БАҒдарламасы астана 2014 Бағдарлама «6D010300 «Педагогика және психология»



Дата19.02.2017
өлшемі0,94 Mb.
#11104




Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы

БЕКІТЕМІН




Әлеуметтік ғылымдар факультетінің

деканы

______________Шәріп АЖ.

«_____» 2014 ж.

6D010300 – «Педагогика және психология»

мамандығы бойынша PhD

ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН ЕМТИХАННЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана 2014















Бағдарлама «6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған.
Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ.д., профессор Қ.Қ.Шалғынбаева п.ғ.д., профессор Қ.Р.Калкеева, п.ғ.д., профессор Р.К. Төлеубекова., пс.ғ.д., профессор А.Р.Ерментаева
Бағдарлама кафедра мәжілісінде қарастырылған

Хаттама № 14 «25 » маусым 2014 ж.


Кафедра меңгерушісі_______________Қ.Қ.Шалғынбаева

Факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Хаттама № 6 «27 маусым 2014 ж.



Факультеттің оқу-әдістемелік

комиссиясы төрайымы___________________ Н.П.Албытова

МАЗМҰНЫ

1. Мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Қабылдау емтихандарының мақсаты: магистратурада алған білім деңгейін, қабілеті мен біліктілігін анықтау, сонымен қатар білім алудың үшінші деңгейінде нақты пәндерді және жалпы докторлық бағдарламаны меңгеру қабілетін анықтау болып табылады.

Бағдарлама міндеті: оқу жоспары бойынша меңгерген базалық педагогикалық және психологиялық пәндердің негізін, сонымен қатар алған білімдерін теориялық және қолданбалы тапсырмаларды шешуде қолдану қабілетін анықтау.

Докторантураға қабылдау емтиханы - ауызша.
2. Докторантураға қабылданушы тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

«6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша PhD докторантураға қабылдау ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеу ережесі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің докторантураға қабылдау жөніндегі типтік ережесі және «6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде анықталады. Бағдарлама типтік оқу бағдарламалары және МЖМББС негізінде құрастырылған.



«6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығына тапсыратын талапкер магистр өзінің кәсіби бағытталуы бойынша білуі тиіс: білім беру аймағындағы нормативтік құжаттарды; ҚР-ң әлеуметтік саясатының негіздерін; үздіксіз білім беру жүйесінде балалардың, жастар мен жеткіншектердің тұлғалық дамуы мен толыққанды әлеуметтенуін қамтамасыз етуді; түзетушілік-тәрбиелік үдерісті жобалауды, педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін жоспарлауды, ұйымдастыруды, диагностикалау мен болжауды; денсаулықты дамыту жағдайын ескере отырып, әрбір индивидтің бейімділігін, қабілеттілігін, дарынын айқындау мен дамытуды; авторлық педагогикалық және түзетушілік технологияларын жасау және ендіру негізінде балаларды, жастар мен жеткіншектерді тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үрдістерін түзетуді.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері:

- Педагогика – 2 кредит


БӨЛІМ 1. Педагогика

БӨЛІМ 2. Психология

БӨЛІМ 3. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау



Бөлім 1. Педагогика

Тақырып 1. Білім беру әлеуметтік-мәдени феномен ретінде. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі

Білім құндықлық, процесс, және нәтиже ретінде. Білім берудегі мәдениет және құзырлылық тұғырлары. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің негізгі заңдары мен институттары. Білім берудегі үздіксіздік және өз бетімен білім алу тұлғаның даму құралы ретінде. Білім берудегі гендерлік мәселелер.



Тақырып 2. Педагогикалық мамандық және оның ерекшеліктері. оқытушының кәсіби сапалары.

Педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен қалыптасуы. Педагогикалық мамандықтың спецификасы. Оқытушының кәсіби тұлғасына қатысты талаптар. Педагогикалық бағыттылық. Педагогтың адамгершілік кодексі.

Тақырып 3. Педагогикалық қызмет: мәні, құрылымы, қызметі.

Педагогикалық қызметтің мәні мен құрылымы. Педагогикалық қызметтің түрлері, деңгейлері мен бағалау өлшемдері. Педагог педагогикалық қызметтің субъекті ретінде. Педагогикалық өзара әрекеттесу. Педагогтың кәсіби құзырлығы. Педагогтың өзін-өзі дамытуы.

Тақырып 4. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.

Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Педагогика ғылымының қалыптасуы. Педагогикалық теориялардың қалыптасуы мен дамуындағы объективті әлеуметтік-экономикалық алғышарттар. Педагогика ғылымының объекті мен пәні. Педагогика ғылымының міндеттері. Педагогика ғылымының теориялық және технологиялық қызметі, оларды іске асыру деңгейлері. Педагогиканың негізгі деңгейлері. Педагогикалық ғылымдар жүйесі.



Тақырып 5. Педагогикалық зерттеулер әдіснамасы мен әдістері.

Педагогика әдіснамасы туралы түсінік және оның деңгейлері. Ғылыми ізденістер ретіндегі философиялық ілім негіздері. Педагогиканың жалпығылыми әдіснамасын құрайтын теориялық тұғырлар. Жүйелілік тұғырлар мәні. Әдіснаманың нақты ғылыми деңгейіне сипаттама. Педагогиканың тұлғаға бағдарланған тұғырдың мәні. Әдіснаманың технологиялық деңгейі. Педагогикалық зерттеулер логикасы. Зерттеулердің эмпирикалық және теориялық әдістері. Педагогикалық эксперимент және оның әр түрлілігі. Педагогикалық эксперимент кезеңдері мен оны ұйымдастыруға қойылатын талаптар.



Тақырып 6. Жоғары мектеп педагогикасы.

Жоғары мектеп педагогикасы – педагогика ғылымының саласы. Жоғары мектеп педагогикасының объекті мен пәні, міндеттері. Ғылым ретінде жоғары мектеп педагогикасының спецификалық ерекшеліктері. Ғылым ретінде жоғары мектеп педагогикасының даму перспективалары. Заманауи талаптарға байланысты жоғары мектептің оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптар. Жоғары мектеп педагогикасының жетекші әдіснамасына қатысты сипаттама: аксиологиялық, жүйелілік, акмеологиялық, синергетикалық, тұлғалық-іс-әрекеттік тұғыр, экопсихологялық тұғыр, психодидактикалыұ тұғыр, дара-шығармашылық тұғыр, полисубъектілік тұғыр, сыни тұғыр, фасилитациялық тұғыр, гуманистік тұғыр.



Тақырып 7. Педагогикалық құбылыстарды зерделеудегі аксиологиялық тұғыр.

«Аксиология», «педагогикалық аксиология» туралы түсінік. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті құрылымындағы аксиологиялық компоненттің орны мен қызметі. Педагогикалық құндылық педагогикалық қызмет нармасы ретінде. Педагогикалық құндылықтар жүйесі. Педагогтың «Мен» аксиологиясы құндылық бағдар жүйесі ретінде. Мақсат-құндылығы, құралдар-құндылығы, білім-құндылығы педагогтың құндылық бағдарын анықтаушы аксиологиялық модель ретінде.



Тақырып 8. Білім тұтас педагогикалық процесс ретінде.

Педагогикалық процесс білім мен тәрбиенің өзара байланысты және өзара шарттас тұлғаны дамыту процесі ретінде. Педагогикалық процестегі оқыту және тәрбие процестерінің қызметі. Тұтастық педагогикалық процестің басты сипаттамасы ретінде. Педагогикалық процесс мақсатты, мазмұнды және педагог пен студенттің ұйымдастырылған өзара әректтестігі. Ол қоғам мен тұлғаның өзін-өзі дамытуын қанағаттандыруға бағытталған.

Педагогикалық процесс құрылымы. Педагогикалық процесс кезеңдері. Педагогикалық процесті жобалау мен іске асыру. Қарама-қайшылық педагогикалық процесті жетілдіруші қозғаушы күші ретінде. Педагогикалық процесстің заңдылықтары мен принциптері. Педагогикалық процесстегі бірлескен еңбек пен шығармашылық.

Тақырып 9 Педагогикалағы мақсаттылық проблемасы.

«Білім беру мақсаты» ұғымы туралы түсінік. Білім беру мазмұнының әлеуметтік-шарттастық және нақты-тарихи сипаты. Білім беру мазмұнын анықтаудың қажеттіліктері мен факторлары. Мақсаттылық педагог қызметі ретінде. Мақсаттылық типтері. Мақсаттылық кезеңдері және оларға қойылатын талаптар. Мақсаттылықтың тиімді болу шарттары.

Педагогика тарихында жан-жақты жарасымды тұлғаны дамыту идеясының диалектикасы. Заманауи жоғары оқу орындарындағы тәрбие мақсаттары. Директивті құжаттардағы тәрбие мақсаттарының көрінісі: («Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым» туралы Заңы «Об образовании в Республике Казахстан», «Үздіксіз білім беру туралы» Заңы).

Тақырып 10. Білім мазмұны тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыру және оны дамыту құралы ретінде.

Білім мазмұны тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыру және оны дамыту және шындыққа деген эмоционалдық-құндылық қатынасы туралы білім мен іскерліктер жүйесі ретінде. Білім мазмұнын қалыптастыру көзері мен детерменанты. Білім мазмұнын қалыптастырудың формалды, материалды, утилитарлы және тұлғаға бағдарланған теориялары. Білім мазмұнын қалыптастырудың құзырлылық тұғырлары. Әр түрлі білім беру деңгейлеріндегі білім мазмұнын анықтайтын құжаттар: оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулықтар. Оқу жоспары мен бағдарламасының ерекшеліктері.

Тақырып 11. Оқыту процесі. Оқытудың құрылысы, заңдылықтары мен принциптері.

Дидактика пәні мен міндеттері. Дидактиканың физиологиялық, әлеуметтік-мәдени, ақпараттық және нормативтік негіздері. Оқыту оқытушы мен студенттің өзара әректтестігін арнайы ұйымдастырушы процесс. Оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік қызметі. Оқыту түрлері және оларға сипаттама. Оқыту процесінің құрылысы, оны мазмұндық толықтыру. Оқытудың заңдылықтары мен қағидалары. Оқытудың жетістікке жетуін қамтамасыз етуші факторлар.



Тақырып 12. Оқыту әдістері және оларды жүйелеу.

Оқыту әдістерінің мәні мен анықтамасы. Оқытудың бинарлық сипаттамасы. «Оқыту әдістері» мен «оқыту тәсілдері» ұғымдарының арақатынасы. Оқыту әдістерін жүйелеудің көп түрлілігі, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру әдістері. Оқу-танымдық қызметті ынталандыру және мотивация әдістері. Оқыту прцесіндегі бақылыу және өзін-өзі бақылау. Оқыту әдістерін таңдау өлшемдері. Оқытушының әдістемелік арсеналы.

Тақырып 13 ЖОО оқыту формалары. Лекция – ЖОО оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаласы.

Оқыту процесін ұйымдастыру туралы түсінік. Лекция, семинар, практикалық және лабораториялық сабақтар, олардың түрлері. Лекция ― лекция – ЖОО оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаласы.

Лекцияға қойылатын заманауи талаптар. Лекцияның білімдік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерін күшейтуге қойылатын заманауи талаптар. Дидактикадағы оқыту және прогрессивті педагогикалық тәжірибе формаларын дамыту. Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстар, оларды ұйымдастыру түрлері.

Тақырып 14. Тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеудің мәні, заңдылықтары, принциптері.

Тәрбие оқыту мақсатына жетуде арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет ретінде. Прагматизм, неопозити­визм, неотомизм және экзистенциализм тұрғысына тәрбие трактовкасы.

Ізгілік тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері. Ізгілік тәрбиесінің заңдылықтары мен принциптері.

Полимәдениетті тәрбие Қазақстандағы тәрбие приоритеті ретінде. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің өзара байланысы мен өзара шарттастығы.



Тақырып 15. Тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу әдістері, формалары және құралдары.

Тәрбиенің құндылық қарым-қатынасқа бағыттылығы. Педагогикалық өзара әректтесу, оның қызметі мен құрылысы. Тәрбие әдістерін жүйелеу. Тұлға санасын қалыптастыру әдістері. Іс-әрекет және қарым-қатынасты ынталандыру әдістері. Іс-әрекет пен қоғамдық мінез-құлықты ұйымдастыру әдістері. Әдістерді таңдау өлшемдері. Тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы.



Тақырып 16. Дүниетаным, адамгершілік-эстетикалық және азаматтық мәдениетті қалыптастыру.

Дүниетаным мәні, оның құрылымы ман қызметі. Студент жастардың дүниетанымын қалыптастыру мүмкіндіктері. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру жолдары мен құралдары.

Адамгершілік-эстетикалық мәдениеттің мәні тұлғаның құндылық сферасының өзегі және адамгершілік-эстетиклық тәрбие мақсаттары. Адамгершілік-эстетикалық мәдениеттің компоненттері: адамгершілік-эстетиклықсана, құндылықтар, сезім, мінез-құлық. Тұлғаның адамгершілік-эстетикалық дамуындағы жас ерекшеліктер.

Тұлғаның азаматтық мәдениеті, оның негізгі компоненттері. Азаматтық тұлғаның интегративті сапасы ретінде. Азаматтықтың әлеуметтік-құқықтық, моральдық-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық аспекттері. Студенттердің азаматтың сапаларын қалыптастыру жолдары мен құралдары.



Тақырып 17. Экономикалық тәрбие және тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтау мәдениеті.

Экономикалық белгілеу, идеялар, көзқарастар студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру бөлігі. «Экономикалық позиция» түсінігі, оны қалыптастыру жолдары мен әдістері. Экономикалық позицияның қалыпқасқандығы туралы негізгі көрсеткіштер. Экономикалық позицияның болашақ мамандықты таңдауға ықпалы.

«Кәсіби өзін-өзі анықтау» ұғымының мәні. Кәсіби өзін-өзі анықтау дың жүйесі: кәсіби білім, кәсіби сенім, меңгерілетін мамандығына студенттердің практикалық бейімделуі, студенттерді кәсіби бағдарлаудағы даралық пен бағыттылық. Кәсіби қызығушылыққа ынталылық және аудиториядан тыс жұмыстар.

Тақырып 18. Студенттердің экологиялық және саламатты өмір салты мәдениеті.

Экологиялық мәдениет тұлғаның экологиялық қызметін ұйымдастыру тәсілі ретінде. «экологиялық мәдениет» ұғымы мазмұнының мәні, экологиялық іс-әрекет және мінез-құлық, сана қоғам мен адам арақатынасындағы білім, іскерліктер. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру технологиялары.



Саламатты өмір салты тұлғаның жан-жақты дамуы ретінде. Саламатты өмір салтының құрастырушы: қозғалыс белсенділігі, дұрыс тамақтану, күн тәртібі, зиянды әдеттердің болмауы, көңіл-күйді реттей білу. Саламатты өмір салтын құндылық ретінде тану. Жоғары мектептің саламатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі бағыттары.

Тақырып 19. Студенческое самоуправление в школе. Деятельность организаций и объединений студентов

Студенттік өзін-өзі басқарудың мәні. «Өзін-өзі басқару» терминінің мәні. «Өзін-өзі басқару» , «бірлесіп басқару», олардың өзара байланысы. Жоғары оқу орындарындағы өзін-өзі басқару формалары. Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту жолдары. Студенттік өзін-өзі басқаруға педагогикалық ұжымның қатысы.



Тақырып 20. Білім беруде инновациялық іс-әрекеттерді дамыту бағыттылығы.

«Идеалды педагогикалық инновация» құрылымы мен мәні. Инновировациялық білімнің ре­алды формалары. Педагогикалық инновациялар түрлері. Инновациялық процесс. Инновациялық іс-әрекет тип ретінде.

Құндылықтардың мазмұндық, процессуалдық прогрессивтік өзгерістері. Педагог-инноватордың акмеограммасы.

Тақырып 21. Педагогикалық жүйелер мен технологиялардың концептуалдық негізгі.

Оқыту технологиясының мәні, педагогикалық технологияларды жүйелеу. Педагогикалық технологиялардың тиімділік өлшемдері. Педагогикалық технологияларды таңдау принциптері. Педагогикалық технологиялар банкі.

Проектілеу, болжам жасау және педагогикалық процесті іске асыру педагогикалық қызметтіі жетекші технологиялық аспектісі. Мақсаттылық технологиясы, мотивация, интериоризация, экстериоризация, проблематизация және рефлексия. Педагогикалық технологиялар жүйесін моделдеу.

Тақырып 22. Оқытудың тұлғаға бағдарлануы мен дамыту технологиялары.

Педагогикадағы тұлғаға бағдарланған тұғырлар. Ізгілік бағдар, адамға бағытталу, ізгілік мұраттары мен нормалары.

Ынтымақтастық педагогикасы: студент тұлғасының позициясы. Тұлғаның «Мен» -концепциясы, дидактикалық белсендіруші, дамытушы кешендер.

Тұлғалық-дамытушылық оқыту. Дамыта оқыту жүйесі (Ж. Пиаже, 3. Фрейд, Дж. Дьюи). Дамыта оқыту жүйесі (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, В. Давыдов және т.б.). Ізгілік-тұлғалық технологиялар: Ш. А, Амонашвили, Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова және т.б..



Тақырып 23. Студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялары.

Студенттердің оқу-танымдық қызметі, оларды ұйымдастыру. Мәселелік оқыту технологиялары. Оқытудың проблемалық деңгейлері. Оқытудың зерттеушілік технологиясы.

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (В. Ф. Шаталов, П. М. Эрдниев).

Ойын технологиясы. Ойын технологиясының қызметі. Жобалау әдістері. Оқытудың жобалау технологиялары. Шағын топтарда оқыту жұмысын ұйымдастыру технологиясы.



Тақырып 24. Оқыту процесін тиімді басқару технологиясы.

Даралап оқыту технологиялары. Оқыту бағдарламаларының түрлері: сызықтық, адаптивтік, аралас.

Оқытудың блоктық жүйесі. Оқытудың модульдік технологиясы. Оқытудың диалогтық жүйесі. (В. С. Библер, С. Ю. Курганов).

Оқытушының студентпен ұйымдастыратын жеке және топтық оқытудың оптималды арақатынасы.



Тақырып 25. Тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту технологиясы.

Тұлғаның интеллектуалдығы және шығармашылығы, оларды педагогикалық процесте дамыту.

Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру технологиялары.

Шығармашылықты дамытуға бағдарланған технологиялар. ориентир (И. П. Волков, Т. С. Альтшуллер), әлеуметтік тәрбие шығармашылығы технологиялары (И. П. Иванов). Ұжымдық шығармашылық істер, оның негізгі идеялары. Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы.

Тақырып 26. Оқытушы қызметінде интернет-ресурстарды пайдалану технологиясы.

Интернет жүйесінің дидактикалық мүмкіндіктері. Білімдік интернет-ресурстарға шолу. Педагогтар үшін ақпараттық интернет-ресурстар. Ақпараттық интернет-ресурстарды толықтыру. Электронды ресурстарда библиографиялық сілтемелерді жабықтау.



Тақырып 28. Қазақстандағы білім және педагогика тарихы.

Этногенез және қазақ халықының қалыптасуы.

Шығыс мемлекеттерінде мектеп пен тәрбиенің қалыптасуы. Қазақ даласындағы педагогикалық идеялар: Қорқыт Ата (9ғ). Білім мен тәжірибені жабаша жеткізу педагогикасы.

ХI-ХIIғғ. көне түркі жазбаларнындағы ескерткіштердегі педагогикалық идеялар: Күлтегін, Білге-Қаған, Тоныкөк және т.б.

Мұсылмандық мектептер мен медреселер (Отырар қ., Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан және т.б..), осы оқу орындарда оқыту ерекшеліктері, мазмұны мен әждістері.

11ғ. Әль-Фараби, Баласағұн, Қашқари, Қожа Ахмед -Яссауи және т.б. Қазақ хандығының пайда болуы және қазақтың құндылық мәдениеті.

Қазақ жырауларының этико-педагогикалық идеялары; Асан-Қайғы, Қазтуған, Жиенбет, Шалкиіз, Қадырғали Жалайыр, Ақтамберді, Бұхар-жырау Қалқаманұлы және т.б..

XVIII -ХХ ғғ қазақ педагогикалық ойлары мен педагогика ғылымының дамуы.



Тақырып 29. XXI ғасыр басында әлемдік білім беру жүесін модернизациялау.

Білім беру жүйесінің актуалды мәселелері: орталықтандыру және децентрализация. Жоғары мектептегі демократизация. Білім беру реформаларының типологиясы. Білім берудегі трансформациялық процестер. Әлемдік деңгейде жоғары мектептерді дамыту тенденциялары. Болонского процесті дамыту проблемалары мен перспективалары. Образование на Посткеңестік кеңістіктегі білім: интеграция және дезинтеграция.



БӨЛІМ 2. ПСИХОЛОГИЯ

1.Тақырып. Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттері


Маманды психологиялық дайындау – жоғары мектеп психологиясының пәні. Жоғары мектеп психологиясының қағидалары мен құрылымы.

Жоғары психологиялық білім берудің өзекті мәселелері: оның мазмұны; оқытудың психологиялық технологиялары; жүйелі кәсіби ойлауды дамытудың психологиялық әдістері; XXI ғасыр маманын психологиялық дайындау және тұлғаның субъектілігін дамыту психологиясы.

Қазақстанда және шетелдердегі жоғары мектепте психологиялық дайындаудың тарихи жолы. Қазақстанда және шетелде психологиялық-педагогикалық жоғары білім беру бағыттары мен қазіргі жағдайы.

Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінің психологиялық жақтары.

Жоғары мектеп психологиясының басқа ғылымдармен – философиямен, педагогикамен, акмеологиямен, әлеуметтанумен және т.б. байланысы.

Отандық және шетелдік жоғары мектеп психологиясын дамытудың беталыстары.



2.Тақырып. Жоғары оқу орнында оқытудың психологиялық теориялары мен педагогикалық тәжірибесі

Жоғары оқу орнындағы педагогикалық процесс тұжырымдамалары және олардың психологиялық негіздемелері. Жоғары мектептегі оқыту психологиясы. Іс-әрекет психологиясы және жоғары оқу орнындағы оқу-кәсіби іс-әрекет. Жоғары мектептегі тұлғалық және кәсіби даму процесінің психологиялық мәселелері.

Психологиялық білім беру мазмұны. Жоғары оқу орнындағы психологиялық-педагогикалық технологиялар; олардың жіктемесі.

Студенттердің өзіндік жұмысы – субъектіліктің даму шарты.



Жоғары оқу орнындағы бақылау психологиясы.

3.Тақырып. Студент жастардың психологиясы және акмеология


Жасөспірім және жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері. Жасөспірім шақтағы даму заңдылықтары. Жасөспірім шақ кезеңі. Студенттік шақтағы психологиялық жаңа құрылымдар.

Студент тұлғасының типологиясы. Типтерге жіктеудің соционикалық тұрғылары. Тұлғаның студенттік шақтағы бағыттылығы.

Кәсіби жетілудегі акме-деңгей (А.А. Бодалев, А.Н. Деркач).

4.Тақырып. Жоғары мектептің оқу процесінде студенттің тұлғалық және интеллектік дамуы

Дамудың психологиялық механизмдері.

Студенттік шақта танымдық сала мен интеллектік даму мәселесі. Ес психологиясы және жасөспірімдік шақта мнемоникалық қабілеттің дамуы. Зейін психологиясы және жасөспірімдік шақта зейіннің дамуы. Ойлау және студенттік шақта ақыл-ой әрекетін дамыту мәселесі.

Тұлға психологиясы. Тұлға дамуының қозғаушы күші. Тұлғалық қасиеттердің қоғамдық сипаты. Тұлға құрылымы. Тұлға теориясының түрлері: психодинамикалық, социодинамикалық, интеракционистік, жеке-дара психологиялық тұлға қасиеттері. Оқыту мен тәрбиелеудің тұлға дамуында алатын орны.


Іс-әрекет және тұлғаның субъектілік деңгейге дейін дамуы. Қарым-қатынас және тұлғалық даму. Адамгершілік сананың даму сатылары (Л. Колберг бойынша): адамгершілікке дейінгі деңгей, конвенциялық деңгей, постконвенциялық деңгей.

Э. Эриксонның тұлғаның өмір бойы дамуы жайлы тұжырымдамасы. Тұлға дамуының әр сатысындағы негізгі психологиялық жаңақұрылымдар мен жетекші іс-әрекет. Тұлғаның өзіндік дамуы. К. Роджерстің феноменологиялық теориясы. Тұлғаның В. Франкл логотерапиясында анықталуы. Когнитивті процестер тқлға құрылымының компоненттері ретінде.

Студенттік шақтағы тұлғалық даму ерекшеліктері.

5.Тақырып. Студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтері

Студенттердің оқу әрекетіндегі жетістіктердің психологиялық шарттары. Оқу мотивациясы. Оқу мотивациясының сипаттамалары. Жағдаяттық және диспозициялық мотивация. Мотивация және студент тұлғасы. Мотивацияның қазіргі теориялары. Тұлға белсенділігі мен мотивациясының негіздерін шетелдік ғылыми мектептер мен бағыттардың түсіндіруі. З. Фрейд бойынша мотивтер ықпалының түсіндірілуі. К.Г. Юнгтің аналитикалық психологиясы. Топтық бейсаналылық және архетиптер. Тұлға типологиясы. Тұлғаның неофрейдистік социодинамикалық теориялары. А. Адлердің жеке-дара психологиясы. Өмір сүру мәнері. К. Хорни теориялары. «Басты қауіп» тұлғаның мотивациялық факторы ретінде. Мінез-құлық, жүріс-тұрыс стратегиясы. Е. Фроммның гуманистік психоанализі. А. Маслоудың қажеттіліктер теориясы.

Студенттердің оқу іс-әрекеті мотивациясының құрылымы мен генезисі. Студенттердің әлеуметтік мотивациясы. Оқуға деген релевантты мотивация қалыптастыру.

6.Тақырып. Жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері мен тәрбие жұмысының психологиялық негіздері


Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, білім мазмұны. Оқу әдістерінің психологиялық негіздері. Оқу әдістерінің жіктемесі. Жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері: кейс-стади, іскерлік ойындар, «брейншторминг» и т.д. Болашақ мамандардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту.

Болашақ маманды тәрьиелеу және дамыту жоғары мектеп қызметі ретінде. Оқыту мен тәрбиелеудің байланысы. Тәрбие психологиясы тұлғалық дамуға мақсат-бағдарлы түрде жетекшілікті жүзеге асыру процесі ретінде. Тәрбиелеу технологияларының психологиялық жақтары. Студенттік шақтағы өзіндік даму мен өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы (Л.И. Рувинский, С.Д. Смирнов).

Жасөспірім шақта мінездің дамуы. Жасөспірім шақта эмоциялық саланың даму ерекшеліктері. Студенттің ерік сапаларының даму мәселесі. Студенттердің субъектілік даму психологиясы.

7.Тақырып. Студенттік ұжым психологиясы

Топтың әлеуметтік психологияда түсіндірілуі. Студенттік топ түрлері: ассоциация, кооперация, корпорация, коллектив. Студенттік ұжымның сипаттамалары. Жоғары оқу орнындағы студенттік топ динамикасы. Топтың социометриялық құрылымы. Топтағы рөлдік дифференциация. Топ ынтымақтастығының шарттары. Лидерлік. Тұлғаның психосоциотипіне байланысты басымдылықтың ерекшеліктері. Лидер беделінің артуына ықпал ететін факторлар. Студенттік топтағы лидерлік және дау-дамайлар. Студенттік топтағы дау-дамайлар психологиясы.


Студенттер мен оқытушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеудің әлеуметтік-психологиялық жақтары. Студенттік топпен психологиялық диагностика жүргізу мәселесі. Студенттермен тәрбие жұмысында әлеуметтік-психологиялық факторларды ескеру.

8.Тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы

Қарым-қатынас психологиясы. Қарым-қатынастың атқаратын қызметтері. Қарым-қатынастың құрылымы. Қарым-қатынас деуңгейлері. Қарым-қатынас механизмдері. Қарым-қатынастың жеке-дара параметрлері.


Оқыту барысындағы вербальді іс-әрекеттің қызметтері мен түрлері. Оқытушы қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық жақтары. Педагогикалық қарым-қатынас (В.А. Кан-Калик, А.А. Леонтьев және т.б.). Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас (Х.Т. Шерьязданова). Аудиторияға психологиялық әсер ету мәселесі. Педагогикалық қарым-қатынастағы диалог және монолог. Педагогикалық қарым-қатынас мәнерлері. Педагогтің қарым-қатынас мәдениетінің негіздері. Педагогтің дау-дамай жағдаятын шешу психологиясы.

9.Тақырып. Студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті


Педагогикалық процестегі бірлескен іс-әрекет. Бірлескен іс-әрекеттің тиімділігін анықтайтын өлшемдер. Іс-әрекеттің жеке-дара мәнері және бірлескен іс-әрекет.

Студенттер мен оқытушылардың бірлескен нәтижелі іс-әрекетін жобалау мен ұйымдастырудың психологиялық негіздері. Бірлескен диалогтік-танымдық іс-әрекет психологиясы (С.М. Жақыпов). Студенттерді оқыту процесіндегі топтық жұмыс психологиясы.

10.Тақырып. Жоғары мектеп оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетінің психологиясы


Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби іс-әрекеті. Жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық іс-әрекетінің құрылымы. Жоғары оқу орнындағы кәсіби іс-әрекеттің педагогикалық мотивтері, функциялары, мәнерлері. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар. Жоғары мектеп оқытушысының ерекше фасилитациялық іс-әрекеті. Оқытушы психологиялық-педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде. Педагог іс-әрекетінде орын алатын мәселелік жағдайлардың себептері, және оларды шешу жолдары. Оқытушы беделі және оның оқу-тәрбие процесіне әсері. «Педагогикалық шеберлік» ұғымы. Педагогикалық шеберлікті жетілдіру мәселелері.

11.Тақырып. Педагогтің кәсіби және тұлғалық дамуы


Жоғары мектеп оқытушысының психологиясы. Тұлғаның кәсіби даму теориялары: қойылымдық теория (Э. Берн), кәсіби даму теориясы (Д. Сьюпер), кәсіби таңдау теориясы (Холланд), ақиқатпен келісім теориясы (Э. Гинзберг), педагогтің кәсіби дамуының психологиялық теориясы (Л.М. Митина).

Жоғары мектеп оқытушысының тұлғалық қасиеттері. Оқытушының психологиялық мәдениеті. Жоғары мектеп оқытушысының эмоциялық тұрақтылығы. Педагогтің кәсіби ойлауын дамытудың психологиялық негіздері. Оқытушының кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы.


Педагогтің субъектілік дамуы. Педагогтің кәсіби қабілетінің құрылымы: экспрессивті, дидактикалық, ғылыми-педагогикалық, перцептивті, коммуникациялық, ұйымдастырушылық және т.б. Оқытушының «педагогикалық құзіреті» ұғымы, оның құрылымы. Педагогтің кәсіби іс-әрекет пен қарым-қатынасқа психологиялық тұрғыдан теориялық және тәжірибелік даярлығының мазмұны.

12.Тақырып. Ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың динамикасы


Шығармашылыққа қабілет пен шығармашылықпен ойлау психологиясы. Шығармашылықтың интеллектке редукциялану тұжырымдамасы. Шығармашылық процесс сатылары: дайындық, инкубация, мақсатқа жету, тексеру. Ғылыми танымдағы репродуктивті және шығармашылық іс-әрекеттердің байланысы. Ғылыми шығармашылықтың әлеуметтік және жеке-дара психологиялық мотивтері. Ғылыми шығармашылық нәтижелерін бағалау мәселелері. Ғылыми шығармашылықты дамыту әдіснамасы.

Шығармашылыққа бейім тұлға және оның өмір жолы. Шығармашылыққа бейім тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері. Дж. Гилфорд және Э.П. Торренс, М. Воллах пен Н. Коган, С. Медник, Р. Стернберг, В.Н. Дружинин және Н.В. Хазратова бойынша креативтілік тұжырымдамалары. Педагог креативтілігі және оның психологиялық диагностикасы.


Жоғары оқу орнында жас ғалымды қалыптастырудың психологиялық жақтары. Ғалымның әдіснамалық мәдениеті. Ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың жас ерекшелікке байланысты динамикасы.

13.Тақырып. Ғылыми-педагогикалық ұжымның психологиялық ерекшеліктері

Ұжым психологиясы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері. Педагогикалық ұжым құрылымы мен қызметтері. Педагогикалық ұжым деңгейлерінің дамуын анықтайтын психологиялық көрсеткіштер мен өлшемдер. Білім беру кеңістігіндегі әлеуметтік-психологиялық қатынастардың түрлері. Жоғары мектептегі дау-дамай мәселелері. Педагогикалық ұжымдағы дау-дамай құрылымы мен динамикасы. Жоғары оқу орнындағы басқарудың психологиясы.

14.Тақырып. Студенттерді психологиялық дайындау және жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет

Жоғары оқу орнында психологиялық дайындау – кәсіби білім беру жүйесінің маңызды құраушысы. Жоғары оқу орнында психологиялық дайындаудың бағыттары мен қызметтері. Жоғары оқу орнында субъект-бағдарлы психологиялық дайындау тұжырымдамасы. Психологиялық білім беру студенттерді психологиялық дайындаудың ажырамас бағыты ретінде.


Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет – студенттерді психологиялық дайындаудың құраушы бөлігі. Жоғары оқу орнында психологиялық қызмет ұйымдастыру. Психологиялық қызмет: Қазақстандағы және шетелдегі жоғары оқу орындарының тәжірибесі.

Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет болашақ мамандардың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу мүмкіндігі ретінде. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет – студенттердің психологиялық мәдениетін арттыру жүйесі. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметтің студенттердің тұлғалық және кәсіби даму процесін психологиялық қолдау, психологиялық демеу жағдайы ретінде.


Студенттердің тұлғалық дамуына қатысты психологиялық диагностика жүргізу мәселесі.

Студенттер мен оқытушыларға психологиялық кеңес беру әдіснамасы. Жоғары оқу орнында субъект-бағдарлы психологиялық кеңес беру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері. Педагогикалық мотивацияны психологиялық қолдау.

БӨЛІМ 3. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау


Педагогика ғылымының терминологиялық сипаттамасы. Әлемдік білім беру кеңістігіндегі бірлік пен тұтастық мәселесі. Қазіргі педагогика ғылымының дамуындағы бүкіләлемдік тенденциялар. Антропологиялық ғылым жүйесі және оның әлеуметтік педагогикадағы орны. әлеуметтік педагогика мен психологияның диалектикалық байланысы. Қазіргі әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері. Жеке тұлға дамуындағы дәстүрлі және инновациялық көзқарас. әлеуметтік-педагогикалық әрекет, оның обьективті және субьективті жақтары.

Ғылыми-зерттеушілік, әлеуметтік педагогикалық әрекеттің әдіснамалық негіздері. Ғылыми-педагогикалық білімнің құрылысы мен жүйелілігі. Әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемесінде практиканың нәтижесін әлеуметтік педагогикаға ендіру. Қазіргі білім беру жүйесі: демократиялық қайта өзгерту, білім беру млделі, дамудың негізгі тенденциялары. Біртұтас педагогикалық процесстің мазызы және сипаттмасы.
ПЕДАГОГИКАДАН НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Куров И.Е. Высшее педагогическое образование: проблемы и решения. Новгород, 1994.

  2. Кустов Ю.А. Единство и преемственность педагогических действий в высшей школе. Самара, 1994.

  3. Никандров Н.Д. Понятийный аппарат педагогики и образования: перспективы исследований // Педагогика – 1996 - №3.

  4. Полат Е.С. Современные педагогические и информационные технологии в системе образования. М., 2007.

  5. Алексеев Н.А. Личностно ориентированное обучение: вопросы теории и практики. Тюмень, 1997.

  6. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания., СПб, 2001.

  7. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. М., 1991.

  8. Педагогические технологии / Под общ.ред. В.С. Кукушкина., Ростов на Дону, 2002.

  9. Гершунский Б.С. Философия образования для XXI века. – М.: Из-во «Совершенство», 1998.

  10. Гусинский Э.Н. Введение в философию образования. – М., 2001. -160 с.

  11. Краевский В. В. Методология педагогики. - Чебоксары: Изд-во Чуваш, ун-та, 2001.

  12. Краевский В. В. Методология педагогики. - Чебоксары: Изд-во Чуваш, ун-та, 2001.

  13. Каланова Ш.М. Тотальный менеджмент качества в высшем образовании: учебное пособие-практикоориентированная монография / Ш.М. Каланова; В.К.Бишимбаев.- Астана: Фолиант, 2006.

  14. Качество образования - фактор цивилизации ХХ1 века. - Кн. 1., - Алматы, 2004.

  15. Управление качеством: Учебник Высшее образование/ Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. – М.: ИНФРА-М, 2000.

  16. Мухамедхан, Д. Качество высшего образования и кредитная система обучения/ Д. Мухамедхан.- Алматы, 2005.

  17. Паранюшкин Р.В. Педагогика и психология высшей школы. - Ростов н/Д, 2006.

  18. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М., 2005.

  19. Педагогика и психология высшей школы. - Ростов н/Д, 2006.

  20. Агафонов А.Н.  Основы общей и социальной педагогики. – Караганда, 2007.

  21. Давыдов В.П. Методология и методика психолого-педагогического исследования. – М., 2006.

  22. Загвязинский В.И. Методология и методы психолого-педагогического исследования. – М., 2005.

  23. Кузнецов И.Н. Научное исследование. Методика проведения и оформления. – М., 2007.

24.Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2002.

25. Нефедова Л.В. Педагогика высшей школы. – Астана, 2004.



ПЕДАГОГИКАДАН ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Шкатулла В.И. Положение учителя и ребенка в современном мире.- М.: Прометей, 1992.

  2. Куров И.Е. Высшее педагогическое образование: проблемы и решения. Новгород, 1994.

  3. Кустов Ю.А. Единство и преемственность педагогических действий в высшей школе. Самара, 1994.

  4. Никандров Н.Д. Понятийный аппарат педагогики и образования: перспективы исследований // Педагогика – 1996 - №3.

  5. Полат Е.С. Современные педагогические и информационные технологии в системе образования. М., 2007.

  6. Алексеев Н.А. Личностно ориентированное обучение: вопросы теории и практики. Тюмень, 1997.

  7. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания., СПб, 2001.

  8. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. М., 1991.

  9. Педагогические технологии / Под общ.ред. В.С. Кукушкина., Ростов на Дону, 2002.

  10. Гершунский Б.С. Философия образования для XXI века. – М.: Из-во «Совершенство», 1998.

  11. Гусинский Э.Н. Введение в философию образования. – М., 2001. -160 с.

  12. Краевский В. В. Методология педагогики. - Чебоксары: Изд-во Чуваш, ун-та, 2001.

  13. Краевский В. В. Методология педагогики. - Чебоксары: Изд-во Чуваш, ун-та, 2001.

  14. Каланова Ш.М. Тотальный менеджмент качества в высшем образовании: учебное пособие-практикоориентированная монография / Ш.М. Каланова; В.К.Бишимбаев.- Астана: Фолиант, 2006.

  15. Качество образования - фактор цивилизации ХХ1 века. - Кн. 1., - Алматы, 2004.

  16. Управление качеством: Учебник Высшее образование/ Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. – М.: ИНФРА-М, 2000.

  17. Мухамедхан, Д. Качество высшего образования и кредитная система обучения/ Д. Мухамедхан.- Алматы, 2005.

  18. Паранюшкин Р.В. Педагогика и психология высшей школы. - Ростов н/Д, 2006.

  19. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М., 2005.

  20. Педагогика и психология высшей школы. - Ростов н/Д, 2006.

  21. Агафонов А.Н.  Основы общей и социальной педагогики. – Караганда, 2007.

  22. Давыдов В.П. Методология и методика психолого-педагогического исследования. – М., 2006.

  23. Загвязинский В.И. Методология и методы психолого-педагогического исследования. – М., 2005.

  24. Мудрик А.В. Социализация человека. М., 2004.

  25. Бим-Бад Б.М. Образование в контексте социализации // Педагогика. -1996.-№1. Гершунский Б.С. Методологическое знание в педагогике. М., 1986.

  26. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2002.

  27. Кузнецов И.Н. Научное исследование. Методика проведения и оформления. – М., 2007.

  28. Самоукина Н.В. Психология и педагогика профессиональной деятельности. М., 2000.

  29. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь. М., 2001.

  30. Краевский В.В. Методологические характеристики педагогического исследования и критерии оценок его результатов. Самара, 1992.

  31. Краевский В.В. Методология педагогики: новый этап. М., 2006.

  32. Краевский В.В. Педагогическая теория: Что это такое? Зачем она нужна? Как она делается? Волгоград, 1996.

  33. Кузнецова В.А. Проблема многоуровневой подготовки учителя в университете. Саранск., 1993.

  34. Полонский В.М. Методы анализа и прогноза развития педагогической науки // Педагогика – 1995 - №5.

  35. Реформы образования в современном мире: глобальные и региональные тенденции. М., 1995.

  36. Андреев В.И. Диалектика воспитания и самовоспитания творческой личности. Казань, 1998.

  37. Бухарова Г.Д. К проблеме модернизации профессионально-педагогического образования. М., 2002.

  38. Баймуканова М.Т. Электронный курс лекций «Жалпы және әлеуметтік педагогика». – Караганда, 2006

  39. Берулава Г.А. Методологические основы деятельности практического психолога. – М.: Высшая школа, 2003.

  40. Джакупов. С.М. Психологическая структура процесса обучения. – Алматы, 2004.

  41. Зимняя И.А. Педагогическая психология. – М.: Логос, 1999.

  42. Климов А.Е. Психология профессионала. – М., 1996.

  43. Косогова А.С. Обучение и воспитание в высшей школе. – Иркутск: Изд-во Иркут. гос.пед. ун-мта, 2003. – С.49-63.

  44. Крайг Г. Психология развития. – СПб.: Питер, 2000.

  45. Левина М.М. Технологии профессионального педагогического образования. – М.: Академия, 2001.

  46. Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии. – М., 2000.

  47. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования. – М., 2003.

  48. Проблема субъекта в психологической науке / Отв. ред.: А.В.Брушлинский, М.И.Воловикова, В.Н. Дружинин; Ин-т психологии РАН. – М. : Академический проект, 2000.

  49. Тряпицына А.Г. Компетентностный подход в высшем профессиональном образовании. – СПб.: Изд-во РГПУ им. Герцена, 2005.

  50. Фокин Ю.Г. Преподавание и воспитание в высшей школе. – М., 2004.

  51. Басова Н.В. Педагогика и практическая психология / Н.В. Басова – Ростов н/Д: «Феникс», 2000.

  52. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: Контекстный подход: метод. пособие / А.А. Вербицкий. – М.: Высшая школа, 1991.

  53. Загайнов Р.М. Проклятие профессии: бытие и сознание практического психолога. – М., 2001.

  54. Лагонда Г.В. Деятельность практического психолога. – Мозырь: Содействие, 2009.

  55. Маклаков А.Г. Общая психология. – СПБ., 2000.

  56. Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. – М : Флинта, 1998.

  57. Основы педагогики и психологии высшей школы /Под ред. А.В. Петровского. – М., 1996.

  58. Педагогика и психология высшей школы /Отв. ред. М.В. Буланова-Топоркова. – М., 2002.

  59. Слободчиков В.И., Исаев Е.И. Психология развития человека. – М., 2000.

  60. Современный психологический словарь / Под ред. Б.Г. Мещерякова, В.П. Зинченко. – Владимир: Прайм-ЕВРОЗНАК, 2006.

  61. Субъект, личность и психология человеческого бытия / Ред. В.В. Знаков, З.И. Рябикина– М.: ИП РАН, 2005.

  62. Столяренко Л.Д. Основы психологии. – Ростов н/Д., 2002.

  63. Фокин Ю.Г. Преподавание и воспитание в высшей школе. – М.: Академия, 2002.

  64. Хуторской А.В. Современная дидактика. – СПб., 2001.

  65. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. – СПб. : Питер, 2009.

  66. Чернилевский Д.В. Дидактические технологии в высшей школе. – М: Академия, 2001

ПСИХОЛОГИЯДАН НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ерментаева А.Р. Жоғары мектеп психологиясы. – Алматы, 2012.

  2. Берулава Г.А. Методологические основы деятельности практического психолога. – М.: Высшая школа, 2003.

  3. Джакупов. С.М. Психологическая структура процесса обучения. – Алматы, 2004.

  4. Зимняя И.А. Педагогическая психология. – М.: Логос, 1999.

  5. Климов А.Е. Психология профессионала. – М., 1996.

  6. Косогова А.С. Обучение и воспитание в высшей школе. – Иркутск: Изд-во Иркут. гос.пед. ун-мта, 2003. – С.49-63.

  7. Крайг Г. Психология развития. – СПб.: Питер, 2000.

  8. Левина М.М. Технологии профессионального педагогического образования. – М.: Академия, 2001.

  9. Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии. – М., 2000.

  10. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования. – М., 2003.

  11. Проблема субъекта в психологической науке / Отв. ред.: А.В.Брушлинский, М.И.Воловикова, В.Н. Дружинин; Ин-т психологии РАН. – М. : Академический проект, 2000.

  12. Тряпицына А.Г. Компетентностный подход в высшем профессиональном образовании. – СПб.: Изд-во РГПУ им. Герцена, 2005.

  13. Фокин Ю.Г. Преподавание и воспитание в высшей школе. – М., 2004.

  14. Басова Н.В. Педагогика и практическая психология / Н.В. Басова – Ростов н/Д: «Феникс», 2000.

  15. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: Контекстный подход: метод. пособие / А.А. Вербицкий. – М.: Высшая школа, 1991.

  16. Ерментаева А.Р. Студенттерді психологиялық дайындау негіздері. – Өскемен, 2007.

  17. Загайнов Р.М. Проклятие профессии: бытие и сознание практического психолога. – М., 2001.

  18. Лагонда Г.В. Деятельность практического психолога. – Мозырь: Содействие, 2009.

  19. Маклаков А.Г. Общая психология. – СПБ., 2000.

  20. Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. – М : Флинта, 1998.

  21. Основы педагогики и психологии высшей школы /Под ред. А.В. Петровского. – М., 1996.

  22. Педагогика и психология высшей школы /Отв. ред. М.В. Буланова-Топоркова. – М., 2002.

  23. Слободчиков В.И., Исаев Е.И. Психология развития человека. – М., 2000.

  24. Современный психологический словарь / Под ред. Б.Г.Мещерякова, В.П.Зинченко. – Владимир: Прайм-ЕВРОЗНАК, 2006.

  25. Субъект, личность и психология человеческого бытия / Ред. В.В. Знаков, З.И. Рябикина– М.: ИП РАН, 2005.

  26. Столяренко Л.Д. Основы психологии. – Ростов н/Д., 2002.

  27. Фокин Ю.Г. Преподавание и воспитание в высшей школе. – М.: Академия, 2002.

  28. Хуторской А.В. Современная дидактика. – СПб., 2001.

  29. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. – СПб. : Питер, 2009.

  30. Чернилевский Д.В. Дидактические технологии в высшей школе. – М: Академия, 2001.



Каталог: downloads -> doctorantura
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
doctorantura -> Шәкәрімтану тарихы және оны оқыту әдістемесі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет