БАҒдарламасы өскемен қ., 2015 жыл Паспорт



бет1/8
Дата08.06.2018
өлшемі2,82 Mb.
#41491
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Шығыс Қазақстан облысы

мәслихатының

2015 жылғы «7» қазан

№ 32/387-V



қаулысының шешімі



Шығыс Қазақстан облысының аумағын

дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған

БАҒДАРЛАМАСЫ

Өскемен қ., 2015 жыл




Паспорт………………………………………………………………………………………

3

2. Ағымдағы жағдайды талдау.......………………………………………………….

10

2.1. Табиғи- экономикалық әлеует…………………………………………………………..

11

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау…………………

13

2.2.1. Экономикалық даму……………………………………………………………

13

2.2.1.1. Өңірлік макроэкономика................................................................................

13

2.2.1.2 Өнеркәсіп………………………………………………………………

16

2.2.1.3 Агроөнеркәсіп кешені…………………………………………………

31

2.2.1.4 Туризм.......................................................................................................

38

2.2.1.5 Шағын және орта кәсіпкерлік

41

2.2.1.6. Сауда…………………………………………………………………

44

2.2.1.7. Өңіраралық ынтымақтастық………………………………………

46

2.2.1.8. Бәсекелестікті дамыту....................................................................................

48

2.2.1.9. Өңірдің инновациялық дамуы.......................................................................

51

2.2.1.10. Негізгі капиталға инвестициялар...............................................................

54

2.2.1.11 Қоршаған орта жағдайы….......……………………………………………

57

2.2.2 Әлеуметтік сала………………………………………………………………………...

61

2.2.2.1 Білім беру………………………………………………………………………

61

2.2.2.2 Денсаулық сақтау………………………………………………………………...

65

2.2.2.3 Халықты әлеуметтік қорғау ………………………………………………….....

72

2.2.2.4 Мәдениет …………………………………………………...................................

77

2.2.2.5 Тілдерді дамыту ……………………………………………………....................

79

2.2.2.6 Дене шынықтыру және спорт ………………………………………………......

82

2.2.2.7 Ішкі саясат………………………………………………………………………..

84

2.2.2.8 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп…………………………………

89

2.2.2.9 Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту

92

2.2.2.10 Мұрағат ісі………………………………………………………………........

96

2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен…………………………………………………………….

97

2.2.3.1. Телекоммуникация және байланыс …………………………………………....

97

2.2.3.2 Құрылыс..................................................................................................................

99

2.2.3.3.Жолдар және көлік ..............................................................................................

101

2.2.3.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық..............................................................

109

2.2.4 Аумақтық құрылыс…………………………………………………………………

121

2.2.4.1 Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету…………………………………………....

122

2.2.4.2 Шекаралас өңірлер……………………………………………………………….

125

2.2.5 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі …………………........

127

2.2.5.1 Гендерлік саясат....................................................................................................

129

2.2.5.2 Облыс бюджеті…………………………………………………………………...

131

2.3 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы

саясатын талдау……………………………………………………………........................



132

2.4 Проблемалар, тәуекелдер, бәсекелестік артықшылықтар мен мүмкіндіктердің кешенді

сипаттамасы.....................................................................................................................…...



133

3. Өңір дамуының көрінісі………………………………………………………............…...

155

4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші және мақсатқа жету жолдары............................. .................................................................. ......

158


5. Іске асыру кезеңдері....................................................................................................... .......

194

6. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстар.............. ................................

195

6.1.Қаржыландыру көздері бойынша..........................................................................................

195

7. Бағдарламаны басқару............................................................................................... .......…..

195

1. Паспорт


Атауы

Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық – кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы, Қазақстан Республикасы Президентінің–Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы, «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдаулары

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік-шығысында орналасқан, 1932 жылы құрылған. Облыста: 19 әкiмшiлiк-аумақтық бірлік, соның iшiнде 15 аудан, 10 қала, 755-ден аса кенттер мен ауылдар, 246 ауылдық және кенттік округтер бар. Халық саны – 1395,3 мың адам. Экономиканың базалық саласы түсті металургия болып табылады, сондай-ақ машина жасау және металл өңдеу, орман және ағаш өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған.

Әзірлеуші

ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мүдделі облыстық салалық басқармалармен бірлесе отырып

Стратегиялық бағыттары

Өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияда, шағын және орта кәсіпкерлікте, сауда және қоршаған ортада жоғары өндірісті инновациялық технологиялар енгізу негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;

әлеуметтік сала мен адами әлеуетті дамыту, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату, барлық сапалы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтамасыз ету;

экономиканың үдемелі индустрияланды-рылуына және сапалы тұрғын үй - коммуналдық және көліктік қызметті қамтамасыз етуге жағдай жасайтын инфрақұрылым кешенін жаңарту;

аумақтық құрылым;

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару жүйесін дамыту.


Мақсаттары


Облыс экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

демографиялық жағдайды жақсарту;

өндірісті әртараптандыру арқылы өнеркәсіптің тұрақты және қалыпты дамуын қамтамасыз ету;

өнеркәсіптің әртараптылығын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту;

үздіксіз және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету, облыста электр энергиясы тапшылығын жабу үшін жаңа қуаттылықтарды енгізу, қолда бар энергетикалық құралдарды, электр желілерін жаңарту және қайта жаңғырту;

өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық - түлік тауарларының ішкі нарығында отандық азық - түліктердің үлес салмағын арттыру, облыстың АӨК экспорттық әлеуетін іске асыру;

ауылшаруашылығы жерлерінің өнімділігін сақтау;

шағын және орта кәсіпкерлікті серпінді және кешенді дамыту;

ішкі сауда саласын серпінді дамыту;

өңір экономикасына инвестиция ағымын ынталандыру;

өңірдің инновациялық дамуын жандандыру;

облыс кәсіпорындарының өнімін әрі қарай жылжыту, жалпы білім беру үрдісіндегі барлық қатысушыларды жақсы білім беру қорлары мен технологияларға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету;

білім берудің сапасын және қолжетімділігін, балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылату;

мектептерде инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру;

балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен қамту, балалардың түрлі мектепке дейінгі тәрбие және мектепке дайындау үшін оқытудың түрлі бағдарламаларына бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету;

қоғам сұранысы және өңір экономикасының индустриялық-инновациялық дамуына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту; мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін жоғарылату; тұрғындардың денсаулығын жақсарту, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

білікті шет ел азаматтарын тарту;

әлеуметтік көмек алушылардың санын азайтуға жағдай жасау;

қазіргі заманға сай сапалы деңгейде арнайы әлеуметтік көмек көрсету үшін жағдай жасау; олардың еңбек қызметінің үрдісінде кәсіби тәуекелділіктен жұмысшыларды қорғау деңгейін көтеру;

отандық мәдениетті сақтау, тарату және насихаттау;

бұқаралық спорт пен жоғарғы жетістіктер спортын дамыту;

облыста туризм индустриясын тұрақты дамыту;

Қазақстан халықтары арасында толерантты тілдік орталық құру;

ұлт бірлігін және қазақстандық патриотизмді нығайтуды қамтамасыз ету;

тұрғындарды ұлттық сандық телехабар таратумен толық қамту жолымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

көшелерде және қоғамдық жерлерде сенімді құқықтық тәртіпті, сондай - ақ есірткіге қарсы әрекет етуді қамтамасыз ету;

жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шығындар мен залал тию қаупін барынша азайту;

тұрғындарды қолжетімді және сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

құрылыс жұмыстары мен тұрғын үйді қолданысқа беру көлемін ұлғайту;

автожол саласы инфрақұрылымын дамыту деңгейін жоғарылату және тұрғындарды сапалы, қолжетімді көлік қызметімен қамтамасыз ету;

облыс тұрғындарын қажетті көлемдегі және кепілдендірілген сападағы ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз ету;

облыс азаматтарының жайлы өмір сүруі;

өңірдің елді мекендерінде су бұру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесінің үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

бұрын мемлекеттік орман қорының ормандары алып жатқан кесінділер, өртенген және өзге аумақтар ында ормандарды қалпына келтіру;

ауылшаруашылығы нысанындағы жерлерді ауылшаруашылығы айналымына тарту;


ауыл аймақтарының тұрақты дамуының негізін құру, ауыл тұрғындарын өмір сүрумен қамтамасыз етудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

шекаралас елді мекендердің экономикалық әлеуеті мен инженерлік инфрақұрылымын дамыту;

азаматтар және ұйымдар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру.


Міндеттері

Экономиканың болжамдалған параметрлері шегінде дамуын қамтамасыз ету;

халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін қолайлы жағдай құру;

өнеркәсіптің тұтастай алғандағы басым секторларын дамыту;

өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларын дамыту;

металлургия саласын дамыту;

машина жасау саласын дамыту;

басқа металл емес минералды өнімдер өндірісін дамыту;

химия өнеркәсібін дамыту;

фармацевтика өнеркәсібінің өндірісін дамыту;

жеңіл өнеркәсіпті дамыту;

энергетикалық ресурстар мен қуаттылықтарды пайдаланудың тиімділігін жоғарылату;

АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу;

өсімдік шаруашылығының өнім көлемін арттыру;

мал шаруашылығының өнім көлемін арттыру;

жер қорларын ұтымды пайдалану;

шағын және орта кәсіпкерлік саласын серпінді дамытуды қамтамасыз ету;

ішкі сауда инфрақұрылымын дамыту;

шикізаттық емес және жоғары технологиялық өндіріске инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

инновациялық қызметті дамыту үшін жағдай жасау;

өңір өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

үш ауысымды және апаттық мектептердің орнына жаңа мектеп құрылысын арттыру;

мектептегі білім беру қызметінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге бірдей қолжетімділігі үшін жағдай жасау;

мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру және ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту;

бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы дайындау үшін жағдай жасау;
патриоттық өзіндік сананы, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық позицияны қалыптастыру;

азаматтардың денсаулығын нығайту;

әлеуметтік маңызды аурулардың ауыртпашылығын төмендету;

жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту;

білікті шет ел мамандарының үлесін ұлғайту;

әлеуметтік қолдау шараларын арттыру, асыраушылықты төмендету және еңбек белсенділігін қалыптастыру;

аса адекватты жасы мен денсаулық шамасы бойынша көрсетілетін қызметті алу үшін тіршілік қызметінің жағдайын құру;

ұжымдық келісім-шартпен келісім негізінде еңбек қатынастарын реттеу;

тұрғындардың мәдениет мекемелері қызметтеріне қолжетімділігін кеңейту;

денешынықтыру және спортты насихаттау;

облыстың бәсекеге қабілетті туристік өнімін қалыптастыру;

мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуын қамтамасыз ету;

мемлекет пен заматтық қоғам институттарымен кемелдену арқылы мемлекеттілікті нығайту;

ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

көше қылмысының алдын-алу;

қылмысты және есірткі қылмысын ашу бойынша жедел -іздестіру тәжірибесінің нәтижелілігін арттыру;

жолдардағы апаттарды және олардың салдарының ауыртпалығын қысқарту;

техногендік апаттардан, катастрофалардан және дүлей апаттардан болған тәуекелдерді төмендету және залалдарын азайту бойынша жағдай жасау;

жаңа, қазіргі заманғы байланыс қызметін енгізу, телефон байланысын жаңарту және қайта жаңғыртуды жүргізу;

тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

көліктік инфрақұрылымды қалпына келтіру және жетілдіру;

облыс бойынша жолаушы бағытының қолданыстағы желісін дамыту, жолаушыларды тасымалдау көлемін арттыру, халықтың қажеттілігі есебімен елді мекендер арасындағы көліктік қатынасты қамтамасыз ету;

халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің сапасын жақсарту;

облыстың ауылдық елді мекендерінің сумен қамту жүйесін тұрақты дамыту;

облыстың су бұру жүйесін қалпына келтіру;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұры-лымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

өңірде қоршаған ортаны қалпына келтіру мен қорғауға бағытталған қаражатты тиімді пайдалану, табиғи ортаның ластануына мониторинг жүргізу;

орман ағаштарының жерсінуін ұлғайту;

жер жағдайын нақты бағалау үшін жерлерге мониторинг жүргізу;

ауылдың тіршілікті қамтамасыз етудің қалыпты жағдайын құруға ықпал ету;

шекаралас аудандардағы халықтың өсуі үшін қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызметтерді электронды нұсқаға ауыстыру, ЖАО ішкі бизнес-үдерістерді автоматтандыру;


Іске асыру кезеңдері

I кезең (аралық) – 2011 – 2013 жылдар, бірінші кезектегі іс – шараларды іске асыру.

II кезең (қорытынды) – 2014-2015 жылдар, қойылған міндеттерді шешу үшін көзделген іс – шараларды іске асыру.



Нысаналы индикаторлар

Жалпы өңірлік өнімнің табиғи көлем индексін 101,4 % дейін;

тұрғындар санын 100,1 % дейін;

өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексін 90,3 % дейін;

өңдеу өнеркәсібі өндірісінің табиғи көлем индексі 92,1 % дейін;

ішкі өңірлік өнімнің энергия көлемінің көрсеткішін 0,67 % дейін;

ауыл шаруашылығы өнім өндірісінің табиғи көлем индексін 103,1% дейін;

ауылшаруашылығы айналымына тартылған 350,5 мың га жерге ауыспалы егіс жүйесін қолдану;

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің шығарылатын өнімнің нақты көлем индексін 101% дейін арттыру;

бөлшек сауданың нақты көлем индексін 106% дейін ұлғайту;

жалпы өңірлік өнімнің негізгі капиталға инвестицияның үлесін 17% дейін;

жұмыс істеп тұрғандар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін 9% дейін;

басқа өңірлерге тиелген өндірілетін өнім көлемін 633 825 700 мың теңгеге дейін;

үш ауысымды және апаттық мектептердің санын 40 данаға дейін төмендету;

табиғи - математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын табысты (үздік/жақсы) меңгерген оқушылар үлесін 42 % дейін, қоғамдық - гуманитарлық пәндер бойынша 43%;


мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен балаларды 14,7% қамту;

балалардың жалпы санынан балалардың 98,3% дейін мектепке дейінгі біліммен және оқытумен қамту;

техникалық және кәсіби оқу орындарын бірінші жылы аяқтаған түлектерді жұмысқа орналастыру үлесі 65%;

15-28 жастағы жастардың жалпы санында NEET үлесін 8,2% дейін;

халықтың туғаннан 69 жасқа дейін күтілетін өмір сүру ұзақтығы;

жұмыссыздар деңгейін 2015 жылға 4,9 % дейін;

жұмысшылардың жалпы тізімдік құрамында тартылған шет ел жұмысшыларының үлесін 20% дейін;

күнкөріс минимумынан табысы төмен халықтың үлесін 1,4% дейін;

арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағын (оны алуға мұқтаж адамдардың жалпы санынан) 91,5% дейін;

еңбек қызметіне байланысты қайғылы оқиғалардан зардап шеккендердің санын 1000 жұмыс істеушілерге шаққанда 0,42% дейін;

облыста өткізілген әлеуметтік - маңызы бар және мәдени іс - шаралардың санын 2013 бірлікке дейін;

мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың санын 76% дейін;

халықтың жалпы санынан жүйелі түрде денешынықтыру және спортпен айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды 30,3% дейін ұлғайту;

қызмет көрсетілген келушілер санының резиденттерді орналастыру орнын 468784, резиденттер еместерді 19579 адамға дейін жеткізу;

азаматтық қоғам мен мемлекет институттарының өзара қарым-қатынасын оңды бағалайтын тұрғындар үлесін 57% арттыру;

тұрғындарды отандық телехабар таратумен қамту деңгейі көрсеткішін 62,3% дейін;

көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағын 21,2% дейін;

жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандардың санын 8,5% азайту;

тасқын, су басу, көшкі, жер сілкіну, сел жүру, жергілікті маңызы бар өрттен халық өлімін 15% дейін төмендету;

байланыс қызметінің нақты көлем индексін 104% дейін;

құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 103,7% дейін;

жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 76% дейін ұлғайту;

халықтың орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділігінің деңгейін 85,5% дейін ұлғайту;

нормативті эксплуатациямен қамтылған кондоминиум объектілерінің үлесін 80,5% дейін ұлғайту;

су бұру қызметімен халықты қамтамасыз ету деңгейін 37% дейін ұлғайту;

жалпы ұзындығынан жаңаланған желілердің үлесін ұлғайту;

стационарлық көздерден анықталған зиянды заттарды азайту;

мемлекеттік орман қорының орман алаңдарымен жабылған жерлерді 1277,1 мың га. ұлғайту;

ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлердің жалпы ауданынан ауылшаруашылығы айналымына тартылған жерлер үлесін 3,6 % дейін ұлғайту;

даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендер санын 68 бірлікке дейін ұлғайту;

шекаралас аудандарда халық санының өсімін 100,3% ұлғайту;

жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін 70% дейін арттыру



Қаржыландыру көздері және көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджеттер, тартылған және меншікті қаражат, қарыз қаражаты.

Қаржыландыру көлемі:

барлығы – 1 052 261 млн. теңге

соның ішінде:

2011ж. – 131 584 млн. теңге

2012ж. – 142 424 млн. теңге

2013ж. – 208 132 млн. теңге

2014ж. – 210 671 млн. теңге

2015ж. – 359 450 млн. теңге




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет