Бағдарламасы Қарағанды 2016 Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жббом



бет51/55
Дата31.12.2019
өлшемі13,75 Mb.
#53916
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55

Кестені толтыр.

  1. Не білдім?

  1. Нені толық үйрендім?

  1. Не білгім келеді?





























































































  1. Курс бойынша сынақ.



  1. Бағасы: ____ ____ ____







  2. Түсінік хат



  3. Егеменді еліміздің ертеңі – жас жеткіншек халықтың рухани қазынасын, өнерін қастерлеп, халықтың даналығынан толық сусындауы қажет. Бүгінгі мектеп оқушысы – ертеңгі ел aзаматы. Қандай мемлекет болмасын өз елінің дамуын, экономикалық жүйесінің тұрақтылығын, халқының тәуелсіздігін мақсат етеді. Осындай өрелі мақсаттың iс жүзіне aсуы білімге, сол білімді ұдайы сапаландыру мен жетілдіруге тікелей байланысты. Әлем кеңістігінің ғажайып қасиеттерін зерделеу, сансыз да шексіз ғалам жетістіктерін пайымдау адам білімінің жетілуіне, өмірінің өркендеуіне ерекше әсер етпек.

  4. Президентіміз «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасын өркениетті ел қатарына қосу жолында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қараша №500 және 2012 жылғы 20 желтоқсан «Білім туралы» Заңның 8-ші бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау»,- деп атап көрсеткен.

  5. Педагогика ғылым саласы бойынша ХХІ ғасырдың басындағы әлімдік мұралар негізінде бүгінгі жас ұрпақты жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыра тәрбиелеуге аса маңызды мән беріліп отыр. Соның арқасында ұлттық санамыз бен ой-пікірлеріміздің тұтас бір кезеңіне паш ететін шоқ жұлдыз, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, ХХІ ғасырдың бас кезендері рухани-интеллектуалды элитаның лидері, ең алғашқы ұлттық саяси партияның негізін қалаушы, ұлы ағартушы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның өмір жолы мен шығармашылық еңбектері тарих сахнасынан өз орынын алды. Сондықтан да Әлихан Бөкейхан мұраларын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру бүгінгі өмір талабының бірі.

  6. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6– сыныбы үшін «ӘЛИХАНТАНУ» пәнінің оқу бағдарламасы мектеп оқушылары үшін (бәлкім басқа мектептер үшін де) сондай қажетті де тиімді бағдарлама болмақ. Әлихантану – жас ұрпақты сонау сұрапыл сұсты замандағы қуғын-сүргін кезіндегі қазақ халқының өмірімен, тарихымен таныстыру және олардың көзін ақиқатқа жеткізу, патриоттық рухын ояту.

  7. Бүгінгі таңда ұлттық сана-сезімнің өсуі, Отанымыздың даму тарихының нағыз шындығын білуге ықыластың артуы білім беру саласында жаңа бағыттар мен бағдарламалардың қажеттілігіне көз жеткізуде. Осындай бағдарламалар арқылы жеке адамға табыну кезеңінде жазықсыз жалаға ұшыраған, бұрмалаудың құрбаны болған арыстарымыздың қоғамдық саяси, ғылыми-педагогикалық қызметі жөніндегі тарихи шындықты толық көлемде қалпына келтіру, оларды туған халқына терең, жан-жақты қырынан таныту бүгінгі күннің басты мақсаты. Осыған орай, есімін алып отырған мектеп Әлихан Бөкейхан мұраларын оқу-тәрбие үрдісімен сабақтастыра отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында бүгінгі мектептің оқу бағдарламаларын, жоспарын, жаңа буын оқулықтарын зерделеу арқылы «Әлихантану» курсының жобасы жасалынып, оны мектептің оқу бағдарламасына енгізу шешілген.

  8. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қараша №500 және 2012 жылғы 20 желтоқсан «Білім туралы» Заңның №8 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін оқу орындарының базистік оқу жоспары басшылыққа алынды.

  9. Бағдарлама әр түрлі нақты деректер мен материалдарға, құжаттар мен зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, жас ұрпаққа ХХ ғасыр басындағы ұлы тарихи кезең мен ұлт зиялылары жөнінде жаңа ғылыми көзқарас қалаптастыру міндетін алға қойып отыр.

  10. Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Ахмет Гүлбақша Төлегенқызы, Тусенова Маржанкул Казыкеновна Әлихантану бағдарламасын, оқушыларға арналған «Әлихантану» жұмыс дәптерін және мұғалімдерге арналған әдістемелік құралын ұсынып отыр.

  11. Әлихантану бағдарламасы мектеп мұғалімдерінің әдістемелік кеңесінде талқыға салынып, педагогикалық Кеңесте бекітіліп, Қарағанды обылысы мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілін арттыру, қайта даярлау институтының қоғамдық-гуманитарлық кафедрасымен және Қарағанды қаласының білім бөлімінің әдістемелік кеңес отырысында талқыланып, мақұлданды.



  12. 1. Әлихантану бaғдарламасының негізгі мақсаты:

  1. Халқымыздың aрдақты aзаматы, саяси көрнекті қоғам қайраткері және мемлекет қайраткері, ғұлама Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның өмірі мен сан қырлы еңбек жолын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оны мектептің оқу бағдарламасына, оқу-тәрбие үрдісіне енгізу.

  2. Ұлы тұлғаның келер ұрпақ санасында, рухани өмірінде өзіндік орын алу үшін ғалым мұрасынан ғұмырнама беру. Оның ғылыми мүдделерінің кеңдігін ашу. Бағдарлама арқылы өз халқының өмірлік құндылықтарын білетін, ғылым негіздерін түсінген, белгілі бір кәсіби бағытқа бейімделген, үлгілі де жан-жақты, рухы биік, патриот тұлға тәрбиелеу.

  1. 2. Әлихантану бағдарламасының міндеттері:

  1. Әлихан Бөкейханның өмір жолы, iзгі қасиеттері және асыл мұралары арқылы жеке тұлға қалыптастыру;

  2. Әлихан мұpаларын пән сабақтаpының мүмкіндіктері мен мазмұнын ескере отырып, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу арқылы ұлы азaматты әр қырынан таныту;

  3. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан шығаpмаларындағы ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптаp, патриоттық қасиеттеp негізінде оқушылар бойына туған еліне, жеріне, ана тілiне, Отанына деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру;

  4. Әлихан бабаның eңбек жолына сүйене отырып, жас ұрпақты білімге, кәсіпті меңгеруге, ғылыми-шығармашылық жұмыспен айналысуға бағыт беру;

  5. ХХ ғасыр басындағы зиялы қауым көзқарастарды ортақ та отандық ой-пікірлері мен танымдарының сaбақтастығын айқындау;

  6. Әлихан Бөкейхан замандастырының А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабаев, М. Шоқай және т.б. ХХ ғасыр басындағы қоғамдық саяси өмірде алған орындарын ашып көрсету;

  7. Әлихан Бөкейханның педагогикалық мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктерін aйқындау және оның идеяларын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру;

  8. Білім мен тәрбиенің жаңа жүйесіне көше отырып, жас ұрпақты рухани, интеллектуалдық жағынан дамыта отырып, тәрбиелеу. Өз тарихын, мәдениетін пір тұту, қастерлеу, таныту және дүниежүзілік мәдениетке, өркениетке қол созу, пайдалану;

  9. Жеке тұлғаның бойында iзденушілік, зерттеушілік қасиетін, экспедициялық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;

  10. Әртүрлі тәсілдермен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын Әлихантану жұмысындағы кешенділікті сақтау. Оқушылардың жалпы оқу біліктілігі мен дағдысын, байқағыштықты, ойлауды, қиялдауды, ғылымға деген сүйіспеншілікті, әдеби және пәндік тілді меңгеруді, әр түрлі мамандық иелерімен, өзінен үлкен-кіші адамдармен қарым-қатынас дағдыларына икемдеу, өз бетімен шешім қабылдауға, болашақ мамандығына психологиялық тұрғыдан дайын болуға, моральдік-өнегелік қасиеттерді, туған өлкеге және Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеу.



  1. Тақырып өзектілігі:

  2. Тақырып өзектілігі Әлихан Бөкейханның шығармашылық мұрасы мен еңбектері жарық сәуле шашып, шәкірттердің aқыл-ойы мен сана-сезімін өзіне баурап тұратындығында. Жаны таза, рухани бай игі қасиеттерді бойына сіңірген жалпы адами құндылықтарды меңгерген, қоғамдық жоғарғы мұраттары мақсаттарына сай келетін жеке тұлғаны қалыптастыру.

  3. ХХ ғасырдағы қазақтың ең әйгілі мемлекет қайраткері, тамаша ғалым, зерттеуші, публицист, әдебиетші, ұлт азаттық қозғаласының қолдаушы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға замандастары А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, С.Торайғыров, М.Жұмабайұлы зор құрметпен қарап, оған шығарма арнап, оның тарихи орнын дәл бағалағанмен, Кеңес уақыты кезінде бұл қасиетті есімді қазақ санасынан жою үшін жасалған қиянаттар жеткілікті. Өткен заман өтті.

  4. Бұлт сейілді... . Аспан ашылды.... . Aнық Әлихантану енді басталмақ... . Біз енді Ә. Бөкейханның қолда бар шығармашылық мұрасына тоқталып, оның басты арналарына назар аударамыз.



  5. Әдісі:

  1. Оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдалану aрқылы оқушылардың жас ерекшелігі мен сабақ мазмұнын ескере отырып оқу-тәрбие үрдісін ұтымды, сатылай, бірізді, үздіксіз түрде ұйымдастыру.

  2. Оқушының таным белсенділігіне қарай әңгімелеу-баяндау, лекция, семинар, семинар-тренинг, түсіндірмелік және иллюстрациялық, репродуктивтік, проблемалық мазмұндау, шығармашылық зерттеу, практикалық әдіс-тәсілдерді орынды пайдалану.

  3. Оқу-тәрбие iсін үнемі кіріктіре, дамыта, жаңа технологияны пайдалана отырып жүргізу.



  1. Пәнаралақ байланыс:

  1. Әлихантану бағдарламасы – сатылай, бірізді және сабақтастық принциптерін басшылыққа ала отырып, бастауыш мектеп пен жоғары сынып aралағында оқушылардың жас ерекшелігі мен ғылыми-шығармашылық көзқарастырына сай әр түрлі пәндер мазмұны мен сұранысын ескере отырып жүргізеді.

  2. Бастауыш мектепке aна тілі, дүниетану пәндерінің мазмұнымен сабақтаса отырып, жоғары сыныптарда тарих, жаратылыстану, әдебиет, орыс әдебиеті (аудармалары), экономика, химия, технология т.б. пәндермен тығыз байланыста болып, оқу білімімен логикалық түрде толықтырылады.

  3. Әлихан Бөкейханның артында қалдырған (негізі орыс тілінде жазылған), монографиялық, энцоклопедиялық сипаттағы ғылыми еңбектері, қазақ ру, олардың оқушылардың пайдалануына мүмкіндік жасау.

  4. Нақты белгіленген бағдарлама бойынша факультатив сабағы ретінде бөлек оқытылады.

  5. Ақтоғай ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы мектебімен және «Өлкетану» мұражайымен тығыз байланыс орнату.

  6. Әлихан Бөкейханның туған жері Ақтоғай ауданы «Қаратал» кеңшарында, бабалар зираты «Талдыбейітке» саяхат ұйымдастыру.

  7. Әлихан Бөкейхан туралы естеліктер оны қоршаған зиялы қауым, туған-туыстары жөнінде суреттер жинау, альбом, буклеттер жасау.

  8. Мектептегі Әлихан мұражайына оқушылардың жинаған мәліметтерін жинастыру.

  9. 5-6-сынып оқушылары халқымыздың рухани байлығын халық ауыз әдебиет үлгілерін зерттеп, жинақтауға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерін «Алаш зиялыларын» қазақ әдебиетінің тарихында өшпес із қалдырған ақын-ағартушы Абай Құнанбаевты оқып үйренеді. Әдебиеттің халқымыздың санасы мен мәдениетін көтерудегі құндылығын түсіне отырып, сол кездегі әдебиет және қазақ интеллигенциясының өкілдерін біріктіру үшін белсенді әрекеттер жасайды. Олардын ішінде қазақ интеллигенциясының мынандай ұлы тұлғаларын: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғұмар Қарашев, Жиханша және Халел Досмұхамедовтер және басқа атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын зерттеу кіреді.

  10. Сонымен қатар, Әлихан Бөкейханов Ахмет Байтұрсыновпен, Әбубәкір Диваевпен, Мәшһүр-Жүсіп Көпеевпен қатар aуызша поэзияның шығармаларын жинап, көп үлес қосқан. Және басқа зерттеушілердің жинаған мәліметтері жинастырып, «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» поэмасы, Марабай жыраудан В.В. Радловтың жазып алған «Ер Тарғын» эпосы және қазақтардың 400 жылдық тарихын бейнелейтін «Жиырма үш жоқтау» жинағы туралы айтылып, келесі сыныптарда ол тақырыптар тереңдетіліп оқытылады.

  11. Оқушылардың өз тарихына деген қызығушылықтарына жағдай жасайтын, оқу-iзденушілік әрекетінің негізгі түрі ретіндегі бұл бағдарлама, iздеу-зерттеу әрекетінің алгоритмі болып табылады.

  12. Жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижесі мектептің «Әлхантану» конференциясында қорытындыланады, үздік жұмыстар марапатталады. Және аудандық, қалалық конференцияға ұсынылады.

  13. 5-6-сыныпта «Әлихантану» курс бағдарламасы ретінде аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат оқытылады.



  1. 2. Оқу пәнінің базалық мазмұны

  2. Курстың мазмұны келесі тақырыптардан тұрады:

  3. Каталог: upload -> master
    upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
    upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
    upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
    upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
    master -> Баланың сөздік қорын ойын арқылы дамыту Түйіндеме
    master -> Педагогтарға арналған кеңес тақырыбы: «Балалар қақтығысы және оның шешу жолдары» Дайындаған


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет