БАҒдарламасы келісілді гпи директоры Абиев Б. К



бет1/9
Дата01.03.2020
өлшемі0,9 Mb.
#59320
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
психологиялық-педагогикалық практика ПМНО

Ф.4.029-02

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

Педагогика және психология, дене шынықтыру, спорт секциясы кафедрасы




БЕКІТЕМІН

ОжТЖ жөніндегі проректор

Сарсембаев Д.Ж.

«____» ________20___г.




5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығына арналған

психологиялық-педагогикалық тәжірибе



БАҒДАРЛАМАСЫ








КЕЛІСІЛДІ

ГПИ директоры

Абиев Б.К. ___________

«___» ________ 20__ж.




КЕЛІСІЛДІ

ГПИ ҒӘК төрайымы Сыздыкова А.К._________

«___» ___________ 20__ж.


Кафедра отырысында каралып, талқыланды

(хаттама №__,______)

Каф.меңг. Абитаева Р.Ш.

«____» __________20__ж.


Жезқазған, 2016

Бағдарлама психологиялық-педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының және практика базасы ретінде ұйымдарды анықтау негізінде құрастырылып, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген.
Құрастырушы: Мурзалиева Г.Б. ассистент
Кафедра отырысында каралып, талқыланды

«____» ___________ 20__ж., хаттама №___


ПжП ДШжС секциясымен

кафедрасының меңгерушісі ____________ ________________________



қолы аты-жөні
ГПИ ғылыми-әдістемелік комиссиясымен талқыланды

институттың аты


«____» ___________ 20__ж. хаттама № ___
ҒӘК төрағасы ________________ _________________________________

қолы аты-жөні
МАҚҰЛДАНДЫ:
ГПИ Директоры ____________ ________________________

қолы аты-жөні

«____»________ 20__ж.


Университеттің оқу-әдістемелік Кеңесімен мақұлданды:

«____»____________20__ж., хаттама № ___

МАЗМҰНЫ:


  1. Практиканың мақсаты мен міндеттері

  2. Оқу үрдісінде психологиялық-педагогикалық практиканың орнын анықтау

  3. Практиканың қорытындысына қойылатын талаптар

  4. Практиканың жалпы көлемі

  5. Практика мазмұны

  6. Практиканың ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтылуы

  7. Практиканы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

  8. Практикаға жетекшілік

  9. Студенттердің практика барысындағы құқықтары мен міндеттері



  1. Практиканың мақсаты мен міндеттері

Педагогикалық тәжірбие теория жүзінде алынған білімдерді және білім беру мен тәрбиелеудегі нақты бір міндеттерді болашақ мұғалім ретінде шешуге бағыталған.

Бастауыш сынып оқытушыларының өз кәсіби міндетін қалай атқаратынын бақылай отырып, студент бірінші курстың өзінде мұғалімнің шеберлігіне, тәрбие және білім беруде қолданатын әдістері мен тәсілдерімен, сондай-ақ оқушылар ұжымымен жұмыс істеу әдістерін, жеке баламен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысады.

Психологиялық-педагогикалық практиканың мақсаты: жалпы ғылыми, мәдени, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша алған білімдерін бекіту және тереңдету, теориялық білімдері негізінде педагогикалық іскерлік, дағды және құзіреттіліктерін қалыптастыру. Практика студенттің жалпы ғылыми, дидактикалық, пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындығын байланыстыруға бағытталған.

Психологиялық-педагогикалық практиканың міндеттері: студент-терді сынып жетекшілік қызметке баулу; білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының қазіргі жағдайын оқып-үйрету; ұжыммен, оқушылармен қарым-қатынас орнатуға үйрету; тәрбие жұмысының әдістемелерін пайдалануға үйрету; оқушылардың жасерекшелік және жеке ерекшеліктерін оқып-үйренудегі әдіс-тәсілдерін меңгерту; тәрбие мәселелері бойынша студенттердің педагогикалық рефлексиясын дамыту; болашақ педагогтарды кәсіби маңызды тұлғалық қабілеттерге тәрбиелеу.

Студенттің іскерлікті меңгеруі:

- сабақ, сыныптан тыс сабақтар және тәрбие шараларын жоспарлайды, сабақтың ( конспектісі) мәтінін, шаралар бағдарламасын жасайды;

- әдістемелік әдебиеттермен, оқу бағдарламаларымен жұмыс істеу, сабаққа ТҚО мен көрнекі құралдарды, материалды іріктеу;

- оқушылардың физикалық және психикалық дамуын ескеріп, мұғалімнің тиімді жұмыс түрлері мен әдістерін таңдауын бақылау;

- оқушылардың даму деңгейіне диагностика жүргізу;

- жеке қызметінің нәтижесіне өзіндік талдау және өзіндік баға беруді іске асыру;

- педагог-психолог ретінде өзін қалыптастыру;

- кәсіптік іс-әрекетте кәсіптік адекватты ұстанымдарды таңдау.


  1. Оқу үрдісінде психологиялық-педагогикалық практиканың орнын анықтау

Психологиялық-педагогикалық практика студенттерді болашақ бастауыш мұғалімдерін дайындауда педагогикалық тәжірибенің алғашқы кезеңі болып табылады. Педагогикалық-психологиялық пәндерді меңгеру барысында студенттер жалпы педагогикалық білімдер жүйесін меңгереді және педагогикалық бағыттағы ойлау жүйесін қалыптастырады. Практика барысы Жезқазған және Сәтпаев қалаларының жалпы білім беретін мектептерінде өтіледі.

Қала мектептері мен кафедра арасында келісім шарт жасалады. Кафедрада практиканы жүргізетін оқытушы-әдіскерлерін бекітіп, практиканың өту орнын анықтап, қызметтік хат жолданады.

Психологиялық-педагогикалық практика психологиялық және педагогикалық пәндердің базасы негізінде жүзеге асады. Студенттер оқытушылармен бірігіп, психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастыруды үйренеді.


  1. Практиканың қорытындысына қойылатын талаптар

Студент белгіленген уақыт мерзімінде келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

- практика күнделігі;

- жеке жұмыс жоспары;

- сабақтың жоспары;

- іс-шаралардың жоспары;

- жалпы есеп.

Практиканың қорытындысын шығару кафедрада конференция формасында жүргізіледі. Студенттер ортақ есеп дайындайды. Әрбір студенттердің тобынан орындалған жұмыстар бойынша баяндама әзірленеді, практика барысы талданады, психологиялық-педагогикалық практиканың мазмұнына өзгерістер мен ұсынымдар айтылады.

Студенттердің іс-әрекеттерін бағалау құжаттарды қарау, сабақтарға қатысуын талдау, бақылау негізінде жүргізіледі.

Білім алушының практика өту нәтижесінде қалыптасатын құзыреттіліктері



Түсінігі қалыптасу

  • кәсіби қызмет ерекшелігін және фунциялары туралы;

Білу

- әртүрлі білім беру орындарындағы психолог маманның іс-әрекетін реттейтін құжаттар мен құқықтық және заңнамалық актілерді білуі тиіс.



Істей алу

- психологиялық зерттеу жүргізуі, психологиялық-диагностикалық және коррекциялық жұмыстарды орындауы, жаңа технологияларды қолдана отырып, жаңа білімдерге ие болуы қажет.



Меңгеру

- кәсіптік іс-әрекетте қолданылатын ақпаратты компьютерлік әдіспен жинақтау, сақтау және талдау.



4 Практиканың жалпы көлемі
Кесте 1 – Практиканың өтілу мерзімі, ұзақтығы және көлемі


Практика түрі

Семестр

    1. Практиканың ұзақтығы, апталар

    1. Көлемі

    2. кредитпен

    1. Қорытынды есеп берудің түрі

Психологиялық-педагогикалық практика

3

1 апта

1 кредит

30 сағат


Қорытынды конференцияда есеп беру




  1. Практика мазмұны

Психологиялық-педагогикалық практикадағы студенттердің жұмысы мазмұны бойынша 4 кезеңге бөлінеді:

I кезең – дайындық-ұйымдастырушылық кезең. Студенттерді практикадан өтуге теориялық дайындау. Практиканың мақсат, міндеттерімен таныстыру, қорытынды құжаттарымен және практиканың бақылау мерзімдері туралы ақпараттар беру.

II кезең – негізгі. Ол кезеңнен тұрады: таныстық және кәсіптік-іс-әрекеттік. Бірінші аптада студент оқу орнымен танысады, өзіне бекітілген сыныпты бақылайды, сабақтарға қатысады, мектеп психологының жұмыс жоспарын көреді, сынып жетекшімен сыныппен өткізілетін барлық тәрбиелік шараларды талдайды. Алғашқы екі күнде практикант өзінің жеке жоспарын құрастырады, күнделік арнайды, топтық жетекшіге бекітуге береді.

Жұмыс кезеңі келесі 15 апталық уақытты қамтиды, келесі міндеттер орындалады: психология, педагогика бойынша тапсырмалар орындалады, тәрбиелік шаралар жасалады, стимулдық материалдар құрылады.

III кезең – қорытынды кезең, практика есебін құжаттау. Практика бойынша есепті рәсімдеу. Практиканың қорытындысын шығару. Қорытынды конференцияға қатысу.

IҮ кезең – практиканы қорғау.



р/н№


Практика бөлімдерінің атауы

Практика күндері, аптасы

Тапсырмалар

1

Дайындық-ұйымдастырушылық кезең

1.1

Тағайындау конференциясы. Пси-хологиялық-педагогикалық прак-тика бағдарламасының мақсаты-мен, міндеттерімен, мазмұнымен танысу

1 апта

Студент-практиканттар-дың құқықтарымен, мін-деттерімен танысу; прак-тика әдіскерінің, жетек-шісінің міндеттерімен танысу.

1.2

практиканттың жеке жоспарын дайындау

1 апта

1-қосымша

1.3

Мектеп жұмысының міндеттері мен негізгі бағыттарымен танысу.


1 апта

1. мектеп директоры, орынбасарлары және оқу жұмысымен танысу;

2. мектеп психологы мен әлеуметтік педагогымен танысу және әңгімелесу;

3. мектеп ішіне саяхат-тау;

4. студенттің жеке жұ-мысын жоспарлау.



2

Негізгі кезең

2.1

Психологиялық-педагогикалық іс-шара

2-3 апта

1. мектеп психологының жұмыс жоспарымен та-нысу;

2. ортақ әлеуметтік-психологиялық іс-шара-ларды құрастыру;

3. практика базасындағы педагог-психологтың, сынып жетекшінің, кеңес беруі;

4. педагог-психологпен бірге бірнеше (3 кем емес) ортақ әлеуметтік-психологиялық іс-шара-ларды өткізу.



2.2

Өзбетімен психологиялық-педагогикалық іс-шарады өткізу

4-5 апта

1. ортақ іс-шаралардың нәтижелерін практика жетекшісімен және педа-гог-психолог, әдіскердің қатысуымен талқылау.

2. жоспардың құрылу нәтижелерін практика жетекшісімен және педа-гог-психолог, әдіскердің қатысуымен талқылау.

3. өзбетімен практика базасында педагог-пси-хологтың және практика жетекшісінің қатысуы-мен психологиялық-пе-дагогикалық 3 кем емес іс-шараларды өткізу


3

Қорытынды кезең. Практика есебін құжаттау

3.1

Практика күнделігін рәсімдеу

12-13 апта

1. сынып жетекшіге жи-нақталған құжаттарды беру және мінездеме алу.

2. мектеп психологына жинақталған құжаттарды беру және мінездеме алу.



3.2

Практика құжаттарын рәсімдеу

14 апта

Практика есебін дайын-дау

4

Практиканы қорғау

4.1

Қорытынды конференция

15 апта

Есепті қорғау




  1. Практиканық ақпараттық және оқу- әдістемелік қамтылуы

Материалдық-техникалық қамтамасыздандыруы келесіні қамтиды: нормативті құжаттар;  номенклатура бойынша әдіскердің құжаттары; номенклатура бойынша әдістемелік бірлестік құжаттары; оқу-әдістемелік құжаттар (пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламалар, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар); есептер, нұсқаулар, оқытушылар әзірлеген әдістемелік құралдар, дәйектемелер; электрондық ақпараттар ресурстары  көрнекіліктер.

Техникалық құралдар: компьютер, принтер, ксерокс, сканер, проектор, экран. теледидар.


Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1. Н.И.Дереклеева, Справочник классного руководителя. 1-4-е классы: универс. метод. рук. для кл. рук.

нач. шк. / Н.И. Дереклеева. - М. : ВАКО, 2007. - 271 с.

2. В.И.Загвязинский, Теория обучения и воспитания: учебник для студ. учреждений высш. проф. образования / В.И. Загвязинский, И.Н. Емельянова. - М.: Издательский центр «Академия», 2012. - 256с.

3. Л.В.Корнева, Психологические основы педагогической практики : учеб. пособие для студентов вузов /Л.В. Корнева. - М: Владос, 2006. - 157, [1] с.

4. Методика воспитательной работы: учебник для студ. учреждений сред. проф. образования [В.П.Сергеева, Э.К. Никитина, М.Н. Недвецкая и др.]; под ред. В.П. Сергеевой. - 3-е изд.,стер. - М.:Издательский центр "Академия", 2013. - 368с.

5. Методика работы классного руководителя : учеб.- метод. пособие / авт.-сост.: М.Г. Худенева, Э.П.Бакшеева. - Сургут: РИО СурГПИ, 2004. - 221 с.

6. Практика по внеучебной воспитательной работе в начальной школе : метод. пособие для студентов по специальности 031200 - Педагогика и методика начального образования / Сургут. гос. пед. ун-т; сост. В.Л. Синебрюхова. - Сургут: РИО СурГПУ, 2005. - 74 с.

7. Воронова, Н.А.Теоретические и прикладные аспекты разработки концепции психологического сопровождения педагогической практики студентов / Н.А. Воронова// Вестник Сургутского государственного педагогического университета. - 2007. - № 1. - С. 118-129.

8. Воспитательный процесс: Изучение эффективности: Методические рекомендации / Под ред. Е.Н.Степанова. – М.: ТЦ Сфера, 2003. – 128с.

9. Гуцу, Елена Геннадьевна (Нижегородский государственный педагогический университет). Организация практики в условиях модернизации высшего профессионального педагогического образования[Текст] / Е. Г. Гуцу// Начальная школа плюс до и после. - 2011. - № 8 - С. 7-9.

10. Зайцева, И. Личностные достижения учащихся в воспитательной системе школы / И. Зайцева//Воспитательная работа в школе. - 2010. - № 4. - С. 39-42.

11. Куприянов, Б. Формы воспитательной работы с детским коллективом в деятельности классного руководителя // Воспитательная работа в школе. - 2005. - № 6. - С. 72-88.

Қосымша әдебиеттер:

12. Лепнева, О.А.,Тимошенко Е.А. Классный коллектив: технология формирования. Методическое пособие. М.: ООО «ЦГЛ», 2005. – 128с.

13. Максимов, В.Г.Педагогическая диагностика в школе: учеб. пособие для студентов вузов / В. Г. Максимов ; В.Г. Максимов ; ред. Е.А. Кречетова. - М.: Академия, 2002. - 272 с.

14. Организация педагогической практики в начальных классах: пособие для преподавателей вузов / под ред. П.Е. Решетникова. - М.: Владос, 2002. - 320 с.

15. Осмоловская, И.М Инновации и педагогическая практика / И.М. Осмоловская// Народное образование. - 2010. - № 6. - С. 182-188.

16. Педагогическая практика : учеб.-метод. пособие для студентов сред. пед. учеб. заведений по специальности № 0312 / под ред. Г.М. Коджаспировой, Л.В. Бориковой. - М.: Академия, 1998. - 139, [2] с.

17. Педагогическая практика в начальной школе : учеб. пособие для студентов ссузов / под ред. Г.М. Коджаспировой, Л.В. Бориковой. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Академия, 2000. - 272 с.

18. Симонов, В.П. Педагогическая практика в школе : учеб.-метод. пособие для преподавателей и студентов / В.П. Симонов. - М.: Изд-во Моск. психол.-соц. ин-та, 2000. - 180 с.

19. Шек, Г. Идеи Л.И. Новиковой в педагогической практике / Г. Шек// Воспитательная работа в школе. - 2012. - № 5. - С. 24-26.

20. Шматко, Н.Ю.Использование системно-деятельностного подхода студентами в процессе прохождения педагогической практики / Н.Ю. Шматко// Педагогическое образование и наука. - 2009. - № 11. - С. 57-59.

21. Щуркова, Н.Е. Классное руководство: рабочие диагностики / Н.Е. Щуркова. - М.: Педагогическое общество России, 2001. - 96 с.

22. Яворский, А.А.Педагогическая практика как один из факторов формирования самообразовательных умений студентов / А.А. Яворский// Педагогические технологии. - 2007. - № 1. - С. 81-84.

Интернет-ресурстар:

23. Воспитательная система класса – что это? В форуме «Секреты классного руководителя [Электронный ресурс]. – Режим доступа: .http://klass.resobr.ru/forum/forum2/topic590/messages/




  1. Практиканы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Психологиялық-педагогикалық практикасынан өту барысында «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері ІІІ семестрде оқудан босатылмайды. Практика 1 кредит, 30 сағатты қамтиды.

Мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша топ жетекшісі практикант-студенттерді бір-екі адамнан әр сыныпқа бекітеді.

Әрбір практикант практикадан өту барысында бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындау жөнінде жеке күнтізбелік жоспарын құрады. Жеке күнтізбелік жоспар бастауыш сынып мұғалімінің келісімі бойынша құрастырылып, оны практиканың топ жетекшісі бекітеді.

Оқу практикасы барысында практикант-студент мектепте өткізген жұмысының мазмұнын, өзінің бақылауларын, ескертулерін, қорытындыларын, тапсырмалардың орындалғанын тіркеп отыратын практика күнделігін жүргізеді (1-қосымша).

Практиканы бір мектепте өтетін студенттер тобында топ басы сайланады. Топ басы практиканттардың мектепке келуін қадағалайтын журнал жүргізіп, практика жетекшісінің тапсырмаларын орындайды.



  1. Практикаға жетекшілік

Жоғары оқу орынан бекітілген психологиялық-педагогикалық практиканың жетекшілері:

    • Білім беруді басқару органдарымен бірлесіп, практика өтетін мектептерді анықтап, практиканың өтілетіндігі туралы бұйрық жобасын дайындайды;

  • Практикаға жіберілетін студенттерге, практика жетекшілеріне тағайындау және қорытынды конференцияны өткізеді;

  • Практиканы ұйымдастырып, оның жүргізілуін қадағалайды;

  • Мектеп әкімшілігімен бірлесіп практикант-студенттерді практикасын өту үшін сыныптарға бөледі;

  • Бастауыш сынып мұғалімінің оқушылармен жүргізетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруы жайындағы сұрақтар бойынша кеңес береді, оқу практикасы тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады;

  • Практикант-студенттердің мектептегі жұмыстарын қадағалайды, практикасын ұйымдастырылуындағы және жүргізілуіндегі кемшіліктерді анықтап, оны түзету жұмыстарымен айналысады;

  • Практиканттардың есеп беру құжаттарын сараптап, практикасын қорғауын ұйымдастырып, бағасын қояды.

Бастауыш сынып мұғалімі:

  • Практикант-студенттерді өзінің оқу іс-әрекетінің мазмұнымен және ондағы ұстанатын негізгі бағыттарымен таныстырады;

  • Практиканттарға практикасының тапсырмаларын орындауға көмек көрсетеді;

  • Практиканың қорғауына қатысып, өз бағасын қояды.




  1. Студенттердің практика барысындағы құқықтары мен міндеттері

Құқықтары:

  • мектеп ұжымының қызметіне белсенді араласа алады;

- туындаған сұрақтар бойынша практика жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне қатынас жасай алады;

- өзіндік ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми-практикалық конференцияларда шығып сөйлей алады;

- сынып жетекшісінен, психолог-дәрігерден баланың физикалық және психикалық денсаулығы туралы мәліметтер ала алады;

- оқушылардың тәрбиелік деңгейін ескере отырып, тәрбие түрі мен әдістерін және құралдарын таңдай алады;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін әрі қарай дамыту мақсатында оларды түрлі қызмет түрлеріне баулу.

Міндеттері:



  • Оқу практикасын өту туралы жеке күнтізбелік жоспарын құру;

  • Бастауыш сынып ұжымының іс-әрекетімен, бастауыш сынып кабинетінің материалдық базасымен және бастауыш сыныптың оқушыларымен танысу;

  • Мұғалімнің кіші мектеп оқушылар тұлғасын оқып-үйренуде оқу зерттеулердің қай әдістерін қолданатынын анықтау;

  • Кіші мектеп оқушыларын жан-жақты тәрбиелеудегі мұғалімнің жұмысын оқып-үйрену;

  • Мектеп құжаттарымен және оларды жүргізу ретімен танысу;

  • Бастауыш сынып мұғалімінің оқу іс-әрекетінің құрылымын оқып-үйрену;

  • Бастауыш сынып мұғалімінің оқушылармен қарым-қатынасын бақылап, өзара қарым-қатынас стилін анықтау.



Психологиялық-педагогикалық практиканың тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
1-тапсырма. Психологиялық-педагогикалық практикасының өтілуі туралы жеке күнтізбелік жоспарды құру
Психологиялық-педагогикалық практикасын жоспарлау студенттердің нақты нәтижеге жетуіне, кездейсоқтық жағдайлардың болмауына көмектеседі, практиканың бағыттылығын арттырады. Сондықтан жоспарлау болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің психологиялық-педагогикалық практикасының ұйымдастырылуындағы, өтілуіндегі маңызды этапы болып табылады.

Психологиялық-педагогикалық практикасының өтілуі туралы жеке күнтізбелік жоспарды құру барысында студенттер мектептегі бірінші күннен бастап өзінің іс-әрекетін жоспарлауға үйрене бастайды.

Жеке күнтізбелік жоспарда психологиялық-педагогикалық практикасының бағдарламасында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлері көрсетілуі тиіс. Психологиялық-педагогикалық практикасының өтілуі туралы жеке күнтізбелік жоспар бастауыш сынып мұғалімінің келісімі бойынша құрастырылады және топ жетекшісімен бекітіледі.

Тапсырма мақсаты: студенттерді психологиялық-педагогикалық практикасы кезінде мектептегі өз жұмыстарын жоспарлауға үйрету.

Тапсырманы орындау. Нұсқау ретіндегі төмендегідей жоспар ұсынылады:

Психологиялық-педагогикалық практикасының өтілуі туралы күнтізбелік жоспар


Практикант-студенттің аты-жөні_________________________________

Оқу орны___________________________________________________

Тобы ________________________________________________________

Курс ________________________________________________________




Күн, апта

Тапсырма мазмұны

Орындалуы




Психологиялық-педагогикалық практикасы бойынша тағайындау конференциясына қатысу, мектепке бару, бастауыш сынып мұғалімімен және оқушылармен танысу.







Психологиялық-педагогикалық практикасының өтілуі туралы жеке күнтізбелік жоспарын құру, мұғалімнің келісімін алу, топ жетекшісіне бекіттіру.







Мектеп әкімшілігімен, бастауыш сынып мұғалімдерімен әңгімелесу, мектептің оқу ұжымымен, бастауыш сынып кабинетінің материалдық базасымен, сынып оқушыларымен танысу.







Мұғалімнің кіші мектеп оқушылар тұлғасын оқып-үйренуде оқу зерттеулердің қай әдістерін қолданатынын анықтау.







Кіші мектеп оқушыларын жан-жақты қалыптастырудағы мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысымен танысу.







Бастауыш сынып мұғалімінің оқушылармен қарым-қатынасын бақылап, өзара қарым-қатынас стилін анықтау.







Оқушылардың жеке құжаттарының, сынып журналының мазмұнын және құрылымымен танысу.







Бастауыш сынып мұғалімінің оқу іс-әрекетінің құрылымын оқып-үйрену мақсатымен сабақтарға қатысу және сабақтан тыс тәрбиелік іс-шараларға қатысу.







Психологиялық-педагогикалық практикасының қорғауына және қорытынды конференцияға қатысу.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет