Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Кафедра меңгерушісі_______________________ Н.Қ..Жүсіпов



бет3/3
Дата05.11.2016
өлшемі0,5 Mb.
#439
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

Кафедра меңгерушісі_______________________ Н.Қ..Жүсіпов


Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталған.

«_____»______________2009 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы_______________ Е.Н.Жұманқұлова




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2009 ж.


Жжәқб құпталды

ЖжӘҚБ бастығы ______________ А.А.Варакута «____»____________2009 ж


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындау.Ұлттық сөз өнеріне қосылған көркем шығармаларды талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу, студенттердің рухани жетілуіне, оның қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру.



Пәнді оқыту мақсаты:

Тәуелсіздік алған жылдардағы ұлттық әдебиеттегі көркемдік қуаты ерен, парасат-пайымдау толғамы терең ерекше шығармалардың генезисі, стилистикасы, поэтикасы, сөз өнерпазының көркемдік-философиялық дүниетанымы, жанрлық, тақырыптық, тілдік-стильдік, ғылыми-танымдық ерекшеліктері, адам-табиғат қарым-қатынастары жаңаша талдануға тиіс.

Пәннің міндеттері:

1990-2008 жылдары жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді толық қамту болып табылады.

Студенттер білуі тиіс:

- ақын-жазушылардың шығармаларының мәтіндерін;

- образдар жүйесін талдау тәсілдерін;

- көркем шығарма тілін талдау тәсілдерін;

- оқыған шығармалары туралы зерттеулерді

Студенттер істей білуі тиіс:


  • көркем шығармалардың тақырып-идеясын анықтай білу;

  • көркем шығармалардың образдар жүйесін талдай білу;

  • шығармалардың сюжет-композициясын саралау;

  • поэзиялық шығармаларды тілдік жағынан талдау;

  • прозалық шығармалардан



2. Пререквезиттер:

- Әдебиет теориясы.

- Әлем әдебиеті.

- Қазақ әдебиеті сыны тарихы



Пәннің тақырыптық Нысан

жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10




3 Пәннің мазмұны





Тақырып

Сағат саны



Дәр

Тәж


Сөж


1

Қазақтың тарихи прозасы

1



1

5

2

Лирикалық проза

5

3

Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт

1

1

5

4

Қазіргі қазақ сатирасы

1

1

5

5

Шона Смаханұлы сатирасы

1

1

5

6

Қазіргі қазақ романдары

1

1

10

7

Софы Сматаев шығармашылығы

1

1

5

8

Қазіргі қазақ повестері

1

1

7

9

Қазіргі қазақ әңгімелері

1

1

8

10

Деректі проза

1

1

5

11

Қазіргі қазақ драматургиясы

1

1

5

12

Қазіргі қазақ лирикасы

1

1

5

13

Қазақтың философиялық лирикасы

1

1

5

14

Қазіргі қазақ поэмалары

1

1

5

15

Қазіргі қазақ сыны

1

1

5

16

З.Серікқалиев- әдебиет сыншысы

1

1

5




Барлығы:

15

15

90


3.1 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Қазақтың тарихи прозасы

Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Рамазан Тоқтаров прозасы. Ә.Кекілбаевтың романдарын, повестерін, әңгіме-новеллаларын талдау. «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», «Шыңырау», «Күй» шығармаларын тарихи-көркемдік және эстетикалық сипаттарын саралау. Жазушы шеберлігін баяндау.

Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының тарихи-көркемдік қырлары. Кейіпкерлер галереясын әңгімелеу. Әңгімелері туралы ой-түйіндер. Тарихи шындық және көркемдік шешім.

Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» туындысы. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған роман-хамсасында Кенесары хан, Құнанбай қажы, Қодар, Шоқан, Достоевский, Құдайберді, Халиолла, Шәкәрім, Михаэлис, Долгополов, Мәшһүр Жүсіп, Саққұлақ шешен, Мұса Шорманов тұлғасы шебер сомдалған. Абайдың өмірі, ол өмір сүрген қоғам шындығы жаңаша көзқарас, жаңаша таным тұрғысынан суреттелген.



2-тақырып Лирикалық проза

Лирикалық прозаның табиғаты. Дәстүрлілік пен жаңашылдық. Тәкен Әлімқұловтың лирикалық прозасы. Жазушы шығармашылығындағы дәстүрлі күй өнері және суреткерлік тұрғы. Жазушы шеберлігі , замана шындығы және көркемдік шешім.

Олжас Сүлейменов шығармашылығындағы ұлттық рух. «Адамға табын, Жер енді!», «Қыш кітабы», «Арғымақтар», «АзиЯ», «Мың бір сөз» шығармаларындағы ұлттық тіл мен діл, ұлттық егемендік сипаты. Ақын өнернамасындағы Дала бейнесі. Ой мен сезім тұтастығы.Суреткерлік қолтаңба. Образдық-метафоралық жүйе.

3-тақырып Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт

Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңашыл-модернистік сипаттағы жас ақын-жазушылар шығармашылығы. Олардың туындыларындағы өмір шындығы мен көркем шындықтың, көркем кеңістік пен көркем уақыттың арақатынасы. Тілдік-стильдік ерекшеліктері.Әдеби әдіс-тәсілдердің жаңашыл сипаты. Бұл топтағы ақын жазушылар туралы бүгінгі әдеби сындағы ой-пікір алуандығы.



4-тақырып Қазіргі қазақ сатирасы

Оспанхан Әубәкіров, Жұматай Сабыржанов, Көпен Әмірбек, Кеней Таңдай, Мұхтар Шерім, Қажытай Ілиясов, Сейіт Кенжахметовтің сатиралық шығармалары. Шығармаларының тілі мен стилі. Метафоралық-образдық жүйесі. Уақыт шындығы мен көркемдік шындық. Сатира мен юмордың ара- қатынасы.



5-тақырып Шона Смаханұлы сатирасы

Өмірі мен қызметі. «Тотияйын», «Кездік», «Өткірдің жүзі» кітаптарының маңызы, тақырыбы мен құрылымы. «Айгарба», «Ұр тоқпақ», «Соқырішек», «Ортеке» сын-сықақтарының танымдық-тәрбиелік мәні. Тілі мен стилі. Көзқарастар, зерттеулер.



6-тақырып Қазіргі қазақ романдары

Қабдеш Жұмаділовтің «Прометей алауы», Тұрсынхан Зекенұлының «Көкбөрілердің көз жасы», Тұрсынәлі Рыскелдиевтің «Ұлы көш», Кәдірбек Сегізбаевтың «Беласқан», Қапан Қамбаровтың «Махамбет кітабы», Сәбит Досановтың «Қылбұрау», Сейітхан Әбілқасымұлының «Оспан батыр», Асқар Алтайдың «Алтай новелласы», Ғабиден Құлахметтің «Үйірі жоқ көкжал»,Дидар Амантайдың «Шайыр мен шайтан» романдарының идеялық-эстетикалық нысанасы, ұлттық дүниетаным қырлары, заманауи сырлары, көркеми тіл мәселесі, Суреткерлік қабілет қарымы зерделенеді.



7-тақырып Софы Сматаев шығармашылығы

«Елім-ай» (2003, 3-кітап) трилогиясының тарихилық және көркемдік сипаты. Абылай хан, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би бейнесі.



8-тақырып Қазіргі қазақ повестері

Асқар Алтай, Дидар Амантай, Нұрғожа Ораз, Айгүл Кемелбаева, Роза Мұқанова, Думан Рамазан повестері. Тақырыптық-идеялық нысынасы.Шеберлік шеберханасы. Сюжеті мен композициясы. Көркемдік ойлау, сөз таңдау дәрежесі.



9-тақырып Қазіргі қазақ әңгімелері

А.Алтай, М.Байғұт, Қ.Жиенбай,Б.Нұржеке, Ә.Кекілбай, Ш.Мұртаза, Д.Досжан,С.Сматайдың қазіргі кезең хақындағы әңгімелері.Тақырыбы мен мазмұны. Көркемдік қыры.Тілі мен стилі.



10-тақырып Деректі проза

Нұрлан Оразалиннің «Азаматтық айдыны», Мұқадес Есламғалиевтің «Ғұмырнамалар мен ғибратнамалар», Немат Келімбетовтің «Жарлы емеспін, зарлымын», Серік Негимовтің «Мәлік Ғабдуллин», Ахмет Жүнісұлының «Пәниден бақиға дейін», Әмен Әзиевтің «Ұлы дала ұлағаттары», Асанәлі Әшімовтің «Жан бөлек» және Д.Қонаев туралы «Елу жыл – ел ағасы» деген шығармаларға әдеби-ғылыми тұрғыдан сараптама беру.



11-тақырып Қазіргі қазақ драматургиясы

Сәкен Жүнісовтің «Абылайхан», «Ажар мен Ажал», «Қызым, саған айтам», «Тұтқындар», «Махамбет», «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» драмалық шығармалары. Д.Исабековтің «Әпке», «Ескерткіш», А.Сүлейменовтің «6-палата», Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы», «Боран», «Ант» пьесалары. Ә.Әшімовтің «Жолы болған жігіт», Қ.Мұхаметжановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Қуырдақ дайын», «Көктөбедегі кездесу» шығармалары. Драмадағы тартыс пен конфликт, қимыл-әрекет пен декорациялау, тақырып ауқымы, тіл шеберлігі мәселелері қарастырылады.



12-тақырып Қазіргі қазақ лирикасы

Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап», Темірхан Медетбектің «Көк түріктер сарыны», Қажытай Ілиясовтың «Тасжарған», «Қалақай қамшы», Исраил Сапарбайдың «Махаббат пен ғадауат», «Сезім патшалығы», Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында -Құдірет», Темірше Сарыбайұлының «Дария-дәурен», Нұрлан Оразалиннің «Ғасырмен қоштасу», «Сырнайлы шақ», Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас», Н.Алпамысқызының «Күрең шетен», Маралтай Райымбекұлының «Ай», Ұ.Жайлыбайдың «Құс қанаты», Ж.Әскербекқызының «Қарасаз-бұлақ», «Көк түріктер әуені», «Қаңтардағы қызыл гүл», Сәруар Қамаеваның «Жыр жұлдызын таңдадым» тәрізді лирикалық шығармаларын талдау.Сөз саптау , ой толғау ерекшеліктері. Лирикалық қаһарман және ақындық тұлға мәселесі. Лирикалық поэзияның образдық-метафоралық жүйесі. Көркемдік логика.



13-тақырып Қазақтың философиялық лирикасы

Философиялық лириканың басты ерекшелігі. Халықтық сипаты. Даналық дәрістері. Ой тапқырлығы. Логикалық мазмұн. Көркемдік шеберлік мәселелері.

Қадыр Мырзалиевтің «Ой орманы», «Дала дидары», «Қорамсақ» жинақтарындағы философиялық сарындар.

Жұмекен Нәжімеденовтің «Жаңғырық», «Мен -тамырмын» жинақтарындағы ойшылдық, сыршылдық, сыншылдық сарындар. Ұлттық-философиялық таным мен көркемдік танымның тұтастығы.



14-тақырып Қазіргі қазақ поэмалары

Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек», Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр», Есенғали Раушановтың «Айша бибі» , «Сары өзен», Бақыт Бәмішұлының «Зуқа батыр», «Тәңір сынағы», Күләш Ахметованың «Қыз-бота», «Үлбір сұлу», Зейнолла Тілеужановтың «Қабанбай» поэмаларының поэтикасы. Тілдік-стильдік ерекшеліктері. Сюжеттік-композициялық құрылымы.



15-тақырып Қазіргі қазақ сыны

Қазақ әдебиеті мен қазақ әдебиеті сыны - көркем ойдың екі арнасы. Әдебиет сыны - әрдайым әдеби дамумен сабақтас, тығыз қарым-қатынаста өркендеп келе жатқан көркемдік-эстетикалық ойдың үлкен, ірі саласы.

З.Ахметовтің «Поэзия шыңы -даналық», С.Қирабаевтың «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері», З.Қабдоловтың «Көзқарас», М.Базарбаевтың «Замана тудырған», Ш.Елеукеновтің «Әдебиет және ұлт тағдыры», «Мағжан», Т.Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы», 2 томдық, Ж.Ысмағұловтың «Абай: ақындық тағылымы», Р.Нұрғалиевтің «Әуезов және алаш», З.Серікқалиевтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі мәселелері», «Ақ жол», «Алтын жамбы», А.Нысаналының «Жансарай», Б.Майтановтың «Қазақ романы және психологиялық талдау», «Сөз сыны», Д.Ысқақұлының «Сын өнері», Б.Ыбырайымның «Сырлы әлем», Б.Сарбалаевтың «Өткірдің жүзі», Ә.Бөпежанованың «Дүние – имани құбылыс», Ж.Дәдебаевтың «Қазіргі қазақ әдебиеті», С.Жұмабектің «Сын әуені», «Шерхан Мұртаза. Жұлдызы нұрлы суреткер», «Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы», Қ. Әбдезұлының «Ел мен жер тағдыры», «Т.Әлімқұлов шығармашылығы және 60-80 жылдардағы қазақ прозасы», «Әдебиет және өнер», С.Абдрахмановтың «Елдік сыны», Ғ.Есімнің «Адам- зат», Қ.Ергөбектің «Арыстар мен ағыстар», 4 кітап, «Таным», Р.Тұрысбектің «Жүсіпбек Аймауытұлының әсемдік әлемі», «Парыз бен парасат», Г.Пірәлиеваның «Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері», З.Бисенғалидің «ХХ ғасыр басындағы қазақ романы», Ө.Әбдіманұлының «ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті», М.Үмбетаевтың «Ақындық өнер өрісі», Ә.Тарақтың «Алаштың айбын-ардағы Абылай хан», Ә.Қайырбековтің «Саға» («Фолиант») еңбектерін атауға болады.

16-тақырып З.Серікқалиев - әдебиет сыншысы

З.Серікқалиевтің «Ойлар,толғаныстар», «Ақыл таразысы», «Ақ жол», «Тағдыр және біз», «Ақ жамбы», «Жан дауа» сынды сыни еңбектері.Көркемдік талғам, сыншылдық көзқарас, жаңаша пайымдау ерекшеліктері. Тәуелсіздік тұсында әдеби-көркем сынға қосқан үлесі. Оның танымдық, сыни-эстетикалық деңгейі. Ұлттық тәуелсіздік, сана еркіндігі, рухани құндылықтар туралы толғамдары.


3.2 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны


ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырып

Мазмұны



1

2

3

1.

Қазақтың тарихи прозасы


Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары мен «Шыңырау», «Күй» повестерін талдау

2.

Лирикалық проза

Т.Әлімқұлов повестері, О.Сүлейменовтің «АзиЯ»кітабы

3.

Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт

Г.Шойбекова, Р.Мұқанова А.Кемелбаева, Д.Амантай шығармашылықтарындағы жаңашыл-модернистік сипат

4.

Қазіргі қазақ сатирасы

Оспанхан Әубәкіров, Көпен Әмірбек сатирасы

5.

Шона Смаханұлы сатирасы

«Тотияйын», «Өткірдің жүзі» кітаптары

6.

Қазіргі қазақ романдары

Қабдеш Жұмаділов «Прометей алауы», Асқар Алтай «Алтай новелласы» романдарына әдеби талдау

7.

Софы Сматаев шығармашылығы

«Елім-ай» трилогиясы

8.

Қазіргі қазақ повестері

Асқар Алтай, Дидар Амантай, Нұрғожа Ораз, Айгүл Кемелбаева, Роза Мұқанова, Думан Рамазан повестері. Тақырыптық-идеялық нысынасы.Шеберлік шеберханасы. Сюжеті мен композициясы. Көркемдік ойлау, сөз таңдау дәрежесі.


.9.

Қазіргі қазақ әңгімелері

А.Алтай, М.Байғұт, Қ.Жиенбай,Б.Нұржеке, Ә.Кекілбай, Ш.Мұртаза, Д.Досжан,С.Сматайдың қазіргі кезең хақындағы әңгімелері.Тақырыбы мен мазмұны. Көркемдік қыры.Тілі мен стилі.


10.

Деректі проза




11

Қазіргі қазақ драматургиясы

С.Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелер», Д.Исабековтің «Әпке», А.Сүлейменовтің «6-палата», Қ.Мұхаметжановтың «Көктөбедегі кездесу» пьесалары

12

Қазіргі қазақ лирикасы

Ұ.Есдәулет,Т.Медетбек, .Сапарбай,Ж.Әбдірашев,

Маралтай Райымбекұлының өлеңдері



13

Қазақтың философиялық лирикасы

Қ.Мырзалиев, Ж.Нәжімеденов өлеңдері

14

Қазіргі қазақ поэмалары

Е.Раушановтың «Айша бибі», К,Ахметованың «Үлбір сұлу» поэмалары

15

Қазіргі қазақ сыны

Ә.Бөпежанованың «Дүние –имани құбылыс», Д.Ысқақұлының «Сын өнері», Т.Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сыны тарихы» кітаптарын талдау

16

З.Серікқалиев- әдебиет сыншысы

«Ақ жол», «Ақ жамбы», «Жан дауа» еңбектері


3.4 С¤Ж мазм±ны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚФ -41


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1х15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15(1х15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

30

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Шығарма талдау

Семестрлік тапсырманы қорғау

26

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

4




Барлығы







90



Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1.Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романының көркемдігі

¦сынылатын єдебиет: [8], 234-240 бет.

2.Т.Әлімқұловтың «Ақбозат» әңгімесі

¦сынылатын єдебиет: [4], 496-525 беттер; [5], 1-35 беттер.

3 Т.Зекенұлының «Көкбөрілердің көз жасы» романын талдау

¦сынылатын єдебиет: [5], 149-155 беттер; [6], 102-103 беттер ,[17], 144-156 беттер

4. Д.Амантайдың «Шайыр мен шайтан» романы

¦сынылатын єдебиет: [19], 240-246 бет.

5. А.Алтай, А.Кемелбаева повестеріндегі шеберлік

¦сынылатын єдебиет: [7], 246-250 бет, [8], 186-187 беттер, [17] 45-75 беттер.

6. М.Байғұт, Б.Нұржеке, С.Сматай әңгімелерінің шеберлігі

¦сынылатын єдебиет: [7], 116-118 бет, [17], 1-55 беттер,.

7. С.Жүнісовтің «Абылайхан» драмасы

¦сынылатын єдебиет: [16], 5-36 бет.

8. Н.Алпамысқызы, Ж.Әскербекқызы лирикасы

¦сынылатын єдебиет: [9], 1-20 бет, [12], 25-39 беттер, [15] 49-100 беттер.

9. Жұмекен өлеңдерінің көркемдігі.

¦сынылатын єдебиет: [9], 191-192 бет, [15], 1-53 беттер,

10. Қ.Мырзалиевтің философиялық өлеңдері

¦сынылатын єдебиет: [1], 25-89 бет, [14], 190-191 беттер, [9] 29-78 беттер.



Курс жұмысының тақырыптары



  1. С.Сматаевтың «Елім-ай» трилогиясындағы Қаз дауысты Қазыбек би бейнесі

  2. Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасының көркемдік ерекшеліктері

  3. Ұ.Есдәулет лирикасындағы философиялық сарындар

  4. Жанат Әскербекқызының лирикалық поэзиясы

  5. Г.Салықбай поэзиясы

  6. Т.Рыскелдиевтің «Ұлы көш» романындағы өмір шындығы мен көркемдік шешім

  7. З.Серікқалиев -әдебиет сыншысы

  8. А.Кемелбаеваның шығармашылығы

  9. Қазіргі қазақ әңгімелері

  10. Қазіргі қазақ повесі

  11. Т.Медетбектің лирикасы

  12. Т.Әбдіктің прозасы

  13. М.Есламғалиұлының «Әйтеке би» романы

  14. Н.Оразалин поэзиясындағы ақындық тұлға және лирикалық қаһарман

  15. Т.Ахметжан прозасы

  16. Қазіргі қазақ сатирасы

  17. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасының поэтикасы

  18. Т.Әлімқұлов шығармашылығындағы тұлпарлар бейнесі

  19. Ә.Кекілбаев новеллалары

  20. М.Мағауин әңгімелері

  21. Қ.Жұмалиевтің тарихи прозасы

  22. С.Мұратбеков повестері

  23. А.Егеубаевтың «Тайқазан» поэмасының образдық-метафоралық жүйесі

  24. Қазіргі қазақ өлеңдерінің құрылысы


Мамандықтың (тардың) Нысан

жұмыс бабындағы оқу ПМУ ҰС Н 7.18.1/10

жоспарынан үзінді көшірме
050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының оќу ж±мыс жоспарынан кµшірме
Пәннің атауы Қазіргі қазақ әдебиеті


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОБДЖ

ОӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

ОӨЖ

Күндізгі

ЖОБ негізінде



7
















120

30

90

7-семестр




15

15

30

60















Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:


  1. Ахметов З. Поэзия шыңы –даналық. Астана,2002

  2. Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. Алматы. 1991

  3. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы

  4. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.

  5. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шындық. Алматы, 1991

  6. Дәстүр мен жаңашылдық. Алматы, 1980

  7. Егеубаев А. Сөз жүйесі. Алматы,1985

  8. Көркемдік кілті – шеберлік. Алматы, 1985

  9. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы.

  10. Қабдолов З. Арна. Алматы, 1988

  11. Қирабаев С. Талантқа құрмет.Алматы, 1988

  12. Мәшһүр Жүсіпов. Өлең –сөздің патшасы. Алматы, 1991


Ќосымша єдебиеттер:

  1. Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. Әдеби сын. Алматы.1982

  2. Нарымбетов Ә. Дәстүр және поэзия. Алматы.1970

  3. Нарымбетов Ә. Қазақ поэзиясындағы замандас бейнесі. Алматы,1984

  4. Нұрғали Р. Арқау. Алматы,1991

  5. Серікқалиев З. Ойлар , толғаныстар.Алматы, 1990

  6. Ыбырайымов Б. Ой мен сөз. Алматы, 1985

  7. Шапай Т. Ой түбінде жатқан сөз. Алматы, 1989.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет