Бағдарламасы 7М02307-«Лингвистика», 7М01704- «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Дата21.10.2019
өлшемі64.29 Kb.
түріБағдарламасы
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы

Оқу бағдарламасы
7М02307-«Лингвистика», 7М01704- «Шетел тілі: екі шетел тілі», 7М02312-«Шетел филологиясы», 7М02303- «Аударма ісі», 7М00701- «Қазақ тілі мен әдебиеті», 7М00309- «Әдебиеттану», 7М02313- «Қазақ филологиясы»,7М02316-«Синхронды аударма»

СИЛЛАБУС

Күзгі (1) семестр, 2019-2020 оқу жылы

Курс туралы академиялық ақпарат



Пән коды

Пән атауы

Түрі

Аптасына сағат саны

Кредит саны

МОӨЖ

Дәріс

Практ

Зертханалық

Ped 2202

Педагогика жоғары мектебі


БК

15

30

-

3

7

Пререквизит

Ғылым тарихы және философия

Дәріскер

п.ғ.к.,доцент Р.С.Қасымова

Офис-сағаттар

Ауд.408


Кесте бойынша

Ауд.302,314,324



e-mail

krs1958@ mail.ru

Телефоны

87024162430










Курстың академиялық презентациясы


Курстың мақсаты: адамдардың өмірлік іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне магистранттардың зейінін аудару, педагогикалық үдерісті тұлғаның өзінің тиімді дами алуына мүмкін ететіндей ұйымдастыруда педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру. ЖОО оқытушысының педагогикалық қызметінің мәнін ұғынуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды, оқытудың инновациялық әдістерін, жоо оқытушысының құзіреттіліктерін, кредиттік оқыту технологиясы негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды,қарым-қатынас технологияларын меңгереді.

Пәнді оқудың нәтижесінде магистранттар қабілетті болады:

- тұтас педагогикалық процесс теориясы тұрғысынан оқу-тәрбие жағдайларын талдау және бағалау (жағдайларды кешенді, жүйелі талдау);

- әдіснамалық тұғырлар (іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, кредиттік жүйе және т.б.) негізінде оқыту процесін динамикалық жүйе ретінде құру;

- оқытудың кредиттік жүйесі негізінде оқытудың әр түрлі стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып, дәріс, семинар, практикалық, зертханалық сабақтарды жобалау;

- білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеу жобаларын әзірлеу және нәтижелерді презентациялар, мақалалар және т. б. түрінде ұсыну;

- менеджменттің заманауи тәсілдері негізінде құрылымды, сапаны, беделін жетілдіруге бағытталған білім беру ұйымдарының процестерін бағалау және басқару;



Әдебиеттер және ресурстар

Негізгі:

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана, 2006

2. Мынбаева А.К. Основы педагогики высшей школы.Учебное пособие. 3-изд.Алматы: 2013.

3.Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика (для магистратуры) -Алматы: Қазақ университеті, 2006.

4. Мыңбаева А.К., Айтбаева А.Б., Құдайбергенова Ә.М. Жоғары мектеп педагогикасы негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.

5.Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать: Учебное пособие. –Алматы, 2011.



Қосымша:

1. ҚР Білім беру тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан 26.12.09.

2. Таубаева Ш.Т. Педагогика әдіснамасы. Алматы: ҚУ, 2014ж.

3. Батырбеков М.Б. Выдающиеся ученые – педагоги высшей школы Казахстана. Алматы, 2004

4.Касымова Р.С., Шағырбаева М.Д. Педагогика курсы бойынша тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құрал.Алматы: ҚУ.,2016.


Университет -тің моральды-этикалық құндылықтары контекстіндегі академиялық саясат


Академиялық тәртіп (мінез-құлық) ережесі:

Сабақтарға міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Оқытушыға ескертусіз сабаққа келмей қалу немесе кешігу 0 баллмен бағаланады.

Тапсырмалардың, жобалардың, емтихандардың (МӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б. бойынша) орындау және өткізу мерзімін сақтау міндетті. Өткізу мерзімі бұзылған жағдайда орындалған тапсырма айып баллын шегере отырып бағаланады.

Академиялық құндылықтар:

Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындаудағы дербестік; плагиатқа, алдауға, шпаргалкаларды қолдануға, білімді бақылаудың барлық сатысында көшіруге, оқытушыны алдауға және оған құрметсіз қарауға жол бермеу. (ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексі).



Бағалау және аттестациялау саясаты


Критерийлік бағалау: дескрипторларға қатысты барлық оқыту нәтижелерін бағалау (аралық бақылауда және емтихандарда құзіреттіліктің қалыптасуын тексеру)

Суммативті бағалау: дәрісханадағы белсенді жұмысы мен қатысуын бағалау; орындаған тапсырмаларын бағалау.

Оқу курсы мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесі:

Апта

Тақырып атауы

Сағаттар саны

Максималды балл

I Модуль. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық негіздері



1

Дәріс1. Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны.

1

-

Семинар1. Педагогика ғылымының жүйесі және ондағы жоғары мектеп педагогикасының алатын орны.

2

10



2

Дәріс 2. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы

1

-

Семинар 2. Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім.

2

10

3

Дәріс 3. Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі.

1

-

Семинар 3. Қазіргі кездегі университеттердегі көпсалалы білм беру. Жоғары мектептің қалыптасу мәселелері мен оны шешу жолдары.

2

10

МОӨЖ кеңес беру және МӨЖ қабылдау.

МӨЖ 1.

1) Әлемдегі білім берудің ұлттық жүйесіне презентация жасаңыз.

2) Білім беру мәселелері бойынша басылымдарға сыни талдау, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің дамуына SWOT- талдау жасаңыз.

3)Инклюзивті білім берудің мазмұнына презентация жасаңыз.






25



4

Дәріс 4. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы

1

-

Семинар4. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы

2

10



5

Дәріс 5. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби коммуникативтік құзыреттілігі.

1

-

Семинар5. Қазіргі кезеңдегі болашақ маманның тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері.

2

10




МОӨЖ кеңес беру және МӨЖ қабылдау.

МӨЖ 2.

1) Жоғары мектеп оқытушысының дәріс оқу шеберлігі тақырыбына шығармашылық жұмыс жазыңыз.

2) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, на­си­хаттау әрі сақтау т.с.с. мақала жазыңыз.





25




Аралық бақылау




100

II Модуль. Жоғары мектептегі оқыту теориясы (Дидактика)


6

Дәріс 6. Жоғары мектептегі оқыту теориясы.

1

-

Семинар 6. Оқытудың дидактикалық теориялары.

2

10

МОӨЖ кеңес беру және МӨЖ қабылдау.

МӨЖ 3.

1. Жетекші маман ретінде заманауи мектептің жобасын ұсыныңыз. Мектебіңіздің жарнамалық презентациясын жасаңыз.






15

7

Дәріс 7. Жоғары мектептегі оқытудың ұстанымдары

1

-

Семинар7. Оқытудың жалпы заңдылықтары.

2

10

8

Дәріс 8. Жоғары кәсіби білім берудің мазмұны.

1

-

Семинар8. Білім беру мазмұнының компоненттері

2

10




МОӨЖ кеңес беру және МӨЖ қабылдау.

МӨЖ 4.

  1. Мамандық бойынша бір оқулыққа пікір жазыңыз.

  2. Оқулық пен оқу құралының айырмашылығын кесте арқылы көрсетіңіз.




15


9

Дәріс 9. Кредиттік жүйе негізінде жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыру.

1

-

Семинар9. Кредиттік жүйе негізінде жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыруды SWOT талдау жасау.

2

10



10

Дәріс10. Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлері

1

-

Семинар10. «Балық сүйегі» жаттығуын пайдаланып, оқыту принциптерінің күшті және әлсіз жақтарын талдау.

2

10

МОӨЖ кеңес беру және МӨЖ қабылдау.

МӨЖ5.

1)ЖОО-дағы педагогикалық процесспен мектептегі педагогикалық процесс айырмашылығына тірек сызба құрастырыңыз.

2) Заманауи технологияларды оқу процесінде пайдалану жолдары туралы презентациялық жұмыс.





20




Аралық бақылау (Midterm Exam)




100



11

Дәріс11. Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары.

1

-

Семинар11. Бір сабаққа жаңа технологияларды пайдаланып сабақ жоспарын құрастырып түсіндіру.

2

10


12



Дәріс12. Жоғары мектептің ғылыми іс-әрекет теориясы.

1

-

Семинар12. Жоғары мектептің ғылыми қызметінің теориясы.

2

10

МОӨЖ кеңес беру және МӨЖ қабылдау.

МӨЖ6.

1) Сабақтың нәтижелі ұйымдастырылуы үшін қандай жаңа әдіс-тәсіл ұсынар едіңіз.



2)Студенттердің үлгермеушілігінің себептерін анықтайтын тірек-сызба құрастырыңыз.




15


13

Дәріс13. Жоғары мектеп маман тұлғасын тәрбиелеу мен қалыптастырудағы әлеуметтік институты ретінде. Жоғары мектептегі куратор.

1

-

Семинар13. Тәрбиелік іс-шараларға 1-2 сценарий жазып, талдаңыз. Мектеп пен отбасының өзара әрекетін сипаттаңыз.

2

10


14

Дәріс14. Педагогикалық менеджмент

1

-

Семинар14. Жоғары мектептегі білім сапасының менеджменті.

2

10




МОӨЖ кеңес беру және МӨЖ қабылдау.

МӨЖ7. Жоғары мектептегі білім сапасының менеджменті тақырыбына жоба құрастырыңыз.




15


15

Дәріс15. Педагогикалық қарым-қатынас

1

-

Семинар15. Педагогикалық қарым-қатынас

2

10

Коллоквиум




20




Барлығы




100




Факультеттің Әдістемелік бюроның төрайымы

____________ Кабакова М.П.


Кафедра меңгерушісі


____________ Әлқожаева Н.С.


Дәріскер


____________ Касымова Р.С.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет