Бағдарламасы: "Ата мұрасын сақтаймыз және көркейтеміз" Аудандық ғылыми жоба байқауы Секциясы: "



Дата27.12.2016
өлшемі110,94 Kb.
#6030
түріБағдарламасы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

№256 орта мектебі


Зерттеу бағдарламасы: “Ата мұрасын сақтаймыз және көркейтеміз”

Аудандық ғылыми жоба байқауы

Секциясы: “Физика - техника”

Тақырыбы: “Байқоңырдан –ғарышқа,

Қанат қағып шарықта ”

Орындағандар: Ахмед Шахризада Алиддинқызы 3-сынып

оқушысы Мақсұт Көркем 3-сынып оқушысы
Жетекшілері: Зәрнәбиева Күлзайнат Алайдарқызы

Қасқабаева Айнагүл Құрманбаевна



Зарнабиева Күлзайнат Алайдарқызы

1977жылы туылған

Пед стажы 13жыл

Факультеті:ПМНО

№256 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Бітірген оқу орны: Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ.2005ж

Білім көтеру санатынан: 19.Х.2008ж
Мазмұны
Жоспары-------------------------- 1-5

Кіріспе бөлім----------------------6

Негізгі бөлім----------------------7-17

Қорытынды бөлім----------------18

Ұсыныстары------------------ ----19

Жетекшінің аннотациясы-------20

Пайдаланған әдебиеттер тізімі-21
Зерттеу бағдарламасы:

“Ата мұрасын сақтаймыз және көркейтеміз” аудандық ғылыми жоба байқауы.

Секция: “Физика- техника”.

Зерттеу тақырыбы: “Байқоңырдан- ғарышқа,

Қанат қағып шарықта”.

Зерттеу өзектілігі: Байқоңырдың кешегі мен бүгінін бағдарлау.

Зерттеу болжамы: Байқоңырдың өсіп -өркендеуін зерделеу.

Зерттеу мақсаты: Байқоңыр тарихын өскелең ұрпаққа таныту.

Зерттеу міндеттері:

а) Байқоңыр тарихымен танысу

ә) Ғарыш кемесінің пайдасы мен зиянын анықтап білу.

Зерттеу кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Қажетті материалдарды жинақтау

ә) Жиналған материалдар арқылы тұжырымдамалар жасау.

2. Практикалық кезең.

а) Байқоңыр тарихы жайлы материалдар жинақтау.

ә) Физика -техника пән мұғалімдерімен кездесу

3. Жалпылау кезеңі.

Зерттелген тақырып бойынша көрнекілік слайдттар жасау

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Байқоңырдан- ғарышқа

Қанат қағып шарықта
Кіріспе бөлім: Ұшырған көкке кемені, Киелі Сырдың мекені.
Негізгі бөлім : а)Көк қаймағын бұзған тұңғыш ғарышкер.

ә)Жолын қуды Юрийдің, Қазақтан шыққан батырлар.


Қорытынды бөлім: Жұмбаққа толы әлемді,

Шарлады талай зымырандар.

Көгінде шарлап әлемнің,

Қағады қанат қырандар.


Ұшырған көкке кемені

Киелі Сырдың мекені

Менің аспан әлемінің жұмбақ сырлары мен ғажайыптары туралы зерттеу мақсатым: Бірде әкем екеуміз егіс даласымен келе жатып , аспан көгінде бір сызық болып жарқырап бара жатқан ғажайып мені еріксіз елең еткізіп, соны білуге деген құштарлығым артып, әкемнен сұрадым. Әкемнен оның зымыран екендігін , оны сынақ үшін ұшыратынын естіп, аспан әлемінің құпия ғажайыптары бар екендігін білдім. Осылайша менің балаң да, балапан қиялым соның қалай ұшырылатынын , оның аспан әлемінде қанша уақыт болатыны және қалай қайта оралатынын білгім келіп қиялдайтынмын. Мен 1-сыныпқа келгелі бері де көктем мезгілінде мектепте жиын өткізілетін. Мұғалімдер , оқушылар ғарышкерлер жайлы өлеңдер, шығармалар оқып , ғарыш кемесінің макетін жасап, көрме жасайтын. Мен қатты қызығушы едім. Бірақ , ол жайында терең білмейтін едім.12-сәуір күні апайым ауданнан келген ғылыми зерттеу – жобасын түсіндіріп өткен соң , менің аспан әлемі, оның ғажайыптары жайлы қызығушылығым басым болып, 6,7 жасар кезімдегі әкеммен әңгіме еріксіз ойыма оралды.

Мен апайымның көмегімен зерттеу жүргізу арқылы аспан әлемінің жұмбақ сырлары мен ғажайыптары туралы көптеген деректер жинастырдым.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы өз облысымызда орналасқанын, жалпы көлемі 6,7 мың км жерді алып жатқандығын білдім. Іргесі 1955 жылы қаланыпты. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр екен. (5)


Байқоңыр” ғарыш айлағы

Ұшу трассасы Аралдан Камчаткаға дейін.

Жалпы көлемі- 6,7 мың шаршы км

Құрамында 52 ұшыру қондырғысы бар кешен (85 х 125 км);

көмекші объектілер (завод, аэродром, ЖЭ орт.).

Зымыран тасығышының бөлініп қалатын бөлшектері құлайтын аудандар (жалпы көлемі 4,8 млн га болатын 22 алаң).

Байқоңыр алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы , экватор жазықтығына жақындығы, зымыран ұшырудың қауіпсіздігі , қайтып оралатын ғарыштың обьектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы ескеріліпті.

Қазір онда 15 ұшыру қондырғысы, 9 ғарыштық кешен, 11монтаждау-сынақ орны бар екен. Зерттеу барысында аймақтың жер бедері- тұзды топырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұратынын білдім. 1994 жылдың 28- наурызында Қазақстан мен Ресей арасында қол қойылған. «Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың басты принциптері мен шарттары туралы» келісімге сәйкес ғарыш айлағы 50жылға Ресейге жалға беріліпті. Ресей жыл сайын жалға алған бағасы деп 115 миллион доллар төлеуі тиісті.

Юрий Гагариннің ғарышқа көтерілгеніне 50 жыл толуына орай , Байқоңыр ғарыш айлағының ардагерлері оған Д.А.Қонаевтың есімін беруді ұсынды. Байқоңырдан ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары, 1200-ден астам ғарыш кемелері ұшырылып, соның нәтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың тылсым құпиялары ашылыпты. «Байқоңыр» қызмет еткен 50 жылдың ішінде Қазақстанды әлемге танытты. .«Байқоңыр» ғарыш айлағының адамзат баласы үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше. Халық шаруашылығы мен ғылымға зор пайдасын

Байқоңыр ғарыш айлағы- бүгінгі күні біздің әлемдік экономикалық сайыстағы жалғыз басымдығымыз”

Н.Ә.Назарбаев

Ғарыштан түсірілген фототүсірілімдерді, түрлі сигналдық , өзге мағлұматтарды , арнайы зерттеулердің нәтижелерін саралай отырып, жер қойнауының қазба байлықтарын және оның мөлшерін , планетаның ауа райын, ауа құрамындағы болып тұратын өзгерістерді бақылап, ғылыми дәл тұжырымдар айтуға болады екен. Ғарышта биологиялық зерттеулер де жүргізіледі. Серіктік байланысты жүзеге асырып, теле-радио хабарлар , ұялы - телефондар ғарыш арқылы байланысады.

Саналы адам баласы аспанда қалықтап ұшуды ерте заманнан арман етіпті. Әуелде екі қолына жасанды қанат байлап алып, үй төбесінен төмен қарай секіре қалықтауға талпыныпты. Бірақ одан ешқандай нәтиже шықпай, адам әуе шарын ойлап тауыпты. Одан кейін адамды шынымен-ақ аспанға ұшыра алатын әуе кемесін ойлап тапқан екен. Сонан кейін 1957 жылы ғарышқа жол ашылды . Сол жылы

Лайка деген ит отырған зымыран, 1960 жылы Стрелка мен Белка деген иттер , тышқан, жәндіктер салынған екінші кеме серігі , 1960 жылы Пчелка мен Мушка деген иттер салынған үшінші кеме серігі , 1961 жылы Чернушка деген ит , 1961 жылы 25-наурызда Звездочка деген ит пен адам қимылын келтіретін манекен бар бесінші кеме -серік ұшырылыпты . Осындай сәтті дәрігерлік сараптамадан кейін ғалымдар мен кеме құрастырушылар адам баласының ғарыш кемесімен кеңістікке ұшып шығуына болады деген қорытынды жасапты. (4)


Сонан кейін 1961 жылы 12-сәуір күні тарихта тұңғыш рет ғарышқа адам баласы ұшты.

Бұл күні өркениетті әлемді дүр сілкіндірген ұлы оқиға болған екен. Қазақстан жерінде орналасқан Байқоңыр ғарышжайынан сол кездегі Кеңес Одағының азаматы Юрий Гагарин «Восток» кемесімен ұшып жер айналасындағы орбитаға шығыпты. Жердің өзіне тарту күшін жеңіп, алғаш рет адам баласы ғарышқа қадам басқан екен. Ғарышқа ұшу үшін дәрігерлік тексерулерден және дене жаттығуларының толық курсынан өтіп, аспан механикасының, физика мен математика пәндерін меңгеру керек екендігін білдім. Ғарыш кемесінің ішінде адам өміріне қажетті дегендердің бәрі белгілі уақытқа жететіндей етіп салынады екен.

Юрий Гагарин жер төңірегіндегі кеңістікте 108 минут ішінде бір айналым жасап, жер бетіндегі мұхиттар мен теңіздерді, таулар мен жазықтарды, өзен мен көлдерді Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан қазақтың дархан жерін және ондағы ірі қалаларды көріпті. Сөйтіп, «Байқоңыр» уақытымен сағат он екі ден елу алты минут өткенде қазақ жерінің даңқын аспандатқан Юрий Алексеевич Гагарин қонуға арналған аппаратпен аман-есен жерге қонған екен. (3)

Жыл өткен сайын ғарыш кемелері дамып, жетілдірілді. 1991 жылы 2қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қазақстандық бағдарлама бойынша «Союз ТМ-13» кемесімен 8 тәулікке ғарышқа ұшып, 1991жылдың 10 қазанында жерге оралыпты. Ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Тоқтардың бұл ерлігі Гиннестің рекордтар кітабына енгізіліпті. Т.Әубәкіров-техника ғылымдарының докторы, профессор Қазақтан шыққан тұңғыш сынақшы-ұшқыш Кеңес Одағының батыры , Қазақстан Республикасының халық қаһарманы .

1992-93 жылдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министерінің бірінші орынбасары , 1993-94 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры , Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары қызметтерінде болып, 1994-95 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты -Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болыпты. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болған. 2004 жылдан Парламент депутаты.

1994 жылы 1шілдеде қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев бортинженері ретінде «Союз ТМ 19» ғарыш кемесімен ғарышқа сапар шегіпті. Ол ғарыштағы 125 тәулік ішінде екі рет кемеден шығып, кеңістіктегі күрделі тапсырмаларды орындаған екен.

1996 жылдың 29 қаңтарында екінші рет ғарышқа аттанады. Ол «Союз ТМ-27» деп аталатын ғарыш кемесін өзі басқарып , 207 тәулік бойы ғарыш кеңістігінде қалықтапты.

Талғат Мұсабаев Қазақстанға қатысты ғарыштық ғылыми-зерттеу бағдарламасын толық орындаған . Оның кеудесінде «Ресей Федерациясының Батыры», «Халық қаһарманы» алтын жұлдыздарымен қоса бірнеше орден, медальдар жарқырайды. (2)


Күнгей беттің көлеңкелі тұстары

«Байқоңыр» ғарыш айлағының пайдасымен қатар , кері әсері де бар екен. Байқоңырда бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады екен. Неге біздің ауылымызда жиі жел соғып, ауа райы күрт өзгеріп кетеді деп ойлайтынмын. Зерттеу арқылы оның себебі ғарыш кемесінің ұшырылуынан екендігін білдім.

Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді екен:

- ұшу процесінен кейін , атмосфераның табиғи режимі бұзылады;

- атмосфераны және жер беті қабаттарын зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;

- атмосфераның азон қабатын бұзады;

-территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен , сынықтарымен зақымдайды;

-қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады ;

« Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі- Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі (1) .
Байқоңыр ғарыш аймағында ұшырылған зымырандар ауадағы азон қабатын жұқартуда.

Сіздер білесіздер ме? Ақтоғай ауданы жерінің 37 пайызы , Шет ауданы жерінің 93 пайызы Жаңаарқа ауданы жерінің 37 пайызы , Ұлытау ауданы жерінің 74 пайызы «Протон» зымыран тасығышының отыны гептилмен ластанған екен. Гептил адам мен жануарларға кері әсері бар улы зат екен.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын «Протон» зымыран жеткізгішінің бір рет ұшырылуына 180 тонна гептил құйылады екен. Көп сатылы «Протон» зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1,5тоннадан - 3,5 тоннаға дейін гептил қалдығы жерге төгіледі екен. (5)

Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шараларды орындау қажет екен;

-қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;

-егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;

- токсинді зымыран жанар майларды сақтауда, оларды тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;

-аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;

-зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу ;

-елді-мекендерде көгалдандыру , көркейту жұмыстары атқарылуы қажет .

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуын мерекелеуге орай ұйымдастырылған іс-шарада “Әр ауылға 20мың түп тал” деген бағдарлама бар. Осы мақсатта мен де өз үлесімді қосып, мектеп ауласына 20 түп тал ектім. (6)

Қорытынды бөлім

Мен аумағында ғарышжайы бар , арнайы бағдарламалармен ғарышта зерттеулер жүргізілетін әлемдегі санаулы елдердің бірінде тұрамын. Менің Отаным Қазақстан-ғарыштық мемлекет. Мен оны қуанышпен , шын мәнінде мақтан ете аламын . Сонымен бірге, болашақ ғарышкерлердің де өз арамызда жүргенін ұмытпауымыз керек.


Менің ұсыныстарым:

1. Біздің зерттеген еңбектеріміз ғарыш айлағында сақталып, кейінгі ұрпақтарға мұра болып қалдырылса;

2. Сынақ зымырандары адамға еш зиянсыз болып жасалса;

3. “Байқоңыр” айлағын біздің оқушылар өз көзімен көріп, ой түйінін жасау үшін балалар саяхатына бір күн арналса;
Жетекшінің аннотациясы

“Тарихсыз ел болмайды”, демекші, тарихтан сыр шертіп, кейінгі ұрпаққа мирас ету бүгінгінің міндеті. Бүкіл шежірелі Сыр бойы сияқты Аққорған жерінің де тарихы, тамыры тереңде жатқанын жақсы білеміз.

Халықтың тарихы, мәдениеті, дүние танымы, тіршілік ағымы біртұтас дүние.

Сондықтан барлық деректерді зерттеп, құпия сырларын ашып өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында біршама жұмыстар жасалды.


Из аннотации руководителя.

“Без прошлого нет будущего” говорится в народе, все культурные наследия прошлого должны передаваться

будущему поколению, потонкам. Летопись земли Аккорган, Сыр бойы корнями уходит в глубокое прошлое.

История народа, культура, традиции, обычаи, мировоззрения, течения жизни-это отдельное явление.

Поэтаму для исследования и изучения этих сторон жизни, для передачи их потонкам, были проведены,

выполнены разные работы.


From leader abstract

People say that “it isn’t future without past” ALL cultural heritage of the past must be given to the next generation, descendant. The chronicle writings of Akkorgan land Syr – boyi from the beginning went to the deep of the past. The history of people, culture6 tradition, custom, world outlook in the course of life it is separately appearance.



That is why for investigation and study this side of life for transference then descendant was carried out different works.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Айқын газеті 2011ж 13 сәуір.№64

2. Айгөлек журналы 2011ж №4

3. Егемен Қазақстан 2011ж 12сәуір №141

4. Ел тілегі газеті 2011ж 12 сәуір №141

5. Жұлдыздарға саяхат №14

6. Физика оқулығы 9-сынып
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет