БАҒдарламасы астана 2015 Мазмұны Кіріспе 3



Дата23.05.2017
өлшемі189,37 Kb.
#16680
түріБағдарламасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ШЖҚ РМК "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті"
«Туризм» кафедрасы
6D090200 - «Туризм» мамандығы бойынша түсу емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана

2015

Мазмұны


Кіріспе


3

6D090200 - «Туризм» мамандығы бойынша түсу емтиханының пәндер бойынша мазмұны

4








Ұсынылатын әдебиет көздерінің тізімі

11


Кіріспе
6D090200 - «Туризм» мамандығы бойынша түсу емтиханына келесі пәндер кіреді:

1.Туризм индустриясының теориялық және әдіснамалық мәселелері

2. Жоғарғы мектептегі сабақ беру әдістемесі

3. Туризм экономикасы



6D090200 - «Туризм» мамандығы бойынша түсу емтиханының пәндер бойынша мазмұны
1. Туризм индустриясының теориялық және әдіснамалық мәселелері
Тақырып 1. Әлемдік туризм индустриясы туралы түсініктің даму тарихы

Туризм индустриясының негізгі даму кезеңдері: ерте кезең, орта ғасыр және қайта өрлеу дәуірі, XVII-XVIII ғасырлар, XIX және XX ғасырлар (II Дүниежүзілік соғысқа дейін). Туризм тарихының санғасырлық алғышарттары мен оның заманауи жүйесі, ХХ жүзжылдық барысында күрделенуі мен жетілуі.

Кемелденген антика дәуіріндегі Ежелгі Грекия мен Римның туризмі. Саяхаттың мәдени дәстүрлері және кейінгі ортағасыр мен ерте жаңа ғасыр арасындағы шынайы бетбұрыс. Гранд-тур, турист, туризм.

Жалпы экономикалық және саяси жағдаймен байланысты туристік нарықтың жағдайына негізделген туризмнің тарихын кезеңдерге бөлу: заманауи типтегі халықаралық туризм жүйесінің пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы және шоғырлануы.


Тақырып 2. Туризм индустриясы туралы қазіргі кездегі түсінік

Туризм индустриясының шекарасы мен құрылымы. Туризм индустриясының дефинициялары. Туризм саласындағы қызмет түрлерін жіктеудің стандартты халықаралық сыныптамасы (СИКТА) туристік қызметті кеңірек және ауқымдырақ қамтитын сыныптама ретінде. СИКТА мен Халықаралық стандартты салалалық сыныптамамен байланысы.

Туризм индустриясы салааралық халықшаруашылығының кешені ретінде және экономиканың саласы ретінде. Кеңестік рекреациялық география мен туризм географиясындағы «рекреациялық сала» және «туризм индустриясы» түсініктерінің арақатынасы. Казақстан және Ресей экономикасындағы туристік-рекреациялық саланың рөлі мен мәнін ескермеу. Туризм индустриясының құрылымы: транспорттық- коммуникациялық негіз, түнеу бзасы, тамақтану базасы, қосалқы база.

Туризм индустриясының ара қарай даму бағыттарын анықтаған ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында болған өзгерістер. Әлемдік туризм индустриясының заманауи түрөзгертулері: туризм және ғаламтор; туристік өнімді өткізудің жаңа арналары, туристік маркетингтің инновациялық тұжырымдамалары.

Әлемдік туризмдегі жаһандану үдерістері. Халықаралық туризм нарығындағы Трансұлттық компаниялар (ТҰК). Халықаралық туризм нарығындағы трансұлттық компаниялар. ТҰК- дың мәні және оның формалары, ұлтаралық туристік бизнестің негізгі себептері, қонақ үй желілерін біріктіру, база жасайтын мемлекет экономикасына ТҰК-дың әсері.
Тақырып 3. Қазақстандағы туризм индустриясының қалыптасу мәселелері

Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайы мен даму мәселелері. Туризмді мемлекеттік реттеу және кластерлік даму.Экономика және туризм мен демалысты территория бойынша ұйымдастыру саласындағы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Туристік кадрларды даярлау мен қайта даярлау саласындағы саясат. Туризмнің дамуын ғылыми қамтамасыз ету. Қазақстан туризмінің ары қарай дамуының перспективалары.


2. Жоғарғы мектептегі сабақ беру әдістемесі
Тақырып 1. Кіріспе

ҚР-ның «Білім туралы» заңы. Болондық келісім аясындағы үш деңгейлі білім беру жүйесіне көшуде қазақстандық жоғары мектептің шешетін негізгі мәселелері. Жоғарғы мектепте білім беру әдістемесі туралы жалпы түсінік. Жоғарғы мектепте білім беру әдістемесінің міндеттері мен функциялары.


Тақырып 2. Педагогика ғылым ретінде

Педагогикалық ғылымның объектісі мен құралы; педагогикалық ғылымның міндеттері; білім қоғамдық құбылыс және педагогикалық үдеріс ретінде. Жантану құралы. Оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметтерінің өзара байланысы. Жалпы оқу үдерісінде оқу білім алушылардың танымдық қызметі ретінде. Оқу үдерісінің психологиялық негіздері: білім алушлардың оқу ынтасы, оны қалыптастыру және дамыту. Оқыту мен оқудың бірлігі. Оқу оқытушы мен білім алушының өзара шығармашылығы ретінде.


Тақырып 3. Жоғары мектепте білім беру әдістемесінің әдістемелік негізері

Оқытушының әдістемелік мәдениеті. Білім беруді дамытудың заманауи тенденциялары. Кәсіби білім беруді гуманитарлау мен ізгілендіру. Экономикалық жүйе типін анықтауда меншік қатынастарының рөлі. Меншік және шаруашылық жүргізу.

Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемелік негіздері. Оқу үдерісінің қозғалтқыш күштері. Біртұтас жүйе ретінде оқу үдерісінің сипаттамасы. Мультимедиялық оқытудың әдістері.
Тақырып 4. Пәндерді оқытудың әдістері мен формалары

Оқу әдістері туралы түсінік. Оқыту әдістерінің жүйесі. Пәндерді оқытудың логикалық, ұйымдастырушылық, және техникалық әдістемелік тәсілдері. Оқыту әдістерінің негізгі қызметтері. Оқытудың сөздік әдістемесі. Пәндерді оқыту кезінде әдістерді таңдау. Оқытудың көрнекі әдістері: табиғи объектілерді, тәжірибелерді, бейнелеу құралдарын, кинофильмдерді көрсету, Көрсету ережелері. Пәндерді оқытудың тәжірибелік әдістері. Зертханалық жұмыстардың формалары, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды жүргізу нұсқалары. Фенологиялық бақылаулар. Оқытудың

мультимедиялық

әдістері.


Тақырып 5. Дайындық бағыты бойынша бейінді пәндерді оқытудың инновациялық әдістері

Интернет-технологиялар. Бейіндік деігейде интернет-оқытудың моделдері: классикалық, жобалық, дифференцирленген, «дәріс-семинар» тәртібіндегі, экстернат және аралас.

Стандартты емес сабақтар, көрсету мысалдары әдістері, дәріс- презентациялар құру, электрондық оқулықтар қолдану, іскерлік және рөлдік ойындар тәсілдері және т.б.
Тақырып 6. Пәндерді оқытудағы заманауи технологиялар

Педагогикалық технология түсінігі. «Технология» және «әдістеме» түсініктерінің арақатынасы. Педагогикалық технологияның сыныпталуы (әр түрлі бағыттар). Мәселелі оқыту. Бағдарламалық оқыту, модульдік, мәселелі-модульдік оқыту, деңгейлі дифференциациа технологиясы. Іс-әрекетке бағдарланған шетелдік технологиялармен танысу.


Тақырып 7. Пәндерді оқытудың құралдары

Оқу-тәрбие үдерісіндегі оқу құралдарының мәні. Оқу құралдарының жүйесі. Негізгі оқыту құралдары: нақты, белгілі, вербалды және олардың сипаттамасы. Оқытудың жанама құралдары: оқытудың техникалық құралдары, зертханалық құрал-жабдықтар және олардың сипаттамасы. Оқытудың ақпараттық құралдары. Көрнекі құралдар және олардың түрлері. Көрнекі құралдардың сыныпталуы мен сипаттамасы. Бейінді пәндерді оқытудың құралдарын таңдау.



Тақырып 8. Пәндерді оқытудағы техникалық құралдар

Аудиовизуалды және компьютер құралдарын қосқандағы оқытудың техникалық құралдары. Мультимедиялық құралдар арқылы оқытудың жекелендіру қағидасын жүзеге асыру; бейінді пәндер бойынша сабақтарда олардың қолданудың орындылығы мен оңтайлылығы.


Тақырып 9. Оқу-әдістемелік кешенді құруға әдістемелік бағыттар

Жалпы білім беру пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ОӘК) және оны құрастыру кезеңдері. ОӘК-нің құрылымдық құраушылары. Әдістемелік нұсқаулық бойынша пәндердің оқу бағдарламасын, силлабусын әзірлеу әдістемесі. Білім алушының өздік жұмысы (БӨЖ) - кәсіби құзырілеттілік қалыптасуының факторы ретінде. Аудиториялық өздік жұмысын ұйымдастыру. Оқу сабағындағы СӨЖ-дің құрылымы мен көлемі. СӨЖ-дің бағыты бойынша түрлері мен формалары: жаңа білімге ие болу, білімді бекіту мен жүйелендіру үшін, дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыру үшін. Білім алушының оқытушымен СӨЖ орындаудағы қызметі және оқытушының рөлі.


3. Туризм экономикасы
Тақырып 1. Туризм экономикасының құралы

Экономика қызмет саласы және ғылыми пән ретінде.

Макро и микроэкономика. Мезоэкономика. Халық шаруашылығы салаларының экономикасы.

Экономикалық қарым-қатынастар. Экономика дамуының заңдылықтары мен тенденденциялары.

Қоғамдық қажеттіліктер. Экономикалық игіліктер: түсінігі, сыныпталуы. Экономикалық игіліктердің өзаратолықтырылымдылығы және өзараауысытырылымдылығы. Өнім түсінігі.

Экономикалық тиімділік түсінігі. Экономикалық жүйелердің негізгі типтері. Экономикалық заңдылықтардың, заңдардың, тенденциялардың көрінісінің салалық ерекшелігі. Сала экономикасына өнімнің ерекшелігінің әсері.

Экономикалық ғылым әдісі - жүйе ретінде. Жалпы әдістемелік қағидалар, жеке тану әдістері. Салалық экономиканы зерттеудің ерекшеліктері.
Тақырып 2. Ұлттық экономика құрылымындағы саланың орны

Ұлттық экономиканың құрылымы. Экономика саласы және секторы түсінігі. Салалардың экономикалық жіктемесі.

Жалпы ұлттық өнім және жалпы ішкі өнім құрылымы. Салааралық баланс.

Экономика құрылымы қоғамдық еңбек бөлінісінің үдерістерінің көрінісі ретінде. Қоғамдық еңбек бөлінісінің формалары: мамандану, көшіру, құрамдастыру. Өндірістің құрылымы. Масштаб әсері. Қоғамдық еңбек бөлінісінің көрсеткіштері.

Халықаралық еңбек бөлінісі. Сыртқыэкономикалық байланыстар.

Сала арасындағы және сала ішіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің экономикалық тиімділігі.

Қызмет саласы және оның құрылымы. Қызмет саласының қызметі. Қызметтің тауар ретіндегі ерекшелігі. Қызметтің экономикалық категория ретінде мәні.

Қонақжайлылық индустриясының түсінігі. Қонақжайлылылық индустриясы өзара байланысқан салалардың жиынтығы ретінде.


Тақырып 3. Сала кәсіпорындарының сыныпталуы

Сала құрылымы. Саланың кәсіпорындарының сыныпталуы: түсінігі, қолданылуы. Сыныпталуы сипаттары.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының сыныпталуы: типі бойынша, мамандануы; қызмет көрсету формасы; мөлшеріне; тұтынушылардың контингентіне және т.б. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының типтері: мейрамхана, кафе, бар, дәмхана, асхана. Стационарлық және қозғалмалы кәсіпорындар, көліктегі қоғамдық тамақтану кәсіпорындары. Белгілі бір тұтынушылар контингентіне қызмет көрсететін кәсіпорындар мен жалпыға қолжетімді кәсіпорындар. Даяшылар арқылы, өзіне-өзі қызмет көрсету жүзеге асырылатын кәсіпорындар. Кейтеринг. Шетелдегі мейрамханалардың сыныпталуы.

Типі, көлемі, орналасқан орны, қызмет көрсету деңгейі, тұтынушылар контингенті және т.б. бойынша орналастыру орындарының сыныпталуы. Орналастырудың ұжымдық құралдарының негізгі типтері: отель, мотель, курорттық қонақ үй, пансионат, кемпинг, турбаза және т.б. Орналастыру құралардың нөмірлер категориясы. Тамақтану қызметін ұсыныу нұсқалары. ҚР-дағы конақ үйлер мен басқа да орналастыру құралдарының сыныпталуының мемлекеттік жүйесі. Шетелдегі қонақ үйлерді жіктемесы.

Туристік кәсіпорындардың сыныпталуы. Туроператорлар мен турагенттер.
Тақырып 4. Саланың қызметі мен мәні

Қоғамдық тамақтану (мейрамханалық бизнес) қонақжайлылық индустриясының саласы ретінде. Қоғамдық тамақтану өнімі. Қоғамдық тамақтанудың экономикалық және әлеуметтік мәні.

Орналастырудың ұжымдық құралдары (қонақ үй) қонақжайлылық индустриясының саласы ретінде. Қонақжайлылық өнімі. Орналастыру құралдарының қызметі. Қонақ үй бизнесінің экономикалық және әлеуметтік мәні.

Туризм қонақжайлылық индустриясының саласы ретінде. Туризм түрлері. Туристік өнім. Туризм қызметтері. Туризмнің экономикалық және әлеуметтік мәні. Туризм халықаралық сауданың формасы ретінде.

Мемлекет экономикасындағы саланың орны. Саланың құрылымы мен факторлары және оларды анықтаушылар. Саладағы қоғамдық еңбек бөлінісінің формалары.

Вертикалды интеграция және өнімдердің бөлінісі. Өнімдердің дифференциациасы. Өндірістің диверсификациясы.

Мейрамханалық және қонақ үй желілері.

Саланың экономикалық шекарасы. Кәсіпорындарды орналастыру экономикасы, орналастыру тәртіптері. Сала кәсіпорнының мөлшерін анықтайтын факторлар.

Экономиканың қызмет ету тиімділігіне саланың әсері. Сала қызметіндегі экономикадағы мультипликация әсері.
Тақырып 5. Саланың эволюциясы

Саланың пайда болу және даму тарихы. Саланың даму кезеңдері: қалыптасуы, өсуі, шырқау шегі, төмен құлауы.

Кеңестік жоспарлы экономика жағдайында саланың қызмет ету ерекшеліктері. Салалалық басқраудың мемлекеттік органдары. Саланың кәсіпорнының шаруашылық қызметін орталықтандырған жоспары мен материалдық-техникалық жабдықталуы. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі мәселелері. Саланы мемлекеттік және жеке меншікке өткізу.
Тақырып 6. Саланың қазіргі жағдайының көрсеткіштері

Сандық және сапалық көрсеткіштер. Саланың даму жағдайы мен қарқынын талдау үшін ақпарат көздері.

Қоғамдық тамақтану көрсеткіштері: типі бойынша кәсіпорындар саны; орын саны; тауарайналым; табыс; шығындар; табыс; жұмысшылар саны және т.б.

Қонақ үй көрсеткіштері және басқа да ұжымдық орналастыру құралдары: кәсіпорындар саны; нөмірлер саны; орындар саны; тіркелген түнеулер; қызмет көрсетуден түскен түсім; бар орындардың қолданылуы коэффициенті және т.б.

Туризм көрсеткіштері: туристер саны; шетелге барған туристер саны; тур күндерінің саны; шетелдік туристер бойынша тур күндердің саны; мемлекеттегі (аймақтағы) туристердің келуінің орташа ұзақтылығы; тәулік бойынша туристік шығындардың орташа шамасы; шетелдік саяхаттар уақытындағы туристердің жалпы ақшалай шығындары; туристік ағым көлемі; туристік ағымның тең болмау коэффициенті; қонақ үйлер мен басқа да орналастыру орындарының соңғы қорының қуаты, және т.б.

Меншік формасы бойынша саланың құрылымы.

Аймақтар бойынша сала кәсіпорындарын орналастыру статистикасы.

Саланың дамуына инвестиция көлемі.

Басқа мемлекеттердегі сала көрсеткіштерімен мемлекеттегі саланың даму деңгейін сипаттау.
Тақырып 7. Саланың даму перспективасы

Сала дамуының негізгі қарқындарын анықтау және талдау. Саланың дамуын болжау әдістері.

Саланың дамуын анықтайтын факторлар: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, халықаралық, ғылыми-техникалық және т.б.

Саладағы қоғамдық еңбек бөлінісі үдерістерінің дамуы.

Саладағы меншіктеудің жалғасу перспективалары. Басқарудың (менеджменттің) тиімділігін арттыру қажеттілігі. Сала нарығындағы шетелдік компаниялардың қызметі.

Саладағы ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бағыттары. Инновациялық қызмет сала дамуының факторы ретінде.

Саладағы шағын бизнестің орны мен рөлі.

Тақырып 8. Сала және салалық нарық

Экономиканың типтері. Нарықтық экономика, нарық түсінігі. Нарық пен сала арақатынасы. Нарықтық ортаның негізгі субъектілері. Нарық типтері.

Жеке меншік, жеке қызығушылық, экономикалық еркіндік. Таңдау еркіндігі мен кәсіпкерлік еркіндігі. Тұтынушылық таңдау еркіндігі мен тұтынушының зайырлығы.

Нарықтық механизм элементтері: тауар, сұраныс, ұсыныс, баға, бәсекелестік. Нарықтық тепе-теңдік және баға теңдігі. Өнімнің сандық тепе-теңдігі. Тепе-тең баға бекіту механизмі. Тепе-тең баға мен өнімнің тепе-теңдігіне сұраныс пен ұсыныс өзгерістерінің әсері. Сұраныс пен ұсыныс теориясының тәжірибелік бағытталуы.

Нарық функциялары: экономикалық ресурстарды бөлу, ғылыми-техникалық прогрестті ынталандыру, экономикалық агенттерді дифференциациасы және т.б.

Нарықтық жүйенің рөлі. Нарықтық экономиканың қарқындылығы мен тұрақсыздығы.

Салалалық нарықтың құрылымы, сыйымдылығы, жағдаяты. Нарықты зерттеу, Нарықтық конъюнктураны талдау.
Тақырып 9. Сала кәсіпорны қызметіне сұраныс

Қоғамдық қажеттіліктер. Сұраныс: түсінігі, түрлері. Сұраныстың көлемі мен құрылымына әсер ететін факторлар. Сұраныстың маусымдылығы.

Сұраныс заңы. Сұраныстың икемділігі: тауар бағасы бойынша, тұтынушылардың табысы бойынша. Қарама-қарсы икемділік. Икемді сұраныс коэффициенті.

Шекті пайдалылық теориясы. Кемуші шекті пайдалылық заңы. Бейтараптылық қисығы. Игіліктерді орын басудың шекті нормасы. Берілген баға мен табыс бойынша тұтынушылардың тепе-теңдігі. Табыс пен бағаның өзгеруіне тұтынушының жауабы. Табыс пен орын басу әсері.

Саланың кәсіпорын қызметіне сұранысты қалыптастыру ерекшелігі.

Клиенттердің типтері. Табысты топтер бойынша тұрғындарды бөлу. Әр түрлі категориядағы клиенттердің тұтынушылық қалаулары.

Сұранысты талдау әдістері: клиенттерге сауалнама жүргізу, мамандармен сұхбат жүргізу. Қызметтің өмірлік циклін зерттеу. Кәсіпорындағы сұранысты болжау.
Тақырып 10. Сала кәсіпорындарына қызметтерді ұсыну

Нарықтық ұсыныс. Ұсыныстың қалыптасуына әсер ететін факторлар. Ұсыныс заңы. Ұсыныстың икемділігі.

Негізгі нарық модельдері. Нарықтың билік.

Өндіруші қызметінің түрткілері. Өндірістік қызмет. Өндірістің тұрақты және ауыспалы факторлары. Шекті өнім. Кемімелі беру заңы. Өндірушінің тепе-теңдігі және оның табыс пен бағаның өзгеруіне жауабы. Фирманың даму траекториясы және масштаб әсері.

Экономикалық шығындар және олардың түрлері. Сыртқы және ішкі шығындар. Анық және анық емес шығындар. Ауыспалы және тұрақты шығындар. Өсуші шығындар заңы. Ұзақмерзімді және қысқамерзімді шығындар.

Жалпы, орташа және шекті табыс. Кемімелі табыс заңы. Ұзақмерзімді және қысқамерзімді кезеңдерде табысты максимизациялау. Ұзақмерзімді және қысқамерзімді ұсыныс қисықтары.

Бухгалтерлік және экономикалық табыс. Қалыпты табыс. Экономикалық табыс көздері.

Саланың кәсіпорын жұмысындағы тәуекелдер. Тәуекелдердің сыныпталуы: кәсіпкерлік, қаржылық және коммерциялық. Тәуекелдерді өлшеу. Тәуекелдерді болжау. Саладағы тәуекелді төмендету бойынша іс-шаралар.

Сала кәсіпорнының экономикалық мінез-құлқына салалық экономика ерекшеліктерінің әсері. Кәсіпорын қызметін жоспарлауға бағыттар.

Тақырып 11. Сала кәсіпорнындағы қызметтерге баға қалыптасу

Баға түсінігі. Баға түрлері.

Нарық типіне байланысты баға белгілеу тәуекелі. Монополистік бәсеке жағдайында баға белгілеу. Бағалық емес бәсекелестік. Бағаның диверсификациясы. Бағалық көшбасшылық. Бағалық дискриминизация.

Қоғамдық тамақтандырудағы баға белгілеу ерекшеліктері. Қоғамдық тамақтандырудың үстеме бағасы.

Қонақ үй бизнесіндегі баға белгілеу ерекшеліктері. Нөмірдің құны.

Туризмдегі баға белгілеу ерекшеліктері. Кәсіпорынның баға белгілеу саясаты мен стратегиясы. Қызметтерге баға белгілеу әдістері.


Тақырып 12. Саладағы бәсекелестік

Бәсекелестік нарықтық жүйенің маңызды элементі.

Бәсекелестіктің қозғаушы күштері: саладағы бәсекелес-кәсіпорындар; өзгеруші-қызметтер, әлеуетті бәсекелестер, қызметтерді тұтынушылар, ресурстарды жеткізушілер.

Бәсекелестіктің даму деңгейі бойынша нарық типтері. Монополистік бәсеке нарығының сипаттамасы.

Нарыққа кіру кедергілері: себептері, мәні, түрлері, салдары. Кіру және шығудың салалық кедергілері, кіру-шығу көрсеткіштері.

Адал және адал емес бәсекелестік түсінігі.

Бәсекегеқабілеттілік. Сала кәсіпорнының бәсекегеқабілеттілігін талдау. Бәсекелестік стратегия. Бәсекелестік нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлық қағидалары.

Сала кәсіпорындарын республикалық және аймақтық (жергілікті) деңгейдегі қызметін мемлекеттік реттеу мен ынталандыру.

Ұлттық экономиканың даму стратегиясын таңдауға жаһандану үдерістерінің әсері. Ұлттық экономиканың даму тұжырымдамасындағы саланың орны. Саланың даму болжамдары. Сала дамуының ұлттық және аймақтық бағдарламалары.

Сала кәсіпорындарының қызметін реттейтін негізгі нормативті актілер.

Кәсіпорын қызметін халықаралық деңгейде реттеу. Халықаралық келісімдер және халықаралық ұйымдар.

Ұсынылатын әдебиет көздерінің тізімі
1. 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389-1 с Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. № 207-II 11.06.2001 жылғы, № 597-II 09.07.2004 жылғы ; №125- III 31.01.2006 жылғы; N 319-III 27.07.2007 жылғы ҚР-ның заңы бойынша өзгерістерімен толықтыруларымен

2. ҚР МЖМБС 5.04.033 – 2011 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура»

3. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 9 желтоқсанындағы №638 бұйрығымен бекітілген бастапқы кәсіби, орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беретін білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережелері

4. 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 Білім берудің кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі.

5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №168 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарындағы үлгерімнің ағымдық бақылауын, аралық және қорытында аттестацяисын жүргізу ережесі.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурызында № 195 қаулысымен бекітілген жоғары кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың типтік ережелері

7. МЖМБС 5.03.008-2006 «Қазақстанның білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарындағы білім беруді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер». Енгізген мерзімі 2007.09.01

8. Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Под общей редакцией Ж.А.Кулекеева, Г.Н. Гамарника, Б.С. Абдрасилова.- Алматы, 2004.

9. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 508 қаулысы.


10. Александрова А.Ю. Международный туризм: Учебник / А.Ю. Александрова. – М.: Аспект Пресс, 2002.

11. Волков Ю.Ф. Экономика гостиничного бизнеса. - Ростов н/Д.: Феникс, 2003.

12. Менеджмент туризма: Экономика туризма: Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2002.

13. Темный Ю.В. Темная Л.Р. Экономика туризма: Учебник. – М.: Советский спорт, 2003.

14. Дуйсен Г.М. Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. – Алматы, 2002.

15. Здоров А.Б. Теоретические и методологические проблемы индустрии туризма. Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2004.



16. Чудновский А.Д. Информационные технологии управления в туризме. - М.: Академия, 2009.

17. Ефимова О.П., Ефимова Н.А. Экономика гостиниц и ресторанов. - М.: Финансы и статистика, 2004.
Каталог: downloads -> magistratura
magistratura -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
magistratura -> 6M011000 «Физика» мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан сұрақтары
magistratura -> БАҒдарламасы астана, 2015 Бағдарлама 6М010300 «Педагогика және психология»
magistratura -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы «17» маусымдағы №261 бұйрығымен бекітілген
magistratura -> Білім беру бағдарламасы Негізгі тақырыптардың қысқаша мазмұны Ботаника
magistratura -> Сәулет құрылыс факультеті 6М042000-«Сәулет»
magistratura -> Сәулет құрылыс факультеті 6М042100-«Дизайн»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет