Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасын орташа мерзімді жоспарлау. «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»



Дата18.02.2017
өлшемі58,67 Kb.
#10056

Шурегалиева Самал Нигметуллаевна Мұғалім портфолиосы Есеп В1

№1-топ 3-деңгей



Атырау қаласы 10.06.2013

Есеп В1

Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген

тізбектелген сабақтар топтамасын орташа мерзімді жоспарлау.
«Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» [1] деп Ж.Аймауытов айтқандай, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, оны жетілдіру, ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілігі мен педагогикалық шеберлігіне тікелей байланысты. Мен орта мерзімді жоспарды құру кезінде бағдарламаның әрбір модулін ескере отырып, зерттеуге берілген 8 «б» сыныбына берілген тақырыпқа сай ықпалдастыра отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын дайындадым. Жоспар құру барысында ешбір модуль жоспарымнан тыс қалмасын деп алдыма қызыл бет қағазға жеті модульді үлкен шрифтымен жазып алдыма қойдым. Қазақта жетіні қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама мазмұнындағы 7 модульдің қасиеті ерекше болды. Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппін. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Осы дайындаған орта мерзімді жоспарға сүйене отырып, мектептегі іс тәжірибемде қысқа мерзімді сабақ беру жоспарын жан-жақты ізденіп дайындадым. Орта мерзімді жоспарлаудағы басты мақсатым: оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу, оқушының зеректігін, дарындылығын анықтау, белсенді стратегияларды пайдалануда пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабағымның тақырыбы: Computer (компьютер) Бұл сабақта қолданған модульдерге тоқталатын болсам: сабақтың жүру барысында оқытуды басқаруда тапсырмалар беріп, ортаға ой тастау кезінде мұғалім көшбасшылық қызметін атқарады. Brainstorming. Ой қозғау (біріктірілген құрылғылардың суреттеріне қарай отырып, сұрақ арқылы ой қозғау). Топтасып отырған оқушылар компьютер құрылғыларының суреті мен жұмыс жасау жолдарын флипчартқа түсіру барысында сыни тұрғыдан ойлана отырып, постер дайындады. Венн диаграммасы (оқушылар компьютердің пайдасы мен зияндылығы туралы пікір таластыра отырып, сызбаны толтырды). Топтасып, ойларын ортаға салып, жұмыстарын қорғайды. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі «Hot pototo» тренингі (бұл әдісте музыка жіберілді, музыка тоқтаған кезде оқушы картошканы аршып, қағаз беттеріндегі сұрақтарды оқып жауап береді) ойында логикалық сұрақтарға жауап беру кезінде диалог негізінде оқыту ұйымдастыру кезеңінен бастап, жаңа сабақ түсіндіруде де, мұғаліммен оқушының арасында диалогтік оқыту әдісі көрініс тауып отырды жауап барысында кері байланыс қалыптасты. Бұл әдіс оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуға байланысты берілді және ойын барысында оқушылар ерекше әсерге бөленді. Бір жағынан сергіп те қалды. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (жаңа сөздерді слайдпен көрсетіп, қайталатып тілдерін жаттықтыру) кезінде пайдаландым. Сынып оқушылары сабаққа белсенді қатысты десекте сынып оқушыларының ішінен жұмысының ерекшелігімен көрінген Жадыра атты оқушым дарынды және талантты оқушылардың бірі екендігін байқадым. Ол өзінің есте сақтау қабілетің жоғары екенңн көрсете отырып басқада оқушылардың оқуға деген ішке уәжін қалыптастыды деп ойлаймын. Сабақ барысында оқушыларды «Good work!», «Well done!» т.б деген қолпаштау сөздері жазылған смайликтер арқылы оқыту үшін бағалай отырып, қорытындысында оқуларын бағалай отырып жиынтық бағаларын қойдым. Екінші сабағымның тақырыбы: What is hardware and software? Ақпараттық жабдық және бағдарлама дегеніміз не? Компьютердің құрылғыларын қайталатып сол құрылғыларды ақпаратты қолданудағы ішкі, сыртқы, байланыс және сақтау құрылғы түрлеріне бөліп жазыныздар деп сыни тұрғыда ойлана отырып, топтастаса отырып жұмыстарын қорғады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі «Өкіл» талқылау тәсілінде оқушылар дайындаған жұмыстарын келесі топқа барып түсіндіруде топтағы пысық сол тақырыпты жан-жақты түсінгендерін білдіріп, уақыт оздырмай ортаға шығып жатқанда олардың дарынды және талантты оқушылардың қатарында екендігін байқадым. Оқушылар топтасып жасаған жұмыс оңай да қызықты екендігін айтып жатты. Алдағы сабақтарда осылай топтасып отырайықшы деп ұсыныс білдірді. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып тақырыпты толықтыру мақсатында видео ролик көрсеттім. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуда қазіргі заман жастарына сай жаңа әуен дайындап әкеліп, сергіту сәтін өткіздім. Оқушыларға қатты ұнағандығы сондай келесі сабақтада билейікші деп жатты. Оқуды бағалауда оқушыларды топ көшбасшысы бағалады содан кейін көшбасшы ретінде өзім жиынтық бағаларын қойдым. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы үшінші сабағымның тақырыбы: Bill Gates (Билл Гейтс) Сабақта үш тұғырлы тіл мен Jigsaw әдісін пайдалана отырып, оқушыларды үш елдің достық туралы мақал-мәтелімен үш топқа бөлдім. Билл Гейтстің өмірбаянымен шығармашылығын Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып көрсеттім. Топтарға әр тілде мәтінді бере отырып, топтастырып тапсырмалар бердім. Тапсырмаларды орындау барысында дарынды және талантты оқушылар топ жарып ортада өздерін көрсете білді. Оқушылыр бір-бірінің жұмысын бағалау бетшесінің критерийлеріне қарап баға қойды. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі Синквейін әдісін пайдаланып, 5 жол өлең құрастырды. Осы әдісте дарынды оқушым ерекше көрінді. Барлық тапсырма да оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды ескердім. Оларға шығармашылықты арттыру мақсатында қосымша тапсырмалар бердім. Топ мүшелері бір-бірін бағалап үйренді. Сабақта оқушылар формативті жиынтық бағалармен бағаланды. Стикерлерді смайликке ілу арқылы сабақтан алған әсерлерін мәз болып білдіріп жатты. Тізбектелген сабақтар топтамасының төртінші сабағына келер болсам оның тақырыбы: “Mobile phone” (ұялы телефон). Оқушылар флипчатқа ұялы телефонның функцияларын оның ішінді көбінде пайдаланатыны қайсысы екенін түрте отырып, сол функцияның қолданылу жолдарын сыни тұрғыда ойланып, көрсетіп айтты. Венн диаграммасын толтыру кезінде оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ұялы телефонның пайдасы мен зияндылығы туралы интерактив тақтаға жазды. «Evolution of mobile phone» видео-ролигін көрсетіп, оқушыларды ұялы телефонның тарихымен таныстырдым. Оқушыларды 3 топқа бөлдім. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «театр» рөлдік ойынын ойнаттым. 1-топ сценарист ойластырады. 2-топ критик, сын айтады. 3-топ актерлер рөлде ойнап шығады. Осы сабағымдағы «Milling» жұбыңды тап ойынында да диалогтық оқыту маңызды орын алды. Бұл әдісте оқушыларды екі А және Б топтарына бөліп, қолдарына сұрақ пен жауап жазылған қағаз қиындыларын бердім. А тобында сұрақтар Б тобында жауаптары беріледі. Оқыту барысында оқушылар берілген сұрақтардың жауабын іздеп табу барысында жұптасып жұмыс жасады. Сергіту сәтін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бердім. Оқушылар мәз болып бар құлшынысымен биледі. Кейін оқушылыр болашақтағы ұялы телефонның бейнесін 10 затпен байланыстырып сыни тұрғыда ойланып отырып, өз ойларынан сурет салды. “Менің ұялы телефон туралы ойым” деген эссені Ақерке деген оқушым жақсы дайындап акеліп оқыды. Бұл эссені тыңдаға кезде маган сыныптың дарынды оқушысы осы екен гой деген ой келді. Формативті бағалау кезінді ақ тілекпен тәтті конфет берілді. Сол кезде Серікбол деген оқушым маған ұялы телефон шықты расында маган үйдегілер телефон алып бере ме деп қуанып қайта-қайта сұрады. Әрине алып береді тек сен сабағыңды жақсы оқы деп мен жауап бердім. Қорытындысында жиынтық бағаларын қойдым. Осы 7 модульді апарып сабақтарыма салған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасы мен оқу үрдісіне қатысы жаппай оң жағына қарай өзгерді , өзімде, өмірлік көзқарастарым да өзгеріп сала берді. Біз қолданып жатырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл жеті модульдің барлығы да ағылшын тілі пәні сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді, тек ағылшын емес барлық сабақтарға да тиімді деп есептеймін. Тәжірибиедегі жұмысымды қорытындылай келе оқушылардың бойынан білімді білуге, үйренуге деген құлшынысын байқадым. Тапсырмаларды түрлендіріп берген сайын оқуға деген қызығушылықтары артқандығын байқадым. Оқушылар бір-бірін бағалауда шынайылық танытып, топтасып отырудың ұнағандығын және дәстүрлі оқытуға қарағанда мына оқытудағы жаңа тәсілдердің көбірек әсер бергендігін практика соңында өткізген сауалнамада жүз пайыз артықшылығын белгілепті. Осы бағдарламаның негізгі міндеті- Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу болса мен ұстаз ретінде осы іс тәжірибемде әрбір сабақта жеті модульді ықпалдастыра отырып, білім беруде мақсатыма жеттім деп есептеймін.

Пайдаланған әдебиет:

1. Б.Р.Айтмамбетова. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы,1991.

2. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті. «Педагогика және шетел тілдерін оқыту әдістемесі: бүгінгі ахуал, ертеңге сараптама» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағы.








Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет