Бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс жүргізу»



Дата19.10.2019
өлшемі29,1 Kb.
#50281
түріБағдарламасы
Байланысты:
36 (1)
36 (1), (Шәкәрім құдайбердіұлы), 20652 8
1.Түсіндірме жазба
Осы жұмыс оқу бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп әзірленген.

Практикалық 30 сағат

Сондай-ақ, ҚР «Тілдер туралы» заңын және «Мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының талаптарын жүзеге асыру негізге алынды.

«Мемлекетгік тілде іс жүргізу» арнайы курсын оқытып, үйрету нәтижесінде оқушылар жұмыс түрлерінің келесі нәтижесін алулары қажет:


  • іс жүргізу саласындағы сөздіктерді;

  • құжаттау және құжатпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша маңызды нормативті-әдістемелік құжаттарды;

  • құжаттардың ресімделу ережелерін;

  • машинамен оқылатын құжаттарды;

  • құжаттама қызметінің құрылымын;

  • болашақ мамандықтарына қажетті құжат түрлерін, олардың қүрама бөліктерін ажырата білу.

Сонымен бірге теориялық біліммен қатар тәжірибелік жұмыс түрлері де қамтылған. Тәжірибелік сабақтарда оқушылар теориялық сабақта алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра білулері қажет. Сондықтан, жеке қүжат түрлерін, ұйымдастыру-басқару құжаттарын, анықтамалық-ақпараттық құжат түрлерін дұрыс, сауатты құрастыра және рәсімдеумен қатар, олардың қүрама бөліктерінің орналасу тәртібін мұқият естерінде сақтаулары қажет.

«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнін арнайы болашақтағы мамандықтарына сәйкес пәндермен байланыстыра отырып өткізген жөн.

Жаңа заман талабына сай «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінен берілген тақырыптарды компьютермен байланыстыра отырып өткізуге болады.


2. Оқу пәнінің жоспарланған нәтижесі


Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша білім нәтижесі

Жұмыс оқу бағдарламасы бойынша білім нәтижесі

Білім алушылар төмендегідей құзіреттерді меңгеруі қажет

базалық:

БҚ. Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын және бекітілген салалық нормативті құжаттарды сақтайды

кәсібі:

КҚ. Ұйымның қаржылық қызметінің нәтижелері туралы бекітілген есептеу-есеп беру құжатттарын жүргізеді




Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар

біледі:

  • іс қағаздарын жүргізу және хат-хабар туралы түсінігін, курстың мақсаты мен міндеттерін;

  • құжаттарды құрастыру тәсілдері мен қызметін;

  • құжаттардың топтастырылуын, рәсімдеу ережелерін, ұйымжық-өкімдік құжаттар туралы (ҰӨҚ) түсінікті, сипаттамасы мен рәсімдеу ерекшеліктерін;қ

  • Жеке тектік құжаттардың рәсімдеу ерекшеліктерін;

  • Іс жүргізуді компьютерлендірудің мағынасын, тапсырмаларын, болашақ жоспары, негізгі қағидаларын


меңгереді:

  • ұйымдық-өкімдік құжаттардың жүйесін бірізге келтіруді;

  • ұйымдық-өкімдік құжаттарды (ҰӨҚ) рәсімдеуді;

  • жеке тектік, жеке құрамы бойынша құжаттарды рәсімдеуін;

  • құжаттармен жұмыс імтеуді ұйымдастыру;

  • құжаттарды тіркеу, есепке алу, сақтау және орындалуын бақылауды;


дағдысын қалыптастрады:

  • бекітілген есепке алу-есеп беру құжаттарын рәсімдеуге


құзіретті:



біледі:

  • ұйымдық-өкімдік құжаттар тобын;

  • құжаттармен жүргізілетін жұмыстардың дәстүрлі әдістерін;

  • құжаттардың сақталуын ұйымдастыруды


меңгереді:

  • құжаттарды құрастыруды;

  • деректемелерді дұрыс орналастыруды;

  • техникалық құралдардың көмегімен құжаттарды рәсімдеуді;

  • құжаттарды ведомстволық мұрағатқа өткізуге әзірлеуді


дағдысын қалыптастрады:

  • бекітілген есепке алу-есеп беру құжаттарын жүргізуге


құзіретті:

  • Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын және бекітілген салалық нормативті құжаттарды сақтауда


Пәннің тақырыптық жоспары







Оқу материалының мазмұны

Пән бойынша сағат саны

Барлығы

Теориялық


Практикалық


1.

Кіріспе. Пәннің мазмұны міндеттері

2




2




1 бөлім. Құжат, оның қызметі,

міндеттері










2.

Құжаттарды топтастыру және

құжаттама жүйелері



2




2




II бөлім. Құжат құрылымы










3.

Деректемелер мен формуляр-

Үлгілер


2




2

4

Іс қағазының стилі

2




2




III бөлім. Ұйымдық құжаттар










5

Ұйымдық құжаттар

2




2




IV бөлім. Басқару құжаттары










6

Басқару құжаттары

2




2

7

Бұйрық , нұсқаулықтар , жарлықтар

2




2




V бөлім. Ақпараттық-анықтамалық

Құжаттар










8

Қызметтік хаттар

2




2

9

Баяндау хат түсінік хат

2




2

10

Хат-хабарларды ресімдеу

Ережесі


2




2




VI бөлім. Еңбек қатынастарын

Құжаттау










11

Еңбек қатынастарын

Құжаттау


2




2




VII бөлім. Жеке құжаттар










12

Тақырып 7.1 Жеке құжаттар

2




2




VIII бөлім. Іс жүргізу технологиясы










13

Құжат айналымын

Ұйымдастыру



2




2




IX бөлім. Істер номенклатурасы










14

Істер номенклатурасын

ресімдеу, келісу, бекіту тәртібі

2




2

15

Мұрағатқа немесе жоюға

іс қағаздарын дайындау, тапсыру



2




2




Барлығы

30




30



Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны
Кіріспе

Қазақ іс қағаздар тілінің даму тарихы. Жалпы кәсіптік білім беру саласыңдағы бұл пәннің міндеті мен мақсаты.


1 БӨЛІМ. Құжат, оның қызметі, міндеттері

Тақырып 1. Құжаттарды топтастыру және құжаттама жүйе

«Құжаттау тәсілдері» түсінігі. Құжаттарды тортастыру – оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу.

Құжаттарды бір жүйеге келтіру түсінігі, сипаттамасы және анықтамалары. Оларды жүйелеу, стандарттау.

МЕСТ 6.10.1-88 (ГОСТ) бойынша Қазақстан Республикасында қызмет ерекшелігіне қарай «Құжат толтырудың бірыңғай жүйесі».


2 БӨЛІМ. Құжат құрылымы

Тақырып 2.Деректемелер мен формуляр-үлгілер

Құжат формуляры және оның құрамдас бөліктері. «Деректеме» түсінігі. Тұрақты және өзгермелі деректемелер. Құжаттың жеке және типтік формуляры және оның қалыптасуы.

Деректемелер-ресми құжатты рәсімдеудің міндетті элементтері Қазақстан Республиасы мемлекеттік ҚР СТ 1042-2001 (СТ РК) «Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттарға қойылатын талаптар».

Құжат алушының белгіленуі, дұрыс жазылуы және құжат формулярындағы орны. Құжаттың бірнеше құжат алушылармен ресімделу тәртібі. Байланыс бөлімшесі мекен-жайының ресімделу тәртібі.

Құжат мерзімі. Авторлық мерзімдер (құрастыру, қол қою). Құжат мазмұнына қатысты мерзімдер. Құжатты өндеу мерзімдері және ресімдеу тәртібі. Куәландыру құрамы. Құжаттарға қол қоюдың маңызы. Мөрлер, олардың түрлері мен қолданылуы, тәртібі.

Құжатты бекіту. Бекіту белгісінің құрамы. Құжатты келісу. Келісу белгісінің құрамы. Бұрыштаманың қолдану ерекшеліктері мен оны ресімдеуге қойылатын талаптар.Құжатты бақылауға алу, құжаттың орындалуы туралы белгілер.



Тәжірибелік жұмыс

Берілген құжаттың формуляр үлгілерін құрастыру


3 БӨЛІМ. Ұйымдық құжаттар

Тақырып 3.Ұйымдық құжаттар

Ұыймдық құжаттар, түрлері, қолданылуы. Қағидалар, жарғылар, нұсқаулар, ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар, штат кестесі.



Тәжірибелік жұмыс

Лауазымдық нұсқаулық, штат кестесінің үлгісін құрастыру


4 БӨЛІМ. Басқару қужаттары

Тақырып 4. Басқару қужаттары

Ақпаратты басқару негізінде шешілетін міндеттер. Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын құжаттар: бұйрықтар, хаттамалар, қаулылар, нұсқаулар.



Тәжірибелік жұмыс

Негізгі қызмет бабы бойынша бұйрық ресімдеу.


5 БӨЛІМ. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар

Тақырып 5. Қызметтік хаттар

Ақпаратты-анықтамалық құжаттар: қызметтік хаттар. Баяндау хаттар, ресми хаттар және ұсыныс хаттар. Түсінік хаттар, жедел хаттар, телефон хаттар, хабарлама, жарнама хаттар. Хаттамалар, актілер. Құжаттар мен істерді қабылдау-өткізу актісі, сақтауға жатпайтын құжаттарды жою туралы акті.



Тақырып 5.2 Хат-хабарларды ресімдеу ережесі

Хат мәтіні, ресімделуі, оған қойылатын талаптар. Стильдік нормалары. Деректемелерінің орналасуы.



Тәжірибелік жұмыстар

Баяндау хат, түсінік хат, жедел хат үлгілерін құрастыру.

Хаттама үлгілерін құрастыру

Акт үлгілерін құрсатыру


6 БӨЛІМ. Еңбек қатынастарын құжаттау

Тақырып 6. Еңбек қатынастарын құжаттау

Еңбек қатынастарын ресімдеу құжаттары: жеке құрам бойынша бұйрықтар, еңбек кітапшасы, кадр есебі жөніндегі Т-2 нысанындағы жеке карточка, жеке іс қағазы, жеке еңбек шарты.



Тәжірибелік жүмыс

Жеке құрам бойынша бұйрық үлгілерін құрастыру


7 БӨЛІМ. Жеке құжаттар

Тақырып 7. Жеке құжаттар

Жеке тектік құжаттардың құрамы: өмірбаян, түйіндеме, мінездеме, өтініш, қолхат, сенімхат.



Тәжірибелік жұмыстар

Өмірбаян, түйіндеме, мінездеме үлгілерін ресімдеу.

Өтініш, қолхат, сенімхат үлгілерін ресімдеу.
8 БӨЛІМ. Іс жүргізу технологиясы

Тақырып 8. Құжат айналымын ұйымдастыру

Кіріс құжаттарының қабылдануы. Құжат қозғалысы. Тіркелетін және тіркелмейтін құжаттар. Құжатты мекеме басшысының қарауы және орындауға беруі.

Шығыс құжаттары, өңделу тәртібі. Ішкі құжаттар туралы түсінік, олардың қозғалысы. Құжаттарды индекстеу. Индекстеу элементтері.

Құжат айналысының көлемін айқындау.


9 БӨЛІМ. Істер номенклатурасы

Тақырып 9. Істер номенклатурасын ресімдеу, келісу, бекіту тәртібі

Істер номенклатурасының анықтамасы, қолданылуы, оған қойылатынталаптар. Істер номенклатурасын рәсімдеу, келісу, бекіту тәртібі. Құжаттарды сақтау мерзімдері. Ерекше сақталынатын істер номенклатурасы және оларды ведомствалық мұрағаттарға қолдану ерекшеліктері.

Құжаттарды сараптау және сақтау. Сараптаудың нормативтік-әдістемелік және теориялық негіздері. Көрсетілген құжаттар тізбегі. Типтік және ведомстволық тізбелер.

Тақырып 9.2 Мұрағатқа немесе жоюға іс қағаздарын дайындау, тапсыру

Істерді қалыптастыруға қойылатын талаптар. Істерді қалыптастыру бойынша нормативті-әдістемелік материалдар.

Істерді мұрағатқа өткізу ережесі және тәртібі.

5. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

Сынақ сұрақтары

1 Пәннің мазмұны, міндеттері. Іс қағазының стильдері?

2 Құжат қызметі, түрлері. Құжаттау тәсілдері.?

3 Құжаттарды топтастыру, құжаттарға қойылатын талаптар?

4 Құжат формуляры, оның құрамдас бөліктері?

5 Құжаттардың бір ізге келтірілген жүйесі?

6 Құжат құрылымы?

7 Құжат деректерінің құрамы. Деректемелер туралы түсінік?

8 Тұрақты және өзгермелі деректемелер?

9 Құжат деректемелерін ресімдеуге қойылатын талаптар?

10 Жалпы бланкілерге деректемелерді орналастыру?

11 ҚР СТ 1042-2001 СТ. Деректемеге қойылатын талаптар?

12 Басқа құралдардың көмегімен дайындалатын құжаттарға қойылатын талаптар?

13 Қызметтік хатқа деректемелерді орналастыру?

14 Коммерциялық құпия мазмұнындағы хаттар?

15 Өкімдік - ұйымдық құжаттарына сипаттама (қаулы, бұйрық, өкім, шешім т.б.)?

16 Өкімдік - ұйымдық құжаттар үлгісінде құжаттарды құрастыру?

17 Өкімдік - ұйымдық құжаттардың бір ізге келтірілген жүйесі?

18 Бұйрықтарды құрастыру. Олардың екі түрін жасау?

19 Жеке құрам бойынша бұйрық жасау?

20 Нұсқаулар мен жарлықтар?

21 Қаулылар, шешімдер, хаттамалар?

22 Өкімдік - ұйымдық құжаттарының үлгілерін жасау?

23 Анықтамалы-ақпаратты құжаттар (Акт, шарт, баяндау, хат, анықтама т.б.)?

24 Анықтамалардың екі түрін жасау. Жеке және қызмет бабы бойынша анықтама?

25 Баяндама хат туралы түсінік. Оларды жасау, оның түрлері. Хаттарды құрастыру ерекшеліктері?

26 Хаттама туралы түсінік, оның түрлері. Толық хаттаманы және қысқа хаттаманын мәтін құрастыру?

27 Қызметтік хаттар, олардың түрлері. Коммерциялық хат. Олардың мәтіндерін құрастыру.

Мәтіннің ауызша жазбаша мәтіндері?

28 Қызметтік хат бланкілеріне еске салу хат, жарнама хат жасау?

29 Актіні толтырудың ерекшеліктері.Оның түрлері.Актінің түрлерін толтыру?

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау
Пән бойынша бақылау аралық аттестация: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан өткізуді қарастырады.

Білім мекемесі жұмыстық оқу бағдарламасында құзыретті-бағытталған тәжірибелік жұмыстар мен тесттік түрде тапсырмалар құрастыруы қажет. Кәсіби біліктіліктің деңгейіне сәйкес тест тапсырмаларының күрделілі гі негізгі үш деңгейде(ең төмен, орта және күрделі) болуы керек.



Әдебиеттер және оқыту құралдары тізімі
Негізгі әдебиеттер:

1. В.И. Скала, Б.В. Скала және т.б. Қазақстан Респубикасында іс қағаздарын жүргізу, -А.: ЖШС «LEM», 2008.

2. В. Салагаев, Б. Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу, -А.: Раритет, 2000.

3. Ә. Жақып. Екі тілде іс жүргізу,-А.: Наурыз, 2001.

4. Ғ.Қ. Баймолдина. Іс қағаздарын жүргізу,-А.: 2010.

5. Л. Дүйсембекова. Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу,-А.: ЖШС

«Мемлекеттік тілді дамыту институты», 2011.
Қосымша әдебиеттер:

1. А. Алдашева. Ресми іс қағаздары,-А.: 2001.

2. Т.Ө. Нұрғалиева. Іс қағаздарын жүргізу және техникалық құжаттама,-А.: Фолиант, 2008.

3. Т. Нұрғалиева. Іс қағаздарын жүргізу және техникалық құжаттама, -А.: Фолиант, 2011.

4. Ә.Ж. Хазимова. Ішсқағаздарын қазақ тілінде жүргізу,-А.: ЖШС «Ол-жас», 2004.

5. Ғ.Ә. Әбілдаева. Іс қағаздарын жүргізу,-А.:ЖШС «LEM», 2012.

6. Г.О. Байжанова, Г.А. Маймакова. Мемлекеттік тілде іс жүргізу,-А.:2006.

7. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы», «Еңбек туралы» зандары.


Ұсынылған оқыту құралдарының тізімі:

1. В.И. Скала, Б.В. Скала және т.б. Электронды оқулық,-А.: ЖШС «LEM», 2008.

2. Орысша-қазақша іс қағаз үлгілерінің электронды бағдарламасы, -А.: ЖШС «Мемлекеттік тілді дамыту институты», 2011.

3. Интерактивті тақта



4. Интернет-ресурстары

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет