Бағдарламасы аясында іске асырылды derek johnston a brief history of philosophy from socrates to derrida



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата08.11.2019
өлшемі6,72 Mb.
#51421
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Аристотель: аңылды  пайымдау
39
Логикалыц  тужырымдар  -   келтірілген  дәлелдерге  негізделген  қорытынды- 
ларды құрастыруға көмектесетін ойлану үдерістері.  Біз бұрыс ойлауымыз мүмкін, 
ондай  жағдайда  тұжырым  қисынсыз  болады,  ал  дұрыс  ойласақ,  онда  тұжырым 
қисынды болмақ.
Силлогизм
Бұл -  ойлаудың Аристотель ұнатқан формасы.
Силлогизм -  үш  пайымдаудың жиынтығы.
Екі  пайым бар.
Пайым -  қандай да бір дәлелді білдіретін  пайымдау.
Алғашқы екі пайымнан  қорытынды -  үшінші  пайымдау шығады.
Силлогизмнің мысалы:
Сүңгуір қайықтардың бәрі су астында жүзеді.
Ешбір кеме су астында жүзбейді.
Ешбір сүңгуір  қайық кеме бола  алмайды.
Ақиқат қорытынды жасау үшін екі пайым да ақиқат, ал тұжырым -  қисын- 
ды болуы тиіс.
Индуктивті ойлау
Бірақ  барлық  пайымдаулардың  абсолютті  ақиқатын  қалай  табу  керек?  Ой- 
лаудың индуктивті деп аталатын тағы бір типі бар.  Бұл әдістің мәні -  пайым- 
даулардың ақиқатына  бақылау негізінде жету.  Индуктивті әдісті  мына  мысал 
арқылы  көрсетуге болады:
Сократ -  адам  және ол ажалды.
Платон -  адам  және ол ажалды.
Аристотель -  адам және ол ажалды...
Яғни барлық адам  ажалды  (болуы  мүмкін).
Ойлаудың  индуктивті  әдісі  ықтимал  қорытындыларды  баяндауға  бағыт- 
талған.  Әрі  қарай  осы  ықтимал  қорытындылардан  оларды  да  іс жүзінде тек- 
серуге  болатын  басқа  қорытындылар  жасалуы  мүмкін.  Аристотель  индук- 
тивті  ойлауды дамытқан  жоқ.  Фрэнсис  Бэкон  (1561-1626)  мен  Джон  Стюарт 
Милльдің (1806-1873) еңбектерін біраз уақыт күтуге тура  келді.

40
Қазіргі  уақытта  Аристотельдің  логикасы  ескірген  және  таралу  аясы  да 
шектеулі.  Егер  сіз  қазіргі  заманғы  логиканы  зерттеуді  қаласаңыз,  математи- 
калық сандық белгілерді  қолданатын  символдық логикаға  назар аударыңыз. 
Аристотельдің  логикаға  байланысты  еңбегі  оның  «Бірінші  аналитика»  кіта- 
бында бар.
Эстетика
Аристотельдің  эстетикасы,  оның  әдемілік  туралы  ілімі  «Поэтикада»  жинақ- 
талған.  Бұл  кітаптың мәтіні, өкінішке қарай, бізге толығымен жетпеді.
Аристотельдің  пікірінше,  поэзия -  адам  өмірінің бәріне белгілі  қырлары- 
на  еліктеу.  Комедия  -   ұсқынсыздықты  кейіптеу  (біз  бұрмаланған  бірдеңені 
көргенде  күлеміз).  Трагедия  -   негізгі  мақсаты  аяу,  муң  және үрей  сезімдері 
арқылы эмоция  (катарсис) туғызуды  көздейтін байыпты  іс-әрекетті  кейіптеу.
Трагедияның басты  кейіпкері -  өзін-өзі орға жыққан адам.  Бірақ ол  бас­
ка  кейіпкерлердің арасындағы ең бекзаты,  яғни -  басты  кейіпкер.
Трагедияда  үш  негізгі  мәселе  бар:  тағдырдың  өзгеруі,  сюжеттің  дами 
келе шегіне жетуі және басты  кейіпкердің азап  шегуі.
Аристотельдің комедия туралы ілімі сақталған жоқ.
Жан
Аристотельдің ілімінде субстанцияның үш түрі бар делінеді.  Біріншісі -  сезім- 
дік  және  өткінші  субстанциялар.  Мысалы,  жануарлар  мен  өсімдіктер.  Екін- 
шісі -  сезімдік және тұрақты, яғни  мәңгілік субстанциялар.  Оған жұлдыздар 
мен  аспан денелерін  жатқызуға  болады.  Олардың  қозғалысы -  біз бақылай 
алатын жалғыз ғана өзгеріс. Үшіншісі -  сезімдік те, өткінші де емес субстан­
циялар:  Құдай  мен  адам жаны.
Аристотель  ілімі  адам  жанының  ажалсыздығы  туралы  айтатынына  се- 
німді  емеспіз.  Себебі  оның  жазбалары  соншалықты  дәл  емес.  «Жан  тура­
лы»  кітабында  ол  жанның  көшуі  ұғымын  әжуалайды  және жан  мен  тәннің 
арасында  өте  мықты  байланыс  бар  деп  біледі.  Тән  -   адамның  материя- 
сы  ғана,  жан  -   осы  материяның  формасы.  Жан  -   тәннің  мәні,  оның  өзе- 
гі  және  мақсатты  себебі.  Дегенмен  ақыл-ой  тәннен  әлдеқайда  жоғары; 
ол  -   жанның  ойлайтын  бөлігі.  «Никомах  этикасында»  Аристотель  жанды 
құрамында  рационалдық  та,  иррационалдық  та  мән  бар  объект  ретінде 
сипаттайды.  Ақыл-ой  Құдайдан  берілген.  Демек,  ақыл-оймен  үйлесімді 
өмір  де  -   Құдайдың  бергені.  Егер  солай  өмір  сүрсек,  бізге  ажал  құрығы

Аристотель: ақылды пайымдау
41
жетпейді.  Аристотельдің  пікірінше,  бұл  -   жеке  тұлғаның  ажалға  мойын- 
сұнбауы  емес,  Құдайдың  тылсым  мәңгілігінің  бір  бөлігі  ғана.  Аристотель- 
дің ойынша,  адам тұлғасы  тәнмен,  сонымен  бірге жанның  иррационалдық 
бөлігімен  байланысты.
Аристотельдің  жанның  мәңгілігі  туралы  түсінігі,  жалпы  алғанда,  қазіргі 
оқырманның түсінігіне сәйкес келеді, бірақ кей тұсында аздаған айырмашы- 
лықтар бар.  Христиан діні ежелгі  грек философиясының идеяларын  қабыл- 
дап  алып,  олардың негізінде өзіндік дүниетаным  қалыптастырды.  Христиан 
теологиясының  дамуы  Сократсыз,  Платонсыз  және  Аристотельсіз  мүлде 
басқаша  болар  еді.  Кейінгі  христиан  ойшылдарына  дәл  осы  грек философ- 
тарына тән  ойлау салты  қатты  ықпал  етті. Ақыр соңында  олар көзқарастар 
жүйесін,  демек,  бүгінгі  Еуропа  мен  Американың  көптеген  елдері  мұра  ғып 
алған  христиан  өркениетінің  негізін  де  қалыптастырды.  Ең  аяғында  ежелгі 
дүниенің  осы  мұрасынан  ойлаудың  ғылыми  образы,  зайырлы  дәстүр,  адам 
қуқығын  қорғау  туралы  ұғым  пайда  болды.  Осының  бәрі  жинақтала  келіп 
қазіргі батыс адамы үшін  қалыпты  нәрсеге, оған  қоса бүкіл  Батыс өркениеті 
үшін  мәдени  негізге айналды.
Аристотель өз еңбектерінде  Құдайдың бар екенін  растайтын дәлелдер- 
ді  де  келтіреді.  Бертінгі  тарихи  кезеңде  бұл  дәлелдерді  ортағасырлық  ұлы 
философ  Акуинолық  Томас та  жан-жақты  қарастырып,  зерттеп-жетілдіріп, 
қоғамға  бұрынғыдан  қанық  түрде  ұсынды.  Акуинолық  Томастың  филосо- 
фиялық  идеяларын,  атап  айтқанда,  оның  теистік  дәлелдерін  кейінірек  қа- 
растырамыз.
Аристотельдің «Этикасы»: тең орта
Аристотель  адам  өміріндегі  дүрыс  пен  бұрысты,  жаман  мен  жақсыны  анық- 
тауға  негіз  болатын  принциптер  туралы  ғылымды  -   этика  туралы  өз  ілімін 
жасады.  «Никомах этикасы»  кітабында  бейнеленген  бұл  ілім  бақыт ұғымына 
негізделген.  Тұлға  үшін  қандай  өмір -  жақсы  өмір?  Ол -  бақытты  өмір.  «Ба- 
қыт дегеніміз -  жанның  нағыз  ізгілікке  сәйкес әрекеті».  Бақыт -  әрекет.  Ол 
мақсат емес.  Бақыт  қандай  да  бір  әрекетпен,  амалмен  қатар  жүреді.  Бақыт 
өмірдің жан-жақтылығында  көрінеді.  Сонда  біз  өзімізді  қалай  ұстауымыз  ке- 
рек?  Біз өзімізді бақытқа  қол жеткізетіндей деңгейде ұстауға тиіспіз.
Бұл ережелер бізді Аристотельдің ең белгілі теорияларының біріне: тең 
орта  («орта»  бұл  жерде  екі  шектің  арасындағы  дәл  теңгерімді  білдіреді) 
теориясына  алып  келеді.  Мысалы,  егер  мен  сауық  кешіне  барсам,  қанша 
ішімдік  ішкенім дұрыс? Аристотельдің  пікірінше,  екі  шектің арасындағы дәл

42
теңгерімге жету қажет,  яғни өте аз да, тым көп те ішпеу керек. Тым ұялшақ 
та  қарапайым,  сонымен  қатар тым  адуын да  болмай,  екі  шектің арасындағы 
теңгерімге жетуге тиіспін.
Түрлі  адамдардың  мінез-құлық  туралы  түсініктері  де  әртүрлі.  Біреуге 
жақсы  нәрсе  басқа  адам  үшін  мүлдем  өрескел.  Тең  ортаны  анықтау  үшін 
байыпты тексеру қажет,  ол  қателіксіз,  шалыс қадамсыз анықтала салмайды. 
Бірқалыпты әрекет етіңіз. Екі шектің арасындағы ортаны іздеп табыңыз.  Шек- 
тердің әрқайсысында да жағымсыз реңк бар.
Батылдық,  мәселен,  қорқақтық  пен  көзсіздіктің  аралығы  делінеді.  Ақкө- 
ңіл  жомарттық -  бейпіл  ысырапшылдық  пен  тиын  санаған  сараңдықтың  ор- 
тасындағы қасиет. Әйтсе де мінез-құлықтағы шектен шығуды математикалық 
дәлдікпен  есептеу  мүмкін  емес.  Рұқсат етілетін  шекараны,  шамасы,  әр  адам 
өзі, ақыл-ойының көмегімен анықтайды.
Жалпы алғанда, Аристотельдің тең орта теориясы сөздерді ойнатуда қол- 
данылатынын байқай аласыз.  Осы теорияның негізінде тең ортаның әртүрлі, 
кейде  қисынсыз  да  күлкілі  мысалдарынан  тұратын  қызықты  ойын  ойнауға 
әбден  болады:  «Дұрыс  әрекет  -   жаман  мен  жақсының  арасындағы  алтын 
аралық.  Ізгі  адам  ақымақтық  пен  зеректік  аралығындағы  өзінің  жай,  катар- 
даты  қалпын  көрсетеді».  Бұл -  адамның мінез-құлқындағы тең ортаны анық- 
таудың қарапайым, бірақ та соны  ережесі.
Аристотельдің  «этикасы»  -   өз  қадір-қасиетін  білетін,  басқалардың  да 
осылай  мойындағанын  күтетін,  өздерін  жетілдіруге  және  өздері  өмір  сүріп 
отырған қоғамға  қызмет етуге уақыттары бар зерделі адамдардың дұрыс дү- 
ниетанымының кәдуілгі  мысалы.  Қазір Аристотельдің этикалық  іліміне қызы- 
ғушылық  артып  келеді.  Бұл  өзгеріс -  әртекті  қоғамда  өзара  үйлесімге,  түсі- 
ністікке  және  құрметке  негізделген  жарастықты  тірліктің жаңа  формаларын 
табуға  тырысқан  шығу тегі,  саяси  және діни  көзқарасы  әртүрлі  адамдардың 
көбеюіне байланысты болып отыр. Осындай үдерістерді барлық қайшылықты 
жағдайларда  мәмілеге  келумен,  күрделі  мәселелерді  келісе  отырып  шешу- 
мен, өзара үйлесімге қол жеткізумен  сабақтастыруға  болады.
Өзге де этикалық нормалор
Аристотельдің  «Этикасы»  -   телеологиялық  ілім.  Ол  қол  жеткізілуі  қажетті 
мақсаттарға  негізделген.  Бұл  жерде  атап  көрсетуді  қажет  ететін  басқа  да 
этикалық  нормалар  бар.  Арисготельдің  ойынша,  адам  өзі  жасағалы  отыр- 
ған  қандай да  бір  іс-әрекеттің немесе  ниеттің әділетті және ізгі екені туралы 
пікір  түюі  тиіс.  Жасалайын  деп  отырған  іс-әрекет  жақсы  және  әділетті  се-

Аристотель: аңылды пайымдау
43
бептерден  туындауы  қажет,  ол  дұрыс  және  шектен  шықпайтын  ниеттерге 
негізделгені  жөн.  Қандай  іс-әрекеттің  де  нәтижесі  оң  болуы  керек.  Тіпті  не 
боларын алдын ала білмесе де, адам өзі  ниет еткен  ісінің ықтимал салдарын 
шамалауға  міндетті.
Саясат
Аристотельдің  саясат туралы  түсінігі  сол  ежелгі  дәуірде  кең тараған  «қа- 
ла-мемлекет»  мемлекеттік-саяси  құрылымына  негізделген.  Аристотель 
Ескендір Зұлқарнайыннан  бұрын  өмірге  келіп,  одан  ұзақ өмір сүрді.  Бірақ 
оның саясатқа  ержүректікпен  және батылдықпен  араласқаны  туралы  мә- 
лімет  жоқ.  Оның  мемлекеттік  істер  туралы  ойлары  «Саясат»  деп  атала- 
тын  еңбекте  жинақталған.  Аристотель  мемлекеттік  басқару  механизмы 
зерттеуге  көп  қызықпады.  Ол  мемлекетті  ең  жоғары,  ең  дамыған  саяси 
және  этикалық  ағза  деп  ойлады.  Моральдық-адамгершілік  құндылықтар- 
ды  белгілеуде  мемлекет  отбасының  алдында  да,  жекетұлғаның  алдында 
да  сөзсіз  басымдыққа  ие.  Егер  адамдар  мемлекетте  өмір  сүрмесе,  яғни 
оның  бір  бөлігі  болмаса,  мақсаттарына  жете  алмайды.
Мемлекет отбасылардан  құралады.  Құлдар -  отбасының бір бөлігі,  соғыс 
тұтқындарын  да  құл  етуге  болады.  Дәрежесі  бойынша  жоғары  тұрған  адам­
дар  басқарған  кезде  бағыныштылардың  жұмысты  жақсырақ  істейтіні  әбден 
табиғи құбылыс. Аристотель сауданы мақұлдамайды. Заттар тұтыну үшін жа- 
салады;  байлық  жинаудың  табиғи  тәсілі  -   жерді  ақылмен,  ұқыпты  иеленіп, 
пайдалану.
Аристотель Платонның мінсіз мемлекет коммунизмін сынайды. Аристотель- 
дің пікірінше, отбасын жою -  мүлде теріс қадам, себебі мемлекеттің өзі тікелей 
отбасына,  сонымен  қатар жекеменшікке негізделген.  Қауымдастық болса,  еш- 
кім жекеменшікке және жеке үйге ие болмайды дегенді білдіреді.  Жекеменшік 
болмаған жағдайда қолы ашық дарқандық та өзінен-өзі жоғалады.
Төңкерістерді  болдырмау  үшін  үш  нәрсе  қажет.  Біріншіден,  білім  беру 
ісінде мемлекеттік насихат болуы  керек.  Екіншіден,  қоғамда  әділдік пен заң- 
ға  қүрмет салтанат  құруға тиіс.  Заң  мен  әділдік -  басқару  ісі  бастау алатын 
маңызды  негіз.  Заңға сәйкес басқару -   жігерлі де адал  ниетті  азаматтардың 
мемлекетін  басқару деген  сөз.  Үшіншіден,  мемлекет экономикалық тәуелсіз- 
дікке ие болатындай қаншалық үлкен болса, барлық азаматтар бірін-бірі тани 
алатындай соншалық шағын да болғаны жөн.
Азаматтар  білім  алуы  тиіс,  олар  өздері  үшін  пайдалы  білімді  ғана  мең- 
геруге  құқылы.  Оқытудың  негізгі  мақсаты  -   ізгілік  тарату.  «Ізгілік»  сөзін

44
гректер  «кемел  адам»  мағынасында  қолданды.  Аристотель  азаматтық алуға 
құқық  шектеулі  болуы  тиіс  деп  пайымдады.  Философтың  пікірінше,  жерге 
байланысты жұмыстарды орындаудан босатылған  (құлдық институтының ар- 
қасында)  жериеленушілер  мен  жоғары  білімді  адамдардан  басқаларға,  яғни 
төменгі тапқа азаматтық берілмеуі  керек. Алдыңғы екі  категорияға жеткілікті 
білімі,  қажетті тәрбиесі,  бос уақыты  және  ізгілігі  бар  адамдар  жатады.  Осы- 
ның  бәрінің  жиынтығы  оларға  мемлекетті  дұрыс  басқару  жауапкершілігінің 
жүгін  көтеруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік құрылымның классификациям
Аристотель -   әйгілі  мемлекеттік  құрылым  классификациясының  авторы.  Ол 
өз заманындағы  158  елдің  мемлекеттік  құрылымын  сипаттады.  Афина  мем- 
лекеттік  құрылымының  сипаттамасы  ғана  сақталып,  ұлы  философтың  осы 
саладағы  басқа еңбектері жоғалып  кетті.  Аристотель классификациясы  мем- 
лекеттік құрылымның алты типін бөліп көрсетті және екі өлшемге негізделді.
Бірінші  өлшемге  сәйкес,  Аристотель  барлық  мемлекеттерді  дұрыс  және 
дұрыс емес деп  бөлді.  Дұрыс  мемлекеттер  жалпыға  бірдей  игілікке ұмтыла- 
ды,  олардың  өмір  сүру  мақсаттары  ізгілікті.  Олар  өз азаматтарының  басым 
көпшілігіне  жақсылық  жасағысы  келеді.  Сонымен  қатар  дұрыс  емес  мемле­
кеттер де бар.  Олар билік пен байлықты бір ғана әлеуметтік таптың -  билеу- 
ші таптың қолында  шоғырландыруды  мақсат тұтады. Осылайша билеуші топ 
пен  олардың  жақтастары  барша  игілікті  өздері  көріп,  сонысымен  де  қалған 
халықты  қанап,  қысым  көрсетеді.  Екінші  өлшемге  байланысты  барлық  мем- 
лекеттік құрылымдар үш типке бөлінеді. Аристотель бүкіл билік бір адамның 
уысында,  билеуші  шағын топтың  немесе бірнеше отбасының  қолында  және 
азаматтардың  басым  көпшілігінің  қолында  шоғырланған  мемлекеттердің 
арасындағы  айырмашылықтарды  көрсетеді.  Содан  соң  ол  жоғарыда  айтыл- 
ған екі өлшемді біріктіреді:
ДҰРыс
Дұрыс емес
мемлекеттер
мемлекеттер
Билік бір адамның қолында
Монархия
Тирания
Билік жоғарыдағы билеуші 
шағын топтың қолында
Аристократия
Олигархия
Билік көпшіліктің қолында
Полития
Демократия

Аристотель: ақылды пайымдау
45
Аристотель кез келген билікке қойылатын екі негізгі талап бар деген қоры- 
тындыға келді: азаматтардың мүлік құқықтарын мойындау және қорғау, халық- 
тың басым көпшілігінің әл-ауқат деңгейін көтеру. Халқының байлығы -  билікке 
қойылатын міндетті талап емес.  Бірақ, екінші жағынан, байлық пен әлеуметтік 
ауқаттылық азаматтардың бос уақытын  көбейтіп, білім берудің дамуына және 
туу деңгейінің  өсуіне  ықпал  етеді.  Дәулетті  адамдардың  көп  болғаны  жақсы, 
дәулеттілердің көбейе түсуі  мемлекетті тұрақты етеді.  Аристотельдің ойынша, 
мемлекетке ұстамды және салмақты  қоғамдық пікір де қажет.
Аристотель  монархияны  мемлекеттік  құрылымның ең үздік формасы  ре- 
тінде  қарастырған  сияқты.  Ол  ізгі  патшаны  табу  мүмкін  болса,  ондай  патша 
ең  аз  дегенде  «адамдардың  арасындағы  құдай»  болуы  тиіс  деп  тұжырды. 
Сонымен  қатар  Аристотель  мемлекеттік  құрылымның  әр  типін  қарастырып, 
сипаттауға жеке көңіл  бөлді.
Аристотельдің  демократияны  мемлекеттік  басқарудың  бурые  формасы 
ретінде  қарастырғанына  таңғалуымыз  мүмкін.  Десек  те  ол  «полития»  сөзін 
қолданғанда,  мемлекеттік құрылымның шамамен алғанда біз демократия деп 
атап үйренген типі туралы ойлағанын есімізде сақтауымыз керек. Ал «демок­
ратия»  сөзін  қолданғанда,  ол  демагогияны  немесе  тобырдың  билігіне  ұқсас 
әлденені  меңзеді.
Қазіргі  заманғы  демократия  Аристотельдің  кезіндегі  адамдарға  мүлде 
белгісіз  болған  көптеген  элементтерге  негізделеді.  Олар:  адам  құқығын  мо­
йындау және қорғау, сот билігінің тәуелсіздігі, заңдарды  қолданудағы тәуел- 
сіздік  және  бейтараптық,  азшылықтың  пікірін  қорғау,  биліктің  мемлекеттік 
саясатты талқылап, оны ұзақ мерзімге жоспарлауда  маңызды  рөл атқаратын 
сайланбалы  өкілдік органының  болуы,  осы  саясатты  жүзеге  асыратын  атқа- 
рушы  билік  органдарының  болуы,  барлық  мемлекеттік  органдар  қызметінің 
қоғамдағы  көңіл  күйдің өзгеруіне тәуелсіздігі.
Түйін
Аристотельдің  рационалды  дәлелдемелері  шын  мәнінде  Платонның теория- 
ларын  жалғастырып,  жетілдірді,  Бірақ  Аристотель  ұстазының  еңбектеріне 
тән  мистицизмді  жеңіп  шыға  алды.  (Мұны  жетілдіру  дегенмен  келісесіз  бе? 
Адам өмірінің мәні туралы өз түсініктерін сипаттағанда мистицизмге сүйенген 
басқа  ойшылдарды  есіңізге  алыңыз.)  Оның  үстіне,  Аристотельдің  еңбектері 
көкейге қонымды және жүйелірек, драмалық салыстырулар мен диалог фор- 
масындағы  шегіністерден ада.

46
Аристотельдің  «Физикасы»  мен  «Метафизикасы»  бізге,  қазіргі  заман 
адамдарына оғаштау және мүлдем түсініксіз болып көрінуі әбден мумкін.  Біз 
материяны әр алуан тәсілдермен зерттей алатынымызға, дүние құрылымын 
әртүрлі тұғырлардан  қарастыра алатынымызға үйреніп  қалдық.  Бірақ Арис­
тотель өз зерттеуін жүзеге асыру үшін біртұтас объективті терминологияны 
жасауға талпынған  алғашқы  адам  болғанын  ұмытпау  керек.
Аристотель  өзінің  «Физикасында»,  «Метафизикасында»,  «Логикасын- 
да»  және  ақыр  соңында  «Этикасында»,  бейнелеп  айтсақ,  XX  ғасырдың  са- 
ралаушы  философтарының алдында тұрған  міндетті -  тілді  сынауды  алдын 
ала  шешіп  қойды.
Бұл  міндеттің  мәні  -   тіл  сынын  жүзеге  асыру,  тілдегі  дәлсіздіктерден 
арылу.  Бұл философтар бізді  нақты дүниеде жоқ мәселелерді сипаттағанда 
тілді дұрыс қолданбаудан  сақтандырады.
Аристотельдің «Логикасы» қазір онша дұрыс емес секілді көрінеді.  Екін- 
ші жағынан,  ол  ойлау заңдарын жүйелеген алғашқы  философ болды.  Оның 
себептерді  зерттеуі  өте  маңызды.  Туындатушы  себеп  ұғымы  заманауи  ғы- 
лымда  бұрынғыша  қолданылып  келеді.  Кез  келген  детектив  романды  оқы- 
ңыз,  қандай да  бір оқиғаның себебін зерттеудің  қаншалықты  маңызды еке- 
нін  көресіз.  Биологтер  мен  эволюцияшылдар  телеология  немесе  мақсатты 
себеп ұғымын әлі  күнге пайдаланады.  Бұл ұғым аталған  қызмет салаларын- 
да  өте  маңызды  қүрал  саналады.  Дэвид  Юм  (8-тарауды  қараңыз)  жалпы 
себептілік-салдарлық  байланыс  ұғымымен  белгілеген  ғылыми  күмәндану 
қазіргі заманғы  ғалымдардың  көбі үшін  өте  маңызды.
Аристотель  адам  жанының  ең  жоғары  белсенділігі  ойлануда  көріне- 
ді  деген  пікірді  ұстанды.  Сіз  бұған  қалай  қарайсыз?  Жанның  тағы  қандай 
күйлерін  ерекше  маңызды  және  құнды  деп  қарастыру  қажет?  Адам  жаны 
туралы  Аристотельдің  түсінігі  біз  үшін  тым  жат.  Христиан  теологиясы  мен 
заманауи  философия  көне дәуірдің үлы философының алғашқы түсініктері- 
не өзгерістер енгізді.  Бірақ осының бәріне қарамастан,  Аристотель жасаған 
және  қолданған  терминология  біраз  өзгерістерге ұшыраса  да,  бұрынғыдай 
айрықша  қалпында.
Қазіргі заманғы этиканың ең кең тараған теорияларының бірі -  утилита­
ризм.  Ол үшін тағы да Аристотельге рақмет айтамыз, себебі бақыт ұғымына 
және  пікірлестер ортасынан  алынған  білім  ауқымының  маңыздылығына  на- 
зар аударған  сол  болатын.
Аристотельдің «Этикасы» XX және XXI ғасырлар тоғысында жаңа  мағы- 
наға  ие бола бастады.  Бұл  кітапқа деген  қызығушылық артып  келеді.  Оның 
себебі  мынада:  қазіргі  заманғы  ойшылдар  барлық  теорияларды  түсіндіре

Аристотель: ақылды пайымдаү
47
кеткіш  «ғаламат  сандырақтарға»,  қулықтарға  көбіне  сенімсіздікпен  қарап, 
«анда-санда» принципіне негізделген адамгершілікке негізделген шешімдер 
шығару  ұстанымына  жүгінгенді  қалайды.  Аристотельдің  «Этикасы»  оларға 
аса  «эссенциалистік» емес,  сол себепті  өте  пайдалы  болып  көрінеді.
Аристотельдің  саясатқа  көзқарасы  ескірді  және  өзінің  өзектілігін  жо- 
ғалтты.  Ежелгі  Грекияда  қабылданған  терминология  едәуір  өзгерді  және 
бүгін көбінесе басқа  мағынаға ие. Десек те Аристотельдің гректің шағын қа- 
ла-мемлекетіне  көзқарастарын  қарастырғанда  заманауи  жергілікті  демок- 
ратиямен  көптеген  ұқсастықтарды  байқауға  болады.  Өз  аумағының  бере- 
келі болуына жауапты  муниципалитеттердің маңыздылығы,  қазіргі заманғы 
Еуропалық Одақтың белгілерінің бірі ретінде атап көрсетілетін «субсидиарлық 
принципі» -  осының бәрі Аристотельді  ерекше  қызықтырған  жайлар болды. 
¥лы  философ ойларының тереңіне үңілу.біз үшін  өте  пайдалы.
Аристотель  бос  уақыттың  пайда  болуы  адами  қадір-қасиеттерді  дамы- 
туға  және  идея  алмасуына  мүмкіндік  береді  деп  санады.  Осылайша  еркін 
азаматтарда  мемлекет істерімен  айналысатын,  сот жүйесін  басқаруға,  мем- 
лекетті  соғыс  кезінде  қорғауға  қажетті  уақыт  пайда  болады.  Бірақ  бос уа- 
қыттың ең жоғары  мәні деп сіз нені түсінесіз?  Мемлекетті  кім  меңгеруі,  қор- 
ғауы  тиіс?  Сот  жүйесін  кім  басқаруы  қажет?  Ол  адамдарға  кім  және  қалай 
қолдау  көрсетуі  керек?
Аристотельдің  түсініктері  мен  теориялары  еуропалық  санада  өте  ұзақ 
уақыт  үстемдік  құрды.  Бірақ  бұл  Аристотельдің  өзінің  кінәсі  емес.  Басты 
себеп  -  кейінгі  ойшылдардың ол  салған  жолмен  жүруден  бас тартып,  Кант 
(9-тарауды  қараңыз)  атап өткен догмалық уйқыға  батуы.
Аристотельден кейін
Аристотель  философиялық  ойдың  өзінен  кейінгі  бүкіл  даму  тарихына  зор 
эсер  етті.  Оның  Ликейі  Рим  империясы  христиандықты  қабылдағанға  дейін 
өмір  сүрді.  Осыдан  соң  көп  ұзамай  Ликейді  пұтқа  табыну  ілімінің  орталығы 
деп санап, жапты.  Платонның еңбектерін зерттеу жалғаса берді; оның еңбек- 
тері  өз дамуының бастауында тұрған христиандық ойдың теориялық негізіне 
айналды. Аристотельдің көптеген туындылары, әсіресе логика туралы еңбек- 
тері  біржола жоғалды.  Ерте ортағасырлық университеттерде ойшылдар сан- 
даған  ғасыр  бұрын  Аристотель  тап  болған  мәселелерді  шешуге  шама-шар- 
қы  жеткенше тырысты.  Оның еңбектері  араб дүниесінде жоғары  бағаланды. 
Бағдаттың  аса  маңызды  оқу  орталықтары  осы  ұлы  философтың  еңбектерін 
көптеген жылдар бойы ұқыптылықпен, аялай сақтады.  Шын  мәнінде Аристо-

48
тельдің  философиясы  Батыс  және  араб  дүниесі  ғалымдары  арасында  өзара 
тығыз  байланыс  пайда  болғанға  дейін  христиандық  Еуропаға  беймәлім  боп 
келді.  Бұл  байланыстар,  негізінен,  Испаниядағы  араб  өркениетінің  ірі  орта- 
лықтарында  пайда болды.
Британ философы  Бертран Рассел (1872-1970) грек философиясына құр- 
метпен  қарап, тіпті  ырымшылдықпен  қастер тұту керек деген болатын.  Бірақ 
ол  грек философтарының ойлау тәсілі ғылымидан  гөрі  абстрактілі  болғанын 
түсінді:  гректер өз ой-толғаныстарында  теріске  шығару мүмкін  емес,  өзінен- 
өзі түсінікті нәрселерге жүгінуді жөн көрді, яғни жаңа нақты жағдайларды ай- 
қындауды талап ететін  ойлаудың  индуктивті тәсілінен дедуктивті тәсілін жо- 
ғары  қойды.  Десек те  гректердің  арқасында  геометрия  пайда  болды,  онсыз 
заманауи  ғылымның  болуы  мүмкін  емес  еді.  Олар  қазіргі  заманғы  филосо- 
фияда басымдық алып отырған барлық дерлік гипотезалар мен теорияларды 
жасады.  Гректердің  арқасында  дін  мен  рационалды  ойлау  мидай  араласты, 
олар адамгершілікті  негізге алған ұмтылыстар мен логиканы үйлестірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет