Бағдарламасы аясында іске асырылды derek johnston a brief history of philosophy from socrates to derrida


Жак Деррида: нақты дүниені деконструкциялау



Pdf көрінісі
бет19/19
Дата08.11.2019
өлшемі6,72 Mb.
#51421
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Жак Деррида: нақты дүниені деконструкциялау
201
Апофатикалың (via negativa) теология 
-  түсіну мүмкін емес Құдайды сипат- 
тайтын  бұ  дүние  категорияларының  шеңберінің  сыртына  назар  салу  тәсілі.  Тек 
сенім түнегінде, интеллектуалдық және сезімдік түйсіктер жалаңаштанғанда ғана 
адамның  жаны  Құдайға  жақындауға  қабілетті.  Via  negativa  («терістеу  арқылы») 
құдіретті  мән,  шындығында,  адамдар  оған  таңып  жүрген  қасиеттерге  ие  емес 
екені  туралы  мәлімдеменің  арқасында  адамды  Құдайды  ақиқат түсінуге  жақын- 
датады.  Бұл -  мистицизмнің бір түрі.
Екінші  жағынан,  Деррида  негативті  теология  өзінің  аксиомаларына  де­
конструкция  қарсылық  білдіруі  тиіс  көзқараспен  байланысты  деген  пікірді  ұс- 
танды. Деррида -  дүниеде құдіреттің бар екенін танып-білген  адам емес,  яғни 
мистик емес.  Бірақ  мистицизм тастап  кетуді,  жатсынуды  және қараусыздықты 
үғыну туралы да көрсетеді. Деррида өзі атеист бола отырып, еврейлердің мұра- 
сынан  Құдайдан  «қабылданған»  білімді  адамның ұғынуының жарқын  көрінісін 
байқады.  Оның  пікірінше,  Құдайдан  берілген  білімдерді  тану  үрдісі,  бейнелеп 
айтқанда, іріктеу, артықты алып тастау, түсіндіру, қайта өңдеу, бұрмалау деген 
рәсімдерді  мақұлдады.  Осы  іс-әрекеттер дұрыс,  сонымен  қатар трансгрессивті 
(адамның белгілі, рұқсат етілген шектен асуы -  аудармашылар).
Деконструкция
Деконструкцияның  не екенін айтуға талпына  алатын  белгілі бір деңгейге біз 
енді  көтерілген  шығармыз.  Деррида  өзі  дұрыс  емес  деп  түсінген,  ақыл-ой 
патшалығына  негізделген бүкіл  Батыстық философиялық дәстүрге соғыс жа- 
риялаған  сияқты.  Деррида  мұны  «логоцентрлік  ізденіс»  деп  атады:  ойдың 
ішкі  мәнін білдіру үшін  ең  қажетті,  мейлінше сәйкес сөзді -  ақыл-ойды  көзге 
көрінетіндей деңгейге  көтеретін сөзді табу жолындағы  ізденіс.
Логоцентризм  нақты дүниені  мүмкіндігінше жетілген түрде:  дүниенің бо- 
луын,  сөздегі  мағынаны  бейнелейтін  нағыз рационалды тілге ұмтылды. Дер­
рида  мұндай түсініктің  шын  мәнінде тирандық сипатта  болатынын  атап  өтті. 
Ол белгісіз нәрсенің бәрін басып-жаншу арқылы ғана жүзеге асырыла алады.
Шынында  да,  кейбір ойшылдар  осы  себепке  сүйене отырып,  адам  таны- 
мы,  әртүрлі  ойлау  формалары  саласынан  поэзияны  (Платон),  теология  мен 
этиканы  (Юм),  өнер,  дін,  метафизиканы және этиканы  (Витгенштейн)  шыға- 
рып тастады.
Мағына -  белгілерге тән  емес;  ол  белгілердің  сыртқы  келбетінде тұрған 
жоқ. Құрылымдық лингвистика қатты эсер еткен ойшылдар мағына -  символ-

202
дар арасындағы өзара қатынастардың нәтижесі деп үнемі атап көрсетіп оты- 
рады.  Бірақ  Деррида  одан  әрі  тереңдей  түсті:  кез  келген  мағынаның  құры- 
лымы осы  мағынаны  іздейтін  және оны  өздері жасайтын  адамдарды  қамтуы 
тиіс.  Мағынаға  сырттан  қарау арқылы  ғылыми тұрғыдан  бағалайтын  ешқан- 
дай рационалды ұстаным жоқ.  Мағынаны іздеуші біз өзіміз жасайтын мағына- 
ларға  ғана  қатысамыз.  Деррида:  «Мәтіннен  тысқары  ештеңе  жоқ»  дегенде, 
ол түсіндірудің біз қолданатын барлық тәсілдері мен ережелері туралы айтып 
тұр.  Егер мен «Қызыл телпек» ертегісін оқып, «бұл -  ересектердің балаларға 
қауіпті  жерлерге  (орманға)  барудың  қажетсіздігін  ескертетін  сақтандырушы 
ертегі»  десем,  менің  түсіндірмем  мәтін  шегінен  аспайды;  мәтінді  алғашқы 
баяндаушылардың  қалауына  қарамастан,  ол  мәтін  мағынасының  бөлшегіне 
айналады.
Түйін
Деконструкция -  Дерриданың  мәтіннің жасырын  мағынасын ашу үшін  мәтін- 
нің құрылымын анықтаған тәсілі. Деррида атап  көрсеткендей, әр мәтін мағы- 
на  қабаттарынан турады,  ал  олар  мәтінді  кейінгі тарихи  кезеңдердің  немесе 
мәдени  жағдайлардың  аясында  оқығанда  және  қайта  оқығанда  айқындала- 
ды.
Тіл жүйесі -  табиғи жүйе. Алайда олар -  іс жүзінде, қатаң, тіпті деспоттық 
жүйелер  ретінде жұмыс істей  алатын  конструкциялар.  Осылайша  біз мәтінді 
әртүрлі түсініктерді ашып  көрсететін әдістер ретінде жасауымыз керек.
Мәтін -  парақтағы жазудың бір бөлігі ғана емес; ол белгілі мағынасы бар 
әлдебір  құрылым.  Сондықтан  ол  сұхбаттарды,  әңгімелерді,  суреттерді,  му- 
зыкалық  шығармаларды  қамтуы  мүмкін  және  осының  бәрін  мәтінде тікелей 
көрсету міндетті емес.  Соңында олар өздеріне-өздері  қайшы  келеді.
Егер  біз  осы  қайшылықтарды  егжей-тегжейлі  қарастыратын  болсақ,  ав- 
тордың  немесе  мәтіннің  оқырманға  эсер  етуіне  көмектескен  тәсілдерді  бай- 
қай  бастаймыз.  Әр  оқырман  мәтінді  белгілі  бір  жорамалдар  тұрғысынан  қа- 
растырады, олар,  «автордың» мәтінде айтқаны қаншалықты маңызды болса, 
соншалықты  маңызды.  Олар мағынаға  ие.  Сондықтан  мәтінде тұрақты  мағы- 
на  жоқ.  Мен  белгілі  бір  мәтінге  беретін  болжамдар  мен  мағыналар  дәл  сол 
мәтінге  сіз  берген  мағыналардан  өзгеше  және  оқырманның  мәтінді  түсінуі 
көптеген жағдайларға байланысты.
Дерриданың  еңбектерінің  маңызды  қыры  -   ақиқаттың  немесе  абсолютті 
құндылықтың болуын терістеуінде сияқты;  сөзсіз  белгілі  ештеңе жоқ,  сондық- 
тан моральдық түжырымдар мүмкін емес болып шығады.

Жак Деррида:  нақты дүниені деконструкциялау
203
Бірде Деррида деконструкцияны «мүмкін еместің даусыз дәлелі» деп ата- 
ды.  Ол  батыстық  философиялық дәстүрдің  іргелі  құрылымын  жоққа  шығар- 
ды. Бірақ мұның мәні бар ма? Біз мәдени немесе интеллектуалдық контекстен 
тыс ойлаймыз  ба?  Бұл  контекстер жоғалар  болса,  біз  пайымдай  аламыз  ба? 
Егер олар анық емес болса -  оны түзету қажет пе? Кім және қандай көзқарас 
тұрғысынан түзетеді?
Кейбіреулер Дерриданың еңбектері зор маңызға  ие екенін және филосо- 
фиялық  жұмыстардың  қатарына  жататынын  жоққа  шығарады.  Олар Дерри­
да  маңызды  философиялық  талпыныстарды,  перспективаларды  бұрмалап, 
философияның  қауіпті  идеологиялардан  сақтанатын  ішкі  қорғанышын  тар- 
тып алды деп тұжырымдайды.  Бірақ осы  қорғаныс  құралдарының көзі  неде? 
Олардың негізділігі  қайда?

Қорытынды
Философияның осы  қысқаша тарихын оқу барысында сіз ұлы философтарды 
толғандырған  идеяларды  түсініп,  бағаларсыз  деп  үміттенемін.  Сонымен  ка­
тар сіз енді философия дегеннің не екенін  айтуға дайын  шығарсыз.
Сократ  үшін  философия  көбіне  этикалық  мәселелерге  байланысты  еді. 
Ол адамдарға ақиқатқа жетудің дұрыс жолын нұсқағаны үшін айыпты болды. 
Оның  пікірінше,  этика  -   білімнің  мәселесі,  сондай-ақ  ол  «Мен  қайдан  біле- 
мін?»  және  «Мен  не  білемін?»  сияқты  сауалдардың  жауабын  іздейді.  Сок­
рат философиялық идеяларын, басқа да философтар сияқты, өзі өмір сүрген 
әлеуметтік ортада сарапқа  салды.  Өйткені  олар өздерін  айналасында  болып 
жатқан әлеуметтік мәселелерден  оқшаулайтын және қорғайтын  қабыршақта 
тірлік  кешкен  жоқ.  Сондықтан  олар  осы  мәселелерді  бірінші  кезекте  қойып 
отыруға  мәжбүр болды.  Пікірталас жүргізе білу өнерін бір ұстанымды  қолдау 
үшін  де,  оған  қарсы  шығу үшін  де  қолдануды  үйреткен  адамдардың  арсыз- 
дығы  мен  әділетсіздігі  Сократты  қатты  ойландырды.  Ол  ақиқатқа  осындай 
тәсілдермен жетуге болатынына  күмәнданды.  Оның әдісі -  сұрақ қою,  күмән 
келтіру.
Платон  таным  теориясының  аясынан  асып,  өзінің  идеялар  теориясын 
дамытты.  Бұл теория заттардың ішкі өзгермейтін формаларын -  оларды  нақ- 
ты дүниеде қандай болса,  сондай етіп,  осы түрде ұстап тұрған  нәрсені,  олар 
туралы  білімімізді  тереңдететін  форманы  -   «көруге»  негізделген.  Платон 
бәріне  мистикалық  түсініктеме  берді.  Бірақ  оның  ойлары  танымның  құрғақ 
теориясының  шегінен  шығып  кеткен еді.  Ол  мінсіз  қоғам  және әсіресе  мінсіз 
мемлекет туралы ойланды. Осының негізінде Платон адам табиғаты  мен ада- 
ми қасиеттер туралы және осы қасиеттер мен таланттарды ең жақсы жолмен 
қалай  қолдану  керегіне  жиі  ой  жүгіртті.  Оны  «Әділеттік  деген  не?»,  «Мем- 
лекетті  кім  басқаруы  тиіс?»,  «Мемлекетті  қалай  басқару  қажет?»,  «Өзін-өзі 
дұрыс басқару дегеніміз не?» сынды сауалдар толғандырды.
Аристотельдің ұстанымында ұстазының  пайымдауларына тән  мистика- 
дан гөрі практикалық сипат басым болды. Оның философиясында аналитика- 
лык белгілер де айқынырақ.  Аристотель көптеген ақпараттық мәліметтердің

Қорытынды
205
зор  тізбегін  құрастырып,  одан  әмбебап  ережелер  шығаруды  жақсы  көретін. 
Аристотель  құдды:  «Білім  тек  әмбебап  ақиқатқа,  яғни  кез  келген  жағдайда 
ақиқат болатын дүниеге қатысты.  Бірақ біз осы ақиқатқа жол іздегенде оның 
жеке  сәттеріне,  халдеріне,  шарттарына  және  объектілеріне  тап  боламыз. 
Жеке  құбылыстар  мен  заттар  туралы  ойларға  тереңдемей,  әмбебап  білімге 
қалай  қол  жеткіземін?»  -  деп  тұрғандай.  Аристотель  «жүйелі»  адам  болды. 
Ол ақиқатты танып-біліп  қана  қоймай, өзінің танып-білгені  не себепті ақиқат 
екенін  білгісі  келді.  Ол  мәселені  анық  баяндауға,  оған  сай  келетін  термино- 
логияны анықтауға ұмтылды;  бәрін  қозғалысқа келтіріп тұрған  принциптерді 
ашуға және оларды ретімен,  кезеңдеп зерттеп, сипаттауға талпынды.
Аристотельден  кейін ойлау сипаты өзгеше екі ойшыл -  Эпикур мен Зе­
нон  келді.  Олар өз назарларын  қоғамға емес,  адамға, тұлғаға аударды. Эпи- 
курдың  ойынша,  ләззат -   бірден-бір  игілік.  Ол  адамдарға  қарапайым  және 
бірқалыпты,  сонымен  қатар  рақатқа  сай  өмір  сүруге  кеңес  берді.  Оның  на- 
сихаты  жеке  тұлғаға  бағытталды:  қоғамды  ұйымдастыру  мен  басқарудың 
көлемді  жүйелерін  Эпикур  екінші  орынға  ығыстырды.  Бұл  мәселе  құрдымға 
кетіп  бара  жатқан  дүниеде  аман  қалудың  жолдарын  ұсынған  Зенонның  да 
басты  назарында болды.  Бұл -  жұбану,  азапқа толы өмірден  оқшаулану фи- 
лософиясы.
Акуинолық  Томас  өмір  сүрген  кезеңде  әлем  едәуір  өзгерген  еді:  ұлы 
Рим империясы келмеске кетті, ал жаңа христиан өркениеті жүздеген жылдық 
бейберекеттік ұмыт болған  кезеңге ауысты.  Енді  шіркеу биліктің басты  ұйы- 
мына  айналды.  Акуинолық Томас  қалыптасқан  осы  жағдайды  Аристотельдің 
Еуропада  жақында  ашылған  еңбектері  мен  кең тарай  бастаған  христиандық 
сенімнің синтезінің көмегімен түзетуге талпынды.  Жүйелілік қайтадан салта- 
нат құрды. Томасты  көптеген зерттеушілер жаңалық ашушы деп  қарастыра- 
ды;  ол  христиандық  ілімді  философиялық  ақыл-оймен  негіздей  алды.  Тео­
логия  аясында тек сенімнің  негізінде түсініліп,  қабылданатын  нәрселер бар: 
оған Үштік,  күнәнің өтелуі  және  құтқарылу сияқты  ұғымдар жатады.  Алайда 
оның  бәрі  Аристотельдің  рационалды  және  сыни  философиялық  жүйесіне 
сүйенген  Акуинолық Томастың  арқасында  енгізілді.  Томастан  кейін  филосо- 
фиялық жүйе  (дүниенің бейнесі)  аянға  негізделген  христиандық  ілім туралы 
пайымдауларларға  негіз  бола  алатыны  мойындалды.  Бұл  дүниетаным  қазір 
де  бұрынғыша  өзекті:  Хайдеггердің  философиясы  жиырмасыншы  ғасырдың 
көптеген теологтері үшін осындай  негізге айналды.
Декарт  өз  пікірінің  дұрыстығын  философиялық  ойларының  өзегі  етіп 
алды.  Бұл  өзек  ол  үшін  этика  емес-ті.  Ол  күмәндану  арқылы  жасалатын  қо- 
рытындылар күмән тудырмайтынына сенімді болды. Декарт абсолютті дұрыс-

206
тыққа,  ақиқаттыққа  және анықтыққа  көз жеткізу үшін  адам  барлық  нәрсеге 
күмәнмен  қарауы  керек  деп  есептеді.  Осылайша  ол  барлық  нәрсеге  күмән- 
мен  қарайтын  адам  -   бірден-бір  күмәнсіз  объект деген  шешімге  келді.  Осы 
бұлтартпас дәлелін негіз ете отырып, ол бірте-бірте дүниенің өзіндік филосо- 
фиялық бейнесін  жасады.  Өз толғаныстарында  Декарт әр тұжырымды  ерек- 
ше тәжірибелік тәсілмен дәлелдеп отырды.  Бірақ оның философиялық жүйе- 
сінің  әр  элементі  белгілі  бір  уақыт  аралығында  дұрыс  әрі  өзгеріссіз  қалуы 
тиіс  еді.  Осыған  байланысты  философ  дүниенің  өзіндік  бейнесінің  барлық 
құрамдас бөліктерінің болуына  кепілдік беретін сыртқы, түрақты және өзгер- 
мейтін бірдеңеге жүгінуі  қажет-тін.  Оны Декарт Құдайдан тапты.
Локк пен Монтескьенің идеялары қазіргі заманғы либерал мемлекеттің 
пайда  болуында  маңызды  рөл атқарды.  Олардың ойынша,  мемлекет -  идея- 
лар  жүйесін,  мәселен,  шіркеудің  немесе  харизматикалық  көшбасшылардың 
құндылықтарын,  кастаның  немесе  экономикалық  таптың  құндылықтарын 
күштеп  таңу  құралы  емес.  Мемлекет  -   еркін  индивидуумдардың  бірлестігі, 
жиынтығы.  Локк пен  Монтескье белгілі бір әлеуметтік уйымдарсыз өмір сүру 
адам  үшін  қауіпті  екенін  мойындады.  Осылайша  адамдар  баршаға  ортақ  ке- 
лісімшарт  жасап,  қоғамнан  тыс  өмір  сүрудің  қауіпсіздіктерін  жоюға  қажетті 
бірқатар  арнайы  басқару ұйымдарын  құрды  деген  қорытындыға  келді.  Олар 
мемлекет  насихаттаған  мемлекеттік  минимализм  идеясы  -   күш  қолдану  мен 
билікті  сырттан  күштеп таңудан азат болу арасындағы  нәзік тепе-теңдік.
Спинозаның басты  идеясы -  әу бастан дәлелденген ақиқат ретінде  қа- 
растырылатын  субстанция.  Ол  әлемде бір ғана  субстанция  бар деп  есептеу- 
ден танбады  (Құдай  немесе табиғат).  Біз  Құдай туралы  айтқанда,  оны себеп 
ұғымымен  түсіндіреміз,  табиғат  туралы  айтқанда  -   оны  нәтиже  деп  ойлай- 
мыз. Спинозаның философиялық жүйесі механистік жәнетұлғасыздандырыл- 
ған  болды.
Декарт пен Спинозаның ойлары -  рационалистік философияның үлгілері. 
Рационалист философтар ғаламның бар екеніне және оның рационал үлгіде 
өмір  сүретініне  сенімді  болды.  Оның  негізгі  принципы  адам  тек  ақыл-ойы 
арқылы  ұғына  алады  деп  ойлады.  Мұндай  көзқарастардың бастапқы  нүктесі 
логика еді және олар  математикаға тән  әдістерді де  қолданды.
Дэвид  Юмнің ойлау тәсілі  мүлде өзгеше.  Оның эмпирикалық ұстанымы 
қарапайым:  бұрынғы классикалық философиялық жүйелердің бәрі Құдайдың 
бар екені және оның құдіреттігі туралы болжамдарға  негізделді. Эмпириктер 
классикалық  метафизиканың  астындағы  теологиялық  кілемді  суырып  алып, 
кейін  оны  қайта  орнына  қойып,  бүкіл  құрылымның  біржола  қирауын  күткен 
секілді  болды.  Эмпириктер  бүкіл  білімді  тәжірибемен  негіздеді.  Біз  өзімізді

Қорытынды
207
қоршаған дүниедегі  қандай да  бір объектіні  сезім  мүшелерімізбен сезінгенде 
ғана  (жаңбырдың  жауып  жатқанын  білемін,  себебі  оның тамшылары  бетіме 
тамғанын сезе аламын немесе т.с.с.) мәлімет ала аламыз.  Юмнің осы теория- 
ны себеп идеясына айналдыруы қисынсыз болды.  Біз мұны оның тұжырымда- 
рын  ғылыми  тәжірибелердің  нәтижелерімен  салыстырғанда  байқай  аламыз; 
бұл тұжырымдар Юмнің өзі сынға алған сол теорияның негізінде жасалған.
Кант философиясы  ғылымның  салтанаты  да,  сонымен  қатар  эмпиризм- 
нің қызу сыны да  болды.  Канттың ойынша, ғылым зерттейтін табиғат заңда- 
ры  жай  ғана  ақиқат және  әмбебап  емес -  олар  априори,  яғни  сөзсіз ақиқат 
және әмбебап. Ғылым даму мен жетістікке жету үшін ғана пайда болған жоқ. 
Ол,  Канттың ойынша, анықтауды және түсіндіруді қажет ететін ішкі жасырын 
қажеттіктер  бар  болғандықтан  табысты  дамып  отыр.  Яғни  философтар  ғы- 
лымның соншалықты табысты дамуының себебі неде екенін түсінуі тиіс. Бірақ 
олар,  сондай-ақ, этика, өнер және дін ғылыми әдіснаманың зерггеу нысаны- 
на  айналған  сайын  немесе ойлаудың басқа түрлері де дербес,  заңды, дұрыс 
және қажет екені анықталған  кезде де ойланғаны жөн.
Карл  Маркстің философияға  көзқарасы  мүлдем  басқаша  болды.  Әйтсе 
де оның (және басқа да көптеген ойшылдардың) ойларына негіз болған мета­
физика еді.  Маркс дінді жоққа шығарып, оның орнына  материализмді қойды. 
Оның  философиялық  жүйесі  Гегель  диалектикасының  негізгі  бастауларына 
сүйенді:  нақты  дүние  тұрақты  емес,  ол  үнемі  үдемелі  және  секірмелі  түрде 
дамиды.  Қоғамдағы  бүкіл  өзгерістер  таптық  күрестен  туындайды  және  осы 
күрестің  аясында  ғана  жүреді.  Феодализмнен  коммунизмге  дейінгі  үдемелі, 
кезеңдік даму бәрібір болмай қоймайды.  Маркстің философиясы -  социумның 
даму және өзгеру заңдылықтары туралы  мәлімдейтін философия.
Маркс революциялық бұқараның пайғамбары болса,  Ницше дүниеге ас- 
қақ,  тәуелсіз  «жаңа  адамның»  келгенін  жариялаған  пайғамбар  еді.  Ницше- 
нің  пікірінше,  мұндай  адам  билікке  ұмтылып,  барлық  құндылықтарды  қайта 
саралауы  және Асқақ Адам  болуы тиіс.  Ол  өзінің дүниедегі  жалғыздық  күйін 
қабылдап, оған сай өзіндік өмір салтын және құндылықтарын қалыптастыруы 
тиіс; өзінің және өзгелердің әлсіздігін жек көріп, шектеулер мен тыйымдарды 
жеңуі  тиіс.  Ницшенің  философиясы  -   жеке,  оқшауланған  тұлғаның  дербес 
философиясы.
Аналитикалық  философия  Витгенштейннің  еңбектерінде  туындады. 
Витгенштейн философиясының оған дейінгі барлық ойшылдардың догмалық 
ілімдерімен  ортақ ештеңесі  болған жоқ.  Ол  өзінің бастауын әдістемеден,  ғы- 
лыми және логикалық дәлелдемеден  алды.  Витгенштейн оқырман автордың 
ойын ол айтқан заттар туралы өзінің белгілі бір түсініктері оған дейін болған-

208
да  ғана  (мүмкін,  бұл  заттарды  толық  көлемде уғынбай-ақ) түсіне алады деп 
ойлады.  Ол  өзінің  назарын тілді  зерттеуге,  оны  талдау  мәселелеріне  аудар- 
ды:  ол тілдің  қызметінің  принциптері  жөнінде екі  философиялық теория  жа- 
сады. Аналитикалық философияға барлық философиялық мәселелерді тілдік 
мәселелер ретінде қарастыру тән.  Ол -  тілдің көкжиегі туралы:  айтып жеткі- 
зуге болатынның және айтып жеткізу мүмкін еместің шектері туралы теория. 
Көптеген зерттеушілер тілмен жеткізе алмайтын бірдеңенің бар екені туралы 
айтса да, адамның жаны бәрібір соны жеткізуге ұмтылады.
Сөзбен  жеткізу  мүмкін  емес  нәрсе  өз  бейнесін  Хайдеггердің  филосо- 
фиясында -  болмыс философиясында тапты. Біздің «дүниедегі-болмысымыз» 
жай ғана самарқау қатысу емес:  бұл -  толық қатысу, ол қиялға толы дүниені 
жеңу.  Біздің  бар  болуымыз  -  дүниедегі  өзге  де  болжалды  мәндермен  бірге 
қатысуға  негізделген  өзгелермен-болмыс.  Адам  бейболмысты  емес,  болмыс- 
ты -  дүниедегі объектілердің өмір сүру шарты  болған болмыс фактісінің өзін 
тануға  ұмтылуы  тиіс.  Болмыс -   жай  ғана  өмір  сүретін  бар  нәрсенің  бәрінен 
ара  жігін  ажыратады.  Хайдеггердің ойынша,  дәстүрлі  метафизика  болмысты 
ұмытты.  Болмыс пен  бар болуды ажыратудан бас тарта отырып,  метафизика 
өзінің  қасақана  немқұрайдылығынан  дүниеде бар  көптеген объектілер тура­
лы ғылымға айналды.
Абсурд  философы  Сартр  метафизиканы  жаңа  бағытта  дамытты;  мета- 
физиканы  дүниенің жаратылысын  зерттеу үшін  қолданудың  орнына,  біз жа- 
саған  нәрселердің алдын ала анықталған әлемдік тәртібінің болуының мүлде 
мүмкін еместігін және ол тәртіптің абсурдтылығын метафизиканың көмегімен 
көрсете алды.  Біз  мақсаттар қоюдың және өмірдің өзіміз жасайтын  мәнін тү- 
сінудің  арқасында  ғана  өмір  сүре  аламыз.  Біздің  өмірімізді  толтыратын  кез 
келген мән өзімізге негізгі етіп алуымыз мүмкін болған барлық басқа мәндер- 
ден  артық  емес.  Біз  үшін  мәселе  болып  тұрған  нәрсе -   қандай  да  бір  мәнді 
сезінбей  өмір  сүре  алмайтынымызда.  Мән  болмаса,  біз  өмір  сүре  алмаймыз, 
бірақ  біздің  өміріміздегі  осы  мәннің  рөлін  атқара  алатын  ештеңе жоқ.  Біздің 
өмір сүруіміз -  мәнсіз,  бірақ  біз болмыстың осы  жоқ  мәнін  қалай  анықтауды 
шешуіміз керек. Абсурд!
Ақыр соңында біз мәтін мағынасын зерттеген философқа да келіп жеттік. 
Деррида тілдің қандай да бір тұрақты, өзгермейтін  мағынаға арқа сүйей ал- 
майтынын атап көрсетті. Оның «деконструкция» термині мәтіндердің мағына- 
сын олардың ақиқат болуы мүмкін емес алғышарттардан құрылғанын көрсету 
арқылы  анықтауды  меңзейді.  Мәтіннің  мағынасын  автордың  көзқарасымен 
шектеуге болмайды.  Батыс философиясы  күмәнсіз,  ақиқат мазмұнды  іздеуге 
шырмалып  қалды.  Деррида  бұл  ізденісті  жалған,  бұрыс  деп  түсінді.  Сөздер

Қорытынды
209
мағынаға ие емес, олар өзінің тікелей мәнді иелену қабілетінен өзге, ықтимал 
мәндерге сілтеме жасаудың көмегімен  «қутылады». Тіл салыстырмалы.
Біз  нақты дүние адам  қадағалайтын табиғат жүйесімен  шектелген, адам -  
басты  құндылық,  ал  ғылыми  әдіс -  білім  алу үшін  қажет жалғыз  құрал  ретін- 
де  қарастырылған  «модернистік»  көзқарастан  біраз  алыстадық.  Модернистік 
дүниетаным  прогреске,  дамуға,  дәлелдерді  объективті  бағалайтын,  өз  бетін- 
ше  шешімдер  қабылдайтын,  уақыт пен  кеңістік жағдайларынан тәуелсіз,  еркін 
жәнетәуелсіз адамдарға сенді. Адам өзін қоршаған заттарды қандай болса, сол 
қалпында білді, сыртқы беделдердің бәріне күмән  келтіріліп, терең зерттелді.
Жиырмасыншы  ғасырдың  соңына  қарай  адамның  ойлау  жүйесі  өзгерді. 
Кейде  оны  постмодернистік  деп  атайды.  Жаңа  сана  білімнің  объективтігін 
және  күмәнсіздігін  жоққа  шығарды.  Барлығын  қамтитын,  бәрін  дерлік түсін- 
діретін  метафизикалық, діни және тарихи жүйелер құру енді мүмкін емес бо- 
лып  көрінді.  Постмодерн адамы білімде игіліктің бар екенін  мойындаудан бас 
тартты.  Прогреске деген сенім оты сөнді. Ақиқатқа рационалдық тәсілдерден 
басқа, мысалы, интуицияның көмегімен жету жиіледі. Ақиқат пен білім көбіне 
жекелеген адамдар қауымының сенімдері  ретінде қарастырыла бастады.
Бұл  пікірлер жалпы өте ауқымды, дегенмен сіз, бәлкім, қоғамның оларды 
біртіндеп,  елеусіз  ғана,  кезеңдеп  қабылдау  үдерісін  жақындатудағы  Дерри- 
даның рөлін  көре аларсыз.
Сонымен адамдар философиямен 2500 жылдан астам уақыт бойы айналы- 
сып  келеді.  Десек те олар философияның не екені туралы ортақ пікірге келе 
алмай-ақ  қойды.  Философия  -  біз  өмір сүріп  отырған дүниенің  мәні,  ондағы 
біздің орнымыз, өмір сүруіміздің түпкілікті мақсаты (егер де ол бар болса) ту­
ралы ғылыми, теологиялық, мистикалық және этикалық ойлардың ғажап қос- 
пасы деуге болады.  Барлық ойшылдарға және барлық философиялық жүйе- 
лерге ортақ нәрсе -  «ойлау».  Ежелгі философтар адам заттардың табиғатын 
тек терең және  реттелген  ойлау үдерісінің арқасында  ғана танып-біліп,  аша 
алады деп  тұжырымдады.  Кейінгі философтар философия  тек дүние туралы 
ойлаумен  ғана емес,  сонымен  қатар бақылаумен  және іс жүзіндегі тәжірибе- 
лермен  байланысты  деп  есептеді.  Ап  қазіргі  заманға  жақындау философтар 
философиялық талдау тілді  қолданумен байланысты деп тұжырымдады. Тіл- 
дің  қызметінің  принциптерін  зерттеу,  олардың  пікірінше,  философиялық ой- 
ларды әрі қарай жалғастырудың шарты  ретінде қажет болды.  Сонан соң,  мә- 
тін оны оқырман оқып,  өзіндік түсініктері  мен тұжырымдарын енгізе отырып, 
оның бастапқы  мазмұнын  өзгертпейінше,  ешқандай  мағынаға  ие емес деген 
пікір  пайда  болды.  Осылайша  мәтіннің  мағынасы  алдын  ала  анықталмайды, 
ол -  потенциал,  мүмкіндік қана.

210
Бұл кітап философияның не екенін айтуға тырысудан гөрі, қарастырылып 
отырған  философтардың  не  тындырғанын,  не  туралы  ойлағанын  сипаттай- 
ды.  Философия  -   білімге  негіз  болудан  гөрі,  іс-әрекетке  бейім.  Философия- 
ның айрықша белгісі -  логика мен айқын реттелген дәйектердің қолданылуы. 
Адамдардың  философияға  жүгіну  себептерінің  бірі  -   «даналықты  іздеуге» 
ұмтылыс  (Бірақ  одан  өте  көп  нәрсе  күтпеңіз!).  Адамдардың  философиямен 
шұғылдану  себептерінің  бірі -   идеяларды  сараптап,  жіктегенде,  қол  жеткіз- 
ген білімдеріне қанағаттанбауы және өз ойларын дамытуды  қалауы. Осылай- 
ша философия әрі сыни, әрі жасампаздық қызмет атқарады.
Философтар  көбіміз  оларды  күйбең  тіршілігімізде  өзінен-өзі  болады  деп 
есептейтін:  өмірдің мәні, дұрыс пен бұрыс, саясат, бізді қоршаған дүние бол- 
мысы,  сол дүниені  қабылдауымыз,  ақыл-ой,  өнер,  ғылым  сияқты түрлі  мәсе- 
лелер  туралы  пайымдайды.  Олар  іргелі  сұрақтар  қояды:  кісі  өлтіру,  ұрлық 
жасау және өтірік айту неліктен  бұрыс? Осы әрекеттердің дұрыс болуы  мүм- 
кін  кездер  бар  ма?  Қандай  жағдайларда?  Сіз  дұрыс  пен  бұрыстың  арасын 
қалай  ажыратасыз?  Бұл  сұрақты  қоюдың  өзі  жөн  бе?  Философияны  зерттеу 
сізге өз наным-сенімдеріңіздің төңірегінде ойлануға -  сіздің өз әрекеттеріңіз- 
ге  неліктен  сенімді  екеніңіз туралы  ойлануға  көмектеседі.  Біз  философияны 
зерттейміз,  себебі  Сократ  сияқты  зерттелмеген,  ұғынылмаған  өмірдің  түкке 
тұрмайтынына  сенеміз;  себебі  осылайша  біз  ойлап  үйренеміз;  себебі  -   ол 
бізді ләззатқа бөлейді.
Философтар  өздері  жауабын  таба  алмаған  сұрақтар  төңірегінде  үнемі 
пікір  таластыратын  сияқты.  Мәселені  қарастырудың  екі  жолы  бар:  сұрақты 
қоюдың өзі қате деу (бейлиберал және бейфилософиялық әдіс) немесе сұрақ 
қоюды оны түрлендіре отырып жалғастыру, сұрақтың дәрежесін талдап, қай- 
та  бағалау.  Өзіміз қалайтын жауапты дәл табатынымызға ешқандай  кепілдік 
жоқ. Философияның бәрі дерлік ескі  идеяларға қанағаттанбауға, сұрақтарды 
қарастырудың  немесе  мәселелерді  шешудің жаңа  әдістерін  табуға ұмтылуға 
байланысты.  Философия бейнелеуші де,  қайта жасаушы да бола алады.
Философияға метафизикалық ойлардың элементі және тағы бір элемент-  
біздің не білетінімізді, неге сенетінімізді, қалай түсінетінімізді, сол арқылы, ең 
алдымен, білімге жететін үдерісті  қалай түсінетінімізді  сынау элементі  кіреді. 
Алайда философия  құндылықтармен де байланысты.  Философияның не еке- 
нін  айта  алмасаңыз да,  сіз,  ең аз дегенде,  өзіңіз үшін оның  қандай  қырлары 
қызықты екенін атай алатын жағдайға жеттіңіз.
Ізденістеріңізді  одан  ары  жалғастырасыз деп  үміттемін.  Бұл  жолда  сізге 
сәттілік тілеймін!

Сізге қызың кітаптар
Біріншіден,  мен  сізге,  оғаштау көрінгенмен,  философтар  мен  философиялық 
тақырыптарға  арналған  бірқатар  комикстерді ұсынамын.  Icon  Books Аристо­
тель,  Деррида,  Декарт,  Хайдеггер,  Кант,  Маркс,  Ницше,  Платон,  Сартр  мен 
Витгенштейн  философияларына  қатысты таныстыру  материалдарын  жария- 
лайды.  Бұл  басылымдар,  сонымен  қатар  сыни  теория,  эмпиризм,  этика,  эк­
зистенциализм, логика,  марксизм,  модернизм,  саясат философиясы,  постмо­
дернизм  және  ағартушылық  сынды  тақырыптарға  да  арналған.  Бұлар -  сәл 
қалжың араластыра әрі көпшілік оқырманға ұғынықты етіп  мамандар жазған 
мейлінше  байсалды  кітаптар.  Карикатуралар  мен  комикстер  әдеттегі  мәтін- 
нен  әлдеқайда  тиімді  игеріледі.  www.iconbooks.co.uk  http://www.iconbooks. 
co.uk/  кіріңіз.
Оксфорд университетінің баспасынан шыққан, әртүрлі ойшылдардың фи- 
лософиялық  көзқарастарын  ұсынатын  «Past  Masters»  («Өткеннің  шеберле- 
рі») циклі де пайдалы болуы мүмкін.  Бұл басылым аясында Аристотель, Акуи- 
нолық Томас,  Декарт,  Юм,  Кант,  Локк,  Маркс,  Монтескье,  Платон,  Спиноза, 
Витгенштейн  жэне Сократ сынды  философтардың философиялық  идеялары 
қарастырылған.  «Fontana  Modern  Masters»  (London:  HarperCollins)  -   әртүр- 
лі  ойшылдардың  (олардың  арасынан  Деррида,  Хайдеггер,  Маркс,  Ницше, 
Сартр,  Витгенштейн және тағы басқаларды жеке бөліп көрсету қажет) фило- 
софиялық идеяларына арналған  кітаптар тобы.
Қолыңыздағы кітапта қарастырылған философтар туралы қосымша ақпа- 
ратты сіз мына басылымдардан таба аласыз:
Appelbaum,  D.,  The  Vision  of  Hume  (London:  Shaftesbury,  Element  Books, 
1996).
Briclchouse,  T.  C.  and  Smith,  N.  D.,  The  Philosophy  of  Socrates  (Oxford: 
Westview  Press, 2000).
Caputo J.  D.  (ed.),  Deconstruction in a  Nutshell: A Conversation with Jacques 
Derrida  (New York:  Fordham  University Press,  1997).
Caputo J.  D., Demythologizing Heidegger (Indianapolis, IN:  Indiana University 
Press,  1993).

212
Copplestone F.  C., Aquinas (London:  Penguin,  1955).
Grayoff F., Aristotle and his School (London:  Duckworth,  1974).
Hollingdale  R.  J.,  Nietzsche,  the  Man  and  his  Philosophy  (Cambridge: 
Cambridge University Press,  1965).
Kenny  A.,  Descartes:  A  Study  of  his  Philosophy  (Cambridge:  Cambridge 
University Press,  1968).
Korner S.,  Kant (London:  Penguin,  1955),
Love  N.  S.,  Marx,  Nietzsche  and  Modernity  (New  York:  Columbia  University 
Press,  1986).
McGuinness B.,  Wittgenstein:  A Life (London:  Duckworth,  1988).
Murdoch  L.,  Sartre,  Romantic Rationalist (London:  Collins/Fontana).
Nichols  A.,  Aquinas,  an  Introduction  to  his  Life,  Work  and  Influence  (Grand 
Rapids,  MI:  Eerdmans,  2003).
Quinton A.,  Hume (London:  Phoenix,  1998).
Ritchie  D.  G.,  Plato (Bristol:  Thoemmes Press,  1993).
Scruton  R.,  Spinoza (London:  Phoenix,  1998).
Sharpies,  R.  W.,  Stoics,  Epicureans and  Sceptics (London:  Routledge,  1996).
Woolhouse  R.  S.,  Locke (Brighton:  Harvester Press,  1983).
Төменде  көрсетілген  кітаптар  философтарға  емес,  философиялық  мәсе- 
лелерге  назар аударады.
Ayer A. 1, The Central  Questions of Philosophy (London:  Pelican,  1973).
-  Philosophy in the Twentieth  Century (London:  Unwin,  1982).
Deleuze G. and Guattari F., What is Philosophy?(New York: Columbia University 
Press,  1994).
Honderich T.  (ed.),  Philosophy Through  its Past (London:  Penguin,  1984).
Morton  A.,  Philosophy  in  Practice:  An  Introduction  to  the  Main  Questions 
(Oxford:  Blackwell,  1996).
Teichman  J.  and  Evans,  K.  G,  Philosophy,  a  Beginner's  Guide  (Oxford: 
Blackwell,  1991).
Егер философия  тарихына  шындап  қызықсаңыз,  Бертран  Расселдің  «Ба­
тые  философиясының  тарихы»  сізге  жақсы  көмекші  бола  алады  (Bertrand 
Russell  «History of Western  Philosophy»  (London:  George Allen & Unwin,  1946). 
Сізге,  сондай-ақ  Ф.Коплстонның  тоғыз  томдық  «Философия  тарихы»  еңбе- 
гі  біршама  пайдалы  болуы  мүикін.  F.Copplestone  «А  History  of  Philosophy» 
(London:  Continuum,  1962).

ҚР БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІНІҢ 
ТАПСЫРЫСЫ  БОЙЫНШ А АУДАРЫЛЫП  БАСЫЛДЫ
Дерек Джонстон
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ҚЫСҚАША  ТАРИХЫ
СОКРАТТАН ДЕРРИДАҒА ДЕЙІН
Редактор -  
Сыбанбай С. Ә. 
Корректор 
-Д о с б о я о ва  Н. 
Беттеген -  
Сыргабай А.

Басуға 06.02.2018 ж.  қо?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет