Бағдарламасы аясында іске асырылды derek johnston a brief history of philosophy from socrates to derrida



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата08.11.2019
өлшемі6,72 Mb.
#51421
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

3. Эпикур мен Зенон: 
жақсы өмірдің сыры
Эпикур  мен  Зенон -   грек философиясының  кейінгі  кезеңінің  өкілдері.  Олар- 
дың  әрқайсысы  мыңжылдықтар  бойы  кеңінен  тараған  ағымның  бастауында 
тұрды.  Оларды,  шамалап  айтқанда,  замандас  деуге  болар  еді.  Эпикур  эпи- 
курлік  (кейде  гедонизм)  деген  атпен  белгілі  ағымның  негізін  қалады,  бірақ 
іс  жүзінде  бул  ағымның  ой-түжырымдарын,  болжамдарын  бүгінгінің  адамы 
қолданбайды.  Эпикурдің  кейінгі  ізбасарлары  оның  алғашқы  іліміне  аз  ғана 
өзгерістер  енгізді.  Зенон  -   біз  стоицизм  деп  атап  үйренген  философиялық 
ағымның  бастауында  тұрған  адам.  Бұл  ағым  заманында  өте  белгілі  болды 
және көптеген ойшылдардың көзқарастарына ықпалын тигізді. Тарихта стои- 
цизмнің көптеген нұсқалары  мен түрлері болды.  Осы екі ойшыл да этиканың 
дамуына елеулі үлес қосты.
Гедонизм
Гедонизм  -  ләззатты  бірден-бір  игілік деп  түсінетін  ілім.  Платон  жақсы  өмір 
ләззат алуға байланысты деген ойға қарсы шықты. Аристотель ләззат -  адам- 
ның  бойында  бақыт  сезімінің  туындауына  әкелуі  керек  деп  есептеді.  Гедо­
низм болса, адамның өмірінде ләззаттан басқа  игілік жоқ деп тұжырымдады. 
Эпикур  философиялық  ілімі  адам  қарапайым  тіршілік  кеше отырып,  өмірден 
қалайша  ләззат алуға болатынын  үйретеді.  Егер  сіз  шектен  шығар мінез-құ- 
лықтан рақат тапсаңыз, онда өзіңізге ауру табатыныңызға күмән жоқ:  ішімдік 
ішіп  рақаттанғанда  ынсапсыздық  танытсаңыз,  басыңыз  ауырып  азап  шеге- 
сіз.  Эпикур  ілімі  бізге  шат  өмір  туралы  айтады,  сонымен  қатар  сондай  өмір 
салтының жағымсыз салдары  мен  теріс жақтарынан  аулақ  болуды  үйретеді. 
Ол -  адамды түрлі азаптан алыс жүруге шақыруға бағытталған ілім. Гедонизм 
ілімі  бойынша,  адам  рақаттанған  соң азапқа жетелеуі  мүмкін ләззат тәсілде- 
рін  іздемеуі тиіс.
4-263

50
Стоицизм
Христиан діні пайда болғанға дейін стоицизм ежелгі дүниенің ең ықпалды эти- 
калық ілімі болды. Стоицизм 
қулды рауш ы  
және хаосқа батушы дүниеде адам- 
дарға  құтылу  мен  құтқару жолын  көрсетеді.  Ізгілік  пен  зұлымдық -  адамның 
өзіне  байланысты.  Біреулер  сіздің  үстіңізден  билік  жүргізуі  мүмкін.  Ол  адам- 
дар сізді қинап, түрмеге қамауы  немесе құлдыққа сатып жіберуі мүмкін, бірақ 
сіз билік пен күштің сыртқы көріністеріне мүлде мән бермесеңіз, сізге ешкім де 
үстемдік етіп, билігін жүргізе алмайды. Ізгі қасиеттер -  адамның ерік күшінде, 
ерік күші  қандай екеніне қарай,  адам  мейірбан немесе зұлым бола алады.
Эпикур
Өмірі
Эпикур  б.д.д.  342  жылы  Егей  теңізінің  Түркия  жағалауындағы  грек  аралы  -  
Самоста  дүние  есігін  ашты.  Афинаға  ол  18  жасында  әскери  қызметін  өтеу 
үшін  келді.  Эпикур  гректің  турлі  қалаларында  көптеген  ұстаздардан  білім 
алды.  Жасы  отызды  орталағанда  ол  Афинаға  тұрақтау  үшін  қайта  оралып, 
сол жерде өзінің философиялық мектебін ашты.
Бұл  мектеп  әдеттегіден  өзгеше болды.  Оны  қала  шуынан  қорғайтын  бақ 
қоршап тұрды.  Эпикур бұл  мектепті  ізбасарларына  мұра етіп қалдырды.  Шә- 
кірттері  оны  көзінің  тірісінде  ұстаз  тұтып,  құрметтеп,  қастерлейтін.  Оның 
ілімдері  мен  сөздерін жатқа айтатын.  Ұстаздың жазғандарын өзгерту немесе 
оларға күмәндану сатқындық саналатын.  Философ үшін бұл  нағыз сор еді.
Эпикурдің  сақталған  еңбектері  өте  аз.  Антикалық  бір  автор  Эпикур 
300-ден аса  кітап жазды деп тұжырымдағанымен,  бізге  олардың аз ғана бө- 
лігі  жетті.  Біз  сүйенетін  басты  дереккөз,  Эпикур  ілімінің  куәгері  -   Рим  акы­
ны  Лукреций  (б.д.д.  91-51  жылдар).  Оның  поэмасында  философтың  содан 
үш жүз жыл бұрын жазған еңбектерінен  ішінара өзгертілген  кейбір үзінділер 
бар.  Эпикур  ілімінің Лукреций  шығармаларында  көрініс тапқан  негізгі  идея- 
сы  -   адамдар  жан  тыныштығына  умтылып,  өлім  мен  Құдайлар  алдындағы 
үрейден арылуы тиіс.
Өмірінің соңында  Эпикур  қатты  ауырды.  Дертінің жанына  батқанына  қа- 
рамастан, таңғаларлық сергектігі мен өмірсүйгіштігінің арқасында тән азабын 
бәсеңдетті.  Талқаны  таусылар  сәт жақындағанда  философ  алғашқы  шәкірт-

Эпикур

52
терінің  бірі  Метродордың  балаларын  біреу  қамқорлыққа  алса  деген  тілегін 
айтты. Эпикурдің мектебі мектептен гөрі өзара түсіністік пен достық салтанат 
құрған  қоғамдастыққа  көбірек ұқсайтын.  Кез келген  адам  әлеуметтік жағда- 
йына  және  қоғаидағы  орнына  қарамастан  Эпикурдың  шәкірті  бола  алатын. 
Бұл  мектеп-қауымдастық  шәкірттерді,  достарды,  олардың  балаларын  ғана 
емес, құлдар мен жалшыларды да біріктірді. Тұрмыс салты өте қарапайым да 
қатаң  болды.  Қоғамдастық  мүшелері  көбіне  нан  мен  суды  қанағат тұтатын. 
Мектеп  тұрғындары  тойлауға  шынымен  дайын  екенін  саналы  түрде  түсін- 
генде ғана  ірімшік  берілетін  (мұндай  диетаның  салдары  ұстаздың әлсіз ден- 
саулығынан  да  жиі  байқалатын).  Эпикур  б.д.д  270  жылы  дүниеден  өтті.  Ол 
ешқашан үйленбеді.
Оның теориясын төменде егжей-тегжейлі  қарастыратынымызға  қарамас- 
тан, Эпикур бізге өте сақ, тәуекелге қабілетсіз, жасқаншақ және өте эгоцент­
рист адам болып көрінетінін атап өту керек. (Ол біздің дәуірімізде өмір сүрсе, 
қаржысының бәрін сақтандыруға жұмсап, өмірдің қызық-қуанышына  көп  мән 
бермес еді.)
Ойлары
Рақат
Эпикур философиясының негізгі идеясы адамның ақылға жүгініп, байыпты, ты- 
ныш өмір сүруіне бағытталған. Философ рақаттану сезіміне ерекше мән береді. 
Бұған  адамның  көңіліне  ұнаиды  барлық  рақат  кіреді:  дәм  сезу,  түйсіну,  есгу, 
көру және иіс сезу.  Ең басты  рақат -  қарын  рақаты.  Ақыл-ой  рақаты -  екінші. 
Эпикурдің пікірінше, ең басты рухани ләззат -  тән рахаты және сезім қуанышы.
Осы  ұстанымның  маңызды  ерекшелігі  -  ауруды  елемеу арқылы  рақатта- 
нуға болады. Десек те ізгі адам -  рақатқа ұмтылып, адамгершіліктен аттамау 
керек  екенін  айтады.  Өзгелердің  назарынан,  шектеулі  пікірінен  қорықпай 
әрекет ету адамның әділдігін  көрсетеді.
Белсенді және самарқау рақаттар
Алғашқы  гедонистер  өздерінің  пайымдау үдерістерінде  белсенді  (динамика- 
лык) және самарқау (статикалық)  рақат ұғымдарын  қолданды. Адам қалаған 
мақсатына  жеткенде белсенді ләззат алады деп тұжырымдады.  Егер адамда 
бірдеңе  жетіспесе,  соны  қалайтын  жан  ауруы  пайда  болады.  Гедонистердің

Эпикур мен Зенон:  жаңсы өмірдің сыры
53
пікірі  бойынша,  адам  рухы  қалыпты  күйде болғанда  самарқау ләззат алады. 
Белсенді ләззат адам  қатты  шөлдеп,  су ішкенде байқалады.  Шөлдемей-ақ су 
ішкендегі  күй -  самарқау ләззат.
Эпикур  ең жақсысы  самарқау ләззат  күйі  деген  пікірге бейімірек болды. 
Оның  пікірінше,  бұл  -   бейкүнә  хал,  адам  самарқау  рақаттанып  отырғанда, 
әлденені  қалап,  бас ауыртпайды.  Осылайша Эпикурдің  пікірінше,  кез  келген 
адам  қалауды  қанағаттандырудың  мүмкін  еместігінен  туындайтын  азаппен 
ешқандай байланысы жоқ самарқау ләззатқа ұмтылуы тиіс еді.  Эпикур әрқа- 
шан рақаттанудағы ұстамдылыққа ұмтылды, оны күшті әсерлер қызықтырма- 
ды. Ол сексуалдық ләззатқа белсенді турде қарсы  шықты.  Бұл ләззат адамға 
жақсы ештеңе бермейді,  керісінше зияны басымырақ деп есептеді.
Азаптардан құтылу
Эпикур теориясының мәні -  адамның рақаттануы емес, азаптанбауы. Байлық, 
даңқ,  құрмет және табыс -  бәрі бекер;  олар сіз  рақаттануыңыз  мүмкін  кезде 
мазалайды.  Платон  мен  Аристотель  философияның  мәні  бұрын  белгісіз  боп 
келген  білімдерді  игеруде деп  білді.  Олардың түсінігі  бойынша,  философия- 
ның дамуы үшін математика және логика сияқты дәл ғылымдар қажет болды. 
Ал Эпикур үшін  философиямен  шұғылдануға  ойлаудың салиқалы  ақылға  не- 
гізделген  нақты әдістемесі ғана  қажет еді.
Эпикур  шәкірттеріне  мәдениетгің  кез  келген  формасын  қуаттаудан  қашу 
керек деп  кеңес берді.  Оның шәкірттері  қоғамдық өмірге қатыспауға тиіс еді. 
Мұның себебі қарапайым ғана. Мысалы, сіз белгілі бір табыстарға жетіп, басқа 
адамдардың  үстінен  билік  жүргізу  тетігіне  ие  болсаңыз,  сізді  көреалмаушы- 
лардың, тіпті зиянын тигізуге тырысушы адамдардың саны  көбейетіні сөзсіз.
Осы ережелерді ұстанған Эпикурдің бұл қадамын эгоизмге баласақ та, ол 
достықты  өте  жоғары  бағалағанын  айтуымыз  керек.  Бұл  оның  өз  достарын 
қорғап,  оларға  көмектесуге тырысқанынан  байқалады.  Ол  басқалардың аза- 
бын  өз  азабындай  сезініп,  адамдар  оның  философиясынан  жұбаныш тапқа- 
нын  шын  көңілімен  қалады.
Эпикур,  ең  алдымен,  үрейден  қүтылуға  тырысты.  Ол  үрейдің  екі  негізгі 
бастауын  бөліп  көрсетті:  Құдай алдындағы  үрей  және өлім  алдындағы  үрей. 
Ежелгі  гректердің  адам  өлгеннен  кейін  не  болатыны  туралы  түсініктері тым 
бұлдыр  болды.  Олар  оны  білгісі  де  келмеді.  Өлімді  бақыт  ретінде өте  сирек 
сипаттады.  О дүниеге  барып  келген  және  өздері  бұ дүниедегі  өмірде таныс 
болған  адамдарды  кездестірген  басты  кейіпкерлер  (мысалы,  Одиссей) тура­
лы  аңыздар  өлімді  жағымсыз  түрде  бейнеледі.  Барлық  діндер,  олардың  аз-

54
даған тобы  ғана  болмаса,  өлгендер бақыт таппайды деген  көзқарасты  ұста- 
нады.  Эпикур үшін дін -  жұбаныш  көзі  емес, үрейдің бастауы.  Адам ажалсыз 
болса, үрей  мен  аурудан ешқашан да  құтыла алмас еді.
Эпикурдің атомдық теориясы
Эпикур  материалист  болды.  Ол  дүниедегі  бар  зат  материядан  тұрады  деп 
есептеді.  Эпикурдің  пікірінше, дүние атом  мен  бос кеңістіктен жасалған.  Бос 
кеңістікке  тап  болған  атомдар  бір-бірімен  соқтығысып  жанасады  да,  объек- 
тілерге  айналады.  Эпикурдің  ойынша,  жан  да  материядан  тұрады.  Өлімнен 
кейін  жан  тәннен  бөлініп,  оның ұсақ  бөлшектері  бытырап  шашылып  кетеді. 
Эпикур  Құдайлардың  бар  екеніне  сенімді  болды.  Бірақ  Құдайлар  өздерінің 
ләззаттарынан рақаттанатын (немесе азап шегетін) ақылды гедонистер сияқ- 
ты  болып  көрінді.  Эпикур  олар  адамдардың  істеріне  араласпай,  қоғамдық 
өмірден  өздерін  саналы  түрде  аулақ  ұстады  деп  есептеді.  Демек,  адамның 
Құдайлардан  қорқуының мүлдем  негізі болған жоқ.
Түйін
Гедонизмнің іргелі идеялары екі бастауға  негізделген.  Бірінші бастау- адам- 
ның іс-әрекеттерін психологиялық турғыдан сипаттау: адам қандай болса да, 
оның  іс-әрекеті  рақаттануға ұмтылысынан туындайды.  Осылайша  егер әлде- 
кім  жаны  сүйген  адамдары  үшін  қандай да  бір  құрбандыққа  барса,  оны  бұл 
қадамға жетелейтін -  «осының бәрі сол  адамдардың қауіпсіздігі үшін  керек» 
деген ойдан туатын ләззат. Эпикур теориясының екінші бастауы -  адам рақат 
алуға ұмтылуы тиіс деген  пікір.  Рақат -  бірден-бір  маңызды  құндылық.
Тұраңты және инструменталды  құндылыңтар
Мен  бірдеңені  бағалаймын,  себебі  оны  алғым  келеді  делік.  Яғни  мен  белгілі  бір 
мақсатымның бар екеніне сенімдімін.  Бұл -  тұрақты  құндылық.  Өзіме белгілі  бір 
мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін  нәрсені бағаласам, онда ол -  инструменталды 
қүндылық.  Бұл  -   белгіленген  мақсатыма  жетуге  мүмкіндік  беретін  инструмент, 
құрал.  Егер  мен  футбол  ойнағанды  қатты  жақсы  көрсем,  онда  бұл  ойын  мен 
үшін  -   тұрақты  құндылық.  Қысқы  кештерде  аптасына  үш  рет  жаттығу  -   ойын 
сапасының деңгейін  көтеруге және ұйымшыл команда қалыптастыруға бағыттал- 
ған тәсіл.  Бұл жағдайда жаттығулар -  инструменталды  қүндылық.

Эпикур мен Зенон:  жаңсы өмірдің сыры
55
Гедонизм  адамның  кез  келген  саналы  іс-әрекетінің  жалғыз  себебін  мей- 
лінше  дәл  атайды.  Кез  келген  іс-әрекет  пен  кез  келген  қылықтың  тұрақты 
және  инструменталды  құндылықтарға  ие белгілі  мақсаттары  бар,  Осылайша 
адамның  бүкіл  саналы  іс-әрекетін  жалғыз  ғана  мақсат  түсіндіре  алады:  кез 
келген адам ақыр соңында ләззат алуға ұмтылады. Сіз келісесіз бе? Адамдар- 
дың барлық іс-әрекетін түсіндіре алатын басқа ниеттерді атай аласыз ба? Сіз 
ұсынған тізім  қаншалықты  көлемді?
Ләззат  алуға  ұмтылу  кез  келген  адам  әрекетінің  басты  себебі  ме?  Егер 
адам  табысқа  жету  үшін  ерінбей-жалықпай  еңбектенсе,  табыс  осы  адамға 
ләззат  беретін  нәрсе  деуге  болады.  Бірақ  сол  адам,  басқасын  айтпағанның 
өзінде, үйленіп,  отбасын  құрса, осының бәрі жалғыз ғана  мақсат үшін -  ләз- 
зат алу үшін  немесе тіпті  (жекелеген жағдайларда) табысқа жету үшін деге- 
німіз дұрыс болар ма  екен?  Мүмкін,  адам әрекеттерін анықтайтын  мақсаттар 
бұдан  күрделілеу шығар?
Егер біз осындай теорияға терең бойлағымыз келіп, бір адам үшін  рақат, 
мәселен, -  өмірде табысқа жету,  екінші адам үшін -  ақша,  үшінші біреу үшін 
сексуалды  ләззат  десек,  онда  бұл  адамның  іс-әрекетін  бағалауда  еркіндік 
принципін  ұстанғанымыз  болар  еді.  Мұндай  жағдайда  біз  адам  өзіне  не  ка­
жет болса,  соны  алғысы  келеді деп  қайталаймыз да  қоямыз.  Бірақ  адамның 
қалауы  ақыр  соңында  этикалық  сананың  тарылуына  әкеледі  ғой.  Ал  бізде 
этикалық сана бар.  Мұның басты себебі -  біз елсіз аралда өмір сүрмейміз, қо- 
ғамнан  ажырамағанбыз.  Бізде этикалық  сана  бар,  себебі  басқа  адамдардың 
арасындамыз, социумде өмір сүреміз.  Не істеуім  керек? Бұл  қылығым туралы 
басқалар  не  ойлайды? Айналамдағы  адамдар  не  істегені дұрыс?  Осы  сұрақ- 
тардың бәрі бір-бірімен байланысты.
Осының бәрін ескере келгенде, гедонизм -  адамның іс-әрекетінің жай ғана 
сипаттамасы емес.  Бұл -  адамның қандай да бір жағдайда қалай әрекет етуі қа- 
жеттігі туралы  бағалама  пайым.  Гедонизм лайықты және берекелі өмір дегені- 
міз -  рақатқа толы өмір, оған жету үшін әрекеттену қажет дейді. Эпикур кейбір 
ләззаттар азап шегумен тығыз байланысты деп тұжырымдады.  Мысалы, темекі 
шегу -   әдетке  айналып  кететін  ләззат.  Қалай  ойлайсыз,  әдеттенуді  азаптану 
(шылымқорлар темекісіз өмір сүре алмайды) деп атауға бола  ма? Оның үстіне, 
шылымқор  басқа  адамдарға  да  зиянын  тигізуі  мүмкін.  Егер  шылым  шегу  мен 
үшін рақат болса,  мұны жақсы өмір -  ләззатқа толы өмір деп айта алмаймыз.
Ләззатқа толы өмір көбіне ләззатпен қатар жүретін азаптан бөлек қарас- 
тырылмайды.  Басқасын айтпағанда,  біздің белгілі  бір  міндеттеріміз,  сонымен 
қатар рақаттарымыз да бар.  Бұл  міндеттер бізді жалықтырып,  шаршатып жі- 
беруі  мүмкін.  Адам  азаптан  қашу  үшін  міндеттерінен  бас тарта  ала  ма?  Сіз

56
салық төлеуден туындайтын азаптардан  құтылғыңыз келіп  немесе салық тө- 
лемей  рақаттанғыңыз  келіп,  салық жинаушы сізден  ақша талап етпеу тиісті- 
гін дәлелдеген кездеріңіз болды ма? Қалай ойлайсыз, ол сізге не айта алады? 
Салық салуды ол этикалық тұрғыдан  қалай ақтаған болар еді?
Эпикурдің  гедонизмі  Иеремия  Бентам  (1748-1832)  мен  Джон  Стюарт 
Милльдің (1806-1873) этикалық ілімдерінен  көрініс тапты.  Кейде бұл  ілімдер 
этикалық гедонизм (утилитаризм ретінде көбірек танымал) деп аталады.  Бұл 
ілімдердің негізі -  «көпшіліктің барынша  көбірек бақыты» деп  аталатын  эти- 
калық теория.  Бұл теорияның кейбір бағыттары адамның іс-әрекеттерін олар 
алған  ләззат  пен  азаптың  сапалық  және  сандык,  көрсеткіштері  тұрғысынан 
қарастырып,  бағалауға ұмтылды.
Адам  шын  мәнінде бақыт пен  рақатқа жете ала  ма?  Қазіргі  заманғы  пси­
хология  бақыт  дегеніміз  басқа  мақсаттарға  жетумен  қатарласа  жүретін  се- 
зім  деген  пікірді  ұстанады.  Біз  мақсатқа  жету  жолында  қажыр-қайратымыз- 
ды  жұмсаймыз,  бірақ  рақат  пен  бақыт туралы  ойланбаймыз да.  Алға  қойған 
мақсаттарымызға жету үшін  қандай да  бір іс-әрекеттер жасаған  кезде нағыз 
бақытты  болғанымызды  кейін  ғана  түсінеміз.  Бірақ  біз ләззат  алуды  мақсат 
еткен  жоқпыз ғой.  Бұл жағдайда  өзіміз саналы түрде алуға тырыспаған ләз- 
зат бізге белгісіз бір марапат ретінде келді.
Метафизика -  болмысты бар болу тұрғысынан зерттеу; бар нәрсенің мәні тура­
лы  пайымдаулар;  алғашқы себептер мен  принциптерді зерделеу;  бізді  қоршаған 
нақты  дүниені  рационалды  тану;  адамды  қоршаған  заттар,  олардың  тереңдігі 
мен  мәні туралы  рационалды білім.
Логика  -  дұрыс,  жүйелі  және  байланыстыра  ойлауды  қамтамасыз  ететін  тәсіл- 
дер мен әдістер туралы  ілім.
Материализм  -  дүниеде  материядан  басқа  ештеңе  өмір  сүрмейді,  адам  ойла- 
рының,  сезімдерінің  немесе  жігерінің  бәрі  олардың  физикалық  нақты  дүниемен 
байланысы тұрғысынан түсіндіріледі деген болжамға  негізделген философиялық 
теория.
Этика -  адам өміріндегі дұрыс пен бұрыс істі түсінуге негізделетін  принциптер ту­
ралы ілім.  Этика «ізгілік»,  «міндет» және «парыз» сияқты ұғымдарды  қолданады.
Өмір шежіресі
(Барлық даталар -  б.д.д.)
350  ж.  -   Понттан  шыққан  Гераклид  Жер  өзінің  осін  айналады  деген  болжам 
жасады

Зенон:_жаңсы_өмірдің_сыры_57'>Эпикур мен Зенон: жаңсы өмірдің сыры
57
342 ж.  -  Эпикур дүниеге келді 
336 ж.  -  Зенон дүниеге  келді
332 ж.  -  Александр  Македонский  III Дарийді  Исстегі  шайқаста жеңді 
324 ж.  -  Эпикур Афинаға  келді
321  ж. -  Александр  Македонскийдің империясын оның серіктестері  бөліп алды
316 ж. -  Зенон Афинаға  келді
307 ж. -  Эпикур Афинада өзінің мектебін ашты
300 ж. -  Зенон Афинада  өзінің мектебінің  негізін  қалады
299 ж. -  Екклесиаст ежелгі  өсиет кітабы
285 ж.  -  Фарос аралындағы Александрия  шамшырағының қурылысы 
270 ж. -  Эпикурдің өлімі
269 ж. -  алғашқы  Рим  күміс ақшасы  шыға бастады 
264 ж. -  Зенонның өлімі
264 ж. -  Рим  мен  Карфаген арасындағы  бірінші  Пун соғысы
250  ж.  -   Архимедтің  тетік  заңы;  Эратосфеннің  меридиан  ұзындығын  анықтауы;
Самостан  шыққан Аристархтың Жер  Күнді айналады деген болжамы
Зенон
Өмірі
Зенон  стоицизм  мектебінің  негізін  қалады.  Ол  Кипрде  шамамен  б.д.д. 
336 жылы дүниеге келді. Тегі бойынша Зенон финикиялық саналады. Афина­
да  б.д.д.  264 жылы  дүниеден  өтті.  Әкесі саудамен  айналысты,  Зенонның өзі 
де  белгілі  бір  уақыт  әкесімен  бірге  жұмыс  істеген  сияқты.  Афинаға  жиырма 
жасында келді. Зенон Платон мен Ксенофонттың Сократ туралы мәліметтерді 
қамтыған  еңбектерін  оқыды  және  осы  ұлы  философ  жайындағы  естеліктер- 
ден  ерекше  эсер  алды.  Оны  Сократтың  сот  кезіндегі  беріктігі,  өлімге  кесу 
үкімін естігендегі  шексіз  сабырлылығы,  байлыққа  менсінбей  қарауы  және бұ 
дүние игіліктеріне  немқұрайдылығы  айрықша таңдандырды.
Зенонды  циниктердің философиясы да  қызықтырды.  Десек те ол Афина- 
ның  философиядан  сабақ  беретін  көптеген  данышпандарынан  тәлім  алды, 
ақыр  соңында  отыз  бес  жасында  философиялық  мектебін  құрды.  Оның ең- 
бектерінің аздаған үзінділері ғана сақталып, бізге жетті. Стоицизм сөзі гректің 
«stoa» сөзінен шыққан, ол «бастырма» (ғимаратқа кіреберістегі төбесі жабық 
алаң) дегенді  білдіреді.  Зенон  Афинадағы  ізбасарларын  «stoa  роіісііе»  неме- 
се  безендірілген  бастырма  деп  аталатын  галереяның  көлеңкесінде  оқытты.

58
Стоицизмнің  бірииама  ұзақ  және  алуан  түрлі  тарихы  бар.  Кейінірек оны  Рим 
философтары да тез қабылдады.
Зенонның жеке өмірі  туралы  біз тым  аз білеміз.  Қолда  бар  мәліметтерге 
қарағанда,  ол  өз-өзіне қол салған.
Ойлары
Стоицизмнің  Эпикур  ілімінен  айырмашылығы  -  тарихта  оның түрлі  нұсқала- 
ры  болды;  стоицизмнің  аясында  одан  әртүрлі  философиялық  бағыттар  мен 
ағымдар бөлініп  шықты.  Стоиктер  ілімінің бастапқы формасы  барынша  өзге- 
ріп отырды, осы өзгерістерді шектейтін қатаң шеңберлер де аса байқалмады. 
Стоицизмнің әртүрлі бағыттарының даму үдерістерін талқылау тарихын жеке 
тақырып  қылуымызға  болады.  Біз  үшін  Зенон  ілімінің  негіздерін  ғана  қарас- 
тыру жеткілікті.
Материализм
Зенон  метафизикалық  абстракциялармен  айналысқан  жоқ.  Ол  материа­
лист  болды  және  сезімдері  арқылы  алған  дәлелді  білімдерге  ешқашан  кү- 
мәнданбады.  Нақты  өмір,  Құдай,  ізгі  қасиеттер,  әділеттілік  -   мұның  бәрі 
қатты  және  материалды.  Бұл  аздап  қисынсыздау  да  секілді.  Бірақ  осыған 
қарамастан  біз  Зенон  материалист  болды  деп  тұжырымдай  аламыз.  Оның 
ілімінің бұрыстығына  сендіруге бағытталған  кез келген талпыныс лайықты 
жауабын  алып  отырды.  Алайда  философ  үшін  бүл  жағы  мүлдем  маңызды 
емес еді.
Стоицизмнің  физика  туралы  ілімі  қазіргі  уақытта  аса  маңызды  емес.  Бі- 
рақ  стоиктердің  физика  туралы  түсініктері  антика  дәуірі  адамдарының  қа- 
лай  ойлағанын  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Стоиктердің  көзқарасына  сәйкес, 
алғашқыда  дүниеде  тек  бір  элемент  -   от  қана  болды,  басқаларының  бәрі 
(ауа, су, жер) кейін  пайда болды. Зенон ілімінің маңызды ұғымдарының бірі -  
космологиялық  детерминизм.  Космологиялық  детерминизм  дүниеде  болып 
жатқанның бәрін болмыстың қатаң заңы анықтап отырады деп тұжырымдай- 
ды;  болғанның  бәрі  қайтадан  болады  -   оқиғалардың,  құбылыстардың және 
үдерістердің бәрі  цикл бойынша  қозғалады және бұл  цикл  шексіз.
Стоицизм философиясының мәні метафизикалық толғаныстар немесе та- 
ным  теориясы  емес-ті,  ол  жеке  адамдарға  қалай  жақсы  өмір  сүру  туралы 
кеңес  берді.  Әрине,  стоицизмнің  метафизикасы  мен  логикасының  алғашқы

Эпикур мен  Зенон: жақсы өмірдің сыры
59
нұсқалары  сақталмады,  олар  елеулі  өзгерістерге  ұшырады.  Бірақ  стоицизм 
этикасы  оның узаққа созылған тарихы барысында өте тұрақты болды.
Стоицизмдегі ізгі қасиеттер
Эпикур  философиясы  секілді  стоицизм  де  адам  өмірі  өзгермелі  және  баян- 
сыз деп  пайымдайды.  Ежелгі  гректер үшін үйреншікті ежелгі дүние келмеске 
кетіп,  билік басқалардың қолына өтті.  Барлық адамды өзіндік ерекшелігі бар 
кішігірім  қауымдастыққа  біріктірген  қала-мемлекеттердің  өмір  сүру  мерзімі 
аяқталды.  Қала-мемлекеттер  тәуелсіздігінен  айырылды,  уақыттың  әртүрлі 
кезеңдерінде  олар  зор  империялардың  құрамына  кірді.  Ескендір  Зұлқарна- 
йын  Батыста  (Шығыста  зор  империялардың  әлдеқайда  ерте  пайда  болғаны 
күмәнсіз) ұлы  империя  құрған  алғашқы адам болды.  Осы  жағдайларда стои­
цизм  ілімі  адамға  қандай  да  бір  сыртқы  ықпалға  немқұрайды  қараудың  қа- 
жеттілігін  көрсетуге бағытталды.
Стоиктер дүниені  бар затты түгел  көретін және бәрін білетін әлдене бас- 
қарады деді.  Болып жатқан  істің бәрінде қалай  болғанда да адамзатпен бай- 
ланысты  белгілі  бір  мақсат  бар.  Бәрін  жетектеуші  бастау -   Құдай;  дүниенің 
жаны  да  сол.  Құдіретті  оттың  ұшқындары  әрқайсысымызда  бар.  Кез  келген 
адам  өмірі  өз  мәніне,  өзінің  пайда  болуына  себепкер  табиғатқа  қарсы  кел- 
мегенде ғана  жақсы  болмақ.  Бірақ эр адам өз табиғатына бағынуы тиіс.  Ізгі- 
лік -  адам еркінің болмыстың табиғат орнатқан шеңберлеріне бағынуы.  Бірақ 
ізгілік -  мағынасы уақыт өте өзгерген сөз.  Ежелгі  гректер осы сөзді адамның 
ізгі  қасиеттерінің іс жүзінде көрінуі деген  мағынада қолданды.
Детерминизм және еркіндік
Міне,  енді  біз  стоицизм  философиясының  негізгі  идеясы  бір  уақытта  детер- 
минизммен де, адам еркіндігімен де байланысты екенін  көреміз. Әр адамның 
өмірінде  бар  жалғыз  құндылық  -   ізгілік  қана.  Денсаулық,  байлық,  бақыт- 
қа  ұмтылу -   мұның  бәрі  ізгілік болып  саналмайды.  Ізгі  қасиеттер адамның -  
еркінде.  Адам  кедей,  ауру,  қоғамы  қабылдамаған  жан  болуы  мүмкін,  бірақ 
бұл сыртқы жағдайлардың бәрі оған сырттай ғана эсер ете алады. Адам өзін 
жалған тілектерден  аулақ ұстап,  оларға  немқұрайды  қарай  алса  ғана толық 
еркіндікке  ие  боп  қалады.  Ешбір  сыртқы  күш  адамнан  оның  ізгі  қасиеттерін 
тартып ала алмайды.
Осылайша  стоицизм  бізге  ықпал  ететін  сыртқы  факторларға  немқұрай- 
ды  қарауға  үйретеді:  жақсылық  пен  жамандық  адамның  өзіне  байланысты.

60
Егер  кімде-кім  айналада  болып  жатқан  оқиғаларға  қалай  немқұрайды  қарау 
қажеттігін түсіне алса, сол оқиғалар оған билік жүргізіп,  ықпал ете алмайды. 
Адамның еркі ғана жаман немесе жақсы бола алады. Стоицизм ізгілік немесе 
зулымдық үшін  жауапкершілік толығымен  тұлғаның  өзіне  жүктелген деп  тұ- 
жырымдайды.  Онда өмір сүріп отырған адамның жаман немесе жақсы болта­
ны үшін  қоғамды  кінәлауға болмайды.
Стоицизмнің немқұрайдылығы
Стоицизмді  салқынқанды  философия  деуге  болды.  Оның  этикасы  -   немқұ- 
райдылық  этикасы.  Барлық  адами  құмарлықтар  айыпталады.  Стоицизм  бо- 
йынша,  адамның міндеті -  қоғамды  ізгілікке,  батылдыққа, батырлыққа үндеу 
үшін, әділеттілікті  қолдау үшін қоғамдық өмірге араласу. Адам ізгі  қасиеттер- 
ге ие болуы үшін осы міндеттерін дұрыс атқаруы тиіс.  Бірақ мұқтаж адамдар- 
ға  көмек  көрсету,  жалпыға  бірдей  бақытқа  жету  немесе  шығармашылықты, 
белсенді және мығым қоғам  қалыптастыру идеялары бұл көрініспен еш қиыс- 
пайды.
Десек  те  стоицизм  философиясын  ұстанған  адамдардың  көбі  қайырым- 
ды, жомарт және адамгершілігі жоғары адамдар болып  қана  қойған жоқ, бү- 
кіл  ғұмырларын  қоғамға  қызмет  етуге  арнады.  Мұндай  түлғалардың  арасы- 
нан белгілі Рим жазушысы Сенеканы (б.д.д. 3 -  б.д.65) және Рим императоры 
Марк Аврелийді  (б.д.  121-180) ерекше бөліп  көрсету қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет