Бағдарламасы Қарағанды 2016 Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жббом


сабақ. Әлихан Бөкейхановтың балалық және жастық шағы



бет3/55
Дата31.12.2019
өлшемі13,75 Mb.
#53916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
2 сабақ. Әлихан Бөкейхановтың балалық және жастық шағы.

  1. Зерделе:

Адам өмірі балалықтан басталады. «Адамның бір қызығы бала » деген дейін, қандай ата-ана болмасын өз баласының қызығына тоймайды. Болар бала әу бастан білініп, жасынан жарқырай бастайды. Сондай, бала кезінен ерекшелігімен ерте көзге түскен бүлдіршіннің бірі – бала Әлихан. Алты жасқа дейін тілі толық шықпаған баласының әр нәрсені байыппен бақылап, зерделей қарап, айтқанды мұқият тыңдайтынын, ал есейе келе епті де өжет, бетті де белді, өнерлі де өнегелі, қарапайымды да қайырымды жас болып өсіп келе жатқанын анасы ерте аңғарады.

  1. Қалып қойған сөздерді жаз:

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы «Қаратал» совхозында туған. Әлиханның үлкен атасы – _______________ , атақты көкжал Барақ сұлтанның ұлы. Бөкейдің тоғыз ұлының бірі – _______________ . Оның ұлдары Мырзатай мен Рүстем. Мырзатайдан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туады. Анасы – _______________ , халық арасында Бегім ханым деп атанған. Олар оқу-білімге жақын, парасатты адамдар болған. Бегімхан атанған Әлиханның анасы өте ақылды, кеменгер, қайырымды, кішіпейіл, тақуа адам болыпты. Бегімханым да тобықты Мамай – Жолбарыс – Дулат батырлардың ұрпағы.

  1. Мәтінді оқып шығып, керекті мәліметті теріп жаз.

Ақылдылық пен адамгершіліктің алғашқы белгілерін бауыр еті баласының бойынан байқаған парасатты ана Әлиханға үлкен сеніммен қарайды. Әлиханның тілі алты жасқа келгенде әрең шыққан. Ол бала кезінен ел көшкенде түйеге мінгенді, әкесімен бірге аңға шыққанды ұнатыпты. Ауылдағы татар молда Зәриевтен тіл сындырған Әлиханды әкесі 8 жасқа толғанда Қарқаралыда Абайдың әкесі Құнанбай қажы ашқан қазақ-орыс мектебіне береді. Мұнда ол қазақша оқып, орыс тілін үйрене бастайды. Шортанбай, Орынбай, Шөже, Кемпірбай сияқты халық ақындарының өлеңдерін жаттаумен қатар, Екатеринбургтен жер аударылып келген Паповтар сияқты революционерлердің ықпалымен орыс және әлем әдебиеттерімен танысады. Қали Бекметовтың үйіне барған жерінен оған көңілі толмай өз бетімен мектеп-интернатқа оқуға түседі. Интернатта оқып жүрген кезінде оның келешек тағдырына игі әсер еткен күтпеген оқиға болыпты. Мектепке ойда жоқта генерал-губернатор Колпаковский келіп, балаларды сынамақ болып: «Омбы мен Қарқаралының арасы 760 шақырым. Осы екі араны өткенше арбаның доңғалағы неше рет айналады?» деген есеп береді. Сонда есепті бірініші болып шығарған Әлихан Колпаковскийдің ұсынуымен Омбының техникалық училищесіне түседі. Оқуын тамамдаған шәкіртке училище директоры Н.Е. Добрахотов Қарқаралы уезінің бастығын «үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін» 200 сом стипендия тағайындауға көндіріп, профессор И.Н. Бородинге арнайы хат жазып, Санкт-Петербургтағы Императорлық Орман шаруашылығы институтына жолдама береді. Осы кезеңдерде Әлиханның қоғамдық саяси қайраткер, ағартушы педагог және ғалым – публицист ретіндегі талаптары жан – жақты ашыла бастайды. Бұл білімі – дарынды да дарабоз азаматтың кейіннен тоғыз тілді біліп, тоғыз елдің әдебиет-мәдениетімен, әл-ахуалымен танысуының бастамасы болатын. Ақылдылық пен адамгершіліктің алғашқы белгілерін бауыр еті баласының бойынан байқаған парасатты ана Әлиханға үлкен сеніммен қарайды.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Өлеңді жатқа жаз

Көптің анасы болған Бегімханымға Әлиханның інісі Смаханның естелігіндегі мына бір шумақтардан аңғаруға болады.

Алыстан дәм – тұзын алғызып,

Дастарханға қант-шайын салғызып,

Аулдастарына «пана» болған.

Жетпегендерге көмегін тигізіп,

Жетім-жесірге пана болған.

Туыс-туғандарға Бегімханым,

Саналы да салиқалы ана болған.


___________________________________

___________________________________

___________________________________

___________________________________

___________________________________

___________________________________



___________________________________


  1. Жоғарыдағы мәліметтер бойынша оқиғалық картаны толтыр.





Әлиханның тілі алты жасқа келгенде әрең шыққан






«... мыңды басқан мысы кеп» дегендейін, ақылды да алғыр, кейіпті де көркем жігіттің танысты таңғалдыратын, жақынды жандандыратын, алысты арбай алатын «Сегіз қырлы, бір сырлы» қасиеттері болған болар-ау деп ойлаймын. Жігерлі жастың жарық етіп жарқырап, лап етіп жалындауы ерте, сол оқуда жүрген кезінен басталғанын сезуге болады. Осы 24 жас шағында-ақ, Әлихан үш тілді: ана тілін, араб тілін, орыс тілін толық меңгерген білікті де бейінді азамат болған. Бұл білімі- дарынды да дарабоз азаматтың кейіннен тоғыз тілді біліп, тоғыз елдің әдебиет-мәдениетімен, әл-ахуалымен танысуының бастамасы болатын».

Серік Ақсұңқарұлы






Бағасы: ____ ____ ____




Каталог: upload -> master
upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
master -> Баланың сөздік қорын ойын арқылы дамыту Түйіндеме
master -> Педагогтарға арналған кеңес тақырыбы: «Балалар қақтығысы және оның шешу жолдары» Дайындаған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет