Бағдарламасы оқыту қазақ тілінде емес мектептерге арналған



Дата22.12.2016
өлшемі368,29 Kb.
#4285
«Қазақ тілі»

пәні бойынша оқу бағдарламасы

оқыту қазақ тілінде емес мектептерге арналған



(12 жылдық білім беру мазмұнын жаңарту аясында)
Бастауыш мектеп (1-5 сынып)

Маусым 2014 ж.

Бағдарлама «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы және бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнінің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырылған



Мазмұны
І бөлім

1.


1.1 «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы 4

1.2 «Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мақсаты 5

1.3 Үш тілді оқытуды жүзеге асыру 7

1.4 «Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар 8

ұлттық ойынға қажетті жабдықтар. 9

1.5 «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер 9

1.6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру 12

1.7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі 13

1.8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту 14



1.1 «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы


Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың ұйытқысы. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу – Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті. Тіл – халықтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру салтының көрінісі.

Мектепте оқытылатын «Қазақ тілі» пәні білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, өмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз қалайды.. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде. Әрбір қазақстандықтың үш тілді қатар білуіне арналған тіл саясатына сәйкес, сол үдерістің өзегі болып табылатын мемлекеттік тілді оқыту үдерісін жетілдіруді қажет етеді.

«Қазақ тілі» пәніне арналған бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздің алға қойып отырған іргелі міндеттеріне сай, және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді, ұлттардың бейбітшілік пен келісім өмір салтын қалыптастыру саясатын ұстану қағидаларын басшылыққа ала отырып мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әрі сапалы жүйелерін қалыптастыруды көздейді.

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сыни тұрғыдан және і ойлау дағдыларын қалыптастыру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени орталарда тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу - негізгі ұстаным болып табылады.

Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау т.б. белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері және қоршаған ортаны қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйі ескеріледі.







1.2 «Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мақсаты


«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді және оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүрін, қазақша сөйлеу әдебін, қазақ әдебиеті үлгілерін меңгертуді көздейді және алған білімдерін өмірдің қажетті жағдаяттарына сай қолдана білуге үйретеді.

«Қазақ тілі» пәні оқушыларды қазақша өз ойын, сезімін білдіруге, танып-білген нәрселерін қазақша санасына түюге, пікір алысуға, оқыған, көрген не білген нәрселері туралы достарымен, үлкендермен өз ойымен бөлісуге, армандары мен мақсаттары туралы еркін жеткізіп айта білуге, репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындата отырып үйретеді. Аудио-визуалды оқу материалдарын тыңдап, түсініп, көріп, түсініп, берілген мазмұндағы негізгі ойды анықтайды және оған қатысты өз көзқарасын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді. Көркем-әдеби, ақпараттық-танымдық сипаттағы мәтіндерді өзінің оқу мақсатына сай іріктеп, оқу тапсырмасы бойынша талдаулар жасап, ой қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға дағдыланады.

Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) негізге ала айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген.

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.

«Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы оқушылар:



  • мемлекеттік тілге құрмет сезімін және Қазақстан халқына деген сыйластық сезімін қалыптастырады.

  • қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгереді;

  • қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;

  • сөздерді тіркестіру және жай сөйлемдер құрау, айту біліктері негізінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасады;

  • жалпы дүниетанымдық қабілеттерін дамытады;

  • тұрмыстық, оқу, әлеуметттік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салаларда ьтуындайтын түрлі сөйлеу жағдаяттарына сай қарым-қатынас жасауға дағдыланады;

  • меңгерген қазақша тілдік білім мен коммуникативтік іс-әрекеттеріне сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түседі;

  • қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді;

  • тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады.











































1.3 Үш тілді оқытуды жүзеге асыру


Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік, лингвистикалық құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.

Бұл мақсатқа жету үшін білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды жүзеге асырады.

1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.

Үш тілді оқу оқушының сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) түрлерін дамыту арқылы қазақша еркін және сауатты сөйлеу , жазу коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Мектептердің үш тілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.

Үш тілді оқыту бағытының жүзеге асырылуы «Қазақ тілі» пәні бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрсетілген:



  • «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» бөлімінде (5-бөлім), мұғалімнің пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған.

  • «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» бөлімінде (8-бөлім), мұғалімдердің, пән арқылы сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған.

  • «Қазақ тілі» пәнін оқып-үйренудің нәтижелерін бағалаудың әдіс-тәсілдері» бөлімінде (9-бөлім) бағалау тілі белгіленген.

1.4 «Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар


Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:


Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1-сынып

3 сағат

99 сағат

2-сынып

3 сағат

102 сағат

3-сынып

3 сағат

102 сағат

4-сынып

4 сағат

136 сағат

5-сынып

4 сағат

136 сағат

Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ кітап сөрелері, стендтер және оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған орын болуы міндетті.



«Қазақ тілі» пәнін сапалы, тиімді оқытуда қолайлы жағдай туғызуға қажетті құрал-жабдықтар:

  • шектеусіз интернет;

  • компьютерлер немесе ноутбуктер;

  • құлаққаптар;

  • жылжымалы тақта;

  • интерактивті тақта;

  • флип-чарт;

  • маркерлер;

  • ламинатор;

  • есту-бейне материалдары ;

  • дидактикалық материалдар;

  • шағын және көлемді жеке суретті кітаптар;

  • сөздіктер (аударма, түсіндірмелі, орфографиялық, орфоэпиялық т.б.);

  • оқушыларға арналған энциклопедиялар;

  • жас ерекшелігіне сай әдебиеттер, қазақ ауыз әдебиеті материалдары;

  • жас ерекшелігіне сай журналдар;

  • шағын және орта көлемді сюжетті кітаптар;

  • бастауыш мектепке арналған көркем әдебиеттер қоры;

  • постерлер;

  • ұлттық киімдегі қуыршақтар (сахналық көріністер үшін);

  • ұлттық киімдер, сахналық киімдер, декорациялар;
  • ұлттық ойынға қажетті жабдықтар.

1.5 «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер

ҚР білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей т.б.) оқу үрдісінде «білім алу жолдарын білетін», өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.



Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі оқыту стратегияларын қолдану арқылы қалыптастырады және дамытады. Атап айтқанда, стратегияларда:

  • диалогтік негіздегі мұғалім мен оқушының өзара біріккен оқу-танымдық іс-әрекеті үдерісін ұйымдастыру;

  • мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;

  • оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;

  • оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту үшін оны қолданудың маңыздылығын мойындау, соның негізінде білім беру мен білім алу үдерісін ынтымақтасқан білім алмасу үдерісіне айналдыру;

  • өмірдің түрлі салаларына байланысты тілдік және сөйлеу жағдаяттары мұқият іріктелген тапсырмалар мен оқу іс-әрекет түрлерінің көмегімен оқушыны қазақ тілін өз бетімен үйренуге ынталандыру;

  • оқу ойындарын қолдану;

  • ойын және зерттеу әдісі;

  • қазақ ұлттық салт-дәстүрлерінен, қазақ фольклорынан театрландырылған үзінділер бойынша рөлдік ойындарды қолдану;

  • қоғамдық ресурстарды (кездесулер, саяхатқа шығу) үйлесімді пайдалану;

  • оқушылардың білім алуына «Оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;

  • жоба әдісі негізінде оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделген белсенді оқуын марапаттау;

  • сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • жеке және топтық, ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану.

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (интерактивтік тақта, компьютер, телефон, теледидар т.б.) орнымен қолдану арқылы оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын үнемі арттырып отыру қамтылуы тиіс.

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар:

  • қазақ тілінен оқушылардың ауызша сөйлеу және жазу бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

  • оқушының қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту;

  • оқушы мен мұғалім арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру;

  • оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік іс-әрекет түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану;

  • жоба әдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топта өзге топ мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау);

  • өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру;

  • тапсырмаларды өмірлік шынайы жағдаяттармен байланыстыра отырып қолдану және өз бетінше білімін жетілдіруге баулу;

  • түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын оқу дағдыларын қалыптастыру;

  • өзіндік ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды орындау;

  • «Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру; рефлексиялық жаттығулар орындату;

  • оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу;

  • оқушының өз білімін жетілдіру және бағалауға ынталандыратын мүмкіндіктер туғызу;

  • оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.


Үш тілді оқытуға сәйкес пән мұғалімдерінің тілді меңгеруін қолдауы

ҚР білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей т.б.) қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытатын мұғалімдер үш тілді оқытуды жүзеге асыруда тілді деңгейлеп меңгерту арқылы жеке тұлғалық, әлеуметтік және білімдік мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақ тілі пәнін оқытуда әрбір жаңа тақырыпты үш тілді оқыту аясындағы ағылшын және орыс тілдерінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлердегі ұқсастығы мен айырмашылықтарын салғастыра отырып меңгертуге басты назар аудару керек. Мұғалім осылай, оқу үдерісінде оқушылардың үш тілді тең дәрежеде қатар үйренуіне әдістемелік тұрғыдан мүмкіндік туғызады. Қазіргі кездегі қазақстандық ортада пайда болып жатқан көптеген жаңа құбылыстар, жаңалықтардың көпшілігі көне латын тілінде, ағылшын тілінде аталатыны белгілі. Осы тұста мұғалім оны үштілділік бағытта тануға пайдалана алуы тиіс. Оқушылардың компьютерді, телефонды, интернетті еркін пайдалануы – қазақ тілі сабақтары үшін тек мол ақпарат алу мақсатында ғана емес, үш тілді үйренудегі ортақ нүктені табуға, тиімді қолдануға да тірек болуы керек.

Басқа пәндердің мазмұнын меңгертуде мемлекеттік тілді дұрыс қолдану пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жыл мезгіліне байланысты бір тақырыпты жан-жақты талдау, себеп-салдарын түсіндіру, фактілер мен көзқарасты ажырату, қарама-қайшы тақырыпты талқылау кезінде оқушылар қазақша өз ойын жүйелеуге, түрлі ақпарат ресурстарынан алған мәліметтерін бағалауға, өзгелерге өзі білетін ақпаратты анық, түсінікті жеткізуге дағдылануы керек. Бұл оқушылардың басқа пәндер бойынша да қазақ тілімен қатар ағылшын және орыс тілдерін меңгеруде жетістікке жетуін қамтамасыз етеді.

Ал қазақ тілі мұғалімі басқа пәндер мазмұнына сәйкес тақырыптарды, мәтіндерді, тапсырмаларды пайдалану арқылы пәнаралық байланысты дамытады. Қазақ тілі мен басқа пәндер мұғалімдері арасында пайдаланатын мәтіндер мен тапсырмаларды орындату негізінде оқушылар арасында өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылады. Сонымен қатар, тіл мұғалімдері үш тілді үйренудегі басқа да қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін барлық пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болады.
















1.6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру


Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктерді қажет етеді. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың әлеуметтік және кәсіби ортада, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасында мыналар қамтылған:



  • Қазақстан Республикасы үшін, Отаны үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

  • Қазақстанның бас қаласы – Астана қаласы туралы білімін кеңейту;

  • қазақ тілі арқылы қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне құрмет сезімін қалыптастыру;

  • Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарай білу және ұлттық мәдениеттерді құрметтей білуге үйрету;

  • өзгенің пікіріне, көзқарасына, наным-сенімі мен әдет-ғұрпына, идеяларына сыйластық пен төзімділік көрсету қасиетін қалыптастыру;

  • оқушының көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі, өз пікірі мен өзгелердің пікірін, өз көзқарасы мен өзгелердің көзқарасын салыстыра отырып, өз ойын ашық жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру;



  • Қазақстан халқының келісімі мен ұлтаралық бірлікті сақтауды қолдау;

  • көп ұлтты қоғамда өмір сүру қабілетін қалыптастыру.

Осы аталған құзыреттіліктер тілдік жағдаяттар мен көркем шығармаларды оқу және белсенді оқу әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастырылады.


1.7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруда, өз бетімен іздену және зерттеу жұмыстарында сандық технологияларды жұмыс барысында орынды қолдана білуге үйретеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолданудың негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.

Бастауыш мектепте АКТ-ны қолдану дағдылары ақпарат іздеу және дайындау, ақпаратпен алмасу, өз жұмысын бағалау және жетілдіру, алуан түрлі жабдықтар мен бағдарламалық қосымшаларды пайдалану арқылы дамытады.

«Қазақ тілі» оқу бағдарламасында ол төмендегідей жұмыстар негізінде іске асырылады:


  • қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс кезде интернет ресурстарымен жұмыс (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);

  • оn-line сабақтарда инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды жүйелі түрде қолдану;

  • мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға көшу (Word, PowerPoint, электрондық тренажерлер, электрондық оқу құралдары, электрондық тестілеу т.б.);

  • ақпаратты өңдеп, баспа және электронды түрде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;

  • электронды оқулықтарды пайдалану;

  • «подкаст» жасау;

  • тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;

  • ақпаратты саралау, зерттеу.


1.8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту


ҚР білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей т.б.) арналған қазақ тілі пәні бойынша кіріктірілген оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі қауымдастықта тиімді қарым-қатынас жасауға қабілетті әлеуметтенген тұлғаны, азаматты, қазақша тілдік тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қазақша сөйлеу-сөйлесу, жазу түріндегі қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру қажет. Мұндай ортада оқушының тілдік тұлғасы өз ойын қазақ тілінде ауызша және жазбаша түрде еркін білдіре алатындай болуы үшін түрлі формадағы қатысым түрлерін үйрету маңызды болып табылады. Оқу бағдарламасы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуды көздейді.

Бағдарлама оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен қазақша қарым-қатынас жасау барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерін сауатты пайдалануын қамтамасыз етеді.



«Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қоя білу;

  • таныс немесе оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша анық, түсінікті сөйлеу;

  • алдын-ала құрастырылған сұрақтар арқылы біреумен сұхбат жүргізу (мысалы, мұғалімнен бір күні жөнінде сұхбат алу) және алынған жауаптар бойынша ауызша есеп беру;

  • белгіленген тақырып бойынша пікірталасқа түсу\дәйектеу (мысалы, «Уақытты тиімді пайдаланып жүрміз бе?)



  • бір оқиғаны ым-ишарат қолдану арқылы жұпта немесе топта жазуға дайындалу;

  • ауызша айтылғандарды түсіну және соған сәйкес сұрақтарға жауап бере білу;

  • берілген тақырыпқа диалог құрастыру;

  • экскурсия бойынша күтілетін нәтижені талқылау (мысалы, кітапханаға барғанда алған әсерлері туралы ой бөлісу).

«Қазақ тілі» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • көз жүгірте оқу, шолу жасай отырып оқу, мағынасы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу, ақпаратты алу үшін оқу, қызыға оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу;

  • мәтіннің басы немесе тақырыбы бойынша оқиғаның дамуын болжау;

  • интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар дайындау);

  • әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа арналған сұрақтар мен жауаптар дайындау);

  • .


«Қазақ тілі» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • қысқаша хабарлама жазу;

  • тыңдалған\ оқыған мәтін мазмұнын қысқаша жазу, көрген фильмі немесе оқыған кітабынан алған әсерін сипаттап жазу;

  • белгіленген суреттер, диаграмма,түрінде ақпарат ұсыну;

  • сұхбат нәтижесінің қысқаша есебін жазу;

  • сұхбатқа сұрақтар дайындау.



  1. Бастауыш мектепте оқыту нәтижесін бағалау критериалды бағалау жүйесін енгізу арқылы жүзеге асады.








Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына (оқушылар, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері, педагогикалық персонал, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер) алдын-ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі.

Критериалды бағалау оқыту, тәлім -тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген.

Критериалды бағалау нәтижесі оқыту үдерісін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады.

Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі формативті ( ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.

Формативті (ағымдық) бағалау – сабақтағы және/не үйдегі күнделікті жұмыс барысындағы білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдық деңгейін айқындайды және оқыту кезінде оқушы мен педагог арасында жедел өзара байланысты жүзеге асырады, оқушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, оқу мақсатына қол жеткізгендігін түсінуге мүмкіндік береді;

Ішкі жиынтық бағалау – сынып бойынша оқу материалдарының үлкен тарауын не бөлімін оқығаннан кейін меңгерілген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін айқындайды;

Ішкі жиынтық бағалау білім беру ұйымының педагогтары тарапынан жүзеге асырылады. Жиынтық жұмыстар үшін қойылған бағалар есептік оқу кезеңдері үшін қорытынды бағаларды анықтауға негіз болып табылады.

1сыныпта оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тек қана формативті бағалау қолданылады. 3-4 тоқсандарда тоқсандық бағалар қойылады.

1сыныпта жылдық баға формативті бағалаудың нәтижесі бойынша қойылады.

2 сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. 1-4 тоқсандардың тоқсандық қорытынды бағалары формативті бағалаудың нәтижесі бойынша қойылады. Оқу жылының соңында ішкі жиынтық бағалау жүргізіледі

Жылдық баға формативті және ішкі жиынтық бағалаудың тағайындалған пайыздық арақатынасының есебімен қойылады.

3-5 сыныптарда оқушылардың оқу нәтижесі төмендегідей түрде көрсетіледі:



  • формативті және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен әр тоқсанның соңында қойылатын тоқсандық баға түрінде;

  • Төрт тоқсандағы формативті және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен пән бойынша қойылатын жылдық баға түрінде.





































2.1 «Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мазмұны мен құрылымы
Бағдарлама «Біз пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген негізгі қағидаларды қарастырады. Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқытудың мақсаттары әр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.




1-5 сыныптар



Бөлім

Бөлімше

1

Тыңдалым

Т 1 Зейін қойып тыңдау

Т2 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

Т3 Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды түсіну және болжау

Т4 Әдеби тіл нормасын анықтау

Т5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру

Т6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну

2

Айтылым

А1 Сөз көлемі және сөздік қордың саналуандығы

А2 Тыңдалған мәтінді мазмұндау, дәлелдеу

А3 Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау

А4 Диалогке қатысу

А5 Тілді медиақұралдар арқылы дамыту

А6 Сөйлеу мәнерін бағалау

3

Оқылым

О 1 Зейін қойып оқу

О 2 Мәтіннің түрі мен стилін анықтау

О 3 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау

О 4 Іріктеп оқу және жоспар құру

О5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

О6 Салыстырмалы талдау жасау

4

Жазылым

Ж1 Әртүрлі стильде жазу

Ж2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу

Ж3 Шығармашылық жұмыс

Ж4 Грамматикалық норма және сауатты жазу

Ж5 Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану

Ж6 Аудио-видео материалдар бойынша естігені, көргені негізінде жазу




Пән бойынша бағдарламаның оқу мақсаттары

«Қазақ тілі» пәні

1. Тыңдалым

Оқушылар білуі тиіс...




1-сынып

2-сынып

3 -сынып

4-сынып

5-сынып

Т1 Зейін қойып тыңдау

Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды

Ауызша айтылған және есту және көру материалындағы қарапайым сөз орамдарын қайталайды

Теле\радио хабардағы негізгі ойды беруде қолданылатын

ерекшеліктерді анықтайды





Адамның жасына, туыстық ерекшеліктеріне және қатысым мақсатына байланысты сөйлеу стиліндегі өзгерістерді анықтайды

Ресми және бейресми қарым -қатынас стиліне байланысты сөйлеудің кейбір аспектілерін анықтайды


Т2

Сөздің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну





Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді



Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді


Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер және сөз орамдарынан құралған қысқа, қарапайым мәтіндердегі негізгі тұстарды түсінеді

Аудио-визуалды материалдағы сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсінеді

Оқу немесе аудиовизуалды материалдағы таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады

Т3 Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды анықтау және болжау

Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды

Тыңдалған/қо-йылған материалда не болып жатқанын анықтай отырып, мазмұнын түсінеді (идеясын, кейіпкерлерін, оқиғаларды)

Тыңдалған/қойылған материалдағы негізгі идеяны түсінеді, кейіпкерлерді сипаттайды, оқиғаларға талдау жасайды

Тыңдалған/қойылған материалдағы оқиғаның әрі қарай қалай жалғасатынын болжай отырып, мазмұнын түсінеді (идея, кейіпкерлер, оқиғалар)

Тыңдалған/қойыл-ған материалдағы оқиғаның мазмұнын түсінеді және оқиғаны басқалардың көзқарасын есепке ала отырып болжайды

Т4 Әдеби тіл нормасын түсіну

Сөздерді тыңдайды және дыбыстық құрамын ажырата алады

Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді


Күнделікті өмірге қатысты және таныс сөздерден құралған қысқа мәтіндерді түсінеді, сөздің тұлғасын анықтайды (зат есім, етістік)


Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен сөз орамдарынан құралған қарапайым және қысқа мәтіндердегі, сондай-ақ есту және көру материалдардан грамматикалық бірліктерді анықтайды

Күнделікті өмірге қатысты, ішінде таныс емес сөздері бар қысқа және қарапайым мәтіндердегі грамматикалық бірліктерді анықтайды


Т5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру

Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір,сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді

Әңгіме және есту және көру материалдағы оқиғалардың мәнін сипаттай отырып түсінеді

Әңгіме және есту және көру материалдарындағы оқиғалардың мазмұнын және кейіпкерлерді сипаттай отырып түсінеді

Есту және көру материалы мазмұнындағы негізгі ойды анықтайды

Тыңдағалған материал мәнін түсінеді және телебағдарлама үзіндісіндегі музыка, сөз және бейнелердің маңызын анықтайды

Т6

Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну



Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді

Автордың мәтінде арнайы қолданған сөздерді таңдау себебін анықтайды (мысалы, үлкен ғимарат- зәулім ғимарат, биік тау-асқар тау)

Әртүрлі мәтіндердің ерекшеліктерін түсінеді және анықтайды (хабарлау, сипаттау)


Нұсқауларды түсінеді және оған сүйенеді, қажет жағдайда түсіндіруді сұрайды


Әртүрлі жағдайларға байланысты сөйлеу түрлерін түсінеді. (Мысалы, ойын алаңында досымен немесе сыныпта мұғаліммен)




«Қазақ тілі» пәні

2. Айтылым

Оқушылар




1-сынып

2-сынып

3 -сынып

4-сынып

5-сынып

А1

Сөз көлемі және сөздік қор құрамының саналуандылығы



Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді

Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді

Сөйлеуде мәтін тақырыбына сәйкес арнайы лексиканы қолданады

Қажетті сөздерді қолдану арқылы әңгімеге, өзара сөйлесуге қатыса алады

Мәтін стиліне сәйкес сұрақтар қояды (ресми және іскерлік)

А2

Тыңдалған мәтінді мазмұндау, дәлелдеу



Қарапайым әңгімелерді (мәтінді) мазмұндайды

Оқиға желісін сақтай отырып, шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды таныс сөздерді қолдану арқылы әңгімелейді

Тыңдаушының қызығушылығын туғызу мақсатында өлеңнің немесе әңгіменің мазмұнын мәнерлеп айтады

Өлең мен қысқа әңгімені өз қызығушылық деңгейіне қарай таңдайды, мәнерлеп, нақы- шына келтіріп айтады


Жоспар немесе дайындаған жазбасын қолдана отырып әңгімені,оқиғаны мазмұндайды

А3

Мәтіннің негізгі қырларын анықтау және талқылау



Естіген/тыңдаған мәтіндегі таныс сөздерді табады

Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/ сурет көмегімен көрсетеді

Тілді қолдану дағдыларын көрсете отырып, негізгі ойды анықтайды

Тыңдағаны/ оқығаны бойынша талдау жасайды және бағалайды (үлкендердің көмегімен)

Тыңдағаны / оқығаны бойынша өз көзқарасын сезімі арқылы (дауыс ырғағы, сөйлеу қарқыны, т.б.) білдіреді

А4

Диалогке қатысу



Анық әрі айқын сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді


Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады

Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, күнделікті өмірге байланысты диалогке сенімді қатысады

Берілген жоспар бойынша диалог құрастырады


Басталған диалогті өздігінен жалғастырады

А5

Медиақұралдар арқылы тілді дамыту




Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды


Медиақұралдар-ды пайдалану арқылы дауыс ырғағын мәтін мазмұнына, оқиға желісі өрбуіне сай өзгерте отырып, дұрыс және анық айтады

Медиақұралдар-ды пайдалану арқылы оқиғаларды өз тәжірибесіне сүйене және жеңіл салыстырмалар жасай отырып әңгімелейді және сипаттайды

Медиақұралдар-ды пайдалана отырып, өзінің пікірін дәлелдейді


Медиақұралдарды пайдалану арқылы оқиғалар желісін, бөлімдерін сақтай отырып, оқиға соңынтиянақты аяқтап айтады

А6

Сөйлеу мәнерін бағалау



Қарапайым айтылымдарды қайталайды


Түсінгені бойынша өзінің келісетінін/

келіспейтінін айтады



Түсінгені бойынша өзінің ойын айтады


Басқалардың пікірлерін бағалайды (келісу\келіспеу)

Түсінгені бойынша қорытынды жасайды




«Қазақ тілі» пәні

3. Оқылым




Оқушылар







1-сынып

2-сынып

3 -сынып

4-сынып

5-сынып




О 1

Зейін қойып оқу



Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді


Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді

Таныс сөздер мен сөз орамдарынан құралған қысқа, қарапайым мәтіндердің негізгі тұстарын түсінеді

Таныс емес сөздерден құралған қысқа, қарапайым мәтіндердегі негізгі мәселені түсінеді

Қысқа мәтіндердегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды қолданады




О 2 Мәтін түрі мен стилін анықтау


Мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі


Қарапайым әңгімені (оқиғаны) түсініп оқиды

Әңгіменің кіріспесін, негізгі кейіпкерлерін, ондағы оқиға желісін түсінеді


Көркем және басқа әдебиеттерді ажыратады


Мәтіннің құрылымдық ерекшеліктерін біледі және сипаттайды (мысалы, әліпби ретімен, сызбамен, диаграммамен, суреттерді атауымен беруді)




О 3

Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау



Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды

Оқылған мәтіннің неліктен ұнайтынын/ұна-майтынын түсіндіреді

Оқылған оқиғалар желісі бойынша сұрақтар құрастырады

Әртүрлі мәтіндердің ұнағаны/ұнамағаны жөнінде өз ойын білдіреді

Оқылған мәтіндердегі маңызды сәттерге түсінік бере отырып, өз көзқарасын білдіреді




О 4

Іріктеп оқу және жоспар құру













Өз бетімен оқу үшін кітап таңдайды және оны таңдау себебін түсіндіреді


Оқылған мәтінді түсінгенін қойылымдарға қатысуы арқылы көрсетеді (кейіпкерлер мен оқиға желісіне қарай)




О5

Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу



Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды

Ақпаратты беру мақсатында мәтіндердің әліпби ретімен қолданылатындығын түсінеді

Сөздіктерден және анықтамалықтардан қосымша ақпараттарды іздеу жолын біледі

Қажетті ақпараттарды табу үшін әртүрлі дереккөздерді қолдана біледі

Әртүрлі дереккөздерінен қажетті ақпараттарды таңдау жолдарын біледі




О6

Салыстырмалы талдау жасау









Оқыған әртүрлі мәтіндердің ұнағаны/ұнама ғаны туралы пікір білдіре отырып талқылайды


Оқиғалар мен кейіпкерлерді, негізгі ойды түсінгенін болжау жасай алуы арқылы көрсетеді


Оқиғалардың туындау себептерін, оның салдарын, кейіпкерлердің іс- әрекеттерінде біртіндеп пайда болған өзгерістердің пайда болу көзін түсінеді









































































































































«Қазақ тілі» пәні

4. Жазылым

Оқушылар ....




1-сынып

2-сынып

3 -сынып

4-сынып

5-сынып

Ж1

Әртүрлі стильде жазу




Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады

Жай сөйлемдерді жазады/мәтінді құжаттар редакторында баса алады


Шағын көлемді мәтіндер жазады/мәтінді

құжаттар редакторында баса алады (2-3 сөйлем)



Мәтін түрлерін құрастырып жазады/мәтінді құжаттар редакторында баса алады

Мәтінді бөлімдерге бөліп, АКТ-ны қолдану арқылы таныстырылым мәтінін (презентация) дайындайды

Ж2

Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу



Қарапайым, түсінікті тілмен жазады


Сипаттауыш сөздерді, сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады


Мәтін бөліктерін (басы, ортасы, аяғы) сақтап, кейбір теңеу сөздер арқылы қарапайым әңгімелер жазады

Тілдік көркемдегіш құралдарды (орнын, уақытын, кейіпкерлерін) пайдалана отырып, хабарлау мәтінін жазады

Оқырманның қызығушылығын тудыру үшін кейіпкерлер бейнесін жасау тәсілдерін қолданады

Ж3 Шығармашылық жұмыс

Жазуда сипаттауыш сөздерді жазады

Үлгі бойынша бірнеше сөйлемдер жазады


Өздігінен бірнеше сөйлемдер немесе қысқа өлең жазуға талпынады

Өз бетінше шағын өлең, ән немесе қысқа оқиға, әңгімелер жазу сияқты шығармашылық жұмыстарды орындайды

Әртүрлі жанрдағы мәтіндер ( хат, ертегі, өлең, әңгіме) құрастырып жазады

Ж4 Грамматикалық норма және сауатты жазу

Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады


Орфография талаптарын ескере отырып, жаңа сөздерді дұрыс жазады. Үлкендердің көмегімен зат есім, сын есім және етістікті пайдалана отырып, қарапайым сөйлемдер құрастырып жазады

Зат есім, сын есім және етістікті пайдалана отырып, жалаң және жайылма жай сөйлемдерді құрастырып жазады


Грамматикалық нормаларды (зат есім, сын есім және етістікке қатысты) дұрыс сақтай отырып, сөйлемдер құрастырады.

Орфографиялық ережелерді біледі және қолданады



Грамматикалық норма мен синтаксисті ескере отырып, сөйлемдер құрастырады. Етістік түрлерін қолданады. Орфографиялық ережелерді біледі және қолданады


Ж5 Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану

Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады

Үлкендердің көмегімен сөйлемдерде үтір, нүкте, сұрақ, леп белгілерін қолданады

Өз бетінше нүкте, сұрақ, леп белгілерін және үтірді қолданады

Сөйлем мен сөз орамдарын жазу барысында тыныс белгілерін (үтірді) саналы түрде қолданады

Жазуда тыныс белгілерін, сондай-ақ тырнақшаны қолданады

Ж6

Аудио-визуалды материалдар бойынша естіген, көргені негізінде жазу




Аудио-визуалды құрал көздерінен алынған материалды сипаттап жазады


Аудио-визуалды құралдар көздерінен алынған ақпараттарды жай сөйлемдермен сипаттап жазады


Естіген, оқыған, көргені бойынша оның идеясы мен негізгі ақпаратын жазады


Аудио-визуалды құралдар көздерінен алынған ақпаратты (баяндама түрінде емес) деректер, ойлар, тақырыптар, ізімдер түрінде жазады

Әртүрлі аудио-визуалды құралдар көздерінен алынған мәліметтер мен ойларды жинақтайды




3-нұсқа

Маусым 2014 ж.





Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет