Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым



бет1/15
Дата19.11.2019
өлшемі1.19 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Ф.М. Қоңыратбай, Т.Т. Сарыбаева

МУЗЫКА
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

үлгілік оқу бағдарламасы бойынша

педагогтерге арналған


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

министрлігі ұсынған

АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ


2019

1

Қоңыратбай Ф.М.


Музыка. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған./Ф.М. Қоңыратбай, Т.Т. Сарыбаева.
– Алматы: АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ, 2019. – 64 бет.

© Қоңыратбай Ф.М., Сарыбаева Т.Т., 2019


© «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 2019
2

ТҮСІНІКТЕМЕ



«Музыка» оқу-әдістемелік кешені жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарына сәйкес дайындалған:


    1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы




  • 604 бұйрығымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа методологиялық негізін анықтайды;




    1. 1 жастан 6(7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 ж. 10 қазандағы № 556 бұйрығымен бекітілген);




    1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.

ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – педагогтерге «Музыка» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ) жаңа педагогтік тәсілдерді жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар береді.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында «Музыка» ҰОҚ бойынша мынадай мақсаты мен міндеттері анықталған:

I жартыжылдық
Музыка тыңдау. Дағдыларды қалыптастыру:
Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту, қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру. Ұлттық, домбырада және қобызда орындалатын "күй" жанрымен таныстыру, күйші-композитор: күйші Құрманғазы, қобызшы Қорқыт шығармашылығымен таныстыру.
Ән айту. Дағдыларды қалыптастыру:
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық күйін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту. Қазақ халқының музыкасын қабылдау.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар. Дағдыларды қалыптастыру:
Музыка сипатын анық ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру жаттығуларын орындау.
Ойындар, хороводтар. Дағдыларды қалыптастыру:
Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: қол ұстасып, шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру, пьесаның аяқталуын белгілеу,
3

ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру.


Билер Дағдыларды қалыптастыру:
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру.
Би шығармашылығы. Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін мадақтау, мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау. Дағдыларды қалыптастыру: Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату. Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға

үйрету.
ІІ жартыжылдық


Музыка тыңдау. Дағдыларды қалыптастыру:
Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау. Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру, шығарманы сипаттай білу. Қазақстан композиторларының шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру.
Ән айту. Дағдыларды қалыптастыру:


  1. бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау;




  1. терция дыбыстарын ажырату, қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату;




  1. қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату;




  1. фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда ойнау.

Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс тыныс алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айту. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу.


Музыкалық-ырғақтық қимылдар, жаттығулар. Дағдыларды қалыптастыру:
Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, тізені көтеріп жүгіруді орындау, ұлттық би элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.

Ойындар, хороводтар. Дағдыларды қалыптастыру:
Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, баяу және көңілді, шаттықты би күйін мәнерлі жеткізу. Музыкаға сәйкес заттармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып, кеңістікте еркін бағдарлану: екі шеңбер, үлкен шеңберге тұру. Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету.
Билер Дағдыларды қалыптастыру:
Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау, би бейнелерін беру, бейнелік би қозғалыстарын қолдана отырып, әндерді сахналау.
4

Би шығармашылығы. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру.


Балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы. Дағдыларды қалыптастыру:
Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен қарқынын белгілеу. Жеңіл әуендерді ансамбльмен, балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.
ОӘК кешеніне:


  • Әдістемелік нұсқау,




  • Нота хрестоматиясы кіреді.

Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективалық жоспар және 72 ҰОҚ-ға арналған жоспарлар берілген.


«Музыка» ҰОҚ құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең ұйымдастыру кезеңі (жағымды эмоциялық көңіл күй қалыптастырып, ықыласын ояту, балалардың ұсынылып отырған ҰОҚ тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет).
Екінші кезең негізгі кезең.
Үшінші кезең рефлексия, қорытынды жасалады.
Баланың музыкалық мәдениетінің, эстетикалық талғамының, ұлттық сана-сезімдерінің қалыптасуына құдіретті әдемі тіл – музыка тілі жол салады. «Музыка» ҰОҚ көркем әдебиет, қоршаған ортамен де тығыз байланысты. Жылдың төрт мезгілінде кездесетін табиғат құбылыстарын, өзгерістерді ұғындыра, түсіндіре отырып, сол құбылыстарын музыка тілімен байланыстырады.
Әдістемелік нұсқауға қазақ композиторларының шығармалары енгізілді. Балалар өз ұлтымыздың әуенін тыңдап жетілсін деген ниетпен, жас деңгейлеріне лайықты, тақырыбы, музыкалық дауыс-диапазоны сай келетін қазақ композиторларының шығармаларын, оның ішінде Қ. Шілдебаев, Б. Дәлденбай, А. Тоқсанбаев, К. Қуатбаев, Е. Хасанғалиев, Б. Қыдырбекова, А. Райымқұлова, Е. Андосов шығармалары енгізілді.
Орыс композиторларының шығармалары әуенді қимыл-қозғалыстарға, тыңдауға,

қимылды ойындарға пайдаланылды. Негізінен Е. Тиличеева, М. Красев, М. Раухвергер,

Т. Ломова, А. Александров, В. Агафонников, А. Филиппенко, Т. Попатенко шығармалары

ұсынылды.


Ән жаттығулары, әуенді дидактикалық ойындар, қуыршақ, үстел үсті, саусақ театрлары енгізілген.
Ойын кезінде екі бөлімнен тұратын, сипаты әртүрлі музыкалық шығармалар алынды. Мысалы: «Айгөлек» ойыны, «Ән салған кім?» , «Етек-етек» қазақ халқының ұлттық ойыны, қазақтың ұлттық ойыны «Теңге алу», «Үш би» дидактикалық ойыны, «Мен күйшімін», «Шаңырақ» ойыны, «Жылдам құрастыр» ойыны, «Қояндар мен аю», «Күн мен түн», «Көбелек пен күшік» т.б. ойындар берілді. Балалар екі түрлі сипаттағы музыканы тыңдап, әуен сипатына сай қимылдар жасап дағдыланады.
Нота хрестоматиясы педагогке көмек ретінде ҰОҚ жүргізуге арналған. Хрестоматияда берілген материалдар алты бөлімнен тұрады: Музыка тыңдау, Ән айту, Музыкалық-ырғақтық қимылдар, билер, ойындар, хороводтар, Музыкалық аспапта ойнау.
Құрметпен, авторлар

5














Шығармашылық білім беру саласы







«МУЗЫКА» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ













ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ






















ҰОҚ

Сағат




ҰОҚ міндеттері







Репертуар

Тақырыбы

саны




























«Балабақша»
















«Білімің –

2

Мақсаты:

Музыка

сипатына сәйкес

ойын

Музыка тыңдау: «Қосалқа»

бұлағың»




әрекеттерін

орындау:

музыкалық

тіркестерге

Дәулеткерей

1-2




сәйкес қимылдарды өзгерту.










Ән айту: «Білімің – бұлағың»







Міндеттері: Домбырада

орындалатын

күй

(Т. Қоңыратбай)







жанрымен

таныстыру,

күйші-композитор

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:







Дәулеткерей

шығармашылығымен

таныстыру.

«Қояндар», «Аю», «Түлкі»,







Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс

«Қасқыр» (Т. Ломова)







келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен

Билер: «Жұптасу биі»







динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын,

( чех халық әуені)







қайырмасын ажыратуға үйрету. Балалардың

Ойындар, хороводтар:







музыкаға деген құштарлығын арттыру.




«Айгөлек» қазақтың халық әні

























(өңдеген Б. Қыдырбекова)

«Нота

2

Мақсаты:

Шығармалардың

эмоциялық

Музыка тыңдау:

үйренейік»




мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін, әсерлі

«Гүлдерайым» қазақтың халық әні

3-4




реңктерін ажырату.













(өңдеген Т. Қоңыратбай).







Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын

Ән айту:







дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен

«До-ре-ми» (Ө. Байділдаев),







динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын,

«Білімің – бұлағың» (Т. Қоңыратбай)







қайырмасын ажырату. Музыка сипатына сәйкес

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:







ойын әрекеттерін орындау. Музыка сипатын

«Марш» (В. Дешевов)







анықырғақты,ширақжүріспенберу.

Билер:







Балалардың

музыкаға

деген қызығушылығын

«Жұптасу биі» (чех халық әуені)







арттыру.
















Ойындар, хороводтар:

























«Сиқырлы ағаш» («Дидактикалық

























ойындар» жинағынан)

























Музыкалық аспапта ойнау:



















6








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет