БАҒдарламасы (силлабус) Пән : ҚР мектептерін реформалаудың педагогикалық аспектілері



бет1/11
Дата10.06.2017
өлшемі3,7 Mb.
#18709
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Н.4.02-01
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті


БЕКІТЕМІН

Факультет Кеңесі шешімімен

факультет деканы

__________ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)

«_____» __ 20 ____ ж.

Студенттерге арналған пән

БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

Пән : ҚР мектептерін реформалаудың педагогикалық аспектілері

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу және

5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

Көкшетау 2013ж

Студенттерге арналған пән бағдарламасын (силлабус) құрған аға оқытушы, педагогика және психология магистрі Пазылова Г.Ш ҚР МЖМБС 6.08.011-2009 негізінде құрылды



Әлеуметтік педагогика және оқыту әдістемелері кафедрасының отырысында қарастырылған
«____» _____________ 2013 ж. хаттама №

Кафедра меңгерушісі _______________Конурова-Идрисова З.К

(қолы; аты-жөні, тегі)

Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
«___» ____________ 2013 ж. хаттама №

ОӘК төрағасы _________Сыздыкова Б.Р

(қолы; аты-жөні, тегі)


  1. Титул беті.

  2. Оқытушы туралы мәліметтер

Пазылова Г.Ш., аға оқытушы, педагогика және психология магистрі, кафедрада сағ. 08:30- 15:00 болады. Ұ.т: 87019030150

  1. Пән туралы мәлімет

ҚР мектептерін реформалаудың педагогикалық аспектілері

Пәнді оқыту мерзімі 15 апта, апта бойынша 1 сағат лекция

(50 минут), 1 семинар сабағы (50 минут). Әрбір лекция, семинар тақырыптары СОӨЖ сабақтарында толықтырылып талқыланады. Апта бойынша сағат 1(50 минут) лекция не семинар сабағы өткізіледі, 1сағат(50 минут) СОӨЖ, 1 сағат (50 минут) СӨЖ (өздік жұмыс). Сабақ сабақ кестесі бойынша 615дәрісханада өтеді, корпус № 1
оқу жоспарынанан көшірме:

курс

семестр

Кредитт.

саны


Дәрістер,

сағаты.


Практ.,

семин.


саб.,сағ.

Зертх.

сабақт.,


сағат.

ОБСӨЖ

сағат-да


СӨЖ

сағ-да


Барлығы

сағ-да


Бақылау

түрі


3

5В010100

6

2

15

15

-

15

45

90

емтихан

3

5В010200

6

3

30

15




30

60

135




Пререквизиттері: мектеп бағдарламасы бойынша өтетін гуманитарлық пәндер: «Мамандыққа кіріспе», «Этика», «Педагогика», «Психология».

Постреквизиттері : «Мектеп тану», «Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі», «Педагогика пәнін оқыту әдістемесі».



Компетенция

  1. Педагогиканың негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, принциптерін, оқыту және тәрбиелеу әдістерін, оқу процесінің ерекшелігін, қазіргі кездегі тәрбие бағыттарын, тәрбиенің субъектілерін және оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін білу.

  2. Тәрбие істерінің жоспарын құру, педагогикалық жағдаяттарды шешудің , педагогикалық зерттеу әдістерін қолданудың дағдыларын игеру.

4. Оқу пәніне сипаттама.

Курстың мақсаты: студенттерді Қазақстан мектебін реформалаудың педагогикалық аспектілері пәні бойынша мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістермен таныстырып, білім беру жүйесін жетілдіру арқылы білім сапасын көтерудің қажеттілігін көрсету.



Оқу пәнінің міндеттері:

  • болашақ мамандығы бойынша Қазақстан мектебінде болып жатқан әдіснамалық негіздерімен таныстыру;

  • тұтас педагогикалық процесс жүйесінің тұтастылығының маңыздылығын ұғындыру;

  • ҚР-ң білім бері жүйесінің даму деңгейін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, ерекшеліктерін көрсету;

  • Студенттердің педагогикалық ойлау қабілетін дамыту, іскерлігін қалыптастыру;

Пәннің қысқаша мазмұны: курсты өту барысында 1-бөлімде білім беру саласының құқықтық негіздері, мектепті реформалаудың әдістемелік аспектлері, мектепті реформалаудың аксеологиялық негіздері, қазіргі мектептегі педагогикалық құндылықтар жүйесімен т.б. танысады. 2-бөлімде Қазіргі кездегі мектептің мақсат қою проблемалары, мектепті реформалауда оқушылардың даму барысында жас және дара ерекшеліктерін ескеріп, белсенділігін тудыру мәселелері, қазіргі кездегі тәрбие процесінің ерекшеліктері, 3 - бөлімде Қазақстан мектебін реформалаудың дидактикалық аспетлерімен танысады.

6. Сабақ жоспары

    1. Дәрісханалық сабақтардың оқу-тақырыптық жоспары






Мазмұны

(тақырыбы мен сұрақтары)



Лек.

/сағ.

практ. саб. /сағ./

Зертханалық

сабақтар сағ.



Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме

1

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі.

1




-

Н.ә 1,2,3,4,5,

2

Мектепке 12 жылдық білім беруге өтуде педагогикалық процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.

1

1




Н.ә.3,5; Қ.ә3,4

3

Дидактика -педагогикалық ғылымдар жүйесінде

1







Н.ә.3,5; Қ.ә3,4

4

Оқыту процесі тұтас -жүйе ретінде.

1

1




Н.ә.3,5;

5

Оқытудың заңдары, заңдылықтары және принциптері.

1







Қ.ә3,4,8

6

Қазіргі білім берудің мазмұны.

1







Н.ә.3,5; Қ.ә3,4,8

7

Білім беру мазмұнын ашатын нормативтік құжаттар.

1

1




Н.ә 7,10.12,13


8

Қазіргі кездегі оқытудың әдістері.

1

1




Н.ә 7,10.12,13


9

Оқытудың белсенді әдістері.

1










10

Оза оқыту әдістері. (С.Н. Лысенкованың)

1










11

Оқушыларды ойын арқылы оқыту




1







12

Қазіргі кездегі оқытуды ұйымдастырудың формалары.

1







Н.ә 7,10.12,13


13

Сабақ тұтас жүйенің элементі.

1

1







14

Қазіргі кездегі сабақты ұйымдастырудың басқа түрлері.

1

1







15

Оқушылардың сабақтағы өзіндік жұмысы пәнаралық байланыс.

1










16

Оқушылардың оқыту процесінде танымдық іс әрекетін белсендірудің тәсілдері мен құралдары.

1

1







17

Оқушылардың оқуын мотивациялау.

1










18

Оқушылардың үлгермеушілігі, үлгермеу себептері

1

1







19

Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау, бағалау.

2










20

Мектепте білім беру саласының мониторингі

1

1







21

Оқушы дамуының мониторингі.

1










22

Оқытудың педагогикалық технологиялары.

1










23

Педагогикалық инновациялар.

1

1







24

Қазіргі оқыту жүйелеріндегі түрлі технологиялар.

1

1




Н.ә 7,9,10.12,13


25

Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі.

1

1







26

Д.Б. Эльконин-В.В. Давыдовтың дидактикалық жүйелері.

1

1







27

Оқу процесінде оқушылардың ынтымақтастығын қалыптастыру.

1










28

Оқушылардың ақыл -ой әрекетін қалыптастыру жүйесі

1

1







29

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс әрекетін ұйымдастыру (ҰОТ, КСО).

1













Барлығы:

30

15







6.2. ОБСӨЖ оқу-тақырыптық жоспары




ОБСӨЖ тақырыптары

ОБСӨЖ сағат

саны

Әдебиетке сілтеме жасау (нег.қос.)

Басқа дереккөздер(сайттар, электр. оқулықтары))

1

Үздіксіз білім беру жүйесі

1







2

12 жылдық білім беруден күтетін нәтиже.

1







3

Дидактиканың даму тарихы, басқа ғылымдарменбайланысы.

1

н (11,12)

қ (5,6,9)






4

Оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру

1

н (6,11,12)

қ (6,8,9,






5

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруда мұғалімнің рөлі.

1







6

Оқыту принциптерінің өзара байланысы

1

н (11,12)

қ (4,6,8,9)






7

Білім беру мазмұнын ашатын нормативтік құжаттар.

1







8

Оқытудың белсенді әдістері

1

н (11,12)

қ (6,8,9)






9

С.Н.Лысенкованың оза оқыту әдістері.

1

н (11,12)

қ (6,8,9)






10

Оқушыларды ойын арқылы оқыту.

1







11

Мұғалімнің сабақ жоспары

1

н (11,12)

қ (6,8,9,







12

Қазіргі кезде сабақты ұйымдастырудың басқа түрлері.

1







13

Оқушылардың өзіндік жұмыс түрлері, пәнаралық байланыс.

1

н (11,12)

қ (6,8,9,






14

Педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетін белсендіру. Топтық жұмысты ұйымдастыру.

1

н (11,12)

қ (6,8,9,






15

Оқу мотивтердің түрлеріне сипаттама.

1







16

Оқушылардың оқуының мотивтері.

1







17

Білімді бағалаудың жаңа түрлері

1







18

Оқушы дамуының мониторингі

1







19

Мұғалімнің қызметінің инновациялық бағыттылығы

2







20

Дамыта оқыту жүйесінің дәстүрлі оқыту жүйесінен айырмашылығы

1







21

Оқытуды қашықтан басқару технологиясы.

1







22

Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін қалыптастыру

2







23

Оқушылардың арқыл-ой қалыптастыру жүйесі.

2







24

Мектептің оқу процесін басқару

2







25

Педагогикалық кадрлердің әдістемелік жұмысы мен аттестациясы.

2







25

Мектеп жұмысын жоспарлау жүйесі.

2










Жалпы барлығы:

30








6.2.1 ОБСӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалар

Тақырыбы. Қазіргі кездегі білім беру жүйесі.

Мақсаты: Білім беру жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру, тексеру, бақылау. Өзін-өзі тексеруге арналған төмендегі сұрақтарға жауап беру.

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері.

2. Білім беру жүйесі.

3. Үздіксіз білім беру жүйесі.

4. «Мектеп» деген ұғымға сипаттама беру.

5. Мектептің түрлеріне сипаттама.

Тақырыбы. 12 жылдық білім беруден күтетін нәтиже.

Мақсаты: 12 жылдық білім беруде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жаңаруы, білім беру сапасының жетілуі өзін-өзі еркін бағдарлы ұстайтын, өзін-өзі іске кірістіре отырып, дамыта алатын, өздігінен дұрыс шешім қабылдайтын, жоғары білімді, мәдениетті, бәсекелестікке қабілетті, ұлттық, отандық рухы жоғары маман, жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік беретінін ұғындыру.



  1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс.

  2. Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары.

  3. Үздіксіз білім беру жүйесі

  4. 12 жылдық білім беруге өтуді ұйымдастыру

  5. 12 жылдық білім беруге өтудің ерекшеліктері

  6. 12 жылдық білім беруден күтетін нәтиже тұжырымдыма бойынша жұмыс жүргізу

  7. 12 жылдық тұжырымдамасы бойынша қысқаша конспект жасау.

Тақырыбы. Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде.

Мақсаты: Дидактикалық педагогикалық ғылымдар жүйесінде атқаратын мақсат, міндеттерінің ерекшеліктерін белгілеу, басқа ғылымдармен байланысын, даму тарихын, жеке әдістемелермен байланысын көрсету.

СОӨЖ төмендегі сұрақтар төңірегінде пікірлесу, кеңес беру түрінде өтеді.



  1. Дидактика пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы. Негізгі ұғымдарына сипаттама беру.

  2. Дидактиканың даму тарихына көз жүгірту.

  3. Дидактиканың жеке әдістемелермен байланысы.

Тақырыбы. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқарудағы мұғалімнің рөлі.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда мұғалімнің шеберлігінің, ізгілік бағытының рөлін көрсету.


  1. Қазіргі кезде оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруда мұғалім қандай рөл атқарады?

  2. Оқуға жағымды мотивтерді қалыптастырудың маңызы.

  3. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары, формалары.

Тақырыбы. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру

Мақсаты: Проблемалық оқыту оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытып, белсенділігін тудыруда атқаратын ролін түсіндіру, оқулықтан проблемалық оқытудың күшті жақтарын, кемшіліктерін анықтау.


  1. Сабақта студенттер төмендегі сұрақтарға жауап іздестіреді:

  1. Проблемалық оқытудың мақсаты қандай?Кімдер зерттеген?

  2. Проблемалық оқыту қалай ұйымдастырылады, қалай басталады?

  3. Проблемалық оқытуда мұғалім қандай рөл атқарады?

  4. Проблемалық оқыту қандай кезеңдерден, деңгейлерден тұрады?

  5. Проблемалық оқытудың күшті жақтары, кемшіліктері қандай?

Тақырыбы. Оқыту заңдылықтары мен принциптері

Мақсаты: Оқыту процесінде жүргізуде заңдылықтары мен принциптердік өзара байланысын, атқаратын рөлін түсіндіру


  1. Оқыту заңдылықтары туралы түсінік, оларға сипаттама беру, атқаратын рөлін анықтау.

  2. Оқыту процесінде принциптер қалай іске асады, олар бір-бірімен қандай байланыста? Мысалдар келтіру.

Оқыту принциптері заңдылықтары бойынша кроссворд шығару, тест құру, шығару.
Тақырыбы. Білім беру мазмұнын ашатын нормативтік құжаттар.

Мақсаты: Білім беру мазмұнын оқушыларға жеткізуде, оқыту процесін дұрыс ұйымдастыруда нормативтік құжаттарды дұрыс қолданудың қажеттілігін, олардың атқаратын қызметін түсіндіру.

1.Әрбір құжаттарға сипаттама беру, бір-бірімен тығыз байланыста болуын анықтау.

2. «Педагогика және психология» мамандығына қатысты стандарт, оқу бағдарламасы, оқу жоспарларымен танысу, мектеп оқу жоспарымен салыстыру, айырмашылығын анықтау.

3. Апталық сағат санын не үшін білу керек?
Тақырыбы. Қазіргі кездегі оқытудың белсенді әдістері.

Мақсаты: Оөушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда, шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқытудың белсенді әдістерінің рөлін көрсету.



  1. Оқытудың белсенді әдістерінің ерекшелігі, қолданудың мақсаты.

  2. Белсенді әдістер түрлеріне сипаттама (миға шабуыл, іскерлік ойын, синектика, тренинг)

  3. Белсенді әдістерді қолдану әдістемесі.

Бірнеше түрін қолдану арқылы көрсету.
Тақырыбы. Оқыту әдістері мен құралдары.

Мақсаты: Оқыту процесінде оқыту әдістері мен құралдарының атқаратын рөлін түсіндіру, нәтижеге жету үшін тиімді әдістерді таңдай білулеруне назар аударту.



  1. Оқыту әдістері мен құралдары туралы түсінік. Олардың айырмашылығы, зерттелу жәйі.

  2. Оқыту әдістерін топтастыруға әртүрлі көзқарастардың болу себептері.

  3. Оқыту құралына, жалпы сипаттама

  4. Әдістерді таңдаудағы құралдарды қолданудағы мұғалімнің шеберлігі.

Тақырыбы. С.Н.Лысенкованың оза оқыту әдістерінің мәні, ерекшелігі.

Мақсаты: С.Н. Лысенкованың педагогикаға енгізген жаңа идеяларының мәнін түсіну, педагогика ғылымына қосқан үлесін белгілеу.

«Педагогикалық ізденіс» кітабынан С.Н.Лысенкованың тәжірибесімен толық танысу төмендегі сұрақтарға жауап табу:



  1. С.Н.Лысенкова кім? Ол туралы не білесіз? Қандай еңбектер жазды?

  2. «Оза оқыту» идеясын қандай тәжірибеде іске асырған?

  3. Оқытудың «үш кілті»-деп нені айтады?

  4. С.Н.Лысенкованың жаңалығы туралы өз ойың қандай?

Жоспар құру.

Тақырыбы. Сабақ тұтас жүйенің элементі

Мақсаты: Болашақ мұғалімдерді сабақтың типтері, түрлері, құрылымы, оқытудың түрлі формаларымен таныстыру.


  1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы түсінік.

  2. Сабақ оқытудың, ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтың типтері, түрлері және олардың құрылымы.

  3. Сабақта қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары.

Сабақтың тиімділігін арттырудың жолдары.

Тақырыбы. Мұғалімнің сабақ жоспары

Мақсаты: Болашақ мұғалімдерді сабақ жоспарын құруға талдау жасауға үйрету.


  1. Мүғалімнің сабақ жоспарының үлгісін құру.

  2. Сабақты саралау схемасына талдау жасау.

Сабақта кездесетін түрлі педагогикалық жағдаяттарды тауып, саралап пікір айту.
Тақырыбы.Қазіргі кездегі сабақты ұйымдастыру.

Мақсаты: Қазіргі кезде оқушылардың белсенділігін, шығармашылығын дамытуға ықпал жасайтын сабақтың дәстүрлі емес басқа оқыту формаларымен таныстыру.



  1. Қазіргі кездегі дамытпалы оқытудың оқушының шығармашылық әрекетін қалыптастыруға ықпалы.

  2. Сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізудің мәні.

  3. Экскурсия сабақтарын өткізудің мәні, экскурсия түрлері.

  4. Факультативтік сабақтар, сабақтан тыс оқу формалары.

Тақырыбы. Оқушылардың өзіндік жұмысы

Мақсаты: Оқушылардың жеке тұлға болып жетілуінде өзіндік жұмыстың маңызын, өзіндік жұмыс типтері және түрлерімен таныстыру.


  1. Өзіндік жұмыстың оқушының жеке тұлға болып қалыптасуында атқаратын рөлі.

  2. Өзіндік жұмыс типтері: үлгі бойынша орындау, реконструктивті-вараптивтік, эвриситикалық және шығармашылық.

  3. Өзіндік жұмыс түрлері: кітаппен жұмыс, жаттығулар, тәжірибелік лабораториялық жұмыстар, бақылау жұмысы, диктант, шығарма жазу, баяндама, реферат, бақылау, тәжірибе т.б.

Тақырыбы. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.

Мақсаты: Білім беру жүйесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекетін айқындау, рөлін көрсету.


  1. Танымдық белсенділіктің мақсаты, міндеттері, мәні, зерттеген ғалымдар.

  2. Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптастыру жолдары (құрылымы)

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің әдістері мен құралдары.

Тақырыбы. Педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетін белсендіру.

Мақсаты: 80-90 жылғы озат тәжірибелі педагогтардың тәжірибелерімен және оларға ортақ идеяларымен таныстыру, оқушылардың белсенділігін тудырудағы рөлін айқындау.


  1. Педагогикалық жаңалықтар, озат тәжірибе, ынтымақтастық педагогика ұғымдарына түсініктеме беру. Озат тәжірибелі педагогтың Ш.А.Амонашвили, Е.Н.Ильин т.б. педагогика ғылымына қосқан үлестері қандай? Оларға тән ортақ идеялары қандай?

  2. Оқушылардың таным қызығушылығын, оқу іс-әрекетін белсендіру тәжірибелерін бағалау, саралау.

Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының оқушылардың белсенділігін тудырудағы орны.
Тақырыбы. Оқушыларды ойын арқылы оқыту.

Мақсаты: Оқыту процесінде ойын түрлерін қолдану оқушыларға оқуға жағымды әсертуғызып, белсенділіктерін арттыратынын көрсету. Ойынды сабақта қолдану жолдарымен таныстыру.



  1. Ойын - іс әрекет түрі ретінде, ойынның атқаратын қызметі, ерекшеліктері

  2. Ойынның құрылымы, түрлері.

3. Дидактикалық ойындарды қолдану жолдары.
Тақырыбы. Іскерлік ойынды өткізу әдістемесі.

Мақсаты: іскерлік ойындарды өткізу әдістемесін үйрету. Мұғалімнің міндеті, рөлі.



  1. Іскерлік ойынды өткізу үлгілерін құру.

2. Іскерлік ойындардың жақсы жақтары және кемшіліктері.

Тақырыбы. Оқушылардың оқуының мотивтері, мотивтерді тудыру жолдары.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық әрекетінде, үлгерімінде мотивтердің атқаратын рөлін тудыру жолдарын көрсету.


  1. Оқушыларды не қызықтырады? (қарым-қатынас, қызығушылық, өзін-өзі көрсету, фантазия, шығармашылық, елестету, еліктеу). Мотив және қызығушылықтың өзара байланысықандай? Мотив түрлері: әрекетке итермелейтін және оқушыға қажетті, ішкі, сыртқы.

  2. Мотивтерді зерттеу әдістері: қолайлы жағдай тудыру, аяқталмаған сөйлемдер, әңгімелер сурет бойынша әңгіме т.б.

  3. Мотив және оқушының белсенділігі.

  4. Мотивтерді тудырудағы мұғалімнің рөлі.

Тақырыбы. Үлгермеушіліктің алдын алу жолдары.

Мақсаты: Үлгермеушіліктің алдын алу жолдарын көрсету, үлгермеушілікті болдырмауды қарастыру.


  1. Өткенді қайталау. Үлгермеушілік деген не? Олардың болу себептері қандай? Зерттеген ғалымдар кімдер?

  2. Мұғалімнің жұмысына байланысты кемшіліктерді атау, алдын алу жолдарын белгілеу.

  3. Ата-аналардың тәрбиесіне байланысты кемшіліктердің алдын алу жолдары.

  4. Мектеп әкімшілігіне байланысты жіберілген қателіктердің алдын алу жолдарын көрсету.

Сабақтың соңында педагогикалық жағдаяттарды шығару, қорытынды жасау, плакатқа жазу, ең жақсы идеяларды белгілеу.

Тақырыбы. Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа түрлері.

Мақсаты: Білімді тексеру мен бағалаудың жаңа түрлерімен таныстыру, ерекшеліктерін анықтау, пайдалану білігін қалыптастыру.


  1. Рейтинг тестік жүйенің өмірге келу мақсаты .

  2. Білімді бағалауда «5» балдық жүйенің кемшіліктері .

  3. Рейтинг-тестік бақылаудың түрлері .

  4. Оқушылардың білімін бағалауда бүгінгі күні кездесетін субъективизм (формализм) .

  5. Мұғалімдер баға қоюда жіберетін кемшіліктері.

  6. Білімді бағалаудың тәрбиелік мәні.



Тақырыбы. Оқушы дамуының мониторингі

Мақсаты: Сабақта оқушының үлгерімін, белсенділігін тудыру үшін мониторинг жүргізудің қажеттілігін көрсету.

Өткенді еске түсіру:


  1. Мониторинг ұғымына сипаттама. Оларды зерттеген ғалымдар. Мониторингілеудің деңгейлері

  2. Оқушы дамуының мониторингісі. В.Беспалько оқушы дамуының деңгейі. (репродуктивті, алгоритмдік эвристикалық, шығармашылық)

  3. Сабақта оқушы дамуының деңгейін анықтауда саралап, деңгейлеп оқыту технологиясына (Ж.Қараевтың) сипаттама.

4. Оқушы дамуының деңгейін график сызу арқылы көрсету.

Тақырыбы. Инновациялық бағыттағы мектептер.

Мақсаты: Білім беру саласында инновациялық идеяларды іске асыруда түрлі типті мектептердің рөлін көрсету.


  1. Инновациялық типтегі мектептердің мақсат, міндеттері

  2. Инновациялық мектеп түрлері, даму ерекшеліктері

  3. Инновациялық мектептердің болашағы қандай болмақ? Моделін құру, қорғау

Тақырыбы. Мұғалімнің қызметінің инновациялық бағыттылығы

Мақсаты: Инновациялық бағытта қызмет атқару мұғалімнен ғылыми ізденісті, шығармашылықты дамытудықажет ететінін ұғындыру.

1. Мұғалімнің инновациялық қызметінің мақсаты, мәні .



  1. Инновациялық белсенділік деңгейлері .

3. Инновациялық бағытта жұмыс атқаруға даярлықты қалыптастыру моделі.
Тақырыбы. Дамыта оқыту жүйесінің дәстүрлі оқыту жүйесінен айырмашылығы.

Мақсаты: Оқушының жан-жақты үйлесімді дамуына дәстүрлі оқытудан айырмашылығын, ұтымдылығын көрсету.



  1. Дамыта оқыту технологиясы .

  2. Дамыта оқытуда басшылыққа алынатын оқыту принциптері . Оқытудың принциптерінен айырмашылығы.

  3. Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығы жайында таблица сызып көрсету.

  4. Дамыта оқытудың жақсы жақтары мен кемшіліктері.

Тақырыбы. Оқытуды қашықтан басқару технологиясы.

Мақсаты: Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың мақсатын, ерекшеліктерін, қажеттілігін көрсету.


  1. Әлемдегі дистанциялық оқыту жүйесінің дамуы туралы сипаттама.

  2. Дистанциялық оқыту жүйесінің мақсаты.

  3. Дистанциялық оқыту жүйесінің ерекшеліктері. Дәстүрлі оқытудан айырмашылығы.

  4. Дистанциялық оқытуға жаппай көшу мәселелері

Тақырыбы. Оқу процесінде оқушылардың ынтымақтастығын қалыптастыру.

Мақсаты: Ынтымақтастықта оқытудың негізгі идеяларымен таныстыру, дәстүрлі оқытқан айырмашылығын көрсету.


  1. Ынтымақтастықта оқытудың шығу, даму тарихы, негізгі идеялары (бірге оқу)

  2. Ынтымақтастықта оқытудың түрлері

  1. STL – командада оқу идеясы

  2. (ажурная пила) «ара» әдісі

  3. топтық зерттеу жұмысы

  1. Ынтымақтастық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы.

  2. Ынтымақтастықта оқытуды ұйымдастыру әдістері.

  3. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің тәрбиелік мүмкіндіктері.

Тақырыбы. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетін қалыптастыру.

Мақсаты: Педагогикалық процеске қатысушыларды өзара әрекеттестірудің маңызды құралы ретінде ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың қажеттілігін негіздеу.


  1. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінің, зерттеген ғалымдар.

  2. Топтық жұмыстың құрылымы, бес деңгейі (И.Б.Пирвин)

  3. В.К.Дьяченконың, А.Т.Ривиннің ұжымдық оқыту тәсілі.

Тақырыбы. Оқушылардың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру жүйесі.

Мақсаты: Оқытуда уақытты аз жұмсай отырып, оқушылардың сапалы түрде түсініктерімен әрекеттерін қалыптастыру.


    1. Оқушылардың ақыл-ой әрекетін кезеңдер бойынша қалыптастыру теориясының негізі.

    2. Гальперин теориясы.

    3. Іс-әрекеттің қандай функциялары іске асады. (бағыттаушылық, орындаушылық, тексерушілік)

    4. Оқушының психикалық дамуына әсері.

Тақырыбы. Мектептің оқу-тәрбие процесін басқару.

Мақсаты: Мектептің оқу-тәрбие процесін басқару қажеттілігімен, түрлерімен таныстыру, қазіргі кездегі басқару ерекшеліктеріне назар аудару.


  1. Білім беруді басқаруда мемлекеттік саясаттың принциптері .

  2. Мемлекеттік басқару органдарының функциялары.

  3. Мектептің ең жағары басқару органы.

  4. Мектепішілік бақылау.

  5. Мектептің басқару жүйесінің құрылымының деңгейлері.

  6. Мектепішілік бақылаудың, тексерудің түрлері.

  7. Т.И.Шамова ұсынған тексеру мен бақылаудың түрлерінің ерекшеліктері.

Тақырыбы. Педагогикалық кадрлердің әдістемелік жұмысы мен аттестациясы.

Мақсаты: Мектептің тұтас педагогикалық процесіндегі әдістемелік жұмыстың негіздерімен, аттестациялау мақсатымен таныстыру.


  1. Мектептегі әдістемелік жұмыстың мақсаты .

  2. Әдістемелік жұмыстың мазмұнын құрайтын мәселелер.

  3. Әдістемелік жұмыстың формалары.

  4. Педагогикалық квалиметрия.

5. Мектепті аттестациялау .

Тақырыбы. Мектеп жұмысын жоспарлау.

Мақсаты: Мектептің жұмыс жоспарын құрастыруға қойылатын маңызды талаптардың, мектептің жылдық жұмыс жоспарының негізгі мазмұнын ашу, мектеп құжаттарымен танысу.


  1. Жоспарға қойылатын талаптар.

  2. Мектептің жылдық жоспарының мазмұны.

  3. Жоспар түрлері.

  4. Мектептің басқа құжаттарына сипаттама беру.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет