Бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер



Дата17.10.2019
өлшемі78,42 Kb.
#50141
Байланысты:
6.1 Оку багдарламасы Жаратылыстану 5-6 ЖООБА
!14-ОШ ҚБ Қазақстан тарихы 8класс қазақша наурыз11, !14-ОШ ҚБ Қазақстан тарихы 8класс қазақша наурыз11





Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған

«Жаратылыстану»пәніненжаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқубағдарламасыоқушылардыңжасерекшеліктерініңтанымдықмүмкіндіктерінесәйкесәроқупәнініңмазмұнынжәнеолардыңбілім, білік, дағдыларыныңкөлемінанықтайтыноқу-нормативтікқұжатболыптабылады.

  3. Пәнніңоқубағдарламасы «шиыршық» қағидатынегізіндеәзірленген, яғниоқумақсаттары мен тақырыптардыңбасымкөпшілігібелгілібіроқукезеңіненкейін (оқужылыбарысынданемесекелесісыныптарда) білім мен дағдыныңкөлемікөбірек, тереңірек, күрделірекдеңгейдеқайтақарастырылады.

  4. Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақмерзімдіжоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.

  5. Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.

  6. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.

  7. Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

  8. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.

  9. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

  10. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

  11. Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

  12. Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

  13. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.

  14. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.

  15. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.

  16. Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.

  17. Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.

  18. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.

  19. Бұл бағдарламабастауыш мектепкеарналған «Жаратылыстану» пәні бағдарламасыныңлогикалық жалғасы болып табылады.

  20. 5-6 сыныптың оқушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың білімқұмарлықтарының дамуына, әлем жайлы ой-өрістерінің кеңеюіне, ғылымды ұғынумен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғайбілу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.

  21. Негізгі мектепте «Жаратылыстану»пәнін оқу:

1) қоршаған әлемнің көп қырлылығын, табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын және себептерін;

2) көптүрлітабиғат құбылыстары мен нысандарын жүйелеу принциптерінтүсінуге мүмкіндік береді.



  1. «Жаратылыстану» пәнінен оқу бағдарламасы негізгі мектепте зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:

1) гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименттер арқылы алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау;

2) зерттеу мәселелерін дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылаулар мен эксперименттер нәтижелерін бағалау және сипаттау, қорытынды шығару;

3) бұқаралық ақпараттық құралдары хабарламаларындағы, интернет желісі ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі жаратылыстану бағытындағы ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін анықтау және ақпараттың растығын бағалау;

4) зерттеу қорытындыларын түрлі формада ұсыну;

5) жаратылыстану ғылымы бағытындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.


  1. «Жаратылыстану» пәні негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу, негізін қалауға бағытталғанкіріктірілген курс болып табылады.

  2. Бағдарламаның мақсаты оқушылардыжаратылыстану ғылымы тұрғысынан табиғат пен қоғамның өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы білім, ұғым, түсінік қалыптастыру және білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.

  3. Пән бағдарламасы келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

1) әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;

2) білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін қолдану және бұқаралық ақпараттық құралдары, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктеріне ие болу;

3) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;

4) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.


2-тарау.«Жаратылыстану» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру




  1. «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

2) 6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.


  1. «Жаратылыстану» пәнін бойынша оқу бағдарламасының мазмұныоқу бөлімдерінен тұрады.

  2. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттарынан құралған бөлімшелердентұрады.

  3. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырып құрастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оларға оқудың келесі кезеңдерінен хабардар болуға мүмкіндік береді.

  4. Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:

  1. Ғылым әлемі;

  2. Ғалам. Жер. Адам;

  3. Заттар және материалдар;

  4. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер;

  5. Энергия және қозғалыс;

  6. Экология және тұрақты даму;

  7. Әлемді өзгертетін жаңалықтар.

  1. Оқу пәнінің тақырыптық мазмұны:

  2. «Ғылым әлемі» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. ғылымның рөлі;

  2. зерттеу мәселесі;

  3. зерттеуді жоспарлау;

  4. деректерді жинау және жазу;

  5. деректерді талдау;

  6. қорытынды және талқылау.

  1. «Ғалам. Жер. Адам» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. макро- және микроәлем;

  2. жер туралы жалпы мағлұматтар;

  3. Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері;

  4. Жердегі тіршілік. Жердегі тіршіліктің пайда болуы. Тіршілік ету жағдайлары. Жергілікті жердің жоспары. Шартты белгілері. Жергілікті жердің түсірілімі. Жоспарды рәсімдеу ережесі;

  5. Жер бетін бейнелеу тәсілдері;

  6. Материктер мен мұхиттар. Дүние бөліктері мен материктердің тарихи игерілуі мен зерттелуі. Мұхиттарды зерттеу тарихы;

  7. Халық географиясы. Әлем тұрғындарының нәсілдік құрамы. Нәсілдік белгілердің қалыптасуы. Нәсілдер теңдігі.

  1. «Заттар және материалдар» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. Заттардың құрылысы мен қасиеттері.Сұйықтардағы және

газдардағы диффузия. Қатты, сұйық және газтәріздес заттардың құрылымы. Заттың қасиеттері. Физикалық және химиялық құбылыстар.

  1. Заттардың жіктелуі. Таза заттар және қоспалар. Қоспа түрлері және оларды бөлу әдістері. Ерітінділер дайындау. Еріген заттың массалық үлесі. Заттарды жіктеу.Заттардың табиғатта түзілуі.

  2. Заттардың пайда болуы және заттарды алу. Жасанды заттар. Заттарды қоспадан бөліп алу.

  1. «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімі келесі бөлімшелерді

қамтиды:

  1. Өлі табиғаттағы үдерістер. Жансыз табиғатта өтетін үдерістер. Табиғаттағы заттар айналымы. Тау түзілу. Үгілу. Климаттық үдерістер.Жансыз табиғатта өтетін үдерістердің себептері мен салдары;

  2. Тірі табиғаттағы үдерістер. Тірі ағзалардың қасиеттері.Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері. Тірі ағзаларды микроскопиялық зерттеу.Фотосинтез. Фотосинтез пигменттері.Фотосинтезге қажетті жағдайлар.

  1. «Энергия және қозғалыс» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) Энергия түрлері мен көздері. Энергия түрлері. Жылулық ұлғаю.Температураны өлшеу. Ғимараттарды жылулық оқшаулау. Энергияның айналуы,Температура және жылу энергиясы);

  1. Қозғалыс. Тірі және өлі табиғаттағы қозғалыс.Қаңқа және қозғалыс. Дене қозғалысының себептері.

  1. «Экология және тұрақты даму» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. Экожүйелер. Экожүйе құрамбөліктері.Экожүйе түрлері. Орта факторлары және олардың экожүйеге әсері, Табиғи және жасанды экожүйелер);

  2. Тірі ағзалардың саналуандылығы. Тірі ағзалардың көптүрлілігі. Бір жасушалы ағзалар және олардың экожүйедегі орны. Көп жасушалы ағзалар және олардың экожүйедегі маңызы.

  3. Табиғатты қорғау. Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері. Қазақстан Ресубликасының Қызыл кітабы.Өз өлкеңнің экологиялық мәселелері.

  1. «Әлемді өзгертетін ашылулар» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. Әлемді өзгерткен жаңалықтар;

  2. Болашақ жаңалықтары.


3-тарау.Оқу мақсаттарының жүйесі


  1. Бағдарламаның оқу мақсаттары код арқылы берілген. Кодта алғашқы саны сыныпты, екінші және үшінші сандары бағдарламаның бөлімшелерін, төртінші сан оқу мақсатының нөмірін көрсетеді.

    Білім алушылар білуі тиіс:

    Бөлімдер

    Бөлімшелер

    5-сынып

    6-сынып

    1. Ғылым әлемі

    1.1. Ғылымның рөлі

    5.1.1.1

    ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау



    6.1.1.1

    жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атау



    1.2. Зерттеу сұрағы

    5.1.2.1

    зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау



    6.1.2.1

    тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау



    1.3. Зерттеуді жоспарлау

    5.1.3.1

    зерттеу жоспарын құрастыру



    6.1.3.1

    жоспар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу



    5.1.3.2

    зерттеу жүргізу кезін-дегі техника қауіпсіздігі ережелерін тұжырымдау



    6.1.3.2

    қауіпсіз жұмыс жүргізудің жағдайларын анықтау



    1.4. Деректерді жинау және жазу

    5.1.4.1

    нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау



    6.1.4.1

    Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшем бірліктерін пайдалану



    5.1.4.2

    бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу



    1.5. Деректерді талдау

    5.1.5.1

    қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептеу және тенденцияларын анықтау



    6.1.5.1

    алынған деректерді графикалық түрде көрсету



    1.6. Қорытынды және талқылау

    5.1.6.1

    зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау



    6.1.6.1

    алынған қорытындыларды түрлі формада көрсету



    2. Ғалам. Жер. Адам

    2.1. Макро- және микроәлем

    5.2.1.1

    макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру



    6.2.1.1

    макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін атау



    2.2. Жер туралы жалпы мағлұматтар

    5.2.2.1

    Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру



    6.2.2.1

    Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру



    5.2.2.2

    Жердің құрылысы мен құрамын атау



    6.2.2.2

    Жердің қасиеттерін түсіндіру



    2.3. Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері

    5.2.3.1

    Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау



    6.2.3.1

    Жердің сыртқы қабықтарының өзара байланысын түсіндіру



    2.4. Жердегі тіршілік

    5.2.4.1

    Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау



    6.2.4.1

    Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру



    5.2.4.2

    тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтау



    6.2.4.2

    адамның Жердегі тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын бағалау



    2.5 Жер бетін бейнелеу тәсілдері

    5.2.5.1

    «жоспар» және «шартты белгілер» ұғымдарын түсіндіру



    6.2.5.1

    географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктеу



    5.2.5.2

    шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің жоспарын оқу



    6.2.5.2

    шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқу



    5.2.5.3

    бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау(көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру)



    6.2.5.3

    масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу



    5.2.5.4

    рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым жоспарларын сызу



    6.2.5.4

    географиялық координаттарды анықтау



    6.2.5.5

    сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау



    2.6 Материктер мен мұхиттар

    5.2.6.1

    материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау



    6.2.6.1

    жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау



    5.2.6.2

    мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау



    6.2.6.2

    жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау



    2.7 Халық географиясы

    5.2.7.1

    дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау



    6.2.7.1

    халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау



    5.2.7.2

    нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын анықтау



    6.2.7.2

    халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру



    5.2.7.3

    нәсілдер теңдігін дәлелдеу



    6.2.7.3

    дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төмен аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру



    3. Заттар және материалдар

    3.1. Заттардың құрылысы мен қасиеттері

    5.3.1.1 бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру

    6.3.1.1

    атомдар мен молекулаларды, жай және күрделі заттарды ажырату



    5.3.1.2

    заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру



    6.3.1.2

    атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау



    5.3.1.3

    заттардың қасиеттерін: тығыздығын, аққыштығын, жылу және электрөткізгіш-тігін, созылмалығын, иілімділігін сипаттау



    6.3.1.3

    заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау



    5.3.1.4

    физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату



    3.2. Заттардың жіктелуі

    5.3.2.1

    қоспалардан таза заттарды ажырату;



    6.3.2.1

    заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу



    5.3.2.2

    қоспалардың түрлерін сипаттау және бөлу әдістерін ұсыну



    6.3.2.2

    тірі және өлі табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарды ажырату және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау



    5.3.2.3

    құрамы белгілі ерітінді дайындау



    6.3.2.3

    бейтараптану үдерісін түсіндіру



    5.3.2.4

    еріген заттың массалық үлесін анықтау



    5.3.2.5

    заттарды ерігіштігі бойынша, металдар және бейметалдарға жіктеу



    3.3. Заттардың түзілуі және алынуы

    5.3.3.1

    табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіру;



    6.3.3.1

    табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау



    5.3.3.2

    зертханалық жағдайда заттарды бөліп ала алу



    6.3.3.2

    тұрмыстық химия өнімдерін қолдану саласын және оларды қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру



    6.3.3.3

    Қазақстандағы пайдалы қазбалардың кен орындарын және қолдану салаларын анықтау



    6.3.3.4

    Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету



    6.3.3.5

    пайдалы қазбалардың өндірілуімен өңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру



    4. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

    4.1. Өлі табиғаттағы үдерістер

    5.4.1.1

    өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)



    6.4.1.1

    өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (тау түзілу, үгілу, заттардың табиғаттағы айналымы)



    5.4.1.2

    өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарын түсіндіру;



    6.4.1.2

    табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіру



    4.2. Тірі табиғаттағы үдерістер

    5.4.2.1

    тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау



    6.4.2.1

    жасушакомпоненттерінанықтау



    5.4.2.2

    тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау



    6.4.2.2

    тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру



    5.4.2.3 микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолдану

    6.4.2.3

    ағзалардың қоректену типтерін ажырату



    5.4.2.4

    уақытша микропрепарат дайындау



    6.4.2.4

    толыққанды тамақтану рационын құру



    5.4.2.5

    фотосинтез үдерісін түсіндіру



    6.4.2.5

    азық-түлік өнімдердегі органикалық заттардың болуын тестілеу



    5.4.2.6

    өсімдіктердепигменттердіңболуынзерттеу



    6.4.2.6

    ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын модельдеу



    5.4.2.7 фотосинтез

    жүруі үшін қажетті жағдайларды зерттеу



    6.4.2.7

    тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты зерттеу



    6.4.2.8 ағзадағы бөлініп шығатын өнімдерді атау

    6.4.2.9

    тірі ағзалардағы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын зерттеу



    5. Энергия және қозғалыс

    5.1. Энергия түрлері мен көздері

    5.5.1.1

    энергия түрлерін ажырату



    6.5.1.1

    энергия көздерін атау



    5.5.1.2

    температура мен жылуэнергиясынажырату



    6.5.1.2

    энергияны шығарумен және оның жұтылуымен байланысты үдерістерді атау және мысалдар келтіру



    5.5.1.3

    термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу



    6.5.1.3

    электрэнергиясыныңбірлігінатау



    5.5.1.4

    ғимараттарда жылу оқшаулағыштарын пайдаланудың практикалық әдістерін түсіндіру



    6.5.1.4

    электр энергиясының құнын есептеу



    5.5.1.5

    жылулықұлғаюдысипаттау



    6.5.1.5

    энергияны алудың балама көздерін ұсынау



    5.5.1.6

    энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру



    5.2. Қозғалыс

    5.5.2.1

    тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіру және түсіндіру



    6.5.2.1

    қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру және түсіндіру



    5.5.2.2

    әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу



    6.5.2.2

    қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын айыра білу



    5.5.2.3

    денелер қозғалысының себебін анықтау



    6.5.2.3

    адам қаңқасының құрылысын сипаттау



    6.5.2.4

    бұлшық еттің құрылысын сипаттау



    6.5.2.5

    тірі ағзалар үшін қысымның мәніне мысалдар келтіру



    6.5.2.6

    атмосфералық қысымды өлшеу және оның мәнін түсіндіру



    6. Экология және тұрақты даму

    6.1. Экожүйелер

    5.6.1.1

    экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау



    6.6.1.1

    экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын графикалық түрде көрсету және түсіндіру



    5.6.1.2

    экожүйе түрлерін жіктеу



    6.6.1.2

    экожүйелердің ауысу себептерін түсіндіру



    5.6.1.3

    экожүйеге экологиялық факторлардың ықпал етуін түсіндіру



    6.6.1.3

    экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру



    5.6.1.4

    табиғи және жасанды экожүйелерді салыстыру



    6.2. Тірі ағзалардың сан алуандығы

    5.6.2.1

    ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктеу



    6.6.2.1

    өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану



    5.6.2.2

    біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау



    6.6.2.2

    жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу



    6.3. Табиғатты қорғау

    5.6.3.1

    ҚР экологиялық мәселелерін атау



    6.6.3.1

    өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау



    5.6.3.2

    өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу



    6.6.3.2

    экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну



    5.6.3.3

    Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының маңыздылығын анықтау



    7. Әлемді өзгертетін жаңалықтар

    7.1.

    Әлемді өзгертетін жаңалықтар



    5.7.1.1

    әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру



    6.7.1.1

    әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау



    6.7.1.2

    қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қосқан үлестерін талқылау



    7.2

    Болашақ жаңалықтары



    5.7.1.2

    болашақ ғылыми зерттеулер үшін идеялар ұсыну



    6.7.1.3

    ғылыми зерттеулер бағыттарының болашақтағы дамуына болжам жасау



  2. Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.



Негізгі орта білім беру деңгейінің

5-6-сыныптарына арналған

«Жаратылыстану» оқу пәнінен жаңартылған

мазмұндағы үлгілік оқу

бағдарламасына

қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған

«Жаратылыстану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар


1) 5-сынып


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары. Білім алушылар:

1-тоқсан

5.1А

Ғылым әлемі



Ғылымның рөлі

5.1.1.1- ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау

Зерттеу сұрағы

5.1.2.1- зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау

Зерттеуді жоспарлау

5.1.3.1- зерттеу жоспарын құрастыру

5.1.3.2 - зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдау

Деректерді жинау және жазу

5.1.4.1-нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау

5.1.4.2- бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу

Деректерді талдау

5.1.5.1 -қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және тенденцияларын анықтау

Қорытынды және талқылау

5.1.6.1-зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау

5.1В

Ғалам. Жер.Адам



Жер және өмір

5.2.1.1-макро- және микроәлемнысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру

5.2.2.1-Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру

5.2.2.2- Жердің құрылысы мен құрамын атау

5.2.3.1- Жер қабықтарын және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау

5.2.4.1 -Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау

5.2.4.2- тіршілік етуге қажетті жағдайларды анықтау

Жер бетін бейнелеу тәсілдері

5.2.5.1 -«жоспар» және «шартты белгілер» ұғымдарын түсіндіру

5.2.5.2 -шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің жоспарын оқу

5.2.5.3 -бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру)

5.2.5.4- рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым жоспарларын сызу

Материктер мен мұхиттар

5.2.6.1- материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау

5.2.6.2- мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау

Халық географиясы

5.2.7.1 -дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын, негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау

5.2.7.2 -нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын анықтау

5.2.7.3 -нәсілдер теңдігін дәлелдеу

2-тоқсан

5.2А

Заттар және материалдар



Заттардың құрылысы мен қасиеттері

5.3.1.1- бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру

5.3.1.2- заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру

5.3.1.3-заттардың қасиеттерін: тығыздығын, аққыштығын, жылу және электрөткізгіштігін, созылғыштығын, иілімділігін сипаттау

5.3.1.4- физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату

Заттардың жіктелуі

5.3.2.1-қоспалар мен таза заттарды ажырату

5.3.2.2 -қоспалардың түрлерін сипаттайды және бөлу әдістерін ұсыну

5.3.2.3-құрамы белгілі ерітіндіні дайындау

5.3.2.4- еріген заттың массалық үлесін есептеу

5.3.2.5- заттарды ерігіштігі бойынша, металдар және бейметалдарға жіктеу

Заттардың түзілуі және алынуы

5.3.3.1 -кейбір табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіру

5.3.3.2 -зертханалық жағдайда заттарды бөліп ала алу

3-тоқсан

5.3А

Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер



Өлі табиғаттағы үдерістер

5.4.1.1-өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)

5.4.1.2-өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарын түсіндіру

Тірі табиғаттағы үдерістер

5.4.2.1-тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау

5.4.2.2 -тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау

5.4.2.3 -микроскоппенжұмысістеуережелерінқолдану

5.4.2.4 -уақытша микропрепарат дайындау

5.4.2.5-фотосинтез үдерісін түсіндіру

5.4.2.6-өсімдіктердепигменттердіңболуынзерттеу

5.4.2.7 -фотосинтездіңжүруі үшін қажеттіжағдайлардызерттеу

5.3В

Энергия және қозғалыс



Энергия түрлері мен көздері

5.5.1.1 -энергия түрлерін ажырату

5.5.1.2 -температура мен жылуэнергиясынажырату

5.5.1.3 -термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу

5.5.1.4- ғимараттарда жылу оқшаулағыштарын пайдаланудың практикалық әдістерін түсіндіру

5.5.1.5 -жылулықұлғаюдысипаттау

5.5.1.6 -энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру

Қозғалыс

5.5.2.1-тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіреді және түсіндіру

5.5.2.2- әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу

5.5.2.3 денелер қозғалысының себебін анықтау

4-тоқсан

5.4А

Экология және тұрақты даму



Экожүйелер

5.6.1.1 -экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау

5.6.1.2 -экожүйе түрлерін жіктеу

5.6.1.3-экологиялықфакторлардыңэкожүйеқызметінеықпалетуінтүсіндіру

5.6.1.4 -табиғи және жасанды экожүйелерді салыстыру

Тірі ағзалардың сан алуандығы

5.6.2.1-ағзаларды тірі табиғат дүниелеріне жіктеу

5.6.2.2- біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау

Табиғатты қорғау

5.6.3.1 -ҚазақстанРеспубликасының экологиялық мәселелерін атау

5.6.3.2 -өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу

5.6.3.3- ҚазақстанРеспубликасының Қызыл кітабының маңыздылығын анықтау

5.4В

Әлемді өзгертетін жаңалықтар



Әлемді өзгертетін жаңалықтар

5.7.1.1 -әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру

5.7.2.1 -болашақ ғылыми зерттеулер үшін зерттеу идеяларын ұсыну

2) 6-сынып

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары. Білім алушылар:

1-тоқсан

6.1А

Ғылым әлемі



Ғылым рөлі

Зерттеу сұрағы



6.1.1.1- жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын тізіп атау

Зерттеуді жоспарлау

6.1.2.1 -тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау

6.1.3.1 - жоспар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу

Деректерді жинау және тіркеу

6.1.3.2 -қауіпсіз жұмыс жүргізудің жағдайларын анықтау

Мәліметтерді талдау

6.1.5.1- алынған деректерді графикалық түрде көрсету

Қорытынды және талқылау

6.1.6.1 -алынған қорытындыларды түрлі формада көрсету

6.1В

Адам. Жер. Ғалам



Макро- және микроәлем

6.2.1.1- макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін атау

Жер туралы жалпы мағлұматтар

6.2.2.1-Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру

6.2.2.2-Жердің қасиеттерін түсіндіру

Жер өрістері және олардың құрамдас бөліктері

6.2.3.1- Жер қабықтарының өзара байланыс тәсілдерін түсіндіру

Жердегі тіршілік

6.2.4.1 -Жердегітіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру

6.2.4.2 -адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын бағалау

Жер бетін бейнелеу тәсілдері

6.2.5.1-географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктеу

6.2.5.2 -шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқу

6.2.5.3-масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу

6.2.5.4-географиялық координаттарды анықтау

6.2.5.5 -сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау

Материктер мен мұхиттар

6.2.6.1- жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау

6.2.6.2- жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау

Халық географиясы

6.2.7.1-халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау

6.2.7.2- халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру

6.2.7.3- дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төмен аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру

2-тоқсан

6.2А

Заттар және материал-дар



Заттардың құрылысы мен қасиеттері

6.3.1.1 -атом мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды айыра білу

6.3.1.2- атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау

6.3.1.3- заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау

Заттардың жіктелуі

6.3.2.1- заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктеу

6.3.2.2 -тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау

6.3.2.3 -бейтараптандыру үдерісін түсіндіру

Заттардың пайда болуы мен оларға қол жеткізу

6.3.3.1- жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

6.3.3.2 -тұрмыстық химия өнімдерін қолдану саласын және оларды қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру

6.3.3.3- Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау

6.3.3.4 -Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету

6.3.3.5 -

пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру



3-тоқсан

6.3А

Тірі және өлі табиғат-тағы үдерістер



Өлі табиғаттағы үдерістер

6.4.1.1 - өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (таудың жасалу, мүжілу үдерістері, табиғатта заттардың айналымы)

6.4.1.2 -табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіру

Тірі табиғаттағы үдерістер

6.4.2.1-жасушакомпоненттерінанықтау

6.4.2.2- тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру

6.4.2.3 -ағзалардың қоректену типтерін ажырату

6.4.2.4 -толыққанды тамақтану рационын құру

6.4.2.5 -азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттардың болуын тестілу

6.4.2.6 -ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын модельдеу

6.4.2.7 -тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты зерттеу

6.4.2.8 -ағзадан бөлініп шығатын өнімдерді атау

.4.2.9 - тірі ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын зерттеу

6.3В

Энергия және қозғалыс



Энергия түрлері мен көздері

6.5.1.1-энергия көздерін атау

6.5.1.2 -энергияны шығарумен және оның жұтылуымен байланысты үдерістерді атау және мысалдар келтіру

6.5.1.3-электрэнергиясыныңбірлігінатау

6.5.1.4 -электр энергиясының құнын есептеу

6.5.1.5 -энергияны алудың баламалы көздерін ұсыну

Қозғалыс

6.5.2.1 -қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру және түсіндіру

6.5.2.2 -қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын айыра білу

6.5.2.3 -адам қаңқасының құрылысын сипаттау

6.5.2.4 -бұлшық еттің құрылысын сипаттау

6.5.2.5 -тірі ағзалар үшін қысымның мәніне мысалдар келтіру

6.5.2.6 -атмосфералық қысымды өлшеу және оның мәнін түсіндіру

6.5.2.7- тиісті құралдарды қолдана отырып, атмосфералық және артериялық қысымды өлшеу және қорытынды жасау

4-тоқсан

6.4А

Экология және тұрақты даму



Экожүйелер

6.6.1.1 -экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету және түсінду

6.6.1.2 -экожүйе ауысымдарының себептерін түсіндіру

6.6.1.3- экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру

Тірі ағзалардың сан алуандығы

6.6.2.1- өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану

6.6.2.2- жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу

Табиғатты қорғау

6.6.3.1- өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау

6.6.3.2- экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну

6.4

Әлемді өзгертетін жаңалықтар



Әлемді өзгерткен жаңалықтар

6.7.1.1- әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау

6.7.1.2 -жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық ғалымдардың үлесін талқылау

Болашақ жаңалықтары

6.7.1.3 - ғылымизерттеулердің бағыттарының болашақтағы дамуына болжам жасау




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет