми ұйымдардың және ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін рейтингтік бағалауға сәйкес ғылыми ұйымдар қызметі тиімділігінің өсуі».

2017 жылға жоспар – 7%, факт – 7%, қол жеткізілді.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, рейтингтік бағалаудың нәтижесі бойынша есептік кезеңде рейтингпен 70 ұйым қамтылған ұйым қамтылған. Орташа көрсеткіштен жоғары көрсеткіш алған ұйымдардың саны 39.

Бүгінгі күні, ғылыми ұйымдардың және ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін рейтингтік бағалауға сәйкес қызмет тиімділігінің көрсеткіші орташадан жоғары ғылыми ұйымдар үлесі 55,7%, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 7%-ға артық (48%).


IІІ. Есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесі.

Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 243 қаулысы):

- жалпы іс-шаралар саны – 212 бірлік;

-2017 жылға жоспарланған іс-шаралар саны – 166 бірлік.

2017 жылы 166 іс-шараның 166 орындалған, 3 жартылай орындалған, 2 орындалмаған.

1) 36-тармақ «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинеттерінің (ПМПК) желісін кеңейту (2016 ж. – 61 бірл., 2017 ж. – 71 бірл., 2018 ж. – 77 бірл., 2019 ж. – 85 бірл.)». Орындау мерзімі: 2016-2019 жылдардағы IV тоқсан.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылы 10 ПМПК ашу қажет.

Сонымен бірге, ҚР БҒМ ақпараты бойынша, республикада 64 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация жұмыс жасайды (2016 ж. -58 бірлік), оның ішінде 2017 жылы 6 ПМПК құрылды: Қарағанды (1), Оңтүстік Қазақстан (3) облыстарында және Астана қаласында (2).

ҚР БҒМ іс-шараның орындалмауы туралы ақпаратты ұсынбады.



Іс-шара жартылай орындалды.

2) 91-тармақ ««Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» («Серпін») жобасын іске асыру (2016 жыл – 1115 адам, 2017 жыл – 1200 адам, 2018 жыл – 1290 адам,2019 жыл – 1290 адам)». Орындау мерзімі: 2016-2019 жылдардағы IV тоқсан.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысын 1 200 орынға орналастыру жоспарланған.

Сонымен бірге, ҚР БҒМ ақпараты бойынша 2017-2018 оқу жылында 720 орынға мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы 22 колледжда сұранысқа ие мамандықтар бойынша берілді.

Іс-шара жартылай орындалды.

3) 94-тармақ «ТжКБ ұйымдарын салу (2016 жылы - Астана қаласында - 2, 2019 жылы - Шымкент қаласында - 1, Қызылорда қаласында - 1)». Орындау мерзімі: 2016, 2019 жылдардағы IV тоқсан.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылы Астана қаласында ТжКБ-ның 2 нысанын пайдалануға беруі тиіс.

Сонымен бірге, 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл нысандар пайдалануға берілмеді.

1. Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы 800 орындық кәсіптік мектеп (құрылыс саласы бойынша) құрылысы. Даярлығы 49%-ды құрайды.

Мердігерлердің келісім-шарт міндеттемелерін орындамауына байланысты соттың талқыланулар жургізілуі себебінен объектіде құрылыс-монтаж және әрлеу жұмыстары жүргізілмей тоқтап тұр.

Астана қаласы Бөгенбай даңғылындағы (өрт сөндіру депосы ауданында) 800 орындық кәсіптік-техникалық мектеп (байланыс және энергиямен қамтмасыз ету) құрылысы. «АССМ» ЖШС-дағы құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтады. Даярлығы 94%-ды құрайды.

2. Астана қаласы Бөгенбай даңғылындағы (өрт сөндіру депосы ауданында) 800 орындық кәсіптік-техникалық мектеп (байланыс және энергиямен қамтмасыз ету) құрылысы. «АССМ» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтады. Даярлығы 94%-ды құрайды.

Мердігер «Алтын-21» ЖШС-нің көркейту жұмыстары бойынша келісім-шарт міндеттемелерін орындамауына байланысты соттың талқыланулары жургізілуде.

Астана қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша шарт бойынша барлық жұмыстар 2017 жылғы желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс болатын.

2017 жылғы қазанда Астана қаласы Бөгенбай даңғылындағы (өрт сөндіру депосы ауданында) 800 орындық кәсіптік-техникалық мектеп (байланыс және энергиямен қамтмасыз ету) құрылысы бойынша мердігерлік жұмысқа мемлекеттік сатып алу жарияланды, құжаттардың ашылуы 2017 жылғы 4 қарашада болды.

Бүгінгі таңда әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты «АССМ-01» ЖШС-мен тараптардың міндеттемелері тоқтатылды, бұдан басқа Құрылыс басқармасы «АССМ-01» ЖШС-н мемлекеттік сатып алудағы жосықсыз өнім беруші ретінде танып, айыппұл төлеу туралы сотқа жүгінді.

Іс-шара жартылай орындалды.

4) 68-тармақ «Әрбір орта білім беру ұйымында спорттық лига құру арқылы мектеп спорт секциялары желісін кеңейту». Орындау мерзімі:
2016-2019 жылдардағы желтоқсан.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, 2017 жылы республикадағы мектеп спорт секцияларының саны 2016 жылғы көрсеткіш 56 581бірліктен 46973 бірлікке кеміді.

2017 жылы жаңадан ашылаған мектеп спорт секциялары туралы ақпаратты ҚР БҒМ ұсынбады.

Сонымен бірге, ҚР БҒМ 2017 жылы қатысушыларды мектептегі спорт секцияларымен қамтудың 270 мың адамға ұлғайғандығын байқауға болады. Қазіргі уақытта мектептегі спорт лигасына 800 мыңнан астам мектеп жасындағы балалар баратындығын атап өтті.

ҚР БҒМ ақпаратына сәйкес, спорт секциялары желісінің қысқару себебі республикадағы шағын жинақты мектептердің желісін 53 бірлікке оңтайландыру, сонымен бірге мектептердегі спорт секцияларының мониторингісін жақсарту болып табылады. Ағымдағы жылы ҰБДҚ деректері бойынша ОҚО-да спорт секциялары желісінің 3395 бірлікке азайғандығы байқалады, Алматы қаласында - 2117 бірлікке, ШҚО - 1373 бірлікке, БҚО - 1391 бірлікке, Ақтөбе обл. - 998 бірлікке, Қостанай обл. - 755 бірлікке.

Іс-шара орындалмады.

5) 161-тармақ «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымын Білім беру сыныптауышының халықаралық стандартына сәйкес келтіру». Орындау мерзімі: 2016-2019 жылдардағы желтоқсан.

Қазіргі таңда ЖОО-лар мамандықтар шеңберінде білім беру бағдарламаларын жеке өздері әзірлейді.

Қазіргі таңда ЖОО-лар мамандықтар шеңберінде білім беру бағдарламаларын жеке өздері әзірлейді. ЖОО-лардың академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша заң жобасында ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларын әзірлеу бөлігінде дербестігін кеңейтетін дайындық бағаты бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу көзделген. Осы мақсатта жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуішісі ЮНЕСКО-2013 білім берудің халықаралық стандартты жітеуші бойынша білім берудің қазіргі бағыттарын көздейтін халықаралық стандарттарға сәйкес қайта қаралады.

Осы бағыттарды ескере отырып, сондай-ақ, жаңа кәсіптер атласында бар жаңа мамандықтар негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жаңа жіктеушінің жобасын әзірледі. Жаңа жіктеушіні енгізу академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша заң жобасын қабылдағаннан кейін мүмкін болады.



Іс-шара орындалмады.
ІV. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдау.

Жалпы, анализ қорытындысы бойынша есепті кезеңде 2 индикатор және 5 көрсеткішке қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, 3 іс-шара жартылай орындалған және 2 іс-шара орындалмаған.



«Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі» нысаналы индикатор бойынша.

2017 жылға жоспар - 92%, факт – 89%, қол жеткізілмеді.

Бұл индикаторға қол жеткізілмеу себебін ҚР БҒМ келесідей түсіндірді. Бұл индикаторды жыл сайын мамыр айынан бастап мамыр айына дейін (жыл аяқталғаннан кейін бір жыл) байқалу жүргізу тиіс, өйткені оқушылар мамыр айында жыл сайын диплом алады.

Осылайша, ҚР БҒМ білім беруді аяқтағаннан кейінгі бірінші жылдағы деректер 2018 жылдың мамырында белгілі болатынын атап кетті.



«QS-WUR рейтингінде белгіленген Қазақстан ЖОО-ларының саны топ-200, топ-300, топ-500, топ-701+» нысаналы индикатор бойынша.

2017 жылға жоспар – 0, 2, 2, 7, факт – 0, 1, 4,8, қол жеткізілмеді.

Бұл индикатор жартылай орындалған, өйткені QS-WUR топ-300 рейтингіне жоспар бойынша 2-дің орнына тек 1 ЖОО кірген.

Сонымен қатар, QS-WUR-тің ең үздік 500 рейтингісіне жоспар бойынша 2-дің орнына 4 ЖОО кірген. Сондай-ақ ең үздік 701- рейтингісіне жоспарды бойынша 7-дің орнына 8 ЖОО кірген.



«Аттестаттауға жататын мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан аттестаттаудан өткен мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі» көрсеткіші бойынша.

2017 жылға жоспар – 85%, факт – 21,7%, қол жеткізілмеді.

ҚР БҒМ-нің ақпараты бойынша, 2017 жылы 686 мектепке дейінгі ұйым аттестациялауға жатты. 2017 жылғы қаңтар-мамыр аралығында мемелкеттік аттестация процедурасынан 215 балабақша өтті, оның 149-ы заңнама талаптарын сәйкестігін дәлелдеді.

Бақылау және тексеру функцияларына түгендеу жүргізу шеңберінде 2017 жылғы 3 ақпанда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Президент тапсырмасын орындау мақсатында Министрлік мемлекеттік аттестация процедурасын алып тастау мәселесі қарастырылуда. Бүгінгі таңда ҚР БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы № 206 бұйрығының негізінде білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аттестация тоқтатылды.



«Үш ауысымда сабақ өткізетін мектептердің үлесі» көрсеткіші бойынша.

2017 жылға жоспар – 0%, факт – 1,8%, қол жеткізілмеді.

ҚР БҒМ-нің ақпараты бойынша, есептік кезеңде мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына әсер еткен негізгі факторлардың бірі демографиялық фактор және халықтың миграциялық белсенділігі.

«2014 жылы ұлттық патенттердің жалпы санындағы ұлттық патенттердің өсімі (1 574 бірлік)» көрсеткіші бойынша.

2017 жылға жоспар: 5%, факт: (-26,7%), қол жеткізілмеді.

ҚР БҒМ-нің ақпараты бойынша, Көрсеткіштің орындалмауы 2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына өзерістер енгізіліп, инновациялық патенттер ұлттық қорғалатын құжаттар тізбесінен алынып тасталуымен байланысты.

Алайда, аталған ҚР Заңы 2015 жылғы 7 сәуірде қабылданғандығын атап өткен жөн. Мемлекеттік бағдарлама жыл бұрын, 2016 жылы 1 наурызда қабылданғандығын ескере отырып, көрсеткіштің орындалмауы бойынша берілген себептер негізсіз деп санаймыз



Орындалмаған іс-шаралар бойынша

БҒМ деректері бойынша, іс-шараларды орындау кезінде мердігер шарттық міндеттемелерді орындамау себептеріне қатысты бір қатар бұзушылықтар мен соттың істі қарауы, шағын мектептер желісін оңтайландыру, әлсіз материалдық-техникалық база және ТжКБ жатақханаларында орындардың жетіспеушілігі Мемлекеттік бағдарламаны жоспарлы түрде іске асыруға әсер етті.


V. Іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпарат.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес 2017 жылы Мемлекеттік бағдарламамны іске асыруға – 445 356,7 млн. теңге бөліді, оның ішінде:



Республикалық бюджет:

Бөлінді – 241 264,7 млн. тенге.

Игерілді – 240 552,8 млн. тенге (99,7%).

Игерілген жоқ – 711,9 млн. тенге.

Игерілмеген себебі – Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілмеді, демеуші қаражаты есебінен мердігер іс-шараны өткізумен байланысты, гранттық қаржыландыру бойынша игерілмеу, ғылыми жобалардың бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша игерілмеу.
Жергілікті бюджеттер:

Бөлінді – 204 092,0 млн. тенге.

Игерілді – 203 862,4 млн. тенге (98,5%).

Игерілген жоқ – 229,6 млн. тенге.

Игерілмеген себебі – Нақты үнем балаларды орналастыру, балалардың нақты баруы бойынша үнем, контингенттің азаюына байланысты қалдық, сот талқылауына байланысты, атқарылған жұмыстар актісін кеш ұсынуға байланысты, құрылыс –монтаждау жұмыстарының кестеден қалып қоюына байланысты, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемделулер.
VІ. Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер.

2017 жылы Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит республикалық бюджеттен бөлінген жалпы сомасы 210 205,000 млн. теңге болатын 24 нысанды қамтыды.

Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 16 863,9 млн. теңгеге қаржылық бұзушылық, 43 182,7 млн. теңге сомасында бюджеттік қаржыны тиімсіз пайдалану, 208,6 млн. теңге сомасында бюджеттік қаржыны тиімсіз жоспарлау және жалпы сомасы 26 727,7 млн. теңге көлемінде 147 рәсімдік бұзушылық анықталды.

Мемлекеттік аудит барысында жалпы сомасы 5 912,7 млн. теңге қаржы қалпына келтірілді (қайтарылды), республикалық бюджет кірісіне 285,1 млн. теңге қайтарылды, бухгалтерлік есеп, жұмыстың орындалуы, қызмет көрсету, тауарды жеткізу бойынша жалпы сомасы 5 627,6 млн. теңге қалпына келтірілді.

ҚР БҒМ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттік және басқа да заңнамалық бұзушылықтарға жол беріп, қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін жетекшілік құрамның 3 қызметкеріне ескерту түрінде тәртіптік шара берілді:

- Әкімшілік жұмыстар және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары;

- Бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары;

- Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаменті директорының орынбасары.
VIІ. Жауапты орындаушы мемлекеттік орган стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат.

2017 жылы ҚР БҒМ Мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстарды жүргізді.

Мемлекеттік бағдарлама жобасы Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын (ҚР ПӘ Басшысының Бірінші орынбасары М.М. Тәжиннің 2017 жылғы 6 мамырдағы № 17-32-13.143 тапсырмасы), «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI ҚРЗ ҚР Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты және 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауларын, сонымн қатар, Қазақстан Республикасын дамытудың 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарын (ҚР Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығы) іске асыру мақсатында әзірленді.

Бүгінгі күні Мемлекеттік бағдарлама жобасы мемлекеттік органдармен келісу үстінде.


VIIІ. Алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпарат.

Алдыңғы мониторинг нәтижелері бойынша Мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жоқ.



IХ. Қорытындылар мен ұсыныстар.

2017 жылға Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесін қорытындыра отырып оның іске асырылуы білім беру саласының сапасын арттыруға оң әсерін бергенін атап өту қажет.

Жалпы есепті жылда Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мониторингісінің қорытындысы көрсетілетін білім беру қызметтер сапасының деңгейінің жоғарылау үрдісін көрсетеді.

Мектепке дейінгі білім жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдар желісінің кеңеюі есебінен, оның ішінде жекеменшік балабақшалардың өсуі есебінен балаларды қамту өсті. 2017 жылы 64,4 мың орынға 849 мектепке дейінгі ұйым ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жас аралығындағы балалардың үлесін 2016 жылы 85,8%-дан 2017 жылы 90,5%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді (2017 жылғы жоспар – 87,5%).

Мектепке дейінгі ұйымдардың типтері мен түрлерінің жалпы санынан толық күн болатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда, есептік жылда бұл көрсеткіш 82,8%-ды құрады (жоспар: 2017 ж. –79,5%).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын дамытуға бизнесті тарту тәжірибесі белсенді жүруде. 2017 жылы ашылған 849 мектепке дейінгі ұйымдардың 717-сі немесе 84% - жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдары (2016 ж. – 649), ал ұсынылған орындардың жалпы санынан жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың үлесі 25%-дан 29,9%-ға өсті.

3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшаға кезектілігі 25,3%-ға азайып, 125,2 мың адамды құрады.

Дамуында ерекшеліктері бар балаларға ерекше көңіл бөлінуде. 2017 жылы елдегі балабақшалардың орта есеппен 15%-ы инклюзивті білім үшін жағдайлар жасаған. Елдің тоғыз өңірінде бұл көрсеткіш республикалық мәннен жоғары (Қарағанды облысы – 34,4%, Қостанай облысы – 26,9%, ШҚО – 26,9%, СҚО – 24,4%, Ақмола облысы – 23%, Жамбыл облысы – 21,3%, Астана қ. – 20,6%, Алматы қ. – 20%, БҚО – 18,1%).


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет