Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар) Наурыз 2016 ж


«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет3/62
Дата06.02.2022
өлшемі0,98 Mb.
#28358
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62

1. «Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты мен міндеттері


«Дене шынықтыру» бағдарламаның мақсаты оқушыларды дене шынықтырудың негіздерімен таныстыру болып табылады, нақты айтқанда, олардың спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене шынықтыру (физикалық) қабілеттерін меңгеруімен қатар, салауатты денені шынықтырудың дамуына ықпал етеді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын оқу жоспарын ұсынады, бұл жоспар оқушылардың физикалық іс-әрекеттің түрлері бойынша білімдерін, түсініктерін және дағдыларын дамытуға ықпал етіп, сол уақытта олардың жеке гигиена, психикалық денсаулық және салауатты өмір салтының қағидалары сияқты аспектілер тұрғысында жалпы дамуын жақсартады.


Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бастауыш мектеп оқушыларды оқытуға арналған оқу бағдарламасы келесі міндеттерді іске асыруы тиіс:



  • дене денсаулығының және рухани денсаулықтың негізін қалайды, бұл әлеуметтік дағдыларды дамытуға, тұлғалық дамуға оң әсер етеді;

  • оқушыларды өздерінің физикалық және психологиялық денсаулықтарын түсінуге және нығайтуға ынталандырады;

  • дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамытуға жағдай жасайды;

  • оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытады, атап айтқанда, олардың төзімділігін, ширақтығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін дамытуға әсер етеді;

  • оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін құрметтеуге, командалық жұмыс дағдыларына, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелейді;

  • оқушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандырады;

  • оқушылардың жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде дене шынықтыру пәні туралы өз көзқарастарын қалыптастырып, осы саладағы білімдерін дамытуға мүмкіндік береді.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту оқушыларға:



  • пән туралы білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті өмірлерінде қолдануға;

  • қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсарту және оқушылардың дене дамуын жетілдіру қажеттіліктерін бағалауға;

  • адамгершілік қасиетін дамытудың маңыздылығын түсінуге және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге;

  • жеке гигиена туралы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге;

  • дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның дене жүйелеріне әсерін білуге;

  • өзінің және басқалардың дене жағдайын бағалауға;

  • сыни тұрғыдан, шығармашылық ойлау қабілеттерін және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет